Хайуанаттар ақылы
Инстинкт — соңыр сезім
Хайуанаттардың қылықтарында оларға нәсіл арқылы беріліп отыратын
биологиялық процестер үлкен орын алады. Дамудың төменгі сатысында шартсыз
рефлекстер пайда болып, бара-бара эволюция сатысымен жоғары көтерілген
сайын хайуанаттардың қылықтары күрделеніп, инстинкті (соқыр сезім)
әрекеттері пайда болады. Инстинкт деп — тіршілік үшін күресуде пайда болып,
нәсіл аркылы хайуанаттарға көшіп отыратьш, белгілі жағдайларда пайдалы
түрде іске асатын қылық-тарды айтады. Инстинкт, ягни соқыр сезім
хайуанаттар-дың қылығының төменгі түрі. Тропизм — инстинкттщ ең төменгі
сатысы, инстипкт нәсіл арқылы хайуанаттар-дан олардың тұқымдарына,
ұрпақтарына беріліп, көшіп отырады. Нәсіл арқылы беріліп отыратын қылықтар,
ең алғашқы пайда болу кезінде хайуанаттардың тіршілік үшін күресінде тапқан
қылықтары болуы мүмкін. Тіршілік үшін күреске айналасындағы жағдайға
бейімделіп, күн көру үшін хайуанаттарда қосымша пайдалы әрекеттер пайда
болып, олар бара-бара мың сан рет қайталанып неше дәуірлер өткен соң
биологиялық белгілерге айналып, нәсіл арқылы ұрпағына беріліп отырады.
Инстинкттік қылықтар өздігінен автоматизм түрде әрекет етеді. Мысалы:
үйректің балапаны жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін біраздан соң-ақ суға
түсіп, жүзіп кете береді. Бал беретін араны ешкім үйретпесе де, ол өте
күрделі ұялар жасап, оның әрбір ұясын балға толтыра бастайды. Инстинкттер
белгілі жағдайларда ғана бір қалыпта әрекет етеді, егер белгілі жағдайда
өзгерсе, инстинкт жүзеге аспайды, әрекет етпейді. Егер өрмекші өзінің
өрмегінде өрмекке шатысып қалған шыбындарды, құрт-құмырысқаларды алып
тамағына жарататын болса, сол өрмекші өрмегі жоқ жерде ешбір шыбынды ұстай
алмайды. Құлық дейтін құрт құмдақ жерде шұңқыр тәрізді ор қазып, ордың
жиегіне жақындай беріп құдықтың төмен құйылуымен бірлесіп шұңқырдың түбіне
түсетін құрт-құмырысқаларды тамағына жарататын болса, құрғақ жерде ол құлық
ешбір құрт-құмырысқаны ұстай алмас еді.
Инстинкттер көбінесе хайуанаттардың тіршілігіне пайдалы болады. Мысалы,
жоғарыда айтылған өрмекші мен құлық өздерінің осындай қылықтарының
нәтижесінен тамағын тауып жеп, аштан өліп қалмай жан сақтайды. Егер
хайуандардың, құстардың және басқа жәндіктердің көбі туысынан-ақ тез жүгіре
алмаса, яки ұша алмаса, түсі айналасындағы қоршауымен түстес болмаса,
немесе кірпікшешен сияқты тікенектері болмаса, олардың көбісі күн көріп,
тіршілік ете алмай, құрып бітер еді. Бірақ кейбір кездерде хайуанаттардың
инс-тинкттік әрекеттері олардың тіршілігіне ешбір пайда келтірмейтін
кездері болады. Мәселен, араның бал құятын ыдысының түбін тессе де ара еш
нәрсе сезбей, өзінің соқыр сезімі бойынша ұяларды балмен толтыра береді.
Сондай-ақ жемтік өрмектен тыс жерде берілсе, өрмекші оны жемей, қашады.
Хайуанаттардың инстинкттері олардың тамақтану, қорғану және тұқым
қалдыру (кебею) биологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға ғана жұмсалады.
Хайуанаттардын, биологиялық мұқтаждықтарына қарай инстинкттердін, де,
тамақтану, қорғану, тұқым қалдыру түрлері болады. Тамақтандыру соқыр сезімі
оларды ерте пайда болып, хайуанаттардың күн көруіне себепші болады. Олар
туысымен-ақ инстинкті түрде анасының бауырына жармасып емшегін еме
бастайды. Құстардың балапандары жұмыртқадан шыға салысымен-ақ дәнді шоқып,
жүгіріп жүріп тамақтана бастайды. Егер құстардың хайуанаттардын, мұндай
тамақтану инстинкті болмаса олар күн көре алмас еді. Олардың тәнінде зат
алмасу болмай, олар өсіп, дамитын тірі жәндік болып та саналмас еді.
Қорғану инстинкті, тамақтану инстинктінен кейінірек пайда болады,
бұған қорқу, бір үйір болып жүру, өздері-нің жауларына қарсы тұра алу,
хайуанаттардық айналасындағы қоршауының түсіне түстес болып, соған
ыңғайлану тағы басқа, осы сияқты әрекеттер жатады. Егер хайуанаттардың
қорғану инстинкпері болмаса, олар өздерінің жауларына жем болып, құрып
кетер еді. Сондықтан қоянның ете қорқақ болып, қамыстың сылдырынан,
жапырақтың қимылынан қорқып қашуы, оның жүйрік болуы — өзінің жауларынан
сақтануға керекті әрекеттер. Осы себептен жаратылыстын, зандары бойынша
кейбір құстар, хайуанаттар айналасындағы қоршаумен түстес болады, қауіп
төнген кезде олар тұрған жерінде тырп етпей бұғып жатып қалса, жыртқыш
аңдар оларды басып кетпейінше байқалмайды.
Хануанаттардың топтанып бір үйір болып жүруі қорғануға жақсы. Егер жалғыз
болса жыртқыштың келіп қалғанын сезбей, яки оған қарсы әрекет ете алмай
қалар еді. Ал топтанып жүргеннің пайдасы — үйірде жүрген хайуанаттардың,
жыртқышты бірі сезбесе, бірі сезіп қалуы мүмкін, олардың барлығы жиналып
жауға қарсы тұруына да жақсы. Егер бір ат жалғыз жүрсе, оны қасқыр тартып
кетеді, ал егер бірнеше жылқы үйірмен топтанып жүрсе, қасқырларға ешқайсысы
жем болмайды. Қасқырдың да топтанып жүруі олардың жауларынан сақтануына аса
қажет. Мысалы, тырналар жайылып жүргенде жан-жағына күзетшілер қояды,
егер бір қауіп төне қалса, сол күзетшілер басқаларына хабар береді.
Тұқым қалдыру, яғни көбею инстинкті басқа соқыр сезімдермен
салыстырғанда, кешірек пайда болады. Мұндай соқыр сезімдерге
хайуанаттардың шағылысуы жатады. Шағылысу маусымында хайуанаттардың тәнінде
түрлі өзгерістердің пайда болып, ін қазып, ұя салып, балаларын дүниеге
әкелген соң оларды өздерінше аймалап, тәрбиелейді. Егер де хайуанаттардың
тұқым қалдыру соқыр сезімі болмаса, олар өсіп-дамымай, құрып жоқ болып
кетер еді. Хайуанаттар, өсімдіктер, жалпы тірі заттар өсіп-өніп, көбейіп
отыруы үшін, тұқым қалдырып отыруы қажет. Қаншама хайуанаттардың
денеқұрылысы күрделі болса, қаншама олар даму сатысының жоғарғы басқышында
тұрып көп өмір сүретін болса, соншама олардың тұқым, нәсіл қалдыру соқыру
сезімі кеш пайда болады. Қаншама хайуанаттар аз өмір сүрсе, қаншама олардың
тән құрылысы қарапайым болса, соншама олардың тұқым қалдыру соқыр сезімдері
ерте пайда болады. Мысалы жаздың күні күн жылына, бірнеше ай ғана өмір
сүретін жәндіктерді, құрт-құмырысқаларды алсақ, олардың жыныс сезімдері,
яғни нәсіл қалдыру соқыр сезімдері өте ерте пайда болады. Ол жәндіктердің
көп өмір сүре алмаушылығымен байланысты. Ал, үй хайуанаттары және маймылдар
Сияқты жоғарғы сатыда тұрған хайуанаттарды алсақ, олардың жыныс сезімдері
кешірек пайда болады. Адам баласында бұл айтылып отырған сезімдер
хайуанаттармен салыстырғанда өте кеш пайда болады. Бірақ адам баласында
бұл сезімдердің ерте, кеш пайда болуы табиғи жағдайларға, ауарайына және
оның тән құрылысына да байланысты. Мысалы, ыстық елдерде тұратын
халықтардың жыныс сезімдері ертерек пайда болса, ауа райы суық елдердегі
адамдардың жыныс сезімдері кешірек пайда болады. Өйткені ыстық күннің
сәулесі адамның денесіне тез әсер етіп, қоздырып, жыныс сезімдерінің ерте
пайда болуына себепші болады.
Инстинкттер өне бойы консервативтік түрде бір қалыпта тұра беріп,
жағдайлардың өзгеруімен бірге инстинкттер өзгермей бір қалыпта қалса, онда
хайуанаттар айналасындағы дүниеге бейімделіп әрекет ете алмай өліп, құрып
кетер еді.
Кейбір жүргізілген тәжірибелерге қарағанда, Ресейдегі тұмсығымен
ағаштың қабығын тесіп, астындағы құрт-құмырысқаларды алып жейтін тоқылдақ
(дятел) дейтін кұстарды, оңтүстік Калифорниядағы құрт-құмырысқалар
қабыршағынын, бетінде болатын ағаштарға көшіргенде, олар құрттың тура
алдында ауызға түсіп тұрғанына қарамастан бұрынғы үйреншікті әдетімен
тұмсығымен ағашты тесе беретін болған. Бірақ кейіннен кейбір тоқылдақтар
мұндай әрекеттерін тастаған, олардың ұрпақтары да ағаштар қабығын тесуге
бекерден-бекер күш жұмсамайтын болған. Ал бұрынғы инстинктің өзгерте
алмаған тоқылдақтар жаңа жағдайға ыңғайлана алмай өліп қалған.
Кейіннен инстинкттері өзгерген тоқылдақтардың балаларын қайтадан Ресейге
көшіргенде, олардың көбі тұмсығымен ағаштың қабығын тесіп астынан құрт
тауып жей алмайтын болғандықтан өліп кеткен. Ал осы қайтарылған
құстардың кейбіреулері Ресейдегі тоқылдақ құстардың әрекеттеріне
еліктеудің нәтижесінен, оларда қайтадан бұрынғы ескі инстинкттері пайда
болып, аман қалған. Бұл мысалдан инстинкттің мәңгілікті өзгермей
тұрмайтынын, өзгерген жағдайларға байланысты бұлар да өзгеріп
отыратынын көруге болады.
Инстинкттердін, физиологиялық негізі — рефлексиялық әрекеттер. Ең
әдепкі пайда болу кезінде инстинкттер рефлекстерден шыққан. Даму процесінде
рефлекстердің бара-бара күрделенуімен бірге олардың кейбір топтары
дифференцияланып айрықша психологиялық әрекеттерге, яғни инстинкттерге
айнала басталған. Әрине, бұл процесс мың сан рет қайталанудың
хайуанаттардың биологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыра алатын
прогрессивтік әрекеттердіқ неше бір ұрпақтарға кешіп отырудың нәтижесі.
Бірақ инстинкттерді рефлекстермен салыстыруға болмайды, олардық арасьшда
үлкен айырмашылықтар бар. Егер шартсыз рефлекстерде жалғыз ғана
физиологиялық әрекеттер болса, инстинкттерде фи-зиологиялық әрекеттср ғана
емес, сонымен қатар, әсіресе психологиялық әрекеттер басым. Шартсыз
рефлекстер хайуанаттардық тәнінің әрбір саласында, жеке мүшелерінде ғана
әрекет ететін болса, инстинкттер хайуанаттардын, барлық тәнінің тұтас
әрекеті, хайуанаттардың барлық қылықтарымен байланысты.
Инстинкттерді шынжырлы (цепной) рефлекстермен де шатастырмау керек.
Мысалы, ауызға түскен тамақтың бірнеше қолдан өтуі; ауызда сілекейдің пайда
болуы, тілдің және тістердің әрекеттерімен астың шайналып, жұтылуы,
асқазанға баруы т. б. Шынжырлы рефлекс болса бір рефлекстің артын ала
екінші рефлекс пайда болып алдыңғының аяғы кейінгінің басы болып отырса,
мұндай әрекеттерді инстинкт деп айтуға бол-майды. Өйткені бұл жалғыз
физиологиялық хайуанат-тардың жалпы қылықтарымен байланыссыз әрекет.
Инстинкттерді шартты рефлекстермен де (условные рефлексы) салыстыруға
болмайды. Егер инстинкттер тұқым, нәсіл арқылы ата-аналардан балаларына
беріліп отырса, шартты рефлекстер хайуанаттардың туысынан кейін жүре-тұра
дүниедегі шартты қоздырғыштардың әсерлеріне хайуанаттардың қайтаратын
жауаптары есе-бінде пайда болады. Егер инстинкттер дамудың өте төменгі
сатысында тұратын хайуанаттарда да болса, ол шартты рефлекстер жүйке саласы
бар, миының үлкен жарты шарлары бар жоғарғы сатыда тұратын хайуанаттарда
ғана пайда болады.
Инстинкт рефлекстер, әсіресе шартсыз рефлекстер сияқты тәннің сыртқы
қоздырғыштарға ғана қайтара-тын реакциясы емес, өте күрделі қылық. Мысалы,
құстардың ете күрделі ұялар жасауын әр күз сайын алыстағы жылы мекеніне,
өне бойы бір жолмен барып, сол жолмен жазғытұрым тұрған жеріне қайтуын,
құмырысқалардың, аралардьщ ете тамаша күрделі індер салуын т. б. рефлекс
әрекеттері деп қана айтуға болмайды.
Кейбір зерттеулердің қорытындысына қараганда, ата-аналарынан аулақ
асыралган тиіндер күздің куні ересек тиіндер сияқты (оларды көрмесе де)
жаңғақтарды үйдің бұрыштарына жинап, қысқа азық дайындап кеме-тін болған.
Тиіндердің ешкімнен үйренбестен осын-дай қылықтарды атқаруы шартты
рефлекс емес, тұқым арқылы үлкен тиіндерден балаларына өткен соқыр сезім
әрекеттері. Инстинкттер адамда да болады, бірақ адамның инстинкттері
хайуанаттардай емес, әлеуметтік-қоғамдық жағдайлардың әсерінен көп
өзгерістерге ұшыраған. Егер хайуанаттар өздерінің соқыр сезімдерінің құлы
болатын болса, адамдар ездерінің санасы арқылы соқыр сезімдерін басқарып,
олардың орынсыз жерде әрекет етуіне жол бермей, дұрыс бағытқа салып
отырады. Кейбір оқымыстылар адамда биологиялық және әлеуметтік инстинкттер
бар, биологиялық инстинкттер дін, хайуанаттар инстинкттерінен ешбір
айырмашылығы жоқ, инстинкттер адамдардың қоғам ішінде қылықтарын меңгереді
деген қате теорияларды жақтайды.
Әрине, бұлардың барлығы ғылымға ешбір жанасы жоқ, өте реакциялық
қате пікір болып табылады.
Хайуанаттар дағдысы
Хайуанаттардың эволюциялық дамуында тұқым арқылы беріліп отыратын
соқыр сезім әрекеттеріне олардың жеке тіршілігінде сыртқы дүниеге
ыңғайланудың және үйренудің нәтижесінен дағдыланулар пайда болып, қосылып
отырады. Соқыр сезімдермен салыстырғанда, дағды — хайуанаттар қылығының
күрделі формасы, психикалық әрекеттерінің жоғарғы сатысы. Ол инстинкттер
сияқты нәсіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа кешіп отырмай, хайуанаттардың
тіршілігі үшін күресуінде жүре-бара пайда болады. Хайуанаттарда дағдылану
болмаса, олар жалғыз соқыр сезім әрекеттерімен күн көре алмайды,
айналасындағы қоршауға бейімделіп, өзінін. тіршілігі үшін күресе алмас еді.
Кейбір жүргізілген зерттеулерге қарағанда, даму процесінің төменгі
сатысында тұрған жәндіктерде де дағдыланулар пайда болатын керінеді.
Турненнің тәжірибелерінде қоңыз тақтайдағы белгілі бір түске боялған
орыннан айналып етуге үйренген (егер қоңыз боялған орынды басса, оған
электр қуаты тиіп, жағымсыз сезім алатын болған). Су құйылған ыдысты сұйық
қағаздың үстіне қойып, араны жалғыз сол ыдыстан ғана су ішетін етіп
үйреткен. Бірнеше тәжірибелерден кейін, ара үйренген ыдыстан ғана су ішіп,
басқа түсті қағаздардың үстіндегі ыдыстарда да тәтті су болғанымен оларға
тимейтін болған.
Жоғарғы сатыда тұрған хайуанаттарда дағды тезірек пайда болады және
олардың дағдылары күрделі болып келеді. Олардын, әрекеттерін, олардағы
дағды пайда болу процестерін білу үшін кейбір оқымыстылар әдейілеп
зерттеулер жасаған. Хайуанаттарда дағды пайда болу мәселелерімен көп
шұғылданғандардың бірі — Американың атақты психологы Эдуард Торндайк көп
тәжірибелер жүргізген. Ол атжалман тышқандарға, мысықтарға, иттерге, адам
тәрізді шимпанзе атты маймылдарға тәжірибелер жасап, хайуанаттарда ақыл-
ойдың бар-жоғын бақыламақшы болған. Тәжірибелер көбінесе проблемалы
клеткалар арқылы жүргізілген: екі бөлмелі клетканың бірінде —жануар,
екіншісінде — көрнекті жерде — жем, екі бөлменің арасындағы есік
тоғанақпен, яки ілмекпен жабылып қойылған. Жануар есікті ашып, екінші
бөлмеге кіріп, жемге жету үшін ілгекті ағыту, яки тоғанақты шешу керек
болған. Жануар бірінші бөлмеге кіргеннен соң, екінші бөлменін, есігін
бірден аша алатын дәрежеге жеткенше ол осы тәжірибені қайта-қайта жургізе
берген. Өзінің осындай тәжірибелерінің нәтижесінен Торндайк, жануарларда
дағдылану пайда болудың мына төмендегі заңдарын, яғни принциптерін
белгіледі: І. байқап қарау, қалыптасу жолы. Хайуандардың заңдылықтарды
шешуі — кездейсоқ әрекеттердің нәтижесі, оларда түсініп әрекет ету деген
болмайды. Олар жағдайлардын, қандай екенін біліп, өзгергенін ескермейді,
алдына міндет қоймайды, өздерінің бірнеше рет тікелей байқап қарау,
қалыптасу әрекеттері арқылы дағдылануға үйренеді; 2. жаттығу заңы. Дағдының
қай түріне болса да ешбір хайуан бірден үйреніп, дағдылана алмайды, дағды
пайда болу үшін олар бір түрлі әрекеттерді бірнеше рет қайталап, жаттығуы
қажет; 3. нәтиже шығу, әсер алу (эффект) заңы. Дағдылану процесінде бірнеше
жағымды, яки жағымсыз сезімдер пайда болады. Хайуандар жағымсыз сезімдерден
тітіркеніп, жағымды сезімдерге икемдеседі, дағдылануға үйрену процесінде
қандай әрекеттер болмасын жағымды сезімдер туса, хайуан бұл әрекеттерге
көбірек ұмтылады, сондықтан дағдылануға да тез үй-ренеді. Сонымен бірге
кейбір хайуанаттардан қаншама дағдыланса да, еш нәтиже шықпауы да әбден
мүмкін; 4. жануарлардың дағдылануға дайындыры хайуандардың тәні сау,
кұрсағы аш, тұтқында ұсталып бостандыққа ұмтылып тұруы, дағдының тезірек
пайда болуына керекті негізгі шарттардың бірі болып табылады. Егер бұл
шарттар орындалмаса, дағдының тезірек пайда болмауы, тіпті мүлдем пайда
болмауы да мүмкін.
Хайуанаттарда дағдыланудың пайда болуы олардың биологиялық мұқтаждығына
негізделіп отырады. Сондықтан оларға жем беру, тәнін ауырту, шағылысу
инстинкттерін пайдалану арқылы дағдыны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz