Италияда фашизмнің пайда болуы


Кіріспе. 1 бет
І-бөлім . Италия бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 2-5 бет
1. 1. ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ басындағы Италияның әлеуметтік - экономикалық дамуы.
1. 2. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия мемлекеті.
ІІ-бөлім . Италияда фашизмнің пайда болуы. 6-16 бет
2. 1. Фашизмнің шығуы.
2. 2. Италияда фашистік ұйымдардың құрылуы, фашистердің өкімет басына келуі.
2. 3. Италиян фашизмнің көсемі - Бенито Муссолини.
2. 4. Италиядағы фашистік диктатураның ішкі және сыртқы саясаты.
ІІІ-бөлім. Италия екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында.
17-18 бет
Қорытынды. 19 - бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . 20- бет
Кіріспе.
Фашизм өзіндік ерекше идеологиясы бар саяси қозғалыс және мемлекеттік саяси жүйе ретінде ХХ ғ бірінші ширегінде қалыптасты. Фашизм деген түсінік Италияда қалыптасты. Мұндағы алғашқы ұйымдар «жауынгер одақтар» деп атала бастады. (Итальянша фаши ди кобаттименто) .
1919ж наурызда Миланда алғашқы фашистік ұйым құрылды. Және олардың бүгінгі талабы : монархияны құлату, ірі капиталға салық салу, міндетті әскери борышты ауыстыру, сегіз сағаттық жұмыс күні «жер өңдеушіге берілсін!» деген қағидалар мен аграрлық реформаларды жүзеге асыру болды.
Осы тақырыптың өзектілігіне келер болсам : Италяндық фашистер өздерінің жарнамалық істерімен қоғамның назарын өздеріне аударғысы келді және осы арқылы ұлтаралық қақтығысты өршітуді көздеді, екінші мақсаттары жұмысшы қозғалысын және оның партиясын жою, үшіншіден монополиямен әскердегі жоғарғы топтардан қолдау табуды көздеді.
Тақырыптың зертелу деңгейіне келер болсам : М. В. Пономарев пен А. М. Родригестің «Новейшая история стран Европы и Америки» ХХ век Москва-2001г, М. В. Пономарев, С. Ю. Смирновтың «Новая и новейшая история стран Европы и Америки» Москва-2000г деген еңбектерінде Италиядағы фашистік диктатураның орнауы туралы айтылған.
Курстық жұмысымның негізгі мақсаты - Италиядағы фашистік диктатураның орнау саясатының негізін зерттеу.
Осы мақсатқа сай курстық жұмысым төмендегідей міндеттерді алға қояды :
- италиядағы фашистік ұйымдардың құрылуы, фашистердің өкімет басына келуінің себептеріне талдау жасау ;
- италиядағы фашистік диктатураның ішкі және сыртқы саясатының мәнін түсіндіру ;
Курстық жұмысымның құрылымы : Кіріспе, үш тарау, қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Италия бірінші дүниежүзілік соғысы қарсаңында Үштік Одақ
... жалғасықұрамында болған еді. Соғыс басталған соң Антанта елдері оған Австро-Венгрия мен Түркия иеліктерінен бәрталай жер береміз деп уәде беріп, оны Антанта жағында соғысқа кіруге шақырды.
1915 ж Италия Антанта жағында соғысқа кірді. Алайда, соғыс аяқталған соң Италия уәделі жерлерін ала алады.
Италия буржуазиясы одақтардың уәдесін орындамағанына қатты наразы болып, өзін «жеңімпаздар ішіндегі жеңілген ел» деп сезінді. Ұлттық жәбірленушілік сезімін фашистер пайдаланып кетті.
Италияда фашистік ұйымдар 1919ж көктемде құрыла бастады. Олар «жауынгер» одақтар деп аталды. Фашистердің жетекшісі Бенито Муссолини болды.
