Үйреншікті зейін - зейіннің ерекше түрі
ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
3 е й і н деп —-адам санасынық белгілі бір затқа бағыттала
дегеніміз айналадағы объектілердіқ ішінен керектісін. бөліп алып,
соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы
математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама уңілген, мұнысы
психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі,
демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның
бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен
кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан
кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көрініетердін бәрінде де бала
әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын
беліп отырады. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да,
ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші
сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сездік сигналдар
ми кабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп
отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта
болатынын жақсы көрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпіне?! де (дененің,
бастың, кездің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, кұлақ тігу т. б.) жақсы
көрінеді. Бірақ, бір қараранда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені, осы
айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге
болады. Сондықтан да кейбір мұғалімдер кластағы оқушылардың кескініне
қарап бір дегеннен баланын сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз
отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі
кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін торбиелей
отыру — мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық
істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті
нәтижелі етіп орындауға болатвшдығы мұғалім үшін аксиомалық кағида болуы
қажет.
ЗЕИІН ТҮРЛЕРІ
І Адамдардың зейіні ы р ы қ т ы, ы р ы қ с ы з және
үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің
назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның
бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына
жалт қарайды т. б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің
бүл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде
адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т. б.) белгілі жүйеге келе
қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы
әсерге берілгіш келеді.Әрине, бұдан бала есейген сон, оның ырыксыз зейіні
маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлык,
кезендерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қ ы з ы ғ у —
ырықсыз зейіннің бұ-лағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады:
Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты
оқу — ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс.
Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам
істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс
енбейді, күткен нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан б а р л а у (ориентировочный)
рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен
адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін
кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің
керінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы
заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың
жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі,
дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б.).
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі
(қызығу,. қажетсіну, көңіл күйінін хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы
әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін
жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат
көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан
аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зсйін мынандай
ерекшеліктермен сипатталады;
1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейіңді багындыра
алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден
бойды аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын
ықыласпен берілген дұрыс.
4) Турлі қолайсыз жардайларда да жұмыс істеуге машықтану.
Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде ті-тіркендіргіштердің (айқайшу,
тарсылгурсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді
шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып
табыяады.
5) Зейінді болуды өзіңе үнйиі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен
айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады.
Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырыктыға қарай жиі алмасады.
Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес.
Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан
кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да
зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға
түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты
зейінінің пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін —
адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.
Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні
де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып
алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де
табиғаты осыған ұқсас. Өйткені, үйреншікті зейін ырыкты зейіннен дамып
қалыптасады. Зейіннің кай түрі бол-масын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға
бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе ырықсыз зейіні
көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес.
Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс
істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі
түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы
қажет.
ЗЕЙІННІҢ НЕГЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Зейін жөнінде әңгіме болғанда оның мына төмендегі қасиеттерін еске
алады:
А. Зейіннің тұрақтылыры және жинақтылығы
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай
алса, оны зейіннщ тұрақтылыгы дейді. Мысалы, өндіріс озатыньщ, не хирург
дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу аркасында адам істеп
отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды.
Зейінді тұрактата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір
белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оку процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде
баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір
әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала
есейген кезде үлкендердің кемегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай
алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге
тұрақтата алады. Осындай 10—20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше
секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары
ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл се-кілді тынығу,
жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам
соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын
ойы бөлініп, басқа бір затка ауып отырады. Осылайша зейіннщ бірде
элсіздене, бірде күшейіп тұруын зейінніц т о л қ у ы дейді. Толқу —
зейіннін табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқы-ған
адам да анда-санда бөтен ойға түседі, басын кәтеріп жан-жағына қарайды.
Зейіннің мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне
ойының бөлінуіне, зейінін тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың
зейіні толқымалы келеді. Бұған катты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық
әсерлер, сондай-ақ адамның өз еркін жендеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін,
әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл кәп
күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге
қарсы күресу — қажетті шаралардын. бастысы. Мә-селен, ысқырған дауыс,
қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т. б. адамның тынышьш кетіреді. Зейінін
жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және
сапалы орындайтыны байкалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен,
олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі,
музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап
отыра беруге болады. Ал касындағы адамның айқайшуы, реніш т. б. адамды
күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі
болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жумыс істей беруге болады.
Әрине, бүған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей
алушылық — адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты
жазушысы А. П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойынкүлкі, той-думан
үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын
қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге
кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде
отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да езін ыңғайсыз жағдайларға
төселттіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы
тиіс.
Ә. Зейіннің аударылуы
Зейінніқ аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге
назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық
қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті кебінесе нерв
процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жумыстың
түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез
меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің
зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара
білу келденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса
қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді
жетілмеген болса, олардың жұмыста турлі сәтсіздіктерге ұшырауы
мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші
пәнге, бағдарламаның бір белімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен
(үй тапсырмаларын сұрау) екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі
аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары
біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды
ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің
материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі, еткен материалды
дұрыс қорытуы, оқылатын жана тараудың мақсатын айқындауы, жаңа
материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т. б.
зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.
Б. Зейіннің бөлінушілігі
Адам санасыньщ бірмезгілде бірнеше эрекетті аткара білу
мүмкіншілігін зейінніц бөлінушілігі д е й д і. Адам зейінін екі-үш нәрсеге
беле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы
зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, окушылар өздері есеп шығарады, сонымен
қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның
сезін тыңдайды т. б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды,
түсінгенін жазып отырады, кітап оқып 90 отырып конспект жазады. Еңбек
процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі
ендірістің онан сайьш автоматталынуы адам зейінінщ бөлінушілігін ерекше
дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т. б.)
бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар
бір кезеңде руль механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді
және т. б... Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле
білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле
білудің маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын
сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық класс коллективі мен
жеке оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды.
Тәжірибесі аз, жас мұғалім кейде барлық класты, не жеке оқушыларды, не
өзінің айтып тұрған сезін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып
алады. Осының салдарынаи класта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін.
Зейінді екі объектіге бірдей белу ушін ең кемінде біреуіне іскер
болу және мұндай объекті бір-біріне байланысты болуы шарт. Зейінді
белудің физиологиялық негіздері жөнінде И, П. Павлов былай
дейді: ...біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп
кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртщы тежелу механизмі
бойынша, ми сьщарларыныц тежелудегі бөлімдерімен қызмет істейміз, өйткені,
біздіқ басты ісімізбен байланысты ми сықарларыньщ пункті бұл кезде қатты
қозуда болады.
В. Зейіннің көлемі
3ейіннің кө л е м і деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын
объектілерінің санын айтады. Зейін келемін анықтауға байланысты жасалған
тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде
орта есеппен әр түрлі 5—9 әріпті қамти алатынын, 12—14 әріптен туратын
мағынасы бар сезді де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр. Мектеп
оқушыларының, әсіресе, бастауыш класс оқушыларының зейін көлемі ересек
адамдардың зейін көлемдеріне қарағанда шағын болатындығы сабақ
үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс, сондықтан да оқушыларға бір
мезгілде сан жөнінде де, сапа жөнінде де белгілі зейін көлемінен
артық мөлшерде материал беруге болмайды. Оқушылардың зейін келемі бір-
бірімен байланыспаған элементтерді қабылдаса, нашар өсетіндігін, ал
логикалық байланысы бар элементтерді қабылдаса, олардьщ зейін көлемін
өсіретіндігін мұғалім еске алуы қажет.
Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім балаларды комплекс заттарды
байқай алуға, оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс.
Кернекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын
бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы
айтылған тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіруге жағдай жасайды.
Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық
қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне
бірігуі бо-лып табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі
кеңзе йін дейді де, объектілерді жөн-деп қамти алмайтын зейінді көл ем і т
ар з е йін дейді. Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме
істен дұрыс нәтиже шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның
зейініне әсер етпей қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизмімен шүкшия
жұмыс істеп отыратын мастердің зейін көлемі ай-тарлықтай болмайды.
Микроскоппен жұмыс істейтін ғалымның зейіні де осы іспеттес келеді.
Алаң болушылық
Алақ болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді
ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңралақ
адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам
қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында
біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бір-
бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам
психологиясынан түрақты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі ұшырайды. Өйткені,
олар әлі күрделі іс-әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері
ез дәрежесінде болмайды.
Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп
істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде
баска еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айна-ласындағы
өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінін уақытында бөле
алмаушылықтың кемшілігі — зейіннің келемі өте тар және икемсіз
келетіндігінен.
Жасөспірімнің зейіні
Зейін өздігінен жеке-дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті
де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-
әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығу бағытын
көрсетеді. Зейін- кез-келген психикалық үрдістің тұрақты бір жағы. Сөйтіп
ол адам іс-әрекетінің сапалы түрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін
дегеніміз- сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін
қамтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бір бағыттау және
шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың
ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Оның
негізі -жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш
дегеніміз- ми қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық
формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік.
Әйгілі физилог, ғалым А.А.Ухтомский (1875-1942 ж ж) ми қызметінің
заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта принципі жөнінде ілім жасады. Бұл
принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу
күшейіп, өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп жаңадан пайда
болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке
жұмысын күшейте түседі. Доминанта принципі зейіннің бір затқа қана
ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын
түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір
іске ықылас- ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейіндік сондай-а
қ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін
салғанда қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай
бағытталады.
Зейін адамның еркіне қарай: ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үш
түрге бөлінеді. Ырықсыз зейіннің психологиялық әдебиеттерде бірнеше
синонимі бар. Кейбір зерттеулерде ол- пассивті зейін, енді бір құралдарда
– эмоциялық зейін деп аталады. Бұл екі түрлі атау да мәні жағынан ырықсыз
зейіннің ерекшелігін көрсетеді. Пассивті зейін нәрсеге бағытталған сананы
шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді. Ал ырықсыз
зейінді эмоциялық деп атау- зейіннің объектісі және соған байланысты
көңіл-күй мен эмоциялар, қызуғулар, мақсат-мүдде арасындағы арақатынастың
мәнісін білдіреді. Сонымен, ырықсыз зейін деп сананың белгілі объектіге
бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның
зейінін өзіне еріксіз тартып алады.
Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де
ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, жағымды әуенді
дыбыстар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып,
сүйсіндіретін нәрселер де, зейінді өзіне еріксіз аударады. Көркем өнер
туындыларының адам сезіміне күшті ықпал еткен де ырықсыз зейін тудырып,
танымдық үрдістер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің
тұрақты болуы адамның ықылас- ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.
Ырықты зейін ерікті немесе активті зейін деп аталады. Мұндай
атаулардың бәрі сананың белгілі объектіге шоғырлануындағы адамның шешуші
рөлін көрсетеді. Адамның күрделі мәселерді шешуі, орфографиялық ережелерді
қолданып, жазба жұмыстарын дұрыс орындауы, жаңа терминдер мен шет тілін
меңгеруі -мұның бәрі де ырықты зейін арқылы іске асады. Үйреншікті зейін-
зейіннің ерекше түрі. Атынан көрініп тұрғандай, ол ырықты зейіннен кейін
жасалады. Сонымен, үйреншіеті зейін дегеніміз- қажетті әрі құнды болып
саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Ол қызығу негізінде
қалыптасады. Мұндағы маңызды нәрсе-істің нәтижесі.
Ұжымдық, топтық, даралық зейіннің түрлері. ұжымдық зейін- бір
сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жұмылдыру.
Мұндай әрекетке мұғалімнің сабақ өтуі жатады. Бүкіл сыныптың зейінін ұзақ
мерзім бойы бірқалыпты бастау мүмкін емес. Топтық зейін-бір ұжым ішіндегі
жеке топтар зейіннің шоғырлануы. Топтық зейін сыныпта, лабораториялық
тәжірибелер мен өзара тексеру жүргізгенде қажет. Бұл зейінді
-ұйымдастырудың оқушы үшін де, мұғалім үшін де қиын түрі. Өйткені топтар
жұмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу үшін олардың
тапсырманы мұқият орындап шығуларына жете көңіл аударып, оны әрбір кезеңге
бөліп жоспарлау керек болады. Даралық зейін- өз міндетін орындауға әр
адамның санасын бағдарлап, зейін шоғырланады.Бұл зейіннің- адам өзі
оқығанда, есеп шығарғанда қолдануға тиісті аса қажетті түрі.
Зейіннің қасиеттері. Зейін келесі реттегі ерекшеліктерімен сипатталады:
бөлінуі, көлемі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы. Зейінің көлемі-адамның
бір көргенде-ақ қабылдаған нәрселердің саны. Зейін көлемін анықтау үшін
уақыттың 110 секунд ішінде 10-12 нәрседен тұратын сандар, әріптер не түрлі
кескіндер жиынтығы көрсетіледі. Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден
жеткілікті, бірақ көргеннен барлық кескіндерді саналы түрде бейнелеуге
уақыт аздау.
Зейіннің бөлініуі- адамның кез-келген іс-әрекеті үстінде зейіннің бір
мезгілде бірнеше объектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап,
әрі қарапайым қосу мен азайту амалмен есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес
екенін бірден байқаймыз. Іс-әрекет үрдісінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады.
Зейіннің шоғырлануы- адам санасының белгілі бір объектіге айрықша
бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы оның көлемімен, бөлінуімен де тығыз
байланысты. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса,
шоғырлануы соғұрлым күшті болады. Іс-әрекетті дәл және ойдағыдай орындау
үшін зейінді күшті шоғырландыра білуі керек. Зейін шоғырлануының
физиологиялық негізі- қозудың оптималдық ошағы туғызатын, бір уақытта пайда
болатын теріс индукция.
Зейіннің тұрақтылығы деп- оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы
шоғырлануын айтады. Зейіннің бұл қасиеті жүйке үрдісінің күшіне, әдеттерге
т.б. жағдайларға байланысты.Зейіннің алаңдауы- тұрақты зейінге қарама-қайшы
сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді. Егер квадрат салынған суретке бірнеше
минут қарасаңыз, кіші квадрат үлкен квадраттың не алдына шығып, не артына
шығып кетіп, түбі сияқты болып көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан алғанда,
зейіннің тұрақтылығын мидағы жүйке жасушалары бір тобының ұзақ мерзім бойы
қозуы деуге болады.
Зейіннің ауысуы деп- оның бір объектіден екінші объектіге әдейілеп
көшуін айтамыз. Зейіннің ауысуының толқудан айырмашылығы- оның саналы
түрде болатындығы. Алаңдау кезінде адам бір объектіден екінші объектіге
көшеді, ал зейінді ауысьыру белгілі бір мақсатқа байланысты өзгереді. Іс-
әрекет үстінде адам алдына жаңа міндеттер қойып, зейінін бір объектіден
басқа объектіге не сол объектінің бір қырынан екінші қырына ауыстырып
отырады.
Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне байланысты. Алғашқы сабақта
математикадан бақылау жұмысын орындаған оқушының келесі сабақты бірден
бастап кетуі қиынға соғады. Өйткені олардың санасында әлі де бақылау
жұмысындағы есеп пен мысалдарды шығарудың жаңа жолдары мен амалдарын таптым
ба? деген ойлар тұрады.
Зейін деп-адам санасының белгілі бір бағытқа бағыттала тұрақтауын
көрсететін құбылысты айтады.Дәлірек айтқанда зейін дегеніміз айналадағы
обьтілердің ішінен керектісін бөліп алыа, соған психикалық әрекерімізді
тұрақтандыра алу.Мысал келтірейік.Оқушы математикалық есептер шығарып
отыр.Ол бұған соншама үңілген ол мұның психикалық кейпінен жақсы
көрінеді(бала көзін қадайды,шұқшия үңіледі,демін ішіне тартады.)Оқушы
есептің шығару жоспарын ойлайды оның бірінен кейін екіншісін шығарады.Есеп
шығарып болып азғантай үзілістен кейін тарихты одан кейін географияны оқуға
кіріседі.Сабағын оқып болғаннан кейін,түрлі нәрселермен айналысады.Осы
көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін
ұйымдастырып, басқа обьектілерден ойын бөліп отырады.Осындағы түрлі
кезеңдерде бала психикасының белгілі бір обьектіге бағыт алып және содан
азды көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса,оның
нәтиежелі болуы қиын Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870)
зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді: Зейін адам санасынаан қорытылып
өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып
табылады,демек бұл бұл есікке ілімнің бір де бір соқпай өте алмайды,егер
де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештене де қалмайды.
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас
еді.Өйткені адам өз өмірінің барлық моменттерінде бір нәрсені қабылдайды
да есіне түсіреді.
Зейіннің типтері.Жеке адамға мінездеме бергенде оларды зейінді
зейінсіз ұмытшақ деп бөледі.Зейінділік ең алдымен іс әрекетті зейін
түрлерінің қатынасымен анықталады.Өзіне ненің және неліктен қажет екендіген
айқын білетін,еркі күшті мақсатқа берік адамды ырықты және үйреншікті
зейіннің басым болуы тән.Бұл жағдайда зейіннің кейбір сапасының
кемшіліктері (зейін аударудағы баяулық бөлінуінің нашарлығы) онша
білінбейді.
Енді қарастырып отырған мәселеміз жасөспірімдердің зейінін тұрақтандыру
тақырыбына оралсақ, бұл мәселеде алдымен зейіннің тұрақтылығы дегенді айта
кеткен жөн болар: Зейіннің тұрақтылығы обьективті ұзақ уақыт
аударылғандығынан көрінеді.Зейіннің бұл қасиеті көптеген себептерге нерв
процестерінің күшіне әрекеттердің сипатына іс әрекетке деген қатынасына
қалыптасқан әдеттерге де байланысты болады.
Тұрақтылыққа қарсы қасиет –алың болушылық .Ол зейіннің ауытқуынан
көрінеді.зейіннің ауытқуын кескіннің қосарлауын қабылдау кезінде байқауға
болады.Егер бір суретке бірнеше минут қарасаңыз кіші квадрат үлкен
квадраттың не жаныныа шығып, не раы жылжып, түкпірге тығылып тұрғандай
болып көрінеді.Аз уақыттың ішінде (1-5 сек) зейіннің арылы берілі сәл
ауытқуы күрделі әрі қызықты істі атқару кезіндегі зейіннің тұрақтылығына
онша кедергі болмайды.Бірақ, 15-20 минуттан соң зейіннің ауықуы оның
обьектіден басқа жаққа ықласын аударып жібереді.
Зейіннің бұл қасиетін білетін мұғалімдер сабақ үстінде 10-15 минут
сайын оқушылардың іс әрекетінң түрін аударады,балалардың есту және көру
қабілеттерін , қабылдауларын практикалық іспен (дәптерге жазу, сурет
салу,тәжіриебелер санын алмастырады.)Оқушыларға жаңа материалды ұзақ
әңгіме түсіндіру кезінде (мектептегі лекция) аракідік көңіл сейілтерлік
қызықты эпизодтар енгізіп отырған пайдалы.
Зейіннің тұрақтылығы физиологиялық жағынан қозу нерв клеткаларының
бір тобына ұзқа уақыт шоғырлануына байланысты. Нерв клеткаларының қозу
процесіне ұзақ уақыт төзу қабілеті нерв процестерінің әлділігін
көрсетеді.Сондықтан сол сияқты тең жағдайлар кезінде зейіннің
тұрақтылығынан адамның жоғарғы нерв әрекетінің жалпы типі байқалады.
Зейін аудару дегеніміз- зейінді бір обьектіден екінші обьектіге әдейі
аудару.Зейін аударудың ауытқудан айырмашылығы оның саналы түрде
болатындығында нәрсеге алаң болғанда адам зейін әсерін ықтиярсыз
ауыстырады, ал зейін аударғанда ол алдына басқа бір ықтиярсыз және
шұғылдану тынығу мақсатын қояды.Іс әрекет процесінде алдымызға белгілі бір
мақсаттар қоя отырып, біз зейінімізді бір обьектіден екінші бір обьектіге
немесе оның бір жағынан екінші жағына ауыстырып отырамыз.
Зейін аударудың физиологиялық негізі –жүріп жатқан қозудың оптималдық
ошағының тежеліп, оның жаңа ошағының жасалуы.Бұдан кейін аудару нерв
процестерінің қозғалатындығына –қозу мен тежелудің алмасу шапшаңдығына
тәуеді деген қорытынды шығарамыз.нерв процестерінің баяулығы зейін аударуды
қиындатады.сондықтан зейіннің аударылғыштығында да адамның типтік
ерекшлелігі бәрінен бұрын нерв процестерінің қозғалғыштығы мен күші көріне
береді.
Зейіннің аударылуы обьектілер сипатына тәуелді болады. Оқушылар
математикадан бақылау жұмысын жазды делік, ал келесі сабақ басында оларға
жаңа ғана біткен жұмыстан басқаға ауысу оңайға соқпайды.Саналарында бақылау
жұмысындағы есеп пен мысалдарды шығарудың жаңа жолдары ,амалдары туындап,
атқарылған жұмысты ой елегінен өткізу жүріп жатты.Зейінді күшті
тітіркендіргіштен әлсізіне аудару әрқашанда қиын. Затқа деген ынта мен
оның адам үшін маңызды екенін мойындау зейін аударуды едәуір
жеңілдетеді.Жеке адам үшін мәні аз заттан маңыздырақ затқа зейін тез де
оңай ауады.
Белгілі бір жағдайда зейінді аударуға әдеттенудің мәні зор.Кейбір
кластарда қоңырау және мұғалімнің класқа кіруі оқушылар зейінінің сабаққа
толық аударылуын туғызады. Бірақ педагогтың оқушыларды ұзақ уақыт сабаққа
кіріспей отыруы дағдыландырады,сондықтан үзіліс кезінде айналадағы істерден
оқушылар зейінін ауыстыру баяу жүреді.
Зейіннің типтері- Жеке адамға мінездеме бергенде адамды зейінді
,зейінсіз, ұмытшақ(зейіні шашыраңқы) деп бөлеміз.
Зейінділік ең алдымен іс әрекеттегі зейін түрлерінің қатысымен анықталады.
Өзіне ненің және неліктен қажет екендігін айқын білетін еркі күшті
мақсатқа берік адамға ырықты және үйреншікті зейіннің басым болуы тән.Бұл
жағдайда зейіннің кейбір сапасының кемшіліктерін онша білінбейді.
Советтік қоғамда адамға деген қатынасты білдіретін зейінділік
мінездің бір қыры ретінде жоғары бағаланады.Коллектив мүшелерінің мұң
мүддесіне көңіл күйі мен денсаулығына зейін салу әр басшыға тән болуы
тиіс.Бұл талаптың мұғалімге де толық қатысы бар.Өйткені олар үшін
балалардың ой өрісі мен өмірінің өсуі зейіннің тұрақты обьектісі болып
табылады.Зейінділік адамға деген қарым қатынастағы әдептілік пен
мейірімділіктің негізін құрайды.
Зейісіздік бір нәрсеге ден қоя алмаудан пікір мен ой қорыту
үстірттігінен басқа адамның жеке дүниесіне үңіле алмаудан болса керек.
Зейіннің шоғырлануы-Зейіннің шүйлігіу дәрежесі –шоғырлану немесе
зейіннің күшейе түсетіндігі оның құнды қасиеті болып табылады.Шоғырлану
обьектінің- зейінді тартып алынуынан білінеді. Зейіннің қуаттылығының
көрсеткіші кедергілерге төзімді бөтен тітіркендіргіштерге әрекеті
мүмкін еместігі байқалады.Зейіннің шоғырлануы оның аумағы мен бөлінуіне
тығыз байланысты..Зейін түсетін обьектілер неғұрлым аз болса, зейіннің
әрекет түрлері де соғұрлым аз болады да шоғырланудың күшеюіне мүмкіндік
молаяды.
Зейін бір обьектіге ,не әрекеттің бір түріне бағытталғанда зейін әбден
күшейеді.Зейіннің тереңдей шоғырлануы-іс әрекеттің дәл және ойдағыдай
орындалуына қажетті жайт.Бірақ зейіннің бір обьектіге шоғырлануы оның
аумағы мен бөлінуі қажетті обьектілер арасында жеткілікті үйлесім тапқанда
ғана жемісті болады.
Суретте: Қосарланған бейнелерді қабылдау кезіндегі зейіннің ауытқуы
көрсетілген.
Жеке тұлға дамуындағы кейбір мәселелер.
Жұмыстың мақсаты – білім беру мекемелеріндегі оқушылардың жеке тұлға
ретінде дамуына әсер ететін факторларды бағалау.
Қазіргі оқушының алдында тыңғылықты білімді болу және бәсекелестікке
қабілетті болудан басқа тынымсыз еңбекке қабілетті тұлға ретінде қалыптасу
мәселесі тұр.
Жеке тұлғаның физиологиялық дамуының көрсеткіші
Гормондарының Артық салмақСалмақтың Бойының Бойдың
дамуы жетіспеуі өспеуі шамадан тыс
өсуі
54,4 44,14 2,7 8 12
Артық салмақтың жас ерекшелік динамикасының көрсеткіші
Жас мөлшері Қыз балаларда Ұл балаларда
7-9 жас 49,4 64,3
9-11 жас 38,7 48,9
11-13 жас 24 49,1
13-15 жас 39 26,6
15-17 жас 59 31,1
Физикалық қиыншылықтарды жеңу бағасы
Өте жақсыЖақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
33 4 48 16
5-11 сынып оқушылары арасында өткізілген сауалнама талдауы олардың оқу
үлгірімі мен еңбеке қабілеттілігіне шектен тыс оқу жүктемесі, дене
шынықтырудың шектілігі және жанұя, педагогтар қауымы мен өз қатарластарының
арасындағы келіспеушіліктің кері әсерін тигізетінін көрсетті.
Осы мәселелерге байланысты мынандай мақсаты қойылды:
1. Оқушылардың өзін-өзі бағалау мен бақылауы мүмкіндіктерін түзету
тәсілдерін дайындау және енгізу.
2. Ата-аналарды Жеке тұлғаның дамуындағы жанұяның ролі деген
құжат жасау үшін Жасөспірімдердің қоғамдағы әлеуметтік
бейімделуінің сұрақтары атты семинарға дайындау.
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектепішілік
Планета газетін шығаратын оқушылар бірлестігін тағайындау.
Салауатты өмір сатын қалыптастыруда негізгі білім беріп жеке тұлғаныны
дамытатын орта мектеп болып табылады. Мектеп оқушының еңбекке
қабілеттілігін дамытады, тұлғаның жеке қасиеттерін жүзеге асыруға
көмектеседі, басқаша айтқанда жеке тұлғаны дамыта отырып қалыптастырады.
Осының барлығы оқытудың ерекше тәсілдерін іздеуді талап етеді. Бұл
жөнінде Д.Л.Моуди былай деді: Ескертулер бізге нақты мәлімет ретінде емес
оларды орындауға берілген. Бұрыңғы тәрбие жүйелері жеке тұлғаны дамытуды
өзіне толық бағындыру арқылы жүзеге асырды. Сонымен қатар жеке тұлға совет
жүйесі кезінде қарапайымдылыққа тәрбиеленді. Қазіргі педагогтың адында
тұрған мәселелердің бірі оқушыға білім берумен қатар сол білімді өмірде
қолдана білуге үйрету. Егер оқушы өздігімен ізденіп оқымаса, онда ешқандай
мұғалім ол оқушыны білімге үйрете алмайды. Осы қағида жеке тұлғаның
дамуында шешуші роль ойнайды. Себебі тұлғаның дамуы бір сәтте жүзеге
аспайды, тұлға өмір бойы дамиды. Педагогтың міндеті осы тұлғаны дамытуда
бағыт-тағдар, тәрбие беру. Даналар былай деген: Оқушы су құятын ыдыс емес,
ол жалындап тұрған от жанатын факел. Білім беру мекемеліндегі оқыту мен
тәрбиелеу жүйесі тұлғаның дамуында әр түрлі мәселелерді қажет етеді.
В.А.Сухомлинский Жүрегімді балаларға беремін деген кітабында
оқушылардың сабақты нашар оқуының себебінің 85 пайызы мектеп пен жанұядағы
ретсіз ескертулердің нәтижесі деп айтты.
Қандай да болмасын мектепте жүргізілетін іс-шаралар мен әр түрлі
эксперименттердің оқушылардың жеке дамуына қатысын тек педагогтар емес
сонымен бірге ата-аналар да қадағалауы тиіс. Себебі, жеке тұлға жанұяда
дамиды.
Сөз соңында оқушылардың үлгірімі мен физиологиялық дамуының талдауы
мынадай нәтижелерге әкелді:
1. Оқушылардың еңбекке қабілеттілігінің кемуі олардың дене
шынықтырумен өз бетімен айналыспағандықтан екендігі белгілі болды.
2. Оқушылардың психологиялық ауытқулары тек қана сабақтың
қиындығынан емес, оқушының физиологиялық ерекешеліктеріне де
байланысты екендігі айқындалды.
3. Жеке тұлғаның қалыпты түрде дамуы үшін оқушы – жанұя – педагог
кеңістігін құру керек.
Зейіннің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz