Компьютер құрылысын оқыту әдістемесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ
АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Математика, физика және информатика кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жаңа ақпараттық технология элементтерін информатика пәнін
оқытуда қолдану
050111 – Информатика мамандығы бойынша
Орындаған:
Жолбарысова А.Б.
Ғылыми жетекшісі:
оқытушы
Утельбаева А.Б.
Арқалық, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. Негізгі бөлім.
1. Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі
1. Информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
2. Информатиканы оқытудың мазмұны
3. Информатиканы оқыту әдістері және жетілдіру жолдары
2. Білім берудегі жаңа технологиялар.
2.1. Информатика сабағында жаңа технологияны пайдалану.
2.2. Білім беруде интерактивті экранды қолдану әдістемесі.
2.3. Білім беруде мультимедия технологиясын қолдану.
3. Жаңа ақпараттық технологияларды информатика сабағында қолдану.
1. Информатика сабағындағы жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының
техникалық базасы
2. Сабақ барысында мультимедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
3. Жаңа ақпараттық технологияны қолдана өткізілетін сабақты ұйымдастыру
жөніндегі ұсыныстар
ІІ. Эксперименттік бөлім.
Жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ
ІІІ. Қорытынды бөлім.
IV. Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея
ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің
бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы
атты жолдауында Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының
бірі деп атап өткен болатын. Қай заманда да өркениеттің дамуы
интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де
солай болып келеді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры
деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі
белгісі – қоғамды ақпараттындыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды
ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі
шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі
өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік
жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп.
Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге
болады. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген
оқыту технологиялары жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда мектептегі информатиканы оқытулың негізгі міндеті —
ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу
барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету, дамыту кұралы
ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету
болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық
технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық
бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай
қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына
да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден
акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай
мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері,
графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык
бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың
сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар
өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды
жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып
отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык
жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ақпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген
сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің
дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына
әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык
мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен
әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс
жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау
мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының
жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі сағат саны жетіспей, оқу құралдары да
тапшы болып отырған осы кезеңде білім беру бағдарламасын толық жүзеге асыру
үшін жаңа оқыту технологияларына негізделген әдістемелік және дидактикалық
материалдар жасап, соларды пайдалана білу керек. Оқушылардың білім алу
процесін жетілдіріп, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық
тәсілдер балаларға терең білім алуға көмектеседі. Қазіргі таңда мектеп
ұстаздары информатика пәнінің сабақтарында компьютердің ұсына алатын
мүмкіндіктерін толық қолдана алмауда. Әсіресе жаңа ақпараттық
технологиялардың ажырамас бөлігі – мультимедия құралдарын өз дәрежесінде
қолдана білсек, ұсынылап отырған материалға оқушылардың зейінін тартып қана
қоймай, сонымен қатар олардың бойында пәнге деген қызығушылықтары мен білім
алуда өздігінен оқуға талпындыру, яғни ізденімпаздық қасиетін қалыптастыра
аламыз.
Әдістемелік нұсқаудың мақсаты қазіргі таңдағы түрлі ақпараттық
технологияларды қолдану арқылы мектептегі информатика сабақтарының сапасын
жақсарту жолдарын қарастыру, сабақтарада мультимедияға негізделген
техникалық оқу құралдарын пайдаланудың тиімділігін көрсету.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: бұл дипломық жобда ұсынылған
қазіргі таңдағы педагогикалық әдістер туралы мәліметтерді инфорамтика
сабағын ұйымдастыруда жаңа ақпарттық технологиялардың бір – мультимедиялық
технологияларды тиімді қолдану жолдары туралы ақпарат алатын мұғалімге
көмекші құрал есебінде пайдалануға болдаы және Информатика пәнін оқыту
әдістемесі курсында стуленттерге пайдалы, әдіснамалық қосымша есебінде
пайдалануға болады.
1. Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі.
1.1. Информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Информатиканы орта білім беру жүйесінде оқытудың мақсаттары:
-оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткізу және оны қолдану
процестері туралы білімдерді меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны
ақпараттық біліммен қаруландыру;
- оқушылардың оқу процесінде компьютерлік техниканы өзіндік даму мен іске
асыру құралы ретінде, сонымен қатар, кәсіптік қызметтерге пайдалану
дағдыларын қалыптастыру;
- оқушылардың логикалық-құрлымдық және алгоритмдік-шығармашылық ойлау
қабілеттерін дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейімділіктерін
қалыптастыру.
Аталған мақсаттардан төмендегі міндеттер анықталады:
- Информатиканы мектепте оқытудың мазмұнын анықтау;
- Информатиканы мектепте оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;
- Информатиканы мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін жасақтау.
Информатика пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес
сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу
жоспарымен, білім бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылды.
Информатика оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте
міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары
мен деңгейлеріне информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын
мазмұнының құрамы мен құрылымы.
Информатика оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ)
–оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді
қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру
құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгеруді және оқушыларды өмірге,
еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның
мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
Информатика оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) –
Информатика оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы
оқыту қамтамасыз ететін оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі
мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт
бойынша анықталады.
Информатика оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы (ҚҚБ) –
мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша
білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының
мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы
курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер:
Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
төмендегідей:
- оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
- оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды
меңгерту;
- оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;
- информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және
ақпарат) бірі болып есптелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың
негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
- қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын
қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника
аймақтарында қарастыру;
- ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында білім,
білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
- оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен
қаруландыру;
- оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру;
Информатика пәнінің зерттеу обьектілері:
- ақпарат;
- ақпараттық ресурстар;
- ақпараттық үрдістер;
- ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
Информатика пәнінің даму болашағы мына көріністерге байланысты:
1.Пәннің жалпы білімдік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап
айтқанда:
- оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлік тәжірибе әдістермен
меңгерту;
- тиімді шешімдерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау қабілетін
дамыту.
2. Информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда,
әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика
және т.б.
Информатика пәнінің даму бағыттары:
- Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу,
табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістерінің өзара қатынасы, сонымен
қатар әр түрлі ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі
заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.
-Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің, микроүрділердің
есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер арқылы ақпараттарды
алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлі ақпараттарды
сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытында
ақпараттық технологиялалардың даму мәселелерін қарастырумен жалғасады.
-Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық
технологиялалардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және
бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық
нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі
мәселелер қарастырылады.
Информатика оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге
асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған:оқыту
процесін мамандармен қамтамасыз ету; оқыту процесін оқу-әдістемелік жағынан
қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.
1.2.Информатиканы оқытудың мазмұны.
Оқушының әлем жайында білімді меңгеруі қабылдау; түсінік, еске сақтау
арқылы жүреді. Ал әлемді, мысалы, адамды қоршаған заттар әлемі, оның
әлеуметтік ортасы, компьютерлік әлем, адамның өзінің ішкі әлемі тәрізді
ақиқаттық арқылы түсінуге болады. Заттар әлемі мен олардың арасындағы
байланысты оқушылар қоғамның ақпаратлық ресурсына кіру арқылы және ЭЕМ-де
модельдеу арқылы таниды. Дәстүрлі әдіс мұғалімнің сөзі мен кітапқа
сүйенеді.
Өзіндік тану компьютермен бейнеленетін және іс-әрекетін ойлау арқылы
жүзеге асырылады.
Іс-әрекет тәсілін жүзеге асыру тәжірбиелері.
Іс-әрекеттің үлгісін көрсету және инструктор жолымен компьютерлік әлемнің
үнемі дамып отыратын жаңалығы мен оқушылардың ізднушілік белсенділігі
арқылы беріледі. ЭЕМ-мен жұмыс істеуде іс-әрекеттің стандартты түріне
барабар оқыту әдісі ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру болап табылдаы.
Дайын бағдарлама мен диологты меңгеруде және перне тақтамен жұмыс істеу
дағдысын қалыптастыру үшін де бұл әдіс қолданылады.
Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері.
Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері проблемалық есептер шығару, таныс
емес бағдарламалық құралдарды меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады. Бұл
жерде мұғалімге тән тәсіл – бір мәнді анықтауды талап ететін есепті қою.
Бағдарламалау мен модельдеу саласындағы шығармашылық тәжірибесі – ашық
бағдарламалау әдісімен берілуі мүмкін. Бұған ұқсас тәжірибелердің көлемі
шағын, ол ақпараттың ғылым саласы екенімен түсіндіріледі.
Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірибесі.
Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірбиесі оқушылардың бір-бірімен
және мұғаліммен қарым-қатынасы процесінде пайда болып, таратылады. Мектеп
тәжірибесінде оқушыларға тікелей әсер ететін бірқатар тәжірибелер
жинақталды.
Информатикаға тән тәрбиелік бағытта жұмыс істейтін оқыту әдісін атау
қиын, бірақ, информатиканы оқыту барысында жүзеге асырылатын жағдайларды
көрсетуге болады. Ол оқушыларға өзінің жұмысын жазуды ұсыну, бағдарламада
қате жібермеуге қойылатын талап, сондай-ақ, эстетикалық құндылығы бар
мәселе – оқушының жауабына сыныптың көңілін аудару болып табылады.
Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері.
Оқытудың өзіндік әдісі: классикалық педогогика өз уақытында сөзбен білім
берудің жеткіліксіз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, Я.А.Коменский
ақпаратты кітаптан, дәрістен жеткіліксіз екенін, заттарды өз бетімен танып,
бақылау арқылы ақпарат алудың маңызды екенін атап көрсеткен.
Көрнекілік әдісі: информатика курсындағы көрнекіліктің әдісі – оқушының
жолдасының немесе мұғалімнің жұмысы бақылау, одан кейін компьютерлік
ортаның жұмысының өзгерісін бақылау. Енді олардың ішіндегі негізгілерін
қарастырайық.
Иллюстрация. Информатика курсында ақпаратның таңбалық табиғатын толық
бейнелеп көрсетуге мумкіндік бар. Мысалы, тақтада сандық немесе текстік
мәндермен жазылғантіктөртбұрышты көрсету. ЭЕМ-мен алғашқы танысу ретінде
қағазға бейнеленген клавиатураны көрсету, ол өзі де көрініп тұр,
бірақ,клавиштардың қызметі сөзбен түсіндіріледі.
Демонстрация. Мұғалім компьютердегі орындалатын іс-әрекеттің үлгісін
үндемей-ақ демонстрациялауға болады. Кез-келген кампилятор қателердің орны
мен жұмысының нәтижесін мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере
алады. Алгоритмнің атқарылу процесі кестесінің көмегімен
демонстрацияланады.
Практикалық (іс-әрекеттік) әдістер.
Құрастырылып отырған жағдайда практика оқушының іс-әрекетіне қатысты
теориямен емес, сөзбен және бақылаумен салыстырылады. Информатика бөлімінің
үш түрі көзі үйлесімді түрде біріктіреді: сөз, бақылау және іс-әрекет.
Мысалы, нұсқауларды оқып, мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ-нің жұмысын бақылай
отырып, оқушылар компютермен практикалық іс-әрекетті орындай
бастайды. Мұнда әдістер бірін-бірі толықтырады.
Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау.
Бақылауды мұғалімнің, жолдасының, компьютердің және өзіндік
бақылау деп тұжырымдауға болады, жалған жауапты оқушы мойындамайды, оны
компьютердің шығарғаны деп есептейді, компьютер оқушының өзінің іс-
әрекетін ұғынуына нәтиженің дұрыс немесе қате екендігі жөнінде
хабарлама береді.
Мұғалімнің дәстүрлі бақылауымен қатар, жолдастарының бақылауының да
маңызы бар. Бақылаушы басқа адамның ойлау жүрісін түсінуді
үйренеді де, өзінің білімін сыртқа шығарып, сөйлеуге
дағдыланады.
Компьютердің бақылауы қатеге көп көңіл аударуды талап етеді,
бақылаудың келесі кезеңі - өзіндік бақылауға көшуге мәжбүр болады.
Бұл бақылаудың күрделі де, ең жоғары түрі болып есептеледі.
Кері байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс
тиімді, бірақ өте жоғары жылдам реакция – мұғалімнің түсініктемесі
- оқушының ойлау жүрісінің ашылуына кедергі жасауы ықтимал. Оқытуды
ұйымдастыруға қатысты бақылауды ауызша және жазбаша деп білуге
болады. Жазба тіл пайдалы, үлкен еңбекті талап етеді. Компьютер
экраныңдағы текст жазба тілдің бір түрі болып есептеледі.
ЭЕМ-дегі жұмыс және ойлау әрекеттері.
Оқушылардың ойлау процесін, қателіктері мен қиындықтарының мәнін
түсіну үшін ЭЕМ-ге байланысты логикалық ақыл-ой әрекеттері қалай
жүзеге асырылатының қарастырайық.
Анализ және синтез. Информатика курсындағы анализ бен синтез
әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың айқын көрінетін тұстары,
есептің қолайлысын талдау анализ, қолдағы бар бағдараламалық немесе
синтаксистік құралдар арқылы олардың шешімін синтездеу. Кейде
анализдің мақсаты қатенің себебін анықтау болуы мүмкін.
Бұдан бағдарламаның орындау процесі қадамдарға бөлінеді, ал
мәліметтердің өзгеру процесі қадамдардың тізбегін өзгертеді. Егер
қатені іздеу бағдарламаны тасымалдау трассировка жолымен ЭЕМ-дегі
диалог түрінде орындалса, онда бұл талдаудың түрі - өрескел талдау,
жіктеу болады.
Салыстыру мен топтау. Бір-біріне жақын командаларды түсіндіруде
салыстырудың үлкен мәні бар. ЭК-де көшіру мен көбейту, МАТ-дегі
үшін және әзір командалары. Бұл ұғымның мағынасын меңгерудің
міндетті кезеңі.
Салыстыру өте тиімді дидактикалық тәсіл. Салыстырудың көмегімен жаңа
ұғымдарды енгізіп бекітуге болады. Алдымен, ұқсастығын, одан кейін
айырмашылығын көрсету қажет.
Жалпылау, индукция және дедукция. Жалпылаудың айқын мысалы – ұқсас
әрекеттердің жеке қайталанулары ұғымынан қайталану командасын көшу бола
алады. Мұны матиматикалық индукция деп түсінбеу қажет, ол толық
индукция.
Аналогия және тасымал. Аналогия дегеніміз - бұл индукцияның
абайланған бір түрі. Талдау үлгісі төмендегідей. В жағдайында F фактісінің
орны бар. В1 жағдайының қандай да бір мағнада В жағдайына ұқсастығы
бар. Олай болса, олардың әрқайсысында F фактісіне орын бар деп
күтуге болады. Енді осы мысалды нақтылайтын болсақ, Е - практикум
жүйесінде SHIFT+DEL командасы жолды өшіретіні белгілі.
Мектептегі информатика және есептегіш техника негіздері курсының
мазмұнын таңдауға бір-бірімен белгілі қарама-қайшылықта болатын екі
негізгі факторлар тобы әсер етеді.
1) Ғылыми және практикалық факторлар. ИЕТН оқу пәнінің мазмұны
информатика ғылымы арқылы анықталуы керек. Бұл пәнді оқыту барысында іргелі
білім деңгейі беріліп, оқушылардың әртүрлі саладағы болашақ кәсіби
қызметіне дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс.
2) Түсініктілік және жалпы білімділік факторлар. Оқу пәнінде қамтылған
материялды меңгеруге оқушының шамасы келетіндей болуы керек, олардың ойлау
қабілетінің деңгейі мен білімі,іскерлігі, дағдыға сай болуы тиіс. Сондай-
ақ, ИЕТН курсы информатика ғылымының сәйкес салаларында жалпы мәні бар
мәліметтерді қамтуы қажет. Қорыта айтқанда, мектептегі информатика курсы
бір жағынан болашақ заманға лайық өмірдің күрделіленген талаптарына жауап
беруі керек, екінші жағынан қарапайым болуы қажет.
Информатика және есептегіш техника курсының қазіргі заман ғылымының үш
іргелі ұғымына негізделеді:
Ақпарат – алгоритм – ЭЕМ.
Оқушылардың меңгңруіне міндетті болатын териялық дайындықтың көлемі
осы ұғымдар жүйесі арқылы анықталады.
Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың
компьютерлік сауаттылығының компоненттерінен құралады. ИЕТН курсының
мазмұнын анықтаудағы тағы бір маңызды мәселе – курсты оқыту реті. Бұл екі
мәселе бір-бірмен тығыз байланысты, сондықтан да олар ғылыми негізде
енгізілуі керек. Мектептегі информатика және ИЕТН мазмұнын, көлемін және
көп жағдайда оқытудың ретін анықтайтын негізгі құжат – ресми түрде
белгіленген оқу бағдарламасы болып табылады.
Ал, оқу бағдарламасы сол курсты оқыту тұжырымдамасының негізгі түйіні.
Енді ИЕТН енгізілгеннен бері жарияланып жатқан тұжырымдамалар мен оқу
бағдарламаларына тоқталайық. Информатиканы оқыту тұжырымдамаларының алғашқы
нұсқалары 1989, 1990, 1991 жылдары жарияланды. Бірақ, олар барлық білімді
ақпараттандыру негізінде құрылған. Бұл еңбектерде информатика пәнін оқыту
мәселесі, оның мазмұны мен мақсаты жекеленіп ашылмаған. Сонымен қатар,
соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерістер болды.
1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта мектепте
оқылатын информатика курсы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты
құрылып, оқу процесіне енгізілді.
Орта мектептің сатылары бойынша информатика курстарын оқытуды екі
кезеңге бөліп қарастырады.
I кезең (7-9 сыныптар) – негізгі курстар деп аталады, ол информатика
пәні бойынша оқушыларды міндетті жалпы біліммен қамтамасыз етуге
бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ЭЕМ-нің
архитектурасы және ақпаратлық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін үйрене
отырып, оқу процесіне компьютерді жан-жақты тиімді пайдалана отырып,
өзіндік танымдық іс-әрекеттерін қалаптастырады. Негізгі курсты оқытуды
басқару ісіндегі ақпараттың мәні, ақпараттық процестердің жалпы
заңдылықтары және жүйелі ақпараттық тәсілдер туралы түсініктер қалыптасады.
Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық,
тармақталған, қайталану), бағдарламалау тілдерімен танысып, оны алгоритм
жазуда және қолданбалыесептерді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері
туралы мағлұматтар алады.
II кезең (10-11 сыныптар) – бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік
бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабілетіне және
қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп, оларға кәсіптік
мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі. Мысалы, оқушы жаратылыстану-
математика бағдары бойынша оқыса, онда бағдарламалау тілі тереңдетіліп
оқытылады. Сонымен қатар, Дербес компьютерді пайдаланушы, Компьютер және
іс-қағаздарын жүргізуші және т.б. курстар енгізілген. Егер базистік
жоспардың өзгермелі бөлігінің есебінен курсты оқыту 136 сағатқа дейін
арттырылса, онда оқушыларға мамандыққа сәйкес куәліктер беру мүмкіндігі
туады.
Жалпы, негізгі мектепте курсты оқытуға 68 сағат бөлінсе, ал 10-11
сыныптарда базистік оқыту жоспарындағы тұрақты (инвариантты) бөліктің
есебінен 68 сағат бөлінген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына
сәйкес информатиканы оқыту стандартына төмендегі мәселелер енгізілген:
- сыныптар бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;
- әрбір сыныптағы оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
- стандарттағы талаптардың орынбалуын бағалау;
- білімді бағалау үлгілері.
Қазақстан Республикасында жасалған информатикадан мемлекеттік білім
беру стандарты Ресейде жасалған А.А.Кузнецовтың тұжырымдамасын негізге
алады.
Қазақстан Республикасының конституциясында: Білім беру – бұл қоғам
мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін
және кәсіби біліділігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен
оқытудың үздіксіз процесі, - деп көрсетілген.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық
қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыру және дамыту үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл білім
беру процесінің үздіксіз болуын талап етеді. Білім беру үздіксіз процесс
болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы қажет.
Жалпы білім беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік
білім беру стандарты осы мәселені көздейді.
Ал, стандарт осы пәнді орта мектепте үздіксіз білім беру тұжырымдамасына
негізделіп жасалынған. Тұжырымдамада білім беру жүйесін демократияландыру
принциптерін жүзеге асыруға бағытталып құралған.
Мұнда оқушы өз бетімен танымдық қызмет жасап, дами алатын субъект болса,
мұғалім осы қызметтің тиімді ұйымдастырылуына, нәтижелі болуына жауап
беретін, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға.
Жалпы информатика курсының мазмұны мынадай екі үлкен дидактикалық
мәселені шешуге бағытталуы керек: 1) Компьютер – оқыту обьектісі; 2)
Компьютер – уневерсал таным құралы.
Оқушы таным субьектісі болған кезде бұл екі мәселе бірін-бірі толықтыра
отырып курстың негізгі мазмұнын құрайды.
Информатика курсының негізгі мектептегі мазмұны мынадай үш кешенді
мәселелердің төңірегінде шоғырланған: біріншісі – компьютерлік техникамен
танысу, оның негізгі элементтері менжалры жұмыс істеу принциптерімен
танысу; екіншісі – алгоритмдеу және програииалау негіздерін оқып үйрену;
үшіншісі – информатиканың қолдану шеберін анықтау.
Мұнда оқыту моделі оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған:
мақсат – мотив – қызмет – рефлекция – теориялық білім өнерімен анықталатын
түрі таңдалынып алынады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан информатиканы оқытудың практикасы
төмендегідей негізгі факторлармен сипатталады.
Біріншіден, информатиканы оқытудың нақты мазмұны мен бұл пән бойынша
оқушылардың дайындығына жеке оқытушылар тарапынан қойылатын талаптардың
деңгейі түрліше болып келеді.
Екіншіден, қазіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғарғы кластарда
ғана емес, төменгі буынға көшіру қажеттілігі анықталып отыр.
Үшіншіден, информатика курсы алғаш оқу жоспарына кіргенде, компьютерлік
сауаттылықты қамтамасыз ету құралы ретінде, оқушыларды информациялық
қоғамда еңбек етуге дайындау үшін енгізілгені белгілі.
Мектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы, бұл курстың жалпы
білім беретін функциясымен, оның оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту сияқты
жалпы мәселелерді шешудегі потенциалдық мүмкіндіктеріне баса көңіл
аударуға, басқа сөзбен айтқанда, компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру
мәселесінен жалпы білім беретін оқу пәніне көшуге байланысты.
Информатика курсын оқыту тәжірибелерін талдау, мектепте информатиканы
оқыту мақсатының жаңа түсінігі – мектептегі оқу процесінде ақпараттық
мәдениетті қалыптастыру мен информатика негіздерін меңгеруді бірнеше
кезеңге бөлу қажеттілігін көрсетеді.
Бірінші кезең (1-6 сыныптар) – пропедевтикалық курс. Бұл кезеңде
оқушылар компьютермен алғаш рет танысады. Математика, орыс тілі және басқа
сабақтарда қарапайым компьютерлік тренажер, оқу ойын программаларын
пайдалану процесінде ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері
қалыптасады.
Екінші кезең (7-9 сыныптар) – оқушыларға информатикадан берілетін
міндетті жалпы білім көлемін қамтамасыз ететін базалық курс. Ол оқушыларға
пайдаланып есептер шығару, алдымен оқу іс-әрекетінде, онан кейін кәсіптік
мамандығына компьютерді саналы да тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыруға
бағытталған. Информатиканы жүйелі оқытудың бастамасын орта буынға көшіру,
яғни мектептегі білі беруді ақпарттандыру жағдайында информатикадан
берілетін білім мен іскерліктің басқа пәндерді оқытуда орта буыннан бастап
кеңінен пайдаланылу қажеттілігі екі негізгі фактормен сипатталады:
1) информатиканы төменгі сыныптардан бастап оқытудың оң нәтиже
беретіндігі;
2) дәл осы жастан информатиканы оқытудың жас өсіпірімдердің дүниеге
ғылыми көзқарасын қалыптастыру мен логикалық ойлауын дамытуда
маңызды ролі бар.
Базалық курстың мазмұны оның жалпы білім беретін мәні бар үш
саспектісімен үйлесетіндігі көрінеді:
1) басқарудағы ақпараттың ролі жайындағы ұғымды қалыптастыру аспектісі;
2) қазіргі уақытта оқушылардың ойлауын барынша дамытуға байланысты
алгоритмдік (программистік) аспект;
3) компьютерлік сауаттылықты қалыптастыруға байланысты ақпараттық
технологияны практикалық іс-әрекетке кеңінен қолдануға дайындықты
қамтамасыз ететін пайдаланушылық аспект.
Үшінші кезең (10-11 сыныптар) – кәсіптік оқыту ретінде информатика
саласы бойынша білім беруді жалғастыру. Бұл атап айтқанда, математика
мамандығына бағытталған сыныптар мен мектептер үшін программалау мен
есептеу математикасы әдістерін тереңдетіп оқыту, ал жаратылыстану
мамандығына бағытталған мектептер үшін –эксперимент мәліметтерін өңдеу,
компьютерді модельдеу үшін қолдануға байланысты информатика курсы, ал ауыл
мектептері үшін – ауыл-шаруашылық өндіріс экономикасын ұйымдастыруға
арналған есептерді шығаруға ақпараттық технологияны қолдану іскерлігін
қалыптастыруға бағытталған курс оқытылады.
Негізгі мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнының
құрылымы төмендегідей:
1. Ақпараттық процестер, ақпараттың берілуі:
- адам өмірінде, тірі табиғатта, техникада ақпаратты пайдалану, алу,
тарату, түрлендіру және сақтау;
- ақпаратты сандық бағалау, ақпарат мөлшерінің бірліктері:
- тіл ақпаратты беру тәсілі ретінде, ақпараттың екілік түрде берілуі және
оның ерекшеліктері мен артықшылықтары;
- компьютердегі командалардың және мәліметтердің берілу принциптері.
2. Алгоритмдеу және программалау.
- алгоритмдер, алгоритмдердің қасиеттері, алгоритмді атқару арқылы адам
қызметін автоматтандырудың мүмкіндіктері:
- шама: атауы және мәні, шамалардың типі, мәліметтердің негізгі құрылымы;
- алгоритмдердің негізгі құрылымы және оны алгоритм құру үшін пайдалану,
алгоритмдер кітапханасы;
- мектептік алгоритмдік тіл (немесе программалау тілі).
3. Компьютер және оны программалық қамтамасыз ету.
-компьютер жұмысын басқаруды ұйымдастыру, компьютердің негізгі құрылымының
жалпы жұмыс істеу принципі;
- компьютерде программаның автоматты түрде атқарылу принципі;
-компьютерді программалық қамтамасыз етудің түрлері (базалық программалық
қамтамасыз ету, трансляторлар, программалау тілдері, инструментарийлер,
қолданбалы программалық қамтамасыз ету).
4. Формальдау және модельдеу негіздері.
- формальдаудың негізгі принциптері;
- компьютерлік модель құру және оны пайдалану.
5. Ақпараттық технологиялар.
-компьютерде есеп шығару кезеңдері: есептің қойылымы, модель құру, алгоритм
жазу және атқару, нәтижелерді талдау;
-мәтіндік, графикалық редакторларды пайдалану, мәліметтер қоры, электрондық
кестелер;
-телекоммуникациялық желілер (жергілікті, аймақтық, аумақты), оның
тағайындалуы мен мүмкіндіктері, электрондық телеконференциялар;
-мультимедиа технологиясы.
Бұл жалпы білім беретін орта мектепте информатика курсы бойынша
берілетін білім мазмұны. Әрбір мәселені оқыту тереңдігі мен деңгейі,
оқушылардың білім, іскерлігі мен дағдысына қойылатын талаптарды анықтау осы
пән бойынша мемлекетік білім беру стандартына сәйкес жасалады. Ал,
материалдың жүйелі баяндалуы, логикасы – мектепте информатиканы оқытудың
әдістемесін жасайтын оқулық авторлары, мұғалім, әдіскер, ғалымдардың жұмысы
болып есептеледі.
1.3. Информатиканы оқыту әдістері және жетілдіру жолдары.
Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің
барлық буындарында білім беру жүйесінің барлық буындарында білім
мен тәрбие беру ісін жаңа сатыға көтеруде, сабақ өту әдіс-
тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика
мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін,
оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді. Ал, бұл мәселенің
дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін
кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын
тереңірек зерттеуді керек етеді. Орта мектептерде информатика курсын оқыту
мәселелері 1950 жылы Жаңісібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов
және оның қызметкерлері бағдарламауды дайындайды. 1970 жылы Мәскеу,
Ленинград, Жаңасібір қалаларында компьютемен жұмыс істейтін мамандарды
дайындайды. 1970 жылдардың соңына қарай микро ЭЕМ-дердің жаппай шығарыла
бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногордский, Ю.А.Первин мектеп
информатика курсы тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы кәсіптік және жалпы
білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгіленеді. 1985
жылы Информатика және есептеуіш техника негіздері пәні бағдарламасы
түзіледі. 1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монохов, А.А.Кузнецов,
Я.Э.Гольц, М.П.Лапчик және т.б алғашқы информатика оқулығы шықты. 1985 жылы
1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жапай информатика негіздерін оқыту,
1985 жылы жаңа оқу жоспары бойынша педогогикалық институттарда информатика
мұғлімін даярлау басталады. 1986 жылы Информатика и оброзование журналы
шығып, 1986 жылы информатика оқулығына байқау жарияланды. 1987 жылы
информатиканы оқыту әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық көреді. Байқау
негізінде информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко, В.Г.Житомирский,
В.А.Койманның басқару авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралы дайындады.
Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жылы А.П.Ершов, В.Н.Моноховтың Информатика және
есеп техника негіздері атты оқулығы бойы жүргізілгендігі белгілі. Ал, 1998
жылдан бері сыныптарға арналған информатика оқулықтары мемлекеттік
стандартты, типтік бағдарлама жазылып оқу процесіне кеңінен енгізілуде.
Енді информатика курсының тақырыпты оқыту әдістемесін қарастырайық.
Кіріспені оқыту әдістемесі. Кіріспе мақсаты пәнеге деген қызығушылықты
қалыптастыру, бекіту; информатиканың жалпы мазмұны таныстыру; компьютер
сыныбындағы жүргізілетін жұмыс ретімен, ережелерімен танысу т.б. Кіріспе
бір рет информатиканың үш құрымдас тізбегі – ақпарат, компьютер, алгоритм
айтылады. Ақпарат түрлері мысалдарымен түсіндіріледі. Ақпраттық үрдісті
түсіндіру үшін де алдымен оларға мысалдар жүргізіліп, келтіріліп, қорытынды
да оның белгілеріне сүйене отырып анықтама беріледі. Айта келетін мән
ақпаратты тұтыну, қолдану бұл да ақпараттық болып табылады. Кіріспе бөлімі
оқушыны компьютер мүмкіндіктері туралы информатика жайлы түсінік береді.
Кіріспеден оқу авторларының концепсиясын көруге болады. Мен, ақпарат,
алгоритм, компьютер ұғымдары беріледі.
Компьютер құрылысын оқыту әдістемесі. Компьютер құрылысы негізгі үш
бөліктен тұрады. Олар жүйелік блок, монитор, пернелік тақта және осылардың
қызметі жөнініде айтылады. Перне тақтаның жазу машинасына ұқсастығын
айтады, мұндағы негізгі айырмашылық қосылады пернелердің бірі қызметінде
деп түсіндіру керек. Алғаш сабақтарда барлық пернелердің қызметін барлығын
айтудың қажеті жоқ, әсіресе белгілі бір бағдарламаға қатысты өзгеріп
отыратын перне қызметі (F1 өйткені олардың қызметі туралы экранның төмен
жағында қысқаша мәлімет беріледі). Диск ұяшықты өткенде, оның дискетті
дұрыс енгізу және оны күтіп ұстау туралы мағлұмат берген жөн. Процессорда
барлық әрекеттер түрленіп орындалады. Компьютердің барлық жұмысын
басқарады. Компьютер құрылысы бөлімі бірнеше деңгейлерді қамтиды. Атап
айтқанда: құралдар құрамы және олардың қызметі, олардың жұмыс істеу
принциптері қарастырылады. Компьютердің ішкі, сыртқы қосымша құрылғылары,
олардың физикалық тұрғыдан алғандағы жұмыс істеу тәртіптері, үрдістері
түгелімен баяндалады. Әсіресе оқушыларды қызықтыратын компьютер қалай жұмыс
істейді? Мәтін қалай жазылады? т.б. сұрақтарға жауап беріледі.
Амалдық жүйені оқыту әдістемесі. Компьютер жұмыс істеуі үшін, алғашқы
бағдарламалар жүйесі амалдық жүйе жіктелуі тиіс. Дербес компьютер үшін
Microsoft фирмасы Disc Operation Sustem MS-DOS операциялық жүйесін жасаған.
Оның атқаратын қызметі: дискідегі каталогтар тізімін шығару Dir,
бағдарламаны көшіру Copy, мәтіндік файлдың мазмұнын оқу, қарап шығу
Туре, бағдарламаны орындауға жүктеу. Дербес компьютердегі опециялық
жүйе файлдар жинағынан тұрады. Амалдық жүйемен жұмыс істеу ең алдымен
Del, Rename нұсқаларының қызметімен танысады. Амалдық жүйелердің
бұйрықтарын оқушылардың компьютерде орындайтын іс-әрекетіне сәйкес
келетіндей етіп, ретімен плакатқа жазып іліп қою керек. Оның реті
бағдарламаны дисктен жүктеу, нәтижені дискетке жазу, жұмысты
аяқтау т.с.с. жазылады. Егер оқушылар амалдық жүйе қызметін
меңгерсе, онда олар мұғалімге аса тәуелді бола қоймайды, өз
бетінше жұмыс істеуге кіріседі. Оқыту әдісі - мұғалім оқушы
компьютерінде түсіндіре отырып, демонстрациялап көрсетеді немесе плакат
арқылы түсіндіреді.
Norton Commander қабық бағдарламасын оқыту әдістемесі. Norton Commander
(NC) көмегі арқылы операциялық жүйемен жеңіл жұмыс істей алады,
өйткені NC-де экран мүмкіндігі толық пайдаланылады, панельде каталогтар мен
файлдар тізімі, мерзімі, өлшемі және т.б. түгелімен экранда беріледі.
Сонымен бірге, қажетті бұйрықтар арнайы пернелерге бекітілген NC-дің
MSDOS-тан айырмашылығы қолдануға өте ыңғайлы етіп жасалған, сондай-ақ
нұсқаларды перне тақтадан теріп отырудың қажеті жоқ, тек арнайы пернені
бассақ, (F1-F10) жеткілікті сондай-ақ грамматикалық қателерді болдырмайды.
Бұл бір жағынан нұсқаларды енгізуде жіберілетін қателерді болдырмайды, әр
уақытта үнемделеді. Оның үстіне ақпарат тізімі (каталог, файлдар) экранда
алфавиттік ретпен беріледі.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды оқыту әдістемесі. Информатика курсының
мақсаты – бағдарламаны пайдалана алатын қолданушыларды дайындау екендігі
белгілі. Қазіргі қолданушылар жұмысын дайындау (амалдық жүйе, мәтіндік
редакторлар, электрондық кестелер, белгілер базасын басқару жүйесімен)
жұмысын істеуден басталады. Бағдарламалық қамтамасыздандыру мен жұмыс істеу
және оны меңгеру күрделілігін, өзара байланысын, оқушылардың дайындығын
ескере келіп, оқыту ретін мынадай тізбек бойынша жүргізу керек: графикалық
редактор - мәтіндік редактар - есептеу жұмыстары - электрондық кесте -
берілгендер базасын басқыру жүйесі. Бұл адамзат тарихының әр түрлі іс-
әрекеттерді меңгерумен сәйкес келеді: сурет салу, оқу, есептеу, басқару.
Windows амалдық жүйесін оқыту әдістемесі. Windows амалдық жүйесін
оқытқанда: бағдарламаны жіктеу, бумалар, файлдармен жұмыс, дискілік,
дискетпен жұмыс және де осы бағдарламаны орнату, қазақша қаріп енгізу және
т.б. көптеген іс-әрекеттер айтылуы тиіс.
Word мәтіндік редакторларын оқыту әдістемесі. Word мәтіндік редакторлары
– мәтін енгізу, оны өңдеуге арналған мектепке үйренуге жеңіл, мәтінді
жоғары сапалы етіп дайындау үшін Word редакторы қолданылады. Word- тың
мүмкіндігі өте көп. Қаріптердің өлшемін әр түрлі етіп өзгерту арқылы
көркемдеуге болады. Жалпы бұл соңғы жаңалықтардың бірі болып саналады.
Тақырыпқа одан бетер қызығушылықты ояту үшін басқа мәтіндік редактарлар мен
және басқа машинасымен салыстарып, бұл редактордың мүмкіндігіне,
ерекшелігіне тоқталу керек. Монитор экрандағы әрбір әріп баспаға дәл сол
күйінде шығады, сол себепті жіберілген қатені алдымен экранда түзетіп алған
жөн. Сонымен мәтіндік редакторда жұмыс істегенде: мәтін енгізу, түзету,
сосын баспаға шығару керек. Бұны оқушы жұмыс үстелінде демонстрациялап
көрсеткен жөн. Нәтиженің нақтылығы қызығушылықты тудырады. Мұғалім
оқушыларға компьютерде мәтін енгізіп, оның қатесін түзетіңдер және
грамматикалық қатені табыңдар деген тапсырма берсе болады. Оқушылар
қателерді түзету барысында меңгіеруге тиісті бұйрықтармен жұмыс істеуге
тура келеді. Әрі мәтінді, қатесіз, дұрыс енгізіуге дағдыланады. Бұл өз
кезегінде оқушылардың грамматикалық сауатты болуына үлкен септігін
тигізеді. Мұғалім алдын-ала ішінде әріптері тасталып кеткен мәтін дайындап,
бос орындауға дұрыс әріптерін қойып шығыңдар десе де болады. Мұғалім
компьютерде мәтін енгізудің жетістіктерін әңгімелеп береді. Сондай-ақ
компьютерде жұмыс істеп көрсетуі тиіс. Оқушылардың нұсқасын жұмыс істеуі,
сұрақтарға жауап беруі, мәтіндік редактордың практикалық қызметін сабақтаса
түседі. Оқушыларды компьютерге екеуден отырғызған жағдайда, оларға міндетті
түрде көшіріп, автоматты түрде жұмыс істеуін кезден бастап-ақ бірден екі
қос саусақтарын пайдалануы керек. Өйтпегенде олар тек бір қолмен, не
саусақпен бір-бірлеп әріп теріп отыруы мүмкін. Әрі олардың қолдары
жаттығып, қай әріп қайда орналасқандығына көздері үйренуі үшін пернелік
жаттығу ойынын берген жөн.
Paint графикалық редакторын оқыту әдістемесі. Paint графикалық редакторы
сурет салуға арналған. Мұның көмегімен әртүрлі бейнелерді, көріністерді
т.б. әсем етіп бейнелеуге болады. Paint редакторы пайдалануға өте жеңіл,
мүмкіндігі өте жоғары. Қажетті сурет салуға арналған құрал-саймандар: түзу,
сызық, дөңгелек, төртбұрыш, өшіргіш, әріп жазуға арналған (құрал-саймандар)
a,B,c пернесі түрлі түстер экранда жұмыс үстелінде орналасқан. Бағдарламаны
қоста істей бер. Paint графикалық редакторында компьютер көмегімен сурет
салуды шектен тыс қолдануға болмайды, өйткені оқушыларды жазба құралдары
сызғыш, циркуль жұмыс істеу дағдыларында қалыптастыруды керек. Paint
графикалық редакторы – графикалық бейне түріндегі суреттер және оларды
өңдеуге арналған арнайы бағыттағы бағдарлама. Оқу мақсатында мыналар
жатады. Оқушылар компьютерде сурет салуға практикалық тұрғыдан дайындық
жұмысын қалыптастьыру; компьютер графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
туралы түсініктерін қалыптастыру. Қандай да бірсала үшін іс-әрекеттерін
алгоритмдеу, сурет салу үшін бұйрықтарын түрлі комбинациясын қолдай білуге
үйрету; ойлау жүйесін тәрбиелеу.
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Информатика курсына кіріспеден курстың іргелі ұғымдары информция,
алгоритм және ЭЕМ талқыланады.
Сабақтың мақсаты: пәнге деген оқушылардың қызығушылығын қалыптастырып,
бекіту; информатика пәннің жалпы мазмұнымен таныстыру; ЭЕМ жөніндегі
оқушылардың ұғымын кеңейтіп, қалыптастыру; компьютер класындағы жұмыс
ретімен және жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
Курстың іргелі ұғымдарын түсіндіруде нақты анықтама беруге ұмтылдыру
қажет, ақпарат ұғымы қарапайым мысалдар арқылы түсіндіріледі.
Сондай-ақ кіріспе сабақта алғаш рет атқарушылармен: адам атқарушыдан
бастап, компьютерлік атқарушыға дейін танысады. Оқушылардың зейінін
атқарушылардың командалар жүйесінің шектеулі болатынына аудару қажет.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және алгоритм ұғымын нақтылай
түсу үшін қызықты есептерді мысал ретінде алған дұрыс, мысалы, ойлаған
санды табу алгоритмі және т.б.
Информатика пәнін оқытудың тиімді әдістерін анықтау
Қазақ мектептерінде информатика пәнін оқытудың сапасын арттыру бағытында
оқушыларға теориялық және практикалық дағды беруде оқытудың тиімді
әдістерін анықтап, пайдалану, білімді ізгілендіру мен демократияландырудың,
саралап оқытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені
шешу осы уақытқа дейінгі жинақталған тәжірбиелерді жан-жақты талдап, соның
негізінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін информатика пәнін оқыту үшін
анықтауды талап етеді.
Информатика пәні 1985 жылдан бастап еңгізілген уақытта мектептер толықтай
компьютермен қамтамасыз етілмегендіктен, пән теориялық түрде жүргізіледі.
Теориялық түрде оқыту барысында А.П.Ершовтың басшылығымен жасалған
информатика мен есептеуіш техника негіздері атты оқу-әдістемелік құралы
пайдаланылды. Бірақ, бұл оқулық пәнді толықтай меңгеруге көмектесетін
теориялық және әдістемелік материялдарымен қамтамасыз етілмегендіктен,
мұғалімдердің шығармашылықпен ізденіп, жұмыс жасауын қажет етті. Мұғалімдер
әрбір тақырыпқа байланысты сабақ жоспарларын жасап, оны көмекші құрал
ретінде пайдаланып отырды.
Соның ішінде, қазақ мектептерінде пәнді оқытуға байланысты көптеген
қиыншылықтар туындады. Атап айтқанда, біріншіден, информатика пәнін беруге
үйрету үшін математика, физика мұғалімдерін білім жетілдіру курстарынан
өткізу қажет болса, екіншіден, оқу-әдістемелік құралдарының өз ана
тілімізде жетіспеуі және т.б. осы аталған қиыншылықтарды болдырмау мен
теориялық түрде курсты оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында тәжірбиелі
мұғалімдер Алгоритмдер кітапханасы әдісін ұсынды. Бұл әдістің тиімділігі
практика жүзінде дәлеледенді және ол курстың негізгі тақырыптарына
(алгоритмдік тіл мен бағдарламалау тілдері) сәйкес пайдаланылады.
Бұл әдісті жүргізудің негізгі мақсаты – оқушыларды өз ойын жүйелеуге,
салыстыра білуге, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Кітапхананы пайдалану арқылы оқушылардың төмендегі көрсетілген
дағдылары дамиды: а) алған білімі еске түсіріледі; ә) теориядан алған
білімі практика жүзінде бекітіледі; б) салыстыру қабілеті дамиды; в)
қабылдау мүмкіндітері нығаяды; г) байқау қабілеті артады; е) сипаттап жазу
мен жалпылай білу дағдылары қалыптасады.
Әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделеді де, әр
түрлі жұмыстар жүргізу жүйелері арқылы жүзеге асады. Осы процесте
төмендегідей оқу дағдылары қалыптасады: объектілерді талдау; талданған
объектілерді түсіндіру; объектілерді дәлелдеу; объектілердің өзіндік
белгілерін санап көрсету; әр түрлі типтегі есептерге бағдарламаны құрып,
оны оқушылардың өзіндік талдауы. Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы
мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады.
Соның нәтижесінде информатиканы оқыту әдістерді жүйеленіп берілсе, білім
берудің сапасы артады.
Информатика пәнінен білім беру әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп
көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін
білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі
артады, үшіншіден, компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің
атқаратын қызметі жеңілдейді. Әрине, оқыту әдістерін таңдап қолдану оны
өтілетін материялға байланысты сұрыптап алу ең қиын мәселелердің бірі.
Сондықтан оқушыларға берілетін білімнің көлемін сұрыптап алу оқыту
әдістерінің іске асырылуын жеңілдетеді. Оқыту әдістерін іске асыруда оларды
топтастыру мен жіктеу қажетті мәселелрдің бірі болып табылады.
М.Н.Скатин, И.Я.Лернер оқушының танымдық іс-әрекетінің ерекшелігіне
байланысты оқыту әдістерін 5 түрге бөледі: а) иллюстративтік түсіндіру; ә)
репродуктивтік; б) прблемалық; в) дербес ізденіс яғни оқушының қосымша
материялдармен жұмысы мен басқа пәндер бойынша жазылған сценарийге
байланысты құрған бағдарламалары: г) бақылау, яғни мұғалімнің оқушыларды
компьютер арқылы білімдерін тест көмегімен бақылау және оқыту әдісіне
байланысты таңдап алынған әдіс-тәсілдері және т.б.
Ю.Б.Бабанский жоғарыдағы аталған әдістерді ескере отырып, төмендегідей
топтарға бөлуді ұсынды:
а) оқу-тәрбие процесін оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыра алатындай
дәрежеде ұйымдастыру әдісі;
ә) оқытуда оқушыларды ынталандыру мен мадақтау әдісі;
б) оқытудың тиімділігін анықтауда оқушылардың өзіндік бақылауы мен
бақылау әдісі.
Информатика пәнін басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік сипаттамалық
ерекшеліктері төмендегідей:
1. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығының негізі болып оқушыларды өзіндік
дамыту бағытында қалыптастыру;
2. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға негіздеп, информатика
пәнінің оқыту әдістерін жүйелеу;
3. Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстырып оқыту арқылы оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыру.
Ғалымдардың айтқан пікірлері мен информатика пәнінің өзіндік сипаттамалық
ерекшеліктеріне сүйене отырып, пәнді оқытудың тиімділігін арттыруда оқыту
әдістерін мынадай топтарға бөлуге болады:
-проблемалық;
-имитациялық модельдеу әдісі (процестерді басқару, зерттеу әдісі);
-графикалық операторлар арқылы бағдарламалау тілін үйрету әдісі.
Проблемалық жағдайды компьютерді оқыту процесіне найдалану барысында іске
асырудың бірден-бір жолы – бұл оқушының білім алуға деген ынтасын, танымдық
қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті, өз бетінше ізденуді арттыру
болып табылады. Аталған мәселерді жүзеге асырудың тиімді әдістерінің бірі -
оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Оқушының өзіндік жұмыс істеуі -
олардың сабақ кезінде бағдарламаны жазуы, оны компьютерде орындауы арқылы
іске асырады. Бұл әрекеттерге оқушының қызығушылығын ояту үшін ойын
элементтерін пайдаланып, түрлендіру қажет. Мұндай ойын элементтерін
пайдаланып, дәстүрлі емес сабақ формаларын: Не? Қайда? Қашан?, Білім
аукционы, Пресс-конференция, XIX ғасыр көшбасшысы және т.б.
интелуалдық ойындар ұйымдастыру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы
мен белсенділігін арттыруға болады. Аталған әдістердің элементтерін сабаққа
енгізуде оқушының танымдық белсенділігін арттырып, зейінін сабаққа
аудартады. Жалпы берілген есептің алгоритмін құрып, оны белгілі бір
бағдарламалау тілінде жазып, компьютерде орындау өзіндік бағдарлау,
орындау, түзету, бақылау дағдыларын қалыптастырады. Өтілген Паскаль
бағдарламалау тілінің операторлары арқылы әр түрлі вариантта бағдарламаны
жазу олардың жалықпай орындай беруне себепші болады. Компьютерге отырмас
бұрын, мұғалім оқушыларды алдымен, тақтаға бағдарламалауды жазғызып,
қатемен жұмыс жасауға үйретеді. Әр түрлі вариантта жазылған
бағдарламалардың ішінен тиімді вариантын таңдап алу әрекеттерін орындатады.
Бұндай әрекеттерді оқушыға орындатып отырғандығы мұғалімнің негізгі
мақсаты, біріншіден, оқушының денсаулығын сақтауға зейін аудару; екіншіден,
оқушыға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz