Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Қазіргі уақытта " қоғамды ақпараттандыру", "білім беруді ақпараттандыру" деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті процесс. Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады. Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін, орта мектептегі информатика курсынан басталады. "Информатиканы оқыту әдістемесі" деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу-әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан-жақты қарастыратын курс болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің енгізілгендігі: 40 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың, программалау элементтерін орта мектепке енгізілудің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең, бұрынғы Одақтағы 50-жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ-дың пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам қызметінің жаңа саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңінде тілдік құралдар мен әдістеме жеткіліксіз болды. Соған қарамастан оқушылардың программалауды түсініп, игеруіне ешқандай принципті қиыншылық болған жоқ.
Алғашқы ЭЕМ-дер пайда болғаннан кейін көп кешікпей ғылыми-зерттеу мекемелерінде және ірі жоғары оқу орындарында программалауды және ЭЕМ-дің жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда бола бастады. 50-жылдардың аяғына қарай А. П. Ершовтың басқаруымен Новосибирск қаласының кейбір мектептерінде тәжірибелер жүргізілгендігі белгілі. Бұл тәжірибені сондағы ғылыми қалашықта есептегіш техника негізінде жүргізді. Басталған жұмысқа университеттер мен ғылыми зерттеу институттарының көптеген ғалымдары қатысып, араласты. Бірақ, мұнда алғашқы қадамдардың жалпы білім беретін орта мектеп үшін міндетті курстың қалыптасуына қатысы жоқ еді.
Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер негізінде программалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқытуды 1959 жылдары басталды деуге болады, өйткені Мәскеу қаласының N444 мектебінде С. И. Шварцбур жоғары класс оқушыларына ЭЕМ жұмысын үйретуге бағытталган эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес, С. И. Шварцбурдтың жүргізген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.
Программалау саласында мамандандырылған мектептер жүйесінің дамуы тағы бір маңызды рөл атқарды. Оқушыларды программалауға үйретуге арналған мақалалар мен әдістемелік талдамалар көптеп шыға бастады.
Бұл жылдары математикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған оқу құралдары кең таралды және бұл құралдар белгілі бір программалау жүйесі негізінде жасалды. Осы жинақталған материалдар программалау бойынша факультативтік курстардың қалыптасуында маңызды рөл атқарды.
Үшінші кезең, арнаулы факультативтік курстардың ашылуына байланысты. Факультативтік курстың мақсаты - оқушылардың жан-жақты мүмкіндіктерін дамытуға және білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылды. Ол жөнінде КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы "Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарту шаралары" туралы қаулысында көрсетілді. Математика және оның қолданылулары бойынша жүргізілген факультативтерде арнаулы үш курс әртүрлі деңгейде ЭЕМ-ның қолданылуын қажет етті. "Программалау", "Есептеу математикасы ", "Векторлық кеңістіктер және сызықтық программалау". Осы факультативтік курстардың енгізілуіне байланысты программалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.
Кейінірек, сол кездегі математикалық орта білімнің қайта құрылуына байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылды. "Санау жүйелері" және "ЭЕМ-нің арифметикалық құрылғылары" (7-класс), "Алгоритмдеу және программалау " (8-класс), "Кибернетика негіздері" (9-10-кластар), "Программалау тілдері" (10-класс) .
Дәл осы кезеңде арнаулы факультативтік курстар бойынша оқыту мазмұны мен әдістерін жасау мәселелеріне байланысты әдістемелік мәселелер В. М. Монаховтың және т. б. көптеген ғалымдардың еңбектерінде өз шешімін тапты. Мектептер мен есептегіш техникасы бар өндіріс орындары арасындағы байланысы қалыптастыру тәжірибесі жинақталды. Бұл тәжірибе кейін оқу-өндірістік комбинаттары арқылы мектептегі оқыту ісіне есептегіш техниканы енгізуге негіз болды.
Төртінші кезең , оқу-өндірістік комбинаттары негізінде мамандандыруға байланысты. Оқу-өндірістік комбинаттары негізінде оқушыларды есептегіш техниканы меңгеру және пайдалануға байланысты көптеген мамандықтарға дайындау мүмкін болды. Атап айтқанда, ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін мәліметтерді дайындау құрылғыларын жөндеу және күту бойынша электромеханик, электронды аппаратураны реттеуші, программалаушы лаборант, есептеу жұмыстарының операторы дайындалды.
Одан кейінгі кезең, жалпы білімдік бағдардың дамуымен сипатталады. Математикаға бейімделген мектептерде, әсіресе, ОӨК-ның оқу программаларында оқушыларға программалауды оқытудың арнаулы кәсіби бағдардағы мүделері қарастырылады. Сонымен қатар, программалаудың жалпы білімдік әсері және алгоритмдеудің мектептегі дәстүрлі пәндерге пәнаралық әсерінің мазмұндық-әдістемелік мәселелері зерттелді. Алдыңғы кезекте математикаға әсері қарастырылды.
Мектептегі компьютерлендіру саласында нақты ұйымдастыру-әдістемелік шаралардың жасалуына КОКП сәуір (1984) Пленумында және КСРО Жоғарғы Кеңесі сессиясында бекітілген "Жалпы білім беретін орта және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттары " атты қаулысы себеп болды. Мектеп реформасының негізгі міндеттерінің бірі информатиканы оқу-тәрбие процесіне енгізу және жастардың компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталды. 1984 жылдың соңында КСРО ПҒА оқыту мазұны және әдістер ҒЗИ мен КСРО ҒА-ның Есептеу Орталығының басқаруымен жалпыға міндетті пән "Информатика және есептегіш техника негіздерінің" бағдарламасын жасау жұмысы басталды. Бұл жұмыс 1985 жылдың ортасында аяқталып, КСРО оқу министрлігінде мақұлданды.
Үкіметтің келесі шешімдерінде жастардың компьютерлік сауаттылығын тез қалыптастыру мәселесі қойылды. Ол үшін жалпы білім беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш техника негіздері" міндетті пән ретінде енгізілді, яғни 1985 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап "Информатика және есептегіш техника негіздері" (ИЕТН) курсы оқытыла бастады. Мектепті компьютерлендіру мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлудің нәтижесінде 1986-87 оқу жылының басында "Информатика и образование" журналының 1-нөмірі шықты. Бұл ЭЕМ-ны оқу процесіне енгізудің әдістемелік, дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін қамтитын журнал. Сонымен қатар, біздің Республикамызда да "Қазақстан мектебі " журналының қосымшасы ретінде 1992 жылдан "Информатика-Физика-Математика" журналы шыға бастады. Ал, 2002 жылдан "Информатика негіздері" журналы шығады.
Компьютер алғаш оқу процесіне енгізілгенде мынадай екі үлкен мәселе көзделген:
1) компьютер оқу объектісі, яғни пән ретінде оқытылуы;
2) компьютердің жалпы оқу процесіңдегі қолданылуы.
Программалау элементтерінің орта мектепке енгізілуінің қысқаша тарихы осындай.
Математиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану
Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технологиялар мен әрбір оқушының өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін, ашық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үрдісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.
Мектеп оқушысының ақпараттық мәдениетін дамыту көзқарасы тұрғысынан да мұғалімге кез келген пәнді информатика заңдары негізінде түсіндіру мүмкіндігін беру маңызды. Сондықтан да мектепте қазіргі уақытта фундаменталдық пәндерді, соның ішінде математиканы да, оқытуды компьютерлендіру оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Математика мұғалімі компьютерге оқу үрдісінде өзінің электрондық ассистенті ретінде сенуіне болады. Мұнда тек қана қандай қызмет түрлерін компьютерге, ал қайсысын мұғалімге беру, зерттеліп жатқан пәндік облысқа және әрбір жеке мұғалімнің әдістемелік тәсілдер жүйесіне байланысты.
Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүниетанымын және интеллектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге бағытталган. Бірақ, көпшілік жағдайда мұғалімге оның әртүрлі бөлімдерінің кұрылымдық байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелуге уақыт жете бермейді. Мұғалімнің назары негізінде белгілі бір типті есептер шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыруға жұмсалады.
Математиканы оқытудың дағдылы әдістемесін компьютерлік қолдау арқылы толықтыру жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге көмектеседі. Шешуі үшін математикалық үлгілеу әдістерін білуді қажет ететін қолданбалы және зерттеулік мінезді есептерді, бірнеше пән түйісінде пайда болған есептерді қарастыру математикалық білімді жүйелендіруге көп әсер етеді.
Қазіргі уақытта компьютерді математика сабағында тек қана иллюстрация, тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылуы қажет: жаңа тақырыпты түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде.
Шығыс Қазақстан облысы Октябрь орта мектебінің жоғары сыныптарында математика пәнін жүргізуде ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін қолдану әдістемесін қалып-тастырудағы жинақталған тәжірибемен бөлісуді жөн көрдік. Атап айтқанда математика және информатика пәндеріне бірнеше интегралданған сабақтар жүргізілді, Microsoft Оffiсе пакетінің құрамындағы MS Excel бағдарламасын оқыту және қолдану әдістемесі құрылды. Бұл бағдарламаға ерекше көңіл аударудың негізгі себебі оның төмендегідей ерекшеліктерімен анықталады:
-MS Excel инструменталдық құралдары ерекше тиімді топтастырылып тақталарға жинақталған және әрқилы қимылдар орындауға мүмкіндік береді;
-қуатты формулалар мен функциялар аппараты бар;
-алғашқы мәліметтердің өзгерyiне байланысты айнымалы шамаларды қайта есептеудің қауырт жұмысын автоматтандыруға, таблицалық шамалар түрінде беруге мүмкіндік береді;
-әртүрлі графиктер мен диаграммалар көмегімен мәліметтерді және олардың өзгерісін көркем, түсінікті түрде кескіндеуге мүмкіндік береді.
MS Excel бағдарламасымен жұмыс істеу негіздері информатика пәні сабақтарында беріліп, ал математика сабақтарында белгілі бір тақырыптарды оқыту барысында практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыpyға, зерттеушілік, тиімді шешім қабылдай алу іскерліктерін қалыптастыруға, осы тақырыптардан білім сапасы мен үлгерімдерінің жоғарылауына әсер етуі оқу жылы барысында және соңында жүргізілген білім мониторингінен көрінді.
Бұл тақырыптар:
-арифметикалық (геометриялық) прогрессияны.
-п-ші мүшесін жәнe қосындысын табу;
-квадраттық функциялардың графиктерін тұрғызу және зерттеу;
-тригонометриялық функциялардың графиктерін тұрғызу және зерттеу;
-п-ші дәрежелі теңдеулерді шешу;
-сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен шешу
-интегралдарды есептеу.
Сонымен іс-тәжірибеде жүзеге асырылған ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру және дамыту, оқу үрдісін дараландыру мақсатымен олардың танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру үшін келесі тұжырымдарды қайталауға болады:
-оқу үрдісінде компьютерді фрагментті түрде емес, үздіксіз қолдану қажет;
-үлкен көлемді бағдарламалауды қажет ететін және "жылдам ескіретін" жеке компьютерлік бағдарламалардан кетіп, белгілі математикалық пакеттерді қолдану, тек қана оларды жаңа әдістемелік мазмұнмен жабдықтап отыру қажет;
-белгілі бір шарттарды канағаттандыратын бағдарламалық-әдістемелік демеудің болуы қажет:
а) компьютерлік практикум барысында мұғалім мен оқушының белсенді рөлін қамтамасыз ететін;
ә) инструменталдық ортаның рухани ескіруіне тұрақты;
б) толықтырулар мен өзгертулерге икемді.
Математика сабағын компьютер арқылы жүргізудің
әдістемелік нұсқаулары
Математика мектепте оқылатын пәндердің ішіндегі негізгі, әрі іргелі ғылымдардың бірі, ол адам мәдениетінің маңызды элементі болып саналады. Математиканың мектептегі бағдарламасының басым бөлігі практикада қолданылады немесе басқа ғылыми пәндік салаларға негіз бола алады.
Математиканың көптеген қырлары бар, ол адамның ұқыптылық, ынталылық, жаңаны қабылдау тәрізді, өзгеріске жиі ұшырайтын әлеуметтік, техникалық, табиғи құбылыстарға бейімделушілік сияқты жеке қасиеттерін де дамытуға көп үлес қоса алады.
Оқу процесіне жаңа информациялық технологияларды енгізу ісі де математикамен тығыз байланыста өткізіледі, сондықтан математик мұғалімдер компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен қолдануы тиіс. Осындай сәттерде математика курсының мазмұнын да қайта қарап, оның компьютерлік сүйемелдеуде пайдалануға болатын бөлімдерін саралап, сабақтарды жаңалап өткізу әдістемелерін құрастыру қажет. Жаңа технологияларды математикада пайдалану ісі бұрынғы белгілі әдістемелермен қатар педагогикалық жаңа технологияларды қолдануды талап етеді.
Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады, пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізге ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек.
Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу осы тұрғыдан қарастырылуы тиіс.
Осындай сабақтарды жасау қажеттілігі мынадай факторлармен сипатгалады:
1. математикада компьютерді пайдалану арқылы оқу сапасының артуы мен оқыту аймағының кеңеюіне байланысты қоғамның әлеуметтік талабына сай болуы;
2. компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге, оның ішінде математикаға араласуы, енгізілуі;
3. оқушылардың әр түрлі компьютерлік техникалық құралдарды игеріп, соларды тұтыну тәсілдерінің қалыптасуы, яғни оларды игеру оқушыларды жаңа білім ортасына жылдам енгізеді;
4. математикалық түсініктер мен концепцияларды оқып үйренуге қажет жоғары денгейдегі ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамытуда компьютерлік техниканы тұрақты қолдану мүмкіндіктерінің пайда болуы, т. б.
Қазіргі кезде компьютер арқылы математиканы оқытудың дайын теориялық әдістемесі жоқ. Өткен ғасырдың 80 жылдарының ортасында басталған компьютерлік программалар көмегімен оқыту жұмыстары ойдағыдай нәтиже бере алмады, өйткені программалық кұралдар сапасы төмен болды да, олар бұрынғы қолданылып келе жатқан технологиялардан асқан нөтиже бере алмады. Оған қоса ол кездерде компьютерлер де көптеген мектептерде болған жоқ. Сондықтан балалар да, мұғалімдер де компьютерлерді тұрақты оқу құралы деп санамады. Кейбір зерттеушілер тіпті сол компьютерді оқу процесіне қолдану қажеттілігіне үлкен күмәнмен қарады. Қазірде жағдай өзгеріп, мектептегі математика сабағын компьютер арқылы жүргізудің теориялық негіздерін, әдістемелерін жасау қажеттілігі туып отыр.
Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі.
Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезендерін атап өтейік:
1. оқыту мақсатын анықтау;
2. өтілетін тақырыптың, бөлімнің материалдарын талдау, керектілерін таңдап алу және оның тиісті құрылымын жасау;
3. оқыту тәсілін таңдау;
4. сабақты жобалау, яғни оның сценарийін құрастыру;
5. сабақты жүргізудің программасын (программалау тілінде) жасау;
6. пән мұғаліміне арналған әдістемелік құрал жасау;
7 . педагогикалык, эксперимент;
8. оқу процесіне компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды кіргізу.
Компыотерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды жасаудың алғашқы кезеңі таңдап алынған тақырып бойынша оқыту мақсаттарын анықтаудан басталады. Педагогикада оқыту мақсаттарының үш түрі болатыны белгілі, олар: білім беру, дамыту және тәрбиелеу. Білім беру мақсатын жүзеге асыру нәтижесінде балалар оқу материалдарының жаңа көлемін игереді, оның сапасын арттырады, деңгейін өсіреді. Бұл мақсат екі топқа бөлінеді:
1. оқушыларды білім негіздерімен, нақты фактілермен, түсініктермен, заңдармен, теориялармен таныстыру;
2. жалпы әлеуметтік пәндік және пәнаралық біліктілікті, соларды игеруді қалыптастыру, яғни алынған білімді қолдану тәсілдерін меңгеру.
Дамыту мақсаттары жеке тұлғаның бойындағы сапалық қасиеттерді дамытудан тұрады. Бұл мақсаттың да үш тобын атап өтуге болады:
1. ойлау аймағына жататын іс-әрекеттерді табысты түрде орындау;
2. іздеу әрекеттері;
3. кейбір интеграциялық әрекеттерді - әр түрлі мәтіндерді өңдеп есте сақтау, пайымдау түрлерін игеру.
Тәрбие мақсаттарына жеке тұлғаны өндіріс пен қоғамда қызмет етуге дайындауға керекті оның рухани және физикалық дамуына тұрақты және бағытталған түрде әсер ету істері кіреді.
Оқу материалының мазмұнын талдау мен таңдап алу кезеңіңде, алдымен пән бағдарламасына сәйкес оқушылардың игеруге тиісті теориялық сұрақтарын, білімдерін анықтап қарап шығып, оған арналған сағаттар санына да көңіл бөлу керек. Бағдарламаны талдау кезінде пәнаралық байланысты есепке алып отыру ұмытылмауы тиіс. Материалды таңдап алу кезінде сыныптың дайындығы. алдынғы тақырыптарды игеру нәтижелері есепке алынады.
Бір күрделі мәселе - материалдың басты мазмұнына не жатқызу керектігін анықтау. Басты мазмұн деп оны түсінбей, материалдың қалған тақырыптарын игеруге болмайтын негізгі бір бөлігін айтады. Компьютерлік сабақ құрылымын жасау кезеңінде оқушылардың жалпы оқу білімдерін игеруге керекті талаптарды анықтап алу керек. Бұлар оқушылардың әлі қалыптаспаған, білмейтін материалдарын айқындауға көмектесіп, кейбір топтар үшін болатын сабақтардың мақсаттарын анықтауға, өтілетін тақырыптардың ішкі материалдарын талдап, оқушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы әдістемелік дайындық математика сабағының компьютерлік нұсқасын жасап, оны өткізуге негіздеме болады, сабақ тиімділігін, оқушылардың танымдық қасиеттерін арттырып, балалардың өздерінің жұмыс істеулеріне әсер етіп, олардың компыотерлік сабаққа қызығушылығын туғызады.
Оқыту программасы жоғары сапасының негізгі көрсеткіші - білім берудің тиімді болуы. Компьютерлік жүйенің бейнелеп көрсету мүмкіндіктері мен оның интерактивті түрде сабақ өткізуді ұйымдастыру деңгейі өздігінен оқыту программасының пайдалылығын өсіреді деп айтуға болмайды. Программа тиімділігі оның жақынға немесе кейінге жоспарланған сабақ мақсаттарын қандай деңгейде орындауды қамтамасыз ете алатынымен, мысалы, олардың компьютерде жұмыс істеу мүмкіндіктерін дамыту сияқты істермен анықталады. Кез - келген мәселені шешу жолында графиканы пайдаланудан бастап, оқушыларды жекелеп оқыту ісін жүргізуге дейін басты шарт болып оқу мақсатын орындау есептелуі тиіс. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай пайдаланылуы керек. Сыртқы эффектіні ғана қуып кетпей, оқыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс. Оқыту программасының қаншалықты тиімді екендігін оны тек сабақта қолданып болған соң талдай отырып айтуға болады.
Электрондық оқыту программасын жасайтын прогаммалаушылардың қолданбалы программалар жасау принциптерін оқу программалары механикалық түрде енгізбеуін қадағалау керек, кейбір кезде зиянын тигізіп кетеді. Мұндай программалардың нақты адамдардың әрекеттері әсер ететінін ұмытпау керек, олардың ынтасы қызығуы, ұмтылысы компьютердегі оқу процесінде ескерілуі қажет.
Компьютер арқылы оқыту үшін даярланған сабақты программалау кезеңі алдымен қабылданған сценарийдің орындалуын қамтамасыз етеді, алгоритмдерді құрудан тұрады. Ал алгоритмдер сипаттау оны түсінуге, оқуға жеңіл болуы тиіс, оған қоса алған бағыттан ауытқымайтын дәл, әрі анық болуы керек. Алгоритмдер, бір жағынан программалаушы еместерге де түсінікті болса, екінші жағынан - программа дұрыстығын тексеру үлгісіңде бола алуы да керек. Алгоритмді сипаттау үшін олардың функционалдық ерекшеліктері мен сөздер арқылы жазылуын байланыстыратын жартылай жасанды тіл қажет, оған қоса оның объектілері негізгі графикалық түрде бейнелеуге арналған мүмкіндіктер қарастырылуы тиіс.
Одан ары компьютер арқылы жүргізуге дайындалған сабақтың программасын жасау берілген алгоритмді компьютер программасын аударуға барып тіреледі. Мұндайда жоғары деңгейдегі программалау тілдері немесе электрондық сабақтарды жасаудың жүйелі құралдары қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz