Жапсырмалаудың салалары және түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жапсырмалау сабағы, методикалық талап, сабақ ұйымдастыру ерекшелігі.

І. Кіріспе.
1.1. Бейнелеу өнерінің бір түрі жапсырмалау (мүсін өнері).
1.2. Жапсырмалаудың салалары және түрлері.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Жапсырмалауда пайдаланатын құрал-жабдықтар және материалдар.
2.2. Жапсырмалаудағы қаңқа (каркас) және оның маңызы. Глаголь.
2.3. Методикалық талап және ұйымдастыру ерекшелігі.
2.4. Жапсырмалау сабағының сабақ жоспары.
ІІІ. Қорытынды.
3.1. Жапсырмалау туралы соңғы түйін.

І. Кіріспе.
1.1. Бейнелеу өнерінің бір түрі жапсырмалау. (мүсін өнері).
Бейнелеу өнері – сан алуан түрлі болып келеді. ХІХ – ғасырға дейін сәулет
өнері, мүсін өнері және кескіндеме өнері, өнердің басты үш түрі деп
есептеледі.
ХІХ ғасырдың аяғына қарай, сәндік қолданбалы өнер және графика өнерінің
қызметі қосалқаға айналды. Ал, көнеден бері келе жатқан жапсырмалау өнері
соңғы 10 ғасырда үлкен абыройға ие болып артынан керемет өшпес із
қалдыратын өнерге айналды.
Жапсырмалау (мүсін өнері) – скульптура деп те атайды. Ол латынның
sculptura деген сөзінен шыққан. Қазақша мағынасы қашап, шекіп жасау
дегенді білдіреді, яғни бұл дегеніміз затты формасымен беріп сомдап
көрсету, әр заттың пішініне қарай толықтай бейнелік тұрқын беруге болады.
Сондықтан жапсырмалау өнерін бейнелеу өнерінің саласы ретінде айтуға және
жатқызуға болады. Мұнда әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы түрлі
бейнелер сомдауға болады. Жапсырмалау өнері көп күш және қажыр қайратты
талап етеді. Оның есесіне сәулет өнері секілді мұнда жасаған жұмыстар ұзақ
сақталады. Көптеген мүсіндік туындылар сандаған ғасырлар. мыңдаған жылдар
бойы осы уақытқа дейін сақталып келген. Атап айтқанда Египеттегі
Аменемхемттің статуясы, Греция мүсіншілері Миронның Дискоболы,
Поликлеттің Дорифоры және одам бергі замандағы Микеланджеллоның Давид
мүсіні т.б.
Өзіміздің қазақ даласында да көптеген тас
мүсіндер табылған. Бұл дегеніміз елімізде
бұрындары қонысталған ата-тектеріміз де
мүсін өнерімен айналасса керек.
Ал, шағын формалы мүсін туралы айтатын
болсақ, өте ерте замандардан басталған.
Дүниежүзілік мұражайлардан мыңдаған жылдар
бұрын пайда болған шағын статуеткалар мен
барельефтерді кездестіруге болады.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі
жапсырмалау өнері туралы ой жүгіртіп, сыр
шертетін болсақ, еліміздің мүсіншілері
мүсін өнерінің түрлерін терең меңгеріп,
үлкен шығармашылық табыстарға жетті.
Қазақтың тұңғыш профессионал мүсіншісі
Х.Наурызбаев бастаған мүсіншілер тобы
дүние жүзіне

танылды. Атап айтқанда олар: Е.Сергебаев,Т.Досмағанбетов,
Е.Мергенов, Н.Журавлев, Б.Төлеков, Б.Әбішев т.б. мүсіншілер еді.
Республикамыздың басты қалаларындағы қазіргі атақты жұмыстардың бірегейлері
мыналар: Алматы қаласындағы Сақ әскері сомдалған тәуелсіздік монументі және
Астана қаласындағы Кенесары хан, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би мүсіндері.
Ал, өзіміздің Арқалықта мүсінші Ұзақов Әбілбек. Ол кісінің елеулі
еңбектерінің бірі, қалалық әкімшілік алдындағы Торғай өңірінен шыққан батыр
Амангелді Иманов статуясы. Осылайша жапсырмалау өнері біздің қаламызда да
ұмыт қалмай жыл сайын өркендеп дамып келе жатқанын және бұл өшпес өнер
екені дәлелденуде.

1.2. Жапсырмалаудың салалары және түрлері.
Жапсырмалауда мүсін екі салаға бөлінеді: жұмыр және рельеф болып келеді.
Мүсінде ең басты құрал-аумақты форма болып табылады.
Жұмыр мүсін – кеңістікте көруге әбден мүмкіндік береді, жан-жағынан
қарауға және белгілі бір форманы толығырақ айналадан көруге болады.
Жапсырмалаудың екінші бір саласы рельеф – тек бір жақтан қарағанда жақсы
көретін ,жазықтық үстіндегі жапсырма. Рельеф француздың relefe қазақша
көтеремін – деген мағына береді, яғни жазықтың бетінен көтеріңкі етіп
сомдалады. Рельеф екіге бөлінеді: Горельеф және барельеф деп аталады.
Барельеф – жазықтық бетінен сән-пәл – аздаған аумақты көтеріңкі етіп аз
шығып тұрады.
Горельеф – Бұл барельефке қарағанда айырмашылығы жазықтық бетіндегі
жұмыстың жартысынан көбі дөңес болып шығып тұрады. Бұл екі айырманы айыру
үшін осы қарапайым қағидаларды естен шығармауымыз керек.
Жапсырмалау салалары екіге бөлінетін болса, ал олардың түрлері мыналар:
статуя, бюст, монумент, көп тұлғалы композиция, портрет.
Бюст – адамның кеудеге дейінгі мүсіні бюст жұмыр мүсін саласына жатады.
Статуя – білгілі бір фигураның толықтай мүсіні, бұл да жұмыр тұтас
жапсырмалауға жатады.
Портрет – бұл үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасаған. Мүсіндік Египет
портреттері 2000 жылдан бұрын пайда болған мозайкалық Италияның Фало
портреттері. Суретшілік шабыт қолмен жазылған әрбір портретте ой-қайғы,
қуаныш, кейде қиын өмір жолында көрініс беріп ғажап сомдалған. Портрет –
мозайка арқылы жапсырмалайтын мүсіннің бір түрі.
Көп тұлғалы композиция - Бұл бірнеше адам тобын немесе белгілі бір
оқиғаны сан түрлі элеметтермен жапсырмалайтын көркем шығарма.
Монумент – жапсырмалаудың ішіндегі баршаға мәлім түрі. Бұл сәулет
өнерімен осы өнердің қосылуы арқылы жасалынатын шығарма.

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Жапсырмалауға пайдаланатын құрал – жабдықтар және материалдар.
Мүсінші жапсырмалау кезінде бір қатар қарапайым аспаптар пайдаланады. Бұл
стекалар, алуан түрлі қалақшалар. Ұшында жібі бар жіңішке жіптектеуіштің
болғаны мүсіншіге жақсы. Бұл жіп есептеп өлшегенде мүсіншіге керемет көмек
етері анық.
Стека – мықты ағаштан (сагминттен, алма
ағаштан, шетеннен), сүйектен немесе
металдан жасалады. Бұл станок адамның бір
орында өзі қалаған биіктікте жапсырмалау
үшін арналған өте ыңғайлы нәрсе.
Қалақшылар – жапсырмалаушының бірден бір
басты құралы. Олардың көмегімен мүсінші
мүсіннің кейбір неоанстарын келтіруге
болады.
Қол тоқпақ – саз балшықты шақтауға
арналған зат былайша айтқанда үлкен ағаш
балға.
Циркуль – геометрия сабағынан таныс
шеңбер, дөңгелектерді сызуға арналған
құрал.
Жапсырмалауда пайдаланытын құрал-жабдықтар мен таныса отырып ары қарай бұл
өнерге қандай материалдар пайдаланатынын білу қажет.
Ұлы француз жазушысы А.Франс бірде мүсінші О.Роденге өз коллекциясынан
бір ежелгі сазбалшық статуэтканы (мүсіншені) көрсете отырып, былай деген
екен: Сазбалшық тынымсыз қимылдаған саусақтардан ... әлі жып-жылы сияқты
... суретші ... сазбалшықты жақсы көреді – ол саусақтарының астында жанып
тұр. Осы бір жазушының сөзін келтіре отырып, жапсырмалауда басты нәрсе
сазбалшық екенін айтқым келіп отыр, әрине жапсырмалауда тек сазбалшық
қолданылатыны анық. Мүсінші үшін сазбалшықтың аса құнды сапасы – оның
иімділігі, яғни жұмысыта серпімді созылғыштығы және оған берілген форманы
сызат – жарықшақ түсірмей сақтай алу қабілеті.
Сазбалшық – табиғаттың өзі жасаған, ең жақсы пластикалық жапсырмалаудағы
материал.
Сазбалшық мейлінше алуан түрлі – түстерде болады, мұның өзі оның
құрамында бояғыш минералдардың, мысалы, темір тотығының, көміртек
қосылыстарының және басқалардың болуымен байланысты. Бояу түсі ақ, сары,
бурыл, қара және жасыл болуы мүмкін. Жапсырма жасау жұмыстары үшін бәрінен
де сұр – жасыл немесе сарғыш өңді сазбалшықтар жақсы.
Сұр – жасыл және сұрғылт – ақшыл күміс сазбалшық мейлінше иімді болады.

Пішіндеу үшін сазбалшықты арнайы дайындайды. Бұлай дайындаудың алуан
әдістері бар, тегінде ең қарапайымын және жақсысын белгілі совет мүсіншісі
А.Голубкина ұсынған екен.
Жапсырмалауда сонымен қатар металдар да пайдаланады.
Металдар - қола, мыс, қалайы, шойын, болат т.б. мыс, бетон, пластмасса
сұйықерітілген, араластырылған күйде алдын-ала жасалған қалыпқа құйылады.
Металдар қатты күйінде қақтау, бедерлеу әдістері арқылы өңделеді. Ежелгі
Греция христоэлефактинкалық мүсін бедері алтын қаңылтыр мен ағаш қаңқаға
жапсырылған піл сүйігінен жасалады.
Жапсырмадағы материалды енді бір түрі тастар оның әр түрлі түрлері бар.
Тас – (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит т.б.) ағаш
және сүйектен де жасауға болады.. Ол үшін материалдан іші сыртындағы образ
жасауға қажетсіздерінің бәрін қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып
тасталады.

Тас мүсін қашау саймансаймандар (тескіш,
кескіш, балға т.б.) қолданады.

Ал, керсінше ағашқа қашау, пышақ т.б. өткір құралдар пайдаланылады.
Керамика да жапсырмалау өнеріне жатады. Мұндағы негізгі өнімі саз. Сазды
күйдіріп одан түрлі керемет сувинирлер және құмыралар жасалады. Күйдірілген
бұйымға ақ немесе түрлі түсті жылтырақ (майолика, фаянс, фосфор), кейде
жылтырамайтын бояулар терранота, фосфордың бисквит деген түрін жалатады.
Мүсіншінің жұмыс тәсілі негізінен, пластилинмен кішкене нұсқа жасалынып, ол
одан кейін сазға үлкейтіп көшіріледі.
Жапсырмалаудағы материалдар ішіндегі ең қарапайым ермексаз (пластилин).
Ол оңай езіліп және тез қатады, одан формаларды өзгертіп жасаудың өзі өте
жеңіл.
Үлкен скульптураларды сазбалшықтан пішіндейді. Детальдарды өте нәзік
жасауды талап ететін шағын формалы мүсіншелерді жасау кезінде әдетте
сазбалшықтың орнына ермексазды қолданады. Бұл суламай-ақ көп мәрте жұмысқа
пайдалануға болатын, кеппейтін жасанды масса.
Ермексаз баяғыдан-ақ мәлім болған, Қайта өрлеу дәуірінің (Ренессанс)
суретшісі және өнертанушысы Д.Вазаридің айтуына қарағанда, оны орта
ғасырлардың өзінде – ақ қолданған. Оның құрамы сан алуан болуы мүмкін,
бірақ әдеттегідей, оған табиғи немесе минералды балауыз (озокерит) кіреді.
Неғұрлым жұмсақ ермексазды балқытылған балауыз бен күкірт пен майды
(ертілген шошқа майын немесе вазелинді) араластыра отырып дайындайды.
Ермексазбен жұмыс істегенде майға малынған шүберек әрдайым қол астында
болғаны жөн, онымен пайдаланған стекаларды сүртіп отырады. Жапсырмалаудағы
материалдар легі міне осылар.

2.2. Жапсырмалаудағы қаңқа (каркас) және оның маңызы. Глаголь.
Мүсінді сомдағанда ең бастысы қаңқа (каркас). Қаңқа мүсінді берік ұстап
тұру үшін салынатын шыбықшалар. Олар не сымнан немесе тақтайшалар фигура
көлеміне байланысты бір-біріне байлану арқылы жасалынады. Әрине, ірі
мүсіндерге арналған қаңқа күрделірек. Фигураның беріктігін қамтамасыз ету
үшін қаңқаны глаголь (1) деп аталатын – Г (г славянша глаголь) әріп
түрінде иілген жуан темір шыбықшамен бекітіледі.
Төменде оның табандары (2) болады.
Глагольдің биіктігі әдетте жапсырма
биіктігінің шамамен ½ - іне, А көлемі
шамамен 15-іне, Б көлемі – 110 –іне тең
етіп алынады.
Глаголь – металл қаңқаның неғұрлым берік
әрі жауапты бөлігі. Ол фигураның
салмағымен деформацияланбайтын (формасы
бұзылмайтын) болуы тиіс, екені естен болуы
керек. Ол болар – болмас болса да
шайқалмауы керек.Глагольді станоктың
айналмалы тақтайына тіклей
орнатпай, жеке тақтайға фигураны оның ортасына азды-көпті дәл келетіндей
етіп мықтап бекітеді.
Қаңқаны дайындауға кірісе отырып, ең алдымен, ең алдымен оның
бөліктерінің көлемдерін анықтайды.
Нүктелердің орналасуы қаңқа бөліктерінің көлемдерін және бірігетін
түрлерін көрсетіп береді.
Мысал үшін биіктігі бір метр фигураға арналған қаңқаның құрылысын
қарастырып көрелік. Ең алдымен глагольге ең азы 0,5 см жуандықтағы сымнан
жасалған үшбұрыш кейіптен, ұшы төмен қарата салынған кеуде тұзақшасын (3)
бекітеді. Қаңқа көбіне ағаш кесділерінен және элементке бекітілген жұмсақ
сымдардан (4,5) тұратын түрлі комбинациялармен қосымша жарақтандырылады.
Жапсырма жасау үстіндегі жұмыстар сурет салу үстіндегі жұмыстағыдай
негізгі сатылар сақталады. Негізінен тұлғаның сипатын оның пропорциялары
мен қимыл – қозғалыстарын бірден ұстап қалуға тырыса отырып, жалпыдан
бастау керек, сонан соң оны егжей-тегжейлі істеуге көшу керек.
Негізгі тірек нүктелерінің табылған қалып – жағдайы сазбалшыққа
кіргізіліп қойған талшықтармен немесе шегелермен белгіленеді. Кеуде
ойығынан жүргізілген тіктеуіш сызық түсетін орын да плитада осылай
көрсетіледі. Негізгі тірек нүктелерін бұлайша бекіту түрлі қайта жасау
кезінде оларды жоғалтып алмауға мүмкіндік береді.
Әрбір сеанс аяқталысымен сазбалшықтың қажетті ылғалдылығын және
иімділігін сақтау мақсатында скульптураға бүрріккіштеп мол етіп су бүркіп,
дамқыл шүберектермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Жапсырмалау
Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту
Матамен жапсырмалау
Ермексаздың қасиеттері және ыдыс түрлері дайындауға үйрету
Бейнелеу өнерінен дәрістер кешені
Байланыстырғыш заттар және оның жіктелуі, қолданылуы мен қасиеттері, ерекшеліктері
Қазақстан халықтарының этнографиясы пәні бойынша практикалық (семинар) сабақ тарының оқу-әдістемелік нұсқауы
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі жайлы
Сала кәсіпорындарын орналастыру
Пәндер