Италияның мемлекеттік құрылысы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Италияның мемлекеттік құрылысы
  2. Табиғаты
  3. Халқы
  4. Экономикасы
  5. Өнеркәсібі
  6. Ауылшаруашылығы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдалынлған әдебиеттр

ИТАЛИЯ, Италия Республикасы- Европаның оңт. бөлігіндегі мемлекет, Жерорта теңізі жағалауында Франциямен, Швейцариямен, Австриямен, Югославиямен шектеседі. Батысы - Лигурий, Тиррен теңіздері, оңтүстігі - Ион теңізі, шығысы - Адрият теңізі. Альпі тауларының бат. және оңт. беткейлерін, Падан (По) ойпатын, Апеннин түбегін, Сицилия, Сардиния т. б. аралдарды алып жатыр. Жері 301, 2 мың км 2 . Халқы 54, 7 млн. (1971) . Астанасы - Рим қаласы, Әкімшілік жағынан 20 облысқа (2 аралды қоса) бөлінеді; олар провинцияларға ажыратылады.

Мемлекеттік құрылысы . Италия- республика. Қазіргі конституциясы 1948 ж. 1 қаңтарда күшіне енді. Мемлекет басшысы - президент. Оны парламент екі палатаның бірлескен мәжілісінде жасырын дауыс беру жолымен 7 жылға сайлайды. Президентке кең өкілдіктер берілген. Ол заңдарды жариялайды, заңдық күші бар декреттер шығарады, парламентті таратып жібере алады, үкімет председателін тарайындайды, қарулы күштердің қолбасшысы да, Жоғарғы қорғаныс кеңесінің председателі де сол. Жоғары заң шығарушы органы - парламент. Ол екі палатадан - депутаттар палатасы (1972 ж. 1 авг. -630 депутат) және республика сенатынан (1972 ж. 1 авг. -372 сенатор) құралады. Екі палатаға да депутаттар жалпыға бірдей және төте сайлау жолымен сайланады. Ерекше еңбегі сіңген 5 адамды президент өмірлік сенаторлыққа тағайындайды, республиканың бұрынғы президенттері де сенат құрамына өмірлік болып кіргізіледі. Екі палатаның да өкілдік мерзімі 5 жыл. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау құқығы беріледі. Атқарушы өкімет билігін үкімет - Министерлер Кеңесі жүзеге асырады. Үкімет парламент алдында жауапты. Сот жүйесі Жоғарғы кассациялық сот - жоғарғы инстанциялы сот, азаматтық істер, қылмысты істер жөніндегі соттар және апелляциялық соттардан құралады. Судьяларды тағайындау және ауыстыруды президент председательдік ететін магистратураның жоғарғы кеңесі жүргізеді.

Табиғаты. ИТАЛИЯ қоңыржай белдеудің орманды зонасы (солтүстігі) және субтропиктік белдеуде (оңтүстігі) орналасқан. Табиғи жағдайына Жерорта теңізі үлкен әсер етеді. Жерінің 4 /5 бөлігі тау мен қырат. Ең биік жері - Монблан шыңы (4807 м, Бат. Альпіде) . Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар (ең үлкен Миадже мұздығының ұз. 10 км) . Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына (ұз. 1200 км, ең биік жері - Корно тауы 2914 м, Амиата, Везувий вулкандары осында) жалғасады, Апеннин түбегінің қиыр оңт. шеті - Калабрия, Апеннин таулары. ИТАЛИЯ арал-дарының көбі таулы, вулканды келеді. Орта және Оңт. Италияда жер сілкінуі жиі байқалады (соңғы рет Сицилияда 1968 ж. болды. Пайдалы қазыналары - тас көмір, лигнит (Сардиния, Альпі тауы), мұнай және табиғи газ (Эмилия, Сицилия), қорғасын, темір рудасы, күкірт т. б. Сынап рудасының табиғи қоры жөнінен Италия дүниежүзінде 2-орын (Испаниядан кейін) алады.

Италияның климаты негізінен субтропиктік; жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілденің орта температурасы 20-22° С (солтүстігінде), 28° С (оңтүстігінде), қаңтарда 0° С-тан (солтүстігінде 12° С-қа (оңтүстігінде) дейін. Альпінің жоғарғы жағында ғана кейде аяз (-15, - 20° С) болады. Жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-те (Шыр, Альпі, Солт. Апеннин таулары) дейін. Италияның басты өзені -По (ұз. 652 км), үлкен өзендер қатарына Адидже Брента, Пьяве, Тальяменто, Рено, Аржо, Тибр жатады. Ірі көлдерінің көбі (Гарда, Комо, Лаго-Маджоре) Ломбардия Альпісі аймагында, олар тектоникалық қазан шұңқырларда, мұздықтар ойысында пайда болған. Италия жері құнарлы қоңыр және шалғынды топырақты. Альпінің 800 м биіктікке дейінгі беткейлерінде жалпақ жапырақты орман (емен, үйеңкі, шаған т. б. ), одан жоғары шамшат және қылқан жапырақты ағаштар, ең жоғарғы бөлігінде субальпілік және альпілік шалғын өседі. Падан (По) жазығында егіншілік кәсібі жақсы дамыған. Апеннин тауы және Сицилия, Сардиния аралдары мәңгі жасыл тоғайлы, еменді, шамшатты келеді. Альпі және Апеннин өңірлерінде тау ешкі, жабайы мысық, орман сусары, күзен, Орт. Апеннинде абруцц аюы кездеседі. Италияны 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.

Халқы. ИТАЛИЯ Халқының саны жөнінен шетелдік Европада 3-орын алады (ГФР, Ұлыбританиядан кейін) . Тұрғындарының 98%-і итальяндар, қалғаны реторомандар (350 мың), оңт. тиролдар (210 мың), француздар (70 мың), словендер мен хорваттар (50 мың), албандар (80 мьщ), гректер (30 мың), еврейлер (50 мың) т. б. Мемлекеттік тіл - итальян тілі. Діні - католицизм. Еңбек етуші халық 19, 4 млн. (1970), оның 42%-і өнеркәсіпте, 19%-і а. ш., балық және орман шаруашылығында, 13%-і саудада істейді. ИТАЛИЯ Европадағы халық тығыз қоныстанған елдердің бірі (орта тығыздығы. 1 км 2 жерге 180 адамнан) . Халқының 60%-і қалада тұрады. Тұрғындарының саны 100 мыңнан асатын 45 қаласы бар, олардың ішіндегі ірілері (мың адам, 1970) ; Рим (2779), Милан (1714), Неаполь (1278), Турин (1191), Генуя (842), Палермо (664) . Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа ұйымдары. Христиандық-демократиялық партия (ХДП), 1943 ж. құрылды. 1, 8 млн-ға жуық мүшесі бар (1972) . Негізінен монополиялық капиталдың мүддесін көздейді. Ватиканмен байланысты және соның көмегін пайдаланады. Итальян коммунистік партиясы (ИКП), 1921 ж. 21 қаңтарда құрылған. 1, 6 млн-нан астам мүшесі бар (1972) . Итальян социалистік партиясы (ИСП), 1892ж. құрылған 500 мыңға жуық мүшесі бар. 1969 ж. одан оңшыл, социал-реформашыл топ бөлініп шығып, Унитарлық социалистік партия құрды да, 1971 ж. ол С. -д. партия болып аталды, 250 мыңға жуық мүшесі бар. Республикалық партия, 1832 ж. құрылған. Партияға негізінен орта және ұсақ буржуазия, интеллигенцияның біраз бөлігі кіреді, 60 мың мүшесі бар (1972) . Либералдық партия, 20 жылдардың бас кезінде құрылған. Орта бурж. мен помещиктердің мүддесін қорғайды, 140 мыңға жуық мүшесі бар. Итальян әлеуметтік қозғалысы, неофашистік партия, 1947 ж. құрылған. 200 мыңға жуық мүшесі бар.

Жалпыга бірдей итальян еңбек конфедерациясы (ЖБИЕК), 1944 ж. құрылды. Итальян еңбекшілері кәсіподақтарының конфедерациясы (ИЕКК), 1948 ж. құрылды. Халықар. ерікті кәсіподақтар конфедерациясына (ХЕКК) кіреді. Итальян еңбек одағы (ИЕО), 1950 ж. құрылды. ХЕКК-ке кіреді. Итальян коммунистік жастар Федерациясы, 1921 ж. құрылды. Итальян әйелдерінің одағы, 1945 ж. құрылды. Итальян партизандарының ұлттық ассоциациясы, 1947 ж. құрылған. «Италия - СССР» қоғамы, 1945 ж. құрылды. Итальян католиктік қимылы - католиктердің діни ұйымы, шіркеуге бағынады, 1874 ж. құрылған.

Экономикасы. ИТАЛИЯ- индустриялы-аграрлы ел. 1970. ж. ұлттық табысының 42%-ін өнеркәсіп, 10, 2 %-ін а. ш. берді. Өнеркәсіп өнімі құнының мөлшері а. ш. өнімі құнынан 4 есе артық (1970) . Өңдеу өнеркәсібі ел экспортының 95%-ін береді (1970) . 1970 жылы Италия өнеркәс. өнімі (3, 7%) мен сыртқы сауда айналымы (4, 8%) жөнінен капиталистік елдер арасында 6-орын алды. 1939-45 жылдардағы 2-дүниежүзүлік соғыстан кейін Италия экономикасы жедел қарқынмен дамыды. Елде кәсіпорындарды ірілендіру және бір орталыққа шоғырландыру процесі күшейді, монополистік капиталдың ықпалы артты. Экономика салаларында, әсіресе мұнай-газ өнеркәсібінде («ЭНИ» бірлестігі), металлургия мен машина жасауда («ИРИ» тобы) Мемлекеттік меншіктің үлесі басым. Бүкіл экономиканың дамуына жұмсалатын жалпы қаржының 35-37%-ін мемлекет шығарады.

ИТАЛИЯ ішінде шетел капиталы да елеулі орын алады: оның 1956-70 жылдардағы мөлшері 652 млрд. лир болды, мұның 86%-і АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Швейцарияның, Бат. Германияның үлесі. Монополистік капитал Италияның а. ш-на да араласты, бірақ онымен бірге феодалдық қарым-қатынастар да (әсіресе елдің оңт. бөлігінде, аралдарында) сақталған. Барлық капиталистік елдерге тән - ел аймақтарының бірдей дамымау құбылысы Италияда да байқалады. Оңт. Италия- елдің агр. шикізат базасы. Италия экономикасы 1970-71 ж. елеулі дағдарыстарға ұшырады, өнеркәсіптің өсу қарқыны тежелді, өндіріс қысқарды, жұмыссыздар саны көбейді. Италия еңбек ақының мөлшері жөнінен дүниежүзінде ең соңғы орындардың бірін алады.

Өнеркәсібі. Италия өнеркәсібінде ауыр индустрияның, оның ішінде машина жасаудың үлесі басым. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін металлургия, электр-энергетика, Химия, мұнай химиясы дамыды, станок, автомобиль, трактор жасаудың (өнімдершің 1 /з-і экспортқа шығарылды), сондай-ақ пластмасса, химиялық талшық (өнімінің 1 /з-і сыртқа сатылады) шығарудың маңызы күшейді. Италияның өнеркәсіп шикізат қоры және энергетикалық ресурстары шамалы. Көмір өндірісі ел қажетінің 10%-ін өтейді, Өндірілетін пайдалы қазындылары: көмір (295, 5, Сардиния), лигнит (1393, 3, Тоскана, Умбрия), мұнай (1408, 1, Сицилия, Падан жазығы), темір рудасы (756, 7 Сардиния), боксит (224, 7, Гаргано аралы, Сардиния), марганец рудасы (50, 1, Лигурия, Тоскана), күкірт (354, 2, Сицилия) . 1970 ж. 13171 млн. ж 3 табиғи газ, 1, 5 мың сынап өндірілді. 1969 ж. елдің энергетикалық балансындағы мұнай мен газдың үлесі 78, 4%, су энергиясы 11, 9%, қатты отындікі 9, 7% болды. Мұнай айыру өнеркәсібі (1970 ж. қуаты 154 млн. т өңделмеген мұнай өткізетін 38 зауыт жұмыс істеді) энергетиканың негізіне айналды, яғни Италияда жылу электр станцияларының ролі артты, олар барлық энергия-ның 60%-ін береді. 60 жылдары Фоче-Верде, Гарильяно, Энрико Ферми, 1972 ж. Каорсо атом электр станциялары салынды, Испра, Фраскати, Браччано т. б. эксперименттік ядро реакторлары жұмыс істеді. Италияның энергетикалық жүйесі өзімен көршілес Франция, Швейцария, Югославияның энергетикалық жүйесімен байланысты. ИТАЛИЯ энергия өнімінің 70%-ін Мемлекеттік «ЭНЕЛ» бірлестігі өндірді.

Металлургиялық шикізат (пайдаланылатын темір рудасының 90%-і, металломның 75%-і, марганец рудасының 70%-і) пен отын (кокстенетін көмір түгелімен) шеттен әкелінеді. Металлургиялың кәсіпорындарының көбі (толық циклсыз) - шағын зауыттар. Ірі 4 комбинаты бар, олар Корнильяно, Баньоли, Пьомбино және Таранто қалаларында. Қорытылған шойынның 94%-ін, болат пен прокаттың 60%-ін Мемлекеттік «Финсидер» компаниясының қарамағындағы кәсіпорындар береді. Электр-металлургияның ірі орталықтары - Домодоссола, Больцано, Бреша қалалары. Түсті металлургия саласында мардымды дамығаны - аллюминий, қорғасын, мырыш, сынап өнеркәсіптері. Италия өнеркәсібінде машина жасау басты орын алады, әсіресе транспорттық машиналарды шығару жақсы дамыған. Елдегі ең ірі автомобиль зауыты («ФИАТ» концерні) Турин қаласында. Милан, Неаполь, Модепа қалалары да - автомобиль өнеркәсібінің ірі орталықтары. Мотороллер, мотоцикл, матофургон, велосипедтердің көптеген түрлері шығарылады. Ірі кеме верфтері - Генуяда, Ливорно, Неаполъ, Венеция, Триест, Монфальконе, Таранто порттарында орналасқан. Электротехника (радиоэлектроника құрал-жабдықтары, мед. приборлар т. б. ) кәсіпорындары Милан, Бергамо, Комо, Турин, Генуя қалаларында. Италия әріп басушы және есеп машиналарын шығарудан дүние жүзінде басты орын алады. Химия өнеркәсібі - тез өркендеп келе жатқан өндірістердің бірі; оған шикізат ретінде жергілікті пирит, табири газ, күкірт, калий тұзы және шеттен әкелінетін мұнай, көмір, фосфорит, целлюлоза пайдаланылады. Шығаратын өнімдері - азот, күкірт қышқылы, химиялық талшық, пластмасса, лак, бояу, кальцийлі және каустикалық сода, тыңайтқыш, дәрі-дәрмек. Мұнай химиясының орталықтары - Порто-Маргера, Феррандина, Приоло, Порто-Торрес, Равенна, Феррара қалалары. Мата тоқу- Италия өнеркәсібінің ежелгі саласы. Ломбардия және Пьемонт облыстарында мақта-мата тоқу, Пьемонт, Венеция, Тоскана облыстарында жүн мата тоқу кәсіпорындары жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібінен ұн тарту, макарон, қант өндірісі, жеміс-жидек, ет және балық консервілеу, шырын, жүзім шарабын шығару дамыған. Италия зәйтүн майын өндіруден дүние жүзінде 1-орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІ – ХІІ ғасырлардағы Италия қалаларының қалыптасуы. Қала – коммуналар
1945-2004 жылдардағы Италия
Ватикан -қала мемлекеті
Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер
Шетелдердің конституциялық заңнамалары, олардың түсінігі (Италия мемлекетінің мысалында)
Германиядағы мен Италиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
Рим қаласы тарихының пайда болуы және ежелгі кезеңі
Италия туралы жалпы мәлімет
Орта ғасырдағы Италияның өнері
Батыс Европа мемлекетi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz