Ыбырай ата



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУДЕ ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Білім беру саласындағы өзгерістер,жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін
ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық ерекшелікті ескеру, даралап, саралап
оқыту бүгінгі буынның басты мәселесіне айналуда. Осы тұрғыдан алғанда,
осыдан бір жарым ғасыр бұрын қазақ сахарасында мәдениет пен оқыу ағартудың
туын көтерген, халыққа қажетті бар байлық, бақыт та, жақсылық та біліммен
келетінін насихаттаған, ғылыми еңбегімен де, мектеп ашу, оқулық жазу,
мұғалім даярлау сияқты табанды істерімен де үлгі-өнеге көрсеткен Ыбырай
Алтынсариннің педагогикалық мұраларының маңызы ерекше.Ә.Сыдықов
Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары және ағартушылық қызметі атты
еңбегінде Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептердің жүйесін, оқу-тәрбие ісінің
мазмұнын саралай келе, оқытудың ағартушы ұстаз ұсынған дидактикалық
принциптерін: Ы.Алтынсариннің педагогикалық жүйесі халық ағарту саласында
аса зор, пайдалы рөл атқарады, оның көптеген қағидалары осы күнге дейін өз
мәнін жойған жоқ. Оның ілімі өз алдына дербес, тұтас бір пелагогикалық жүйе
болып табылады.Онда адал көңілден шыққан сын да, жаңашыл бастаманы қолдау
да, өзіндік ой-пікірді орынды айта білу де бар деп түйіндейді.Сол
заманның өзінде дәл бүгінгідей қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп
таныған Ы.Алтынсарин өз ойын іске асыруда көптеген кедергілерге кездесе
отырып, табандылықпен және білген, өмірінің соңғы сәтіне дейін өз мақсатын
берік ұстанған. қазақ халқы деген-оқу-білімге сусап отырған халық, әттең
бұл іске оқыған адамдардың жаны ашымайтыны есіңе түскенде күйінесің.Бұл
жағынан алып қарағанда, кейде жылы сөзге ынтазар жетім бала сияқтымыз.
Қандай қиыншылықтарға кездессекте, біз әйтеуір өз ойымызды орындап келеміз
дейді Н.И. Ильминскийге жазған хатында. Оның халықтан қаражат жинап, мектеп
ашуы, инспекторлық қызмет атқара жүріп, мектептер санын көбейтуі, оқулық,
әдістемелер жазып таратуы- қазақтарға осы дарынды, ақылы мол халыққа
қазір, кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт
беру-қалай дегенмен аса қажет болып отыр пікірінің іс жүзіндегі көрінісі.
Сол кездегі мектептердің басты мақсаты етіп баланың жеке басының ақыл-ойын
өсіру үшін,мінез-құлқын жетілдіру үшін нақтылы білім беру керекдегенді
қояды. Бұл ойы қазіргі оқу мен тәрбиенің бірлігі, жан-жақты білім беру
мәселесі жөнінде бүгінгі күнмен де сабақтасып жатқандай. Ол оқыту процесін
ұйымдастыруда:
1)мұғалімнің ролі, 2)оқу-материялдық базаның шешуші маңызы,
3)оқулықтарды қазақ мектептеріне пайдалану үшін жарамдылығы жағынан үқыпты
тексеріп отырудың қажеттілігі мәселесіне ерекше ден қояды. Мұғалімдердің
білім көтеру үшін мектеп кітапхпнасынан педагогика-әдістемелік кітаптарды,
әдеби кітаптарды алу үшін қаражат бөлген. Жақсы білім беру керек, қалай
болса солай оқуға болмайды. Оқытатын кітаптар ғылымға енгізілуі тиіс деп,
қалай оқыту, не үшін оқыту керектігін жонінде педагогикалық таңдаулар
жасаған.
Қазіргі кіріктіре оқыту (интеграция)әдісін Ыбырай өз тәжірбиесінде
қолданған байқауға болады. Ол христаматия оқулығына жаратылыстану,
физика,химия, география ғылымдарынан, техника жаңалықтарынан түсінік бере
отырып, білімді жан жақты топтап беруді көздегенін айтады. А.А.Мазохин,
Ф.Д.Соколов, Т.Балғымбаевқа жазған хаттарында балаларға тиянақты білім
беруді өмірмен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде ақыл-
кеңестер береді. Өз іс-тәжірбиесінде дүние жүзі педагогикасының классиктері
Я.А.Каменский, Ж.Ж,Руссо, К.Д.Ушински т.б гуманистік идеяларын басшылыққа
алып, өзінше қолданып байытып отырған Ыбырай халықтық педагогиканы да ең
басты орынға қояды. Оқу-ағарту саласындағы еңбектерінде, өзінің төл
шығармаларында да халықтық негізді, дүниетанымды, салт-дәстүр,әдет-ғұрыпты,
ізгілік қасиеттерді арқау етеді.
Қазақ христоматиясында енген шығармаларында шәкірттерге ой
салатындай, еңбекке, әдептілікке мейі-рімділікке, ата-ананы қадірлеуге әдет-
ғұрып, салт-сананы сіңіруге білуге тәрбиеленетіндей ауыз әдебиеті үлгілерін
кіргізе отырып, оның тәрбиелік, білімдік-танымдық қасиеттеріне ерекше назар
аударған. Халықтың Жиренше, Ұлықпан хакім қара батыр сияқты қалаулы ұлдары
жайындағы әңгімелерін қосып, оларың елдің келешегін ойлаған тапқырлық,
әділдік т.б ізгі істерін үлгі етіп ұсынған.
Оқу – тәрбие жұмысында, оқу процесін ұйымдастыруда Ы.Алтынсаринің
ерекше назарда ұстанғаны-балаларға кәсіптік мамандық беру мәселесі. Қазақ
халқының экономикалық жағынан өсуі үшін мектептерді орнықтыру ретінде әлі
де көп тиянақтылық керек деген оймен экономикалық дамуына қажетті мамандар
әзірлеу ісінде тұңғыш бастама жасаған. Мұны қолөнер, ауыл шаруашылығы
мектебін ашуынан, жалпы білім беретін мектептерде ұл балаларға қосымша ағаш
шебері, ұсталық, қыз балаларға өрмек тоқу, киәм тоқу, киіз басу т.б.
кәсіптерге үйретуінен көреміз. Қазақ қыздарына арнап арнайы мектеп ашуының
өзі қазақ халқы өмірінде аса маңызды тарихи оқиға болды.
Ы.Алтынсарин мектептегі оқытуды, негізінен, ана тілінде жүргізді. Сол
кездегі белең алған жаттамалары оқуға қарсы шығып, олардың оқыту әдіс-
тәсілдерін сынға алды. Зерттеу еңбектерінде, бірінші сатыда-тіл дамыту,
екінші сатыда-әліппе бойынша оқыту, жазу, салыстыра оқыту, сыныптан тыс
оқыту сияқты жүйе бойынша оқыған шәкәрәттері кысқа мерзімде сауаттанып, тез
меңгергендігі айтылады. Орыс тілін меңгертуде аударма әдісін пайдаланып,
екі тілді де еркін сөйлеу, ойлау, сөзді үйретуден бастауында екен. Қазіргі
жаңа буын оқулығын өмірге енгізуде Қазақстан Республикасы Білім мазмұны
тұжырымдамасы бойынша базалық оқу жоспарындағы пәндердің рөлі қандай болмақ
дегенде, Қазақ тілі бүкіл әндерді игерудің негізі болуы керек, қазақ
тілін оқытуда, ең алдымен, тілді өзінің табиғатына қарай, қарым-қатынс
құралы ретінде таныту керек дегентұжырымдар жоғарыдағы ой-пікірлермен
үндеседі. Білім беру жүйесіндегі бүгінгі жаңаша бетбұрыс кезінде
Ы.Алтынсаринның педагогикалық идеялары, әдістемесіндегі көтерілген
мәселелер өзінің өміршеңдігін танытып отыр.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттан, білім беруді
демократияландыру мен ізгілендіру, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білімнің
дамытушылық сипаты, білімнің, ғылымның, өндірістің интеграциялануы,
оқушыларды кәсіптік бағдарлау т.б. ұстанымдар осыдан бір жарым ғасыр бұрын
халыққа қызмет еткен Ыбырай шығармашылығындағы көрініс тапқан,
педагогикалық көзқарасындағы ұсынған балаға еркіндік беру, жүрек жылуын
беруі мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, оқушы бойынан жақсы
қасиеттерді табу тәрізді ұстанымдар білім беруді дамытудың өзекті
мәселесіне айналуда. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда
оқытушы оларды кіналауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін
кіналауға тиіс. Ол балалар мен сөйлескенде,ашуланбай, жұмсақ
сөйлесуі,шыдамдылық көрсетуі керке деген ой-пікір бұгінде ұстаздардың ең
басты мәселесі. Ыбырай дәстүрі осылайша білім мазмұнын, оқыту әдістерін
жетілдіруде кең қанат жайып, молыға түсуде. Асыл қазнаға айналған мұралары
бүгінгі таңда оқу бағдарламалары мен оқулықтарға еніп, ана тілі, тарих, I
сыныптан Х сыныпқа дейінгі әдебиет сабақтарында сыныптан тыс жұмыстарда
таныстырылып келеді. Бүінгі күні маңызды мәселеге айналып отырған
отансүйгіштікке, халық дәстүрін қастерлеуге, еңбекке адамгершілікпен
салуатты өмір сүрге тәрбиелеуге қызмет етіп келеді. Халық педагогикасы
саласындағы оның тәлімгерлңк оймаржандарын оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда,
үлгі-өнегелі ретінде пайдалануда берері көп. Өз іс-тәжірбендегі V сыныптағы
әдебиетті тереңдете оқыту бағытында Ыбырай мұраларын оқыту мәселесіне
тоқтала кетейін.
Гимназия жағдайында қазақ тілімен әдебиетін төменгі сыныптан тереңдете
оқытуда тәлімгер ұстаз Қ.Бітібаеваның атаулы мектебі құрастырған
бағдарламасын тәжірибеден өткіздік. Бағдарламанығ мақсаты әдебиетті
өміртану құралы ретінде міндеті басты орынға қою арқылы әдептілік,
имандылық, кішіпиілділік, шешендік, тапқырлық, батырлық, ойшылдық сияқты
халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіре отыра, өз ұлтын әдебиетін әлем
әдебиеті деңгейінде бағалай алатын түлғаны дамытуға бағытталған. Парасатты
педагог өз іс-әрекетімен дәлелдеп кеткен Мектеп әр шәкіртін қабілетін
дамытып, қамқоршы-жасампаз түлға тәрбиелеу міндетін атқаруы тиіс деген
идеясын жүзеге асырудың бірден-бір жолы осылайша әдебиетті оқыту барысында
өзінің тарихтағы орны мен мұраларын бүгінгі ұрпақтарға таныту аталмыш
бағдарлама бойынша төменгі жүйемен қараластырылуда.
V - сыныпта ағартушы ұстаздың алғашқы оқулық құрастырудағы ебегіне
баса көңіл бөліп, Мейірмді бала әңгімесі талданады, новелла туралы ұғым
беріледі. Адамгершілік қасиеттің ішіндегі ең ғажабы мейрімділік екендігі,
қазіргі кездегі мейрім тапшылығын түйсініп саралай білуге үйренеді.
VI-VIII сыныптарда педагог-жазушы екендігі, қазақ балалар әдебиетінің
негізін қалаудағы сіңірген еңбегі, қазақ көркем прозасында шағын әңгіме
жанырының шебері екендігі, Өнер-білім бар жұрттар өлеңіндегі өнер-білімге
үгіттеу идеясы, Залым төреге әңгімесінің пәлсапалық мәні (қанағат),
этнографиялық очерг туралы, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпына деген
көзқарасын, оны ерекше қастерлегенін тануына мүмкіндік берілген. Бұл
шығармалардың мәнін, жанырлық ерекшеліктерін, автордың көзқарасын бағалауы
үшін оқушылардың іс-әрекетін үйымдастыруда ұжымдық оқыту әдісі арқылы өз
бетінше, бірлесе бір-біріне үйрете отырып, мәтінді өз бетімен меңгеру,
негізгі ойды ажырата білу, ойын жан-жақты жеткізе білу, өзіндік ой қорыту,
қосымша материалдармен жұмыс істей білу сияқты белсенді ізденіске
жетелеймін.Нәтижесінде өзіндік ой айтып, өзінше талдауға, өз көзқарасын
қорғауға үйренеді, қосымша деректер, сыныптан тыс оқитын әңгімелер бойынша
танымдық ойын, инсценировка жасап, рөлде ойнауға қалыптасқанын,
шығармашылық тапсырмалар орындауға бейімделгенін байқаймыз шағын
әңгімелер, шығармашылық көзқарас.
Егер мен мұғалім болсамшығармасында оқушы былай дейді; Менің
еңбегімнің еш кетпесі үшін, менің емес-ау менің ұстазымның еңбегінің еш
кетпесі үшін өз шәкірттеріме, ең алдымен; Өмірді сүй дер едім.Өйткені
ұстазым, ұстаздардың ұстазы Ыбырай ата да солай үйреткен.Өмірдің мәнісі де
сонда.Шәкірттің көкірек көзін ашу-ең ұлы іс...Бұл – менің мақсатым да
міндетім де, арманым да болар.Әлбетте, менің ұстазымның да, барлық
ұстаздардың да солай...
IX сыныпта оқушылардың ұлттық рухани санасын, тарихи танымын,
адамгершілік-эстетикалық көңіл-күйін қалыптастыруға ықпал ететін
шығармалары (Азған елдің хандары, Азған елдің билері,, Балғожа бидің
баласына жазған хаты )оқытылып Ыбырайдың ағартушылық қызметі, оның
жазушылық қызметінің ағартушылық идеясына сабақтастығы, әңгімелері,
өлеңдеріндегі мазмұн, түр деңгейі, идеялық, стилдік бірлігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы
Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқының білім алуына қосқан үлесі
Ыбырай Алтынсарин ағартушы педагог
Ыбырай Алтынсарин - ақын
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің қазіргі таңдағы өзектілігіі
Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары
Алтынсариннің педагогикалық идеялары
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889ж.)
Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметінің өмірлік құндылықтары
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
Пәндер