Ыбырай Алтынсариннің ізбасарлары мен дәріптеушілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ыбырай Алтынсариннің ізбасарлары мен дәріптеушілері

Жоспар
1. Ыбырай Алтынсариннің оқу жүйесін дамытушы,еңбектерін дәріптеуші
ғалым – А.Е.Алекторов
2. Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, ізбасары Ғ.Балғынбаев
3. Ыбырай және М.П.Рогинский
4. В.В.Григорьев

Әдебиеттер:
1. Алтынсарин Ы.Үш томдық шығармалар жинағы. Алматы, т-1 1976ж.
2. Балғымбаевтың Ғ. естеліктері. Қазақ ССР Ғылым академиясының
кітапханасы. Қолжазбалар қоры, №357.
3. Васильев А.В. Исторический очерк русского образования в Торгайской
области и современное его состояние. Оренбург, 1896г.
4. Дербісалин Ә. Ы.Алтынсарин. Алматы, 1965ж.
5. Ильминский Н.И. Воспоминание об Алтынсарине. Казань, 1891г.
6. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин. А., 1991ж.
7. Эфиров А.Ф. Ы.Алтынсарин. Алматы, 1949ж.
8. Жүсіпов Ә. Ыбырай (Ибраһим) Алтынасриннің нағашы жұрты (Алтынасрин
оқулары, Арқалық, 1991ж.).

А.Е.АЛЕКТОРОВ
Москвада шығып тұратын Московские ведомости газетінің редакторы
М.Н.Катков зерттеу жұмыстарына, әдебиетке икемі бар Александр Ефимович
Алекторовты Орынбор губерниясы қазақтарымен танысып, материалдар жинауға
жіберді. Бұл – 1882 жылдың жаз айларының бірі болатын. Сөйтіп, ол Орынбор
губерниясына қарасты бірінші рет аяқ басты. Екі ай бойы аралап көрді.
А.Е.Алекторов 1886 жылы Бөкей ордасы мектептерінің инспекторы болып
тағайындалды. 1868 жылғы реформадан кейін Бөкей Ордасы Торғай облыстық
басқармасына бағынды. Міне, осы жылы Ханская ставкадағы бір ғана орыс-
қазақ мектебі болмаса, басқалары діни мектептер мен медресселер еді.
А.Е.Алекторов Бөкей Ордасы мектептерінің инспекторы болып істеген 1886-
1893 жылдары оқу-ағарту саласындағы молдалардың ықпалына қарсы күресті. Оқу
министрлігінің арнаулы рұқсатынсыз еш жерде өз бетімен мектеп ашуға тиым
салды.
А.Е.Алекторов Бөкей Ордасындағы діни мектептер мен медресселерді
біртіндеп жауып, олардың орнына қазақ-орыс мектептерін ашу бағытын мықтап
ұстады. Қазаннан молдалардың ағылып көшіп келуіне қарсы болды, осы
процесстің тоқталуына мықты әсер етті.
А.Е.Алекторов Бөкей Ордасы қазақтары арасында оқу-ағарту ісін ғана
жүргізіп қойған жоқ, сонымен қатар олардың тарихын, этногафиясы мен ауыз
әдебиеті нұсқаларын зерттеді. 1887 жылы Оренбургский листок газетінің 8
санында Ішкі Бөкей Ордасы аталатын тарихи очерктерін жариялады. Сол
сияқты қазақ халқының той думандары, сауық кештері, дүниеге келген ұл-
қыздарына ат қою дәстүрі, үйлену, неке салттары, мал шаруашылығының және
жер шаруашылығының жай-жапсары, қазақ ұлтының шығу тарихы туралы мақалалар
жазды. Қазақтар арасында ол кезде жиі кездесетін жесір дауы, жер дауы,
сауда-саттық мәселелері, табиғи жер байлығы туралы, қыс қыстау, жаз жайлау,
адамгершілік, денсаулық мәселелері әр саладағы ресми баспасөз беттерінде
жарық көріп, А.Е.Алекторовтың мақалаларында көрініс тапты тауып отырды.
Қалай дегенмен де, А.Е.Алекторов патшалық Россияның өкілі екенін естен
шығара алмады, христиан дінін уағыздады, ислам дінін христиан дінімен
ауыстыру жолдарын іздеді.
Ол Бөкей Ордасы мектептерінің оқу жүйесін қайта құруды Ыбырай
Алтынсариннің оқыту жүйесін пайдалануға тырысты. Қазақ балаларына бастауыш
білім беруде Н.И.Ильминскийдің ойлары мен ұсыныстарын қабылдады, әсіресе
мектепте алғашқы екі жылда сабақтың ана тілінде жүруін дұрыс деп білді.
Ыбырай Алтынсариннің 1879 жылы шығарған Қазақ хрестоматиясын оқулық
ретінде ұсынды аса бағалы, оқушыға тіптен түсінікті - деп жоғары баға
берді. 1887 жылдан бастап, оның өзі де қазақ балаларына түсінікті олардың
өз тілінде оқулық кітап жазуға кірісті. Ол ойын іске асырды да.
1891 жылы Москвадан Азбука для начальных русско-киргизских школ атты
оқулық шығарды. Кітаптың соңында қазақша-орысша сөздік берілген. Оқулық
орыс алфавитімен таза қазақ тілінде Ыбырай Алтынсарин тәсілімен жазылған.
А.Е.Алекторов қазақ балаларын орыс кітаптарын оқуға үйрететін тұңғыш
методикалық оқу құралының авторы болды. Осы К мудрости ступенька аталатын
еңбегіне Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық - деп аталатын белгілі
өлеңін тұтас енгізген. Ол қазақ ағартушысының бұл шығармасы теңдесі жоқ,
бола да қоймайтын, кесек сырлы дүние, оқу гимні - деген. Кейін бұл оқулық
төрт рет қайта басылып, соңғысы 1910 жылы Омскіден Казахско-русская
азбука. К мудтрости ступенька деген атпен шықты.
А.Е.Алекторов өз тұсында Бөкей Ордасы мектептерін сан жағынан
көбейтуден гөрі, олардағы оқу сапасын жақсартуға баса назар аударды.
Әсіресе, мұғалімдер даярлау, шақырту сияқты перспективалы мәселелерді
шешуде қыруар жұмыс атқарды. Оқу-ағарту ісін жетік білетін нақты нұсқаулар
бірігіп, өзгі сабақтарды өзі жүргізіп отырды.
1893 жылы А.Е.Алекторов Астрахань губерниясы мектептерінің инспекторы
болып тағайындалады. Бір жылғы жуық Астрахань мектептеріне басшылық ете
жүріп, Бөкей Ордасы қазақтарының арасынан жиналған фольклорлық шығармалары
Астраханский листок газетінің беттерінде жарияланып тұрды. Қазақтар өмірі
жөніндегі тақырып оның барша еңбектерінің өзегі болып қала берді. Мысалы,
аталған газеттің беттерінде1893 жылы Аталық, Алтын пышақ, Тоғыз
тоңқылдақ, бір шіңкілдек, Түлкі мен қарт, Екі қой, Үш төренің
сараңдығы атты жазбаларын жарияланды.
1894 жылғы 1 қыркүйектен бастап А.Е.Алекторов өзі сұранып, Орынбор
губерниясына бағынатын Торғай облысы мектептерінің инспекторлығына ауысады.
Бұл өңірдегі мектептердің жұмысымен ол Орынбор өлкесіне келген 1882 жылдан
бастап-ақ таныс болатын. Әр кез Орынборда өтетін оқу ісіне байланысты
жиналыс-мәжілістерде Ыбырай Алтынсаринмен де, онан кейінгі Торғай
мектептерінің инспекторы А.В.Васильевпен де талай рет кездесіп, пікір
алысқан. Ыбырай Алтынсарин енгізген оқу жүйесін қолдап, оның өміршеңдігі
мен болашағын мақтан тұтқан. Әсіресе, оқытушылар даярлайтын мектептер мен
қыздар училищелері жұмысын, олардың халыққа тигізіп отырған игі әсерін
газет-журнал беттерінде кең насихаттап отырған.
А.Е.Алекторов Торғай облысы мектептеріне инспектор болып
тағайындалмастан көп бұрын, бұл өңірдің тарихи мен сол тұстағы экономикалық
және әлеуметтік жағдайын терең зерттеген болатын. Оған дәлел,
А.Е.Алекторовтың 1891 жылы Орныбор баспаханасынан Тургайская область.
Естественные и производительные силы области, хозяйственная деятельность,
ее населения атты көлемді зерттеу еңбегінің жарық көруі.
А.Е.Алекторов бұл еңбегінде Торғай облысының оқу ісі туралы, инспектор-
педагог Ыбырай Алтынсариннің орны мен тындырған ісі жайында тұңғыш рет
салиқалы ойлар айтып, тұжырымдар жасады.
А.Е.Алекторов ауылдық мектептердің ашылуына ерекше көңіл бөлді, оларда
оқыту сапасының жақсаруымен материалдық базаларының нығаюына көп еңбек
сіңірді. Мектеп санын көбейтуді, олардың қазақ даласының ең шалғай деген
түкпірлерінде ашылуын қалады.
Александр Ефимович қазақ мектептерінде пайдаланылатын оқулықтар жазу
жұмысын жалғастыра берді. 1898 жылы Қазақ хрестоматиясының бірінші
бөлімін шығарды.
А.Е.Алекторов мектеп жанына ойын алаңдарын ұйымдастыру, бау-бақша салу,
жеміс ағаштарын отырғызу тіпті бақ жасау, тәжірибе жүргізетін көлемдік
егістік, шабындық жері болу сияқты маңызды мәселелерді үнемі көтеріп
отырды. А.Е.Алекторов әсіресе, құстар мен көл-өзендерді қамқорлыққа алу
сияқты табиғат қорғау мәселелерін де көтерді. Бұған мұғалімдерді тартты.
ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында Торғай облысы мектептері сан жағынан
көбейіп, сапа жағынан да жақсарды, материалдық жағынан біраз нығая түсті.
Осынау қиындығы мен бейнеті көп жұмысты болыстық училищелер инспекторы
А.Е.Алекторов дұрыс бағыттап, ілгері бастыруға бар күш-жігерін аяған жоқ.
А.Е.Алекторов өзінің ұзақ жылдар бойғы ізденуімен зерттеулерінің
қорытындысы ретінде 1900 жылы Қазан университетінің баспаханасынан
Указатель книг, журнальных статей и заметок о казахах аталатын еңбегін
бастырып шығарды. Көлемі 969 бет, қосымшалары 14 бет. Қазақ халқының тарихы
мен экономикасы, саяси және әлеуметтік жағдайы туралы баспа беттерінде
жарияланған кітаптар, мақалалар, очерктер, әңгімелер т.б. жоймаған, аса
сирек кездесетін басылым. Қазақ халқының тарихы мен мәдени өміріне
байланысты материалдар іздеген ғалымдар А.Е.Алекторовтың осы еңбегіне
соқпай, оған сілтеме жасамай кете алмайды.
А.Е.Алекторов, өзі айтқандай, аса сүйкімді әсер қалдырған, жас та тың
және сергек қазақ халқының ортасында болған, оның тарихын, мәдениетін
этнографиясы мен фольклорын жатпай-тұрмай зерттеген, осы өлкеде 35 жыл бойы
оқу-ағарту ісін ұйымдастырған аса қадірлі орыстың оқыған зиялы азаматы
болды.
Александр Ефимович Алекторов қазақтың тілін, салты мен әдет-ғұрпын
жақсы білді. Бұл салада көптеген жинау жұмыстарын жүргізді, зерттеу
еңбектерін жазды.
Социалистік Еңбек Ері, сөз зергері, атақты қазақ совет жазушысы Ғабит
Мүсіреповтың сөзімен айтсақ: А.Е.Алекторовқа жалпы қазақ халқы үлкен
қарыздар.

М.П.РОГИНСКИЙ

Қазан академиясын бітірген М.П.Родинский 1891-1902 жылдада осы қаладағы
оқу округіне бағынатын инспекциялардың бірінде халық училищелерінің
инспекторы болып қызмет атқарды.
1903 жылы Михаил Петрович Ронгинский Торғай халық училищелерінің
директоры болып тағайындалып, Орынбор қаласына көшіп келеді. М.П.Рогинский
Торғай облысының төрт уезін аралап, халық училищелері мен мектептері
жұмысымен танысады, оқытушылармен кездесіп, облыстағы оқу ісінің барысына
ой жүгіртеді. Ол осы сапарында түйгендерін саралап, 1904 жылы Орынбор оқу
округі попечителіне Краткие соображения относительно введения
общедоступности и обучения в Тургайской области және О женском русско-
казахском образований аталатын екі хабарлама тапсырды. Оқу жасындағы
балаларға, оның ішінде қазақ қыздарына жаппай бастауыш білім беру мәселесін
көтерді.
М.П.Рогинский қазақ жастарына жаппай сауаттандырудың бір ғана жолы
ауылдық мектептерді қажетінше ашу, мұндай мектептер көп қаражат та, ерекше
мекенжай да тілемейді, елмен бірге көшіп-қона жүріп, балаларды оқыта беруге
болады, - деп қорытынды жасайды.
Ол Ыбырай Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясына аса жоғары баға беріп,
бұл оқулықтың қайта басылымын шығаруға бірнеше рет ұсыныс жасады. 1905 жылы
Орынбордағы Торғай облыстық басқармасының аға кеңесшісі А.В.Васильевке
барып, Ыбырай хрестоматиясын көп тиражбен бастырып, шығару туралы келісіп
оралады. 1906 жылы А.В.Васильев Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясын көп
тиражбен бастырып шығару туралы келісіп оралады. 1906 жылы А.В.Васильев
Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясын Орынбор баспасынан біраз тараулар қосып,
орыс графикасымен толықтырылып, екінші рет шығарды.
М.П.Рогинский Ыбырай Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясын ақыл-кеңестің
көзі, дүниетанымның алғашқы шарты деп есептеп, әрбір мектеп бітірген
жастың қолтығына осы кітапты сыйлық, ретінде қыстырып жібереді, қолың
босаса-ақ қайта оқып, қасыңда екінші адам болса, оқып бер, - деп тапсырған
екен.
М.П.Рогинский 1905 жылы Букварь для казахский аульных школ аталатын
оқулық жазып, баспадан шығарды. Кезінде бұл оқулық қазақ балаларының орыс
тілі мен ана тілінің ғылыми негіздерінен ұғымдар алуына белгілі дәрежеде
септігін тигізді. Кітап әртүрлі суреттермен, хрестоматиялық материалдармен
жабдықталған. Мұның өзі автордың сабақтың көрнекілік принципін, оқытудағы
әдеби шығармалардың алатын орнын жоғары бағалағанын көрсетеді.
М.П.Рогинский оқу-тәрбие және методикалық жұмысты жақсарта түсуге
бағышталған көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді, оқытушылардың
тәжірибе және пікір алмасуына мүмкіндіктер туғызды. Мысалы, 1905 жылы
облыстық методикалық конференция өткізді, ауылдық мектеп мұғалімдері үшін
ашық сабақтар ұйымдастырды.
Ыбырай Алтынсариннің бастамаларын жалғастыруда, қосымша мектертер ашып,
оқу-ағарту ісіне жаны ашыған орыстың білімді интеллегенттерінің бірі
ретінде М.П.Рогинскийдің аты А.В.Васильев пен А.Е.Алекторов есімдерімен
қатар тұрады.
М.П.Рогинский қазақ мұғалімдеріне ерекше қамқорлық жасап отырды.
М.П.Рогинский қазақ училищелерін қазақтар арасынан шыққан, білімді әрі
тәжірибесі мол адам басқарса тиімді болады деп қорытынды жасады. 1906 жылы
Орынбор оқу округінің попечителі Н.А.Бобровниковке Ғ.Балғымбаевты Торғай
облысының бірінші ауданына кіретін училищелер мен мектептердің инспекторы
етіп тағайындауды ұсынып, ресми хат жазады. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсариннен
кейінгі екінші қазақ Ғ.Балғымбаев 1907 жылы Торғай облысының бірінші
ауданы – Қостанай және Торғай уездері мектептерінің ресми инспектоы болып
тағайындалады.
М.П.Рогинсий 1917-1923 жылдарда Орынбор қаласында, 1924 жылдан өмірінің
соңына дейін Уфа қаласындағы оқу-ағарту саласы мекемелерінде жұмыс атқарды.

Ғ.БАЛҒЫМБАЕВ
Ғ.Балғымбаев 1866 жылы 20 сәуірде Торғай уезінде көшпелі қазақ
семьясында дүниеге келді. Әкесі Балғымбай шаруа, момын, өз шаруасымен ғана
шұғылданған, бірақ көзі ашық, сауатты адам болған. Ғабдулғали (ел ішінде
Әбдіғали деп те атай берді) Ыбырай Алтынсарин ашқан Торғайдағы екі кластық
мектепті тәмәмдайды. 1883-1886 жылдарда Орскі қаласындағы мұғалімдер
даярлайтын мектепте оқып, оны ойдағыдай бітіріп шыққаннан кейін,
Ы.Алтынсариннің ұсынысы бойынша бір жыл Қостанайдағы екі кластық училищеде
мұғалімге жәрдемші болып жұмыс істейді. 1887 жылдан бастап осы училищенің
бірінші класына мұғалім болып тағайындалады, әрі уақытша осы училищенің
меңгерушілігі қызметін қоса атқарады. 1891 жылдың 20 шілдесінде Балғымбаев
Қарабұтақтағы екі кластық училищеге меңгеруші болып ауысады. Кейін 1902-
1097 жылдарда Орынбордан шығатын Тургайские областные ведомости газеті
редакторларының бірі болады, сонымен қатар Орынбор оқу округінде қазақ
училищелерін басқарады. Ал, 1907-1917 жылдары Торғай облыстық халық
училещелерінің инспекторы болып қызмет істейді. Торғай жерінде Балғымбаев
оқу-ағарту ісін ұйымдастыру жұмысымен айналысқан кезде жаңадан 22 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің мұғалімдер мектебінің алғашқы түлектері
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Таңдамалы шығармалар
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары
Ыбырай Алтынсарин өмірінің кезеңдері
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріне психологиялық тұрғыда талдау жасау
ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Ыбырай зертханасы
Пәндер