Жәнібек батыр



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
- Мынау сүрлеу, бүгін жүрген көштің сүрлеуі екен – малдың жас тезегі бар,
- дейді.
Біраз жүрген соң, Асан:
Қарным ашты, - деп жылады.
Үсен үндемей келе жатса, екеуінің алдынан бір үйрек ұшып, ұзамай
қасына қонды. Асанның онымен ісі болмай жүре берді. Үсен жүгіріп барып,
сипалап жүріп, үйректің орнынан алты жұмыртқа тапты. Асан қуанып жұмыртқаны
алайын деп еді, Үсен алдырмай:
- Жолдан адасып көп күн жүрсек, бізге тамақ крек болар, үйректі де
ұстап алайық, - деді.
Асан айтты:
- Қалай ұстаймыз?
Үсен:
- Мен әкемнің ұстағандарын көріп едім, - деп манағы жұрттан тауып
алған қылдан есіп тұзақ істеді де, оны апарып үйректің ұясына құрды. Мұнан
соң, Асанды шақырып алып, екеуі бір таса жерге, қалың шөптің арасына барып
жатты. Көп ұзамай-ай үйрек қайта ұшып келіп қонды. Бітегенеден соң Үсен
түрегеліп, жүгіріп ұяға барып еді, үйрек ұша алмай далбырлады да қалды,
қараса үйрек мойнынан тұзаққа ілініп қалған екен.
Үйректі Асан:
- Тірі алып ойнап баралық, - деді.
Үсен айтты:
- Жоқ, әкем: үйрек, қаз адал құстар, мұқтаждықта құдайтағала бұларды
адамға алып, тамақ етуге бұйырады, бірақ тірілей байлап-матап әуре ету обал
деп айтушы еді, әуре етпей бауыздап алалық, - деп манағы жұрттан тауып
алған пышақтың сынығымен бауыздап алды.
Мұнан соң келе-келе жатып, түс ауған уақытта, екеуі бір өзен-судың
бойына жетті. Су ішіп сусындарын қандырған соң, Үсен айтты:
- Енді бір тамақ пісіріп желік.
Асан:
- От жоқ, неғылып пісіріп желік?-деді.
Үсен үндемей су жағалап бір шақпақ тас тауып әкелді және шапанының
бір кішкентай жыртылған жерінен азғана мақта суырып алып, оны тастың үстіне
қойып, бәрін бармағына қатты қысып тұрып, манағы пышақтың сыртымен тасқа
қатты ұрып еді, от шығып, мақта тұтанды; сонан соң айналасында азғана тезек
үгіп салып, Үсен өзі отты үріп тұтандырып жатып, Асанды қу тал жинап алып
кел деп жіберді. Тал келтірілген соң от жағып, әуелі жұмыртқаны отқа салып
пісірді, сонан соң үйректің жүнін жұлып, бұтарлап, бір талдан істік істеп,
үйректі отқа қақтады. Піскен соң екеуі де жесіп, тойып алысты. Тамағы
тойған соң көңілінен уайымы шығып, Асан су жағалап кетті, бір мезгілде
дауыстады:
- Үсен, Үсен! Мынау тайыз жерде балықтарды қарашы! – деп.
Үсен оған қарамай баяғы жұрттан тапқан инені отқа салды. Ине біраздан
соң оттың күшімен еріп, қызарды, сол уақытта пышақпен инені алып, ептеп
иді, қармақ істеді.
Сонан соң Асанды шақырып:
- Сен шегіртке тере бер,-деді де, өзі манағы қылдан есіп қармаққа бау
істеп байлап, талдан кесіп, оған сап істеді. Сөйтіп, қармағы әбзелмен даяр
болған соң, Үсен суға барып, Асанның жиған шегірткесін жемге шаншып,
қармағын суға салды. Су әдемі, айнадай таза су екен, ішіндегі ойнаған
балықтары көрініп жүретұғын. әуелі шабақтар келді, біреуі – бір, екісі –
екі, жемді иіскеп, тиіп-қашып, жұлқып өтіп жүрді. Сөйтіп тұрғанда шабақтар
дүркірей келіп қашты. Қараса бір шортан келген екен. Ол шортан жемге де
қарамай, тәкаппарланып, жайымен бұлғаңдап өтіп жүре берді. Шортан өткен
соң, манағы бытырап кеткен шабақтар тағы жалма жан жиылысып кліп, жемнің
айналасында ойнап, бірін-бірі қуып, жемге де тиіп қашып, соғып өтіп жүрді.
Сөйтіп тұрғандашабақтар және дүркірей қашып, жоқ болып кетті. Қараса бір
бөлек алабұғалар келген екен, жемді ең бұрын көрген біруі тоқталмастан
келіп асап келіп қалғанда, Үсен қармақты тартып алып, оны қырға шығарып
тастады. Сол қалпынша Үсен бірталай алабұға алды.
Балықтың алынған қызығына айналып тұрған, балалар күннің кешке таянып
қалғанын аңғармаған да екен. Бір мезгілде Үсен күнге қарап:
- Аһ, күн кеш боп қалыпты ғой, жарықта өткел тауып алайық,- деп
қармақпен алған балыөтарын жинай бастады. Жинап болған соң, балықтарын
біруінің шапанына орап алып, манағы шақпақ тасын және сабы-бауы мен
қармағын да қалдырмай алып, енді өткел іздесті. Бұл турада Үсен кідірместен
манағы өздерінің түсіп келген сүрлеудің өткен жерін тауып алып, сол жерден
өте шықты.
Біраз жүрген соң-ақ күн кеш балды және біраздан соң ымырт жабылып,
жол көрінбеді. Түн болған соң, балалар екеуі де қорқайын деді. Сөйтсе үсен
сыр білдірмей:
- Енді жүрсек адасармыз, - деп тоқтады, тезек теріп, от жақты. Біраз
отырған соң Асан күндіз көп жүріп шаршаған бала ұйықтап қалды. Үсен ойлады:
әкем айтушы еді: Елді жердің ұрысы, далалы жердің бөрісі болады, - деп
ұйықтамай отқа күндізгі алған балығын пісірген, ермек етіп отыра берді,
естуі бар еді: от жағып отырса, қасқыр келмейді-міс деп. Қарап отырса бір
мезгілде бір топ киік келді. Олар анадайдан одырайып қарап тұрып-тұрып, өз-
өзінен үркіп жөнелді. Біраздан соң құлын, тайы бар бір үйір құлан келді.
Айғыры алдында, басын тікшитіп, құйрығын шаншып, осқырынып, өзгелері
таңданып, қарап тұрды-тұрды да олар да шауып жөнелді. Бір мезгілде жақын
жерде қасқыр ұлыды. Алысырақта өгізшағала адамша шыңғырып, біресе жылаған
балаша, біресе қарқылдап күлген адамша, әр түрлі дауықа салды. Үсен
түйсіңкіреп, бойы мұздап, қолына манағы қармақтың таяңын қысыңқырап ұстап
отыра берді. Сөйтіп, әр жануарларды көріп және оттың жарығына жиылған құрт-
құмырсқа, көбелектерді қарап: Бұл көбелек-қоңыздар неге көріне өлім іздеп,
отқа түсе береді, - деп әр түрлі ойларға қалып, сүйеніп жатып таңды
атырды.
Күншығыста таң әуелі алтынмен боялғандай қызарып, жан-жаққа жайыла-
жайыла барып, ақыры қызылы тарап ағара бастағанда, Үсен Асанды да оята
бастады: Жүрер уақыт болды, - деп Асан далада екенін ұмытып, үйдегі
қалыбынша, жуық арада оянбай, ыңырсыса да, Үсен қоймай оятып алып, қасына
ертіп жолға шығысты.
Күн сәскеге шейін жүріп отырып, сәскеде сүрлеу бір қатаң шақаттау
жерге түсіп көрінбей кетті. Балалар енді қай жаққа жүрерін білмей, дағдарып
тұрды. Сөйтіп, жан-жағына қарап тұрса, ілгергі алдында, бір биік қыр
үстінде, үлкен мола көрінді. Сонда Үсеннің ойына әкесінің сөзі түсті:
Далада жүріп адассаң молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады, -
дейтін еді. Сол ақыл бойынша, Үсен енді жақын жерде көл бар екенін білді.
Өйткені қаз сусыз жерді мекен етпейді. Келіп екеуі енді молалы қырға шықты,
қараса, қырдың жығылар асты үлкен көл екен, көлдің айналасы да, іші де
жыңылдаған мал; жағасындағы жібектей жапырылған көк орай шалғынында қора-
қора қой мен жылқы, жылқының бір парасы көл ішіне кіріп, белінен құраққа
кіріп тұр, енді бір жақ жағасындағы сортаңда бір топ түйе жатыр. Бұларды
көріп балалар қырдан түсіп, жүгіріп малға келді. Келсе, өз ауылдарының
малдары екен. Малшылар Асан, Үсенді көріп, олар да қуанып, біреуі әке-
шешелерінен сүйінші сұраймыз деп шауып кетті, өзгелері балаларды атқа
мінгізіп, ауылға алып жүрді. Жолда келе жатып малшылар айтты:
- Сендердің жұртта қалғандарыңды біліп, кешеден ауылдың жан біткені
іздеуге кетіп еді, - деп. Нақ бесін мезгілінде балалар аман-есен үйлеріне
келіп, әке-шешелеріне қосылды дейді.

Ауыз әдебиеті шығармаларын тәрбие
мақсаттарына пайдалану

Өзінің кітабының мазмұнын балаларға саралай отырып, Алтынсарин қазақ
халқының бай қазынасы ауыз әдебиетіне зор назар аударды. Қазақ халқының
ауыз әдебиеті творчествосынан өзінің кітабына жеке ертегілерді, батырлар
жырын, мақал-мәтелдеріді сұрыптай отырып, тәрбие мақсатымен шебер
қабыстырды. Халық тілі ерекшелігінің – ырғақтылығымен, тауып айтқыштығын,
эпитет пен теңеуге байлығын өте жоғары бағалады.
Күрделілік шығармалардан Алтынсаринның хрестоматиясына енгендер: 1)
Батырдың бейнесі, оның арамза ханға қарсы жорығы. 2) Қарабатыр тұтқынға
түсіп қалған – батыр баланың образы. 3) Жәнібек батыр. 4) Батырлар жырынан
Қобланды - Тайбурыл.
Батырдың жорықтағы образында, оның киім-кешегі, сауыт-сайманы, қару-
жарағы аты сайма-сай суреттеледі: алтындаған ұлпалы садақ оғы аталғанда
жазудың зәресін ұшырады. Батырдың аты жүйрік ат. Батырдың үстінде жағасы
түлкілі жеңіл тон; сыртында қытай жібегінен халат. Батырдың дене бітімі де
күшті жаратылған – зор иықты, күшті қол, иығы кең, келбеті айбынды. Оның
денесі икемді, жүрісі жылдам. Иығында садағы, белбеуінде қыстырулы қанжар,
қолында ай балта. Одан әрі батырдың қаһары, ханның ауыздағы үшін сазайын
беруге батылдығы, батырдың бұл істе әділдігі көрсетіледі.
Жәнібек батыр - мұнда батыр баланың жас кезінен-ақ тәлім-тәрбие алу
үшін жақсы адамдарды іздеу тәрізді қалыптасқан әдет-ғұрыптар бейнеленеді.
Сөз болып отырған әңгімеде, әсіресе екінші диолог қызықты құрылған:
Батыр балаға жақтырмай жауап бергендіктен бала өкпелеп кетіп бара
жатқанда, би батыр баланы тоқтатып алып ақыл-өсиетін айтады.
Қобланды - қазақ халқының батырлар жырының үлгісі. Қобланды – халқы
үшін ең қиынщылық кезеңде тамаша ерлік көрсеткен, елін жаудан қорғаған
батыр. Бұл дастан балаларға әсіресе батырдың аты Тайбурылдың шабысы қатты
ұнады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті материалдарының бірі аңыз әңгіме
негізінде жазылған Бай ұлы шығармасында Алтынсариннің назарын аударған
сірә екі баланың, бай ұлы мен кедей ұлының, достығы болу керек.
Хрестоматияға енген барлық басқа шығармаларында бай ұлы жағымсыз образ
ретінде көрсетілітін. Дегенмен балалар арасындағы достық, олардың ойын
үстіндегі ниеттестігі мұнымен ерекшеленбейді. Әңгімедегі басты герой бай
ұлы ауыл көшкенде тайға міне алмай, түйеге мінетінін біліп, жылап тұрған
кедей баласына әкесінен өзіне арналған тайын балаға беруін сұрайды. Мұнда
бай баласының мұндай қайырлымдық көрсетуі қажет іс екенін көрсеткісі
келген. Сол уақытта бір ақсақал жақсы кісі қонақ болып жатыр екен. Бай
ұлының әлгі қайырымдылығын көріп сыртынан: Е, құдайым, бұл балаға ұзақ жас
бер, мал мен бас бер, - деп бата береді.
Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында бай ұлынан он екі ұл туып,
бәрі де асқан бай болды. Он екі ата бай ұлы деген ру сонан болды деседі.
Қара батыр әңгімесі де хрестоматияға ауыз әдебиеті үлгісі ретінде
алынған, өзінің реалистік мазмұнымен қызықты құрылған ертегі. Онда
балаларға құстардың өмірі мен әдетін көрсетеді, сонымен бірге өмірде
кездесетін әдемі, айшықты сурет, өсуіне сай көрсетілген.
Бұл әңгіменің мазмұны мынадай:
Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшыларды
ұстап алды, еліне апарқан соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді
тамақ бермеген соң, бала далада қойдың сүтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ер Жәнібек
ТАРИХИ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ - Жоңғар шапқыншылығындағы Шақшақ Жәнібек батырдың алатын орнын айқындау
Жәнібек батырдың балалық шағы туралы
Шақшақ Жәнібек батырдың өміржолы мен ұрпақтары
НҰРАЛЫНЫҢ ХАН САЙЛАНУЫНДАҒЫ ШЫНДЫҚ
Қабанбай батыр туралы аңыздар
Тарихи шығармалар тілінің лексикасы
ЖӘНІБЕК ТАРХАН
Абылай ханның жауынгерлік туы
Пәндер