Жасөспірімдерге мінездеме



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Педагогика және психология кафедрасы

Тақырыбы:
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ

Орындаған: И-11 тобының студенті _______________
Тексерген: Бижанова Ғ.Қ.

Арқалық, 2010

Жоспар:

Кіріспе

І. ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ СИПАТТАМА
1.1. Жасөспірімдерге мінездеме
1.2. Жасөспірімнің өзін - өзі сынауы және бағалауы

ІІ. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ
2.1. Жасөспірімдердің ұжымда өз орнын табу үшін көңіл тоқтатуы
2.2. Жасөспірімдік шақтағы тұлғаның өзін - өзі тануының психологиялық
ерекшеліктері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Бүгінде оқушыларға әлемдік деңгейде өркениетті негізінде білім мен
тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды жастар бойына сіңіру ғаламдық мәні бар
проблемаға айналып отыр.
Тіпті бүгінгі қоғамның талабы, адам тәрбиесіне мазмұнмен
қарауды керек етеді. Яғни, мектепте оқушының шығармашылық қабілетін
дамытатын мүмкіндіктерді жасауды қажет етеді. Сынып жетекшісі үшін ерекше
маңызды мәселе оқушылармен қарым-қатынас орнату және қарым-қатынасты
үйлестіре білу.
Оқушылардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту іс-шаралары, ұжымға
бірігу мен бос уақытын тиімді пайдалану мәселелері де сыныпта жүзеге асады.
Мұғалім ерекше оқушымен дұрыс қарым-қатыныс орнату негізінде тұлғаның
санасындағы және іс-әрекетіндегі теріс ұғымдармен түсініктерді жойып,
қоғамдық талаптарға сай мінез-құлық қалыптастырады.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін жалпы психологиялық
зерттеулер жүргізілді. Онда балаларға байланысты мәселелерге басты назар
аударылған. Оқушылармен қарым-қатынасты жақсарту үшін мынадай бағытта
жұмыстар жүргізілді;
1. Сөз бен іс-әрекет арқылы, тікелей немесе жанама қарым-қатынас орнату.
Басты мақсат тәрбиеге ықпал ету және қарым-қатынас орнату қағидасын ескеру.
2. Қарым-қатынас тек қана педагогикалық мақсатта емес, сонымен бірге
баланың қызығушылығын ескеру.
3. Қарым-қатынас бір балаға ма, топқа ма, соның бағдарын анықтау.
4. Баланы тең дәрежеде ұстау.
5. Оқушы құқығын аяққа таптамау, тағы да басқа қағидалар. Мұғалім міндеті;
- оқушының ақыл-парасат күшін тәрбиелеу, оған отан сүйгіштік, имандық,
рухани түсініктер тағы басқа ұғымдарды сіңіру;
- оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға арналған іс-шаралар жүргізу;
- оқушылардың отбасы мүшелерін, айналысатын кәсіптерін және тұрмыс
деңгейін білу. Мектепте осы бағыт бойынша жасалынып жатқан іс-шаралар аз
емес. Мысалы, әр түрлі пән апталықтарындағы кештер, өнер сайысы, мерекелік
іс- шараларды және спорттық ойындарды ұйымдастыру барысында оқушылардың
қарым-қатынас деңгейі арта түседі. Олардың бойындағы бауырмалдық,
жолдастық, ауызбірлік сиақты қасиеттерін анық көрсете алады және өз
мүмкіндігін көріп біле алады.
Егер мектептегі сыныпқа жанадан келген оралман оқушылардың
сыныппен қарым-қатынасы араласуы көптеген қиындықтар туғызуы мүмкін.Ол үшін
бұл сыныппен психо-педагогикалық іс-шаралар жүргізілуі тиіс.
1.Ата-анамен тығыз байланысты орнату.
2.Оқушының ұжыммен байланысын нығайту.
3.Баланың зейінін, қабілетін, белсенділігін арттыру мақсатында жұмыс жасау.
Ал, сыныптағы оралман оқушылармен;
Достаса білесінбе?, Сыныбыңдағы сенің орның, Адам-адамға дос-
бауыр, Сен өз құқығынды білесің бе?, тағы басқа тақырыпта кеңестер,
әңгімелер өткізіліп, олардың сынып оқушыларымен қарым-қатынасы анықтау
керек.
Ұжымды, ізгілікті қарым-қатынас деңгейі адами сипатта
ұйымдастырылса, онда сол ұжымда моральдық-психологиялық ахуал жақсара
түседі.
Адамның қарым-қатынас мәдениеті,оның мінез-құлқын зерттейді.
Қарым-қатынас әрекеттері адамның сөйлеген сөзінен, сәлемдесуінен,
сабырлылық сақтаудан, аманатқа қиянат жасамау, тағы басқа көрінеді. Қарым-
қатынасты жетілдіру факторын зерттеу екі бағыттан тұрады:
1.Оқу арқылы тәрбие беру.
2.Тәрбие үрдісі арқылы тәрбиелеу.
Оқушының қарым-қатынасын жетілдіру және балалардың жеке ерекшеліктерімен
санасу-ұстаз парызы.
Оқушылардың өскен ортасының, отбасының жай-күйін талдағанда, кейде
отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр.
Әдетте, ата-аналардың бала тәрбиесінен әр түрлі себептерге сай
аулақтануы да тері әсер етеді (ата-аналардың жұмыс басты болуы немесе жеке
басының қамымен жүруі, балаларына теріс үлгі көрсетіп, келеңсіз өмір
сүретін, ұзақ іс-сапарда болатын ата-аналар).
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне
ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет
қалуы, яғни баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан болады.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға
итермелейтін тағы бір әсер отбасындағы жетіспеушілік, таршылық.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 20-25% материалдық жағдайдың
төмендігінен жасалады екен. Оның себептері, көбінесе, ата-аналарының
ішімдікке салынуынан; отбасының қаражатына ұқыппен қарамауынан, жұмыссыз
отыруынан болады.
Қазір материалдық байлықтың рухани байлықтан жоғары тұрған уақытында
жасөспірімдер арасында анау да керек мынау да керек деген
көзрсеқызарлықтың әсерінен, өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ деген ой
мен де қылмыс жасалынды. Жасөспірімдердің жеке басын сыйламау, адам
қатарына санамау, қаталдық (деспотизм), негізсіз жазалау, көп сөз, қорқыту,
ұру-жасөспірімнің қатыгез қатал, ашықтан ашық отбасы талабын орындамай, өз
білгенін істеуге бейім болып өсуіне әкеліп соқтырады.
Жасөспірім бойында өзімшілдік (эгоизм) дарашылдық (эгоцентризм) жеке
басты ойлау, қоғамдық мүддеден бірінші орынға қою, өзгелердің ойымен
санаспау, өз ісін атқаруда өзгеге талап қою басым болды. Мектеп пен отбасы
бала тәрбиелеудегі негізгі мақсатты, қолданылатын әдіс-тәсілдерді бірге
ойлап іске асырмау салдарынан, яғни, әр түрлі талаптардан оқушы отбасының,
мектептің ықпалынан шығып, екі жүзділікті, мақсатқа тура емес, бұрма жолдар
арқылы жетуді көздейді. Бұндай балалар, көбінесе, өз ісін өз күшімен емес,
амалдау, алдау-арбау арқылы атқарады.
Бір отбасындағы бірнеше баланың әрқайсысына әр түрлі қарау да
жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Үнемі
ескерту естіп, үлкендер тарапынан кеміту мен қорлаудан арылмаған бала өзіне
сенімсіз, тұйық, өзіне-өзі көңілі толмайтын, көнгіш, келеңсіз болып
қалыптасады.
Отбасында бала тәрбиесіне әкесі мен шешесінің әр түрлі әдіс қолдануы
(біреуі өте қатал, екіншісі өте жұмсақ, әкесі бір талап, анасы қарама-қарсы
талап қоюы) немесе жасөспірімнің көзінше өз балаларының тәрбиесі туралы
пікірталас жасап, ұрыс-керіс шығаруы, ал жасөспірім осы жағдайды өз
түсінігінше пайдаланып, қоғам талабына керсінше істерді жасауы мүмкін.
Мектеп пен отбасының дінге көзқарастарының әр түрлі болуы да, жас
баланы аянышты халге ұшыратуы мүмкін. Діни көзқарастан туатын
келіспеушілік, отбасында, мектепте, достарының арасында айтылатын қарсы
пікірлер баланы шаршатып, өз бетінше қаңғып, бақылаусыз жүруіне алып келуі
әбден мүмкін, осыны әр түрлі діни ағымдар (секталар) оңай пайдаланып, өз
қатарларына қосып алуға тырысады.
Әр жас кезеңінің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар.
Соған байланысты жасөспірімдік кезеңнің өзіндік маңызы бар. Бұл баланың
мені қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жас
кезеңдерінде физиологиялық өзгерулермен қатар психологиялық өзгерулер де
болатыны баршаға мәлім. Осы психолгиялық өзгерулер дағдарыс туғызады. Әрбір
жас кезеңіне сай дағдарыс түрлері өмірге келу дағдарысы және сұрақтар
дағдарыс сияқты кезеңдерге жіктеледі.
Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс жасөспірімнің қоршаған
ортаға деген қатынасын білдіріп, қажеттілік және тілектерінің
өзгерілуіне, ішкі дүниесінің қайта құрылуына әкеледі. Жасөспірім ағзасы
қысқа уақыттың ішінде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірім
айналасындағылардың өзіне деген құрметі мен санасуын талап етеді, ортадан
өз орнын алуға тырысады. өзін кейде біреулердің айтқанымен жүріп тұратын,
не үлкендердің көрсетуімен өмір сүретін бар болғаны білеулердің көшірмесі
ғанамын деп қабылдайды. Сондықтан да ерекшеленуге, өз мінезін көрсетуге
тырысады. Әсіресе, мұндай көңіл – күй, психологтардың көрсетуінше, ер
балаларда 11 – 13 жаста, қыз балаларда 13 – 15 жаста көптеп кездеседі. Осы
кезеңдегі балалар мінез қыңырлығымен сипатталады. Бұл кезеңдегі дағдарыстың
мәні еліктейтін бейнесін табу. Мұндай кезде бала әртістер мен спорт
шеберлерін, кейіпкерлер мен айналасындағы адамдарды өзіне пір тұтады. Егер
жасөспірім кезеңінде еліктеуі орынсыз болса, өзге кезеңдерде адамның
рөлдерін шатастыру мен олармен эмоционалды қарым – қатынасқа түсу қиын
болады. жасөспірімнің осы кезеңде тәрбмесі қиындап, оқу үлгерімі
нашарлайды. Жалпы еңбек, күш қабілеті төмендейді.
О.Кро бұл кезеңді ішкі және сыртқы қарым – қатынастарға бейімделе
алмаушылық және мен бейнесі мен өмірдің бірнеше бөліктерге бөлінетін кезеңі
деп көрсетті. Пубертантты дағдарыс кезеңіндегі өнімді ақыл – ой еңбегін
көрнекіліктен түсінуге, дедукцияға өзгеріледі. Есею дағдарысы кейде дұрыс
бағаланбайды немесе өте қауіпті деп есептеледі. Ол әртүрлі мінез – құлыұ
ауытқушылықтары түрінде, тұлғалық бұзылуларға, психоз және жүйкелік
психолгогиялық бұзылу белгілерінің көрінуі түрінде болады. Дағдарыстың
психологиялық ауытқушылықтары әртүрлі және ол мынадай формаларда көрініс
береді:
- өзін өзгенің орнына қою немесе еліктеу әрекетіндегі ауытқушылық, оның
белгілері: толымсыздық сезімнің пайда болуы, көңіл – күйінің түсіңкілігі,
- өзіне - өзі қол жұмсау ойының пайда болуы.
Есейген жасөспірім өзінің бала емес екенін сезініп, биологиялық
сыйымдылықтың әлеуметтік жағдайына сай келмейтінін жаңа статустағы білімі
мен икемділігіне сенімсіз болады. жасөспірімді мен кіммін?, не үшін өмірге
келдім? Деген сұрақтар көп мазалайды. Ол өзіне және өзгеге сын көзбен
қарайды. Көп жағдайда көңілі толмайды. Осыдан келіп әлеуметтік ережелерді
қабылдамау пайда болады. Өзін сенімсіз сезінуге байланысты өмірлік
мақсатының айқынсыздығы, жыныстық бағыттылығына сай емес мамандық таңдау
мен референтті топтарды таңдаудағы шатасу кездеседі. Мұңдағы референтті топ
депотырғанымыз - өзінің үнемі араласып жүрген құрдас достары немесе өзінің
көзқарасын бөлісетін ересек адамдар. Бұл шатасулар шизофрениялық психоздық,
тұлғалық өзгерулердің алғашқы белгілері болуы да мүмкін. Беделге ұмтылу
белгісі. Беделге ұмтылу дағдарысы отбасына, әкесі мен шешесіне қарсы
шығаудан көрінеді. Жасөспірім билікке, тәртіпке, жалпы қабылданған
ережелерге қарсы шығып, мойындаудан бас тартады. Шындықтан қашу, қалыпсыз
мінез – құлыққа, секталарға, жастар қоғамына кіруге ұмтылудан көрінеді.
Диперсонализация мұнда өзінің жаңа денелік өзгешелігі мен Менің қабылдауы
мен өзгелерді қабылдауы өзгереді. Диперсонализация еліктеудің қалыптасу
қиындығы байланысты психологиялық қорғаныс механизмнің қызметін атқарады.
Бұл синдром белгісі жасөспірмдер арасында 30 – 70% байқалады. Оларға
үрейлену, оқшаулану, уайым, эмоционалды реакцияларға деген субъективті
түсінік жатады. Диперсонализация айналадағы заттарды қабылдауы айқын емес
дегенді білдіреді. Осы белгі бойынша жасөспірімдердің заттар мен
адамдарды қабылдауы шындықтан алшақ болады. өз денесін бөтенсіну кездеседі.
Мысалы, олар өздеріне менікі ме, жоқ әлде басқанікі ме? Деген сұрақ қояды.
Кей жағдайда олар жанным мені тастап кетті деп өзін ұйқыдағыдай
қабылдайды. Осы кезде ойлары жан – жаққа шашырап, еркіне бағынбайды.
Сонымен қатар бұрын көрмеген нәрсені бұрын көрген, бұрын басынан
кешіргенін еш уақытта көрмеген сияқты елестетеді. Бұл ауру белгілері
неврозда, соматагенді психологиялық бұзылушылықтарда мидың органикалық
бұзылуында, эпилепсияда, шизофренияда байқалады.
Дисморфофобия дегеніміз – баланың өз денесінің қалыптасуына байланысты
көңілі толмаушылық. Осы кезеңде оның аяқ – қолдары тез өседі, кеуде
бөлігінің дамуы баяу болады. Бұл ауытқушылық белгісінің пайда болуына сол
жас аралығындағы жүрісінің нашарлығы, бет терісіндегі өзгерістер негіз
болады. Өз дене тұрпатындағы физиологиялық өзгерістерді бала өзгелермен
салыстырады да, бөшкедей дөңкиген ережегейлідей болар – болмас бой,
көшедегі адамдар келеке қылады. Айналып өтеді, жұрт мені көргенде сыбырласа
қалады деген келіп бала өзін - өзі кем санайды да тіпті өзіне - өзі қол
жұмсауға дейін барады.
Ипохондриялық синдром. Ипохондриялық бұзылыстың пайда болу себебіне
жасөспірімнің ішкі мүшелері қызметінің бұзылуынан көрінетін әлсіздік,
шаршау, тыныс алудың бұзылуы, кеудесінде, басында жағымсыз түйсінудің пайда
болуынан көрінеді. Осыдан жалған ауруды шындықтағыдай сезіну, соматикалық
аурулардың бар екендігі туралы ой пайда болады. Ипохондриялық синдром
әсерінен депрессия, үрейлену, шатасу белгілері көрініс береді.
Тамақтанудың бұзылу белгісі. Оның көп кездесетін түрі – жүйкелік
психологиялық анорекция. Ол саналы түрде арықтаудың мақсатында
тамақтанудан бас тарту. Ол аурудың таралуы ер балаларға қарағанда қыздарда
көптеп кездеседі. Төмендегі сипаттар орын алса, жасөспірімнің
физиологиялық жетілуі баяулайды. Осы ауытқушылықтардың әсері
жасөспірімдерде бойының өсуі мен бұлшық еттерінің қалыптасуына зиянды
әсерін тигізеді.
1. Қалыпты деңгейден 15% -ке төмен немесе бойының өсуіне байланысты
салмақ жинай алмаса;
2. тамақтан бас тарту немесе денеге шектен тыс күш түсіру;
3. Өз денесінің бейнесі туралы бұрмаланған ойы немесе толықсудан қорқу:
4. Жасөспірімдердегі жыныстық жетілудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ радиосы - қазақтың киелі қарашаңырағы
Жасөспірімдік жас тарихи тұрғыдан алғанда өте кеш қалыптасатын период
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруы
Бірінші мәселе
Қызметкерлердің құрамының есебі
Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға мекенжайлық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
Қиын балаларға қатысты педгогикалық қолдаудың ерекшеліктер
Аутистік спектрдің бұзылуы бар балалардың психологиялық - педагогикалық сипаттамасы
Әлеуметтік тәрбие
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда
Пәндер