1921 ж фашистік ұйымдар бірігіп, ұлттық фашистік партия құрды. Жетекшісі Муссолини болып, ол елді «дуче» (көсем) атанды. Алғашқы кезде олардың бағдарламасы болмады. Фашистер Антанта елдерін Италияны жеңімпаз елдерге берілетін үлестен айырды деп, ал, өз үкіметін ұлттық мүддені қорғай алмады деп айыптады. Еңбекші халықты өздерінің жағына тарту үшін олар Құрылтай жиналысын шақыруды, жалпыға бірдей сайлау жүйесін енгізуді, соғыс өнеркәсібін национализациялауды талап етті. Шаруалардың назарын аудару үшін «жер оны өңдеушілерге берілсін» деген ұран көтерді. Алайда бұл талаптар бос сөз ғана еді. Іс жүзінде фашистер социалистерге де, жұмысшыларға да қарсы болатын.
Фашистік ұйымға соғысқа қатысқан офицерлер, ұлтшыл ұсақ буржуазия өкілдері кірді. 1920-1921 жж Италияда жұмысшы қозғалысы өрлеп тұрған кезде фашистік ұйымға ірі капитал иелері де назар аудара бастады. Фашистік ұйым коммунистік және социалистік партиялардың кәсіподақтардың, демократияшыл баспасөздің мекемелеріне шабуыл жасап, талқандап кетіп отырды. Полиция оған ешқандай шаралар қолданбады.
Фашистердің жұмысшы ұйымдарына қарсы әрекеттері және ұлтшылдық сезімдерді өршітуі билеуші топтарға ұнап қалды.
Италия әскерлерінің бас штабы фашистік отрядтарға офицерлердің кіруіне, бұл отрядтардың қарулануына және казармаларды пайдалануына мүмкіншілік берді. Саяси жағынан артта қалған Италияда фашизмге батыл қарсылық көрсеткен буржуазиялық партиялар немесе саяси ағымдар болған жоқ.
Соғястан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық қиыншылықтар, жұмысшы қозғалысының өрлеуі король мен парламент арасында алауыздық туғызды. Осыны пайдаланып, фашистер өкімет билігін қолға алуға тырысты. Олар парламентті таратуды, елде диктатура орнатуды, сол арқылы Италияның «ұлттық мүдделерін» қорғап қалуды талап етті. Фашистердің бұл әрекетін барлық фашизмге қарсы күштердің бірлесуімен ғана тоқтатуға болатын еді. Алайда, елдегі негізгі саяси күштер - Халықтық партия, Социалистік партия және Коммунистік партия күш біріктіру туралы ойлаған да жоқ. Коммунистер парламенттік мемлекетті де фашистік диктатураны да буржуазияның үстемдігі деп есептеп, фашистерге қарсы батыл күрестің қажеттілігіне мүлде мән бермеді.
Социалистер фашизмге ұсақ буржуазиялық ағым, уақытша құбылыс ретінде қарап, фашистер еш уақытта жеңіске жете алмайды деп ойлады. 1922ж күзде Социалистік партия қтарында алауыздық пайда болып, ол екіге бөлініп кетті. Осылайша фашизмге қарсы тұра алатын біртұтас саяси қозғалыс немесе ұйым болған жоқ.
1922 ж қазан айында фашистік отрядтар Римге жорық жасауға дайындалды. Үкімет Римді қоршау жағдайында деп жариялау туралы декретті корольге бекітуді ұсынды. Король қол қоюдан бас тартты. Себебі, жұмысшы қозғалысының революцияға ұласып кетуінен қорыққан ол фашистермен тіл табысып, монархияны сақтап қалуды ойлады.
Король 1922ж 30 қазанда Муссолиниді Римге шақырып, үкіметті таратып, оған жаңа үкімет құруды тапсырды.
Сол күні фашистердің қарулы топтары Римге келіп кірді. Өкімет билігін алған кезде фашистердің күші соншалықты көп емес еді.
Қырық мың адамнан құралған қарулы топтардың әскери даярлығы жеткілікті қолбасшылары да болған жоқ. Тікелей корольге бағынатын мемлекеттік әскердің оларды талқандауға күші жететін еді, бірақ король мұндай бұйрық берген жоқ. Сөйтіп, 1922ж 30 қазанда Италияда фашистер үкімет басына келді. Алайда бұл әлі фашистік диктатураның орнауы емес болатын.
2. 3. Итальян фашизмнің көсемі, жаңа типтегі жетекші - Бенито Муссолини болды. Муссолини 1983 ж ұстаның семьясында дүниеге келген. Әкесі социалистік қозғалыстың мүшесі болған. Атеистік көзқарас ұстанған. Бенито мектепте жақсы оқиды. Бірақ төбелеске қатысып, мектептен шығарылады. Орта білім туралы дипломды экстернмен алады. Біршама уақыт мектепте мұғалім болып жұмыс істеп жүріп, Италия социалистік партиясына кірген. Партияның солшыл қанатының белсенді өкілі ретінде ол жетекшілердің қатарына қосылып, социалистердің орталық газетіне редактор болды. Алайда, ол шын мәніндегі социалист - революционер болған жоқ. Белсенді әрекет жасауы оның мансапқорлық мақсаттарынан туған еді. Муссолинидің өмірін зерттеушілер оны айлакер, мансапқор, екі жүзді адам деп сипаттайды. /1/.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа Италияның қатысуын жақтағаны үшін ол партиядан шығарылды.
Кейін Швейцарияға кетіп, онда митингілер мен баспасөзге сұхбат беріп көзге түседі. Европа философтарының еңбектерімен, Маркс ілімімен үстірт қана танысып, ола социалистік партияға кіреді. Италияға қайтып оралып, журналистикамен айналысып «тап күресі» газетін шығарады.
1912ж «Аванти» атты социалистік газеттің бас редакторы болады. 1919ж құрылған фашистік одақтардың жетекшісіне айналады.
Бенито Муссолини бірнеше шет ел тілін білген, скрипкада ойнаған, замандастарының айтуы бойынша артистік қабілетке ие болған, өте жігерлілігімен ерекшеленген. Топты басқаруда ұйымдастыру қабілеті жетістіктерге алып келді. Ылғи қара түсті киім киіп, халық алдында сөйлегенде артистік шешендік қабілеті арқасында тыңдаушылардың назарын өзіне аудара білді.
Қысқа мерзім ішінде Муссолини Италиядағы қиын жағдайды пайдаланып, фашизмді бұқаралық қозғалысқа айналдырды.
Ол буржуазиялық монополистерден, банкирлермен ауыл шаруашылық топтарынан, армия жетекшілерінен, король сарайынан, Ватиканнан қолдау тапты. 1920 ж күзде кәсіпорындарды басып алу ниеті жұмысшылардың толық жеңілісімен аяқталған соң, фашистік одақтарының мүшелері күрт өсе бастады. Бір жылдан соң одақтың мүшелері он есеге өсті.
1921 ж қарашада фашистік одақтардың съезді Римге шақырылып «ұлттық фашистік партия» құрылды. Фашистердің бағдарламасынан банкир, помещиктерге қарсы талаптар алынғандықтан, бұл топтар фашистерді қолдады. Билікті алуға дайындық жүре бастады. Бірақ социалистік және коммунистік партиялар үлкен кедергі болды. Фашистер жұмысшы ұйымдарының басшыларын соққыға жығып, жоюға тырысты. Социалистер Муссолини мен «келісім пактісіне» қол қойып саяси күресте зорлықшыл әдістерден бас тартуға шақырды.
Ірі өнеркәсіп иелерінің қолдауымен Ватикан мен корольдің рұқсатымен Муссолини 1922 ж 27 қазанда Римге жорық жасады. Жиырма бес мың «қара киімділер» Римді 4 жағынан қоршады, 30 қазанда еш қарсылықсыз қалаға басып кірді. Король Муссолиниді үкімет резиденциясына шақырып, үкімет басшысы етіп тағайындады. Сөйтіп, Италия фашистер билікке келген алғашқы мемлекет болды.
2. 4. Муссолинидің бірден ашық фашистік диктатура құруға батылы бармады. Өйткені, ол бір жағынан революциялық қозғалыстың өрлеуінен сескенсе, екінші жағынан, ірі капитал иелерінің қолдауынан айрылып қалудан қауіптенді . Сондықтан үкімет құрамына фашистермен қатар либералдар мен халықтық партия өкілдері кірді. Фашистік диктатура орнату бірте-бірте жүргізілді. 1922ж аяғында үлкен фашистік Кеңес құрылды, оған фашист министрлер, фашистік партияның жетекшілері кірді. Кеңестің төрағасы Муссолини болды, Кеңес бірте-бірте бүкіл өкімет билігін өз қолына жинай бастады. 1926ж «төтенше фашистік заңдар» шығарылды. Осы заңдар бойынша өкіметке заң шығару құқығы берілді, фашистік партиядан басқа саяси партиялар мен ұйымдар таратылды, газеттер жабылды, ереуілдерге тиым салынды, сотсыз - тексерусіз жер аудару және ату жазасына бұйыру тәртібі енгізді. Үкіметте тек фашист министрлер қалды. Премьер-министр Муссолини парламентке бағынбады, ол тек король алдында ғана жауапты болды. Елде көсемге табынушылық идеясы қалыптастырылды. Ерекше трибунал мен құпия саяси полиция құрылып, елде жаппай тұтқындау мен жазалаулар басталды. Осы шаралардың барлығы Италияда фашистік диктатураның орнауына жағдай жасады.
Фашистік жүйенің нығаюына 1924жылғы парламент сайлауы ерекше роль атқарды. Фашистер басым дауысқа ие болды. Бірақ, олардың заңсыз істерін социалистік партияның депутаты Джакома Матеотти әшкереледі. Оны фашистер өлтірді. Депутаттың өлтірілуі «Матеотти дағдарысын» туғызып, оппозициялық депутаттар парламенттен шығып, «оппозициялық партиялардың комитетін» (Авентин блогы) құрды. Бұл комитет корольдан фашистердің парламентті босатуын және Муссолиниді қызметінен босатуды талап етті. Бұдан басқа батыл қадамға бара алмаған комитет компартияның өзін халықтық парламент деп жариялауына да қарсы шықты. Коммунистер парламентке қайта оралды. 1925ж Муссолини «авенти блогын» жойып жіберді.
Муссолини үкіметінің ішкі саясаты фашистердің билігін нығайтуға және елді басқыншылық соғысқа дайындауға бағытталды. Фашистік өкіметті нығайту үшін фашистік партияның қатарын өсіру қажет еді. Өкімет мемлекеттік қызметкерлерді фашистік партияға кіруге міндеттейтін заң шығарды. Бүкіл халықты, әсіресе, жастарды фашистер қатарына тарту үшін «фашистік сенбілер» деп аталатын шаралар жүргізілді. Бұл сенбілерді бүкіл халық әскери, саяси және спорттық дайындыққа арнауға тиісті. Бұл шараларға фашистік жетекшілер, өкімет басшылары де қатысты. Газеттер суға жүзу, жүгіру, т. б. түрлі спорт ойындарының өткізілуін, оларға Муссолинидің және басқа жетекшілердің қатысуын бейнелеген суреттерді басып шығарды. Жастарға фашизмнің негіздерін түсіндіретін және оларды әскери дайындықпен өткізетін Жастар ұйымы құрылды.
Фашистер Италияда ерекше корпоративтік (бірлестік, ынтымақтастық) мемлекет қалыптасты, бұл мемлекетте барлық таптардың ынтымағы іске асырылған, олардың барлығын «ортақ ұлттық мүдде» біріктіреді деп мәлімдеді. Корпоративтік мемлекеттің негізі әрбір өндіріс саласында құрылатын корпорациялардан тұрады. Корпорацияларға кәсіпкерлер, жұмысшылар, фашистік кәсіподақтар кіреді. Осы корпорациялардың қызметін басқаратын Ұлттық кеңес құрылды, оған фашистік партияның өкілдері кірді. Демек, корпорациялар мемлекетпен фашистік партияны әлеуметтік мәселеге және экономикаға кеңінен араласуына мүмкіндік берді. Мемлекет бүкіл өндірісті қаржы мен шикізат жұмсауды, жалақы мен жұмыс күнінің ұзақтығын реттеп, бақылап отырды.
Муссолинидің өкіметі бүкіл қоғамдық өмірге бақылау жасады. 1939ж депутаттар палатасы таратылып, оның орнына Фаший және корпорация палатасы құрылды. Нацистік Германияның ықпалымен Италияда да нәсілшілдік идеялар қалыптасты.
Муссолини өкіметінің экономикалық саясаты автаркияны мақсат тұтты: Италияның экономикасын өзін-өзі қамтамасыз ететін тәуелсіз, тұйық шаруашылыққа айналуға тиісті болды.
1926ж Муссолиниге қастандық жасалған соң, төтенше заңдар оны диктаторлық өкілеттіктерге ие етті. Үкімет парламентсізде заң шығара алды. Бұл үкіметтің атқарушы да, заң шығарушы да органга айналғанын білдірді. Кәсіподақтар мен фашстік емес партиялар таратылды. Мемлекет жаулары сотсыз өлім жазасына кесілді. 1927 ж «фашистік үлкен кеңес» еңбек қатынасын реттеп «еңбек хартиясын» жариялады. Хартия кез-келген ереуілдер мен жұмысшы қозғалысын қылмыс деп таныды . Муссолини 1929ж Рим папасымен, Ватиканмен Италия бір-бірінің егемендігін танитын «Латерандық конкордат» заңына қол қойды. Бұл заң бойынша : шіркеу некелесу мен білім беруге ықпал етеді, итальян өкіметі Рим папсына ірі сома төлеп тұруға міндетті болды.
Компартияның бас хатшысы Антонио Грамили тұтқындалып, он жыл түрмеде отырып, сонда қаза табады. Абақтыда Грамили «түрме жазбалары» деген еңбегінде фашизмге өте жақсы сараптама жасады. Муссолинидің терроры, жалпы нацистік Германиямен салыстырғанда жұмсақтау болды . . /2/.
Итальяндық фашизм тоталитарлық диктатураға айналды, оның орталықтанған идеологиялық жүйесі ұлтшылдық, католиктік, социалистік идеяларды негізг алды. Идеологияның негізгі принципі «ұлттың ұлылығы» болды. Итальян ұлты жоғалтқанын қайта табуы керек және «қасиетті Рим империясын» қалпына келтіруі тиіс. Фашистер Европаны большевизмнен тазартуды, Африканы «өркениеттендіруді» мақсат етті.
Фашистер Италияның бүкіл ішкі және сыртқы саясатын соғыс мақсаттарына бағыттады.
ХХғ 20 жылдары итальяндық фашизм ашық агрессияға бара алмады. Муссолини сыртқы саясатта өте сақ қимылдады. Карфа аралын басып алу сәтсіздікпен аяқталған мен, 1924 ж Италия Фиуме портын өзіне қаратты . 1926ж Англо-итальян келісімі Абиссинияны (эфиопияға) ықпал ету аймағы ретінде соңғысына қалдырды. 1924ж Италия КСРО мен дипломатиялық байланыс орнатты. 30 ж сыртқы саясат агрессиялық сипат алып, 1935ж Эфиопияны басып алды. 1936-39жж Испанияға интервенция жасап, ұлттар лигасынан шығып кетті. Италияның нацистік Германиямен қарым-қатынасы бастапқы кезде салқындау болды, өйткені, осы екі фашистік мемлекеттің әрқайсысын Австрия мен Балкан елдерін басып алу ниеті болған еді. Алайда, Эфиопиядағы соғыс Италияның әскери -экономикалық қуаты нашар екендігін көрсетті, сондықтан оған Германия мен одақ құру өте қажет еді. Ал, Германия мен одақ құру үшін Италия Австриядан, Балканнан т. б. елдерде бас тартуға тиісті болды. Сондықтан Муссолини өкіметі Германияны Австрияны қосып алуын, Чехословакияны бөлшектеуін барынша қолдады. Екінші дүниежүзілік соғысқа Италия Гитлерлік Германия жағында қатысты. 1937ж Антикоминтерндік пакты қабылдап, 1938ж Мюнхен конфренциясына қатысты. 1939ж Албанияның оккупациялады. Осы жылы Германиямен саяси одақ құрып, ол «темір пакты»деп аталды.
ІІІ-бөлім.
1940ж
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz