Жер қабығының құрамы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жердің ішкі құрылысы мен құрамын және оның рельеф (жер бедері) пішіндерін
табиғи жағдайда өзгертуші күштерді геологиялық процестер деп атайды.
Геологиялық проецестер Жер бетінде және оның ішкі қойнауында тоқтаусыз
жүріп жатады.Осындай геодинамикалық әрекеттердің нәтижесінде қалыптасқан
алғашқы жер қыртысы, өзінің даму барысында күрделі өзгерістерге ұшырап
отырады.
Геологиялық процестердің орасан зор мөлшері мен өте ұзақтығы – жердің
даму тарихының ең басты ерекшеліктері болып табылады. Егер біз жер қыртысын
құраушы және оны өзгертуші геологиялық процестерді бақылау мүмкін деп
санасақ, онда ол процестерді тек өте қысқа мерзім аралығында ғана байқаған
болар едік. Табиғат ғылымдарының барлығының да негізгі әдісі - эксперимент.
Ал жер болса соншама алып, оның қойнауындағы өтіп жатқан процестер ойға
сыймастай күрделі. Ендеше геология үшін таза эксперимент қолдан келмейді.
Қалғаны – бақылау, көру, іздестіру. Сол себептен геологияның негізгі әдісі
– жер бетін шарлап, фактілерді жинап, кейін оларды жіктеп, талдап, одан соң
құрастырып, солардан ойша болжам жасау болғаны.
Геологияның негізгі әдістемелік тәсілі – актуализм. Ғылымға бұл
тәсілді белгілі ағылшын ғалымы У.Лайел енгізген болатын. Актуализмнің
негізі – қазіргі көріп – білгеніміз өткен дүниені танып, білудің кілті.
Басқаша айтқанда, біз қазірде өтіп жатқан табиғат құбылыстарын (мысалы,
ағын су әрекетін, теңіз – көлдің геологиялық жұмыстарын) зерттеп, олардың
әрқайсысының өздеріне тән қалдырған белгілерін көріп – білеміз. Содан соң
бұдан жүздеген миллион жылдар бұрын жаралған жас жыныстар ішінен сол
әрекеттердің таңбаларын тауып, осы кездегімен салыстыра келе жыныстардың
шыққан тегін анықтаймыз.
Геологиялық ғылыми – зерттеу жұмыстарын атқару барысында геологиялық
байқаулар жүргізе білудің маңызы өте зор.
Жер тарихындағы барлық өзгерістер екі түрлі күш әсерінен туған. Ішкі
күштер жинағын эндрогендік, сыртқы динамиканы экзогендік деп жинастырады.
Олар қашанда болса бір – біріне ықпалын тигізіп отарды.
Осы дипломдық жобаның басты мақсаты Жердің экзогендік (сыртқы)
динамиканың зерттеу және осы күрделі процестердің жан – жақты толық
сипаттамасын беру.
Жұмыс негізінен үш бөлімнен құралады. Бірінші кіріспе бөлімде тақырыпты
аша түсу мақстында Жер ғаламшарының жалпы сипттамасы беріледі.
Ал екінші бөлімде негізгі экзогендік процестер сарапталады.
Үшінші бөлімінде жалпы қорытындылар беріледі.

І Жердің жалпы сипаттамасы.
1.1. Жер пішіні және өлшемдері.
Жердің шарға ұқсастығын есімдері әйгілі Пифагор (Б.э.д.V ғ.), Аристотель
(Б.э.д.ІІІ ғ.) дәлелдеген. Олардың дәлелі – Ай тұтылғанда оның бетін Жердің
дөңгелек көлеңкесі жабатыны. XVII–XVIIIғасырларда ғалымдар Жердің қысымы
эллипсоид пішінді екенін дәлелдеді. Қазіргі уақытта жер бейнесін ғарыштан
фотоға түсіріп, эллипсоид пішініне көзіміз жетті. Эллипсоид – геометриялық
сызық, ал Жер бетінің дөңес – ойыстары бар. Сондықтан геодезистер Жер
пішінін геоид (Жер тәріздес) деп атайды. Эллипсоид сияқты геоид та сопақ,
экваторлық бүйірі шығыңқы.
Жердің
Rэ – экваторлық радиусы 6378,2 км
Rэ – Полярлық радиусы 6356,8 км
Ендеше, Жер полюстері кіндігіне экватор бойындағы нүктеден 21,4 км жақын
болғаны, яғни Rэ – Rп = 298,2 ≈ 1300 санын Жердің сығылуы деп

атайды. Жердің орташа радиусы 6371,1 км [1]. Көп планеталар секілді Жер
де батысынан шығысқа қарай айналып тұрған дене. Ол өз осінен 23 сағат 56
минут 4 секундте бір айналады. Ендеше айналу жылдамдығы 30 км\с. Сол
себебінен Жердің ішкі жағында неше түрлі процестер болып жатады. Жердің
массасы 6 · 10 21 тонна, көлемі 1,083 млрд км3 , ауданы 510 млн км2 ,
орташа тығыздығы 5,52 г\см3. Жердің ішкі қабаттарын құрайтын заттардың
тығыздығы тереңдеген сайын ұлғая береді.

1.2. Жер бетінің бедері
Жер бетінің бедері өте күрделі, себебі оның қалыптасуына геологиялық
процестер зор әсерін тигізеді. Жер бетінің 70,8% (361 млн км 2) су, ал
қалған 29,2 % (149 млн км2 бөлігін құрылық алып жатыр.
Дүниежүзілік мұхит сулары негізінен бір – бірімен байланысқан, тек төрт
мұхит ғана материктермен бөлінген. Оларға: Тынық, Атлант,Үнді және
Солтүстік Мұзды мұхиттар жатады. Құрылық алты материктен (Евразия,
Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия және Антарктида),
сонымен бірге мұхиттық аралдардан құралған. [1]
Құрлықтың ең биік нүктесі (Гималай тауы, Джомолунгма шыңы )
8848 м биіктікте орналасқан, ал ең төменгі нүктесі 11022 м (Тынық мұхит,
Мариан шұңғымасы) болып саналады. Олардың арасындағы айрымашылық – 20км.
Материктердің орташа биіктігі – 875 км. Ұзыннан – ұзақ созылып жатқан тау –
жоталары мен биік таулы аймақтар әдетте континенттің шеткі жиектік
бөліктеріне қарай орналасқан. Құрылықтың орташа 200 м-лік деңгейде
орналасқан тегіс аудандары жазықтық деп аталады. Олар құрылықтың 53% - ін
алып жатады.
Мұхиттың орташа тереңдігі – 3800м. Мұхит түбі бедерінің құрылымы: шельф,
басқаша айтқанда, матриктердің таяз сулы шеткі бөліктері 200 м – ге дейінгі
тереңдік (жер бетінің 5,5% - і); материктік (континентальдық) беткей
немесе материк табаны 2500-3000 м дейін (жер бетінің 34,7-і): мұхит түбі
– 6000 м: терең сулы шұңғымалар (Жероттар) - 11км; мұхитаралық, тау
жоталары болып бөлінеді. Континенттік бедерінің мұхиттық бедерге ауысу
барысында, шекаралық зонаның өзіндік ерекшеліктеріне қарай, олар
атлантикалық және тынық мұхиттық болып ажыратылады.

1.3. Жердің геосфералары
Жер мен оны қоршаған орта бірнеше қабатқа бөлінеді.
Атмосфера (гр. Атмос- бу, сфера - шар) деп Жермен бірге айналып
тұратын газды кеңстікті атайды. Ол газдан, тозаң мен су буының қосындысынан
тұрады. Жер бетіне таяу қабатындағы атмосферадағы құрғақ ауаның құрамына,
негізінен, азот (78%) пен оттек (21%) кіреді, қосымша аргон (0,93%),
көмірқышқыл газы (0,03%) кіреді, олар ауаның 99,99% - ін құрайды.
Жер бетінде тоқтаусыз жүріп жатқан экзогендік геологиялық процестер үшін
оттегі, көмірқышқыл газы және су буы өте маңызды роль атқарады. Оттегі әр
түрлі табиғи заттардың тотығуын және организмдердің тыныс алуын қамтамасыз
етеді. Ауаның құрамындағы озон (О3) атмосфера қабатының 70 км биіктігіне
дейін кездеседі. Озон қабаты жерді ультра күлгін және т.б. зиянды ғарыштық
сәулелердің әсерінен сақтайды. [2]
Атмосфераның жалпы массасының 90% астыңғы 16 километрде, 50%-і
төменгі 50 км – де орналасқан. Жоғары көтерілген сайын оның құрамы да
өзгереді; 200 – 500 км – ге шейін азот басым, 500 – 700 км – де атомаралық
оттек, одан жоғары гелий мен сутек басым. Атмосфера температуралық
ерекшеліктеріне қарай әр түрлі қабаттарға жіктеледі. (қосымша 1)
Атмосфераның төменгі бөлігі (полюстер тұсында, 8 – 10км: Экватор тұсында 16
– 18км) – трапосфера, одан жоғары қабат (55 км – ге дейін) – стратосфера,
келесі қабат (55 км – ден 80 км – ге дейін) – мезосфера, одан кейінгі қабат
(80 км – 800 км – ге дейін) – термосфера, ең соңғы қабат (800 км – ден
жоғары) – экзосфера деп аталады. [Қосымша - 1]
Геология үшін трапосфера қабатының маңызы ерекше, өйткені бұл қабат жер
бетімен тікелей шекаралас. Сондықтан да трапосфера Жер бетіндегі экзогендік
геологиялық процестерге көп әсерін тигізеді.
Ауа қабатының үздіксіз қозғалыста болуы тропосфераның ерекшелігі болып
саналады. Ауа қабатының қозғалысы температуралық айырмашылыққа және ыстық
ауа мен суық ауаның арасындағы тығыздық айырмашылықтарымен тікелей
байланысты.
Гидросфера - Жердің судан тұратын қабаты, барлық мұхит – теңіздердің,
өзен – көлдердің, жер асты суларының жиынтығы. [3]
Гидросфера қорының 96,5% әлемдік мұхитта жиналған (1370 млн км 3).
Гидросфераның жалпы көлемі – 1,8 млрд км3. егер гидросфераның барлық суын
Жер үстіне бір тегіс жайсақ, оның бетінде биіктігі 3700 метр су қабаты
пайда болар еді.
Гидросферадағы су ұдайы қозғалыста, шыр көбелек айналыста болады.
Құрылықпен де, мұхитпен де, ауамен де, тірінің денесімен де жанасып сапар
шеккен тамшы су жауын – шашынға көшеді. Одан бір кезде Жерге түсіп,
сарқыраған бұлаққа айналып, олар өзендерге құяды, топыраққа да сіңеді,
кейінгісі жер асты суларын құрады. Біразы қайта атмосфераға ұшады, өзен
теңізге құяды, одан мұхит – теңіз тасымайды, суы буланып, жауын – шашын
арқылы өзенге қайта оралады. Осы құбылысты гидросфераның тұйық айналымы
дейді.
Миллиондаған ғасырлар бойы дамылсыз, ешбір қағыссыз жүрген су айналымы
Жердің маңызды үш геосферасын – атмосфераны, гидросфераны, литосфераны
өзара ұштастырып, байланыстырады, біріктіреді. Су айналымы 3000 жылда толық
жаңарады.
Орыс геологиясының атасы А.П.Карпинский суды тіршілік атаулының өмір
нәрі деп бейнелеген болатын.
Гидросфера адам қорегінің негізгі көзі. Ол жердің жылу батареясы іспетті
жылу тасымалдайды, барлық табиғи процестерді біріктіріп, бүкіл геологиялық
өзгерістерді қалыптастырады.
Жердегі су қабаты жойқын геологиялық күш. Әйгілі ғұлама
В.И.Вернадский мұны былайша сипаттады: Біздің планетамыздың тарихында су
жолы басқаша. Негізгі геологиялық процестерге өзінің әсері жөнінен оған
жететін бірде – бір зат жоқ
Биосфера. Жердің тағы бір қосалқы қабатын биосфера (гр. биос - өмір)
деп атаймыз. Ол жоғарыдан стратосфераның озон қабатымен шектеледі де, бүкіл
гидросфераны қатнтып, төменен жер қабығының қызуы 100 0С - ке жеткенге
дейінгі үстіңгі жағын алып жатады.
Биосфера – Жердің өмірімен қамтылған ерекше қабығы.
Құрғақ затқа балап есептегендеге тірі массаның жалпы салмағы шамамен
1015 тонна: оның 99 % - і микроорганизмдер салмағы. Биосферада тірі
организмдер мен оларды қоршаған орта бір – бірімен тығыз байланысты,
біріне – бірінің ықпалы күшті. Сонда тірі зат ұлы өзгертушінің рөлін
атқарады. Тірі дүние күн сәулесін сіңіріп, ұлан – ғайыр энергия көзі
болады.
Соның әсерінен көмір, мұнай газ кендері түзіледі, қалың әқтасты
жыныстар қабаттары құралады . [5]
Жер бетінде ақыл – парасат иесі – адамзат жаралғаннан бері қарай жер
өз дамуының кезекті күрделі сатысына көшті. Адам қауымы аса зор геологиялық
факторға айналды. Табиғатта миллиондаған жылдар бойы түзілген химиялық
элементтердің санаты адам әрекетінен ( мысалы, кен шығару, оны өңдеу) көзді
ашып жұмғанша бұзылады. Адамзаттың осы жойқын әрекетін білген В.И.
Вернадский биосфера қабатын ноосфера ( ақыл – парасат қабаты) деп атады.
Магнитосфера. Жердің магниттік қасиеті оның өзегінде орналасқан алып
цилиндр пішінді магнитке байланысты. Барлық магнит секілді оның күш
сызықтары жер төңірегіндегі кеңістіктің бір полюсінен екіншісіне жалғасып,
тұйықталады. Жердің магнитосферасы осы.
Магнитосфераға күн желі мен планеталардың магнит өрісі әсерін
тигізеді. Ол плазма дейтін электр зарядын жер бетіне жібермей, тосқауыл
жасайды. Содан күн желі жерді айналып, оның түн жамылған жағына көшеді.
Өзіне қоса магнит күн сызықтарын да созады. Магнитосфераның күн жоқ шегі
жердің 10 – 14 радиусындай болса, көлеңке жағында 90 радиусқа созылады. Күн
плазмасы магнит қуысына түскеннен кейін тығыздалады, жылдамдығы шабандайды.
Жердің аймағында магнитосфера жоқ болғандықтан, күн желінің бөлшектері
атмосфераға жанасып, полярлық шұғылалар туғызады.
Күннің зарядталған бөлшектері магнитосфераны тесіп өтеді де,
радиациялық белдеу аймағында шоғырланады. Бұл белдеулер негізінде 65° ендік
тұсында арналасады. Екеуінде де зор радиация энергиясы бар.
Жердің магнитосферасы болмаған жағдайда күн мен жұлдыздар желі
тосқауыл кездестірмей, жер бетіне жетіп, барлық тірі жанды, адамзатты жауып
кетер еді. Сөйтіп, магнитосфера биосфераны қорғайтын қалқанның рөлін
атқарады.
Жер климатының өзгеруі де осы геомагнит өрісіне байланысты.

1.4. Жердің ішкі құрылысы.
Миллиардтаған жылдар бойы жердің ішкі құрылысы қалайша өзгеретінін
білу әуелі оның қазіргі ішкі құрылысын анықтау керек. Біз жер қойнауын біз
12,5 км тереңдікке дейін ғана бұрғылай аламыз. Одан әрі қарай тек жанаша
жолмен ғана Бас сұға аламыз.
Жер құрылысының басты өзгешелігі – оның физикалық қасиеттері бір
текті емес, радиусы бойындағы заттар әлденеше қабаттарға жіктеледі. Жердің
ішкі белдеулерінің құрамы мен физикалық күйін әр түрлі геофизикалық әдістер
арқылы білеміз.
Олардың ішінде ең маңыздысы сейсмикалық әдіс. Жер сілкіну дегеніміз
толқынның таралуы. Маман геофизиктер осы жер сілкінуінен немеме қолдан
туғызған жаралудан тараған толқындарды аспаптармен тыңдап, ұстай алады.
Жер сілкіну ошағынан екі түрлі толқындар тарайды. Қума толқын (Р)
суға лақтырған тас толқынындай қатты, сұйық, газ денелердің бәрінен
тарайды.
Екіншісі – көлденең (S) толқын кесіп өткен ортаның көлемінің өзгеруіне
байланысты тарайтындықтан ол тек қатты денелерден өтеді. Екі толқынның да
жылдамдығы өздері шарпып өтетін жаныстардың тығыздығына байланысты. Міне
соларды байыптап өлшеп, жазып, тереңдегі жыныстардың физикалық күбін және
қай тұста (тереңдікте жатқанын) білеміз. [2]
Осы зерттеулер негізінде жер шары негізінде үш қабаттан тұратыны
зерттеулер негізінде жер шары негізінде үш қабаттан тұратыны анықталды
[қосымша 2]
I)Жер қабығы – Жердің үстіңгі қабаты. Ол қабыршақшай жұқа, шамамен жер
радиусының 0,6 % -ін алады. Қалыңдығы мұхиттар астында 5 – 10 км, жазық
жерлерде 30 – 40 км, Памир, Гималай сияқты заңғар таулар астында 50 – 70
км.
Оның құрылысы мен құрамы континенттер мен мұхиттар түбінде бірдей
емес .
І) Жер қабығының континенттік тегі үш қабаттан ( жоғарыдан төмен
қарай): 1) шөгінді ( 5 -20);
2) гранитті – гнейс (10 – 30 км); 3) габбро – базальт ( 5 – 40км) секілді
тау жыныстарынан құралады.
Ал мұхиттық тегі – шөгінді ( 1,5 – 2 км), кейде Вулканогенді –
шөгінді және базольтты (4 – 8 км.) қабаттардан тұрады. Мұхит түбінде
гранитті қабат болмайды.
II) Жердің мантиясы ( грекше майлум – сырт киім). Жер қабығынан кейін
2900 км тереңдікке жетеді оны жоғарғы ( 900 – 1000 км – ге шейін) және
төменгі мантия деп бөледі. Кейбір ғалымдар мантияны жоғары ортаңғы және
төменгі деп үш қабатқа бөледі.
III) Жер ядросы (өзегі). Оны да сыртқы ( 5000 км шейін) және ішкі
ядроға жіктейді. Кейбір ғылымдар ядроны - сыртқы, ядро аралық зона және
субьядро деп үшке бөледі.
Сейсмикалық қума толқын жер қабығының төменгі тұсынан 6,5 – 7,0 кмс,
ал көлденең толқын 3,7 – 3,8 кмс жылдамдықпен тарайды. Мантияда жер
қабығының қума толқыны кенет өсіп ( 8,0 – 8,3 кмс), көлденең толқын 4,5
- 4, 7 кмс жылдамдықпен өтетін айырық бетпен бөлінеді. Осы бетті алғаш рет
1911 жылы югослав геофизигі А. Мохоровичич көрсеткен болатын, сол маманның
атымен ол шекті Мохоровичич беті немесе шегі (қысқаша Мохо, немесе М) деп
атайды. Мантияның жоғары жағында салыстырмалы тығыздығы кем, жыныстары
жұмсақ қабат бар. Оны астеносфера ( гр. астянос - әлсіз, жұмсақ) деп
атайды. [қосымша – 3 ]
Онда сейсмикалық толқындардың, әсіресе көлденең толқынның, жылдамдығы
баяулап, электр өткізгіш қабілеті өсе түседі. Демек оның тұтқырлығы шамалы,
жапсарлары әлсіреген. Өйткені жердің ішкі қабатына тереңдеген сайын
жылудың өсуіне байланысты құрамындағы заттардың 1 – 10 проценті балқып
кетеді.
Атмосфера қабаты құрылықтар астында 80 – 120 км – ден 200 – 250 км –
ге, мұхиттар, астында 50 – 70 – тен 300 – 400 км – ге дейін тереңдікке
орналасады. [4]
Жер қабығы, мен мантияның астеносферадан жоғары бөлігін біріктіріп
литосфера ( гр. литос - тас) деп атайды. Оның заты кристалдық күйде.
Атмосферадан төмен қарай сейсмикалық толқындар жылдамдығы өсе
бастайды. Қума толқынның жылдамдығы мантияның астыңғы жағында 13,6 кмс –
ге, көлденең толкынның жылдамдығы 7,2 – 7,3 км с – ге жетеді. Мантия заты
қатты. Ал ядро мен мантия шегінде біріншісінің жылдамдығы 13,6 км с – деп
қайтадан 8 , 1 км с – ге кемиді. Ендеше бұл тұста тағы бір сейсмикалық
айырық бар екенін сеземіз. Одан соң қума толқынның жылдамдығы біртіндеп
артады да, сыртқы ядрода 10,5 км с – ге, ішкі ядрода 11,2 – 11,3км с –
ге жетеді. Көлденең толқындар ядродан өтпейді, өйткені оның заты – балқыған
сұйық. Дегенмен ішкі ядроның қатты күйде деген пікір бар.

1.5. Жер мен оның қабығының заттық құрамы.
Жердің орташа химиялық құрамы меториттердің орташа құрамының
шамасындай деп саналады. Ғарыштық – химиялық және эксперименттік деректер
байынша, жердің арташа химиялық құрамы төмендегіндей. ( 1кесте)
Жердің орташа химиялық құрамы.
Элементтер Химиялық құрамы
( салмақ проценті мен )
О2 28,5 – 31,3
Fe 29,76 – 35,87
Mg 13,21 – 15,69
Si 14,34 – 15,1
S 1,84-4,17
Ni 1,65 – 2,04
Ca 1,64 – 2,28
Al 1,32-1,83
Na 0,30 – ға дейін

Осы элементтер жоғарында айтылған жер қабаттарында түрліше тараған.
Мантия қабаты кремний тотығына кедей, магний мен темірге бай
тотықтардан тұрады. Тығыздығына қарағанда, жер ядросының жегі таза темір
мен никель қоспасынан түзілгенге ұқсайды.
Жер қабығының құрамы. Жер қабығының құрлықтар құраған ең үстіңгі 10 –
15 км қабатының ғана нақты химиялық құрамын анықтай аламыз. 6000 химиялық
анализді пайдаланып, осы қабаттың орташа құрамын есептеп шығарған американ
ғалымы Ф. Кларк болды. Әрине кейінірек ол сандар талай рет түзетілді.
Қазіргі деректер бойынша, жер қабығының құрамында ең көп тараған –
сегіз элемент. Олардың жалпы мөлшері салмақ процентімен есептегенде 98 %
асады.

Оттек – 46,50 Кальций – 5,79
Кретний – 25,70 Магний - 3,23
Алюминий – 7,65 натрий – 1,81
Темір 6,24 Камий - 1,34

Қалғандарының шамасы, % ; Ti – 0,52;
Көшіртек – 0,46; Mn – 0,12;
Күткірт – 0,11. аталмаған элементер
Бар – жоғы 0,37% шамасында ғана

ІІ. Жердің экзогендік динамикасы.
Жер тарихындағы барлық өзгерістер екі түрлі күш әсерінен туған. Ішкі
күштер, жинағын эндогендік, сыртқы динаниканы экзогендік деп жинастырады.
Олар, әрқашан бір – біріне ықпалын тигізіп отырады.
Эндогендік процестер әсері – жер қабыауына магналы заттар мен су буы
және газдардың кіруі, жер қабығының пішіні мен құрылымының өзігеруі, жер
бедерінің өзгеруі. Тау жыныстары жер бетіне шыққан кезде тереңдегі
қыртыстардан тып басқаша физикалық – химиялық жағдайға ұшырайды да әр түрлі
факторлардың әсерінен бұзылып, шайылып, көшеді, қайта шөгеді.
Экзогендік процестердің негізгі энергия көзі, күннің жылу энергиясы
және гравитациялық күшшер болып саналады. Олар төрт топқа; 1) үгілу: 2)
үгілу өнімдерінің жаңа орынға тасымалданып көшуі, яғни орын ауыстыруы; 3)
аккумуляция ( шоғарланып жиналу): 4) диагенез ( шөгінділердің тасқа айналуы
болып ажыратылады)
Үгіну ( вытеривание – немісше веттер - ауа райы деген мағынада)
процесі деп, жер қыртысын құрайтын алғашқы заттардың( магмалық, матаморфтық
және шөгінде жыныстардың) Жер бетінде табиғи жағдайда үздіксіз жүріп
жататын физикалық, химиялық және биологиялық) әр түрлі әрекеттердің
нәтижесінде ( ыстық ауа мен салқын ауаның кезек алмасуы, жауын – шашын, су
мен жел, ауадағы өттегі мен көмір қышқы газының және әр түрлі қышқылдардың
химиялық, әсері, күн радиациясы, түрі организдер мен өсімдіктердің
әрекеттері) байқалатын өзгерістердің жиынтығын айтады.
Денудациялық ( латынша денудацио - ашылу) процесс – үгілу
заттардының денудациялық агенттердің ( гравитация күштер, мұхиттар мен
теңіз сулары және атмосфералық сулар мен құрлық сулары, мұздықтар мен
соққан жел әрекеттері) күшімен жаңа орынға тасылмалдаған тау жыныстарының
орын ауыстыру, әрекеттерін. Қамтиды, бұл әрекеттердің нәтижесінде жер беті
тегістеліп, тегіс пішінде бедер түрлері қалыптасады.
Аккумуляциялық ( шөгінді қабаттардың жиналуы) процестердің нәтижесінде
алғышқы жыныстардың ( магнит, метоморфтық) үлгі заттары жер бедерінің айыс
немесе шұңғыл ауданрында ( өзен аңғарларында, көлдер мен батпақтарда,
мұхиттар мен теңіздерде) тұнбалар түрінде шөгінді қабаттар түзіледі.
Диагенез – барпылдақ шөгінді қабаттардың ценеттерліп, шөгінді тау
жыныстарына айналуына әсерін тигізетін термодинатикалық күрделі процесс.
Мысалы, құмнан – құмтас, жұмырланған, малта тастан – конгломерат, су
жәндіктерінің қалдықтарынан – қабыршылық тас, өсімдіктер қалдықтарынан –
борф, тас көмір қабаттары пайда болады. Ал құмға, араласқан ізбесті лайдан
ісбестас түзіледі.
Экзогендік геологиялық процестердің барлығы да бір – бірімен өте тығыз
байланысты. Бұл әрекеттердің қарқындылығы әр түрлі геологиялық, физикалық
географиялық және т.б. көптеген факторларға тәуелді.
Олардың ішінде жер қабығының тектоникалық қозғалыстары, климаттық
жағдайы мен геологиялық құрылыс ерекшеліктері, бедер бішініндері және уақыт
мерзіндері маңызды роль атқарады.
Экзогендік поцестердің арқасында жер қыртысыны топырақ қабаты және әр
түрлі пайдалы қазбалар құрылады. Пайдалы қазбалардың дүние жүзілік
мөлшерінің =60%-і экзогендік поцестерге байланысты түзілген кен –
орындарынан өндіріледі.

2.1. Гипергеноз және үгіну қыртысы.
Бұзылу – тазу (выветривание) деп тау жиныстарының жер бетіндегі әр
түрлі физикалық, химиялық, органикалық факторлар әсерінен өзгеріп, бұзылу,
күлпарша үгілу поцестерін айтады. Бұзулы тертині орыс тілінде де, қазақ
тілінде де күрдем құбылысты тегіс қамтымайды. Соны ескерген А.Е. Ферсман
бұл құбылысты гипергенез деген терминмен анықтаған болатын.
Бұл әрекеттер атмасферадан қатысуымен жүріп жауады.
Гипергендік поцестерге байланысты химиялық ажырау, еру гидратация (су
қосып алу, сулану), карбанаттану (көміртегімен қосылу) поцестері байқалады.
Үгілу қыртысының, татығу зоңасының, топырақ қабатының пайда болуы, өзен,
көл, теңіз, мұхит суларының химиялық құрамының қалыптасуы, хемогендік
(химиялық туындылары) және биогендік шөгінділердің түзілуі гипергендік
шөгінділердің түзілуі гипергендік процестермен тікелей байланысады.
Үгілу – тозудың барысында пайда болған жыныстар табының бір түрлері
орнынан азды – көпті жылжып ауысуы мүмкін. Ал, көпшілігі сол пайда болған
жерінде аумай – көшпей сақталады да олардың жинытығын элювий (латынша
Элюо - шаю) деп атайды. Ол үгілу қыртысын (кора выветривание) құрайды.
Кейінгінің негізгі өзгешелігі – ол түгілдей бастапқы жыныстың
бұзылған қандықтарынан түзіледі. Үгілу қыртысының құрамы мен қолындағы әр
түрлі факторларға байланысты.
Үгілу поцестері физикалық (механикалық), химиялық және биохимиялық
болып ажыратылады.
Физикалық үгілу кезенде тау жыныстары мен минералдардың жарықтары мен
жарықтақтарындағы судың қатуы, су құрамындағы тұздардың кристалдануы көп
әсерін тигізеді. Химиялық үгілу судың ауақұрамындағы оттегі және көмір
қышқылдар мен организімдердің тіршілігі әрекетімен тығыз байланысты.
Су минералдарды, тау жиныстарын ерітеді; гидротациялық құбылыстарды
туғызады. Оттегі табығуды күшейтеді; көмір қышқылы судың химиялық
активтігін және сутегі иондарының концентрациясын артырады. Осындай
әрекеттердің нәтижесінде жаңа миниралдар түзіледі. Мысалы:дала шпаттары –
коолинтке, слюдалар – гидрослюдаларға айналады.
Климат, жердің бедері, жынысы құрамы, тағысын тағылдарға байланысты
бір жерде химиялық, басқа жерде физикалық немесе органогендік бұзылу басып
болады. Жасына қарай үгілу қыртысы көне және кәзіргі жас қабаттар болып
ажыратылады.
Топырақ суларының деңгейінен төмен жатқан үгілу қыртысы – тереңдік
(0,5 – 1,0 км) үгілу деп аталады.
Үгілу аймағында байқалатын әрекеттер гипергендік поцестер, ал үгілу
аймағы – гипергендік зона деп аталады.
Геологялық ерте дәуірлерде үгілу қыртысы қазіргіден гөрі күшті және
аумақты тараған көрінеді. Протерозой эрасының бұзылу қабығы Корея мен
Украинада, девондық бұзылу қабығы Тиман қыратында, мезозой мен төменгі
кайнозой қабықтары Орал, Сарыарқа және Сібір аймақтарында бар.
Кейінгі өлкелерде бұзылу қабығының қалындығы 100 метірге жетеді.
Белгілі Амангелді баксит кеніштері – осы үгілу қабығы.
Үгілу қыртысында кен – орындары жиі кездеседі, Инфильтрациялық кен
орындары, үгілу заттарының судаң еріп, басқа жыныстармен алмасу
реакцияларына араласуы, нәтежесінде құралады.
Бұған мысал ретінде фосфорит, борат, ванодий, уран, темір, марганец,
радий, барит, гипс, магюзит, исландия шпаты т.б. атауға болады.
Топырақ және оның түзілу жолы. Жер қабығының ең үстіңдегі барлық тірі
дүниеге қорек беретін топырақ бұзылу – үгілу процесімен тығыз байланысты.
Оны жердің есі деседе болады.
Топырақ деп құрамында органикалық құнарлылық қасиеті бар құрлықтың
бет қыртысың. Топырақ тау жыныстарын судың, ауаның, күн энергиясының
өсімдік пен жан – жануарлардың бірігіп жасаған әсерінін түзіледі, ол әлі де
даму жолында. Сандықтан топырақтың қасиеттері жері – жердің табиғи
өзгешеліктермен, адамзаттың шаруашылық қызметтімен тығыз байланысты.
Органикалық қалдықтар тез және толық шірісе олар толық минералданады. Егер
оттек жетімсіз болса олар шала бұзылады да жаңа тұрақты органикалық
қосындылар түзеді. Өңі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер қыртысының құрамы мен құрлысы
Литосфера туралы
Литосфера — жер қабығы, топырақ – ерекше табиғи түзілім
Жер жасы және геологиялық жылсанау
Жер қыртысы
Мору өнімдерімен байланысты пайдалы қазбалар
Тарының халық шаруашылығындағы маңызы
Тау жыныстарының жіктелуі
Тау жынысының құрылымы мен түзілімі
Литосфера - жер қабығы
Пәндер