Дарынды баланың психикасын зерттеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.

Педагогика және филология факультеті

Педагогика және психология кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Дарынды баланың психикасын қалыптастыру жолдары

Орындаған:

050103 «Педагогика және психология »

мамандығының

4 курс студенті Мухышева. Г. М.

Ғылыми жетекшісі:

оқытушы Абдиганиева. С. Ж.

Қорғауға жіберілді:

кафедра меңгерушісі Ахметова П. А.

Жоспары:

Кіріспе . . . 2

І. Дарындылықтың теориялық негізі . . . 8

1. 1. Дарынды балалар жөніндегі ғалымдардың көзқарасы . . . 10

1. 2. Дарынды бала мәселесі және оның психологиялық ерекшіліктері . . . 20

1. 3. Балалар дарындылығының түрлерін классификациялау және диогностикалаудың негізгі концептуалдық принциптері . . . 29

ІІ. Дарынды балалармен жұмыс.

2. 1. Дарынды балаларды даярлау арқылы дарындылықты дамыту . . . 33

2. 2. Дарынды тану және оқыту тәрбиелеу мәселесі . . . 40

2. 3. Қазақстан Республикасындағы дарынды балалар мәселесін Қытай еліндегі дарынды балалар мәселесімен салыстыру . . . 43

2. 4. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері . . . 49

ІІІ. Дарынды балаларды анықтау және зерттеу . . . 60

3. 1. Дарынды балаларды анықтауға қажет әдістер . . . 62

3. 2. Зерттеу нәтижесін талдау . . . 63

3. 3. Зерттеу қорытындысы . . . 88

Қорытынды . . . 95

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 100

Кіріспе

«Қазақстан -2030» стратегиясы анықтап берген және республиканың ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі-мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу. Осы жолдауда негізгі жетекші күш- «адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі». Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет, дарынды балалар анықтау мен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау керек.

Қоғам үнемі даму үстінде. Осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың даму деңгейі мен тыныс-тіршілігі әр алуан. Қазақта «адам ұрпағымен мың жасайды» дейді. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» дейді. [11; 13] . Елбасымыз қазақ елінің азаматтары Орталақ Азия барысына айналады, дамушы елдерге үлгі болады, дамыған елдер қатарына қосылып, әлемдік биік дәрежеге жетеміз деп асқақ сезіммен алға тартып, үлкен сенім білдіреді.

Ал пайғамбарымыз Мұхаммед ғ. с. : «Оқымысты адамдар - Алла тағаланың алдындағы сенімді жандар. Білім үйрену ғибадаттан да артық және ол діннің де тірегі» дегенді бұдан он төрт ғасыр бұрын айтып кеткен. [10; 8] . Бұдан шығатын тұжырым: барлық кезеңде, әрқилы уақытта байқап, анықтауда Алла тағаланың сенімді адамадарының сіңірер еңбегі зор. Білім үйретуде ел үмітін ақтауға барлық күш - жігерімізді, жауапкершілігімізді жұмылдырып, дарынды балаларды тәрбиелеп шығаруымыз керек.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі саналы да, салауатты ұрпақ тәрбиесі.

Қазіргі таңда дарындылар азайып барады. Оның бірден бір себебі, қолдау көрсетудің аз болуынан. Сондықтан дарынды балалар мен жұмыстың жалпы мемлекеттік бағдарламасын ұйымдастыруды ел президенті Н. Ә. Назарбаев бастады. Президенттің 1996 жылғы 24 мамырдағы №3002 «Дарынды балалар мектебін мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы» жарлығы жас таланттарды іздестіру мен қолдауға бағытталған жұмысты ұйымдастырудың кең көлемді бағдарламасын жазуға негіз болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Дарынды балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау және дарынды балалар психикасын қалыптастыру жолдарын айқындау болып табылады.

Міндеттері:

1 . Дарындылық ұғымы және дарынды баланы зерттеудің теориялық негіздеріне талдау жасау.

2. Орта буындағы дарынды балаға тән даму ерекшеліктерін анықтау.

3. Дарынды әр түрлі әдіс-тәсілдермен зерттей отырып, дарынды бала психикасын қалыптастыру жолдарын қарастыру.

Зерттеу пәні: Дарынды баланың психикасын зерттеу.

Дипломдық жұмыстың болжамы: Егер дарынды баланың ерекше дарындылық қабілетін ескеріп, тиімді жан-жақты жұмыс жүргізу, басты назарға алынып отырса, жүргізілген жұмыстар тиімді нәтиже береді деп топшылаймыз.

Дарынды баланы дұрыс жолға қойсақ, дарынды бала ашыла түсер еді және олардың санын көбейтер едік.

Зерттеу обьектісі: Орта мектеп жасындағы дарынды балалардың психикасын қалыптастыру жолдары.

Зерттеу базасы: А. Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін профильді № 6 орта мектептің 5 «А» гимназия сынып оқушылары және 5 «Б» сынып оқушылары.

Дипломдық тәжірибеде: Дарынды баланы қабілетті баламен салыстыра отырып жұмыс жасадық. Әдістемелер, диогностикалар, сұрақнамалар жүргізіп қортындылап анализ жасадық. Сол қорытынды нәтижесі бойынша диограмма жасадық.

Зерттеу әдістері: Тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау және дарынды балалардың психикасын анықтауға арналған әдістемелер арқылы эксперимент жасадық, сұрақнама, тест, диогностикалар, салыстыру, әңгімелесу, бақылау, матиматикалық сандық әдістер қолдандық және ой қорыту жасадық.

Жұмысыма теориялық негіз болған: Қ. Жарықбаев «Психология», Алматы 1993 жыл, Н. С. Лейтес «Возрастная одаренность школьников» М 2001 г, Б. Н. Теплов «Способности и одаренности», Москва 1985г, Сәбеп Бап-Баба «Жалпы психология», Алматы 2005 жыл. т. б.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен тұрады, әр тарау үш төрт параграфқа бөлінген және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЖОСПАРЫ:

1 Мінез жөнінде түсінік

2 Мінез жөніндегі білімдер

3 Мінез түрлері мен типтері

4 Мінез жене адамның жас сатылары

5 Жас ерекшелігіне сәйкес мінезді қалыптастыру

6 Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары

Мінез жөнінде түсінік

Мінез жеке адамның өзіне тән қылық - әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.

Мәнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар - әртүрлі жағдайларды көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінің жаңылмай дәл, айтуға болады.

Алайда, жеке тұлға ерекшелікке бай келеді, ал солардың бәрі де адам мінезін танытады деу қате. Мінез көрсеткіші - адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері. Егер адам қандайда дау-дамайлы жағдайда дөрекілік көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстампаздық осы адамның төл қасиеті деу жөн емес. Жайдары мінезді, көңілді адамның өзі кей кезде мұңайып, сылбыр халге түсуі мүмкін. Өмірге келумен бастауын алып, мінез нақты адамның өмір барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезім, ниет, әрекет сипатын бірлікті анықтап барады. Мұнда адамның бүкіл өмірін жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтік жағдайлар маңызды келеді. Дегенмен, мінездің нақты қалыптасуы әртүрлі деңгейде дамыған топтарда қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершілік, қоғамдық құндылықтарға тәуелді мүшелерінің мінез ерекшеліктері орнығады. Мінез бітістері, сонымен бірге тұлғаның отбасындағы абыройы, топтың басқа мүшелерімен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгеріске түседі. Жоғары деңгейлі дамыған топ, ұжым мінездің мәнді де ұнамды бітістерінің қалыптасуына оң әсер етеді. Жақсы мінезді адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дәреже, деңгейін арттыра түседі.

Қоғам әсерлері мен ықпалдарын бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның өмірлік бағыт-бағдарын құрайды, яғни оның заттай және рухани қажеттеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мұраттарына т. б. негіз болады. Бағыт-бағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмірлік жоспары мен сол жоспарды іске асыруда қажет белсенділік деңгейін белгілей алады. Мінезге орай адамның дүние талғамы, өмір мәні, белгіленген мақсат-мүдделерінің, әрекет қылықтарының себептері ашылады.

Мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды болған қоғамдық құндылытар мен жеке талғамдар арақатынасы шешуші мәнге ие. Әр қоғамның өзіне сай маңызды да мәнді міндеттері болады. Міне, осы міндеттерді іске асыру барысында мінез қалыптасады. Кейін солар тұрғысынан тексеріледі, бағаланады. Сондықтан да мінез қандай да адам қасиетінің көрінісі ғана болып қоймастан, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке болған бағыт-бағдары негізінде нақты бір қалыпқа келеді. Мінез қалыптасудағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы - босбелбеулік, мінезсіздіктің белгісі. Солайда болса, жеке адам мінезі мен оның бағыт-бағдары екіталай нәрсе. Алдыңызға ақ көңіл кейіппен келген адамның бірі - ізгі ниетті де, ал екіншісі - жауыз болуы мүмкін. Жеке адам бағыт -бағдары оның барша әрекет-қылығына із береді. Әрдайым қылық «Осынау болсын» деген ниеттен емес, адам қатынастарының біртұтас жүйесіне негізделеді, ал бұл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мінезіне белгілі сипат ендіреді.

Қалыпқа түскен мінезде адамның наным-сенімдер жүйесі жетекшілік етеді. Тиянақты көзқарас - наным адамның өз іс-әрекетін ұзақ мерзімді бағыт-бағдарға сай белгілеп, мақсатқа жетуде жігерліліктің, орындап жатқан ісінің дұрыс та маңызды екеніне сенімділік туғызады.

Мінез ерекшеліктері адам қызығуларымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді де тұрақты болуы шарт. Ал, қызығулар үстірт, тұрақсы болған жағдайда, дербестігінің кемдігі мен тиянақтылығы болмағанын жеке адам еліктегіш келеді. Қызығулар ұқсастығы мінез теңдігін аңдатпайды. мысалы, өнертапқыштар арасында көңілді не мұңды, кішіпейіл не өзімшіл тұлғаларды айыруға болады.

Мінез адамның қолы бос уақытындағы өзі қалап шұғылданған істерінен де танылуы мүмкін. Мұндай қызығулар тұлға мінезінің жаңа, ерекше қырларынан хабардар етеді. мысалы, ұлы ғалым-химик Ебней Бөкетов қолы босаса, аудармашылықпен айналысып, орыс, батыс қаламгерлерінің небір әйгілі көркем шығармаларын қазақ оқырманына жеткізген; атақты тіл ғалымы Әбдуәли Хайдари демалыс уақытында қазақы ер-тұрман, қамшы және т. б. заттарды оюлап, жолдастарын таң қалдырған; ғұлама-түркітанушы академик Рахманкүл Бердібай қолы босаса, күйшілік өнерімен айналысады. Адамның рухани немесе заттай қажеттіліктерінің қайсысының басым болуына қарай оның тек ой, сезімдерінің ғана емес, сондай-ақ іс-әрекетінің де бағыт-бағдары айқындалады. Бұл арада аса маңызды нәрсе іс-әрекеттің алға қойылған мақсатқа тікелей сай болғаны, себебі адам не істеп жатқаны немесе не істейтініне қарай бағаланбайды, әңгімек сол істі қалай орындайтынында. Осыдан мінез қалпй адамның бағыт-бағдары мен іс-әрекет кейіпінің бірлігіен келіп шығады.

Мақсатқа жетуде бағыт-бағдар бірдейлілігі болғанымен, әр адам өз жолын таңдайды, өзіне қолай, қайталанбас әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Осы дербестіктен адам мінезінің ерекшенлігі көрінеді. Белгілі ықпалға ие мінез бітістері әрекет немесе қылық түрін таңдауда айқын жүз береді. Бұл тұрғыдан тұлғаның табысқа жету қажеттігін туындатқан ықылас, ниет көрінісінің деңгейін мінез бітісі деп тануға болады. Осыған байланысты кей адамдар күмәнсіз табыс қамтамасыз ететін әрекеттерді таңдап алады, ал екіншілері - сәтсіздіктен қашуды көздейді.

Мінез жөніндегі білімдер

Мінез құбылысын зерттейтін ғылым - характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мінездер типін саралап, адамның әртүрлі өмір жағдайларындағы әрекет-қылығын болжастыру мақсатында әрқандай мінез сипатын нақтылаумен шұғылданып келді. Адамның тума емес, өмір барысында қалыптасатын белгісі болғандықтан, мінез типтерін жіктеу көбіне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негізделеді. Осы бағытта ежелден өрістеп келе жатқан, мінез танып, әрекет-қылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбіріне қысқаша түсінік:

Жұлдызнама - адам мінезін туған күні ме байланыстырып түсіндіреді. Жалпы қабылданған уақыт өлшемдері белгілі кезең, аралыққа бөлінед, олардың әрқайсысына нақты белгі, символ береді. Осы символға тән әртүрлі қасиеттерге орай адам мінезі суреттеледі. мысалы, кельт жұлдызнамасын де 22 желтоқсан 1 қаңтар аралығында туыған алмаға тектес, осыдан мұндай адам сүйкімді, ақ жарқын, күлкішең т. б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда аталған күндері туылғандар - туатеке, яғни мұндайлар - өжет, тұрақты, төзімді, тұйық, сыршыл келеді.

Физиогномика (phisis - табиғат, gnomon - білу) - адамның сыртқы келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі топқа біріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. адам дене бітістеріне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тән мінез ерекшелігі оған таңылады. мысалы, Аристотель пікірінше, адамның мұрын танауы өгіздікіндей жуан да қалың болып келсе, ол еріншектік белгісі; шошқадай кең танау, жалпай мұрын - ақымақтық; қой, ешкі жүніне ұқсас шашты адам - үркек; доңыз, арыстан қылшықтарындай тіке шашты адам - ержүрек, батыл, т. б.

Адамның басқа да келбет көріністері негізінде мінезді байқастыру осы физиогномика аймағында жоғары дамыған.

Хиромантия ( cheir - қол, mantia - бал ашу) - адам мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.

Дерматоглифика - бармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.

Графология - мәнерлі әрекет жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым.

Мінез түрлері мен типтері

Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық және альтруистік ітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтуристік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.

Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына баланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік объектердің маңызымен анықталады:

  1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл-өтірікші, әдепті-дөрекі. т. б. )
  2. Орындалатын іс қызметіне орай (еңбеккер-еріншек, т. б. )
  3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл, т. б. )
  4. Заттарға қатынасынан (сақи-ашкөз, ұқыпты-салақ, т. б. )

Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақты мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т. б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан кей адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсатыққа келеді немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келп, мінез түрінің басқларынан ажыралуына себепші болады.

Мінез әр тұлғада өзінше көрініске ие, солайда болса, оның құрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітістерді біріктіруге болады. Осыдан, мінез түрі - адамдардың кейбір тобына тән қасиеттің біреудің дара мінезінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себебі - мінез тума берілмейді, әр адамның белгілі топ, қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрекетіне сай қалыптасады.

Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі - мінез типтерін ажыратуға болады. Мінез типін анықтауда ақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі

Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:

1. Үйлесімді мінез типі - қоршаған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен істеген іс бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт-бағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсат-мұраттары мен принциптері үшін күреске дайын. Бұл адамдардың өмір сүру тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалаауына орай өзгерту.

2. Іштек қарама-қарсылықты , бірақ сырттай келісімді мінез адамы. Бұл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет-қылығы арасында келіспестік бола тұрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді. Өзін ерік билегенін бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын іздестіруге дайын тұрады.

Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерінің ой-пікірлерін қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс іздестіру және әлеумет қолдамаған күнделікті тұрмыс күйбеңіне берілмеу жолдарымен шешуге бейім келеді. Қоғам мүшелері қабылдаған рухани құндылықтарды мойындайды, бірақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.

3 . Икемі кем, қарама-қарсылық мінез адамы : көңіл-күй, ниеттері мен әлеуметтіе борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына ала бермейді. Бұл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасынан нақты әрекет-қалық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты - тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жұмсамай-ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.

Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар шектен тыс мәпеленкп, төңірегіндегілердің орынсыз қамқорлығынан дербестік қалыпқа үйренбеген. Осыдан, әрқандай кедергіден қорқады, ойланып, жол іздестіруге шамасы жетпейді. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен айалып өтуге тырысады.

5. Тиянақсыз мінезді адам - бағыт-бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық деңгейі төмен. Тұрақты мінзе-құлығы қаланбаған, осыдан барша іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамынң бойына сіңген мінездік көрініс.

Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген; тіршілік үшін болған әрекет-қимылы тіке, бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып-толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайд. Олар үшін кедергі біреу-ақ - сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды өлшестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені - мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бұл адамдардың барша ынта-ықыласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқы жағдайларға бағындыру - мұндайлардың негізгі мінездік болмысы.

Мінез жене адамның жас сатылары

Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оғиғалар мен құбылыстарды бақылауға бағытталады. Негізінен объектілермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылық-әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағамдай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлтайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игерілген тәжірибе мен білім бобалалық кезеңнің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды балаларды даярлау арқылы дарындылықты дамыту
Дарынды баланың психикасын қалыптастыру жолдары
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Қарым қатынастың түрлері
Дарындылықты қалыптастыру мәселелері
Дарынды бала ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дарындылық туралы жалпы түсінік
Жоғары сынып оқушыларының оқу үрдісінде өздігінен білім ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын қабілетті интеллектуалды шығармашыл тұлға қалыптастыру
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz