Белгілі революционер Әліби Тоғжанұлы Жанкелдин Ыбырай Алтынсариннің шәкірті
Ыбырайдың даму мен қалыптасуына әсерлерін тигізген замандас-тұлғалар
Жоспары:
І. Ыбырай Алтынсарин мен В.В.Васильев (1816-1881) пен Н.И.Ильминский (1822-
1891).
ІІ. Н.А.Бобровниковтар мен В.В.Катариский (1846-1902).
ІІІ. Ыбырай Алтынсарин мен Я.П.Яковлев (1815-1890).
Әдебиеттер:
1. Ильминский Н.И. Воспоминание об Алтынсарине. Казань, 1891ж.
(Алматы, 1991)
2. Веселовский Н.И., Григорьев В.В. По его письмам и трудам. С-
Петербург, 1887г.
3. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин (семинарий). Алматы, 1991ж.
4. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин ж”не оның орыс достары мен
ізбасарлары (Тарихи очерктер). Алматы, 1988ж.
5. Мырзахметов М. Ыбырай және профессор Ильминский Ыбырай
тағылымы (әдеби мақала мен зерттеулер). Алматы, 1991.
І. Ыбырай Алтынсарин мен В.В.Васильев (1816-1881) пен Н.И.Ильминский
(1822-1891)
А.В.ВАСИЛЬЕВ
1889 жылы 17 шілдеде Торғай мектептерінің инспекторы Ыбырай Алтынсарин
дүние салды. Қостанайдағы екі кластық орыс-қызық училищесінің меңгерушісі
Ф.Д.Соколов Орынбор округтік оқу инспекторы В.В.Катаринскийге болған жәйді
айтып, телеграмма берді. Қазақтың ұлы педагогі Ыбырай Алтынсариннің орнын
жоқтатпайтын білімді де, ұстамды адам іздестіре бастады.
Сайып келгенде Н.И.Ильминскийдің ойы – Ыбырай Алтынсариннің орнына
білімді де іскер, әрі ел арасында беделді, тек жергілікті халықтан шыққан,
оқығандардың бірін қою еді. Оның ұсыныстарына Катаринский қарсы болған жоқ.
Оқу-ағарту саясатын жүргізуші басшылар бұл мәселені шешуде басқаша бағыт
ұстады, қалай болғанда да Торғайдағы оқу орындарын жергілікті ұлттан шыққан
оқығандарға басқартуды қолайлы деп таппады.
А.В.Васильевті біз қазақ халқының классик-педагогі Ыбырай Алтынсариннің
педагогикалық идеялары мен бастаған істерін алға апарушы, тікелей
жалғастырушы ретінде танимыз.
Александр Васильевич Васильев 1861 жылғы 23 ақпанда Қазан губерниясының
Чебоксары уезіндегі Шутнерев селосында дүниеге келді. 1869 жылы
Чебоксарыдағы училищеге оқуға түседі. Діни пәндерге қоса арифметика, латын
және грек тілдерін үйренеді. Оны ән айту, хорға қосылу сияқты өнер
қызықтырады.
Бұл кезде училищеге бас тәрбиеші болып, Қазан академиясын озық ойлы
педагог Владимир Васильевич Катаринский келген еді. 1876 жылы Александр
Васильевич аталған училищені тәмәмдап, сол жылы Қазандағы семинарияға оқуға
түсті.
1882 жылы А.Васильев озат оқушылар қатарында семинарияның толық курсын
бітіреді де, сол жылы Қазан академиясына оқуға түседі. Мұнда діни
лекциялармен қатар, түрлі ғылым салаларынан : физикадан, астрономиядан,
химиядан және жаратылыстанудан дәріс алады, өз бетімен де білімін көтереді.
1886 жылы академияны бітірген соң А.В.Васильев Орынбордағы семинарияға
латын және грек тілдерінен, әннен сабақ беретін мұғалім болып
тағайындалады, бірақ 1886 жылдың қараша айында Торғай облысының орталығы
Орынборға келеді. Ол бірден қазақ халқының мәдени-рухани өмірімен, тұрмыс-
салтымен таныса бастайды.
А.В.Васильев қаһарлы қыстың қалың қарына малтығып, Қостанайға келіп,
инспекторлық жұмысты қабылдағанда 28 жаста еді. Ол Ыбырай Алтынсариннің
ісі, оның халқы алдындағы беделі мен ықпалы, білімділігі мен еңбекқорлығы
туралы көп естіген еді.
1890 жылдың алғашқы айларының бірінде А.В.Васильев Торғай болысының
уездеріндегі мектепті өз көзімен көруге, оқушы, оқытушыларымен танысуға,
жалпы хал-жайларын білуге аттанды. Төрт уезді аралап, екі айдан астам жол
жүріп, март айында Қостанай қаласына қайта оралды.
Ол Торғай облысы бойынша жалпыға бірдей бастауыш мектеп көлемінде білім
беруді арман етті, оны алдына мақсат етіп қойды. Отырықшы қазақ пен орыс
селендері балалары үшін интернатсыз бастауыш мектептер ашуды ұсынды,
молдалардың ағартушылық жұмысынан үзілді-кесілді бас тартуды дұрыс деп
тапты. Ол қазақ халқы үшін, оның тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы көшпелі
мектептер ашу тиімді деп білді. Әрине, көшпелі мектептер ашу идеяларын
кезінде Ыбырай Алтынсарин да ұсынған болатын.
А.В.Васильев адамгершілік тәрбиесіне үлкен мән беріп, оқу-ағарту
саласындағы орыс-қазақ достығын жоғары бағалады. Христиан не ислам діндері
уағыздарын мектепке енгізудің қажеті аз, керісінше ғылым негіздерін оқыту,
шыншылдыққа, адалдыққа, адамды сүю рухында тәрбиелеу басты парыз деп
біледі. Ол Ырғыздағы, Қостанайдағы, Ақтөбедегі және Торғайдағы қазақ-орыс
училищелерін қалалық үлгідегі училищелер ережелері негізінде қайта құруды
кезек күттірмейтін мәселе деп қарады және уездегі мектептер жұмысына, оның
шаруашылығына басшылықты онан әрі жетілдіре беру қажет деп түйді.
Торғай уезінің тұрғындары негізінен қазақтар, сол себепті басқа ұлт
балалары жергілікті халық тілін жетік білетіндіктен сол мектептерде оқи
беруіне болады деп есептеді. Науырызым болысынан бір болыстық мектеп,
Торғай қаласынан интернаты бар 20 орындық орыс-қазақ қыз балалар училищесін
ашып, Яковлев атындағы кәсіптік училищеден қосымша ұста-слесарлық бөлім
ашу, сөйтіп оның жанындағы интернатта жататын балалар санын арттыру туралы
ұсынысты қолдады.
А.В.Васильев инспекторлыққа кіріскеннен кейін, көп кешікпей Торғай
мектептеріндегі мұғалімдік міндеттерді атқаратын мамандардың сапасына көңіл
аударды.
А.В.Васильев Торғай уезіне оқу-ағарту ісін жетілдіру жөніндегі ойларын
табандылықпен жүзеге асырғанын атап айту керек. 1890 жылы Яковлев училищесі
жанынан жоғарыда аталған ұста-слесарь бөлімі ашылды. 1891 жылдан бастап
Торғайда қыздарға арналған 12 орындық интернаты бар орыс-қазақ училищесі
жұмыс істей бастады.
1890-91 оқу жылының қорытыдысы туралы берген есебінде бұрынғы есепке
жоғарыда аталған екі мектептің қосылғанын хабарлады. Жас инспектор 1891
жылдың күзінде тағы да екі болыстық мектеп ашуға рұқсат алды.
Бұл тұста ол жылжымалы ауылдық мектептердің ұйымдық құрылымын жасауға
кіріскен болатын. Осынау жауапты жұмысты барынша тез аяқтады да, Орынбор
әскери губернаторы бұл ережені қолдайтығын хабарлады.
А.В.Васильев Торғай даласындағы ауылдық мектептердің тұңғыш
ұйымдастырушысы болды. Оны ашу мүмкіндіктері, орналасуы мен оқытушылары
туралы Ыбырай Алтынсарин, В.Григорьев, Н.Ильминский кезінде көп айтып, өз
ұсыныстарын жазбаша қалдырған болатын.
1894 жылдың басында Торғай облысында оның тікелей араласуымен ашылған
ауылдық мектептердің саны 25-ке жетті. 1894 жылы А.В.Васильев Торғай
облысының мектептері инспекторы жұмысынан босанып шықты. Оны оқытушы
кадрларын дайындау, іздестіріп табу, үйрету ісіне қосқан үлесі де мол.
Қостанайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесі жанынан педагогикалық бөлім
ашуды – ауылдық мектептерге мұғалімдер даярлау жоспарын қолға ала тұрса да,
ойларын кезінде жүзеге асыра алмады. Орынбордан, Қазаннан оқытушылар
шақырып, оларды орналастырып, көмектесіп отырды. Әйел-қыздардың оқуына да
мүмкіндік туғызды. Егер кезінде Ыбырай Алтынсарин Ырғыз қыздар мектебі
(1887 ж.) ашса, А.В.Васильев 1891 жылы Торғай қаласында интернаты бар
қыздар мектебін ашты. Осы жылдары ол Қостанай және Ақтөбе қалаларында
қыздарға арнап мектеп салдыра бастады. Қарабұтақта, Қостанайда қыздар үшін
оқу орнын ашу мәселесін қойды.
1894 жылдың соңында Қостанайдан Орынбор қаласына қоныс аударды, біраз
уақытын ғылыми жұмысқа бөлді. Торғай облыстық басқармасының аға кеңесшісі
міндетін атқарды. 1896 жылы Торғай газетіне редактор болып тағайындалады
да осы бір жауапты жұмыста он жыл бойы адал еңбек етті. Оның Торғайдағы оқу-
ағарту ісіне сіңірген еңбегі ұланғайыр.
Әсіресе, оның 1896 жылы Торғай облыстық статистика басқармасы шығарған
Исторический очерк русского образования в Торгайской области и современное
его состояние атты тарихи мәні бар үлкен еңбегін атап айтуға тұрарлық.
Кітап 226 бет, оған қоса 74 беттік қосымшасы, Торғай облысы мектептерінің
1896 жылғы жәйін көрсететін үлкен жалғамасы бар. Торғай даласындағы 1824-
1896 жылдар арасындағы қазақ жастарының орысша білім алу тарихын зерттеуге
арналған бұл еңбегінің ғалымдар үшін, әсіресе педагогика тарихын
зерттеушілер үшін бағасы аса жоғары.
А.В.Васильев қазақ халқының ауыз әдебиетін жинап, барынша жүйелеп,
баспа бетіне шығарды. Мысалы, Тургайские областные ведомости газетінің
1892 жылғы 33 және 34 сандарында қазақтың 112 мақал-мәтелін жариялады,
кейін ол жеке кітапша болып басылып шықты.
1897 жылы Известия Оренбургского отделения русского географического
общества аталатын жинақта А.Васильевтің Үш жігіт аталатын қазақ аңыз-
ертегілері негізінде жазылған ұзақ өлеңі жарияланды. 1898 жылы Тургайские
областные ведомости аталатын газетте Образцы киргизской народной
словесности атты қазақ ертегілерінің орысша аудармасын жариялайды, ол
кейін Орынбордан жеке кітапша болып шықты. Оған қазақ халқы арасынан мол
тараған Тоғыз тоңқылдақ бір шіңкілдек, Тазша бала, Алтын айдар,
Алдар көсе т.б. ертегі-аңыз әңгімелер енген.
Торғай қазақтары арасынан жинаған жұмбақтары да 1900 жылы жеке кітапша
болып шықты. Сол жылы Тургайская газетада Қозы Көрпеш-Баян-Сұлудың бір
вариантын орыс тілінде жариялады, ал Бозжігіт поэмасын қазақ және орыс
тілдерінде бастырды.
Тургайская газетінің беттерінде 1901 жылы Васильевтің Народные
способы и срдства, употребляемые при лечении болезней казахами Тургайской
области аталатын көлемді мақалалар сериясы жарияланды. А.Васильев тек
факті-болмыстарды тізіп, емдеу жолдарын баяндап қана қоймай, оған ғылыми
түсініктер де берген. Ол қазақ даласындағы ғылыми медицинаның насихатшысы
да болған. Ғалым жергілікті емшілердің іс-әрекеттерінің бәрін жоққа
шығармайды, көпшілік жағдайда оларды қолдап, алынған емді бойға сіңіру
жолдарын реттеуге ұсыныс жасайды.
А.В.Васильев Орынборда болған жылдарында Батыс және Шығыс халықтарының
кейбір шығармаларын орыс тіліне аударумен шұғылданды. Мысалы, ескі шағатай
тілінде жазылған Шыңғысхан мен Ақсақ Темірдің тарихынан аударды. Ол қазақ
оқығандарымен жиі қатынасып, хат жазысып пікірлесіп отырды. Белгілі
революционер Әліби Тоғжанұлы Жанкелдин Ыбырай Алтынсариннің шәкірті. Торғай
облысы мектептерінің соңғы инспкторы Ғабдулғали Балғымбаев, Темір уезінің
мұғалімі Қаюм Қабыров оның үйінде жиі болып тұрған.
1906 жылдың 7 қазан күні А.В.Васильев Орынбор оқу округінің округтік
инспекторы болып тағайындалды. Оның оқу-ағарту жұмысына оралуын қазақ
оқығандары да құптап қарсы алды.
Жаңа жұмысты қабылдағаннан кейін Орынбор округіне қарасты барлық
мектептердің жәй-күйімен танысып, перспективалық жоспарлар жасай бастайды.
Әсіресе, Торғай облысындағы орыс-қазақ училищелеріне, оның ішінде облыстық
мектептерге қолма-қол жәрдемдесуге кірісті, оларды оқулықтармен қамтамасыз
етуді қолға алды. Ыбырай Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясының екінші
басылымын баспаға дайындай бастады, кейін оған алғы сөз жазып, бірқатар
жаңа материалдармен баспадан 1906 жылы көп тиражбен шығарды.
Орынбор оқу округі 1907 жылдың шілде айында Уфа қаласына орын ауыстырды
да, А.Васильев те осында көшіп келді. Бұл тұста ол Орынборда жаза бастаған,
орыс-қазақ мектептері үшін әліппесін аяқтаған еді, ол 1908 жылы Қазандағы
баспаханадан шықты.
1909 жылы А.Васильев Қазан оқу округіне шақырылады да, Симбирскі
губерниясындағы халық училищелерінің директоры болып тағайындалады. Екі жыл
Симбирскіде тұрып, Қазанға губерниялық халық училищелерінің директоры болып
оралады. 1912 жылы Қазақтар үшін әліппенің екінші басылымын жарыққа
шығарып, қазақ мектептеріне тартады.
1921 жылдың күзінде Қазан қаласына көшіп келді. Статистика
басқармасында жұмыс істеді, археологиялық материалдарды зерттеу ісін қолға
алды. 1934 жылы А.Васильев жасының ұлғаюына байланысты пенсияға шықса да,
ғалым нумизмат ретінде зерттеу жұмысын тоқтатпады.
Ізгі жанды педагог-ұйымдастырушы, белгілі тарихшы-ғалым А.Васильев ауыр
науқастан 1943 жылы дүние салды.
Н.И.ИЛЬМИНСКИЙ
Николай Иванович Ильминский 1822 жылғы 21 сәуірде Пенза қаласында
дүниеге келді.
1836-42 жылдарда Пензадағы семинарияда оқыған. Оны бітіргеннен кейін
1842 жылы Қазан қаласына келіп, академияға оқуға түседі 1846 жылы оны үздік
бітірген Николай Иванович осында жаратылыстану, түрік-татар тілдері
пәндерін жүргізетін мұғалім ретінде қалдырылады. Жұмысқа деген ынтасы мен
ғылыми-зерттеу ісіне аса қабілеттілігінің нәтижесінде оған 1847 жылы осы
академияның аға магистрі және бакалавры атағы беріледі.
1851 жылдың 26 маусымынан 1854 жылдың 14 шілдесіне дейін Сирияда,
Пакистанда және Египетте болып, Константинополь, Дамаск, Каир сияқты
қалалардың үлкен кітапханалары мен оқу орындарының және ғылыми жұмысымен
танысады, араб-парсы тілдерін үйренеді. Бұл ғылыми командировка
Н.И.Ильминскийдің шығысты терең білуіне үлкен көмегін тигізді, бұрыннан
татарша жақсы білетін ол енді шығыс халықтары мәдениетін, этнографиясы мен
тілдерін тереңірек зерттеуге кіріседі.
1857 жылдан бастап Н.И.Ильминский академияда шығыс тілдерінен лекциялар
оқи бастады. Сол жылы ғылыми совет оған осы академияның экстроординатор
профессоры деген атақ береді. Бірақ көп ұзамай академияның ректорымен сөзге
келіп, келісе алмай профессорлық қызметін тастап, біржола кетіп қалады.
1858 жылы қазан айында Орынбор қаласына Шекара комиссиясына жұмысқа
келді.
Николай Иванович Шекара комиссиясында аудармашы болып бір жыл жұмыс
істейді де, 1859 жылдан бастап Орынбор губерниялық басқармасының ерекше
тапсырмаларын орындайтын қызметкері болып бекітіледі.
Жұмысқа кіріскен алғашқы күннен бастап-ақ Н.И.Ильминский қазақ тілін
меңгеруге күш салады, тынбай ізденеді. Қазанда жүріп қазақ тілін білуге
мүмкіндік болмады, еді осы халықтың өзін де, тілін де білгім келеді, -
деді ол В.В.Григорьевке.
1859 жылы Каспий теңізі жағалауын зерттеп, картаға түсіруге бас штабтың
полковнигі В.Д.Дандевиль бастаған экспедиция жолға шықты. Н.И.Ильминский
осы экспедицияның құрамына аудармашы ретінде енді.
Бұл экспедиция алдына қойған мақсатты жұмыстарын бітіріп, 1859 жылдың
қазан айында Орынборға қайта оралады. Н.И.Ильминский Орынборға келген бойда
көп кідірместен шекара комиссиясының председателі В.В.Григорьевтің жұмыс
орнына келсе, онда Қазақ мектебін алғашқы бітіргендердің бірі Ибраһим отыр
екен... Сонымен мен Алтынсарин мен В.В.Григорьевтің жұмыс кабинетінде
кездестім - дейді. Міне, Ыбырай Алтынсарин мен Николай Иванович Ильминский
арасындағы достық пен ынтымақтастық осылай басталып кетті.
Ыбырай Алтынсариннің орысша, европаша білім алып, ой-парасатының
тереңдей түсуіне Н.И.Ильминскийдің тікелей жәрдемі де, белгілі дәрежеде
ықпалы да болады.
Н.И.Ильминский өзінің күнделікті істеп жүрген қызметінен бос уақытында
өнер-білім жолындағы жас талап – Ыбырайдың түсінбеген мәселелері мен сан-
саналы сұрақтарына ерінбей-жалықпай жауап беріп, оны ғылым-білімнің өріне
қарай үнемі тартып, баулып отырды. Ыбырайдың орыс тілін толық меңгеруіне де
Н.И.Ильминский мен оның семьясының көп жәрдемі тиеді.
Міне, Н.И.Ильминскийдің қазақтың болашақ ұлы педагогі Ыбырай
Алтынсаринге алғашқы көрсеткен жәрдем-ықпалы осындай болды. Бұлардың
арасындағы жарасқан достық, пікір алысу мен ақыл-кеңес отыз екі жыл бойы
үзілмеді, арнасы кеңіп, ұлғая берді.
Қазақтардың арасындағы оқу ісінің болашағын ескеріп, Н.Ильминский
Орынбор шекара комиссиясының председателі генерал В.В.Григорьевтің арнайы
тапсырмасы бойынша барған командировкасынан күзде оралды да, қазақ
мектептеріне арнап орыс және қазақ тілдерінде оқулық жазуға кірісті.
Оқулықтың алғашқы нұсқаларын ол Қазан университетінің ғылыми жазбалаларының
1860 жылғы үшінші, төртінші кітабына, 1861 жылғы бірінші кітабына
Материалы к изучению казахского наречия - деген атпен енгізілді.
Н.И.Ильминский Самоучитель русской грамоты для казахов аталатын
оқулық кітабын орыс және қазақ тілдерінде Қазан қаласынан 1862 жылы
шығарды.
Самоучитель... екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде әріптер, оларды
атау, біріктіріп оқудың қарапайым ережелері, оқуға арналған сөздер мен
қысқа жәй сөйлемдер берілген, екінші бөлімінде орыс тілінде қысқа
әңгімелер, өмірлік мәні бар шағын мақалалар. Олар дауыстап оқуға арналған,
кейін қазақша аударып, оқушылар мазмұнын айтуы керек. 1861 жылы
Н.И.Ильминский Қазаннан Ер Тарғын эпосын араб әрпімен қазақ тілінде
бастырып шығарды.
Сонымен ең алғаш рет тәжірибе ретінде орыс графикасын қазақ жазбасында
пайдаланған Н.И.Ильминский болды. Ол орыс графикасы негізінде қазақ
сөздерін жазуға арналған тұңғыш өзіндік ерекшелігі бар алфавиттің авторы.
Сонымен Н.И.Ильминский қазақ оқырмандарына арналған оқулықтар мен қазақ-
орыс сөздігінің авторы делік, оның бұл еңбектеріне кезінде әртүрлі сындар
айтылса да, ұзақ жылдар бойы қазақ мектептерінде оқулық болып қала берді.
Оған дәлел Самоучитель русской грамоты для казахов атты оқулықтың 1874
жылы Қазаннан екінші рет қайта басылып шығуы. Осы басылымында қысқа
әңгімелер қазақ-орыс тілдерінде қатар берілген, бір ерекшелігі, мысалдар
қазақ халқының тірлік-тұрмысы мен әдет-ғұрпынан алынған.
Самоучительдің... 1861 жылы және 1874 жылы басылып шыққан нұсқаларын
Ыбырай Алтынсарин кезінде өзі ұйымдастырып ашқан, сабақ берген
мектептерінде кең пайдаланды және оларды жоғары бағалады.
Николай Иванович Ильминский 1861 жылы Қазан қаласына біржола көшіп
келді. Ыбырай Алтынсарин Н.И.Ильминскиймен 1860 жылдың мамыр айынан 1876
жылдың қыркүйек айының 7-не дейін жүздесіп, кездескен жоқ, бірақ екеуінің
арасы суымады. Ыбырай Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге қазір бізге белгілі 29
хаты бар, олардың алғашқысы 1860 жылдың 22 шілдесі күні Торғайдан жазылған.
Соңғысы 1889 жылы 6 наурызда жазылған екен. Бұл хаттарды тек амандық білу
үшін ғана жазылған дүниелер деп қарауға болмайды, олар Ыбырай Алтынсариннің
педагог-ұйымдастырушы ретінде арқалаған жүгінің салмағын, сауатын, ой-
өрісін, жан байлығымен алдына қойған мақсат-мүдделерін ашатын асыл да баға
жетпес қазыналар.
Ыбырай жазған әрбір хат жеке бір шығарма десе де артық емес. Өйткені,
оның мазмұны мен көркемдігінің жоғары екеніне Н.И.Ильминский әдейі көңіл
аударған. Ол Ыбырайдан алған хаттарды өз әріптестеріне көрсетіп, оқытып,
оның мазмұндылығымен қойып жүрген мәселелерінің ауқымды екенін
қошеметтеген. Ыбырай Алтынсарин бір хатында: Бір хатыңызда сіз
(Ильминский) менің хатымды басқаларға көрсетіп едім, олардың бәрі де сені
мақтады депсіз - деп жазыпты.
Н.И.Ильминский өзінің Воспоминание об И.Алтынсарине (Казань, 1891)
атты еңбегіне Ыбырай Алтынсариннің әр кезде жазған 92 хатынан, ресми
қағаздарының түпнұсқасынан көшірмелер берген, оның облыстық мектептер
туралы белгілі жазбалары Записка Алтынсарина о волостных школах деген
атпен әдейі берілген.
Н.И.Ильминскийдің қазақтар арасына әбден сіңісіп, достасып, үйреніп
қалғандығы соншалық, 1861 жылы күзде Орынборда Қазан қаласына ауысарда досы
П.С.Савельевке былай деп хат жазыпты: Признаюсь Вам по секрету, мое сердце
отдано казахам, и моя кыбла, обращено в зауральную степь. Оның жүрегінен
шыққан осы сөздердің шындығы мен адалдығын Н.И.Ильминскийдің болашақ іс-
әрекеті мен қазақ халқының оқу-ағарту саласындағы достығына тигізген
қолқабыс жәрдемінен көруге әбден болады. Ыбырай Алтынсаринді Душа моя
Ибраш - деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz