Орыс тілі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

туралы есеп беру жөнінде жазылған баяндамасында Ы. Алтынсарин өзінің оқыту әдістерін, жолдарын көрсеткен. Орынбор бекінісі жанында ашылған мектепте тәрбиеленуші қазақ балалары мынандай сабақтардан дәріс алған: 1) Оқу, таза жазу; 2) Орыс тілінде ауызекі сөйлеуге жаттығу, аудару жұмыстарын орысшадан қазақ тіліне және керісінше қазақ тілінен орыс тіліне аудару; 3) Грамматика: зат есім, сын есім және етістік. Септеу және жіктеу; грамматикалық талдау; 9-13 жастағы тәрбиеленушілер - он үш бала; 4) Арияметика: қосу, азайту, көбейт, бөлу; 5) Жер шары, әлемдегі құрлықтар туралы; 6) Татар тілінде оқу және таза жазу /43/.

Бұл мектептердің ерекшелігі сол, қазақ тілін оқу арқылы орыс тілін білу, жақсы оқыған балаларға әр түрлі кітаптар беріп мадақтау үлкен орын алған. Мектептер әрине құрылымы жағынан қарапайым болса да, сол кезеңде балалардың сауатын ашуға үлкен көмек болған.

Ы. Алтынсарин К. Д. Ушинскийдің алғашқы білім мазмұнына қосқан пәндерімен бірге болашақта баланың сана-сзімін оятатын қажетті оқулықтар қосылуы тиіс деген тұжырымдарын берік ұстаған. Ы. Алтынсарин өзі ашқан мектептерге жаңадан бірнеше пәндер енгізген. Инспекторлық қызметін пайдалана отырып, орыс грамматикаын, ботаника, зоология, химия, минерология, ән сабағын т. б. оқытқан. Бұдан 1872 жылғы орыс-қазақ мектептерінің Ережесі талабынан тыс пәндерді де батыл енгізгенін байқаймыз.

1905 жылы Петербургте бұратаналарды сауаттандыру мәселесі қаралды. Жиналысқа қатысушы мұғалімдер өз бағдарламаларын ұсынды, бұл бағдарламалар толықтай орыс мектептеріне арналған оқу әдістемелеріне бейімдей отырып жасалғандығын ескерткен.

Ал, 1906 жылы «О начальных иногородческих училищах Восточной и Юго-Восточной России» атты құжатта ең алғаш Қазақстан және Орта Азия халықтарының орыс-қазақ мектептеріне арналған оқу жоспарын, оқу бағдараламасын қайта қарастырып, өз ойларын айта бастады. Торғай облысы Халық училищесінің директоры Ронгинский қол астындағы мектеп басшыларын қабылданған оқу жоспарларының қаншалықты орындалып жатқандығын тексеріп отырған. Қарабұлақ училищесінің басшысы Балғымбаев Ахмет үш жылдық жоспар жөнінде: «Программа преподаваемых уяебных предметов и таблицы неделных уроков оставить без изменения в первом классе. При этом необходимо обратить особое внимание на практическое изучение русского языка путем разговорнх уроков, не обременяя учащихся сообщениями лишних грамматических терминов, лишь почаще упражняя в последующем письменном изложении мысли по наыодящим вопросам и без вопросв. Программу арифметики необходимо дополнить введением практического счетоводства применяемого счете», - деген /104/. 1907 жылғы нормативті оқу жоспары және оқу бағдарламасы орыс-түземдік, орыс-қазақ мектептеріне арналған. Бастауыш бөлімдерінде жазу, оқу, арифметика, арифметикалық есептер шығару, орыс сөздіктерін жаттау пәндері қарастырылған. Жоғарғы, төменгі топ бөлімдерінде арналған сабақтармен бірге тарих, география пәндері болған. Мұғалімер оқу материалдарын және жыл бойы пәнге қанша сағат берілу керектігін өздері белгілеп отырған. Мысалы, Ф. Белов деген мұғалімінің жылжық есебінде «во втором полугоди уроки письма и чтения обращены в уроки чтения, отдельные уроки арифметических упражнений включены а также включена диктовка», - деген мәлімет берді /105/. Бұл жағдайда қазақ балалары толықтай орыс тілін игермегендіктен, арифметикалық амалдарды үйрену әлі еретерек деп шешілген.

Енді жеке пәндерге тоқталсақ. Орыс-қазақ мектептері бағдарламасының орыс мектептерінен айырмашылығы қазақ тілі мен мұсылмандық діни сабағының жүргізілмеуі. Орыс-қазақ мектептерінің құрылуы мұсылмандық мектеп пен медреселерді ығыстыра бастады. Жергілікті халық өз балаларын көбінесе мұсылман мектептеріне беретін, құран тіліп оқып, өмірге қажетті шарттарды білсе жеткілікті деп ұққан. «Знание языка и толкование корана дает облегчение торгрвых контактов с единоверцами» /106/. Сондықтан да, орыс-қазақ мектептеріне қазақ балаларының назарын аударту үшін оқу кестесіне мұсылман діні енгізіледі. Пәнді жергілікі молда өткізетін болған. Бірақ, бірде-бір архив құжаттарында молдалардың берген дәрістері жөнінде мәліметтер жоқ. Мектеп пен медреселер орталық мектеп «ведомоствосының», сабақ кестесіне тәуелсіз болған, ал орысша өтетін діни сабақ ол мектеп «ведомоствосының» сабық кестесіне кіргізілген және мектепте ең басты оқу пәні деп есептелінген. 1864 жылы қазақша діни дәріс алу мен қазақша оқу екіге бөлінді. 1870 жылы мектеп пен медресе ашу ісіне қатаң тәптіп қойылды. Егер ашылған жағдайда орыс сыныптары болмаса, онда мүлдем тиым салынбаған. Орыс-қазақ мектептерінің іші оқушыларға толуы үшін, ата-аналары балаларын осы мектептерге беру үшін сабақ ана тілінде өтілуі тиіс деген шешімге келді. Ол туралы Астрахань губернаторының Орынбор оқу округіне жіберген хатында: « . . . русская школа, игнорируя изучение не только татарского, но и родного киргизского языка, теряет в глазах киргизов свое значение», - дейді /107/. Мұнда мектеп бағдарламасына енгізілген шешім бойынша алдымен орысша сауатты, чиновниктердің көмекші қызметкерлерін дайындау қарасытырылған. Алғашқы кезеңде ана тілінде оқыту мәселесі өте төмен дәрежеде болды. Себебі, мектепте оқу құралаары мен қазақ мұғалімдері болмады, қазақ балалары аз еді /108/. Қазақ балаларының қазақ тілінен орысшаға аударып оқи алмайтындықтары, орыс мұғалімдерінің қазақ тілін білмейтіндіктері кері әсерін тигізіп келді /109/.

Орыс мектептерінде оқып жүрген шәкірттердің тәрбиесінің ойдағыдай емес екенін А. Құнанбаевта аңғарған. Ол өз балалары тәрбиесінің басты принциптері жөнінде: «Балаларды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім», - деп айтып түсіндіре келіп, орыс мектебін таңдағандардың көьінің арманы мен мұраты, ішкі есебі кісілікке жат ұғымдардан қылыптасып отырғаныны жан-жақты көрсете білді. Мәселен, «Интернатта оқып жүр» деген өлеңінде:

Орыс тілі, жазу -

Білсем деген таласы,

Прощение жазуға

Тырысар келсе шамасы.

Ынсапсызға не керек,

Істің ақ пен қарасы.

Нан таппаймыз демейді,

Бүлінсе елдің арасы . . .

я тлімаш, я адвокат,

Болсам деген бәрінде ой.

Бұл іске кім виноват

Я Семейдің қаласы?

Я қазақтың баласы? - деп, жастардың азғындау себебін осылай қорытады /110/. Қоғамға пайдалы азамат болу үшін адам бойында қандай ізгі қасиеттердің қажеттігіне ерекше тоқталған ақын, өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азамат болу мүмкін емес деп: «Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет. Өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері-дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі», - деп өсиет айтқан /110/.

Батыс Сібір және Ақмола облыстарында мектептер сены өте баяу өсті. патша миссионерлерінің күшімен мектеп-медреселердегі оқу жоспараларына орысша оқыту міндеті қойылған. Мысалы, архив мәліметтері бойынша Сарқант уезіндегі мектеп оқушыларының сабақ үлгерімдері мен тәртіптері туралы мәліметтер келтірілген. Ол бүгінгі таңдағы оқушыларды бағалау тәртібінен ерекше екендігі байқалады. жыл аяқталысымен оқушылардың қолдарына куәлік берілген. Мұнда «икемділігі, тәртібі, ұқыптылығы, діни оқу, славян тілін оқу, арифметика, таза жазу, орыс тілі» сабақтары өткізіліп ол пәндер бойынша оқушылар білімі бағаналып отырған. Мысалы, І-бөлімнің оқушылары жөніндегі мәліметте Құрманғалиев Кәрім, Кузембаев Симержан т. б. оқу үлгерімдері туралы бағалары көрсетілген /111/. Бұл мектепте 12 бала оқыған, олардың жастары 9-дан 12-ге дейін, оқу үлгерімдері өте төмен, әсіресе діни сабақтан, орысша оқудын және аудармадан деп көрсетілген. Архив деректерінде бастауыш білім алып болғананан кейін, оқушылар одан жоғары оқу орындарына да түсіп, білім алған. Орынбор өлкесіне бағынатын қказақ даласы Шығыс орда (Торғай облысы), Орта орда (Орал облысы), Батыс орда (Бөкей ордасы) деп үш аймаққа бөлінген. Осыған орай Орынбор қазақ интернаты Торғайдан 10 бала, Оралдан 3 бала және Бөкей Ордасынан 7 бала оқуға қабылдаған. Мектептің бас тәрбиешісі болып Қазан университетінің шығыс тілдері факультетінің түлегі Салықжан Кукляшев деген татар жігіті тағайындалды. Ол өзі басқарған алты жыл ішінде қазақ шәкірттерін татар тағылымы рухында тәрбиелейді. Интернат тәрбиешілері болып екі унтер-офицер қабылданға. жалпы оқу орындарын басқару тәртібі бойынша мектеп, интернат, училищелер т. б. оқу орындарын басқарушы қызметкерлер әскери маман иелері, ұлты орыс болу керек делінген /112/.

8-кесте. Орынбор қазақ мектебінде еңбек еткен ұстаздар

Пән аты
Мұғалімдер
№: 1
Пән аты: Орыс тілі
Мұғалімдер: Костромеинов, Марницкий, Лебедев
№: 2
Пән аты: Қазақ тілі және татар тілдерінен
Мұғалімдер: Бекчурин, Батыршин, Биглов, Суханкулов
№: 3
Пән аты: Арифметика
Мұғалімдер: Армаулов, Васильев, Арцижевский
№: 4
Пән аты: Тарих
Мұғалімдер: Борецкий, Бискупов
№: 5
Пән аты: Жағрафия
Мұғалімдер: Орловский
№: 6
Пән аты: Таза жазу және сызу
Мұғалімдер: Кутергин
№: 7
Пән аты: Дене шынықтыру
Мұғалімдер: Конаков
№: 8
Пән аты: Іс жүргізу және тергеу
Мұғалімдер: Умнов, Орынбаев
№: 9
Пән аты: Ислам діні
Мұғалімдер: Ғабдусалямов, Даутов, Ғабдукәрімов т. б.

Мектепте оқытылған қазақ және татар тілі шын мәнінде татар тілі сабағы болды. Ол сабақ М. Бекчуриннің: «Начальное руководство к изучению арабского6 персидского и татарских языков с кратким объяснением существующих В Оренбурском крае башким и киргизов и с приложением к нему русских-персидских слов6 разговоров и прописей» - деп аталатын оқулығы бойынша оқытылады /113/. Оқулық «Қазақ және татар тілі» деп аталғанымен, Орынбор қазақ мектебінде қазақ жастары дербес тіл ретінде ана тілі бойынша ешқандай жүйел мағлұмат ала алмаған. Осы мәселелерді қарастыра келе, мектептегі оқу бағдарламасы ең алдымен, бастан аяқ орыс тілі мен қала берді татар тілін үйретуге бағытталған деген қорытынды жасаймыз. Орыс тілінен беретін пән мұғалімдері оқушыларға орыс тілін үйрену бірінші кезекте және ол басқа пәндерден ерекше деп үнемі үгіт - насихат жүргізіп отырған. Осындай жағдайда, орысша сауаттандыру ауылдық мектептерде белсенді жүргізілген. Торғай облысы Халық училищесі директорының айтуынша: «аульная школа первая ячейка к распространению в степи русского языка, самая дешевая6 целенаправленная к бытовым условиям степи, » - деп хабарлаған /114/. Мысалы, әдебиет сабағында оқушылар орыс сөздерінің мағынасын құрастыруға үйренген, ал арифметика сабағында әрбір жұмыс алдымен орыс тілінде, кейін қазақ тіліне аударылып отырған. Оқушылар екі тілде берілген жұмысты үйде қайталауға тиісті болды. Мысалы, Қостанайдағы екі кластық училищдегі І бөлімде орыс тіліне 15 сағат, ал ІІ, ІІІ бөлімде 16 сағат, 6 сағаты әдебиет пен орыс тілін үйренуге, 2 сағаты грмматикаға, 2 сағаты мазмұндамаға, 2 сағаты бақылау жұмысына, 2 сағаты - таза жазу, 1 сағаты - әңгіме сабағына, 2 сағаты - қазақ оқушыларына орыс тілінен қазақ тіліне аударуға бөлінген /115/. Ең көп көңіл бөлінген мәселе - ол оөущылардың орысша таза жазуы. Оған 1897 жылы арифметикадан жазылған бақылау жұмыстары дәлел болады. Онда оқушылардың жазған жазулары өте таза, әдемі екені айтылған /116/. Сонымен бірге архив материалдарында Қазақстанда ашылған мектептердегі оқушылардың сурет салу шеберліктері жөнінде 1888 жылы Орынбор ғылым академиясы ұйымдастырған суретшілер байқауының мәліметтірі бар. Орск орыс - қазақ мектебінің 4 сынып оқушыларының жарысқа жіберілген суреттері өте жоғары бағаланған. Комиссия мүшелері пән мұғалімі А. Колокольцевағат сабақ беруде одан әрі табыстарға жете беруіне тілек айтып, суреттерді суретшілер Одағына қабылдағанын мәлімдейдә /117/. Сол кезде оқу бағдарламаларына Отан тану, «Родиновведение», «Отечествовведение» деген Россия мемлекетінің материалдарына негізделген тарих және география пәндері енгізілген. Торғай облысының инспекторлары оқу бағдарламасына жергілікті өсімдік, жан - жануарлар жөнінде оқушыларға қосымша мәлімет беретін сабақтардың өтілуіне рұқсат берген /118/.

Облыстық оқу округінің құжаттарында оқу бағдарламасына дене шынықтыру сабақтары енгізілген. Т. Жүнісов деген пән мұғалімі ол туралы: «Мектеп бағдарламасына енгізілген бұл сабақ өте орынды. Бірақ бұған оқушылар өте селқос қарайды. Сондықтанда дене шынықтыру сабағын әрбір мұғалім қалай өткізем десе де өз мүмкіншіліктеріне бостандық беруі тиіс», - дейді /119/. Дене шынықтыру сабаға тек мектеп ішінде ғана емес, сонмен бірге даладада өткізілген. Дегенмен де, бүгінгі дене шынықтыру сабағы мен сол кезеңдегі дене шынықытыру сабақтарының өзара айырмашылықтары бар. Ол кезеңдегі дене шынықтыру сабағы қазіргі « алғашқы әскери дайындық » пәніне жақынырақ болған.

Орыс - қазақ мектептерінің даму тарихына тоқтала отырып, оның өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктерін айқындаймыз. 1) мектептердің жеке бекітілген бағдарламалары болмады. 2) мектептердің басшысы міндетті түрде әскери маман иесі болды. 3) мектепте екі надзиратель әскери адам қызмет етті. 4) мектептегі тәртіп әскери тәртіпеке бағындырылды. 5) орыс - қазақ мектептердің дамуы медреселердің мүлдем жабылуына әкелді. Бұл мектептердің кейбіреулерінің қайта жабылуына мұғалімдердің жетіспеушілігі, оқушылар санының аздығы, интернаттық оқу орындарының аз болуы, қазақтардың көшпенді тұрмысы себеп болды.

І тарау бойынша тұжырым

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау
Телерадио саласындағы тілдік сәйкестіліктің көрінісі: социолингвистикалық талдау
Орыс тілі сабақтарында ойын әрекетін қолдану бойынша зерттеу нәтижелерін талдау
Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік кепілі
Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Тілдік сәйкестіліктің орнығуындағы ана тілінің маңызы
Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі
Интерференция құбылысы
Үш тұғырлы тілдің ұшпағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz