Мінез құрылымы


Мінездің маңызы
Мінез - адам өмірін бейнелей отырып, сонымен бірге өмір салтына ықпал жасайды. Табанды, кажырлы қайратты кісі қандай кедергіні болса да жеңіп өзінің көздеген мақсатына жете алады, осы жолда өз еңбегін, тұрмысын тиімді етіп ұйымдастырады, барлық мүмкіндіктерді жете пайдаланады. Осындай мінезді адам қоғамға аса пайдалы болады, өйткені ол алда тұрған қоғамдық міндеттерді шешуде белсенділік қабілет керсетеді.
Мінез адамның жеке өзі үшін ғана емес қоғам үшін де қажет, Ұжымдық өмір мен ондағы тіршілік әсіресе, жұмыстағы әр адамның көңіл-күйі осы адамдардың мінез бітімімен де сабақтасып жатады. Кейде мінезі ауыр бір адам бүкіл ендіріс ұжымына қырсығын тигізетін кездері болады. Осындай адамның әлегінен ұжымда, тартыс, қайшылықтар туады, өсек өріс алады, бұл қалған адамдардың жүмысына, көңіл-күйіне жаман әсер етеді. Мұндай жағдайлар отбасында да кездеседі. Керісінше, ақ көңіл, жайдары адамдар айналасындағылармен сыпайы, жолдастық қарым-қатынаста болады, жұртпен оңай шүйіркелеседі, жұмыста да, түрмыста да бір-біріне ілтипатпен қарап, әр адамның қызметі мен демалысына қолайлы жағдай туады.
Мінез құрылымы
Мінез адам қасиеттерінің тұтас жүйесі. Мінез - бір-бірімен белгілі қатынас байланысы бар жеке адам қасиеттерінің жүйесі, тұтас құрылым болып табылады.
И. П. Павлов гештальт-психологтарды қатты сынға ала отырып, мінездің тұтас кұрылым екендігіне ешкім күмән келтірмейді, ал бұл жүйені бөлшектеуге ешкім де кедергі жасамайды деген еді. Ол тұтас жүйедегі жекеленген бөліктердің әр түрлі мағынасы бар: біреулері алға шықса, екіншілері бүркемеленеді, үшіншілері кейінге шегіншектеп тұрады деп көрсетті. "Егер сіз жекеленген бітістерді түгелдей оқшау деп түсінсеңіз, онда сіз адам мінезін тани алмайсыз, сондықтан бітістердің жүйесін алып, осы жүйені талдай көру қажет, бұлардың қайсысы ең алдымен көзге түседі, қайсысы еміс-еміс көрінеді, таптырмай қояды т. б. "
Адамның мінезін, оның құрылысын немесе кұрылымын анықтау дегеніміз - мінездің негізгі компоненттерін, не қасиеттерін ажырату және күрделі қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз. Жеке адамның өмір жағдайымен өзара әрекеті сәулелендіретін психикалық тұрпат, қасиеттерінің түтас жүйесі ретінде мінез ықпал әсерімен нығайып, адамның нақтылы жағдайдағы мінез-құлқын сипаттайтын жүйенің негізгі буындарын немесе динамикалық стереотиптерді әр кезде анықтауға болады.
Мінез динамикасы сыртқы шындық динамикасына тәуелді болады, оның түрліше бітістері тек бұрынғы тәжірибеге ғана тәуелді болмай, адамның қазіргі кездегі жағдайларына, оған қойылатын талап
- тілектерге тәуелді болып отырады. Сондықтан мінездің қүрылысын жан-жақты зерттеп және жалпыламай, өмірдің сан саласындағы мінез-құлық көріністерін жекелеп талдап, оларды тәрбие мен қалыпқа түскен өмір жағдайларына орай үнемі даму тұрғысынан қарастырып отыру қажет.
Біз қалыптасқан мінез құрылымынан, ең алдымен, оның екі жағын - мазмұны мен түрін ерекшелеуіміз керек. Бұл екеуі бір-бірінен бөлектенбейтін, органикалық бірліктегі құбылыс болып табылады.
Жеке адамның мінез құрылымын талдағанда оның объективтік шындыққа жетекші жағы ретінде алға қойылуы тиіс. Қоғамдық әсерлер мен ықпалды бейнелейтін мінез мазмуны жеке адамның өмір бағытын, яғни оның материалдық және рухани қажеттерін, мүддесін, мұраттары мен әлеуметтік бағдарын құрайды. Жеке адамның бағыты
- мақсатты, адамның өмірлік жоспарын оның белсенділік деңгейін анықтайды. Мінез мазмұны белгілі бір өзіндік дара қатардан байқалады, ол адамның талғампаздық белсенділігін керсетеді.
Сыртқы ортаның талабына сәйкес тәрбие әсерлеріне, өмір жағдайларына байланысты мінез мазмұнында бірінші не екінші компоненттің алға шығатындығын есте тұту қажет. Мәселен, бір адам материалдық қажеттілікті өз жеке басының бақуат болуын қамтамасыз етуге ұмтылуды алға қойып, қалған мотивтерді кейінге ысырады, енді біреу керісінше, эстетикалық қажеттілікті алға шығарып, өз тірлігін өнерге бағыштайды, үшінші біреуді ғылыми ізденістер қызықтырады да соған беріледі.
Жеке адамның әр түрлі бағыты оның жеке ұмтылыс, талаптарын ғана емес бұкіл қатынастарының жүйесін белгілегендіктен сол адамның барлық мінез-құлқына сәуле түсіреді. Бірақ аталмыш жүйеде әр кез қандай болмасын бір бітіс үстемдік етеді де, ол сол адамның мінезіне өзіндік рең береді.
Кеңес адамдарының жеке басының қажеттілігімен мүдделері қоғамдық мұқтаждықтарымен тығыз байланысты, сондықтан олар мақсатқа жету жолында адамды жан-жақты дамытуға жағдай туғызатын барлық адамның сан алуан қажеттерін қамтамасыз ететін қоғамдық өндіріс, ғылым мен мәдениеттің дамуына қамқорлық жасаиды. жымшыл адамның мінезі осындай бағыт -бағдармен ерекшеленеді.
Мінездің әр түрінде темперамент пен мінез-құлықтың эмоциялық-еріктік өзгешеліктері бекіп нығайған қатынастары көрініп отырады. Адамдар бір-бірінен мінез-құлық әдет өзгешеліктерімен ерекшеленеді.
Қоршаған орта мен тәрбиенің мінез ерекшеліктеріне тигізетін әсері
Мінездің қүрылымы, жеке адамның қылығы тек қазіргі жағдайларға тіршілік пен іс-әрекеттің ықпалына тәуелді болып қана қоймай, сондай-ақ оның мінезін айқындауға себепші болған барлық өткен өмір жолына, бұрынғы алған әсерлерге де тәуелді болып келеді. Сондықтан да мінезді зерттеуде жеке адамның тек қазіргі өмір жағдайларын ғана қарастырмай, оның қалыптасуына әсер еткен барлық күрделі және сан алуан әсерлерді білуіміз қажет.
Түрлі жағдайларда адамға өткенде және не қазірде қойылатын талап-тілектерге орай, ол бірде - табанды, екінші жағдайда -табансыздық көрсетуіміз мүмкін. Мәселен, мектеп оқушыларының мінез-құлқына байқау жүргізілгенде олардың кейбірінің жақсы оқитындығы, сабақтағы табыстарын мақтаныш ететіндігі, бірақ ұйымдағы қоғамдық жұмысқа селқос қарайтындығы байқалған, оқушылардың енді біреулерінің қоғам жұмысына қызу қатысатындығы, алған тапсырмаларын бар ықыласымен орындап, үлкен құштарлық көрсететіндігі, сабақ оқуға салқын қарайтыны аңғарылған. Сабақты жақсы оқитын, қоғам жұмыстарына да белсене қатысатын, ұжымда өздерін жақсы ұстайтын кейбір оқушылар үйде ата-аналарына жәрдемдеспей, туыстарына дөрекі мінез көрсетіп, олардыңың ақыл-кеңестеріне құлақ аспайтын болып шыққан. Осыған ұқсас мінез-құлық көріністерін ересек адамдардан да кездестіруге болады.
Кейбір адамдардың мінез-құлқында түрлі қайшылықтардың болуы, бір қалыптылықтың жоқтығы олардың мінез бітістеріндегі жеке қасиеттердің кемеліне келмеуінен болады. Мектепте баланың өміріне қажетті, мәнді талаптар үнемі қойылып отырады, бұлар біртіндеп оның өзіне-өзі қоятын талабына айнала бастайды, соның нәтижесінде оқушының өз қылықтарына белгілі көзқарасы қалыптасады. Екінші бір жағдайда - осындай талаптар тыңғылықты қойылып отырмайды, осыған орай оқушыда өз қылықтарына, бүкіл тіршіліктеріне белгілі көзқарас қалыптаспайды.
Әрине, қажетті жағдайларда осы айтылған талаптар меңгеріліп, белгілі қарым-қатынастар жүйесіне айналады. Жекелеп көрінген, бірақ әлі беки қоймаған мінез бітістерінің сапасын көтере отырып -мінездің толыса жэне кесектене қалыптасуына жетуге болады. Мінездің осындай құрылымы ойың алғашқы формасынан сапа жағынан ерекшеленіп тұрады.
Сөйтіп мінездің толысуы мен кесектігі, оның айқындығы, сөз бен істің бірлігі - табиғаттың сыйы емес, түрлі өмір жағдайларында адамға қойылатын талап бірлігінің нәтижесінде қалыптасатын мінез-құлық бітістері. Қалыпқа түсе бастаған қарым-қатынастар жүйесі өмірде жиі қайталана берсе ол бара-бара адамның әдетіне ауысып, оның тұрақты мінезіне айналады.
Мінез құрылымы өмір барысында үнемі өзгеріл отырады. Өсу, даму үрдісінде адамның іс-әрекеті де, өмір жағдайлары да өзгеріске түседі. Адамға қойылатын талаптар да өзгереді, бұл жағдай жеке адам құрылымында сапалық өзгерістер туғызады.
Мінездегі даралық ерекшеліктер
Мінезді оны қалыптастыратын өмір жағдайларынан бөліп алып қарайтын метафизикалық тұрпаттағы психология - адам мінезіндегі даралық пен типтілік бітістердің өзара қатынасының мәнін ұға алмайды.
Идеалистер мінезді туа бітетін кең өмірде өріс алатын адамның рухани күші деп түсіндіреді. Идеалистік психологияның кейбір өкілдері бүкіл адамзатты барлық уақытта да өмір сүретін мырзалар мен құлдардың мінездік типтері деп аталынатын өріссіз, жасанды сұлбаға сайғысы келеді. Осындай психологтардың басқа бір тобы мінез бітістері мен типтерінің қалыптасуындағы заңдылықтарды жоққа шығарып, адам бірінің мінезі екіншісі қайталамайды және адам жазмыштай берілген мінез-құлқын өзгерте алмайды дейді. Осы секілді метафизикалық көзқарастар - адам өміріндегі жалпы мен жекенің бірлігін, осы жағдайды бейнелейтін мінездегі даралық пен типтіліктің арақатынасын түсінуге шамасы келмейді.
Типтіліктіц адамның табиғи және өмір жағдайындағы жалпылықты бейнелендіретіидігі. Мінез - қоғамдық-тарихи құбылыс, олай болса, уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан жалпыға ортақ мінез де болмайды. Белгілі тарихи дәуір туғызған белгілі типтік мінез, жеке адамдар мінезі ғана болады. Мінез иесі болып табылатын жеке адам - қоғамның мүшесі, ол қоғамда тұрлі қарым-қатынасқа түсіп отырады. Қоғамның мүшесі ол таптық қоғамда - таптың өкілі бола отырып, жеке адам қоғамның, таптың басқа мүшелері сияқты белгілі экономикалық, саяси, мәдени жағдайларға тәуелді болды. Мұндай жағдайлар мінездің жалпы типтік бітістерін қалыптастырады. Адамдар мен нақты адам мінезіндегі типтік бітістер - дәуір мен таптың әлеуметтік өміріндегі маңызды жайттарды бейнелендіреді.
Типтікті осылайша түсіну мінез қалыптасуының негізгі заңдылықтырын (кездейсоқ және көлденеңнен кез болған құбылыстар емес) және бүған қоса келешекте, ертеңгі күнге лайықты сапалардың қалайша қалыптасатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Олай болса, типтік мінезді белгілі адамдар ортақ басты-басты бітістер деп ұғынған дұрыс. Мұндай негізгі бітістер өмірдің жалпы жақтарын бейнелендіреді және сол топтағы адамдарда қай-қайсында болмасын азды-көпті көрініс береді. Сөйтіп, типтілік бір жағынан, нақты адамның даралығын, екінші жағынан, сол адам экономикалық, саяси және мәдеии байланысқа түсетін басқа адамдарды да сипаттайды.
Мәселен белгілі бір ұлттың адамдары сол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру жағдайлары мен ұлттың, тұрмыстың езіндік ерекшеліктерінен нәр алады, ұлттық тіл мен мәдениет ықпалымен дамиды. Сондықтан да бір ұлттың адамдары өздерінің тұрмыс салты, әдет ғұрпы, мінез бітістері жағынан басқа ұлт өкілдерінен ерекшеленіп тұрады.
Бірақ ұлттың өмір сүру жағдайлары өзгерген кездерде - ұлттық мінездегі типтік бітістер де өзгеріске түсіп отырады.
Типтік мінез бітістерінің ұлттық өзгешеліктерімен қатар тап өкілдерінің күресі мен өмірін бейнелейтін типтік мінездің ерекшеліктері туралы да айтылуы қажет.
Өмір сүрудің жалпы экономикалық, саяси және мәдени жақтарымен катар адамның мінез-құлқына сәуле түсіретін оның іс-әрекетінің жалпы жақтарын да естен шығармауымыз тиіс. Осы айтылғандармен қатар адамның табиғи құрылымында да мәселен, жоғары жүйке қызметінің де типтік ерекшеліктерінде ортақ белгілер кездеседі.
Адам мінезіндегі даралық. Жалпы жақтарымен қатар әр адамның тәрбиесі мен өмірінде жеке жағдайлар да орын алады. Жалпы жағдайлардың өздері де нақты жағдайларда өзіне тән жеке формада көрініс береді. Отбасы тұрмысында әр түрлі отбасылардың мүдделерінде айырмашылық бар, кәсіп, еңбек саласындағы айырмашылықтардың да маңызы үлкен. Осы айтылғандардың бәрі-бәрі де адамның мінезінен орын тебеді. Тұрмыстағы және тәрбиедегі жеке айырмашылықтар, түрлі ықпалдың, кейде кездейсоқ әсерлердің айырмашылықтары дара бейімділік пен мүддеден, қажеттілік пен талғамнан, сезімнен, ақыл болмысынан және адам мінезінен көрініс береді.
Тұрмыстағы, әсіресе қажеттілік пен талғамдық айырмашылықтар бір қоғамдағы біркелкі топтар өкілдерінің жеке ерекшеліктерін анықтайды.
Адам өміріндегі жалпылық пен даралық, сондай-ақ жеке адамның типтік және даралық бітістері бір-бірімен қатарлас тұрған нәрсе емес, олар органикалық тұтастықта болады.
Сөйтіп, жеке адамның мінез бітістерінде оның психикалық кейпін, мінез-құлық бейнесін құрап бірімен-бірі байланысып жатқан адамзатқа ортақ, үлттық, таптық және даралық белгілерді айтуға болады.
Типтік және мінез типтері. Адам өмірінің типтік жағдайларын бейнелейтін ерекше, елеулі типтік бітістердің жиынтығы мінез типін құрайды.
Әр әлеуметтік дәуір қоғамдық аренаға белгілі типтік мінезді әкеледі. Мінез типтерінің кай-қайсы да қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына қарай өзгеріске түсіп отырады. Мәселен, алғашында маншнаны өзінің басты жауы тұтып, мұны талқандаған бүлікшіл жүмысшының мінез типі - күрес мақсатын айқын түсінген жұмысшының типіне ауысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz