Жеңіл атлетиканың спорт ретінде қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
1.1 Жеңіл атлетика спортының дамуы және пайда болуы
1.2 Жеңіл атлетика спорты ерте замандағы адамзаттық өндіріс.
3. Әскери қимылдардың пайда болуы.
4. Қазіргі кезеңдегі биікке секірудің бағыты.
5. Жеңіл атлетика спорты өнер көрсететін жарыс түрі әрі мектеп дене
тәрбиесінің басты мазмұны.
6. Қорытынды
7. Пайдаланған әдебиеттер.

КIРIСПЕ.
Жеңіл атлетика спорты жас жеткіншектерді дене шынықтыруда өте
маңызды роль атқарады. Жеңіл атлетика барлық спорт түрлерінің негізі
ретінде қарастырылады.
Жеңіл атлетика спорты әрқайсысы өз мүмкіндігімен
ерекшеленетін бірнеше сопрт түрінің біріктермесі. Мектеп жасындағы
балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне байланысты қойылатын
талаптар әртүрлі болады.
"Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша
алға баспайды. Демек, зерттеудi өз тарихынан бастау - ғылым жетiстiктерiн
игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкiншiлiктер туғызады."
Дәл осы жағдай спорт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек.
Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзiндiк тарихи даму жолдары,
қалыптасу кезеңдерi, тәрбиелiк маңызы халықтың саяси әлеуметтiк-
экономикалық дамуының негiзiнде болды.
Демек, қазiргi бiзге жеткен өнердiң, театр элементтерiнiң қай-
қайсысы болса да ойын үстiнде көрсетiлiп, осы ойындардың әр түрлi мәнерлi
орындауының нәтижесiнде тап қазiргiдей үлкен өнер дәрежесiне жеттi. Адам
баласы көне замандардан берi жабайы аңдармен талай рет "күш сынасуына" тура
келдi. Аң және балық аулау, жемiс-жидек теру адамның күшi мен төзiмдiлiгiн,
икемдiлiгi мен шапшаңдығын, байқампаздығын қалыптастырып, дамытты.
Дене тәрбиесiнiң пайда болуы мен бастапқы даму дәрежесi халықтың
тұрмысы мен санасына байланысты белгiлi бiр мақсатты шешуге бағытталды.
Адамның қимыл әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Алғашқы
тіршіліктің бастамасы- таңертеңгілік бой жазу жаттығулары. Бала спорттың
қай түрімен шұғылданса да, өзінің жас ерекшелігі мен ағзасының құрылысы,
құбылысының хабары болуы керек. Осы негізді нақтылы спортпен шұғылдану үшін
жоғарыдағы жағдайлардың бәрін ескере отырып, болашақта нәтиже көрсететіндей
спорттың түрін таңдап алған жөн. Мәселен, гимнастика, суда жүзу тәріздес
спорт түрлерімен шұғылдануды жасырақ кезден бастаған жөн.
10-15 жастағы жасөспірімдердің мінез құлқы мен сана- сезімінде әлі де
болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спортпен шұғылданудағы
әрекетін өз санасымен қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап та
отырмайды. Жасөспірімдердің спорттың қандай түріне қабілеті бар екеніні
жаттықтырушылар мен мұғалімдерден сұрап ақылдасып барып содан кейін ғана
жаттығуды бастауы керек. 14-15 жасқа дейінгі ұлдарға қыз балалардың дене
жағынан даму процесі тез болады. Осы кезде олар спорт қоғамындағы
жаттығуларға басқа да балалар спорт мектептеріндегі әр түрлі жаттығу
түрлеріне қатысып шеберліктерін шыңдаған дұрыс.
Республикамызда 50-ден астам спорт түрі дамыған. Солардың бір
түрімен жаттығатындардың жолы әр түрлі. Ал спорттық ойындарды алсақ,
баскетбол, валейбол, футбол т.б. жаттығулар кестесі дұрыс құрылса ғана
нәтиже береді. Ол шұғылданушыны әр уақытта қызықтырып, ынталандырып
отырады.
Жаттығудың ойдағыдай болуы көбіне жаттықтырушыға байланысты.
Жаттығуды белгілі ғылыми жүйеге негіздеп, жаттығушының шама-шарқына, жас
мөлшеріне қарай ынталандырып отырса ғана жақсы спортшы шығара алады.
Адам өзінің күнделікті тіршілігінде еңбек барысында толып жатқан
әрекеттер мен әр түрлі қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің кейбір
жекелеген мүшелерінің қалыптасып, жетілуіне өзіндік әсер етеді. Кей
жағдайда мұндай ықпалдар теріс болуы да мүмкін. Бір бағыттағы артық
қозғалыстың әсерінен дененің бір мүшесі шаршап немесе деформацияға яғни
ағзаның қалыпты формаларының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да
күнделікті тіршілікте болатын бір бағытта ғана жүргізілетін дене
қозғалыстары мен әрекеттерінің бәрін бірдей дене тәрбиесінің құралы деуге
болмайды.

1.Жеңіл атлетика спортының дамуы және пайда болуы.
Адам ерте заманнан бастап жүгіріп, секіріп, доп немесе ертеректе тас
лақтырған. Бұл жаттығуларды Азия, Африка, Таяу және Қиыр Шығыс
елдеріндегі халық кеңінен қолданған. Біздің өмір сүріп отырған
заманымызға дейінгі кезеңдердің өзінде адамдар жүгіруден жарысқаны
тарихтан белгілі.
Дегенмен де жеңіл атлетикаға жататын жүгіру, секіру, лақтыру
түрлері Ежелгі Грецияда ғана Олимпиядалық ойындар ретінде программаға
енгізілген. Жеңіл атлетика термині ежелгі Грециялық бес сайыс деген
мағынаны білдіреді.
Жеңіл атлетиканың спорт ретінде қалыптасуы.
Орта ғасырда жеңіл атлетика өзінің дамуын тежеп, жүгіру, секіру,
лақтыру жаттығулары әскери жаттығулар мен халықтық мерекелерде ғана
орын алды.
18 ғасырдың жартысында европалық елдерде, соның ішінде Германияда
гимнастикалық жаттығулар жүйесінде жеңіл атлетика екінші деңгейлі орын
алды.
Тек 19 ғасырдың екінші жартысында дене шынықтыруға деген
қызығушылық артып, жеңіл атлетика спорт ретінде қалыптаса бастайды. Сол
кездегі капиталистік елдің бірі Англияда спорттық дәстүрлер қалыптаса
бастайды. Англияның соңынан АҚШ – ында да жеңіл атлетика дами
бастайды. Алғашқы біріншілік 1871 жылы университеттердің бірінде
болады. Ал 1875 жылы мемлекеттік чемпионат өтеді. Жеңіл атлетикалық
клубтар сондай – ақ Франция, Германия, Скандинавия елдерінде де пайда
бола бастайды.
Алғашқы Олимпиадалық ойындар француз педагогы және қайраткері Пьера
де Кубертенаның ұйымдастыруымен 1896 жылы Афинада өткен. Бастапқы
кезеңде спортшылар жеңіл атлетиканың 12 түрінен ғана жарысса, дами
бұл түрлер 23 – ке айналды. Содан бері 1916, 1940, 1944 жылдарынан басқа
уақыттың бәрінде әр 4 жыл сайын Олимпиадалық ойындар өткізіліп келеді.
Бұл жылдары соғыс болған.
Олимпиадалық ойындарды өткізу үшін Халықаралық олимпиадалық комитет
құрылды. Сонымен қатар әрбір елде бөлек олимпиадалық комитеттер құрылды.
Олимпиадалық ойындардың құрамына кіретін жеңіл атлетика спорт ретінде
дами бастады.
1928 жылдан бастап Олимпиадалық ойындарға әйелдер да қатыса бастады,
ал қазіргі уақытта әйелдер жеңіл атлетиканың 13 түрінен кең
бағдарлама ретінде қатысады.
Олимпиадалық ойындардан басқа көптеген елдерде басқа да халықаралық
жарыстар өткізіле бастады. Бұлар – Европа кубогы, Панаерикандық ойындар,
Британ елдерінің ойындары, Балкан ойындары, Африка ойындары т.б. Жеңіл
атлетикадан өтетін халықаралық жарыстарды 1912 жылы құрылған Халықаралық
жеңіл атлетика федерациясы басқарады. Қазіргі уақытта бұл федерацияға
145 – тен астам елдер кіреді.
Жеңіл атлетиканың танымалдылығы жыл өткен сайын артты, адамдар
жаппай жеңіл атлетикамен шұғылдана бастады, сонымен қатар әлемдік және
халықаралық рекордтар да жаңаланып, артып отырды. Олимпиадалық ойындардың
өту барысында үлкен роль атқаратын жеңіл атлетикадан АҚШ – ның
спортшылары алдына жан салмады. Финляндияның жеңіл атлеттері ұзақ
қашықтыққа жүгіруден және найза лақытрудан әлемге аттары шықты. Англия
мен Францияның жеңіл атлеттері орта және ұзақ қашықтықтан алғашқы
орындарды алды. Жапонияның спортшылары секіруден әлемге әйгілі болды.
Бірақ Ұлы Отан соғысынан кейін жеңіл атлетиканың жағдайы біршама
төмендеді және түбегейлі өзгерді.

Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен тығыз
байланысты. Демек денені жүйелеп шынықтыру мен денсаулықты қалыптастыру
адамның ой санасының жетілуі мен шығармашылық күштерінің дамуының негізі.
Ағза шамасы келетін жаттығуды және дұрыс ұйымдастырылған жұмысты
орындағанда ғана дамып, нығайтып жетіледі.
Саналы түрде орындалатын жаттығулар денсаулыққа, мінез-құлықтың
белгілі бір мүсіннің қалыптасуына қалай әсер етеді деген сұраққа жауап
бермесе бұрын ең алдымен азда болса адам ағзасының жұмыс істеу жүйесімен
құрлысы жайында бірер сөз айта кеткеніміз жөн. Жалпы білім беретін мектеп
бітіретін жасөспірімдер мектеп бағдарламасына сай адам дене құрылысымен
танысады. Оның себебі адамның барлық ағзаның, іш құрылысының әрекеті өзара
байланысты. Демек, қандай да болсын жеке мүшелерге түскен аруырпашылық
бүкіл денеге әсерін тигізеді.
Адамның қимыл әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Алғашқы
тіршіліктің бастамасы - таңертеңгілік бой жазу жаттығулары. Бала спорттың
қай түрімен шұғылданса да, өзінің жас ерекшелігі мен ағзасының құрылысы,
құбылысының хабары болуы керек. Осы негізді нақтылы спортпен шұғылдану үшін
жоғарыдағы жағдайлардың бәрін ескере отырып, болашақта нәтиже көрсететіндей
спорттың түрін таңдап алған жөн. Мәселен, гимнастика, суда жүзу тәріздес
спорт түрлерімен шұғылдануды жасырақ кезден бастаған жөн.
10-15 жастағы жасөспірімдердің мінез құлқы мен сана- сезімінде әлі де
болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спортпен шұғылданудағы
әрекетін өз санасымен қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап та
отырмайды. Жасөспірімдердің спорттың қандай түріне қабілеті бар екеніні
жаттықтырушылар мен мұғалімдерден сұрап ақылдасып барып содан кейін ғана
жаттығуды бастауы керек. 14-15 жасқа дейінгі ұлдарға қыз балалардың дене
жағынан даму процесі тез болады. Осы кезде олар спорт қоғамындағы
жаттығуларға басқа да балалар спорт мектептеріндегі әр түрлі жаттығу
түрлеріне қатысып шеберліктерін шыңдаған дұрыс. Әр оқушының әуелі спорттың
қай түріне бейім екендігін мектеп бағдарламасының талабын орындағанда ғана
байқалады.
Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын қанша уақыт аралығында орындауға
болатынын дәл кесіп айту қиын. Себебі, әркім уақытын өзінше пайдаланады.
Бір оқушы 20 минут кетірсе, екіншісі 30-40 минут жасайды. Сондықтан
таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын өткізу- әркімнің өз қалауы бойынша
жүргізіледі. Дегенмен де 15-20 минуттан кем болмағаны жөн.
Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын далада өткізген дұрыс. Бұл жылдың
жылы маусымында ғана емес, қыс мезгілінде де қатаң сақталуы тиіс. Жаттығу
керіп-созылудан басталуы тиіс, олардың түрлері үй жағдайында басқаша да,
далада бөлек болады. Ата-аналар өз балаларының таңертеңгілік бой жазу
жаттығуларын дұрыс орындауларын қадағалап бақылап отырулары керек.
Бала далаға шыққан бетте жаттығулар жасайтын жерге жеткенше алғашқы
кезде тез жүріп, бара-бара жылдамдықты үдете түседі. 5-10 минут уақыт
жүгіріп, одан кейін тұрып қалмай керіліп созылу жаттығулары басталады.
Кеудені кере дем алып, иық, кеуде, белді қозғайтын жаттығулар орындайды да
содан ары қарай күрделендіре береді.
Республикамызда 50-ден астам спорт түрі дамыған. Солардың бір түрімен
жаттығатындардың жолы әр түрлі. Ал спорттық ойындарды алсақ, баскетбол,
валейбол, футбол т.б. жаттығулар кестесі дұрыс құрылса ғана нәтиже береді.
Ол шұғылданушыны әр уақытта қызықтырып, ынталандырып отырады. Ал керісінше
болса ол шұғылданушыны қызықтырмайды. Содан барып бала спортты тастап
кетіге мәжбүр болады.
Жаттығудың ойдағыдай болуы көбіне жаттықтырушыға байланысты.
Жаттығуды белгілі ғылыми жүйеге негіздеп, жаттығушының шама-шарқына, жас
мөлшеріне қарай ынталандырып отырса ғана жақсы спортшы шығара алады.
Дене тәрбиесі жүйесінде спортпен шұғылданып, болашақта жоғарғы
көрсеткіштерге жету үшін табиғи орта да қажет. Оларға жататындар: өзімізге
жақсы таныс ауа, су және күн сәулесі. Бұндай табиғи ортаны жүйелі
пайдаланудың денсаулық үшін үлкен маңызы бар.
Ең әуелі ауаның адам ағзасына тиетін әсерін алайық. Жүгірген,секірген
кезде т.б. адамның бұлшық еттері мен ішкі құрылыстарының жұмыс істеу
алғашқы қалыптан әлде қайда тездетіледі. Осы кезде дем алу процесі де
тездетіледі, ағза ауаны бастапқы тыныштықта тұрған қалыптан 15-20 есе артық
көлемде қажет етеді. Осылайша үнемі үзбей өткізілетін жаттығулардың
арқасында адамның демалу процесі толық қалпына келеді. Жақсы жаттыққан
спортшы алқынуды сезбестен ұзақ уақыт жүгіреді, жүзе де күресе де алады. Ал
жаттықпағандар алғашқы кезден-ақ алқынып, өзінің дегеніне жете алмай
қалады. Мұның аты- тез шаршау. Демалу жүйесінде қиындық болған адамның
ағзасы әлсірейді. Асылы, таңертеңгілік бой жазу жаттығулары немесе спорт
жаттығуларын мүмкіндік болғанша далада, таза ауада өткізген жөн. Бұдан
шығатын қорытынды- ағзаны жаттықтыру ең әуелі ауамен дем алудан басталады.

Тәуліктің күнге қыздырынып, суға түсетін уақыты таңертеңгі тоғыздар
шамасынан он екіге дейін болғаны жөн. Содан кейін түс ауа сағат төрттен
алтыға дейін және орайына қарай басқа да уақытты пайдалануға болады.
Күн сәулесі адам ағзасына бірден тез әсер ететін болған соң, күнге
күюді мүмкіншілік болғанша уақытпен мөлшерлеп біртіндеп бастаған жөн.
Егерде күніне екі реттеп күн сәулесін қабылдайтын жағдай болғанда, ең
алғашқы күні 15-20 немесе 30-40 минуттай қыздырынуға болады. Талтүстің
алғашқы күні 15-20 минут жеткілікті.
Күн сәулесін қабылдаған кезде суға түсудің қандай жүйесі болады
десек, онда суға түскеннің жөні осы екен деп қалай болса солай ұзақ уақытты
сарп етуге болмайды. 10-15 минуттан кейін судан шығып, дем алған жөн. Суға
түсіп, күнге қыздырынудың да өзіндік ғылыми негізде зерттеліп дәлелденген
жүйесі бар. Әсіресе, ең алғашқы күндері суға түскенде дене қызып, терлеп
тұрса, келген бетте суға түсуге болмайды. Себебі, ашық күн түсіп тұрған
жердің температурасы ең төмен дегенде 40-тан жоғары. Ал судікі болса одан
әлдеқайда төмен болуы мүмкін. Сондықтан ауа мен судың арасындағы
температураның айырмашылығы өте жоғары болғандықтан, өзі қызып тұрған
ағзаға бірден әсер етеді. Сондықтан денені суытып, терді басып берып қана
суға түскен дұрыс.
Спортшылардың өмірінде дене тәрбиесі жаттығуларының гигиенасы маңызды
орын алады. Гигиена- денсаулықтың кепілі. Мектеп мұғалімдеріне балалар
денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық жүктеген. Сондықтан олар сабақ
өткізбес бұрын оқушылар отырған орынның гигиеналық талаптарға сай болуына
назар аударғаны орынды.
Ал дене тәрбиесі сабағында мұғалім оқушылардың жаттығулар орындағанда
дем алысының дұрыс та бірқалыпты болуын бақылайды. Дұрыс терең дем алудың
ашық алаң мен жабық орындарда шұғылданушылар үшін орны ерекше. Тағы бір
ескертетін жайт- шұғылданушылардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн.
Спортпен шұғылдана бастаған бүлдіршіндердің сүйегі қата қоймаған, буындары
дұрыс бекімегендіктен, жаттығуды жасына, шама-шарқына қарай шамалап
орындайды.
Адамның рухани өсуi мен денесiнiң өсiп-жетiлуi балалық шақта
қалыптасады. Гимнастикамен, жеңiл атлетикамен, жүзумен, шаңғымен,
волейболмен т.б спорт түрлерi және қазақ халқының, сонымен қатар өзге ұлт
өкiлдерiнiң ұлттық ойындарымен жүйелi түрде және үздiксiз айналысатын
балалар денi сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен
айналыспаған өздерiнiң құрдастарына қарағанда сергек, саналы болып өсетiнiн
ғылым мен өмiр тәжiрибесi толық дәлелдеп отыр.
Дене тәрбиесiмен айналысатын оқушы жақсы оқып, бiлгендерiн iске
асыратын табанды, жiгерлi азаматтар қатарына қосылады.
Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетiнi, ұжымдық және
өзара көмек беру сезiмдерiн жетiлдiретiнi, белсендi өмiрлiк көзқарасты
тәрбиелейтiнi, жоғары адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыратыны - өмiрде
белгiлi қағидалар.
Сондықтан да "Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi
және әл-ауқатының артуы туралы" Республика Президентiнiң халыққа жолдауы
(Қазақстан - 2030) осы мiндеттердi шешуге бағыттайды. Онда "...бүгiнгi
кезеңнiң мiндеттерiнен өзге бiздiң ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан
зор жауапкершiлiк жүгiн арқалайтыны" сонымен бiрге жастар алдындағы
жауапкершiлiк туралы да айтылған.
Қазақстанның болашағы - қазiргi жеткiншек жастардың денсаулықтарына,
оны нығайту iсiне айрықша назар аударылып, салауатты өмiр салтын тұрмысқа
толық енгiзу көзделген. Салауатты өмiр салтының бiр белгiсi
әрбiр адамның дене тәрбиесiмен жүйелi түрде айналысуы болып табылады.
Балалар дене тәрбиесiнiң түрлерi сан салалы. Мектептегi сабақ
кестесiне енгiзiлетiн дене тәрбиесiнiң мiндеттi сабақтарынан бастап,
сыныптан және мектептен тыс секциялық сабақтар, балалар мен жасөспiрiмдер
спорт мектептерiндегi жаттығу сабақтары, дене шынықтыру үзiлiстерi, үзiлiс
кезiндегi қимылды ойындар, таңертеңгi гимнастика, өздерiнiң арнайы
машықтануы - осының бәрi осы жасөспiрiмдердiң денсаулықтарын жетiлдiрiп
қана қоймай, оларды адамгершiлiк рухқа, көпшiл болуға тәрбиелейдi.
Күштiлiк, төзiмдiлiк, жылдамдық, икесдiлiк, сергектiк, өмiрге деген
құштарлық, мықты денсаулық тәрiздi сапалы қасиеттер дене шынықтыру мен
спорт арқылы орнығып, қалыптасады. Спортшы болу балалардың барлығына бiрдей
мақсат болмас, бiрақ денi сау, қоғамымызға пайдалы азамат болып өсу -
барлық жастардың мiндетi және парызы болып саналады.

Мектептегі жеңіл атлетика сабағы.
Дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетика ең маңызды құралдардың бірі
болып табылады. Жеңіл атлетиканың элементтері енбейтін спорт түрлері десе
де болады.
Жүрудің, жүгірудің алуан түрін, секірулер мен лақтыруларды қамтитын
жеңіл атлетика көп құрал-жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан онымен
айналысуға мүмкіндіктер мол.
Жүгіру. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың ішінде жүгірулер үлкен маңызға
ие. Жеңіл атлетикасыз, оның ішінде жүгірусіз мектептегі дене тәрбиесінің
бірде-бір сабағы өткізілмейді десек те болады. Жүгіру мен жүру – күнделікті
өмірде кездесетін дене жаттығуларының табиғи түрі. Осы екеуімен күнделікті
жаттығу адам денесінің негізгі мүшелері мен жүйелерінің функцияларына
тиесілі әсерін тигізеді, жүрек тамыр жүйесін нығайтады, тыныс алу
мүшелерінің қызметін жақсартады, бүкіл организмнің төзімділігін арттырады.
Жүгірудегі спорттық түрлі қимылдар жеделдікті, күштілікті, икемділікті,
шыдамдылықты шыңдайды. Жүгіру стадиондағы, спорт алаңдарындағы жүгіру
жолдарында шеңбер бойымен әртүрлі қашықтықта өткізіледі.
Қысқа қашықтықта жүгіру – ертеден белгілі жарыстың бір түрі. Ол әйгілі
Гераклден басталған. Геракл алғашқы рет қашықтықтың негізін қалаған деседі
халық аңызы. Ол өз табанымен 600 қадам жерді өлшеп, осы аралықты стадий
деп атаған. Міне, осыдан стадион деген сөз шыққан. Стадий ұзындығы әртүрлі
болып келеді. 192м 27см-ден 195 метрге дейін созылады.
Қысқа қашықтықта жүгіруді төрт кезеңге бөлуге болады.
1. сөре (жүгірудің басталуы – старттан шығу);
2. сөрелік қозғалыс (старттық қозғалыс);
3. қашықтық бойымен жүгіру.
4. мәре (финиш)
Мектептердің көпшілігінде қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын меңгеру
үшін мүмкіндіктер бар. Ол үшін спорт алаңдарындағы жүгіру жолдары өлшеніп
белгіленген 60 және 100 метрге тіке жүгіру жолдарында 200, 400 метрге және
эстафеталық жүгірістер, 4х100 метрге шеңбер бойымен жүгіреді.
Қысқа қашықтықта жүгіру үшін бойдағы барлық күш-қуатты аз уақытта
тиімді пайдалану қажет. Жүгірістің бұл түріне тән нәрсе – аяқтың қуатты
түрде жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау. Сонымен қатар бұлшық етті,
буынды бос күйде ұстап жүгіру.
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйренуге және дағдыларды
қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар:
1.Әр түрлі жылдамдықпен 30-60м жүгіру. Жүгіру кезінде табанды түзу
сызыққа (алдын ала сызып) қою керек немесе қосарланған сызыққа қою қажет.
а) Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Бастапқы кезде бір орында тұрып жасау,
содан кейін сәл ғана алға жылжу арқылы орындау (20-30м).
ә) Спорттық құрал-жабдықтар арқылы жүгіру (доп, гимнастикалық орындық).
Құрал-жабдықтардың арақашықтығын, биіктігін өзгерте отырып, тізе
биіктігін және адым ұзындығын, жылдамдықты өзгертуге болады.
2.Екі аяқпен алма-кезек секіру. Жерден итерілген аяқтың буыны
түзетіліп, ал сермейтін аяқ буыннан бүгіліп, күшпен алға жіберіледі, дене
алға еңкейтіліп, бүгілген қол алма-кезек алға, артқа шығып отырады.
3.Бір аяқпен көп қайтара секіріп, итеретін аяқты тарта отырып алға
жоғары сілтеп, осы аяқтың табанына түсу. 3-5 реттен 20-30 метрде орындау.
4.Адымдап секіру. Бұл жаттығу бір немесе екі адымдап жүгіру тәсілімен
орындалады. Жерден итерілген аяқтың фазасы толық аяқталуына көңіл бөлу
қажет, сермейтін аяқ жерге баппен түсу керек.
5.Аяқты жиі алып жүгіру, бірте-бірте жай жүгіру. Алға шыққан аяқ алма-
кезек табан басына тіреліп. өкше сәл ғана жерге тиеді. Жерге тиілген аяқ
толық түзетіледі, денемен бір түзу сызық бойына орналасады. Иықты бос ұстау
қажет. Қол төмен түсіріледі.
6.Аяқты жиі-жиі алып жүгіру, бірте-бірте жай жүріске көшу.
а) 50-60м жерді жартылай күш жұмсаған жылдамдықпен жүгіріп өту;
ә) 50-60м жерді толық жылдамдықпен жүгіріп өту;
Секіру. Секірудің барлық түрлері де оңайлыққа түспейтін жаттығулар.
Секірулер аяқтың және дененің жоғарғы жақ бөлігінің бұлшық еттерін дамытып,
нығайтады, тыныс алу мен қан айналысы органдарының қызметін жақсартады.
Биіктікке секіру өзінің әдістері жағынан мынадай топтарға бөлінеді:
-жүгіріп келіп биіктікке адымдау әдісімен секіру техникасы;
жүгіріп келіп аяқты кеудеге қарай тартып биіктікке секіру техникасы
(аспалап секіру);
жүгіріп келіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетика спортының даму тарихы
Жалпы білім беру мектепте жеңіл атлетиканың оқу сабақтарының негізгі түрі - сабақ
Жеңіл атлетика сабағы
Жеңіл атлетика спортының ерекшеліктеріне сипаттама
Жеңіл атлетиканың түрлері
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы туралы
Дене мәдениетін қалыптастыру
Жеңіл атлетиканың даму жолы
Сыныптан тыс дене шынықтыру туралы ақпарат
Пәндер