Информатиканы оқыту әдістері


Қолданылған әдебиеттер:
- Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А. Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы. 1998 ж.
- Бочкин А. И. Методика обучения информационному поиску. ИнфО. -2000. N 3.
- Бочкин А. И. Методика преподования информатики. Учебное пособие. Минск. : Вышэйшая школа, 1998 г.
- Информатикадан Мемлекеттік білім беру стандарты. 7-11 класс. Алматы, 1998 ж.
- Каймин В. А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. ИнфО. - 1990. N 6.
- Лапчик М. П. Информатиканы оқыту методикасы. Аударған Қ. С. Абдиев. // Алматы, 1994 ж.
- Леднев В. С., Кузнецов А. А., Бешенков С. А. Состояние и перспективы курса информатики в общеобразовательной школе. ИнфО. - 1998. N 3.
- Халықова К. З., Г. А. Абдулкаримова. Жоғарғы оқу орнындағы педагогикалық практика. Әдістемелік құрал. Алматы, 1994 ж.
- Халықова К. З. Төменгі кластарда информатиканы оқыту. Инфизмат журналы. 1994, N 4.
- Юдина А. Г. Информатика на ЛОГО для старшеклассников. ИнфО. - 1994 - N 6.
- Журнал «Информатика негіздері» №6 2002. 5 бет.
- Журнал «Информатика негіздері» №4 2002. 2 бет.
- Журнал «Информатика негіздері» №1 2002. 2-10 беттер.
- Журнал «Информатика негіздері» №3 2005. 2-4 беттер.
- Журнал «Информатика негіздері» №2 2005. 20-28 беттер.
- Журнал «Информатика негіздері» №5 2003. 2-4 беттер.
- Журнал «Информатика негіздері» №3 2003. 2-4 беттер.
- Журнал «Информатика негіздері» №4 2003. 7-8 беттер.
- Журнал «Информатика негіздері» №1 2003. 20-23 беттер.
- Журнал «Информатика негіздері» №4 2006. 36-37 беттер.
- 12-жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты. (бірінші саты) Астана 2004 ж.
- 12-жылдық мектептің 1-4 сыныптарының оқу бағдарламалары А. «Атамұра», 2004 ж.
- Ашнтаева Т. Е., Вьюшкова Е. А. Информатика жылдық мектептің 2-4 сыныптарына арналған оқулықтар «Атамұра», 2004 ж.
- Аштаева Т. Б., Вьюшкова Е. А. 2-4 сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі, А. «Атамұра».
- Горячев А. В., Горина К. И., Суворова Н. И. Информатика в играх и задачах. 1, 2, 3 классам, «БАЛАСС», 2002.
- Балапанов Е., Кабулова Г., Мухамеджанова С., Айтбакина Б., Мамырбек Г. Основы информационной культуры (в 4 тетрадах) 1-4 классы - А, ТОО «Аруна» ЛПД, 2004 ж.
- Н. Ермеков, Е. Кузина, Л. Крепп, С. Пшипенко Информатика оқыту әдістемесі. А. «Атамұра» 2003 ж.
- С. Т. Мұхамбетжанова. Мектеп информатикасын оқытудың әдістемесі (7-11 сынып материалы) Алматы - 2005 ж.
- Информатиканы оқыту әдістемесі. К. З. Халықова.
- Журнал. «Информатика негіздері» №6 2006, №5 2003.
- «Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы». Оқыту - әдістемелік кешен. Алматы - 2006 ж.
- Журнал. «Информатика негіздері» №5 - 2003 ж.
- Информатика «Ғылыми әдістемелік журнал». №6 2001 ж. 6-8 беттер.
Жоспар:
Кіріспе.
«Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері».
І. Негізгі бөлім.
1. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі.
1. 1. Информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
1. 2. Информатиканы оқытудың мазмұны.
1. 3. Информатиканы оқыту әдістері және жетілдіру жолдары.
2. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту процесін ұйымдастыру
формалары.
2. 1. Информатиканы оқытуды ұйымдастыру дың түрлері.
2. 2. Бастауыш сыныпта деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану.
2. 3. Бастауыш сыныпта жаңа ақпараттық технологияларды қолдану.
2. 4. Компьютерді бастауыш мектепте пайдалану жөніндегі ұсыныстар.
ІІ. Эксперименттік бөлім.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
«Мектеп информатикасының бүгінгі мен келешегі».
IV. Қолданылған әдебиеттер.
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері.
Қазіргі уақытта «қоғамды информатикаландыру» «білім беруді информатикаландыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды информатикаландыру дегеніміз не? Қоғамды информатикаландыру дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтежесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалдық түрлерінің Жан- жақты әсер етуі мен ролінің жоғарлауына байланысты объективті процесс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат- оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікті дайындау.
Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу- әдістемелік, дидактикалық, ұцымдастырушылық, педагогилық, психологиялық мәселелерін Жан- жақты қарастыратын курс болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің енгізілгендігіне 40 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың, программалау элементтерінің орта мектепке енгізілуініңөзіндік тарйхы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірнеше кезең, бұнғы Одақтағы 50- жылдардың бас кезендегі алғашқы электронды есептеуіш машина пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам қызметінің жаңа саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңінде тілдік құралдар мен әдістер жеткіліксіз болды. соған қарамастан оқушылардың пролграммалауды түсініп, игеруіне ешқандай принципті қйыншылық болған жоқ.
Алғашқы электронды есептеуіш машиналар пайда болғаннан кейін көп кешікпей ғылыми-зерттеу мекемелерінде және ірі жоғары оқу орындарында программалауды және электронды есептеуіш машинада жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда бола бастады. 50-жылдатдың аяғына қарай, А. П. Ершовтың басқаруымен Новосибирск қаласының кейбір мектептерінде тәжірибелер жүргізілгендігі белгілі. Бұл тәжірибе сондағы ғылыми қалашықтағы есептегіш техника негізінде жүргізілді. Басталған жұмысқа университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының көптеген ғалымдары қатысып, араласты. Бірақ, мұндай алғашқы қадамдардың жалпы білім беретін орта мектеп үшін міндетті курстың қалыптасуына қатысы жоқ еді.
Екінші кезең, матиматикаға бейімделген мектептер негізінде программалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқытуды 1959 жылдан басталды деуге болады, өйткені Мәскеу қаласының №444 мектебінде С. И. Шварцбурд жоғарғы класс оқушыларына электронды есептеуіш машина жұмысын үйретуге бағытталған эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім негізінде программист дайындау көзделгенболатын. Осы мақсатқа сәйкес, С. И. Шварцбурдтың жүргізілген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.
Программалау саласында мамандандырылған мектептер жүйесінің дамуы тағы бір маңызды роль атқарады. Оқушыларды программалауға үйретуге арналған мақалалар мен әдістемелік талдамалар көптеп шыға бастады.
Бұл жылдары математикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған оқу құралдары кең таралды және бұл құралдар белгілі бір программалау бойынша факультативтік курстардың қалыптасуында маңызды роль атқарады.
Келесі кезең, арнаулы факультативтік курстардың ашылуына байланысты. Факультативтік курстың мақсаты- оқушылардың жан-жақты мүмкіндіктерін дамытуға және білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылды.
Кейінірек, сол кездегі матиматикалық орта білімнің қайта құрылуына байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылды. Санау жүйелері және электронды есептеуіш машинаның арифметикалық құрылғылары (7-класс), «Алгоритмдеу және программалау» (8-класс), «Кибернетика негіздері» (9-10- класстар), «Программалау тілдері»(10-класс) .
Дәл осы кезеңде арнаулы факультаттивтік курстар бойынша оқыту мазмұны мен әдістерін жасау мәселелеріне байланысты әдістемелік мәселелер В. М. Монаховтың және т. б. көптеген ғалымдардың еңбектерінде өз шешімін тапты. Мектептер мен есептеуіш техникасы бар өндіріс орындары арасындағы байланысты қалыптастыру тәжірибесі жинақталды. Бұл тәжірибе кейін оқу-өндірістік комбинаттары арқылы мектептегі оқыту ісіне есептегіш техниканы енгізуге негіз болды.
Сонымен келесі кезең, оқу-өндірістік комбинаттары негізінде мамандандыруға байланысты. Оқу-өндірістік комбинаттары негізінде оқушыларды есептегіш техниканы меңгеру және пайдалануға байланысты көптеген мамандықтарға дайындау мүмкін болды. Атап айтқанда, электронды есептегіш машина операторы, электронды есептегіш машина үшін мәліметтерді дайындау құрылғыларын жөндеу және күту бойынша электромеханик, электронды аппаратураны реттеуші, программалаушы лаборант, есептеу жұмыстарының операторы дайындалды.
Одан кейінгі кезең, жалпы білімдік бағдардың дамуымен сипатталады. Матиматикаға бейімделген мектептерде, әсіресе, ОӨК-ның оқу программаларында оқушыларға программалауды оқытудың арнаулы кәсіби бағдардағы мүдделері қарастырылған. Сонымен қатар, программалаудың жалпы білімдік әсері және алгоритмдеудің мектептегі дәстүрлі пәндерге пәнаралық әсерінің мазмұндық-әдістемелік мәселелері зерттеледі. Алдыңғы кезекте математикаға әсері қарастырылады.
Үкіметтің келесі шешімдерінде жастардың компьютерлік сауаттылығын тез қалыптастыру мәселесі қойылды. Ол үшін жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика және есептегіш техника негіздері міндетті пән ретінде енгізілді, яғни 1985 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап «Информатика және есептегіш техника негіздері» (НИЕТ) курсы оқытыла бастады. Мектептегі компьютерлендіру мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлудің нәтижесінде 1986-87 оқу жылының басында «Информатика и образование» журналының 1-нөмірі шықты. Бұл ЭЕМ-ны оқу процесіне енгізудің әдістемелік, дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологикалық мәселелерін қамтитын журнал. Сонымен қатар, біздің Республикамызда да «Қазақстан мектебі» журналының қосымшасы ретінде «Информатика Физика Математика» журналы шыға бастады.
Компьютер алғаш оқу процесіне енгізілгенде мынадай екі үлкен мәселе көзделген: 1) компьютер оқу объектісі, яғни пән ретінде оқытылуы болса, 2) компьютердің жалпы оқу процесіндегі қолданылуы. Міне, программалау элементтерінің орта мектепке енгізілуінің қысқаша тарихы осындай.
Бастауыш сыныптарда информатиканы элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі
Қазақстан Рсепубликасының 2015-жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасының «Білім беру мазмұны мен деңгейлері» - деп аталатын 4-тараудың 4. 3. 1-тармағында: Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген. Сондықтан, заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастпалғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педогогика саласындағы іргелі тың мәселелердің бірі болып саналады.
Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген педогогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне мүмкіндік береді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің ішінен С. Пейперт, Ж. Пиаже, Е. Коган, О. А. Красноперова, А. Витухновская мен А. Семенованың және отндық ғалымдарымыздан Е. Бидайбеов пен Ж. Қараевтың тұжырымдарымен Қ. Әбдиев, Ж. Сардарова және Г. Абдукаримованың зерттеу жұмыстары бастауыш мектептерде информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Алайда, бұл зерттелген жұмыстарда бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндгі мәселелер жеткілікті дәрежедә зерттелген жоқ.
Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына инфоарматиканың алғашқы түсініктері мен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пендерді оқып үйренуде пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігі маңызды болып отыр.
Мұндай келелі мәселелерді шешу, бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды теориялық, психологиялық және педогогикалық жағынан негіздеуді қажет етеді. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде бастауыш мектепте оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуге тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарама-қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтан, бастауыш мектепте инфоматика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды еңгізу арқылы оқушыларда алғашқы білім, іскерлік, дағдыларды қалай қалыптастыруға және оның қандай теориялық, психологиялық-педогогикалық алғы шарттарын анықтауға болады? - деген зерттеу мәселесі туындайды.
Бүгінгі күні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеудің түрліше байқаулары өтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап ретке клтіру белгілі бір әдістерге жүйег келтіру заңдылықтарын және ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда үлкен маңызды рөл атқарады.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту әдістеріне келер болсақ, төмендегі мәселелер туындайды:
-әрбір пәндер бойынша жүргізілетін оқу материялын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек?
-балалар білімді, іскерлік пен дағдыларды игеру үшін, олардың белсенді танымдылық қызметін қалай ояту керек?
-оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, оларлың білімді болуына қалай көмектесу керек?
-ынтасы бар мен ынтасы жоқ балаларды қалай оқыту керек?
Дәл бүгінгі күні ғылыми-техникалық үрдістің жоғары дәрежеде дамуы, оқытудың жаңаша, тиімді әдістерін іздестіру талап етуді . Оқыту әдістері дегеніміз-бұл оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетерінің жүзеге асу тәсілдері. Оның негізгі атқаратын қызметі, білімдерді жай бере салу емес, мектеп оқушысының танымдық қабілеттерін қалыптастыру мен сабаққа деген ынтасын ояту болып табылады.
Оқыту әдістерінің құрылымы - бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың әдістемесіне қатысты анықталады. Әдістемені жаңарту барысында, оқыту құралдарының алатын орны ерекше. Ал, біздің оқыту әдістемемізге қолданылатын негізгі құрал - компьютерлік техника болып есептеледі.
Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педогогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденді.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды жүзеге асыру, оқушылардың информатика элементтерін оқып үйрену бойынша алғашқы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және олардың сауат ашу, әліппе, ана тілі, қазақ тілі математика мен бейнелеу өнері пәндерінен алған білімдерін нақтылап бекітуге мүмкіндіктер туғызады.
Информатика элементтерін пәнаралық байланыстар негізінде оқытуды орта мектептің жалпы білім беретін пәндеріне пайдалана отырып, оқушылардың екі жақты пәндерден алатын білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын жетілдіру бағытында дамытуға болады.
Инфрпматиканы оқыту әдістемесінде математика мен информатика курстары арасында пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Информатика мен математика үшін жалпы ұғымдар: ақпараттар теориясы, шамалар, графиктер және функциялар болып табылады.
Пәнаралық байланыс жүзеге асыруда дидактиканың негізгі принциптеріне сүйену қажет. Оқыту үрдісінде өзге пәндермен пәнаралық байланысты негізге ала отырып, информатиканы оқытыу әдістемесінде дидактикалық принциптер қарастырып отыру керек. Олар барлық пәндермен өзара тығыз байланысуда жалпыға бірдейлік қасиеті арқылы өз кезегінде жалпы дидактиканы өзінің негізгі котегорияларымен байыта түседі.
Пәнаралық байланыстаң әр алуандығын толық ашып зерттеу - бұл күрделі мәселе. Біздің міндетіміз: білім берудің негізін қалауда және оқу пәндерінің өзара байланысуының негізгі бағытын белгілеп қофдағы байланыстарды орнықтырудың үлкен мүмкіндіктерін көрсету.
Информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап оқытудың ғылыми-теориялық негізі елімезде зерттеліп жатыр. Оның ішінде, Д. С. Байғожаның «Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі» атты ғылыми еңбегін алуға болады. Еңбектің негізгі идеясы бастауыш білім жүйесінде информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту бағдарламасының жобасы жасалып, оны оқытудың әдістемесі берілсе, оқу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталғын.
Ақпараттық технологияның жеделдетіпдамуына байланысты информатиканың мазмұны үзліссіз өзгеріп отырады. Сондықтан информатиканың курсын оқыту процесін төменгі сыныптан бастаған тиімді екендігі ғылыми-теориялық және практикалық жағынан негізделген болатын. Олай болса, болашақта білім стандартының мазмұнына информатиканы 1 сыныптан бастап оқыту мазмұны енгізілуі қажет.
Қазір әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальді ролін мойындау болып табылады.
Информатика ЭЕМ-ның көмегімен информацияны іздеу, сақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдісі тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-ның көмегімен ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар-оның материялдық базасы.
«Ғылымның объектісі» және оның тақырыбы ұғымдарының айырмашылықтары туралы дәл түсінік тез келген ғылымның мағынасын алу үшін өте маңызды. Объект дегеніміз зерттеушінің іс-әрекеті бағытталған шын өмірдегі бір облыс, ал тақырып зерттеу объектісімен байланыстыратын буын. Сондықтан «ғылымның тақырыбы» ұғымы «ғылымның объектісі» ұғымымен бірдей емес, ол танымның объективті және субъективті жақтарының диактикалық бірлігін көрсетеді Әр ғылымның өкілдері бір объектіні әр қырынан көреді, әр түрлі міндеттер тұрғысынан қарайды. Оқыту әдіскрдің де, психолог және кибернетиктердің де зерттеу объектісі бола алады. Олардың әрқайсысы бұл объектіден өзіне тән нәрсені ғана ажыратады, зерттеу нәтижелерін өздерінше түсіндіреді. Басқаша айтқанда олардың әр-қайсысы өз тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Мамандардың бәрі бір сабаққа келіп, әр-қайсысы өз ғылымы тұрғысынан талдайды. Дидакт мұғалімнің қандай жалпы принциптерді жүзеге асырғандығын ойлайды: әдіскер оқыту әдістері мен сабақ материялының осы пәнді мектепте оқытудың міндеттеріне сәйкес болуына назар аударады. Психологты ерекше қызықтыратыны оқушылардың сабақты ұғынуы, ұғынудың жалпы заңдылықтарының көрінуі, ал кибернетикке оқыту тура және кері байлаы бар басқару жүйесі болып көрінеді.
Мектеп информатикасы программалық қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде анықталады.
Мектеп информатикасын программалық қамтамасыз ету орта мектептің информациялық басқару және оқыту жүйелерін қамтиды, оның құрамында осы жүйелерді жобалуға арналған сериялық құралдар бар.
Мектеп информатикасын оқу әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін ол курс бойынша оқу программалары, әдістемелік құралдар бар.
Мектеп информатикасының келесі бесінші саласы-оны психологиялық-педогогикалық қамтамасыз ету, ол өзінің маңыздылығына байланысты алғашқы болып қарастырылатын мәселеге жатады. Қазіргі ЭЕМ-нің мектептегі оқу тәрбие процесіне еңгізілуі компьюытерлендірудің барлық проблемасын шеше алмайтыны анық. ЖИТ-ны пайдалану жағдайында оқу процесін тиімді және өз мақсатына жете алатындай етіп ұйымдастыру үшін бірқатар педогогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педогогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлі қағидалары қосымша зерттеуді талап етеді. Бұл жерде оқытуды компьютерлендірудің екі түрлі негізгі бағыты бар екенін ескеру қажет, олар компьютер оқу объектісі және компьютер оқу құралы ретінде.
Информатиканы орта мектепте оқыту жөніндегі қалыптасқан әртүрлі көзқарастар бар. Мектептегі инфармация курсының мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктері мынадай:
1. Мектептегі «Информатика» курсының мазмұны «информация-алгоритм-ЭЕМ» деген үш іргелі ұғымға негізделеді. Ол бір жағынан пәннің информатика ғылымымен байланысын қамтамасыз етсе, екінші жағынан оқушылардың теориялық байындық деңгейін меңгеру үшін беріледі.
2. «Информатика» курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен тығыз байланысты.
1. 1. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың әдістемесі
- Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру
- Информатика пәнін оқытудың тиімді әдістерін жетілдіру
- Информатика пәнінің өзіндік сипаттамалық ерекшеліктері
Оқыту әдістері:
- Оқытудың өзіндік әдісі.
- Көрнекілік әдісі.
- Иллюстрация.
- Демонстрация.
- Практикалық (іс-әрекет) әдістер.
- Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау.
Информатиканы оқыту әдістері
Информатиканы оқыту әдістеріне шолу.
Әдісті жалпы түрде белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілі ретінде анықтауға болады.
Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы оқушыларға арналған инструкцияны жасау-педагогтың іс-әрекеті инструкция мен ЭЕМ-дегі програмамен жұмыс істеу-оқушының іс-әрекеті ЭЕМ-де орындалған оқушының жұмысының нәтижесін қорғау тапсыру олардың бірлескен іс-әрекеті. Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрде елеулі орын алады. Курстық мақсаттарының бірі ЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі оқушының педагогтан тәуелсіздігі, өз бетімен білім алуға дағдының қалыптасуы. Сондай-ақ компъютер мұғалім мен оқушы арасындағы тәуелсіз іс-әрекеттің көлемін едәуір кеңейтеді.
Сондай-ақ, информатика курсында танымды басқару мен өзіндік басқару функциясы айқын көрінеді. Компъютермен жұмыс істеген оқушының өз білетіндігі басым, оның алдына қойған мақсаты бар.
Мұғалімнің міндеті оқу іс-әрекетін ұйымдастырып, оқушының іс-әрекетін басқару. Оқыту әдісін топтауға арналған негіздер жиынтығы айтарлықтай. Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау өнімді продуктивті болып есептеледі,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz