Қырық екі жыл өткеннен кейін көктемнің көгілдір күндерінің бірінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Бойыңызды билеген мазасыздықтан арылып,

жақсы өмір сүру үшін не істеу керек?

Бүгінгі күнмен өмір сүргіңіз.

1871 жылдың көктемінде бір жігіт қолына алған кітаптан өз өмірін түбегейлі өзгерткен он жеті ауыз сөзді оқыды. Оның аты Уильям Ослер болатын. Ол өз заманының маңдай алды терапевт-дәрігерлерінің бірі болған. Томас Карлейдің жігіт өмірін өзгерткен он жеті ауыз сөзі мынау еді:

«Біздің басты мақсатымыз - алыстан бұлдыраған болашаққа көз жіберу емес, көзіміз жетер бағытта ғана іс-әрекет ету».

Қырық екі жыл өткеннен кейін көктемнің көгілдір күндерінің бірінде Уилям Ослер Йельский университетінің студенттеріне адамдар өзін (Ослерді), яғни төрт университетің профессоры, атақты кітаптардың авторын «ерекше сапалы миы бар адам» деп санайтындығын, ал оның өтірік екендігін айтты. Шындығына келсек, Ослердің жақын достары оның қарапайым ғана тәсілдерді қолданатынын білген.

Оның табысқа жетуінің сыры неде? Ол мұны бүгінгі күнмен ғана өмір сүргендігімен түсіндіреді. «Әрбір адам, - деді студенттерге Ослер, - алып кемеден гөрі жеке бір механизмге ұқсайды, өмірге жолдама алған соң алыс сапарға жолға шығасыз. Жолда келе жатқанда механизмнің әрбір бөлшектерін дауылдан сақтауға тырысуыңыз керек. Артта қалған күндерді ойламаңыз. Талай адамды жер жастандырған өткен күндер туралы ұмытыңыз. Бүгінгі күні арқалап жүрген болашақтың жүгі өткен күннің жүктерімен қосылып, ең күшті деген адамдардың өзін сүріндіреді. Ертеңгі күн туралы ойламай бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Болашақ туралы ойлаған адам күш-қуатын бекерге жоғалтады, жүйкесі жұқарып, жан-дүниесі зардап шегеді. өткен күндер мен болашаққа қарайламай, өзімізге белгіленіп берілген бүгінгі күнмен өмір сүруді үйреніңіз».

Доктор Ослер ертеңгі күннің қамын ойлама деп айтып жатқан жоқ. Оның айтып отырғаны - ертеңгі күнге жету үшін бүгінгі күнге істеріңді орындауда өз күш-қуатың мен қабілетіңді үйлестіре жұмсай білу.

«Данышпан адам үшін күн сайын жаңа өмір басталады».

Адам табиғатына тән жаман әдеттердің бірі, менің білуімше, өзінің қолынан келетін істердің ертеңнің еншісіне қалдырып қоятынында. Біз өзіміздің тереземіздің алдында өсіп тұрған хош иісті райхан гүлдерін көзімізге ілмей, дәл сондай гүлдерді алыс әлемдегі сиқырлы бақтан іздейміз.

Неліктен біз осынша таяз ойлаймыз?

Стивен Ликок былайша жазған: «Адам баласы өмір деп аталатын қысқа ғұмырдың мәнін толық түсінбейді. Бүлдіршін ес біле бастағаннан: «Мен ертең жігіт болғанымда . . . » дейді. Ал жас жігіт: «Мен ертең ер жеткенімде . . . » дейді. Ер жетіп, азамат болғанында әңгімесін: «Мен үйленгеннен кейін . . . » деп бастайды. Үйленгенмен ештеңе өзгермейтінімен шаруасы жоқ. Одан кейін: «Мен зейнеткерлікке шыққан соң . . . » деп ойлайды. Зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін өзінің жүріп өткен өмір жолына қараса, қаншама алтын уақытты босқа өткізгеніне, енді ештеңені кері қайтара алмайтындығына өкінішпен көз жеткізеді. Біз өмірдің мәні бүгінгі күн мен бүгінгі сағатта екенін кеш түсінеміз».

Біздің эрамызға дейінгі бес жүз жыл бұрын грек философы Гераклит өз оқушыларына өзгеріс заңынан басқасының барлығы өзгеретінін айтқан. Ол тағы да «Сіз ағып жатқан бір өзенге екі рет түсе алмайсыз» деген. өзен ағысы әрбір секунд сайын өзгеріп жатыр, сол сияқты адам да өмірге екі рет келмейді. Ешкім алдын-ала болжай алмайтын болашақтың еншісіндегі проблемаларды шешеміз деп жүріп, неліктен бүгінгі өмірдің сәнін бұзуымыз керек?

Джон Рескин өзінің жұмыс үстелінің үстіне «Бүгін» деген сөз қашалып жазылған қарапайым тасты қойып қойған.

Өзіңізге мына сұрақтарды қойып, жауаптарын жазып алыңыз:

1) Болашақ туралы ойлаймын деп жүріп, бүгінгі күннің шаруасын кейінге қалдыра аламын ба, болашақтағы беймәлім әлемнің сиқырлы бағы, онда өсетін райхан гүлдері туралы армандаймын ба?

2) Осы күндері мен өткен өміріме өкініп, келмеске кеткен күндер үшін өз өмірімді қиындатамын ба?

3) Таңертең ұйқыдан тұрған соң маған бөлінген жиырма төрт сағатты тиімді пайдалану туралы ойлаймын ба?

4) Мен бүгінгі күн туралы ғана ойлау арқылы өмірден көп нәрсе аламын ба?

5) Бұларды жүзеге асыруды мен қашан қолға аламын? Келесі аптада ма? Ертең бе? Бүгін бе?

Жонылған ағашты қайта жонуға әрекет етпеңіз.

өткен өмір еншісінен өз пайдамызға жарата алатын бір-ақ тәсіл бар, ол - бүгінгі күнгі өмірімізді артта қалған күндерде жіберген қателіктерімізді қайталамау үшін оларды асықпай отырып електен өткізу керек және ол туралы мүлде ұмытуға тиістіміз.

Бойды билеген мазасыздық туралы ұлы адамдардың жазғанддарының барлығын оқысаңыз да, «Көпірге жетпей жатып, одан өттім деме», «Төгіліп қалған сүт үшін көз жасыңды төкпе» деген ескі мақалдардан артығын таппайсыз. Бұл - өз басыңызға уақытынан бұрын қиындық тудырмаңыз дегенді білдіреді. Егер біз осы екі мақалдың дұрыс айтылғандығын қайталай бермей, оның орнына өмірде жиі қолдансақ, бұл кітаптың бізге қажеті де болмас еді.

Шынында, біз өмірлік тәжірибемізде ескі мақалдардың біршамасын қолдана білсек, көп нәрсені түйсінген болар едік. Тек түйсініп қана қоймай, оны өмірде жүзеге асыра да білу крек. Бұл кітаптың мақсаты - сіздерге жаңа бір нәрсе айту емес, өздеріңіз білетін өмір шындықтары туралы еске салып, оны өз өміріміщде қолдану үшін іс-әрекет етуге ұмтылдыру болып табылады.

Фред Фуллер Шедд ескіден келе жатқан өмір шындықтарын жаңаша мағынада қызықты етіп түсіндіретін. Ол «Филадельфия буллетин» журналының редакторы болатын. Бірде ол колледж жастарына: «Сіздердің араларыңызда кім арамен ағаш кесті, қолдарыңды көтеріңдер» деп сұрақ қойды. Отырғандардың көпшілігі қолдарын көтерді. «Ал ағаш жоңқасын арамен кескен адам бар ма?» дегенде, ешкім қолын көтерген жоқ.

әрине, ағаш жоңқасын жону мүмкін емес, өйткені олар жонылған. өткен күндер туралы да осыны айтуға болады. өткен өмір туралы, болып кеткен жайлар туралы ойлаған кезіңізде сіз сол ағаш жоңқасын қайта жонғанмен бірдей боласыз.

әрине, барлығымыз да пендеміз ғой, қателік жасамайтын адам жоқ. Ондай-ондай кемшілік кімнің басында болмайды? Тіпті Наполеонның өзі жүргізген үлкен ұрыстарының үштен бірінде жеңіліске ұшыраған.

Бір сөзбен айтқанда, қанша жерден патша болса да, оның айналасында жүрген адамдар да өткен күнді қайтара алмайды. Сондықтан мына ережені есте ұстаңыз:

«Жонылған ағаш жоңқасын қайта жонамын деп әуре болмаңыз».

Ащы лимоннан тәтті лимонад жасап шығару туралы немесе өмір Сізге ащы дәмін таттырса, сіз оны тәтті дәмге айналдыруға тырысыңыз.

Осы кітапты жазып жүрген кезімде мен Чикаго университетінде болып, оның ректоры Роберт Мейнард Хатчинспен сөйлестім. Одан мазасыздықты қалай жеңетінін сұрағанымда, ол: «Мен ылғи да «Сирс Роубик энд компани» фирмасының бұрынғы президенті марқұм Джулиус Розенвальдтың айтқан «қолыңа лимон түссе, одан лимонад жасап шығар» деген ақыл кеңесін басшылыққа алатын едім» деген болатын.

Атақты педагог осылайша әрекет етеді, ал оның орнында басқа бір ақымақ адам болса, қолына түскен лимонға қарап: «Мен жеңілдім. Тағдырдың жазуы шығар, менде басқа амал қалған жоқ» деп қарап отырар еді. Мұнан соң ол өмірге ренжіп, жылануыға көшеді. Ал дәл осы лимон ақылды адамның қолына түссе, ол: «Мен осы қиыншылықтың қандай да бір пайдалы жағын іздеуім керек. Мен өз жағдайымды қайтсем жақсарта аламын? Бұл лимонды лимонадқа қалай айналдырса болады екен?» деп ойлайды.

Өз өмірін адам табиғатын, оның жасырын жатқан күш-қуатын зерттеуге арнаған атақты психолог Альфред Адлердің айтуы бойынша, адам бойындағы таң қаларлық қасиеттердің бірі - терісті оңға айналдыра алатындығы.

Американың барлық жерінеде болғанымда мен терісті оңға айналдыра алған көптеген әйелдер мен ер-азаматтарды көрдім.

«Құдайға қарсы он екі саны» кітабының авторы марқұм Уильям Болито оны былайша жеткізеді: «Өмірдің мәні өзіңнің қол жеткен табыстарыңды пайдаланудан ғана тұрмайды. Бұл кез-келген ақымақ адамның да қолынан келеді. Ең маңыздысы жеңілістің өзін өз пайдаңа жарата білу. Бұл үшін ақылға салу керек. Ақылды адам мен ақымақ адамның арасындағы айырмашылық та осындайда байқалады».

Зор жетістіктерге қол жеткізген адамдардың өмірін терең зерттеген сайын мен адамдардың көпшілігі өз өмірінің бас жағында кездескен кдергілердің арқасында жеңіске жеткендіктеріне куә болып келемін.

Мильтон соқыр болмаса керемет өлеңдер жазбас па еді, Бетховен саңырау болмаса, керемет шығармалар дүиеге келмес пе еді, кім білсін? . . .

Жер бетіндегі тіршілік туралы ғылыми тұжырымдаманы енгізген атақты Ч. Дарвин: «Егер мен мүгедек болмағанымда, мұндай үлкен еңбекті жазбас едім, жазған күнде де мұндай зор табысқа қол жеткізуім екіталай еді» деп мойындаған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көшбасшының өзін-өзі басқаруы
Григорян күнтізбесінің тарихы
Абай Жолы романының қысқаша мазмұны
Пайғамбар
АБАЙ ЖОЛЫ РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
Ел баласы - Сыр баласы Шахмардан Есенұлы Есенов туралы сыр
Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы
Жұлдыз атауы
Қазақстан Республикасында мереке күндері
Хронология пәні және оның міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz