Еуразиялық мәдени тип


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Архаикалық тип.

2. Мәңгүрттік тип.

3. Еуразиялық тип.

Қазіргі қазақ мәдениетіндегі негізгі мәдени- әлеуметтік типтерге көшеиік. Мәселенін бұрын зерттелмегенін аңғару қиын емес. Мәдени - әлеуметтік тип ғылымында қалыптасқан қағидаларды талдаудың нәтижесінен гөрі, өмір идеаларын жалпылаудың тәжрибесіне жақын.
Архаикалық тип. Мәдени идентификатция адамның, белгілі бір нақтылы мәдени ортада өзін-өзі сезіну деңгйіне байланысты. Адам туғанынан Құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде дайын қабылдайды. Еркін тандау қабілеті тек шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл ретте, әсіресе этикалық сананың тұрақтылығын, рәміздері мен дүниетанымының өткен кезден сусындап тұратынын ескерген жөн. Этномәдени сана ( біз және біз емес) деген ажыратушылық оппозитцияға негізделген . Бұл сана адамды өткен тарихқа басты назар аударып, этностың түп- тамырлары құрметтеуге шақырады. Бұл- жағымды әрі қажетті талап. Өзін сыйламаған басқаны да сыйламайды. Алайда, этномәдени менталъдықтың әсіре бейнеленген типтері бар. Олардың бірі -архаизм. Архаизм-мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын қайтадан қалпына келтіруге бағытталған талпыныс. Бұл типке кейбір зерттеушілер (дәстүршілдік), (ортодокстық), (фундаменталистік), (партикулярлық) сияқты белгілерді де қосады. Шынында да, мәдени жүие өзін-өзі сақтап қалғысы келеді, тұрақты бастауларынан алыс болмауды қалайды. Екінші жағынан алғанда, адамның шығармашылығы, жасампаздығы, жанашылдығы белгілі. Осы екі тенденция бір-бірімен тайталаса алады. Архаистік мәдени тип заман өзгеріп, қалыптасқан өмір салты шайқалған өтпелі кезкңдерде ерекше байқалады. Ескі құндылықтар жүйесін қирату әр кезеңде уақыт сыңынан өткен үйлесімді құндылықтарға жеткізе бермейді. Бұрынғыдан бас тарту кейде болашаққа емес, оның да алдында болған мәдени бітімдерді жаңғыртуға бағытталуы мүмкін.

Мәңгүрттік тип. Бұл типке ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, оның рәміздік рәсімдік мағанасын білмейтін, күнделікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады. Бұл туралы Ш. Айтматовтың шығармашылығында әсерлі жазылған. Мәңгүрт дегеніміз рухани тамырларынан айырылған адам.

Мәдениеттанулық әдебиетте ұлттық мәдениеттен тыс қалған, типтік бейнені евнух деп те атайды. Осман империясындағы әскердегі янычар, уәзір болған христиан, гаремдегі әтек өзінің мәдени қауымын жоғалтқан евнухтың классикалық түріне жатады.

Мәңгүрттік тип-дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаист өмірлік позицияның өз қалауымен қабылдаса, мәңгүрттік -сыртқы кұштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте бұл отаршыл экспанциянын ассимиляциялау саясатынан туады.

Мысалы, Ресей империясының мәңгүрттендіру саясатының кейбір әрекеттерін еске алайық:

1. Халықтың өзін өзі басқару жүйесін отарлық әкімшілікпен алмастыру.

2. Салт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу.

3. Миссионерлік әрекет, төлтума жазбаша мәдениетті шектеу, алфавитті алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу.

4. Бұатана халықтардын тілін жоғары мәдени аймақтардан аластап, күнделікті-тұрмыстық деңгеймен шектеу. Метрогполиялық менталитет пен мәдениетті күшпен еңгізу.

Осыдан келіп мәңгүртсің деп біреуді айыптау әділетсіздікке жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудын жолдарын айқындауда болып отыр. Оның басты жолы-ұлттық мәдениетті қатадан игеру.

Алайда, мәңгүрттіктің елесі аз емес. Мысалы, этномәдени нигилизімді алайық. Еуропатектік әдебиетті айтпағанның өзінде, бізді республикалық басылымдардағы кездесетін мынадай пайымдаулардың төркініне көз салайық:

-қазақ тілі көшпелілік үрлістен қалған реликт;

-көшпелілер шыңайы мәдениетке жете алмаған, мәдениет деген сөз арабша қала мағанасын білдіреді, сондықтан оны тек отырықшылардың үрдісі деп жариялау;

-Психологиялық зерттеулер республикада екі тип бар екендігін көрсетеді: біріншіден, психодиагностикалық икемді еуропа орталықтандырылған тип, екіншісі-этно орталықтың мінез-құлыққа және діңге бағдарланған ортодоксты-азиалық тип.

Мәңгүрттік менталитеттің өкілдерінің типтік белгілерің күнделікті өмңірде де аңғартуға болады.

Кейде мәңгүрттік мәдени типпен маргиналдықты тұтас қарастыру кездеседі. Оның үстінде маргиналдар қатарында ана тілін білмейтіндерді де қосады. Сонымен маргиналдық мәдени тип дегеніміз не?

Бұл ұғымды американ әлеуметтанушысы Р. Парк енгізген және латын тілінен-«шетте болушы» деп аударылады. Р. Парк маргиналдар деп мінез-құлқына тынымсыздық, агрессиялық, өзімшілдік, сенімсіздік, депрессиялық белгілері бар американ мулаттарын атаған. Мәдениет тану мен әлеумет тануда бұл ұғым рухани өзіндік санасы тұрақсыздандырылған, «өлі ара» мәдениеттін бейнелеу мақсатында қолданылады. Әдетте маргиналдық ұғыммен қалыпты мәдени сәйкестікке айтқанда, маргиналдар- не қоғамнан өздері аулақ кеткендер, не қоғамды өздерінен шеттеткендер.

Еуразиялық мәдени тип. Бұл типті негіздеуден бұрын қазіргі кезде өтімді бір теория- С. Хантигонның «Өркениеттер жан-жалы» ілімінің бір қырын қарастырып өтейік. Бұл ілім бойынша әртүрлі супер өркениеттердін шекаралық аймагы тұрақсыздық пен жанжалдын ықтимал ошақтары болып табылады. Ал Қазақстан өзінің геомәдени кеністігі бойынша конфуцийлік және православилік өркениеттердің ортасында орналасқан. Алайда ТМД-ның кейбір мемлекеттерімен салыстырғанда, Қазақстанда қоғамдық-саяси тұрақтылық пен келісушіліктің мығым екендігі белгілі.

Қазақстандағы Ресей ықпалы тек республикадағы славяндық топтын барлығымен ғана емес, қазақ халқынын ұзақ жылдар бойы Ресейдің қол астында болуына қатысты. Бірнеше ғасырлар бойы өмір сүрудің нәтижесіңде қазақ халқынын мәдени құрылымында біраз өзгерістер болды. Бұл процесс ең алдымен тілді қамтыды және орыс тілді қазақтар мәселесін тудырды. Белгілі елтанушы ғалым М. Тәтімовтың деректеріне сүиенсек 1992ж қазақтардың 25 %, яғни төрттен бірі өз ана тілінде үй-ішінде сөйлесуден қалған. Жеке қалаларда бұ процент тым жоғары, Алматыда-85%, Қостанайда -75%, Қарағандыда-80%, салыстыру үшін басқа тенденцияны да алайық. Орыс тілді қазақтар халықтың Қызылорда облысында-3, 5%, Атырауда-4%, Жамбылда-6, 5%, Семейде-12, 5% құрастырады. Осы деректерді келтіре отырып, М. Тәтімов өз ойын былай түйіндейді. «Тұжырымдап айтар болсақ, қазақтар арасында шешуші демографиялық фактор-тілдік ортаның тікелей ықпалымен өз ана тілін жоғалту енді ғана тоқталып, өз ана тіліне оралу үрдісі жаңа ғана күш ала бастады. Демографиялық ахуалымыздың жақсаруы оған тегеуірінді ықпал көрсчеткенімен, бұл үрдісі тағы да жылдамдату үшін өмірдің әр саласында (мысылы, бала тууды өсірпуден бастап оларды үйде тәрбиелеуден мектепте оқытудан, еңбекке баулудан еліміздің мемлекеттік тілін әр салада ресми түрде қолдануға дейін) оған пәрменді жәрдем көрсету қажет. Былайша айтқанда белсенді тіл саясаттың демографиялық шешуші, өзімізге тиімді өзгерістермен ұштастырғанда ғана ол жемісті болмақ, яғни екінші сөзбен айтқанда, ананың тілін ананың күшімен құлпырта аламыз». Еуразиялық мәдени тип, Гегельдің тілімен айтқанда, «аиырылған санаға» жатады, ол Батыс пен Шығыстың арасында ауытқып жүреді. Бұл дәстүрдің ескі үлгісін Ұлы Жібек жолы мәдениетінен де көруге болады. Бірақ Еуразиялық мәдениетті тек Батыс пен Шығыстың ортасындағы буферлік аймақ ретінде қарастыруда сынар жақтылықтың бір түрі. Өйткені, бұл жерде біз азамат тарихындағы екі супер өркениеттің жай қарым-қатынасын емес, олардың тұтастану үлгісінің қалыптасуының куәсі болып отыфрмыз. Азияның кіндігінде адамзат мәдениеті үшін маңызды оқиға жүзеге асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ мәдениетіндегі мәселелер
Қазақ мәдениетінің бастаулары жайлы
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті
Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері
Еуразия мәдениеті және еуразияшылдық мәдениет
Дәстүрлі қазақ мәдениетінің тарихы
Технология мен мәдениеттің байланысы
Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы - кредит уйымдарына қатысуы
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы
Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша антропологиялық зерттеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz