Windows операциялық жүйесінің түсінігі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
І тарау. Негізгі бөлім.
1. Windows операциялық жүйесі . . .
1. 1 . Windows операциялық жүйесінің түсінігі . . .
1. 2. Windows операциялық жүйесінің қызметі . . .
1. 3. Windows операциялық жүйесінің түрлері . . .
1. 4. Операциялық жүйесінің стандартты программалары . . .
2. Windows операциялық жүйесінің білім берудегі орны . . .
2. 1. Орта мектепте Windows операциялық жүйесінің оқыту әдістемесі . . .
2. 2. Орта буынды стандартты программалардың оқыту әдістемесі . . .
2. 3. Стандартты программаларды жаңа технологиялар элемнттерін қолдана отырып оқыту . . .
ІІ. Практикалық (Тәжірибелік)
2. Стандартты программалардың орта мектепте оқытылуы . . .
2. 1. Wad графикалық редакторында тапсырмаларды деңгейлеп орындау түрлері . . .
2. 2. Wad Pad мәтіндік редактор тапсырмаларды орындау тәсілдері . . .
2. 3. Калькулятор - математикада қолданылу тәсілдері . . .
2. 4. Блокнат - кіші гірім мәтін редакторында мәтін теру ережелері . . .
2. 5. Фоногроф және лазерлік ойнатқыш редакторы . . .
2. 6. Стандартты программаларды буфер алмасу жолдарын түсіндіру әдістемесі . . .
1. Орта мектептегі стандартты программалардың оқытылу мазмұны мен мақсаты . . .
1. 1. Стандартты программаларды оқыту мазмұны . . .
1. 2. Стандартты программаларды оқыту мақсаты . . .
ІІІ. Қорытынды . . .
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер . . .
І тарау. Негізгі бөлім.
1. Windows операциялық жүйесі.
Операциялық жүйенің соңғы версиялары программаларға 1Мб-тан артық жедел жадты қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толтырылған болатын.
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни, қолданылатын негізгі интерфейс рөлін командалық қатар атқарады. Бұл қатар арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқару үшін қажет жүзден аса командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.
Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар құрастырыла бастады. Бірақ олар негізінен текстік режимде жұмыс істейтін. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ тікелей орындау жүзеге асырылды.
Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді.
80-ші жылдардың ортасында MS (PC) - DOS- тың мұндай кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған бірнеше есепті қатар шығара алатын операциялық жүйелер жұмысын қолға алды, солардың бірі Windows жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.
80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған Windows графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3. 1 бірте-бірте бұрынғы текстік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3. 1 немесе одан кейінгі Windows 3. 11 версиясы қондырылған MS - DOS операциялық жүйесі орнатыла бастады.
Microsoft корпорациясының ОС жасау жолындағы келесі елеулі қадамы болып ондағы графиктік интерфейстің қондырылған программа күйінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені құру болып саналады. Осылайша Windows 95 және Windows NТ операциялық жүйелері пайда болды. Windows 95 жүйесінің, сондай-ақ Windows NТ жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейсі стандарттары Windows 3. 1 жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді, бірақ негізгі идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3. 1-ден Windows 95-ке өту әрине MS - ДOS-тан бірден Windows 95-ке өтуге қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті.
Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS - DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.
1. 1. Windows операциялық жүйесінің түсінігі.
Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы «терезе» екені осыны білдіреді.
Терезе- экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез-келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесі экранды толығымен, жартылай алуы немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.
Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез-келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйінде болып жұмыс істеп тұрған программаның жұмыс да аяқталады.
Болашақта Windows ортасының әртүрлі терезелерін қарастырамыз, олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болса да, бәрінің ортақ элементтері, қасиеттері бар. Енді сол элементтерге тоқталып өтейік.
Терезе жақтаулары «шекаралар» - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып қатары орналасқан. Тақырып қатарының сол жағында Жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің көлемін өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып қатарынан төменірек меню қатары орын алған. Ал меню қатарынан төменгі төртбұрышты аудан- терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағындаәр түрлі информация бола береді: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т. б.
Кез-келген терезенің белгілі бір шектеулі көлемі болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай да қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы ос мезетте терезе ішіне симайтын информацияның бейнеленіп тұрғанын көрсетеді.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады. :
- толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;
- қалыпты күйдегі терезе, яғни тезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;
- шартбелгі түріндіе, яғни терезе кішірейтіліп шартбелгіге айналып кеткен.
Жұмыс столы.
Жұмыс столы - екінші негізгі түсінік болып саналады.
Жұмыс столы түсінігі қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің негізгі элементі болып саналады.
Ол қандай болуы тиіс?
Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымзды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар орналасуы мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әр түрлі күйде орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төселмей таза болуы да ықтимал. Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға, орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы стол бейнесі экранда да жүзеге асырылып отыр.
Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан.
Өзіңіздің жұмыс столыңызды реттеп таза ұстауыңыз сияқты экранда да қоқырсып жатқан столда жұмыс істеу тіптен ыңғайсыз. Қажетті құжаттарды, құрал-жабдықтарды жоғалтып алмайтындай экранда артық зат ұстамай жұмыс істеуге көңіл бөлейік.
Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар.
Шартбелгі (Icon) - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны файлды т. б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр шартбелгі белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі:
- қосымша программалар шартбелгісі;
- белгілі бір топтар шартбелгісі;
- функциялар шартбелгісі.
Жарлық (Shortcut) - бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т. б. Жарлықты пайдаланғанда негізіг обьектілердің өздері өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол обьектілермен қатынас жасау Shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың өзі орналастырылған болса, онда олардың бірін өшіру командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал егер де сіз жұмыс столынан Shortcut шартбелгісін орналастырып, оны артынан өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық файл өшіріледі де, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.
Бума (folder ) экранда каталогтарды (Windows 95) және программалық топтарды (Windows 3. 1 ) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Каталог- файлдарға арналған контейнер, программалық топ - жеке программаларға арналған контейнер т. с. с. Әрине мұндай контейнерлер әр обьект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді.
Тышқан тәрізді графикалық сілтеме
Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені немесе олардың комбинацияларын қолдану өте тиімді. Стол бетімен тышқанды жылжыту экран бетіндегі тышқан сілтемесінің жылжуымен сай келеді.
Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен оның сол жақтағы, ал анда-санда оң жақтағы батырмасы қолданылады. Тышқан тетігінің ортаңғы батырмасы Windows ортасының тек кейбір программалармен жұмыс істеуде қолданылады.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция- экран бетімен сілтеменің қозғалуы болып табылады. Бұл дайындық операциясы, ол өздігінен ешқандай әрекет-амал орындамайды.
Келесі операция- сырт еткізу (Click) . Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады, мысалы, сілтемені графиктік элементтің шартбелгісіне жеткізіп, енді басқа бір операция орындауға болады. Сырт еткізу деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Windows жүйесінде әдетте жұмыс істеу кезінде негізінен тышқанның сол жақ батырмасы кеңінен қолданылады. Сондықтан, алдағы уақытта, тышқан батырмасын жай сарт еткізу дегеніміз- тышқанның сол жақ батырмасын басып жылдам қайта қоя беру болып табылады.
Бұл әрекет меню пункттерінің бірін таңдау, обьектілерді белгілеу немесе қатар курсорын қалаған орынға жедел көшіру кездерінде және терезелерді екпінді етіп жұмысқа қосу кезінде және т. б. қолданылады.
Тышқанның орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ батырмасын жылдам түрде екі рет сырт еткізу әрекеті жатады. Оның жұмыс істеуі негізінен тышқанды жай сырт еткізу әрекетіне өте ұқсас, яғни тышқан сілтемесі керекті элементке апарылғаннан соң, тез арада тышқанның батырмасын екі рет сырт еткізу қажет болады. Бұл әрекет алғаш тышқанмен жұмыс істей бастаған адамға күрделі операция болып табылады. Оның ерекшелігі тышқанды екі рет жылдам сырт еткізу аралығында өте аз уақыт өтуі тиіс, ол секундтың оннан бір бөлігіндей ғана уақыт. Егер ол аралықта көп уақыт өтіп кетсе, онда Windows жүйесі бұл әрекетті жекеленген екі бөлек сырт еткізу деп түсінеді. Ал егер бұл амал дұрыс орындалса, онда Windows жүйесі бірден белгіленген операцияны іске асыра бастайды.
Келесі операция- жылжыту (Drag & Drop) . Ол терезелер мен шартбелгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа орынға жылжытады және терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады. Обьектілерді жылжыту амалы былай орындалады: сілтемені орны ауыстырылатын элементке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол басулы күйінде ұстап отырып, сілтемені қалаған жаңа орынға жеткіземіз, сонан соң батырманы қоя береміз.
Осы айтылған тышқан тетігі көмегімен орындалатын операциялар Windows жүйесін басқаруға толық мүмкіндік береді.
Мәлімет алмастыру буфері.
Өзінің жұмыс істеу кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар арасында мәлімет алмастыру үшін компьютер жедел жадтың арнаулы бөлігін алмасу буфері (Clipboard) ретінде пайдаланады. Буфер әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін қолданылады. Тасымалданатын мәлімет ретінде текст үзінділері (фрагменттер), сурет, кесте және т. б. обьектілер алынуы мүмкін
1. 2. Windows операциялық жүйесінің қызметі.
Қазіргі кездегі барлық дербес компьютерлер сұхбаттық режимде жұмыс істейді. Бұл режимде компьютер қолданушы мен және техникалық құрылғылармен тікелей қарым-қатынаста болады. Компьютер сұхбаттық режимде болу үшін, онда алдын ала программалар жүйесі жұмыс істеу қажет. Бұл программалар жүйесі перне тақтадан, тышқаннан және басқа да құрылғылардан үнемі сұраныс жасап отыруы керек. Бұл жүйе қолданбалы программаларға бақылау жасап, түрлі программалардағы мәліметтердің шатасып кетпеуін қадағалап отыруы қажет. Мұндай программалар жүйесі операциялық жүйе деп аталады. Операциялық жүйе жүйелік және қызметтік программалық жасақтамалар кешені болып табылады. Қандай да бір нақты операциялық жүйенің қолданбалары деп берілген жүйенің басқаруымен жұмыс істеуге негізделген программаны айтады.
Барлық операциялық жүйелердің ең негізгі қызметі:
- Қолданушы мен программалық жабдықтар арасындағы байланыс түрлерін қамтамасыз ету;
- Аппараттық және программалық жасақтама арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
- Әр түрлі программалар арасындағы байланыстарды қамтамасыз ету.
Бұған қоса операциялық жүйе келесідей қызметтерді атқарады:
- операциялық жүйенің құрамына ентеін Интернеттің негізгі қызмет түрлеріне қатынауды қамтамасыз ету;
- бір мезгілде бірнеше қолданбалы программалармен жұмыс істеу;
- қолданбалар арасында мәліметтер алмасу;
- мәтінді құжаттарды оқу, редакциялау және баспаға шығару;
- қарапайым суреттерді салу;
- арифметикалық және математикалық есептеулерді жүргізу;
- бейне жазбаларды шығару;
- күнделіктер мен қызметтік жазбаларды жүргізу;
- электрондық поштамен хабар алмасу;
- бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ету.
Кез-келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- компьютердің барлық құрал-жабдықтарын (аппараттарын) басқару;
- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
- қолданбалы программаларды іске қосу;
Бұған қоса Windows жүйесі:
- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасу;
- масштаб бойынша өзгеріле алатын шрифтер қолдану;
- мультимедия мүмкіндіктерін қолдану;
- жалпы ортақтастырылған анықтамалық жүйені пайдалану істерін қамтамасыз ете алады.
1. 3. Windows операциялық жүйесінің түрлері.
Жүйенің (программаның) қасиеттері терезесін ашу
Жүйенің қасиеттері терезесін ашу үшін «Менің компьютерім» бумасының жанама менюін ашып, «Қасиеттер» (Свойства) командасын таңдау керек.
Егер пернетақтада Windows пернесі бар болса, онда BREAK пернелерін қатар басу керек.
Желі қасиеттері терезесін ашу үшін «Желілік қоршау» бумасын ашып, оның жанама менюімен «Қасиеттер» (Свойства) командасын таңдау қажет.
Операциялық жүйе жүктелетін дискет жасау
Операциялық жүйе толық жүктелетін дискет жасау үшін бас менюден «Баптау» (Настройка) командасын таңдап, Басқару тақтасын (панель управления) ашып, программаларды орнату және өшіру белгішесін (значок установки и удаления программ) екі рет шерту керек. «Жүктелетін диск» (Загрузочный диск) ішкі бетін таңдап, «Диск жасау» (Создать диск) батырмасын шерту қажет.
Бас менюдегі командаларды орналастыру тәртібі
Бас менюдегі командаларды (ішкі менюлер де солай) орналастыру тәртібі тышқанның сол жақ пернесін басып тұрып, команданы тасымалдау арқылы жүзеге асырылады.
Меню ішіндегі кез келген команда (жарлық) үшін оның жанама менюін ашып, осы жолды Өшіруге немесе қасиеттер терезесін ашып көруге болады. Командалар аттарын альфавит бойынша орналастыру үшін жанама менюден Аттары бойынша сұрыптау (Сортировать по имени) командасын орындау керек.
Бас меню құрамында жаңа бума ашу
Бас меню құрамында жаңа бума ашу үшін Іске қосу (Пуск) батырмасының жанама менюінен Сілтеуіш (Проводник) жолын таңдап, Бас меню бумасы ішінен жаңа бума ашу керек (Файл-Создать-Папку. . ) . Сонан соң сол бума ішіне керекті командалар, яғни жарлықтар көшірмесін орналастыруға болады.
Ал егер Бас меню ішіндегі Программалар бумасы ішінен жаңа бума ашқыңыз келсе, жоғарыдағы тәртіппен Бас меню бумасын, содан кейін Программалар бумасын ашып, жаңа бума немесе жарлықтар қосуға болады.
Бас меню құрамына жаңа жол қосу
Бас меню құрамына белгілі бір құжатқа (бумаға) арналған жаңа жол (жарлық) қосу үшін, жұмыс үстелінде ашық тұрған терезедегі керекті құжат белгішесін тасымалдап Іске қосу (Пуск) батырмасына тарту керек. Қажет болса, керекті белгішені тасымалдап ішкі Программалар немесе Стандартты топтарына да сатылай тасымалдап енгізуге болады.
1. 4. Операциялық жүйесінің стандартты программалары.
Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді, мысалы:
- текстік құжаттар құру;
- графиктік бейне-көріністер құру және оларды редакциялау;
- жұмыс уақытын жоспарлауды ұйымдастыру;
- математикалық есептеулерді орындау және т. б;
Әдетте, бұл қосымша программалар «Реквизиттер» тобында орналасқан.
WordPad текстік редакторы.
WordPad және Write редакторлары күрделі де қиын текстік құжаттарды құруға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған текстік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген текстік редакторлардың жаңа түрлері бар.
Windows 3. х жүйесінде редакторды іске қосу үшін «Реквизиттер» тобындағы «Write редакторы» шартбелгісін таңдау керек.
Ал, Windows 95 жүйесінде - Іске қосу Программалар - --- Стандартты - --- WordPad командасын орындау қажет.
Word Pad және Write редакторлары текстік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге- ішкі көрінісі мен шрифтін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.
Осы атап өткен мүмкіндіктердің ішінен біз, келешекте қажет болатын, тексті қағазға басып шығару жолын кеңінен қарастырып өтеміз. Windows жүйесінің бір ерекшелігі- ондағы кез-келген қосымша программадағы тексті қағазға басу бір тәртіппен жүргізілетіні.
Программа терезесінде орналасқан құжатты баспаға шығармастан бұрын, принтер түрін және олардың параметрлерін енгізу қажет болады. Бұл жағдайда «ФайлПринтер таңдау» және «Файл Баспаға шығару» деген командаларды меню жүйесінен таңдау қажет болады. Бұл командалардың сұхбаттасу терезесінде құжатты басып шығару үшін қолданылатын принтердің аты мен маркасы көрсетіледі. Пайда болған тізімнен өзімізге қажетті принтерімізді таңдауымызға болады және де принтерден басып шығарылатын қағаздың мөлшерін де алдын-ала белгілеп анықтаған жөн.
Егер де сіз Параметрлер батырмасын басатын болсаныз онда экранға шығатын сұхбаттасу трезесінде принтердің сапалы басылым шығарудың параметрлерін қолдануға болады
Принтр түрін және баспаға шығарудың параметрлерін анықтап болған соң меню жүйесінен «Файл Баспаға шығару» командасын таңдау қажет. Сұхбаттасу терезесінде басып шығару аумағы мен оны көшірмесінің саны анықталады. Бұдан кейін «ОК» пернесін бассақ, онда параметрлері анықталған принтерге экран бетінде алдын-ала дайындалған информация қағазға басылып шығады.
Блокнот
Блокнот- кішігірім текстік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым текстік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу, бірақ жылдам істейді.
Оның бір талассыз жақсы жағы бар-ол қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жатта тіптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді. Бұл программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобында орналасқан « Блокнот » атты шартбелгіні таңдау қажет.
Блокнот текісті форматтамай тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды құрады, дискіде сақтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz