Кенесары хан әулетінің шежіресі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРЫС МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУІ

1. 1 Қазақстандағы отарлау саясатының негізгі бағыттары

1. 2 Қазақстанның Ресейге қосылуы кезінде ұлт - азаттық

қозғалыстар

1. 3 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

ІІ тарау. ЖӘУКЕ, ИМАН, ҚОШҚАР БАТЫРЛАРДЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ ОРНЫ

2. 1 Төлек Жәуке батыр - дулығалы дала перзенті

2. 2 Иман батырдың азаттық жолындағы күрес жолы

2. 3 Сары Қошқар батыр жайында жазылған жыр шежірелер мен аңыз әңгімелердің тарихи деректік маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Өзінің тарихи даму жолында талай тар жол, тайғақ кешуден өтіп, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы сан ғасырдан бері атадан балаға мұра болып келе жатқан қасиетті ұлан-байтақ жері мен кең даланың бар байлыған арда құландай еркін еміп, жайлаудағы жағасын жимай елінің рақат жайлаған елінің тәуелсіздігін мен бостандығын қызғыштай қорғап, ардақ тұтқан. Алып даланың бақытын да, бейтетін де, бірдей көріп, перзентке тән сүйіспеншілікпен қайрат - күшін аямай, ақыл-ойын алаңсыз сарқа жұмсап, дұшпанына қарсы қалқан, досына жабар шапан таба білген. Егер әңгімені бізге жеткен деректі мағлұматтары мол ХVIII ғасырдан бастасақ, тарих, заман үшін қас қағым сәтке парапар осынау аз уақыттың ішінде ел жадынан өшпейтін, байтақ даланың бел-белестерінен асып, еркін ескен самал желіндей бостандыққа құмар қазақ деген халықтың іргеден сығалап, қанды шеңгелден созған жымысқы жауларға қарсы қайыспас қайсарлыққа толы, бір сәт толастамаған қаһармандық күресін көреміз. Бүгінгі егеменді ел, еркін мемлекет атанып, төрткіл дүниенің іргелі халықтарымен иық теңестіріп, терезесі тең адамдарша қатар тұрып сөйлесе алатын күнге жетіп, азаттық алған шағымызда жарақты жаудан жасқанбай Еділ мен Жайық аралығында дұшпан шебінде ат ойнатқан Сырым Датұлы бастаған жау жүрек жігіттерді, Исатай Тайманұлының өткір найзасына жалынды жырын қосқан Махамбет Өтемісұлына ерген ерлерді, орыс отаршылдарының қазақ жерлерінде орнатқан бекініс - ордаларына табандатқан он жыл бойы ойран салған батыр басшы Кенесары ханның қаһарлы қолын, қазақ жерінің қос алқасының бірі атанған сұлу Сырдың бойында орыс империясының тіміскілеулері мен Хиуа хандығының жымысқы саясатына қарсы арыстанша алысқан Жанқожа Нұрмұхамбетұлы бастаған азаматтардың бостандық жолындағы қанды кешулерін әсте естен шығара алмаймыз. Бұлар ұрпаққа ұран болған, ғасырлар бойы жаңғырып, жалғаса беретін, тарихта теңдесі жоқ ерен ерлік. Оның дәлелі - кешегі жиырмасыншы ғасырдың басындағы бүкіл қазақ жерін қамтыған жалпы халықтық көтеріліс, азаттық жолындағы ақырғы айқас, патшалық Ресейдің құрыштай құрсанған қарулы әскеріне бас имей, алға қойған мақсатын ерге тән қайсарлықпен орындап шығып, елдігімізді, ерлігімізді әлемге танытқан 1916 жылғы көтеріліс.

Иман Дулатұлы, төлек Жәуке, сары Қошқар орыс отаршылдығы мен Қоқан хандығының оңтүстік аймақтарындағы арандатушылықтарына қарсы аттай он жылға созылған кескілескен шайқастардың қаһармандары.

Батырлардың қоғамдық күресі мен жорықтарына баға бере алдында Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың саяси әлеуметтік сипатын анықтағанымыз жөн. Өйткені бұл Кеңестік кезеңнің 40-жылдарының ақыры мен 50- жылдардың басында Қазақстан тарихнамаыснда үлкен қоғамдық мәні бар айтыс - тартыс тудыртқан күрделе мәселе болғаны білеміз. Бізден сәл бұрынырақ оқыған ағаларымыз бен апаларымыз мектептерге арналған тарих пәнінің оқулықтарында «Кенесары Қасымов - қазақ халқының көсемі және қазақ хандықтарын біріктіру жолындағы күрескер» деген арнаулы тараудың болғаны мәлім. Бірақ 50-жылдардың басында оқулықтардан бұл тарау алып тасталып, Қазақстанның жаңа тарихы түбірімен өзгертіліп қайта жазылды. Бұған не себеп болды?

1941 жылы, ол кезде СССР деп аталатын үлкен Одаққа тұтқиылдан жау шауып, ел астанасы Мәскеу мен Ленинград қалаларына қауіп төнген сәтте көптеген ғалымдар мен өнер қайраткерлерінің Қазақстанға келіп, оның ішінде Алматыға келіп паналағаны белгілі. Бұл ғалымдар ғылымның барлық саласына, өнеріміз бен әдебиетімізге белсене араласып, игі әсер етті, әжептеуір өрлеу туғызды. Сол ғұлама ғалымдардың бірі, өзі дүниеден өткенше қазақ халқына деген адалдығынан таймай, басына бұлт төнген ардақты азаматтарымызды аналық қамқорлықпен қорғап келген ССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті Анна Михайловна Панкратованың басшылығымен Қазақстан тарихы қайтадан електен өткізіліп, 1943 жылы «Қазақ ССР тарихы» деген күрделі еңбек баспадан шықты. Кітап жарық көргеннен кейін елеулі еңбектердің бірі ретінде сол кездегі ең жоғарғы Сталиндік сыйлыққа ұсынылды. Бірақ бұл кітапқа СССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті А. И. Яковлев теріс пікір жазып, еңбекке сыйлық берілмегені былай тұрсын, кітап туралы Мәскеудің бірақатар ғалымдары арасында қарсы тұжырым қалыптаса бастады. Бұл жаңсақ пікірге принципті түрде келіспеген Панкратова БК/б/П Орталық комитетіне арнайы хат жазып, еліміздің тарихына байланысты дүдәмал мәселелердің басын ашып алу мақсатымен жетекші тарихшылардың бас қосуын өткізу қажеттігін ұсынды. Ғалымның табандылығының арқасында 1944 жылғы мамыр-шілде айларында кеңес мәжілісі өткізілді. Айтыстың тартыссыз болмайтынын белгілі БК/б/П Орталық Комитетінің хатшысы А. С. Щербаков жүргізіп, А. А. Жданов, Г. М. Маленков қатысқан бұл кеңес кеңестік тарих ғылымының өзекті мәселелерін талқылау барысында «Қазақ ССР тарихы» жөнінде көтеріліске дейінгі Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу, елдің жекелеген мемлекеттік қайраткерлері мен ұлттық қозғалыстарға баға беру, Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның себептерін ашып көрсету мәселелері бойынша сын ескертпелер айтылды. Кеңеске қатысушылар арасында «Қазақ ССР тарихы» орысқа қарсы кітап деп бағалаушылар да табылды. Олар еңбекте Ресейге қарсы ұлттық көтерілістер дәріптелген деп бағалады. Әсіресе, оның Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған көтеріліс туралы жазылған 14-тарауы ұлтшылдықтың сарыны мүңкіп тұрған бөлім деген үзілді-кесілді пікір айтылды. Ал А. П. Панкратова, В. Д. Греков, Н. С. Держанин сияқты ғалымдар «Қазақ ССР тарихын» одақтас республиканың тарихын мейлінше терең зерделейтін алғашқы және сәтті қадам деп бағалады. Көп ұзамай, БК/б/П Орталық Комитетінің органы «Большевик» журналында /1945 жылғы 6-санында/ М. Морозовтың Қазақстан тарихына байланысты көлемді сын мақаласы жарияланды. Бұл мақала Қазақстан коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің осы жылғы 14 тамызда ««Қазақ ССР тарихының» екінші басылымын дайындау туралы» арнайы шешімін қабылдауына себеп болды. Қаулыда еңбек авторлары қазақ халқының патриархалдық-фоедалдық қатынастарын әзірлеп көрсеткен, қазақ хандары мен сұлтандарының еңбекші бұқараға көрсеткен аяусыз езгісі атүсті бейнеленген деген айып тағылды. Сонымен қатар, қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы «Орыс патшалығының басқыншылық саясаты тұрғысынан ғана біржақты қарастырылғаны» атап көрсетілді.

1946 жылы белгілі тарихшы Е. Бекмаханов СССР Ғылым Академиясының докторлық диссертация қорғады да, оның бұл бұл еңбегі 1947 жылы «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген атпен жеке кітап болып баспадан шығарылды. Бұл еңбек Қазақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің «Қазақ ССР Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтының жұмыстарындағы өрескел қателіктер туралы» /21 қаңтар, 1947 ж. / қаулысының қабылдауымен тұстас келген еді. Тарихы Бекмаханов Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс тарихын біржақты ақтау тұрғысында ғана жазған деп, буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші ретінде айыпталды. Е. Бекмаханов әуелі Жамбыл облысының шу ауданына жер аударылып, 1952 жылы 2 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы Соты алқасының үкімімен 25 жылға бас бостандығынан айырылды да, алыстағы ГУЛАГ-қа жөнелтілді. Сөйтіп, «Ерікті елдердің мызғымас Одағына тірек болған Ұлы Русь» шет аймақтардағы халықтардың царизмге, метрополияға қарсы ұлт-азаттық көтерілісін құп көрмей, оған әділ бағасын бере алмады.

Бұл жаңсақ идеологияны жүргізушілер отарлық қанаудағы халықтардың орыс үкіметінің өктемдігіне қарсы күресін орыс халқына қарсы қастандық деп түсіндіруге тырысты. Сөйтіп, Кенесары Қасымұлы бастаған он жылға созылған қанды айқас монархиялық-феодалдық билікті аңсаған кертартпа қозғалыс деп бағаланып, бұдан былай тарихи әдебиеттерде ұлтшылдық тұрғыдан баяндалды да, оған қатынасқан қазақ батырларының есімдері біржолата өшіріліп тасталынды. Осы идеологияның кіндік атасы болған А. И. Яковлев жаңа оқулықтарға байланысты халық ағарту коммисариатында 1944 жылы өткен кеңесте «Орыс мектептеріне арналған қандай оқулық болса да, ұлттық орыс оқулығы болуы қажет. Бұл мазмұнға тағы да 100 халықтың мүддесін ұштастыру мүмкін емес» деген қағида ұсынып, оқулықтарды СССР тарихы бойынша емес, орыс тарихы бойынша жазу керектігіне нұсқау беріп, «Орыс ұлтшылдығын» бірінші орынға қою керектігін танытты.

Ал Иман Дулатұлы, төлек Жәуке, сары Қошқар батырларымыздың жан-тәнімен қолдап, он жыл бойы аттан түспей, қолына ақ найзасын алған жорығы тап осы «орыс ұлтшылдығына», орыс патшасының отаршылдық саясатына қарсы оның араны тоймайтын ашқарақ құлқынынан туған жері мен елін қорғауды мақсат еткен болатын. Бүгінгі тарихи әдебиетте орыс патшасының қазақ жеріндегі озбырлықтары мен отаршылдық саясатына қарсы Кенесары хан жүргізген бұл соғыстың тек қана бір мақсатты көздегені, қазақ жерінің тұтастығы мен бостандығы болғаны айқын тұжырым тапқан.

Оның халқымыздың тарихындағы ұзаққа созылған, ең қуатты ұлт-азаттық көтерілісі болғаны бүгін ешқандай күдік туғызбайды.

Еліміздің әрбір сүйем жері үшін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жаумен жағаласқан бабалар даңқына әспеттеу, сол арқылы өндірдей өрім жастардың бойына ұлтжандылық рухын сіңіру "Елім! Жерім!" дейтін кез келген азаматтың парызы болуы керек.

Иман Дулатұлы, төлек Жәуке, сары Қошқар батырлар хақында материалдар жинастыру, оны бүгінгі ұрпақтың көзайымына айналдыру, міне, осындай ниеттен туған еді.

Төлек Жәуке батыр туралы ел арасында ауыздан ауызға жеткен әңгімелер өте көп болған. Ал оның ерлік, қаһармандық қасиетіне байланысты алғашқы деректер, тарихи мәліметтер, сөз жоқ әйгілі оқымысты, тарихшы, профессор Ермұхан Бекмахановтың "Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында" деп аталатын еңбегінен бастау алатыны рас.

Осы кітап жайында академик, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тарихшы Кеңес Нұрпейіс "Қайсарлық пен қасірет. Ермұхан Бекмаханов пен оның басты кітабының жазалануы жайында" деген мақала жазды ("Егемен Қазақстан". 1-5 ақпан 2005 жыл) " . . . Талантты ғалым, ұлағатты ұстаз, қайсар азамат Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен оның басты ғылыми мұрасы "Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында" атты еңбегінің тағдыры аса қиын да күрделі болды, деп жазды ол, - Ермұхан жалған жаланың құрбаны болып, түрмелер мен концлагерьлердің "тұз-дәмін" татты, оның отбасы моральдық соққыға ұшырап, материалдық қиыншылықтар көрді, Осылардың барлығы Ермұханның өмірден ерте кетуіне, бергенімен берері көп шағында дүние салуына себепші болды".

Академик К. Нұрпейіс жазса жазғанындай, Кенесары хан және ол билік құрып өмір сүрген қоғам туралы жазылған кітаптың да, оның авторының да кеңестік дәуірдегі моноидеологиясы тұсында жазалануы сол заманның ақиқаты еді. Осы жағдай тағдыр талайы кітапқа өзек болған Төлек Жәукенің, өзге де батырлардың есімі тарих беттерінен қасақана ұмыттырылып, жабулы қазан жабулы күйінде қалуына себепті болғаны тағы рас.

Елімізде Тәуелсіздік туының желбіреуімен қоса қалың әлеумет рухани құндылықтармен қайта қауыша бастағаны мәлім. Бұл жағдай Е. Бекмаханов еңбектеріне де тән болды. Сөйтіп, өзінің алғаш жарық көрген сәтінен бері 45 жылдан кейін оның "Қазақстан в 20-40 годы XIX" деген еңбегі 1992 жылы "Қазақ университеті" баспасынан қайта жарық көріп, оқырман қауымның көзайымына айналды. Төлек Жәуке батыр ұрпақтары да өздерінің батыр бабасының ерлік жолын нақты тарихи деректермен шежірелеген ғылыми еңбекпен осылайша қайта қауышты.

Төлек Жәуке батыр образы әдеби көркем шығармалардың өзегіне айналғанын біз ілгеріде әңгімеміздің кіріспесінде айттық. Торғайдың топжарған ақыны Нұрқан Ахметбековтың "Қарға" дастаны ел ішінде атадан бала жаттап алып айтатын шығармаға айналғаны ақиқат. Тіпті бұл дастан көпшілік жерде өзіндік әуен-мақаммен айтылатын болған.

Айталық, сол XX ғасырдың 90-жылдарының өзінде жастары 80-85-терді алқымдап қалған Қыдыралы Жиенбаев, Көшекбай Оспанов, Ұлысбай Байғұйкин, Құрман Жанарбаев, Зейнелғарап Өмірәлиева, Үмия Оспанқызы, Хамит Рахметов, Атымтай Смайлов, Омар Кенжалыұлы, Ақтай Есмағанбетов, Әбдуахит Әбілқасов секілді кеудесі алтын сандық Торғай абыздарының естеліктері батыр туралы материалдарды іздестіру барысында көп септесін болғанын атап айтамыз.

Бұлардың бірқатары бұл күнде дүниеден өткен, ал бірақ соңдарында өлмейтұғын сөз қалды.

Бүгінгі таңда батырлардың тағдыр талайына, ғұмыр жолына қатысты мәліметтер ел ішінде ауыздан ауызға жеткен әңгімелермен де қуатталатынына көз жеткіздік. Аталған мәселенің арнайы жүйе ретінде қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады. Қарама-қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты «ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістегі Иман Дулатұлы, төлек Жәуке, сары Қошқар батырлардың ролі» деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеу нысаны. Иман Дулатұлы, төлек Жәуке, сары Қошқар батырлар жайлы деректер.

Зерттеу көздері: Ұзақ жылдарда баспалардың сөресінде жатып сонау ХХ ғасырдың 70 жылдары оқырман қолына жол тартқан І. Есенберлиннің "Қаһары" Кенесары-Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің болмысын бедерлеуде көркем әдебиетке үлкен үлес қосқан шығарма болуы. Осы романда да Кенесары ханның сенімді серіктерінің қатарынан Төлек Жәуке батыр есімі лайықты түрде аталады.

Енді бірқатар мақалалар мен тарихи очерктер, эсселер тоқсаныншы жылдардың жуан ортасында, Төлек Жәуке батырдың 175 жылдығын мерекелеу қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Бұл ретте Торғай облысы, Аманкелді аудандық "Ақ жол", облыстық "Торғай таңы", республикалық "Халық Кеңесі" газеттерінде жарияланған материалдарды атап өтуге болады.

Мәселен, баспасөз ардагері Бөгетбай Әлмағанбетовтің қаламынан туған "Сұрасаң менің атым Төлек Жәуке" ("Ақ жол" газеті 6 тамыз, 13 тамыз, 7 қыркүйек 1994 ж,, ) деп аталатын деректер мен ой-толғаныстарға құрылған мақаланы айтуға болады. Автор Төлек Жәуке батыр туралы ел аузындағы әңгімелермен шектеліп қана қоймай, батыр баба туралы жазылған бірқатар мақалаларға талдау жасайды, өзіндік пікірін білдіреді. Сол секілді осы өңірге белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Хамитбек Мұсабаевтың "Төлек Жәуке" поэмасы, Ахметхан Байжанов пен Хамитбек Мұсабаевтың "Азаттықтың ақ жолында" ("Ақ жол" газеті. 7 қазан, 1994 ж. ) атты үш актілі драмасы батырдың ерлік өнегесіне қанықсам деген оқырмандар үшін олжалы дүниелер болды. Сондай-ақ, еңбек ардагері Көшекбай Оспанұлының батыр баба туралы естелік-әңгімелерін де ("Ақжол газеті, 30 мамыр, 1994 ж. ) осы санатқа қосу керек. Аудандық газеттің әйгілі құран қари Файзолла Сатыбалдыұлының "Тойшыбек Жәуке батыр баласына" ("Ақ жол" газеті, 7-қазан, 1994 ж. ) атты өлеңін тауып жариялауы да оқырман олжасы болды.

Батыр бабаларымызың рухын ұлықтауға орай Торғай облыстық "Торғай таңы" газетінде де бірнеше мақалалар жарияланды. Белгілі жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметовтың "Азаттық арыстаны" ("Торғай таңы". 6 қазан, 1994 ж. ), Төлек Жәуке батыр ерлік жолын зерттеуші, қаламгер Жұмабек Кенжалиннің "Жәуке батыр" деп аталатын тарихи очерктері оқырман назарына ұсынылған. С. Кенжеахметов өзінің материалында жас ұрпақты елжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеудегі батыр бабалардың ерлігін дәріптеудің атқарар рөліне тоқталған. Ол Кенесары-Наурызбай ұлт-азаттық көтерілісі тұсындағы тарихи жағдаяттарды оқырман назарына салады. Ал тарихшы Сұлтан Оспанов "Арыстандай айбарлым" ("Торғай таңы" газеті, 8 қыркүйек, 1992 ж. ) деген мақаласында ұлт-азаттық көтерілісі туралы оған қатысқан Төлек Жәуке батырдың ерлігі туралы өзіндік топшылауларын ортаға салады.

Төлек Жәуке батырдың Кенесары-Наурызбай ұлт-азаттық қозғалысындағы рөліне байланысты республикалық басылымдарда да мақалалар жарияланды. Оның алғашқысы Жұмабек Кенжалиннің "Жәуке батыр" тарихи очеркі болса ("Халық Кеңесі". 3 қараша, 1992 ж. ), "Қазақстан жаршысы" газетінде батырдың 175 жылдығына орай топтама жарияланды ("Қазақстан жаршысы" газеті. 13 мамыр, 1994 ж. ) . Ал Республикамызға белгілі ақын Бақыткерей Ысқақовтың "Жаужүрек Жәуке" (Халық Кеңесі". 7 қазан, 1994 ж. ) деп аталатын хикая толғауы, Мұсайын Сегізсеріұлының "Жәукенің жасыл найзасы ("Халық Кеңесі". 20 шілде 1995 ж. ) деп аталатын толғау өлеңі оқырмандардың ілтипатына бөленгені сөзсіз. Ілгеріде батыр бабамыздың туғанына 175 жыл толуына арналған мерейтой шаралары Торғай облысында аталып өтті дедік. Соған байланысты "Халық Кеңесі" газеті редакция қызметкерлері Мейрамбек Төлепбергенов пен Мақсұтбек Сүлейменовтың той тағылымынан түйер мәселелерге арналған "Бодандықтың бұғауын бұзған батыр" ("Халық Кеңесі": 21-қазан, 1994 ж. ) деп аталатын көлемді мақаланы жариялады.

Белгілі қаламгер Батырбек Мырзабеков те осы тақырыпқа үлес қосып, "Төлек Жәуке батырдаң бір қуаныш, бір қорқынышы" деп аталатын мақала жариялады ("Ақиқат", №9, 2007 ж. ) . Бұл материалда батырдың жасы ұлғайған шағындағы даналық мәйектерінен сыр шертіледі.

Осы жарияланымдардың қай-қайсысы да кешегі сұрқылтай заманда ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елінің тағдыры үшін жаумен арыстанша арпалысқан бабаларымыздың рухын ұлықтауға арналғаны ақиқат.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестегі төлек Жәуке батыр, Иман батыр, сары Қошқар батырлардың ролін анықтау, елінің бостандығы мен халқының тыныштығы жолында күрескен бабаларымыздың тарихтағы орнын баяндау.

1837-1847 жылдардағы көтеріліс өзінің сипаты, қозғаушы күштері, негізгі мақсаты жөнінен отаршылдыққа қарсы бұқаралық көтеріліс болды. Бұл көтеріліс царизмнің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының қуатты қозғалысы болды. Ол орыс халқына қарсы емес, ол отаршылдық тәртіптердің орнығуына және даланың байырғы тұрғындарының ғасырлар бойы мекендеген жерлеріне ығыстырылуына қарсы бағытталды. Оның мәнін ғылыми сын тұрғысынан түсінуді талап ететін қарама -қайшылықтары анықталмаған жағдайлары аз емес.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі:

Кенесары көтерілісінің қазақ жерінде ХVIII-XIX ғасырларда болған бұдан бұрынғы қозғалыстардан ең басты ерекшелігі - оған барлық үш жүздің ру-тайпалары қатынасып, жалпыхалықтық сипат алды және қанат жйаған көлемі бірден көзге түседі. Олар: шұбыртпалы Ағыбай, Орта жүз, Қарқаралы аймағынан, Сүйіндік Жанайдар, Орта жүз, Баянауыл аумағынан, бегімбет Иман Дулатұлы, Орта жүз Торғай өңірінен, табын Жоламан Тіленшіұлы, кіші жүз, Сырдария алқабынан, дулат Бұғыбай, Ұлы жүз, Жетісу өңірінен, атығай Аңғал, Орта жүз, Көкшетау бөктерінен, қыпшақ Басығара, Орта жүз, Ақмола аймағынан, арғын Жеке батыр, Орта жүз, Төлек Жәуке батыр, Орта жүз, Сарыторғай бойынан, сары Қошқар, Орта жүз, Қабырға алқабынан, дулат Сұраншы, Бәсейіт батырлар, Ұлы жүз, Алатау баурайынан. Бұлардың әлеуметтік құрамы да әр түрлі: Иман, Ағыбай, Бұхарбай, Жеке батыр сияқты кедейлер тобынан шыққандармен қатар, Наурызбай сияқты сұлтандар, Жоламан Тіленшіұлы сияқты билер де бар. Ендеше, бұл көтерілісті біз бірыңғай билік аңсағандардың әрекеті дей алмаймыз. Көтерілісшілердің басты ұраны - тәуелсіздік, азаттық, қазақ жерінің тұтастығы!

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмперикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер) ; білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу әдістері қолданылды.

І тарау. Қазақстанның орыс мемлекетінің құрамына енуі

1. 1 Қазақстандағы отарлау саясатының негізгі бағыттары

Император Петр І Қара теңіз, Балтық теңізі арқылы Европаға Азия елдерін ашу жолдарын іздестірді, осыны қолдаушылар мен жақтаушылар үшін Қазақстан орыстар шығыс саясатын іске асыратын Турция, Иран, Ауғаныстан, Үнді, Қытай, Орта Азияға бірден бір қолайлы роль атқарды. Осы шығыс саясатын жасауды және іске асыруда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресін зерттеуі туралы
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
Қазақ шежіре жырларының поэтикасы
МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ДЕРЕК КӨЗІ
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)
Кенесары - төре тұқымынан шыққан әйгілі қолбасшы
Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-1860 жж.)
Шоқан Уәлихановтың қазақ этникалық тарихына байланысты еңбектері
Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz