Білімді бекіту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жаңа оқу материалын қабылдау

Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдауынан басталады. Мұғалім өз сөзін (баяндаудың) балалардың қабылдау әрекетімен ұштастыруға міндетті. Оқушылардың бұрынғы алған білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім оларды жаңа материалдың мазмұнын белсенді түрде қабылдауға дайындайды. Ол үшін қабылдаудың міндеті мен мақсатын нақтылап, оқушылардың бақылау әрекетін ұйымдастырады: көріп тұрған нәрселер мен құбылыстардың белгілерін анықтап, оларды өзара салыстыру арқылы негізгі белгілері мен қасиеттерін айыруға, топтастыру және тұжырымдар жасау сияқты амалдарды қолдануларына басшылық етеді.

Білімді ойша қорыту және ұғыну. Білімді терең меңгеру және ұғыну үшін оқу материалын қабылдау-бақылау жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар қорытындылар жасауға тиіс. Бұл оқушылардың білімге жете түсініп, ұғынуы және белсенді терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана іске асады.

Сондай әрекеттің нәтижесінде оларда ойлаудың негізгі бір формасы-ұғым пайда болады. Ұғым деп-заттар мен құбылыстарға тән ортақ ең негізгі белгілері туралы жалпы ойды айтады. Мысалы, «адам» деген ұғымға барлық адамдарға тән және ең негізгі мынадай белгілер жатады: еңбек әрекеті, еңбек құралдарын жасау, сөйлеу т. б. Ұғымның мазмұны сөзбен беріледі. Оған түсіну үшін анықтама беру керек. Мысалы: «Өсімдік», «құс», «кітап», «перпендикуляр» деп нені айтамыз?» деген сұрақтарға жауап беру -ұғымға анықтама беру деген сөз.

Ұғым, негізінен, қарапайым және ғылым ұғым болып екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқуда емес, өмірден көріп-білгендерден туатын әр түрлі жағдайлар жөніндегі түсінігі. Мысалы, «құс» деген ұғымға балалар кейде ұшатындардың бәрін жатқызады.

Ұғымның қалыптасуы-өте күрделі процесс, ол-оқушылардан белгілі ойлау операцияларын (амалдарын) қолдануды талап етеді. Ойлау -талдау (анализ), синтез, дерексіздендіру (абстракция), жалпылау сияқты операциялардан тұрады.

Оқушыларда ұғымды қалыптастыру үшін мұғалім оларды осындай ойлау операцияларын дұрыс қолдануға үйретеді.

Оқушыларда мұғалімнің басшылығымен заттар мен құбылыстарды талдау, бір-бірімен салыстыру, абстракциялау, нақтылау сияқты ойлау операцияларын қолдану арқылы ұғым пайда болады, олар жаңа білімді түсінеді. Анализ бен синтез және салыстыру абстракциялау (дерексіз ой) операциясымен тығыз байланысты.

Абстракциялау деп әр нақты затқа тән қасиетті оның өзінен бөліп алып, кейін оыларды біріктіріп, жалпылама ұғым құру, яғни абстракциялау деп заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бөліп алып, жалпылап қарауды айтады. Мысалы, нақты заттардың, айталық, адамның, арбаның, машинаның т. б. Қозғалатын қасиетін талдай отырып, осының бәрін біріктіріп алады. Сөйтіп, бір сөзбен айтқанда «қозғалыс» деген ұғым жасауға болады.

Абстракциялау операциясына қарама -қарсы операцияны нақтылау дейді. Оқу материалын баяндауға қолданылатын негізінен логикалық екі жол бар: индукциялық (жеке фактілерден жалпыға қарай қорытындылар жасауға көшу жолы дедукциялық) (жалпы ережелерден, принциптерден жеке фактілерге көшу жолы) .

Соңғы кездерде ғалым психологтардың (В. В. Давыдов), Д. Б. Эльконин, А. В. Ранков т. б. ұсыныстары бойынша бастауыш мектептердің төменгі кластарынан бастап білім берудің дедукциялық жолы қолданылуда.

Мысалы, І-ІІ класс оқушыларына алгебралық, грамматикалық т. б. ұғымдар таныстырылады.

Кейбір психологтар (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина т. б. ) оқыту процесінде оқушылардың ой әрекетін басқару туралы жаңа пікір айтып жүр. Бұлар ойды тек бейне (образ) деп қарамай, сонымен қатар оны қимыл-әрекет деп те қарайды. Бұл теория бойынша адамның ішкі ой-әрекеті оның практикалық әрекеті арқылы қалыптасады, басқаша айтқанда, ол адамның сыртқы қимыл қозғалысының нәтижесі. Сондықтан оқытқанда білімнің мазмұнын оқушыларға ұғындыру немесе ұғым қалыптастыру үшін, оларға білім алу жолын үйрету керек. Сонымен қатар бұл ғалымдар оқушылар жалпы логикалық және әрбір оқу пәніне тән ой-әрекеттің арнаулы амалдарын қолдана білуге үйренуі керек екенін де айтады.

Бұл теория бойынша, оқушының жаңа білімді (ұғымды) меңгеруі бес кезеңнен (сатыдан) құралған ой-әрекетінің қалыптасу жолына ба йланысты. Ой-әрекетіне көшу сыртқы әрекеттерді меңгеруден басталады.

Бірінші кезеңде -оқушыларға әрекеттің мақсаты, нені және қалай жасау керек екені туралы мағлұмат беріледі.

Екінші кезең материалдық саты деп аталады, өйткені бұл кезде оқушылар нақты материалдық заттармен, яғни модельдер, схемалар сияқты құралдармен тікелей жұмыс істейдіү Оқушы осы екі кезеңдегі әрекеттерді меңгергеннен кейін ғана үшінші сатыға көшеді.

Үшінші кезең сыртқы сөйлеу кезеңі деп аталады. Бұл кезде (материалдық заттар мен құралдар жоқ жағдайда) оқушы өз әрекетін дауыстап сөйлеу немесе жазу арқылы іске асырады. Оқушының әрекеті бірте-бірте қысқартылған және қорытылған сипатқа ие болады.

Төртінші кезең өзіне естіртіп сөйлеу кезеңі арқылы іске асады. Мұнда оның әрекеті әрі қарай қысқару және жалпылау сипатына көшеді.

Бесінші кезең -ойлау кезеңі деп аталады. Бұл кезде оқушы әрекеті сыртқа шықпай іштей сөйлеу арқылы іске асады. Әрекет мейлінше қысқартылған және автоматтанған дәрежеге кетеді.

Білімді бекіту.

Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы зор. Ол үшін өтілген материалды тиісті бөліктерге бөліп, қайталап отыру керек. Мұны күнделікті қайталу дейді. Одан бері өткен материалды белгілі жүйеге келтіру үшін тақырыптық қайталау қолданылады.

Білімді бекіту үшін, оқушыларға өткен материалды есте қалдырудың тиімді тәсілдерін үйрету керек. Мысалы, оқу материалын түгелдей оқып немесе бөлім-бөліммен оқып есте қалдыруға, сол сияқты белгілі мақсатпен есте қалдыруға болады.

Оқу материалдарын бекітуде оны пәннің негізгі, жетекші идеясына қарай қарастырған маңызды. Бекітуді ұйымдастырғанда әртүрлі әртүрлі әдістер мен құралдарды (түрлі жаттығулар, пәндік дидактикалық ойындар, экскурсиялар, көрнекі және техникалық құралдарды) пайдаланған жөн. Сабақты бекіту барысында оқушыларда түрлі икемділік пен дағды қалыптасады. Дағдыны қалыптастыруда педагогикалық дұрыс басшылық ету үшін оның психологиялық дұрыс басшылық ету үшін оның психологиялық ерекшеліктерін білу керек.

Дағдыны қалыптастыру жолы, негізінен, төрт кезеңнен тұрады:

1. танысу (дайындық), 2. талдау (анализ), 3. біріктіру (синтез), 4. автоматтау кезеңдері.

Осыған байланысты мұғалім алдымен дағдының негізгі қимылдарын өзі көрсетеді. Содан кейін дағдыны қалыптастыру үшін танысу, талдау, біріктіру және автоматтау тәсілдерін айырып көрсетіп түсіндіреді. Кейін оқушылардың өздерін дағдыға жаттықтырады.

Білім мен дағдыны практикада қолдану

Білімді толық меңгеру оны практикада қолдануды керек етеді.

Блілім және дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер оқушы білімді практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағандығынан, жете түсінбегенінен болады.

Білімді практикада қолданудың оқу процесінде екі түрі жиі кездеседі. Бірінші -білімді жаңа материалды ұғыну үстінде қолдану, екіншісі-жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану. Бұл кезде оқушы бұрын алған білімін жаңа мәселелерді шешуге байланыстырып, өздігінен әрекет жасай алады.

Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кенінен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.

Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау.

Оқыту процесіндебұл жұмыс өз алдында дербес практикалық буын болып табылады және оқытудың әрбір кезеңінің құрамынан да орын алады.

Оқушылардың білім алудағы жетістіктерін, табыстарын талдап, айтып берудің және оны бағалаудың маңызы зор. Мұғалім мен оқушы үшін мұндай жұмыс, кибернетикалық терминмен айтқанда кері байланыс болып табылады. Мұны мұғалім оқытудың әрбір кезеңінде: жаңа білімді қабылдау, оны ұғыну, бекіту, қолдану кездерінде-іске асырады. Сонымен қатар бұл жұмыс оқыту процесінің белгілі кезеңіндегі (тоқсан және жыл аяғында) дербес буын ретінде де қолданылады.

Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшін тәрбиелік маңызы зор: ол-оқуға деген стимул, мотив функцияларын атқаруы мүмкін.

Оқыту процесінің жоғарыда айтылған жеке буындарының маңызы мен орнын білуімен қатар, олардың бір-бірімен өзара тығыз байланысты болатынын, біртұтас процесс екенін ұмытпау керек. Сондықтан оқушының білім мен дағдыны меңгеру жолын біртұтас процесс деп қараған жөн. Ол-қабылдау, ұғыну, бекіту, қолдану сияқты өзара байланысты элементтерден тұрады.

Оқу және баланың ақыл-ой қабілетінің дамуы.

Оқу-мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың далпы психикалық дамуы-мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілеті оқу процесінде ерекше дамиды. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар. Оқушының ақыл-ой қабілетін қалыптастыру үшін білім мен ойлаудың өзара әсері мен өзара байланыс ерекшеліктерін білген жөн. Білім мен ойлау ақыл-ой тәрбиесінің негізгі шарты мен құралдары деуге болады.

Балалардың ойлау қабілеті олардың оқу әрекеті және мектептегі ғылыми білім беру процесінде қалыптасады. Тәрбиешілер мен ата-аналар балалардың оқуына дұрыс басшылық ету үшін, оқу әрекетінің ерекшеліктерін білуі, оның ойыннан, еңбек әрекетінен айырмашылығы бар екенін есте сақтауы керек.

Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылым ұғымдар мен ғылыми заңдарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағышталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруді олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады.

Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:

  1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалары) ;
  2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы пратикалық және ой тәсіл-амалдары) ;
  3. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы) ;
  4. Бақылау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы.

Осындай күрделі оқу әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Олардың дамуына, ең алдымен, оқыту мазмұнының ерекшеліктері (оқу материалының нақтылық және теориялық сипаты, жеңілдігі мен күрделілігі т. б. ) әсер етеді. Қазіргі мектептерде 1-11 кластардан бастап теориялық бағытта білім беріледі. Осыған орай, оқушыларда теориялық ойлау негізін басынан қалыптастыру мақсаты көзделеді.

Ойлау деген не, бала ойлауының ерекшеліктері қандай? Ойлау-баланың таным әрекетінің ең жоғары формасы. Ойлау -күрделі психикалық процесс. Ойлау арқылы оқушы көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты. Ол-белсенді сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтар қоюдан, оларға жауап іздеуден басталады. Ойлау белгілі міндеттерді: теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды. Олардың ойлауын ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет.

Ойлау процесі өзіне тән логикалық амалдардан: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау т. б. тұрады.

Оқушының оқу әрекетінің жемісті болуы ойлаудың осындай амалдарын қолдана алуына байланысты. Ойлаудың түрлері көп, мысалы: көрнекі-амалдық, көрнекі-практикалық, абстракциялық, диалектикалық т. б.

Қазіргі кезде мектептерімізде оқушыларда теориялық ойлауды қалыптастыруға ерекше көңіл аударып жүр.

Теориялық ойлау-ойлаудың ең маңызды және тиімді түрі. Ғылыми білімдерді меңгеру теориялық ойлауды керек етеді. Ғылымның соңғы жаңа табыстары мен күрделі ұғымдарын түсіну, ең алдымен, ойлаудың осы түріне байланысты. Теориялық ойлау тек ересек адамдарға ғана тән, төменгі класс оқушыларының (7-10 жастағы балалардың) теориялық ойлауға шамасы келмейді, олар тек нақты, практикалық ойлауға ған бейім деген пікір дұрыс емес.

Қазіргі заманғы балалардың психикалық дамуы, ақыл-ой қабілеті ерте жетілгендігін ұмытпау керек. Балалардың ойлау қабілетінің қалыптасуы олардың жасына ғана емес, басқа да шарттарға байланысты болады. Соның ішінде олардың шұғылданатын іс-әрекеті мен қарым-қатынас жасауы ерекше роль атқарады. Мектеп жасындағы балалардың ойлауы, ең алдымен, оқытудың мазмұны мен методикасына байланысты қалыптасады. Бұған дәлел-қазіргі бастауыш кластарда берілетін жаңа, күрделі білім мазмұны оқушыларда теориялық ойлаудың негізін қалыптастырып отырады.

Көрнекті совет психологы Л. С. Выготский айтқандай, оқыту баланың дамуын ілгері қарай жетектеуге, әсіресе оның өздігінен ойлау әрекетінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етуге тиіс.

Оқытудың міндеті-балаларда әлі жоқ, жаңа психикалық қасиеттерді де қалыптастыру. Совет психологтары мен озат педагогтары бұл міндетті іске асырудың тиімді жолдарын зерттеп, ұсынды. Мысалы, қазіргі бастауыш кластарда оқытудың Л. Б. Занков, В. В. Давыдов т. б. ұсынған жаңа жүйесі іске асырылуда.

Қазір жаңа оқу программалары мен оқулықтар бойынша оқушыларға осы заманғы білімдер беріледі. Жаңа программалардың жобасын жасаған кезде әрбір пәннің құрылымын түбірінен өзгертіп, мектепте білім берудің ғылыми-теориялық дәрежесін көтеру керектігі анықталады. Жаңа программаларда әр пәннің оқу материалы ғылымның жетекші идеялары тұрғысынан оқушылардың шамасы келетіндей формада баяндалады.

Қазір мектеп оқулықтарында ғылымның, техника мен мәдениеттің осы күнгі жетістіктері едәуір көрініс тапқан. Оқу материалында ғылыми-теориялық жағынан түсіндіруге, құбылыстардың мәнін, себеп-салдарлық байланыстарын ашуға елеулі көңіл аударылған.

Осы күні мектептерімізде оқушылардың ақыл-ойын дамытуға, ғылымға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға, таным қабілетін, инициативасы мен дербестігінің дамуына едәуір қолайлы жағдайлар жасаған. Бұл жағдайларды нәтижелі пайдалану үшін, мектеп пен семьяның бірлескен қызметі қажет. Мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары мен оқыту әдістерін жетілдіру-оқушылардың дербес жұмыс істеу қабілетінің роі мен мәнін көтеретіндей, творчестволық күштерін кеңінен пайдаланатындай етіп жүргізілуде.

Оқыту принциптері.

Оқыту процесін дұрыс ұйымдастырып басқару үшін негізге алатын жалпы ережелер мен талаптар қажет.

Принцип -латын сөзі негіз, жетекші идея, негізгі ереже, іс-әрекетке қойылатын негізгі талап деген ұғымдарды береді. Оқыту теориясы мен практикасының тарихында тұрақты орын алып келе жатқан дидактикалық принциптер бар. Мысалы, «Баланы жеңіл, қызықты әрі тиянақты оқыту», «түсінікті әрі берік білім беру», «білімді саналы меңгеру», «көрнекілікпен оқыту» т. б.

Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я. А. Коменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудың ең басты принципі (ең басты ережесі) -табиғатқа сай болу принципі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта бекіту сабақтарын өткізудің теориялық негіздері
Ана тілі сабақтарында бекіту кезеңі
Сабақтың типтері және құрылымы
Педагогикалық процестің құрылымы
Жаңа білімді меңгеру типті сабақтың ерекшелігі және оны өткізу
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндерді меңгертудің кәзіргі жағдайы
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары
Педагогикалық үдерістің құрылымдық компаненттері.
Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының тарихы
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz