Информатиканы дербес оқыту әдістемесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РМҚК «Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ»
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Математика, физика және информатика кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН БАСТАУЫШ СЫНЫПТА
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Орындаған:
«050111» информатика
мамандығының 4 курс студенті: Нұғыман А. Қ.
Ғылыми жетекшісі: о., Сабитбекова Г. С.
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі,
ф-м. ғ. к. ., доцент Үмбетов Ә. У.
Арқалық, 2008
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ . . . 7
1. 1. Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері . . . 9
1. 2. Информатиканы оқытудың мазмұны . . . 12
1. 3. Информатиканы оқыту әдістері және жетілдіру жолдары . . . 21
1. 4. Бастауыш сыныптарда информатиканы элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі . . . 31
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ . . . 37
2. 1. Информатиканы оқытуды ұйымдастырудың түрлері . . . 40
2. 2. Бастауыш сыныпта деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану . . . 44
2. 3. Бастауыш сыныпта жаңа ақпараттық технологияларды қолдану . . . 51
3. Эксперименттік бөлім . . . 62
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ . . . 81
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі-оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық психологияны таңдау. Оқушы әрекеті-білім мазмұнын білуге ынтасы, құштарлығы және оны қабылдауы. Білім мазмұны оқушыларға негізінен оқулық немесе электрондық оқулық беріледі.
Оқушының ақпараттық сауаттылығы компьютердің қолданылу сферасын білуден басталады. Олар компьютерді іске қосып, бағдарламалар кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге онымен мәтін жазуға, керек ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т. б. үйренеді.
Соңғы жылдары компьютерлік, телекомуникациялық техниканың, технологияның рөлі мен орны түбегейлі өзгерді. Әлеуметтік кеңістік ғаламдық ақпараттандыру - қоғамның даму заңдылығының бірі болып отыр.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта «қоғамды информатика-ландыру», «білім беруді информатикаландыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Қоғамды информатикаландыру - ғылыми техникалық үрдіс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалдық түрлерінің жан - жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты обьективті үрдіс. Сондықтан бастауыш сыныптарда информатика сабағын кірістіру бүгінгі күннің өзектілігі мәселесі болып отыр.
Диплом жұмыстың мақсаты:
Информатиканы орта білім беру жүйесінде оқытуды оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу сақтау, жеткізу және оны қолдану процестері туралы білімдерді меңгерту, басқаша айтқанда оқушыны ақпараттық біліммен қаруландыру. Болашақ мұғалімдер бастауыш мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру барысында қажет болатын білім білік және дағдыларды қалыптастыру.
Жұмыстың методологиялдық базасы: Математика, физика және информатика әдістемелік кабинеті
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Бастауыш сыныптардағы оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін практикада іске асыру.
Мәселенің зерттелу деңгейі: Жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу- әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан-жақты қарастыратын курс болып табылғандықтан, бастауыш сыныптарда информатиканы оқытуды зерттеу болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, 2 тараудан, эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздерінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың мақсаты, практикалық маңыздылығы, тақырыптың өзектілігі көрсетілген. 1 тарауда Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі қарастырылған. 2 тарауда Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары жеке қарасытырылды.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікті дайындау.
Жалпы білім беретін мектептерге бағдарламалау элементтерінің енгізілгендігіне 40 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың бағдарламалау элементтерінің орта мектепке енгізілуінің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең: бұрынғы одақтағы 50- жылдардың бас кезіндегі алғашқы электронды есептеуіш машина пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам қызметінің жаңа саласы дами бастады. Бағдарламалаудың қалыптасу кезеңінде тілдік құралдар мен әдістер жеткіліксіз болды. Соған қарамастан оқушылардың бағдарламалауды түсініп, игеруіне ешқандай принціпті қиыншылық болған жоқ.
Алғашқы электронды есептеуіш машиналар пайда болғаннан кейін көп кешікпей ғылыми-зерттеу мекемелерінде және ірі жоғары оқу орындарында бағдарламалауды және электронды есептеуіш машинада жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда бола бастады. 50-жылдардың аяғына қарай, А. П. Ершовтың басқаруымен Новосибирск қаласының кейбір мектептерінде тәжірибелер жүргізілгендігі белгілі. Бұл тәжірибе сондағы ғылыми қалашықтағы есептегіш техника негізінде жүргізілді. Басталған жұмысқа университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының көптеген ғалымдары қатысып араласты. Бірақ мұндай алғашқы қадамдардың жалпы білім беретін орта мектеп үшін міндетті курстың қалыптасуына қатысы жоқ еді.
Екінші кезең: математикаға бейімделген мектептер негізінде бағдарламалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқытуды 1959 жылдан басталды деуге болады, өйткені Мәскеу қаласының №444 мектебінде С. И. Шварцбурд жоғарғы сынып оқушыларына электронды есептеуіш машина жұмысын үйретуге бағытталған эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес, С. И. Шварцбурдтың жүргізілген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.
Бағдарламалау саласында мамандандырылған мектептер жүйесінің дамуы тағы бір маңызды рөль атқарады. Оқушыларды бағдарламалауға үйретуге арналған мақалалар мен әдістемелік талдамалар көптеп шыға бастады.
Бұл жылдары математикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған оқу құралдары кең таралды және бұл құралдар белгілі бір бағдарламалау бойынша факультативтік курстардың қалыптасуында маңызды рөль атқарады.
Келесі кезең, арнаулы факультативтік курстардың ашылуына байланысты. Факультативтік курстың мақсаты- оқушылардың жан-жақты мүмкіндіктерін дамытуға және білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылды.
Кейінірек, сол кездегі математикалық орта білімнің қайта құрылуына байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылды. Санау жүйелері және электронды есептеуіш машинаның арифметикалық құрылғылары (7-сынып), «Алгоритмдеу және бағдарламалау» (8- сынып), «Кибернетика негіздері» (9-10сыныптар), «Бағдарламалау тілдері»(10-сынып) .
Дәл осы кезеңде арнаулы факультативтік курстар бойынша оқыту мазмұны мен әдістерін жасау мәселелеріне байланысты әдістемелік мәселелер В. М. Монаховтың және т. б. көптеген ғалымдардың еңбектерінде өз шешімін тапты. Мектептер мен есептеуіш техникасы бар өндіріс орындары арасындағы байланысты қалыптастыру тәжірибесі жинақталды. Бұл тәжірибе кейін оқу-өндірістік комбинаттары арқылы мектептегі оқыту ісіне есептегіш техниканы енгізуге негіз болды.
Келесі кезең, оқу-өндірістік комбинаттары негізінде мамандандыруға байланысты. Оқу-өндірістік комбинаттары негізінде оқушыларды есептегіш техниканы меңгеру және пайдалануға байланысты көптеген мамандықтарға дайындау мүмкін болды. Атап айтқанда, электронды есептегіш машина операторы, электронды есептегіш машина үшін мәліметтерді дайындау құрылғыларын жөндеу және күту бойынша электромеханик, электронды аппаратураны реттеуші, бағдарламалаушы лаборант, есептеу жұмыстарының операторы дайындалды.
Одан кейінгі кезең, жалпы білімдік бағдардың дамуымен сипатталады. Математикаға бейімделген мектептерде, әсіресе, ОӨК-ның оқу бағдарламаларында оқушыларға бағдарламалауды оқытудың арнаулы кәсіби бағдардағы мүдделері қарастырылған. Сонымен қатар, бағдарламалаудың жалпы білімдік әсері және алгоритмдеудің мектептегі дәстүрлі пәндерге пәнаралық әсерінің мазмұндық-әдістемелік мәселелері зерттеледі. Алдыңғы кезекте математикаға әсері қарастырылады.
Үкіметтің келесі шешімдерінде жастардың компьютерлік сауаттылығын тез қалыптастыру мәселесі қойылды. Ол үшін жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика және есептегіш техника негіздері міндетті пән ретінде енгізілді, яғни 1985 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап «Информатика және есептегіш техника негіздері» (ИЕТН) курсы оқытыла бастады. Мектептегі компьютерлендіру мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлудің нәтижесінде 1986-87 оқу жылының басында «Информатика и образование» журналының 1-нөмірі шықты. Бұл ЭЕМ-ны оқу үрдісіне енгізудің әдістемелік, дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологикалық, мәселелерін қамтитын журнал. Сонымен қатар, біздің Республикамызда да «Қазақстан мектебі» журналының қосымшасы ретінде «Информатика Физика Математика» журналы шыға бастады.
Компьютер алғаш оқу үрдісіне енгізілгенде мынадай екі үлкен мәселе көзделген:
1) Компьютер оқу объектісі, яғни пән ретінде оқытылуы болса,
2) Компьютердің жалпы оқу үрдісіндегі қолданылуы. Міне бағдарламалау элементтерінің орта мектепке енгізілуінің қысқаша тарихы осындай.
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың негізгі мақсаты ретінде информатика курсын оқыту әдістемесін, информатика пәнін оқытудың тиімді әдістеріндіру және информатика пәнінің өзіндік сипаттамалық ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.
Оқыту әдістері:
- Оқытудың өзіндік әдісі.
- Көрнекілік әдісі.
- Иллюстрация.
- Демонстрация.
- Практикалық (іс-әрекет) әдістер.
- Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау.
Әдісті жалпы түрде белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілі ретінде анықтауға болады.
Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы оқушыларға арналған нұсқауды жасау-педагогтың іс-әрекеті нұсқау мен ЭЕМ-дегі програмамен жұмыс істеу-оқушының іс-әрекеті ЭЕМ-де орындалған оқушының жұмысының нәтижесін қорғау тапсыру олардың бірлескен іс-әрекеті. Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрде елеулі орын алады. Курстық мақсаттарының бірі ЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі оқушының педагогтан тәуелсіздігі, өз бетімен білім алуға дағдының қалыптасуы. Сондай-ақ компьютер мұғалім мен оқушы арасындағы тәуелсіз іс-әрекеттің көлемін едәуір кеңейтеді.
Сондай-ақ, информатика курсында танымды басқару мен өзіндік басқару функциясы айқын көрінеді. Компьютермен жұмыс істеген оқушының өз білетіндігі басым, оның алдына қойған мақсаты бар.
Мұғалімнің міндеті оқу іс-әрекетін ұйымдастырып, оқушының іс-әрекетін басқару. Оқыту әдісін топтауға арналған негіздер жиынтығы айтарлықтай. Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау өнімді продуктивті болып есептеледі,
1. Әлем жайында білім,
2. Іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері,
3. Шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі,
4. Эмоционалдылық құндылық қатынас тәжірибесі.
Бұған оқушыларды тәрбиелеудегі педагогтың әсері де қойылады.
Оқушылардың белсенділігі мен өз бетінділінің негізгі дидактикалық функция оқыту мазмұнымен тығыз байланысты. Дайын мәліметті меңгерудегі репродуктивті іс-әрекетте белсенділіктің жоғары болатындығы белгілі. Ю. К. Бабанскидің еңбектерінде әдістерді топтаудың толық тізімі келтірген ақпаратны қабылдау тәсілі бойынша топтау дәстүрге айналған сөздік әдіс, пәндік шолу және практикалық. Сондай-ақ, әдістерді топтаудың төмендегідей негіздері бар білім алу тәсілі теория және практика, кері байланысты жүзегеасыру тәсілі бақылау және өзіндік бақылау, оқушылардың ойлау әрекеттері логикалық аспект.
- Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеті.
Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытуды ұйымдастыру мәселесін төмендегідей қарастыруға болады:
- информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары;
- информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың міндеттері;
- «Информатика» пәнінің зерттеу объектілері;
Информатиканы орта білім беру жүйесінде оқытудың мақсаттары:
-оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткізу және оны қолдану үрдістері туралы білімдерді меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық біліммен қаруландыру;
- оқушылардың оқу үрдісінде компьютерлік техниканы өзіндік даму мен іске асыру құралы ретінде, сонымен қатар, кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
- оқушылардың логикалық- құрлымдық және алгоритмдік-шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейімділіктерін қалыптастыру.
Аталған мақсаттардан төмендегі міндеттер анықталады:
- информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;
- информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;
- информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдістемелік жүйесін жасақтау.
«Информатика» пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, білім бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылды.
«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлеріне информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
«Информатика» оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ) -оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгеруді және оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) - «Информатика» оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы оқыту қамтамасыз ететін оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы(ҚҚБ) - мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер:
Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
- оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
- оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;
- оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;
- информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есптелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
- қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
- ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
- оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен қаруландыру;
- оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру;
Информатика пәнінің зерттеу обьектілері:
- ақпарат;
- ақпараттық ресурстар;
- ақпараттық үрдістер;
- ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
Информатика пәнінің даму болашағы мына көріністерге байланысты:
1. Пәннің жалпы білімдік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:
- оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлік тәжірибе әдістермен меңгерту;
- тиімді шешідерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау қабілетін дамыту.
2. Информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т. б.
Информатика пәнінің даму бағыттары:
- Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістерінің өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.
-Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің, микроүрдістердің есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялалардың даму мәселелерін қарастырумен жалғасады.
- Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялалардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі мәселелер қарастырылады.
Информатика оқу пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісін мамандармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.
1. 2. Информатиканы окытудың мазмұны
Оқушының әлем жайында білімді меңгеруі қабылдау: түсінік, еске сақтау арқылы жүреді. Ал әлемді, мысалы адамды қоршаған заттар әлемі, оның әлеуметтік ортасы, компьютерлік әлем, адамның өзінің ішкі әлемі тәрізді ақиқаттық арқылы түсінуге болады. Заттар әлемі мен олардың арасындағы байланысты оқушылар қоғамның ақпараттық ресурсына кіру арқылы және ЭЕМ-де модельдеу арқылы таниды. Дәстүрлі әдіс мұғалімнің сөзі мен кітапқа сүйенеді.
Өзіндік тану компьютермен бейнеленетін және іс-әрекетін ойлау арқылы жүзеге асырылады.
Іс-әрекет тәсілін жүзеге асыру тәжірибелері.
Іс-әрекеттің үлгісін көрсету және инструктор жолымен компьютерлік әлемнің үнемі дамып отыратын жаңалығы мен оқушылардың ізднушілік белсенділігі арқылы беріледі. ЭЕМ-мен жұмыс істеуде іс-әрекеттің стандартты түріне барабар оқыту әдісі ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру болап табылдаы. Дайын бағдарлама мен диологты меңгеруде және клавиатурамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін де бұл әдіс қолданылады.
Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері.
Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері мәселелық есептер шығару, таныс емес бағдарламалық құралдарды меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады. Бұл жерде мұғалімге тән тәсіл - бір мәнді анықтауды талап ететін есепті қою. Бағдарламалау мен модельдеу саласындағы шығармашылық тәжірибесі - ашық бағдарламалау әдісімен берілуі мүмкін. Бұған ұқсас тәжірибелердің көлемі шағын, ол ақпаратның ғылым саласы екенімен түсіндіріледі.
Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірибесі.
Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірибесі оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен қарым-қатынасы үрдісінде пайда болып, таратылады. Мектеп практикасында оқушыларға тікелей әсер ететін бірқатар тәжірибелер жинақталды.
Информатикаға тән тәрбиелік бағытта жұмыс істейтін оқыту әдісін атау қиын, бірақ, информатиканы оқыту барысында жүзеге асырылатын жағдайларды көрсетуге болады. Ол оқушыларға өзінің жұмысын жазуды ұсыну, бағдарламада қате жібермеуге қойылатын талап, сондай-ақ, эстетикалық құндылығы бар мәселе - оқушының жауабына класстың көңілін аудару болып тбылады.
Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері.
Оқытудың өзіндік әдісі: классикалық педогогика өз уақытында сөзбен білім берудің жеткіліксіз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, Я. А. Коменский ақпаратты кітаптан, дәрістен жеткіліксіз екенін, заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы ақпарат алудың маңызды екенін атап көрсеткен.
Көрнекілік әдісі: информатика курсындағы көрнекіліктің әдісі - оқушының жолдасының немесе мұғалімнің жұмысы бақылау, одан кейін компьютерлік ортаның жұмысының өзгерісін бақылау. Енді олардың ішіндегі негізгілерін қарастырайық.
Иллюстрация. Информатика курсында ақпараттың таңбалық табиғатын толық бейнелеп көрсетуге мүмкіндік бар. Мысалы, тақтада сандық немесе текстік мәндермен көрсету. ЭЕМ-мен алғашқы танысу ретінде қағазға бейнеленген клавиатураны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ, пернелердің қызметі сөзбен түсіндіріледі.
Демонстрация. Мұғалім компьютердегі орындалатын іс-әрекеттіңң үлгісін үндемей-ақ демонстрациялауға болады. Кез-келген капилятор қателердің орны мен жұмысының нәтижесін мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере алады. Алгоритмнің атқарылу үрдісі кестесінің көмегімен демонстрацияланады.
Практикалық (іс-әрекеттік) әдістер . Құрастырылып отырған жағдайда практика оқушының іс-әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен және бақылаумен салыстырылады. Информатика бөлімінің үш түрі көзі үйлесімді түрде біріктіреді:сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқып, мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ-нің жұмысын бақылай отырып оқушылар компютермен практикалық іс-әрекетті орындай бастайды. Мұнда әдістер бірін-бірі толықтырады.
Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау.
Бақылауды мұғалімнің, жолдасының, компьютердің және өзіндік бақылау деп тұжырымдауға болады, жалған жауапты оқушы мойындамайды, оны компьютердің шығарғаны деп есептейді, компьютер оқушының өзінің іс-әрекетін ұғынуына нәтиженің дұрыс немесе қате екендігі жөнінде хабарлама береді.
Мұғалімнің дәстүрлі бақылауымен қатар, жолдастарының бақылауының да маңызы бар. Бақылаушы басқа адамның ойлау жүрісін түсінуді үйренеді де, өзінің білімін сыртқа шығарып, сөйлеуге дағдыланады.
Компьютердің бақылауы қатеге көп көңіл аударуды талап етеді, бақылаудың келесі кезеңі-өзіндік бақылауға көшуге мәжбүр болады. Бұл бақылаудың күрделі де, ең жоғары түрі болып есептеледі.
Кері байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиімді, бірақ өте жоғары жылдам реакция -мұғалімнің түсініктемесі - оқушының ойлау жүрісінің ашылуына кедергі жасауы ықтимал. Оқытуды ұйымдастыруға қатысты бақылауды ауызша және жазбаша деп білуге болады. Жазба тіл пайдалы, үлкен еңбекті талап етеді. Компьютер экраныңдағы текст жазба тілдің бір түрі болып есептеледі.
ЭЕМ-дегі жұмыс және ойлау әрекеттері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz