Дамыта оқыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып
білім алып жатқан жас ұрпақ алдында Қазақстан 2030 бағдарламасында
көрсетілген Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-
ауқатының артуы сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта
жүзеге асыру міндеті тұр.Демек,бұл қоғамдық саладағы өзгерістерге сай
жоғары талаптар қоя отырып,экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы
мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми-
таным әдіснамасы өте зор маңызға ие.Оқытудың мәңгілік сауалы: Нені оқыту,
қалай оқыту күн өткен сайын күрделеніп келеді.Білім ауқымы адам айтқысыз
кеңейді,технология дамып,ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға
шықты.Ендеше Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және
терең білімді,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мәселесін өз жұмысына арқау еткен
мұғалімнің мақсаты мына төмендегідей болуы тиіс:
- озық тәжірибелерді,түрлі педагогикалық әдістерді,жаңа педагогикалық
технологияны ұтымды енгізу және оларды пайдаланудың соңғы
нәтижелерін дамыту;
- білімін жетілдіру негізінде студенттің жеке тұлға болуына ықпал ету;
- студенттердің маңызды мәселелерді өздері талдап,қорытындылауына жол
ашу;
- студент өзінің ғылыми-таным әдістерін саралай отырып,диалектикалық
ойлауын дамыту және бүгінгі көзқарастың қалыптасуына негіз салу,т.б.
Білім берудің мақсаты,оның ұйымдастырушылық құрылымы,технологиялық
жағынан жабдықталуы,оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан
туындайды.Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі
бөліктері:мақсатмазмұн формаәдіс оқыту көрнекілігі
болса,бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйренумеңгеру
өмірге ендірудамыту болып өзгерген.
Нені оқыту керек? деген сауалға мемлекетік білім беру стандарты
жауап берсе, қалай оқыту керек? сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік
даярлығынан,жаңа технологияны пайдалана білуінен,өзінің нақты мақсатын
дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнен асқан кәсіптік
шеберлікті,арнайы дайындық пен ізденісті,сауаттылықты талап
етеді.Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне
жетелеп,олардың оқуға деген ынтасын оятады.Бұл,сөз жоқ,мұндай педагогикалық
жаңа технологиялар шығармашылық қабілеттің дамуына жағдай туғызады.
Бүгінгі таңда Д.Эльконин мен В.Довыдовтың дамыта оқу
технологиясы,М.Чошановтың мәселелік модулді оқыту
технологиясы,П.Третьяковтың,К.Вазин аның модульдік оқыту
технологиясы,В.Беспальконың және т.б. ғалым-педагогтердің технологиялары
кеңінен танылған.Осы технологиялардың сызбасы төменде ұсынылып отыр:

Сонымен қатар,бүгінгі күні жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының оқу
үрдісіне кеңінен қолданылуы да оқушылардың психилогиялық-педагогикплық
дайындығына деген талаптарды күшейтуде. Мұндай жаңа технологиялық
құралдарды қолдану,біріншіден,оқытушының жаңаша тұрғыдағы рөлін анықтап
берсе,екіншіден,оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасу үрдісінде
жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.Еліміздің егемендік алып,қоғамдық өмірдің
барлық саласында,соның ішінде,білім беруде жүріп жатқан демократияландыру
мен ізгілендіру осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты
талпыныстарға жол ашты.Бұл өз кезегінде республикамызда білім берудің жаңа
жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт-бағдар беретіні
даусыз.
Ал,соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен
В.монаховтың,Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі,сондай-ақ профессор
Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген
жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген
мектептерінде қолданылып жүр.Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі
тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық
технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады.Мәселен
Л.Занков,Д.Эльконин,В.Давыдовтың бірлесе жасаған Дамыта оқу жүйесі бір-
бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:
1.Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
2.Теориялық білімнің жетекші рөлі.
3.Оқу материалын жеделдете оқыту.
4.Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі.
Л.Занковтың оқыту жүйесі оқушы өзін емін-еркін сезінеді,оның
әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады.Осы жүйеде
оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі
қаланады.Мұғалім түсіндіруші,оқытушы тұрғысында емес,оқушының оқу әрекектін
ұйымдастырушы,бағыттаушы ретінде көрінеді.Д.Эльконин мен В.Давыдовтың
зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға
бағытталған.Оның құрылымы төмендегідей:оқу танымдық мотивтер,оқу
тапсырмалары,оқу амалдары,оқу операциялары.Педагогика ғылымында баланы
оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру
болғандықтан,жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту
мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде
белсендірілуі қажет.Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де
(мазмұн,әдіс,оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында
өзгертілуін талап етеді.Мұны орындау үшін төмендегідей ұсьанымдар жүзеге
асуы тиіс.
1.Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің әдістерін меңгерту талап
етіледі.Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту
әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни,жаңа жағдайдағы Оқыту әдістемесі деп
отырғанымыз: оқушы-мұғалім ұстанымының өзара тығыз
байланыстылығы.Демек,алудағы белсенділігіне баса назар аудырылады.
2.Жаңаша оқытудың негізгі түрлері – оқытудың дербес және топтық
түрлері болып табылады.Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға
деген сенім,оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-
қасиет сезімін дамыту.Ал оқытудың фронталдығы,көбінесе,бағыт беру,талқылау
және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
3.Жаңа технологияның мақсаты бойынша оқытуді ізгілендіру
қажет.Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін
жүргізе алатындай болуы керек.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,оның
өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға,қажетті іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға
қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Жалғасы...

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларын меңгермейінше сауатты,жан-жақты білгір маман болу мүмкін
емес.Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-
зерделік,кәсіптік,адамгершілік,руха ни,азаматтық және басқа да көптеген
ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу-
тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.Мемлекетік білім стандарты
деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны
ендіруді міндеттейді.Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі,қолдану
ерекшелігі,одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтылынып
белгілі бір жүйеге түспеген дүние.Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық
ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққабайланысты өздерінің қалуына сәйкес
кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды.Бұл бағытта білім
берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны,құрылымы,ғылымға және тәжірибеге
негізделген жаңа идеялар,жаңа технологиялар бар.Сондықтан әр түрлі оқыту
технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне орай таңдап,тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.Қазіргі
білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты,жан-жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершіл ік,рухани,азаматтық және
басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-
өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Жаңа
педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз
үлесін қосады.Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске
асады:
бірінші кезең-оқып үйрену;
екінші кезең-меңгеру;
үшінші кезең - өмірге ендіру;
төртінші кезең- дамыту;
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар
қажет:оқу үрдісін интенсивтендіру жаппай қолға алу;оқушылардың
сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.Оның ғылыми-
әдістемелік,оқыту-әдістемелік,ұйымд астырушылық себептеріне үнемі талдау
жасап,назарда ұстау,жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу,пәндік
білім стандартымен жете танысу,білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру
арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол
жеткізу,оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа
алу.Өйткені оқыту – тәрбиенің негізі.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға
ізгілік тұрғысынан қарау;оқыту мен тәрбиенің бірлігі;баланың танымдық күшін
қалыптастыру және дамыту;баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін
меңгерту;баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;әр
оқушының оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;барлық
оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;оқу үрдісін оқушының сезінуі.Жаңа
технологияны меңгеру мұғалімнің
интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершіл ік,рухани,азаматтық және басқа көптеген
адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
Дамыта оқыту мақсаттары мен міндеттері
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан ерекшелігі
Оқу-тәрбие процесiнде мектеп оқушыларына Дамыта оқыту жүйесiнде ғылымдар тәжiрибесiне сүйене отырып оқушылардың дамытушылық қабiлетiн қалыптастырып педагогикалық жаңа әдiстердiң тиiмдiлiгiмен жетiстiктерiне тоқталу
Дамыта оқытудың теориялық негіздері
Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушының ойын жетілдіру
Дамыта оқыту әдістері
Қазақ тiлi пәнiнде дамыта оқытудың әдiстемелiк негiздерi және оларды iске асырудың жолдары
Л.В.Занков әдістемелік жүйесін негізге ала отырып, жеке тұлғаның шығармашылық жетілдіруді анықтау
Дамыта оқыту технологиясын айқындау
Пәндер