Физикадан жеке сыныптан тыс жұмыстар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе.

Тарау І. Физикадан жеке сыныптан тыс жұмыстар.

§ 1. 1 Оқушылардың үйге берілетін және оқулықпен істейтін өзіндік жұмыстар.

§1. 2 Үйде орындайтын эксперименттік жұмыстар.

Тарау ІІ. Физикадан сыныптан тыс уақыттағы топтық сабақтар.

§2. 1 Үірме жұмысын жүргізу және ұйымдастыру.

§2. 2 Физикадан факультативтік сабақтар.

§2. 3 Механика бөлімі бойынша өткізілетін факультатив сабақтар.

§2. 4 Молекулалық физика бойынша өткізілетін факультатив сабақтар.

Тарау ІІІ. Физикадан сыныптан тыс жұмыстардың көпшілікке арналған түрі.

§3. 1

§3. 2

§3. 3

Кіріспе.

Сыныптан тыс жұмыстың білімділік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі есептерді шығаруда шығармашылықпен ойлануға және оларда ұжымдық пен жолдастық сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Педагогика тәжірибесінде физикадан сыныптан тыс сабақ өткізудің әр түрлі формалары жинақталады. Олар негізінен физикалық, физика-техникалық үйірмелер, кештер мен конференциялар, оқушылардың баяндамалары мен рефераттары, физикадан-техникадан сыныптан тыс оқу, физикалық олимпиядалар мен конкурстар, сонымен қатар физика мен техникадан көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттерін шығару, оқу және көпшілік кинофильмдер көру, бағдарламадан тыс экскурсияларға шығу болып табылады.

Оқушылардың қандай да бір пәнге деген көзқарасын әр түрлі факторлармен: жеке басының ерекшелктерімен, сол пәннің ерекшліктерімен, оны оқыту әдісімен анықталады.

Физикаға қатысты алатын болсақ, әр уақытта оқушылардың түрліше категориялары болады. Мысалы, оқушылардың физиканы қызыға, ынталана оқитындары оны тек қажет болған жағдайда ғанаоқитындары, сондай-ақ бұл пәнді құрғақ цифрдеп қарап, жалықтыратын, яғни қызықтырмайтын пән деп есептейтіндері де бар. Оқушылардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту әдістері құрылады, сыныпта өткізілетін және сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылады.

Жұмыстың мақсаты: сыныптан иыс жұмыстарға көпшілік жас өспірімдер қамтылуы тиіс, оған тек физикаға қызығатын оқушылар ғана емес, физикаға деген өзінің ынта-ықыласын әлі байқата қоймаған басқа да оқушылар тартылылуы тиіс. Жас өспірімдердің жас ерекшеліктерін ескере отырып мұндай жұмыстың жүргізілуінің маңызы зор. Жеткіншектерді олардың ойлау қабілетін жетілдіре түсудегіфизиканың мүмкіндіктерін түсінетіндей етіп тәрбиелеу - өте күрделі, бірақ физиканы оқытудағы керкті де өзекті жұмыс. Мұндай жұмысты әрине басқа оқушылардан гөрі физикадан күшті оқушылармен жүргізген жеңілірек. Көпшілік оқушылардың ол пәнге қызығушылығының артуы оны оқыту әдісіне, оқу жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты. Қызықты есептерді шығару, парадокстерді шешу сияқты жұмыстарға әрбір оқушы белсене қатысуы тиіс.

Оқушылардың өз еркімен қатысуы нәтижесінде жүргізілетін сыныптан тыс жұмысты дұрыс ұйымдастыра білсе, оның білім берерлік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол жұмыстар оқушылардың практикалық дағдысын дамытып, шығармашылық қабілетін арттырады. Осы жайлы жаңа бағдарламалық түсінік хатында былай деп айтылған:

“Оқушылардың физиканы оқып үйренуге ынтасын арттыру үшін және олардың математикалық мәдениетін көтеру үшін сыныптан тыс сабақтарды (үірмелер, кештер, викториналар, т. с. с. ) жүйелі түрде жүргізіп отырған жөн. Физиканың қандай мәдени - тарихы мен мәні бар екендігіне сабақ үстінде де, сыныптан ты жұмыстар жүргізген кезде де оқушылардың назарын аударып отыру қажет, оларды физика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті физиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстырып отыру керек”.

Ұстаздық жолын жаңадан бастаған жас мұғалім кейде қолда бар қажетті әдебиеттер болған күннің өзінде де сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруды неден бастарын білмейді, едәуір қиыншылық көреді. Ол тек тақырып алу немесе сабақты өткізу формаларынан ғана емес, сондай-ақ дидактикалық материалды таңдап алудан, оны қандай мөлшерде алу керектігінен және оны сыныптарға бөліп өткізуден де көп қиналады. Осы тұрғыдан алғанда жас мұғалімдерге, олардың сыныптан тыс жұмыстардың жүйесін көріп, түсініп алуы үшін бұл құралдың көмегі тиері сөзсіз сыныптан тыс жұмыстардың тигізетін көмегі көп екендігін көре тұра бұл мәселеге мектептердің барлығы баса көңіл бөле бермейді. Кейде мектеп көлемінде өткізуге толық мүмкіндік бар. Мектептерде политехникалық оқу кең өрістеліп отырған қазіргі жағдайда физикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың маңызы күн санап арта түсуде.

Бұл жұмысқа ынтамен, назар аудару керек. Сыныптан тыс жұмыс мектеп жұмысының жоспарында тікелей болуы тиіс және олардың түрлері белгіленген, үйірме топтарындағы оқушылардың жапс ерекшеліктері ойластырылған, үйірмелердід жетекшілері белгіленген болуы тиіс. Сыныптан тыс жұмыстардың мынадай түрлерін ұйымдастыруға болады: физикалық үйірме, олимпиада, кеш, экскурсия.

Осы аталған жұмыстардың әрқайсысын әрбір сыныпта бағдарламалық материалдармен байланыстыра жүргізуге болады.

Бұл оқушыларға кейбір тақырыптар бойынша білімін тереңдете түсуге мүмкіндік береді.

І. Физикадан жеке сыныптан тыс жұмыстар.

§1. 1 Оқушылардың үйге берілетін және оқулықпен істейтін өзіндік жұмыстары.

Оқушылардың физикадан үйге берілетін өзіндік жұмысы - оқу үрдісінің қажетті элементтерінің бірі.

Ол дұрыс ұйымдастырылғанда сабақта алған білімдерін тианақтауға және тереңдетуге, оларды берік меңгеруіне, оқушылардың кітаппен өз бетінше жұмыс істей білуіне машықтануға, бақылаулар жүргізуіне, тәрбиелер жасауына, қандай да бір мәселені өз бетінше шешуге тырысуына ықпалын тигізеді. Үй тапсырмаларын оқушылардың үнемі орындап отыруының үлкен тәрбиелік мәні бар: адалдыққа, өз беттеріне жауапты қарауына, өз уақытын есептей білуге және жұмысты жоспарлай білуге үйретеді, өзін-өзі бақылау жасау дағдыларын дамытады.

Оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруда төмендегілерді еске алу керек.

Физикадан үй тапсырмаларын тек оқулық параграфтарын жаттап және есептеп шығаруға ғана келтірмеген жөн. Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды көбірек пайдалану керек. Бұл балалардыңүй тапсырмасын орындауын, жалпы пәнге қызығушылығын арттырады.

Үй тапсырмасын сабақтың ең соңында қоңыраудан кейін тіпті де, оларды орындау әдістерін түсіндірмей беруге болмайды.

Барлық жағдайда үй тапсырмаларының орындалуына тиісті бақылау қажет.

Үй тапсырмасының түрлері: физикадан үй тапсытмалары, әдетте, әдебиетті оқып үйрену, есптер шығару және әр түрлі тәжірибелік тапсырмаларды орындау қажет.

Оқу және қосымша әдебиетпен жұмыс істеудің мынадай мақсаты бар:

  • сабақта өтілген материалды қайталау.
  • Оқулықта түсінікті түрде баяндалған жаңа материалды оқып үйрену және оқушылар жақсы дайындалған саналы меңгеру.
  • Сабақта алған білімдерді кеңейту және тереңдету.
  • Физикадан шығармалар және рефераттар жазу.

Үй тапсырмаларының әдістемесі. Оқушының үй тапсырмаларына қарым-қатынасы, оларды орынлау сапасы, сондай-ақ тапсырманы орындауға арналған уақыт мұғалімнің үй тапсырмасын қалай беруіне әжептеуір байланысты. Сабақта нұсқау берген кезде мынадай болады:

  • жұмыстың мақсаты мен маңызын ашу, оны орындауға және дайындауға сәйкес нұсқаулар беру.
  • мүмкін қиындықтар мен жұмыстың мүмкін кемшіліктерін ескерту.
  • өзін-өзі бақылаудың тиімді тәсілдерін беру.

Барлық сыныпқа ортақ тапсырмалармен қатар, оқушының дайындығы мен қызығушылығын ескеріп үнемі жеке тапсытмалар берген жөн.

Сыныпта қандай да бір себептермен артта қалған оқушылар болса, алғашқы кезде үй жұмысы үшін неғұрлым жеңіл есептержәне шамасы келетін жаттығулар беріледі, кейіннен бұл тапсырмалар күрделілендіріледі. Оқушыларға мұндай қатынас олардың өз күшіне деген сенімін туғызып, оқуға қызығушылығын арттырады.

Сабақта пәнге қызығушылығы ояна қоймағаноқушыларға ерекше қарым-қатынас қажет Мұндай оқушылардың пәнге әуестенуі үшін мұғалім оларды сабақта өтілетін тәжірибелерді дайындауға тартуына болады, мақаланы оқып шығып, оқығаны туралы келесі сабақта айтып беруін тапсыру, бір есепті бірнеше тәсілмен ең оңайы қайсы екенін бағалатуға болады.

Үй тапсырмасын (орындауға) дайындауға қойылатын талаптар: Есептерді шығаруға, тәжірибелерді орындауға тапсырмалар шығармашылық сипаттағы жұмыстар, оқушылардың үй жұмыстарына арналған дәптерінде болғаны дұрыс. Үй жұмысы жөнінде қысқаша түрде жазбаша есепберуді орындау өз ойларын сауатты және қысқа тұжырымдай білуге үйретеді, мұнда жазу мәдениетінің дағдылары қалыптасады, бұлар: жазудағы белгілі бір жүйе, айқындық және бір ізділік.

Дәптерлердегі жазуларға талаптарды айқын тұжырымдау қажет, не жазуды және қалай жазуды айтып кеңес беру. Физикалық құбылыстарды оқып үйренгенде эксперименттік тапсырмаларды орындау жөнінде есеп беруде, тәжірибеде бақыланған физикалық құбылыстың қысқыша сипаттамасы, осы құбылыстыңнемесе тәжірибеден шыққан қортындының пайда болу себептерін түсіндіру. Егер тапсырмаға қандай да бір приборды жасау берілсе, онда әрбір оқушы дайындалған приборды немесе оның схемасын көрсете отырып, тапсырманың орындалуы жөнінде есеп береді.

Үй тапсырмаларын тексеру әдістері. Үй тапсырмаларын тексерудің әдістемесі дұрыс құрылған жүйесі оқушыларға оларды ұқыпты және ықыласпен орынджауға үйретеді, мұғалімге және балалардың өзіне материалды меңгерудеге осал және күшті жақтарын көре білуге көмектеседі.

Үй тапсырмасын тексерудегі оқушылардың дәптерін өзара тексеру жолымен жәнеауызша жауап бергендегі өзара тексеру жолымен өткізуге болады. Соңғысы жауап беріп тұрған жолдасына сұрақ қоюды, жауап бойынша ескертулер, жауапқа берілетін талдауды қамтиды. Оқушылардың үйде жасаған приборларын мұғалім тексеру үшін жинап алады және бағалайды.

Бүкіл сыныптың дәптерлерін жиі-жиі тексеріп отыру қажет. Ентарлау оқушының дәптерін жиі қараған жөн. Қаралған жұмыстарды бағалайды, ол жолын бағана тақырып бойынша бірнеше жұмыстар үшін журналға қоюға болады.

Оқушыларды кітапты ғылыми және техникалық білімдердің қайнар көзі ретінде оған деген сүйіспеншілікке және құрмет тұтуға тәрбиелеу, оларды дербес жұмыс істей білуге үйрету - мектепте физикадан сабақ берудегі маңызды мәселелердің бірі.

Оқушылардың оқу әдебиеті және қосымша әдебиетпен дербес жұмыс істей білуінің қалыптасуы, мектеп оқушыларының дербес түрді білімді меңгеруін және тереңдетуін қалыптастыру мәселесінің бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі жағдайларда бұл проблема ғылыми және техникалық процестің шапшаңдауына байланысты ерекше маңызы зор, өйткені мұнда әрбір мамам ғылым немесе техниканың қай саласында істемесін, оның алдынан ғылыми немесе техникалық әдебиеттермен өзіндік жұмыс арқылы бұрыңғы алған білімдерін үздіксіз кеңейтіп және тереңдетіп отыру қажеттігі туындайды.

Кітаппен өзіндік жұмыстың ұтымды әдістерінің стихиялық қалыптасуы (арнайы ұйымдастырылып үйретпейінше) өте жай болады және тиімді нәтиже бермейді. Бұдан мектептерде осы әдістерге оқушыларды арнайы үйрету қажеттігі туралы қорытынды шығады.

Орта мектепте оқыту кезінде оқушылар кітаппен жұмыс істеудің мынадай біліктері мен дағдыларын меңгеруі тиіс:

  1. Ең бастысын ажырата білу (оқып үйренілетін құбылыстардың елеулі белгілерін, заңдардың мәндерін т. б. )
  2. Формулалардың математикалық қортуларын дербес талдай білуі.
  3. Суреттермен, таблицалармен және графиктермен пайдалана білу.
  4. Оқылған материалдың жоспарын (конспекті) құра білу.
  5. Оқылғанды өз сөзімен, логикалы, жүйелі баяндай білуі, оқулықта бар материалды басқа әдебиеттермен алынған деректермен толықтыра білу.
  6. Кіріспе, пән және атау көрсеткіштерін пайдалана білу.

Кітаппен өзіндік жұмыс істеуді біліктер мен дағдыларды қалыптастыру көбінесе мына нұсқаларға келіп тіреледі: қандай да бір тақырыпты оқу, оны өз сөзімен айта білу, оқылған материалға жоспар құру. Оқушының мұндай жұмысының нәтижесі әдетте оқулық текстінқайтадан айтып бере білуі болып табылады.

Мектеп оқушыларыдың оқу әдебиеті мен қосымша әдебиетпен дербес жұмыс істей білуінің тиімді әдістетінің қалыптасуын ойдағыдай шешу мәселесіне оқу пәні мазмұнының құрылымдық анализі негізінде, оның мазмұнының түрін анықтайтын негізгі құрылымдық элементтерді бөліп көрсету негізінде қол жеткізілуі мүмкін. Физика курсының негізгі құрылымдық элементтері схемада көрсетілген.

Оқушылардың текстен ең негізгі мәселені бөліп ала білуін қалыптастырудың нәтижесі, оларда текске енетін құрылымдық, элементтерді анықтай білуді және компоненттерін табуды, олардың құраушыларын табуды қалыптастыруға келтіріледі. Мектеп оқушыларын физикадан оқу әдебиеті және қосымша әдебиетпен өзіндік жұмыс істеудің ұтымды әдістеріне үйретудің, текстің ең бастыларын бөліп ала білуді бірнеше кезеңдерде өткізу қажет. Осы кезеңдердің әр қайсысының міндеті мен мәнін қарастырайық.

Бірінші кезеңде оқушылардың бастапқы біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда пән бойынша оқу әдебиетімен жұмыс істеу, атап айтқанда: тексті беріліп оқи білу, онан мұғалімнің қойған немесе параграфтың соңында қамтылған сұрақтарына жауаптарын табу, таблицалар мен графиктерден қажетті мәліметтерді ала білу, оқулықтың мазмұнымен жұмыс істій білу.

Оқушыларға бұл кезеңде дербес оқып үйрену үшін оңай қандай да бір мәселенің баяндалуы қамтылған текстер ұсынылады, оқылған материалды меңгеру сапасын тексеруге арналған бақылау сұрақтары ұсынылады. Бақылау сұрақтары кітаппен өзіндік жұмыс істеудің алдында ұсынылады.

Екінші кезеңде күрделірек міндет қойылады, оқушылар өз бетінше, ұсынылған текстен ең бастыларын, белгілі бір типтің көптеген текстер үшін жарамды болатын жалпылама сипаттағы жоспарлардың көмегіен бөліп алуын үйрету.

Белгілі бір жүйемен орналасқан және берілген текстегі негізгісі ие екнін көрсететін жалпылама сипаттағы жоспарлар сұрақтар жиынтығы болып табылады. Бұл оқушы жоспар бойынша оқылған материал жайында өз әңгімесін құруға болады. Алғашқы кезде мұндай жоспарларды сыныпта оқушылар текстімен жұмыс істеу уақытында іліп қоюға болады. Егер жоспарды көбейтетіндей мүмкіндіктер бар болса, онда әрбір оқушы жеке пайдалануға таратып берген дұрыс.

Төменде осындай жоспарлардың үлгілері келтірілген:

І. Физикалық құбылыс жөнінде.

  1. Құбылыстың белгілері (немесе оның анықтамасы)
  2. Құбылыс бақыланатын (немесе болып өтетін) жағдайлар.
  3. Құбылыстың мәні, қазіргі ғылыми түсініктер негізінде оны түсіндіру.
  4. Берілген құбылыстың басқа құбылыстармен байланысы.
  5. Құбылысты практикада пайдалану.

ІІ. Физикалық шама жайында.

  1. Берілген шама денелердің қандай қасиетін немесе құбылысты сипаттайды?
  2. Шамаларды анықтау.
  3. Берілген шаманың басқа шамалармен байланысын өрнектейтін формула.
  4. Шамаларды өлшеу бірліктері.
  5. Оларды өлшіу тәсілдері.

ІІІ. Физикалық заң жөнінде.

  1. Берілген заң құбылысты сипаттайтын қандай құбылыстар немесе шамалардың арасындағы байланысты білдіреді?
  2. Заңның тұжырымдамасы.
  3. Заңның математикалық өрнегі.
  4. Заңның дұрыстығын дәлелдейтін тәжірибелер.
  5. Қазіргі ғылыми теориялар негізінде заңды түсіндіру.
  6. Заңды практикада пайдалану мысалдары.

Үшінші кезеңде оқушылардың текстің типін, ондағы негізгі мәселелер ауқымын және текті сәйкес жауап құру жоспарын өз бетінше анықтай білуін пысықтау іске асырылады. Бұл кезеңнің аяғында оқушылардың сөйлеу мәдениеті едәуір жоғарылайды. Олардың жауаптары негізінен білімдерін ауызша тексеру формасына жұмсалатын уақытты едәір қысқартады және осы формалардың өзгеруіне келтіреді.

Төртінші кезеңдегі есепке бірнеше типтердің мәселелерін қамтитын комбинацияланған текспен дербес жұмыс істей білуін қалыптастырылу кірістіріледі, мысалы, құбылыс және оны сипаттайтын шамалар жөніндегі материал, прибордың қызмет принципі және оның қолданылу облыстары т. б. мақсат - балаларды осындай тексті анализдеуге үйрету, оны дербес бөліктерге бөлшектеу, әрбәр бөлікте негізгісі қайсы екенін анықтау және әр бөлігіне жеке - жеке жауаптиың жоспарын құру болып табылады.

Оқулықпен өзіндік жұмыстың мазмұны қандай болмасын, оның нәтижелері сабақта қалай да тексетілуі тиіс. Тексеру тәсілдерін таңдап алу - оқып үйренілетін материалдың ерекшелктеріне, сыныптық құрамына жәңе басқа факторларға байланысты. Егер оқулық тексі құбылыстың мәнінің түсіндірмесін немесе приборлар мен механизмдердің жұмыс істеу принципін және құрылысының сипаттамасының қамтыса, тексеруді жеке - дара сұрау әдісімен жүзеге асырған жөн, мұның өзі оқушылардың өз бетінше алған білімдеріне толықтырулар және дәлелдеулер енгізуге мүмкіндік беретін жаппай сұрау арқылы толықтырылуы мүмкін. Сұрау кезінде оқушыларды демонстрациялық үстелге шақырған жөн, мұнда жауап беру кезінде олардыңкөрнекі құралдары пайдалану мүмкіндігі болуы, оқулықта сипатталған тәжірибелерді көрсете білуі, тақтада қажетті чертеждарды, нобайлар мен жазуларды орындауы тиіс.

Кейбір жеке сұрақтарды түсінуін жаппай сұрау немесе әңгіме әдісімен тексерген жөн.

Кітаппен өзіндік жұмыстың оқыту әдістеріне қорытынды әңгілеудің маңызы зор, мұнда мұғалім оқушыларға олардың әдебиетпен жұмыс істеудігі кемшіліктерін ашуға көмектеседі және оның неғұрлым ұтвымды әдістерін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гуманитарлық бейіндегі сыныптарда физиканы оқытуда оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру
Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Оқушылардың физикадан сыныптан тыс жұмыстарының формалары
Физикалық оқу эксперименттің түрлері
Шығармашылық қабілеттің қорытындысы
Физиканы оқыту әдістемесі
Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым саласы, оқытудың негізгі мәселелері мен тәсілдері
Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым, оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері. Физика курсының басқа пәндермен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz