Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РМҚК «Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ»
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Математика, физика және информатика кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Орындаған:
«050111» информатика
мамандығының 4 курс студенті: Сұлтанхан К
Ғылыми жетекшісі: Утельбаева А. Б
Арқалық-2009
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім . . .
1. Орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
1. 1. Информатика пәні бойынша қосымша оқытудың түрлері . . .
1. 1. 1. Факультативтік сабақтар . . .
1. 1. 2. Үйірме . . .
1. 1. 3. Экскурсия . . .
1. 2 Информатиканың басқа пәндермен байланысы . . .
1. 3. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлері
1. 3. 1. Информатика пәні бойынша диспут . . .
1. 3. 2. Информатика кеші . . .
2. Информатикадан олимпиада және әдістемелік ұсыныстары
2. 1. Пән бойынша олимпиаданы ұйымдастыру
2. 2. Информатика бойынша олимпиадалық тапсырмаларды жасаудың әдістемелік ұсыныстары . . .
2. 3. Информатика бойынша олимпиадалық тапсырмаларды орындаудың әдістемелік ұсыныстары (1- бөлім) . . .
2. 4. Динамикалық программалау . . .
2. 5. Асып кетіп отырған қайтарулар . . .
2. 6. Графалардағы алгоритмдер . . .
2. 7. Информатикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешу бойынша әдістемелік ұсыныстар . . .
2. 8. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және іскерлікті бекіту
Эксперменттік бөлім. . . .
3. Сабақтан тыс Сайыс сабақ әдістері . . . .
3. 1 «Информатика әлеміне саяхат» кеші . . .
3. 2. «ХХІ-ғасыр көшбасшысы » ойыны . . .
3. 3 «Сынып көшбасшысы» зерде ойыны . . .
3. 4 Жұлдызды сағат . . .
3. 5 Сөз жұмбақтар мен Практикалық тапсырмалар . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Қазақстан егеміндік алған он жыл көлемінде қоғамда көптеген демократиялық өзгерістер болды. Білім саласында реформалар, атап айтсақ ақылы оқу топтары, көп сатылы оқу жүйелері, лицей, гимназия, колледж, университет, академиялар пайда болды. Өркениетті елдер қатарына көтерілу мақсатында қоғамда демократиялық өзгерістер болуы, білім саласындағы құрлымдық өзгерістерімен қатар адамдардың қоғамдық, кәсіби және жеке тұлғалық белсенділігі даму барысында ғана мүмкін. Қоғамның бүгінігі басты бағыттарының бірі - білім беру ісін ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпараттық тхнологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлға, бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Ол мектептерде оқушыларды жаңаша оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне алып келеді. Орта және жоғары білім беру жүйелерін қайта құруда болашақ мамандардың жеке қасиеттері мен қабілеттерін дамыту, оқытуды жеке тұлғалық тұрғыдан қарастыруды күшейту, оқыту барысында студенттерді информациямен аса жүктемей сыныптан тыс жұмыстың іскерлік әрекеттері тәжірибиелерін дамыту мәселері ескерілді. Сондай-ақ оқушылардың іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау жүйесін ғылыми негіздеу талап етілуде. Орта оқу орындарында іс жүзінде оқушылардың оқу іс-әрекеттерін басқаруға болатын сыныптан тыс жұмысына ерекше көңіл бөлініп отыр.
Орта мектеп пен жоғарғы оқу орындарында сыныптан тыс жұмыс мәселелері тарихына тоқталсақ, бұл бағытта көп нәрселер орындалған және қарастырылуда.
Бұл проблеманың шешілуі-оқушыларды оқыту объектісі ретінде қарастырумен бірге, оларды сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру қабілеттерін дамыта алатын белсенді субъект болатындай етіп, оқу процесін ұйымдастыру тұрғысынан қайта құруға тікелей байланысты. Оқу процесін дәл осылайша қайта құру мәселесі, оқытудың жаңа, қарқынды жолдарының, олардың педагогикалық іс-тәжірибеде пайдалану тәсілдерінің аталған еңбектерде жүйелі түрде қарастырылмауы себепті, қазіргі күнге дейін шешімін таба алмай отыр. Сондықтан біз, информатика пәнін оқыту процесін тұтастай қарастыру және оқушы ебедейліктерін жоғарыда айтылған талаптарға сәйкестендіре отырып ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстар жасаудың ақыл-ой іс-әрекеттерінің қалыптасуына кепілдек беру қажет қорытындыға келдік.
Оқу процесін оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары мен толықтыру негізінде ғана, «нақты өмірде жемісті іс-әрекеттер жасай алатын маман даярлау» парадигмасы талаптарына сай оқу қажеттілігі және ғылыми негізделген әдістеме жасау арқылы ғана аталып өткен объективті қарама-қайшылықты шешуге болады. Дәл осы жағдай біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін көрсетеді деп білеміз.
Бұл тұжырым студенттердің сыныптан тыс жұмыстарының параметрлерін анықтау тұрғысынан ары қарай нақтылана келіп, зерттеу жұмыстың «Информатикадан сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру» тақырыбын таңдап алуға ұйытқы болды.
Зерттеу мақсаты: Мектептерде сыныптан тыс жұмысты орындау процесін ұйымдастыру яғни оқушылардың үлгеріміне қарай сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып іскерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олимпиада жарыстарын өткзіп логикалық ой-өрісін кеңейту.
Зерттеу өзектілігі . Мектепте информатикадан сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру, оқушылардың білім деңгейін көтеріп, ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасуына кепілдік береді. Қазіргі таңдағы білім саласындағы жас мұғалімдер мен бітіруші студенттер үшін де таптырмайтын құнды материал болып табылады.
Зерттеу нысаны . Информатика пәнін оқытудағы оқушының сыныптан тыс жұмысының жолдары мен құралдарын анықтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу кіріспеден, үш бөлім, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің «Информатикадан сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру» атты бірінші бөлімінде «сыныптан тыс жұмыс» мәселелерінің қойылуы, үйірме, олимпиада, информатикалық жарыстар, информатикалық кеш сияқты түрлері анықталды. Бұрыннан белгілі және автордың жүргізген зерттеулерінің нәтижелері негізінде сыныптан тыс жұмыс ұғымына жеке тұлғаға тән кәсіби қасиет ретінде анықтама берілді, құрылымы анықталды, жемісті болуының дидактикалық шарттары, сипаттамалар берілді.
«Информатикадан олимпиада және әдістемелік ұсынстары » атты екінші бөлімде сыныптан тыс жұмысқа қажетті дидактикалық материалдар жүйесін құрастырудың, компьютер көмегімен ұйымдастыру арқылы дараландырудың нақты әдістемелері ұсынылды. Ал үшінші бөлім эксперменттік бөлімде «Сыныптан тыс сайыс сабақ әдістемелері», сонымен қатар тапсырмалардан тұрады.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды сабақтан тыс уақытта информатикаға қызығатын оқушылар арасында мұғалім жүргізеді. Бұл жұмысты мұғалім жоспарлайды. Егер оған оқушылардың қызығушылығы жоғалса, келуін тоқтатады. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар оқушыны тек информатика пәніне қызықтырып қана қоймайды, ол сонымен бірге өзін-өзі оқыту арқылы жаңа білімді ала білуге үйретеді. Информатика пәнінен бағдарламаға, оқулықтарға, оқыту әдістеріне қойылатын талаптар жоғары оқушыларға арналған.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыс дегеніміз - оқушыларды сабақтан тыс уақытта мұғаліммен бірге өткізетін міндетті емес жүйелі сабағы.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың екі түрін айтуға болады:
- Бағдарламаны оқып - үйренуге үлгермеуші оқушылармен жұмыс;
- Информатика үйренуге басқалармен салыстырғанда жоғары қызығушылық пен қабілет көрсететін оқушылармен жұмыс;
Бірінші бағыт бойынша айтсақ, сыныптан тыс жұмыстың бұл түрі мектептерде жүргізіледі. Мұның негізгі мақсаты информатика пәнінен оқушыларда болатын кемшіліктерді де кезінде жою және алдын-алу. Үлгермеушілермен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстың ұйымдастырылуы мен өтілуінің кейбір жағдайларымен танысайық:
1. Қосымша сабақты үлгермеушілердің кішірек топтарымен (әр топта 3-4 адам) өткізу керек; бұл оқушылардың кемшіліктері де, оқып-үйрену қабілеттері де шамалас болу керек.
2. Бұл сабақтарды жеке формада өткізу керек.
3. Үлгермеушілермен сабақты аптасына бір реттен артық өткізуге болмайды, оны оқушының үй тапсырмасымен байланыстыру керек.
4. Информатикадан белгі-бір бөлімді қайталап болған сол баға қойылатын қорытынды бақылау жұмысын алу керек.
Қазіргі информатиканың негізгі курсының мазмұны жағынан жаңаруы жаңа мазмұнды сыныптан тыс жұмыстарды дүниеге келтірді, бірақ бұл бұдан бұрынғы дәстүрлі сұрақтардан бас тарту деген сөз емес.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыс пәндегі оқу жұмысын толықтырып отырады және бағдарламада көрсетілген материалды оқушыларға тереңірек ұғындыруы қажет.
Информатикаға бейтарап оқушылармен қатар бұл пәнге қызығатын оқушылар да бар. Оларға сабақ үстінде алған білім аз. Олар сүйікті пәні жөнінде, оны өмірде қалай пайдалану жөнінде көбірек білгісі келеді, кеңірек қиын да қызықты тапсырмаларды орындағысы келеді. Сыныптан тыс жұмыстар оқушы білімін тереңдетуге, логикалық ойлауын зерттеу дағдысын, информатикалық тіл ережелерін дамытуға, информатикалық әдебиетті оқуға, информатика тарихынан пайдалы мәліметтер жинауға көп пайдасын тигізеді.
1. Орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
1. 1. Информатика пәні бойынша қосымша оқытудың түрлері
1. 1. 1 Факультативтік сабақтар
Қазіргі уақыт талабына сай, ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты мектептердің есептегіш техника кабинеттерінің негізінде пәнаралық факультативтік курстардың жасалып, іске асырылуы, информатика, автоматика, электроника саласында оқушылардың «техникалық шығармашылығын» дамытады деген үлкен мәнге ие болып отыр.
Жалпы білім беретін мектептердің орта мектепте информатикадан мемлекеттік стандарттының жасалып, оқу процесіне енгізілуі факультативтік курстардың дамуына елеулі үлес қосты.
Факультативтік сабақтың мақсаты:
- информатика саласы немесе ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа пәндер бойынша алынған теориялық білім, іскерлік пен дағдыларды тереңдетіп, кеңейту;
- оқытудың кәсіптік бағдарын күшейтетін практикалық дайындықты қамтуы тиіс.
Mектепте негізінен 8 сыныптан бастап жүргізіледі. Факультативтік сабақтардың басты мақсаты білімді тереңдету мен кеңейту, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын дамыту, олардың қабілеттерін дамыту, оқушылардың бойында қызығушылықты қалыптастыру, олардың шығармашылығы мен ықыластарын дамыту болып табылады. Факультативтік сабақтар өткізудің қазіргі уақыттағы басты түрлері берілген факультативтік курстың түйіндік сұрақтарын мүғалімнің баяндауы (дәрістік тәсілмен), семинарлар, әңгімелесулер (пікірталастар), есептер шығару, оқушылардың рефераттары (теориялық сұрақтар бойынша да, есептер циклын шешу бойынша да), оқушылардың баяндамалары, т. б. болып табылады.
Информатикадан факультативтік сабақтарды өткізудің мүмкін болатын түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаңа материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және ерекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналады. Факультативтік сабақтарды өткізудің бүл түрі мектептегі оқытудың түрлері мен тәсілдерінен жоғары оқу орындарында оқытудың түрлері мен тәсілдеріне ойдағыдай өтуге септігін тигізеді.
1. 1. 2. Үйірме
Информатикадан ұйымдастырылатын үйірме - мектеп оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Информатикадан жүргізілетін үйірмені мектептерде, оқушылар сарайында, оқу-өндірістік комбинаттарындағы, мектепаралық есептегіш техника кабинеттерінде, жоғарғы оқу орындарының кафедраларында ұйымдастыруға болады. Орта мектепте информатиканы оқытудың жалпы жүйесіне сай үйірме жұмыстарының программаларын дайындау, мектеп оқушыларының дайындық деңгейіне қарай оқу тапсырмаларының жиынтығын, сонымен бірге осы сабақтардың тиімді программалық қамтамасыз етілуін дайындау - маңызды әдіснамалық міндет болып табылады. Информатикадан үйірме жұмыстары. Оқушылардың информатиканың өмірмен, олардың болашақ мамандықтарымен тікелей байланысы көрнекі түрде көрсетілетін үйірмелерге қатысуы сабақтарға белсенді қатысудың алғышарттарын анықтайды, ал кейбіреулердің бойында ізденушілік іс-әрекетке ұмтылысты туындатады.
Үйірме - сыныптан тыс жұмыстардың ең тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Үйірме жұмысының негізінде еріктілік принципі жатыр. Әдетте үйірмелік жұмыстар үлгерімі жақсы оқушылар үшін ұйымдастырылады. Бірақ кейде үлгерімі нашар оқушылар да үйірмеге қатысуға тілек білдіреді. Ең бастысы мұндай оқушыларға ерекше көңіл бөліп, олардың бойындағы информатикаға қызығушылықты бекітіп, үйірмедегі жұмыстың олар үшін орындай алмайтындай болмағанын қадағалап отыру керек. Әрине, үйірме мүшелерінің арасында үлгерімі төмен оқушылардың болуы мұғалімнің жұмысын күрделілендіреді, бірақ үйірме жетекшілері беретін тапсырмаларды дараландыру жолымен бұл қиындықтарды жеңілдете алады. Ең бастысы - үйірме сабақтарына барлық тілек білдірушілердің қатысуы салдарынан пайда болатын информатикадан үйірме сабақтарының бұқаралығын сақтап қалу.
Үйірмені ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушыларды қызықтырып, оларға үйірмедегі жүмыс сынып сабақтарын қайталамайтындығын көрсетіп, алдағы жұмыстың мақсаттары мен ашық сипатын айқын тұжырымдау керек. Үйірме сабақтарын әрбір сабаққа бір сағаттан бөліп, аптасына бір рет өткізген жөн.
Үйірме жұмысын ұйымдастыруға оқушылардың өздерін тартқан дұрыс (оларға оқылатын тақырып бойынша шағын баяндамалар дайындауды, нақты бір тақырып бойынша есептер мен жаттығулар іріктеуді, тарихи сипаттағы анықтамаларды дайындауды, сабаққа бағдарламалық құралдарды дайындауды, т. б. тапсыру) . Үйірме сабақтарында мұғалім пікірлер алмасу мен белсенді пікірталас атмосферасын құруы керек. Информатикадан үйірме сабақтарының тақырыптарында осы заманғы мектепте әр қилы. Үйірме жұмыстарының тақырыптарында информатиканың тарихымен, программалық жабдықтың әртүрлі түрлерімен, информатиканың математикалық негіздерімен байланысты мәселелер орын табады.
1. 1. 3 Экскурсия
Экскурсия - бұл қарастырылып отырған сала бойынша оқушының танымын кеңейтіп, теориялық біліммен оның практикалық қолданылуының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, кәсіптік бағдары мен политехникалық оқытуды қамтитын, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастыру түрі болып табылады.
Экскурсия өткізу тыңғылықты, дайындықты талап етеді. Мұғалім алдымен оның мазмұны мен міндеттерін анықтап, есептеу орталығын таңдап, онымен танысып, пайда болуы ықтимал қиындықтарды болжап, онымен күресі жолдарын қарастырады.
Экскурсияға дайындық: оқушылар алдын-ала тапсырма алып, олардың әрқайсысы қандай бақылаулар жүргізіп, қандай сұрақтарға өз бетімен жауап беруі, материалды қандай түрде жинақтауы (ауызша хабарлама, реферат, коллекция, альбом) және экскурсия жайлы есепті қай мезгілге дайындау қажетін білуі тиіс.
Сонымен қатар, барлық оқушылардың белсенді жұмысын қамтамасыз етіп, тәртібін және техника қауіпсіздігін сақтауы тиіс.
Экскурсияның қорытынды кезеңі экскурсия барысында оқушылардың алған жалпы білімдерін тұжырымдайтын қорытынды әңгімені қамтиды. Экскурсия материалдарын көрме ұйымдастыруда, арнайы сабақтар өткізуде тарату материалдары ретінде пайдалануға болады.
1. 2. Информатиканың басқа пәндермен байланысы
Пәнге қызықтыру мен пәнаралық байланыстарды орнату үшін өте маңызды. Оларды бір пән бойынша да, бір немесе бір-біріне жақын білімдік сыбайлас пәндер (математика, физика, технология) бойынша да өткізуге болады. Оқушылар жаңа материалды ойындық түрде білу мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге қосымша әдебиет пен интернет компьютерлік желісін пайдаланып зерттеу жұмысын жүргізу, ұсынылатын тақырыптар бойынша жобалық жұмыс орындау мүмкіндігін алады. Ұсынылатын тапсырмалар мен шаралардың барлығы оқушылардың әртүрлі жастағы топтарын қамтиды және оған әркім қатыса алады. Мүмкін тақырыптар: «Информатика және техникалық прогресс», «Информатика және менің мамандығым», «Информатика әскери техникада» және т. б. Таңдалынған тақырып бойынша дайындық бірнеше ай бұрын басталады. Онкүндік (апта, айлық) аясында жоғары оқу орындарының ғалымдарымен, программистермен кездесу, орын алғандарды марапаттау конференциясымен аяқталатын викториналар, әңгімелесулер, ең үздік информатик сайысы, т. б. өткізіледі. Мысалы:
Математика мен информатика пәнінің байланыстылығы
Әрбір мұғалім сабақта пәндер арасындағы өзара байланыстылықты дамытуды ойлайды. Өйткені бұндай сабақтар оқушылардың серпілісін тудырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мысалы, окушылар функцияның аналитик көрінісін программаға енгізіп, оның графигін экранда көрсе, яғни болмаса анық интегралды есептеуде программаға интеграл астындағы функцияны және оның төменгі және жоғары шекараларын және анықтылықты енгізіп оның нәтижесін компьютер арқылы алса сабақтың тиімділігі байқалады. Мұғалімнің, оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін білумен қатар уақытында үнемделеді. Төменде соларды есепке алып, функцияның графигін жасау және анық интегралын есептеу (Симпсон әдісі) программасын ұсынып отырмын.
Функцияның графигін жасау
10 RЕМ Функцияның графигін жасау
20 SCREN 9: GOLOR 11, 12
30 DEF FNF(X) =………. . :REM
Бүл жерде графигі жасалуы керек болған функцияның
аналитик көрінісі QBASIC қағидалары негізінде жазылады.
40 RЕМ Абсцисса осін жасау (1-сурет) .
50 LОСАТЕ 12, 79: РRІNТ "X"
60 LОСАТЕ 12, 39: РRINТ "0"
70 LOСАТЕ 12, 49: РRINТ "1"
80 LINЕ (0, 175) -(640, 175)
90 LINЕ (635, 170) -(640, 175)
100 LINЕ (635, 180) -(640, 175)
110 LINE (385, 172И385, 178)
120 RЕМ Ордината осін жасау
130 LOСАТЕ 1, 42: РRINТ "Y"
140 LOСАТЕ 8, 42: РRINТ "1"
150 LINЕ (320, 350) -(320, 0)
160 LINЕ (315, 5) -(320, 0)
170 LINЕ (325, 5) -(320, 0)
180 LINЕ (317, 123) -(323, 123)
190 RЕМ Функцияның графигін жасау
200 ҒОR Х=0 ТО 640
210 РSЕТ (X, 175-52*ҒNҒ((Х-320) /65) ), 14
220 NЕХТ X
230 END
Бұл жерде
экранның пропорционалдық коэффициенті. Мысалы. бүл программа жәрдемінде у=2х
2
-4. х+1 функцияның графигін жасауымыз керек болса, ол кезде 30 қатарын төмендегі көріністе жазамыз:
30 DЕҒ FNF(Х) =2*Х2-4*Х+1 және программаны Shift+Ғ5 пернелерін басу арқылы жүмысқа түсіреміз (2-сурет) .
1. 3. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру түрлері
1. 3. 1. Информатика пәні бойынша диспут
Бұл сыныптар арасында сұрақтар мен жауаптар алмасатын өзіндік ойын. Диспут барысында алдымен қиын сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы туралы сұрақтың маңызы зор. Бұл сұрақ диспуттың мақсаттарына байланысты шешіледі. Осындай мақсаттардың ең маңыздысы - бұл өткен оқу жылдарындағы оқу материалын қайталау. Бұл жағдайда оқушылардың алдына белгілі бір уақыт аралығындағы материалды, анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді білетіндей, есептерді шығарып, осы материал бойынша белгілі бір іс-әрекеттерді орындай алатындай қайталау міндеті қойылады. Әрбір диспутқа қойылатын ең төменгі талап оқушылардың оқулықтағы материалды дәл, жақсы және толық білуі, тұжырымдамаларды білуі мен түсінуі болып табылады. Тек осыдан кейін ғана және осының негізінде оқушылардың оқу материалымен шығармашылық жұмысын ұйымдастырып жүргізуге болады.
Ойын элементтерін тиімді пайдалану
Мұғалімнің басты мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыру. Сабақга қолданылатын окытудың жаңа технологиялары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығушылық, ізденпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге өзіндік дамуына мүмкіндік береді. Оқушылардың өздігінен окуға үйрену, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау, алған білімін практикада қолдана білуі олардың оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергенін көрсетеді. Мұғалім сабақ уақытын толық, ұтымды пайдаланып тараудағы толық білімге қойылған талаптарды меңгертуде танымдық интеллектуалдық тесттерді, кроссворд, сканворд, ребустарды пайдаланғаны дұрыс. Сабақты түрлендіріп өтудің маңызы өте зор. Сабақта әр түрлі ойын элементтерін пайдалану-оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, олардың өзіне деген сенімі қалыптасады. Төменде әріптестеріме сабақта қолдануға тиімді ойын элементтерін ұсынып отырмьн.
"АУЫСТЫРМАҚ" ОЙЫНЫ
Компьютер құрамы
Төмеңдегі сөз тіркестерін қысқа сөздермен немесе бір ғана сөзбен ауыстыру керек.
1. Баспа құрылғысы (принтер)
2. Экран нүктелерін аралағыш (курсор)
3. Компьютер теледидары (монитор)
4. Көп пернелі құрылғы (пернетақта)
5. Аз батырмалы құрылғы (тышқан)
6. Жүгірмелі қаламұш (плоттер)
7. Үн калталы қорап (картридж)
8. Дискет "жұтқыш" (дискіжетек)
9. Үлкен темір жәшік (жүйелік блок)
10. Көрсеткі әйнек (монитор)
11. Сиялы қорап (бүріккіш принтер)
12. Ақпарат жинақтауыш (қатты диск)
1З. Сазгер қорап (сазтаған - колонкалар)
14. Оқығыш құрылғы (сканер)
15. Жүйені басқарушы (процессор)
Қорытыңды тапсырмалар:
1) Көрсетілген құрылғылар ішінен мәлімет сақтау құрылғыларын айтып беріңдер
2) Компьютер құрамындағы блоктарды мәлімет енгізу, шығару құрылғыларына бөліңдер
Компьютер құрылғылары
- Компьютер ақылшысы(процессор)
- Ақпараттың бір түрі(бейнелік)
- Сыртқы жады(диск)
- Экрандағы қозғалыстарды басқарушы құрылғы(джойстик)
- Ақпараттың ең кіші бірлігі(бит)
- Мәлімет енгізу құрылғысы(бейнекамера)
- Интернетпен байланыс жасайтын қурылғы
- (модем)
- Қозғалыссыз бейнені есте сақтайтын кәдімгі құрылғы(фотоаппарат)
- 3иянкес программа(вирус)
- Компьютердің беті(монитор)
- Компыотер бұл мамансыз жұмыс істемейді(программалаушы)
- Сыртқы жадымен жұмыс істейтін құрылғы(дискіжетек)
- Мәлімет шығару құрылғысы(дисплей)
- Программалау тілінде жазылған алгоритм(программа)
- Мәлімет енгізу құрылғы(пернетақта)
- Мәліметті қағазға шығару құрылғысы(принтер)
- Есептің нәтижесін алу жолыңда атқарылатын іс-әрекеттер тізбегі(алгоритм)
- Графикалық ақпаратты оқуға арналған құрылғы(сканер)
- Компьютерлер жиыны(желі)
- Компьютерге сыртқы құрылғыларды жалғауға арналған құрылғы(ажыратып қосқыш)
- Жады сипаттамасы(сиымдылығы)
- Графикалық редактор бул құрылғысыз жұмыс істемейді(тышқан қолтетігі)
- Графиксызғыш құрылғы(плоттер)
- Компьютер сымдары(кабель)
- Магниттік таспалы құрылғы(стример)
- Енгізу құрылғысының бөлігі(перне)
- Ақпарат жинақтауыш(диск)
- Оптикалық енгізу құрылғысы(сканер)
- Мәлімет көрсету құрылғысы(дисплей)
- Файлдар жиыны(бума папка)
- Есте сақтау құрылғысы(винчестер)
- Мәлімет жинақтауыш кұрылғыдан файл оку(жүктеу)
- Экрандағы екпінді нүктені көрсететін арнайы таңба(курсор)
- Компъютерлік жүйе кұрылымы(архитектура)
- Ақпарат өлшеу бірлігі(байт)
Компьютер даму тарихы
1) Кім немен есептейді:
қазіргі ғалым . . . (компъютер)
алғашқы адам . . . (саусак)
XVII ғасыр ғалымы . . . (есепшот)
ертедегі грек . . . (тас)
2) компьютердегі мәліметтерді бейнелеу тәсілдері: (мәтін, дыбыс, бейне)
3) компьютердегі мәліметтерді кодтау кезіңде қандай символдар қолданылады: (екілік сан таңбалары - биттер)
4) компьютерде ақпарат өлшеу бірліктері: (бит, башп, килобайт,
ЖАЗЫЛМАҒАН СӨЗДІ АНЫҚТАҢЫЗ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz