Жазбаша сөз сөйлеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 109 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . . 2-4бет

I. Адамның сөйлеу әрекеті жайлы теориялық мәселелер

1. Сөйлеу туралы жалпы ұғым . . . 5-11бет

2. Сөйлеудің түрлері . . . 11-23бет

3. Адамның сөйлеу қасиеті . . . 23-26бет

II Сөйлеудегі тіл кемістіктері . . . 26-35бет

2. 1 Сөйлеу тілінің даму деңгейі . . . 35-39бет

2. 2 Тіл кемістіктері, бала тілінің тежелу себептері . . . 39-42бет

2. 3 Сөйлеудің анатомиялық психофизиологиялық механизмі . . . 42-49бет

2. 4 Олигофренияның бесінші түрі . . . 49-55бет

2. 5 Афазия . . . 56-63бет

III Сөйлеудің тежелуін түзету жұмыстары . . . 63-69бет

3. 1 Жазу мен оқудағы кемістіктерді түзету жұмысының басты бағыттары . . . 70-73бет

3. 2 Тілінде кемістігі бар балаларды комплексті тексеру . . . 73-78бет

3. 3 Сөздік қорды дамытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері . . . 78-82бет

3. 4 Тіл кемістіктерін түзетуге арналған жаттығу тәсілдері . . . 82-бет

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан азаматтары: « . . . оқуға, демалуға, денсаулығын сақтауға, т. б. жақсы жағдайларды толық пайдалануға және иеленуге құқылы»- деп жазылған. ( 1тармақ 29бап, 30бап, 4тармақ 134бет) Еліміздің егемендігін толық сақтап тұру үшін, оны дамытып, алға жылжуымыз үшін болашағымыз - бала тәрбиесіне баса назар аудару қажеттілігін ел басы Н. Ә. Назарбаев та өзінің халқына жолдаған жолдауында атап кеткен болатын. Ендеше, ұрпағымыз ұлықты, қызымыз қылықты бойжеткен болу үшін, денсаулық мәселесі баса назарда болмақ.

Тілдің дамуы - бүкіл онтогенез барысында баланың денсаулығы мен ақыл- есінің дамуымен қатар жүреді және оның жалпы өсіп- дамуының көрсеткіші болып табылады. Сөйлей білу- туа біткен қасиет емес.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі - қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытуды жетілдіру, жақсарту. Оның бағдары - «дүниеге жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылықпен ойлауға дағдыланған, мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру» (Студенттер тілін дамыту әдістемесі. Монография. -Алматы: Інжу-Маржан, 2008, 190 б. ) шебер сөйлейтін, шешен мамандарды дайындау.

Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен қатар психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Күрделі тіл мүкістері немесе тұтықпалықты кемістіктер мектепте баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне себебін тигізсе, өскенде мамандық тандауына да әсер етіп, қиындық туғызады.

Қазіргі таңдағы экологиялық, медициналық, әлеуметтік, т. б. мәселелермен қоса, өз бойымыздан кеткен келеңсіздіктердің арқасында елімізде кеміс балалардың тууы көбейіп тұр. Осыдан кемтар баланың өмірге келіп, ұрпағымызды қиналтар қиын жағдайларды болдырмау және оларды тәрбиелеп өсірудің маңыздылығынан диплом жұмысымыздың тақырыбының өзектілігі туындайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Өмірде кездесетін жағдайларға сәйкес сөйлеудің тежелуіне сәйкес тіл мүкістігі, тұтықпасы бар бала тәрбиесіне тиімді білім беру мен тәрбиелеу жолдарын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

-тақырыпқа сәйкес әдебиеттерге шолу жасау;

-осы тақырыпқа жазылған ғылыми еңбектерге анализ жасап, талдау жасау;

-зерттеудің ғылыми-әдістемелік жағын айқындау;

-жұмыстың болжамын тәжірибе жүзінде дәлелдеп, көру;

-жинақталған теориялық және тәжірибелік материалдарды қорыту, салыстыру.

Диплом жұмысымның зерттеу пәні: тіл кемістігі

Зерттеу объектісі: сөйлеу кемістігі бар балалардың тәрбиесі мен білім беру жолдары.

Зерттеу жұмысына қойған болжамымыз: тіл кемістігі бар бала тәрбиесін жақсартуға сәйкес тиімді әдіс тәсілдерді жинақтап, айқындасақ, келешек ұрпағымыздың тәрбиесіне аз да болса үлес қосып, бала жанын жадыратып, болашақ Қазақстан азаматтарының жақсы, дені сау адам болуының маңыздылығын арттыра түсер едік.

Жұмысымыздың практикалық базасы: Арқалық қалалақ №4 профилді мектеп, Арқалық қалалық түзету мектеп.

Дипломдық жұмысының практикалық және ғылыми маңыздылығы : зерттеу еңбегі психолог-педагог студенттермен, тәрбие мекемелерінің қызметкерлеріне әдістемелік құрал бола алатындығында.

Жұмысты жазу үш кезеңнен тұрды: тақырып белгілеп, материал жинақтадық; теориялық материалдарды салыстырып, болжамын құрып, зерделедік; іс-тәжірибе арқылы теориялық мәтіндердің тәжірибелік жағын айқындадық. Зерттеу жұмысына: анализ, синтез, абстракциялау, тест, сауалнама, бақылау т. б. әдістерді пайдаландық.

Дипломдық жұмысқа теориялық негіз болған: ҚР «Білім»(2007) Заңы, ҚР Конституциясы, Сабет БАП-БАБА ның, Қ. Жарықпаевтің, Н. С. Сайлауова, К. С. Жұмасова, Ә. Алдамұратова т. б. ғалымдардың психология, тіл кемістігі, оны түзету жолдары туралы мәліметтер мен ғылыми-әдістемелік еңбектері.

Зерттеу жұмысы республикалық ғылыми практикалық конференцияда («») және тәжірибе кезінде әдістемелік жұмыстарда баяндама жасау негізінде апробациядан- талқылау сынынан өтіп, негізделді.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қортынды мен әдебиеттер тізімінен және қосымша тәжірибелік материалдардан тұрады.

I. Адамның сөйлеу әрекеті жайлы теориялық мәселелер

1. 1. Сөйлеу туралы жалпы ұғым

Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлтың, тілді грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.

Адам баласының сана сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.

Адам баласының сана -сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтежесінде адам организімі анатомиялық озгерістерге түсіп, артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалады. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болады. Сөйлеу-адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеумен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы -қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл-адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әректпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтежесі.

Тіл, сөйлеу-ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды роль атқарады. Сөз ойлау да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғалымны Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі -тіл, тілдің көркі сөз»-деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелердің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтежесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызымет атқаруы, оның негізгі қызметі болды. Тіл сондай-ақ адам сана сезімінің, оның псхологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл- әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызыметі.

Тілдің-бұл екі қызыметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, не бірі екіншісін демеп, кейде қарама -қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «Мұғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мұғалім келдіме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжүбір етеді.

Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағаналық мағаналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осы кездегі сөздерді көбінесе жеке, нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің нгізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі заңдылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды . Сөйлеу -пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінісуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызымет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі- сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М. Жүмабаев) .

Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір- бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакця тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілдік интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.

Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызыметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі, оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзді мазмұн болмаса ол өзіндік сөздік мәнән жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біріуге жеткізілетін ойдың айқындығы . Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.

Сөздің мәнерлілігі дегеніміз- адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғыни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы . Халық жақсы сөйлейтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А. С. Макаренко бұл жөнінде: «Балалар сіздің сөзіңізден еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек», -деді. Сөйлеу әрекетінің тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т. б) дұрыс қызымет етуін қажет етеді.

Сөлеу әрекеті үлкен ми сынарларының анализдік, синтездик ұызметинин нәтижесі. Бұл, біріншіден, сөлеу оргондарындағы қозғалыстарды, жазылған өріптердіңтүрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден, сөздік сигналдардың бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді. Физалогиялық тұрғыдан сөздін мәнән И. П. Повлов былай түсіндіреді: « Егер айналадағы дүниеден алынатын біздін түсініктеріміз бен елестеріміз шындықтын бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер екінші сигналдар- сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғарғы ойлауды құрайды ».

Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөлей алуын басқарып тұратын нерв орталығы бар, ал сөз қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т. б. ) бірлескен қызметін қажет етеді» дейді. Неміс ғалымы Бернике басқа біреудің сөзін есту мидың сол жақ сыңарындағы самай бөлігінің арт жағына орналасқан нерв орталығының қызметіне байланыстылығын айтады

Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуіне мидың есту, көру, сипау, сипап-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының төбе, самай желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мұның үш түрі бар. Бірінде сөлеу органдары толық сақталғанымен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығуы қиынға соғады. Афазияның екінші түрінде адам өзісөйлей алғанымен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырының тығындалуы, жарақаттанып, қабынуы, ісу т. б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін логопед-дәрігерлер жасап отырады.

Сөздік сигналдарды дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстын қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жұмысы әлі дұрыс жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, түсіну әлі мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөзді жалпылай алу- адам ойлауы мен сөйлеудің ең басты ерекшілігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан киін біртіндеп ие болып отырады.

«Сөйлеу», »тіл», «қарым-қатыныс» ұғымдарының мән-мағынасын жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стенографиялық жазу, эсперонто т. б. ) арқылыда бір-біріне ақпарат (мағлқмат) бере алады. Халқымыз «ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жылаусыраудың да қарым- қатынастық қызымет атқарытыны белгілі. Сөйлеу- қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, құрбы-құрдастарымен пікірлескенде кісі басқа формада сөйлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, әзіл-қалжың, эмоциялы, интеллект (ақыл-парасат) түрінде көрініп отырады. «Қарым- қатынас», «сөйлеу» ұғымдарының мән- мәнісін негізінен психология ғылымы қарастырады.

«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда жие қолданады. Тіл- жеке адамның еңшісі ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырылды. Ал «сөз», сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді. Психология тіпті есі кіресілі- шығысылы адамдардың да сөйлеу ерекшеліктерін зеріттеумен айналысады. Басқа ғылымдар сөйлеудің осы жақтарын қарастырып жатпайды, олар тіл ұғымын адамзат қоғамына ортақ құбылыс ретінде әр қырынан сөз етеді.

Сөйлесу- табиғи, яғни, пікір алысуға байланысты қажеттілік. Бұл қажеттілік адамның өз қажеттіліктері сияқты оның өмірінде ерекше маңызды орын алады. Бұл жәйттің мәнін түсіну үшін мынадай аңыз әңгімеден үзінді келтірейік. «Серб патшасының құлағы есектің құлағындай үлкен болыпты. Патша өз бойындағы мінінен қатты ұялса керек. Ол сақал шашын өзі қырынып жаттықпағандықтан шаштаразды үйіне шақырады екен. Бір жағы бойындағы мінін шаштаразы жұртқа айтып қояды деп те қатты қауіптенсе керек. Сақал- шашын қырыққан шаштараздардың бәрін өлтіруге бұйырып отырыпты. Шаһарында ешбір шаштараз қалмаған. Патшаға уәзірлері бір жас баланы жібереді. Патша сақал- мұртын алдырып болған соң, баланы аяйды да оған: «егер сен ешкіммен сөйлеспеймін және ешкімге де айтпаймын деп уәде берсең, мен сені өлтірмеуге жарлық етемін», - дейді. Бала бұл талапқа көнеді. Арада быраз уақыт өтеді. Бала ешкіммен сөйлеспегендіктен, күрт өзгереді; жүдеп жадайды, өңі бозарып, іші пысады. Бұл мысал адам үшін тілдесіп сөйлесу өте өажет екеніндігін көрсетеді. Баланың жүдеп- жадау себін түсінген туыстары: «Сен патшаға өзге адамдармен сөйлеспеймін деп уәде бердің, сол уәдеңде тұра бер. Алайда, сен қатты жүдеп кеттің, сондықтан қолыңа күрек ал да, елден аулақ далаға бар, шұңқыр қаз, сөйтіп қазған шұңқырға аунап жатып, сырыңды жерге айт», -дейді. Бұл кеңеске бала келіседі. Ол жерге аунап жатып: «Серб патшаның құлағы есектің құлағындай екен», - деп жеті рет айқайлайды. Сонан соң ол бойындағы дертінен айығады.

Осы келтірілген аңыз әңгімедегі оқиғаның мәні тіл десіп, қатынас жасау қажеттілігінің адам өмірінде аса зор маңызды болатындығын дәйіктейді.

Тіл мен сөйлеу бір емес. Адам сөйлегенде тілді пайдаланады. Тіл деген көзге көрінбейтін, әр адамның басында қалыптасқан қатынас жасау мөлшері. Ал сөйлеу сол қатынас мөлшерін жүзеге асырушы адамның әрекеті. Бұл анықтаманың мәнән жете түсіну үшін Фердинанд де Соссюрдың тіл мен сөйлеудің айырмашылығын шахматпен салыстырып көрсеткен мысалын қарастырып көрейік.

Шахматтың бір бетінде сан мен он алты фегура бар. Фегуралар тіл лексикасымен ұқсас, ал фегуралар жүрісі сол тілдің грамматикасы сияқты дейді. Фердинанд, - мысалы, ат «Г» әріпімен жүрсе, тура тікелей, офицер- қиғаш жолмен жүреді, т. б. Фегуралардың жеке- жеке түрлері сөздерге ұқсас келсе, ал фегуралардың жүретін ережелері тілдің грамматикасына дәл келеді. Ал « тіл» деген ұғымға лексика мен граматика да жатады.

Шахматшы белгілі ережелерге орай жүреді. Шахматшының фегураларды жүргізуі адамды сөйлеу әрекетіне ұқсас келеді. Өйткені шахмат фегураларын жүру мен тілдесіп сөйлесу де әр қилы әрекеттермен қимыл- қозғалыстар жасалады ғой.

Қорытып айтқанда, тілдің лексикасы мен грамматикасы шахмат фегураларының жүріс ережесі сияқты болса, жүру адамның сөйлеу әрекетіне үқсас.

Тілді пайдалана отырып, өзгелер мен қатынас жасау, яғни әркімнің сөйлеуі- көліктің қызыметі сияқты. Адам басын- станция, ойды- жолаушы десек, онда осылардың өзара байланысын былайша түсінуге болады. Тіл- (көлік) ойды (жолаушы) мінгізіп, бір станциядан екінші станцияға тасиды. Осыны негіздеп адамдар арасындағы қатынас механизімін түсінуге болады.

Соның нәтежесінде бір адамның ойы өзгелерге беріліп, ол қоғамдағы көпшіліктің меншігіне айналды.

2. Сөйлеудің түрлері

Адамның сөйлеу әрекеті түрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Біріншіден, сөйлеу күрделігіне, өзінің психикалық және физиологиялық механизміне орай, көпшіліктің бірге қосылып айтатын сөзі- хормен сөйлеу және қарапайым түрде қайталау болып отыратын- жаңғырық сөзі болып бөлінеді. Осы негізде сөздер атаушы сөздер мен коммуникативті сөйлеу болып та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы түрде мақсат- міндеттерді көздейтін түрі бағдарлы сөйлеу делінеді. Бұл орайда, сөздер үнемі бағдарлы түрде айтылатын белсенді сөйлеу мен сөйлеудің өұрылысын талап ететін реактивті сөйлеу болып жіктеледі. Сондай- ақ, сөйлеудің тағы бір түрі қосалқы сөз деп аталады. Сөйлеудің қосалқы түрі сөйлеудің қалыпты құрылысын қатаң талап етпеседе, өздігінен сөйлеу түрі болып саналады. Қосалқы сөйлеуге, мәселен, жазба мәтіндерді оқу жатады. Сөйлеу әрекетін топтастырып ажыратуда ерекше маңызы бар жайт- сөйлеудің еркін болуы. Бұл сөйлеуді топтастырып бөлудегі үшінші негіз болып саналады. Ал төртінші негіз бойынша сөйлеу сыртқы және ішкі белгілеріне орай жіктеледі. Осы негізге сүйене отырып, сөйлеуді сыртқы сөз - дауыстап естіртіп сөйлеу және іштей сөйлеу (үнсіз сөйлеу) деп екі топқа бөлеміз.

Сөйлеудің адамдар әрекетінде жетекші қызымет атқаратын түрі- коммуникативті сөйлеу . Ол күнделікті қарым- қатынас барысында кеңінен қолданады. Сөйлеудің бұл түрі: а) монологтық сөйлеу (дара сдамның сөйлеуі), ә) диалогтық сөйлеу (екі не бірнеше адамның сөйлесуі, әңгімелесу), б) үнсіз (іштей) сөйлеу, в) жазба сөз болып төрт топқа бөлінеді. Сөйлеудің бұл салаларының әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Психологияда сөйлеудің сыртқы және ішкі деп екі келеді. Сыртқы сөйлеудің құрамына ауызша сөйлеу ( диалогты және монологты ) және жазбаша сөйлеу кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазбаша тілге баулу икемділіктері мен дағдыны дамытудың теориялық негіздері
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кіші мектеп жасындағы ақыл есі кем оқушылардың жазбаша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Ауызша және жазбаша сөйлеуге үйрету
Сөйлеудің ұғымы мен мәні
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары
Жазбаша сөйлеу тілі бұзылысының этиологиясы
Оқушылардың қазақша тілін дамыту
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz