ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙЫ

М.Н. Сарыбеков, К.Ж. Бұзаубақова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Klara_63@mail.ru

Жоғары педагогикалық оқу орнында маман даярлаудың басты мақсаты –
болашақ педагогтың бойына тек қана күрделі практикалық педагогикалық
міндеттерді шеше алатын кәсіби біліктілікті қалыптастыру ғана емес, сондай-
ақ қазіргі кезеңде әлемдік бәсекеге қабілетті жан-жақты даярланған,
шығармашыл тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласы
қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа
ұстазын қалыптастыру.

ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу
ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы
орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде айрықша
маңызды рөл атқарады.

Қазақстан-2030 стратегиясында Біздің басты игіліктеріміздің ішінде
халқымыздың немесе былайша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің
ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өрісі биік
халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты
дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті
жағдай туғызуға тиіспіз делінгендей, мемлекетіміздің экономикалық және
әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының
білімділігімен анықталады 1.

Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында
халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де
болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің
экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өз
кезегінде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-экономикалық,
техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен
анықталады 2.

Білімді тұрақты дамыту стратегиясын басшылыққа алған экономикасы
жоғары дамыған елдер, әсіресе Жапония, Қытай, Корея, Малазия, Сингапур
сияқты Азия елдері жаһандану үрдісін, ақпараттық-коммуникациялық
революцияны, инновациялық технологиялардың ендірілуін басқа елдермен
белсенді және тиімді экономикалық қарым-қатынас орната отырып жедел даму
мүмкіндігі есебінде пайдаланса, екінші жағынан, өздерінің ұлттық, рухани
және экономикалық тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтаудың, ұлттық
өркендеудің бірден-бір кепілі ретінде отандық білім саласын реформалауға
аса үлкен мән беріп, оны мемлекеттің басым саясатына айналдырып отыр.

2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Жапон
мемлекетінің ұсынысы бойынша 2005-2015 жылдары Білімді тұрақты дамыту
декадасы болып жарияланды. Бұл декада адамзат алдындағы ғаламдық
проблемаларды барлық елдердің білім жүйесін бір кеңістікте өзара
үйлестіріп, қарқынды және тиімді дамыту арқылы шешу мақсаттарын белгіледі.
Білімді тұрақты дамыту тұжырымдамасы осыған дейін ЮНЕСКО аясында 1990 жылы
Джомтьенде (Тайланд) өткен білім жөніндегі әлемдік форумда және 2000 жылы
Дакарда қабылданған, білім саласында 6 түрлі басты мақсатты белгілеген
Баршаға білім беру бағдарламаларымен, 2003 жылы БҰҰ қабылдаған
Сауатсыздықпен күрестің он жылдығы бағдарламасымен астасып жатыр және
соларды бір жүйеге біріктіретін басты бағдарлама 3.

Осыған сәйкес Қазақстанның Болон үрдісіне енуіне сәйкес, әлемдік білім
кеңістігіне бағыт алуда мемлекетіміздің Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2015 жылға арналған тұжырымдамасын қабылдады. Министрлік
қабылдаған білім беруді дамыту тұжырымдамасында жоғары білімге тән
біліктілікті өзара тану жөніндегі Лиссабон конвенциясының, жаңа қоғамның
даму сатысына лайық мамандар даярлау үрдісін айқындаған Болон
декларациясының негізгі ұстанымдары мен білім берудің халықаралық
стандарттық жіктелуіне сәйкес бірқатар өзгерістердің көрініс табуы да
содан. Олардың қатарындағы ең бастылары: 12 жылдық орта білім беру,
магистратураны жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіне көшіру және PhD
докторлық бағдарламасы негізінде жаңа үлгідегі ғылыми, ғылыми-педагогикалық
кадрлар даярлау, ЖОО-ның білім беру жүйесін кредиттік білім беру жүйесіне
көшіру.

Қазақстанның білім беру жүйесі әлемдік білім беру жүйесіне енуіне
байланысты, жоғары білім беру жүйесіне қойылатын халықаралық талаптар
төмендегідей:
жоғары мектептің қоғамдағы жаңа рөлін, жаңа миссиясы мен міндеттерін шын
мәнісінде, нақтылы бағалай білу, іс-жүзіне асыру;
жоғары мектептің өкіметпен, биліктің басқа да тармақтарымен, қоғаммен және
көптеген қоғамдық ұйымдармен тең құқылы қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
университеттердің автономиялық мәртебесін көтеріп, академиялық дербестігін
қамтамасыз ету;
білім беру жүйесін басқаруда және реформалау ісінде демократиялық
принциптерді кеңінен қолдану;
еңбек рыногында сұраныстардың түбегейлі өзгергенін және халықаралық еңбек
рыногы қалыптаса бастағынын ескеру;
ғылымның ұдайы дамуы арқасында көптеген университет пәндерінің мазмұны
өзгеріп, жаңарып, жаңа пәндер пайда болғанын, оқытудың пәнаралық әдістері
дамығанын, білім мен ғылым арасында үдемелі интеграциялық үрдістің тұрақты
түрде жүретінін негізге алу;
оқыту үрдісінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың,
Интернеттің кеңінен орын алуын, қашықтықтан оқыту және виртуальды оқыту
түрлерінің дамуын, виртуальды университеттердің бара-бара көбеюін
қамтамасыз ету;
бар өмірге жарайды деп білім беру принципінен бүкіл өмір бойы оқыту
принципіне көшу;
жаңа педагогикалық технология кезінде университет мұғалімдерінің дәстүрлі
орны өзгергенімен, оқыту және тәрбие жұмысында олардың рөлі бұрынғыдан да
күшейетіндігін мойындау; сондықтан университет мұғалімдерінің мәртебесі
жөнінде 1997 жылы ЮНЕСКО ресми қабылдаған ұсыныстарды іс-жүзіне асыра
отырып, олардың материалдық жағдайын жақсартып, әлеуметтік, құқықтық
мәртебесін көтеру;
оқу үрдісін ұйымдастыру мен жетілдіруде студенттердің рөлін мейлінше
арттыру, олардың өзін-өзі басқару құқықтарын заң жүзінде бекіту;
университеттер арасында және әр түрлі мемлекеттер арасында профессорлар мен
студенттердің кеңінен ауысып отыруына жағдай жасау;
оқу мерзімдерін, деңгейлерін, берілетін академиялық және ғылыми дәрежелер
мен атақтарды өзара салыстырмалы жүйеге келтіріп, сәйкестендіру және т.б.
4, 7.

Осы ретте Қазақстандағы ЖОО атқаруға тиісті міндеттерді ҚР-ның
Президенті Қазақстан Халқына 2005 жылғы Жолдауында тағы да жан-жақты
қарастырды. Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар
деңгейінде білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемде
танылуы тиіс деп көрсетілген меже отандық ЖОО жүйесін бәсекелестік пен
біліктілік сыны таразысына арнайы даярлау қажеттілігін міндеттейді 5.

Әлемдік білім кеңістігіне ену Қазақстанның жоғары оқу орындары
халықаралық стандарттау ұйымы ISO – International Standard Organisation
дайындаған 2000 жылғы нұсқаудағы ISO 9000 стандарттар сериясының
талаптарынан кем түспейтін, ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілген сапалы білім
беру қызметін ұсынғанда ғана мүмкін болады. Себебі, ХХІ ғасыр – білім,
ғылым және сапа ғасыры. Осы үшеуі элитарлық білімнің де негізі болып
табылады. Біз жоғары оқу орындарын тек білім беруші мекеме деген қарапайым
біржақты түсініктен арылып, оның ғылымның да бастауы және орталығы екенін
ұғынғынамыз абзал. Өйткені, элитарлық білімді ғылым жетістігінсіз беру
мүмкін емес, ал оның деңгейін анықтайтын өлшем – сапа. Ендеше, біз жалпыға
бірдей жоғары білім беруден элитарлық білім беруге біртіндеп көшуіміз керек
6.

Мұғалімдер даярлау ісіне мемлекет баса назар аударуда. ХХ ғасырдың 90-
жылдары елде педагогикалық институттардың саны күрт азайып кетті.
Қазақстанда педагогикалық институттар саны 25-тен 2-ге дейін қысқарды. Олар
университетке айналып, көп профильді оқу орны болды. Сапа емес, сан алға
шықты. Бірақ соңғы кезеңдері ол үрдістің тиімсіздігі белгілі болып, 2004
жылы Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Семей, Тараз қалаларында жаңадан 5
педагогикалық институт қатарға қосылды. Бұл шараның негізгі мақсаты –
мұғалімдердің даярлық сапасын арттыру. Осыған байланысты педагогикалық
кадрлар даярлауға жыл сайын мемлекеттік тапсырыс та, мамандардың сапасына
байланысты талап та өсе түсуде:
Америка мен Еуропаның көптеген елдерінде бұрынан қолданылып келе жатқан,
біздің Республикамыздың оқу орындары үшін жаңа қадам болып табылатын
оқытудың кредиттік жүйесіне көшудің де негізгі мақсаты студент пен оқушының
жеке жауапкершіліктерін өсіру мен студенттердің белсенділігін арттыру
арқылы белгілі сапалық деңгейге көтеру;
ЖОО-дағы мұғалім мамандығына сәйкес кәсіби бағдар беру жаңаша бағытта қолға
алына бастады;
педагогикалық білім беруді жетілдіруге байланысты ғылымның бұрынғы және
соңғы жетістіктері қамтылған сапалы оқыту бағдарламаларын жасау проблемасы
ең маңызды мәселе ретінде қарастырылуда;
мұғалімді кәсіби даярлаудың оқу жоспарын әзірлеу педагогикалық институттар
үшін ең басты мәселе болып табылады.

Бұрындары болашақ маман барлық пәндердің фундаменталдық негізін
игеруді кәсіби даярлыққа жеткілікті деп есептеп, педагогикалық практикаға
аз уақыт бөлініп келді. Ал бүгінде оқу жоспарының басым бөлігі үздіксіз
педагогикалық практикаға арналған. Бұл бүгінгі студент, болашақ жас
мамандардың мектеп өмірінен өз орындарын тауып, сол ортаға бейімделуіне,
алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруларына мүмкіншілік береді.

Қазақстанда ЖОО-ның алдына қойылып отырған басты міндеттер
төмендегілер:
ЖОО жан-жақты өрістеп, қазіргі заманғы білімді жинақтаушы, қорландырушы
және таратушы орынға айналуы тиіс;
ЖОО ғылымға, соның ішінде іргелі ғылымға көп көңіл бөлуі қажет;
ғылымның жаңа бағытын, жоғары технологиялар мен экономиканың инновациялық
секторын, жаратылыстану саласының тың проблемаларын зерттеуге жүйелі
кірісуі тиіс;
ақпараттық ашықтықтың, әлемдік білім мен ғылымға ықпалдасудың биік деңгейін
орнықтыруы абзал;
әлемдік ғылымдағы және оқыту әдістемесіндегі жаңа бағыттарды меңгеруде
икемділік пен алғырлық танытуы қажет 7.

Жаңа ғасыр ЖОО-ның базистік іргелі негізін құрайтын инновациялық
ғылыми ізденістер мен ғылыми зерттеулер жүргізуді талап етеді. Қоғамның
жедел жаңаруы үшін білім саласының өзі жедел жаңаруы керек. Бұл мәселеге
келгенде, Қазақстанның ЖОО-ның білім жүйесі сәтті реформаны жүзеге асырып
үлгерді. Бүгінгі бакалавр – магистр – доктор үштік жүйесі, кредиттік жүйе,
білім саласына мемлекет қана емес, жалпы қоғамның араласуы – инновациялық
реформалардың бастапқы жемісі.

Жаңадан құрылған педагогикалық жоғары оқу орны әлемдік бәсекеге
қабілетті кәсіби даярлығы жоғары, өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын,
шығармашыл, ізденімпаз, инновациялық даярлығы қалыптасқан ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізе алатын маман даярлауы қажет. Болашақ мұғалімдердің
кәсіби-педагогикалық даярлығы студенттердің ғылыми жұмыстарын жетілдіруге
бағытталады. Педагогика ғылымында студенттерді ғылыми жұмыстарға қамтудың 2
формасы белгілі:
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы;
студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары.

Студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бірінші курстан
бастап-ақ жүзеге асырылады. Студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық мектепке көшу бағытындағы мұғалімнің инновациялык даярлығын қалыптастыру
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары
Пәндер