Ыбырай зертханасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт-ілікті
Ыбырай зертханасы

І. Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институттың
алғашқы ректоры М.О.Төлегенов
ІІ. Ыбырайтанушы ғалым- Ә.Ламашев

Әдебиеттер:
1. Алтынсарин Ы.Үш томдық шығармалар жинағы. Алматы, т-1 1976ж.
2. Балғымбаевтың Ғ. естеліктері. Қазақ ССР Ғылым академиясының
кітапханасы. Қолжазбалар қоры, №357.
3. Васильев А.В. Исторический очерк русского образования в Торгайской
области и современное его состояние. Оренбург, 1896г.
4. Дербісалин Ә. Ы.Алтынсарин. Алматы, 1965ж.
5. Ильминский Н.И. Воспоминание об Алтынсарине. Казань, 1891г.
6. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин. А., 1991ж.
7. Эфиров А.Ф. Ы.Алтынсарин. Алматы, 1949ж.
8. Жүсіпов Ә. Ыбырай (Ибраһим) Алтынасриннің нағашы жұрты (Алтынасрин
оқулары, Арқалық, 1991ж.).

І. Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институттың
алғашқы ректоры М.О.Төлегенов
1883 жылы сәуір айының 10-жұлдызында Орск қаласындағы тұңғыш қазақ
мұғалімдерін даярлайтын мектеп ашылды. Бұл Ыбырай Алтынсариннің Орынбор
округі басшыларының алдына көптен қойып келе жатқан келелі мәселелерінің
бірі болатын.
Мектепке артқан үмітін және оның қоғамдық өмірі үшін маңыз-мазмұнын
Ыбырай Алтынсарин былай сипаттайды: Оқытушылар мектебінде... белгілі білім
алса, қазақ халқының тұрмысына пайдалы болар еді. Қазақ халқының ақыл-ойы
мен экономикасының дами беруіне көмектесе алатын адамдар болар еді.
¥лы ағартушының арманын орындалу көрінісі - 1972 жылы Торғай төсінде
жоғары педагогикалық оку орнының ашылуы болды. Оның тұңғыш ректоры
Мырзағали Отарұлы Төлегенов.
Тағдыр М.Төлегеновтың қалған өмірін өзі шаңырағын көтерген институттан
ажыратпай шешті.
Мырзағали Төлегенов 1935 жылы желтоқсанның 5-жұлдызында Ақтөбе
облысының Ырғыз ауданындағы Арал колхозында дүниеге келген. Орта мектепті
бітірген соң, 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік
университетінің механика-математика факультетінің бірінші курсына түсіп,
оны 1958 жылы қызыл дипломмен тәмамдайды.
Студенттік жылдары да өзі оқыған фаультеті мен университетінің
қоғамдық өміріне белсене араласып іскерлік таныта білді. Жоғары курстарда
болашық ғылыми жетекшісі, әрі тәлімгер академик К.П.Персидскийдің семинар-
сабағына қатысып, арнаулы курстан дәріс тыңдаған зерделі жас, соңғы
курсында академик К.П.Персидскийдің жетекшілік етуімен Ляпуновтың екінші
әдісі бойынша дифференциалдық тендеуді шешудің тұрақгылығын зерттеу
тақырыбы бойынша дипломдықжұмыс жазып, өте жақсы деген бағамен қорғап
шықты. Осы дипломдық жұмысының нәтижесінде ғылыми-зерттеу жұмысына ынтасы
мен ықыласы мол зерек шәкірті ретінде Қазақ ССР Ғылым Академиясының
академигі К.П.Персидскийдің аспиранты етіп қалырады. Небәрі 27 жасында,
1963 жылы физика-математика ғылымдарының кандидатына ғылыми диссертация
қорғап, 1965 жылы доцент атағын алды.
Бір сөзбен айтқанда, Қазақ Мемлекеттік университетінің түлегі -
Мырзағали Отарұлы 1966 жылға дейін өзі оқыған университетінде қатардағы
студенттен, ғылыми доцент дәрежесіне дейінгі барлық сатылардан өтті.
1966-1972 жылдарға дейін аралықга жаңадан ашылған Ақтөбе педагогикалық
институтының оқу ісі, тәрбие жөніндегі және ғылыми жұмыстары бойынша
проректоры болып жұмыс атқарды.
1972 жылы Торғай жерәінде тұңғыш отау көтерген жоғары оқу орны -
Арқалық педагогикалық институтының алғашқы ректоры болып тағайындалды.
Қысқа мерзім ішінде институттың тұрып қалыптасуына, білікті маман
кадрларымен толықтырылып, ілгері дамуына үлкен үлес қоса отырып, Торғай
және басқа да бірқатар облыстар ұшін педагог кадрлар даярлауға қажетті
барлық мүмкіндіктерді жасай білді.
1979 жылы денсаулығына байланысты өтініш беріп, Арқалық педагогикалық
институтының ректорлық қызметінен босап, осы институттың алгебра және
геометрия кафедрасының меңгерушілігіне конкурстан өтті.
1981 жылы қолдаңбалы математикадан техника ғылымдарының докторлығына
диссертация қорғады, 1985 жылы алгебра, геометрия кафедрасы бойынша
профессор атағы берілді.
1986 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының қолданбалы математика
кафедрасының меңгерушілігіне сайланды.
1989 жылдың наурыз айында Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігі
Арқалық педагогикалық институтын білікті ғылым мамандармен толықтыру
мақсатында Мырзағали Отарұлын осы институттың алгебра және геометрия
кафедрасына профессор етіп жіберді. Сол жылы институттың кеңейтілген
кеңесінің мәжілісінде Мырзағали Отарұлы Төлегенов баламалы негізде
бірауыздан (институт тарихында екінші рет) ректорлыққа сайланды.
Мырзекең Қазақ ССР Ғылым академиясының қатты денелердің механика
жөніндегі координациялық кеңестің, Қазақ ССР Ғылым академиясының механика
және математика институтының ғылыми дәрежелер қорғау жөніндегі арнайы
кеңесінің, Халыққа білім беру министрілігінің әдістемелік кеңесінің мүшесі
болды.
Мырзағали отарұлы бірнеше рет Арқалық қалалық, Торғай облыстық партия
комитеттерінің мүшелігіне, халық депутаттары облыстық кеңесінің
депутаттығына сайланды. Қазақстан Коммунистік партиясының ХІV съезіне
Қазақстан мұғалімдерінің ІV съезіне делегат болып қатысты.
М.О.Төлегенов Отан алдындағы еңбегі Еңбек Қызыл Ту орденімен,
медальдармен, жоғары оқу орындарының үздігі белгілерімен аталып өтілді.
Мырзағали Отарұлы 1991 жылдың 21 қаңтарында 56-ға қараған жасында
қайтыс болды.
Мырзағали Отарұлы Төлегеновті есте мәңгілік қалдыру үшін Арқалықта ол
тұрған көшеге профессор Төдегеновтың есімі берілді, институт тарихы мен
мұражайы қорында мәңгілік орын алды.
Туған жері Ырғызда үлкен көшелерінің біріне Мырзағалидың аты берілді,
жергілікті мұражайға оған арналған экспонаттар қойылды, өзі оқыған Ақшидегі
мектебіне есімі берілді.
Ақгөбе педагогикалық институты тарихында оның есімі тұңғыш проректоры
болып сақталынады. Сонымен, ер есімі - ел есінде!
Мырзекең нақты ғылым салаларымен қатар, ақындық, жазушылық, музыкалық
қабілеттерден де құралақан емес еді.

ІІ. Ыбырайтанушы ғалым- Ә.Ламашев

Әсет Исламқалиұлы 1928 жылы ақпанның 22 күні қазіргі Батыс Қазақстан
облысы, Ақ жайық ауданы, Дуана ауылында дүниеге келген. Ол Шалқар орта
мектебінің тоғыз класын бітіріп, оныншы класс аудан бойынша болмағандықтан,
оныншы класты бітірмей-ақ институтқа түседі.
Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогика институтына келді.
Оның директоры К.Ф.Васильевтің қабылдауына ілігіп, қазақ тілі мен әдебиет
бөліміне студент болып тіркелді. Ол кезде қабылдау емтиханы, не басқа да
комиссия дегендерін болмайтын. Соғыстың нағыз қызып тұрған кезі ғой, оқимын
деушілер аз еді... не керек директордың бұйрығымен студент болдым да
қалдым.
Ол Шалқар орта мектебінің тоғыз класын бітірп, оныншы класс аудан бойынша
болмағандықган қалада бар ма деп келіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанипа Бітібаева - жаңашыл ұстаз
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы
1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнері
Тәржіма тағылымы
Қоғам және мемлекет қайраткері энциклопедист - ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының көптеген зерттеу еңбектерінің бірінде
Архимед Мыңбайұлы мен Рафиха Нұртазинаның негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі
Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының құрамы
Қазақстандағы саяси репрессия
Пәндер