Қор қайтарымы


2 ТАРАУ. «ЖАМБЫЛГИПС» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
- «Жамбылгипс» АҚ-ның қысқаша технико-экономикалық мінездемесі
“Жамбылгипс” АҚ-ның жалпы сипаттамасы
“Жамбылгипс” зауыты №1792-ші бұйрық негізінде 1954 жылы 31 желтоқсанда құрылып, 1961 жылы зауыттың өндірістік қызметі басталып, жобалық қуаты отыз мың тонна жылына гипс тасын шығару бойынша іске қосылды.
Шикізат базасы болып- әбден қаралып, дайындалған екі уческедегі, яғни “Шығыс” және “Батыс”- Улькен-Бұрылтауда орналасқан үш қабаттан тұратын, 51, 0 млн. тонна гипс запасы бар жерден тұрады. Яғни, бұл жер Тараз қаласынан Батысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан.
Таулы қойнау белгіленген 132 га бөлінген жер ауданында қопсытылуға рұқсат етілген. Ал жерлі аймақ №0085359 серия бойынша, 255, 45 га ауданымен Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Әкімімен 1996 жылы 24 шілдеде үнемі пайдалануға бөлінген. Сонымен қатар 1995 жылы 22 мамырда жиырма жылға берілген қойнаулы жер №319 МГ сериялы лицензияға сәйкес өңделде.
Гипсті қазу ашық тәсілмен, алдын-ала қопсытып, жару жұмыстары арқылы жүргізіледі. Карьерден гипс тасы автокөлікпен таулы цехтың өндірістік алаңына жеткізіледі, онда гипсті уату, сорттау жұмыстары жүргізіліп, шикізат қоймасына дайын жалпақ ленталық пластик түрінде жетеді. Шикізат қоймасынан гипс тасы экскаватор көмегімен теміржол платформаларына тиеліп, цемент өндірісі үшін Республика тұтынушыларына жөнелтіледі. Гипс тасының бір бөлігі автокөліктерге тиеліп, гипс цехының алаңына жеткізіледі. Осы алаңнан гипс тасы ұнтақтайтын арнайы диірменге майдалануға беріледі. Ұнтақталған гипс диірменнен шнектермен 70-140 о С температура деңгейінде термоөңдеу жүргізілетін гипс қайнату қазандарына тасымалданады. Қазандар табиғи газбен ысытылады. Қайнатылу процесі аяқталғаннан кейін гипс шнектермен, элеваторлармен тиеліп барып бункерлерге одан ары қарай дайын өнім силосына тасымалданады.
Силостардан гипс пневмокөлікпен темір жол цистерналарына тиеліп немесе автокөліктермен тұтынушылар қажеттігіне жөнелтіледі.
Гипс тасының негізгі тұтынушылары болып, Қазақстанның цемент зауыттары, сонымен қатар Ресейдегі Батыстық-Сібір, кейінірек Қырғызстанның цемент зауыттары да тұтына бастады. Осы тұста айта кететін бір жәйт, бүгінгі таңда Қазақстанда бес цемент зауыттары бар, нақтырақ; Өскемен, Қарағанды, Шымкент және Семей қалаларында.
Жаңа құрылыстарға қажетті гипске деген сұраныстың ұлғаюына байланысты гипс карьерін ұлғайту шешімі қабылданған болатын. Біздің облысымыз гипс запасына бай болуына қарамастан және гипс тасын, құрылыс гипсін шығаруда үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынына қарамастан мұның барлығы 100% қолдануда емес.
Әлем тәжірибесінің талдауы көрсеткендей, көптеген дамыған мемлекеттер цемент орнына құрылыс гипсін қолданады. Гипс өніміне капитал салымы цемент өндіруге қарағанда екі есе, технико-экономикалық ресурстар төрт есе, металл сыйымдылығы үш есе аз болып келеді. Дегенмен, мұның барлығына қарамастан, Қазақстанда негізінде гипстік шикізат тек цементтік өнеркәсіпке және құрылыс гипсі жөндеу жағдайында, жекеше жұмыстарда қолданылады.
Дәл қазіргі уақытта зауыт моралді және физикалық ескірген технологиялық жабдықтарда жұмыс істеуде. Көбінесе, тұтынушылардың аз болуынан тоқтап та қалады. Бүгінгі күні зауытта 93 адам саны жұмыс істейді.
Зауыттың орналасқан жеріне келетін болсақ, “Жамбылгипс” ЖАҚ-мы Тараз қаласында орналасқан, кәсіпорынның заңды мекен-жайы; Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Ниеткалиева көшесі, 116 үй.
Зауыттың өз есеп шоты бар, Тараз қаласындағы “Центр Кредит” банкісімен қызмет жасасады.
1993 жылы “Жамбылгипс” зауыты Мемлекеттік мүліктік Жамбыл аумақтық комитеті шешімінің №4/24-ші бұйрық негізінде 1993 жылдың 17-ші қыркүйек айынан бастап “Жамбылгипс” зауыты ашық түрдегі акционерлік қоғам болып өзгертілді.
№ 2954-1919 куәлік негізінде “Жамбылгипс” ашық акционерлік қоғамы жабық түрдегі акционерлік қоғам болып өзгертілді. Жамбыл облысы Әділет басқармасы шешімімен ЖАҚ-ның жарлығына №405 бұйрық бойынша өзгертулер еңгізілді.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі болып гипс тасын алу, өңдеу және өткізу болып табылады. 1961 жылдан өзінің өндірістік қызметі басталғаннан бері кәсіпорын гипстің Улькен-Бұрылтау деген қайнар көзінен алынатын шикізатты өңдеумен айналысқан.
“Жамбылгипс” АҚ-мы өндірістік негізде гипстің ең ірі қайнар көзін өңдей бастаған алғашқы кәсіпорын болып табылады, бүгінде гипсті алу немесе табу бойынша ірі потенциалды жағдайымен жалғыз өндірістік құрылым болып табылады.
Зауыттың негізгі жұмысы болып гипс тасын алу және Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресейдің цемент зауыттарын қамтамасыз етіп, сонымен қатар құрылыс цементін шығару. Қазіргі уақытта “Жамбылгипс” АҚ-мы шығаратын өнім сапасын көтеріп және ассортимент түрлерін кеңейтуге ұмтылуда.
Кесте-2. 1 Жамбылгипс АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері
Кестені қарастырсақ екі жылдың арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Сол көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, анықтап талдап көрейік.
Өткізілген өнімнен түскен табыс есепті жылды базалық жылмен салыстырсақ, ауытқу 7336, 6 мың тг құрап, 2, 3 пайыз оң өзгеріс алып келді. Мұның себебі, нарыққа жаңа материал шығып соның есебінен өтім күшейді. Өнімнің өзіндік құны - шикізаттарға шығындардың өсуіне байланысты 11, 9 пайызға өсуімен байқалса, жалпы табыстың сальдосы -21991 мың тг құрап, өзіндік шығындардың асыра қымбаттауынан теріс нәтижені көрсетіп отыр. Кезең шығындарына тоқталсақ, бұл базалық жылы 110434, 4 мың тг құраса, есепті жылы 119998, 5 мың тг құрап -21991, 4 мың тг, яғни 8, 7 пайызға өсіп отыр. Бесінші көрсеткіш негізгі қызметтен түскен табыс 2004 жылды 2005 жылмен салыстырғанда 2, 2 есе төмендеді. Негізгі емес қызметтен түскен табыс базалық жылы 334123, 4 мың тг құрап, есепті жылы 12142, 5 мың тг болып 3, 6 есе төмендеді. Салыққа дейінгі жиынтық табысты қарайтын болсақ, 2004 жылды 2005 жылмен салыстырсақ, 15, 2 есе теріс өзгеріс байқалады. Бұл жалпы есепті жылы табыстың айтарлықтай төмендеуі және шығындардың көбеюі қатты әсер етті. Сегізінші көрсеткіш таза табысқа келетін болсақ, корпоративтік төлемнен кейін 2005 жылды өткен жылмен салыстырсақ -167951 мың тг болып 78, 8 пайыз төмендеді. Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығыны базалық жылы 1, 08 болса, есепті жылы ол 0, 09 тг өсіп, 8, 3 пайызға жоғарылаған. Келесі көрсеткіштеріміз кәсіпорынның рентабельділігімен тығыз. өнім және сату рентабельдіктеріне келетін болсақ, бұлар 28, 4 - 27, 4 ке дейін төмендесе, өндіріс рентабельділігі бұдан да үлкен айырмашылықты 72, 8 пайыз теріс нәтижені көрсетіп тұр. Бұл кәсіпорынның үлкен шығындарымен және таза табыстың азаюымен түсіндіріледі.
Кесте-2. 2 “Жамбылгипс” АҚ-да натуралды түрде өндірілген өнім көлемі
Өндірілген өнім көлемі
соның ішінде:
-құрылыс гипсі
-селективті гипс
-гипс тасы
-мрамор ұнтағы
тонна
тонна
тонна
тонна
тонна
226756
4596
9124
21
3036
311728
4160
10520
296000
1048
84972
-436
1396
86000
-1988
Жамбылгипс” АҚ-ның өнім көлемі натуралды түрде көрсетілген. Базистік жылына қарағанда есепті жылы өндірілген өнім көлемі біршама жоғарырақ. Яғни, 2004 жылы 226756 тонна өнім өндірілсе, есепті жыл 2005 жылы 311728 тонна өндірілген. Мұндағы абсолюттік ауытқу 84972 тоннаны көрсетіп отыр. Сонымен қатар, кестеде өндірілген өнім түрлері жеке дара көрсетілген. Кәсіпорын өндіретін өнімдерінің ішінде 2004 жылға қарағанда есепті жылы ең көп өндірілгені бұл- гипс тасы. Демек, 2005 жылы бұл өнім түрі 1999 жылмен салыстырғанда 86000 тоннаға артық өндірілген. Ал, ең азы бұл- құрылыс гипсі. Мұнда, базистік жылға қарағанда есепті жылы -436 тоннаға кем өндірілгенін байқаймыз.
Кесте-2. 3
Өнім көлеміне факторлардың әсерін талдау
2005
жыл
1.
2.
3.
4.
Өнім көлемі, мың, теңге
Еңбеккерлер саны, адам
Бір еңбеккердің еңбек өнімділігі,
мың тг
Өнім көлемінің өзгеруі:
Барлығы
Соның ішінде факторлардың өзгеруіне байланысты
Жұмысшылар саны
Еңбек өнімділігі
257188
332
2990, 8
-
-
332728
372
3578, 4
-
-
75540
40
587, 6
75540
119632
2185872
“Жамбылгипс” АҚ-ның өнім көлеміне факторлардың әсеріне талдау жүргізілген. Мұнда көріп отырғандай, еңбеккерлер саны базистік жылы кәсіпорында 332 адам жұмыс істесе, есепті жылы 372 адамға көбейген, яғни 40 адамды құрап отыр. Бір еңбеккерге шаққандағы еңбек өнімділігі 2005 жылы 3578, 4 мың теңге болса, базистік жыл 2990, 8 мың теңге болған. Бұдан біз абсолюттік ауытқудың 587, 6 мың теңгені көрсетуін байқаймыз. Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып, өнім көлеміне факторлардың әсерін талдау нәтижесінде біз жұмысшылар саны мен еңбек өнімділігінің өнім көлеміне оң әсерлерін тигізгенін аңғарамыз.
Көрсетілген кестеде өнім көлеміне факторлардың әсерін айырмашылықты санау тәсілін қолдану арқылы талдау жүргізілген.
Талдау кезінде мынадай формулалар қолданылды:
- Жалпы факторлардың өзгеруі:
∆ Q=N еб *ЕӨ еб -N б *ЕӨ б =Ө еб -Q б = 332728 - 257188=75540
- Жұмысшылар санының өзгеруі:
∆ Q r = (N еб -N б ) *Е өб = (372-332) *2990, 8=119632
- Еңбек өнімділігінің өзгеруі:
∆ Q ЕӨ =N еб *(ЕӨ еб -ЕӨ б ) = 372*(3578, 4-2990, 8) = 2185872
- Тексеру:
∆ Q= ∆ Q N + ∆ Q ЕӨ = 119632+2185872=3382192
Мұндағы; N еб , N б - есеп беру және базистік жылдағы жұмысшылар саны; адам.
ЕӨ еб , ЕӨ б - есеп беру және базистік жылдағы еңбек өнімділігі.
(Технико-экономика көрсеткіштер 3-бет, қаржылық талдау 4-бет)
Кәсіпорында негізгі құралдарды үнемі жаңартып отыру, олардың тозуын болдырмау, құрал-жабдықтардың өндірістік жағдайын жетілдіріп отыру негізгі құралдардың жұмыс атқару деңгейін көтерудің басты бағыттары болуы тиіс. «Жамбылгипс» АҚ негізгі құралдарды пайдалану деңгейін олардың жарамдылық, жаңару және тозу коэффициенттері арқылы анықтасақ.
Кесте- 2. 4 Негізгі құралдар техникалық жағдайын бағалау көрсеткіштері
2005
жыл
Негізгі құралдардың бастапқы құны
(мың тг)
Негізгі құралдардың тозуына байланысты олардың бастапқы құны да жыл да өзгеріске ұшырап отырады. Сол сияқты «Жамбылгипс» АҚ-ң негізгі құралдарының бастапқы құны, есеспті жылы базалық жылмен салыстырғанда 87692, 1 мың теңгеге өсіп отыр, яғни негізгі құралдардың осындай сомаға тозуы байқалады.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіш тозу сомасы базалық жыл мен есепті жылды салыстырғанда өзгеріссіз қалып отыр, яғни 0, 2 - ге тең.
Жоғарыда кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорынның негізгі құралдарында бірқтар өзгерістер болған.
2005 жылы өткен жылмен салыстырғанда негізгі құралдарды жаңару коэффиценті 50 пайызға төмендеген Бұл көрсеткіштерге қарап отырып кәсіпорында мүліктерін жаңарту жұмыстары төмен деңгейде атқарылып жатқанын байқаймыз.
Өндірістен пайдаланудан шығарылған құрал - жабдық көлемі екі жыл көрсеткіштерін салыстыра келгенде 10 есеге артып. Бұл дегеніміз кәсіпорындағы құрал -жабдықтардың тозу деңгейінің күрт жоғары екендігін көрсетеді.
Сонымен бірге кәсіпорынның негізгі құралдарның өндірістің толық қуатты жұмыс істеуіне жарамдылығын көрсететін көрсеткіш 37, 5 пайызға төмендеп кеткен.
Өндірістік мақсаттағы мүліктердің жарамдылық коэффициенті екі жыл көрсеткіштерін салыстыра келе 33 пайызға артқанын байқаймыз. Бұл көрсеткішке қарап отырып, кәсіпорында өндірістік құрал-жабдықтарын ұдайы жаңартып жетілдіріп отырады.
2. 2 «Жамбылгипс» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау
Негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі капиталының жалпы сомасының үлес салмағынан тұрады. Негізгі қордың саны, техникалық деңгейі тиімді пайдалануы кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне байланысты болады. Олар; өнімді шығару, оның өзіндік құны, пайда, рентабелділік дәрежесі және қаржылық жағдайлардың тұрақтылығы.
Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдаудың негізгі міндеттері- оның қорлардың көлемін, құрамы мен динамикасын талдау, техникалық жағдайын бағалау, кәсіпорынның негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін және олардың құрылымдық бөлімдер арасында бөлінуінің ұтымдылығын анықтау, пайдалану көрсеткіштерін зерттеу, пайдаланылу көрсеткіштеріне факторлардың жасайтын ықпалын анықтау, негізгі қорлардың пайдаланылуын жақсарту резервтерін анықтау, пайдаланылу тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеу.
Кәсіпорынның негізгі қорлармен қамтамасыз етілуі және оларды пайдаланудың тиімділігі өнім өндірудің көлемін анықтайтын аса маңызды факторлар болып табылады. Осыған байланысты талдау процесінде кәсіпорынның негізгі қорлармен қалай қамтамасыз етілгенін және оларды қаншалық тиімді пайдаланатынын жан-жақты зерттеу қажет.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты негізгі қорлардың өнімді барынша көп шығару жөніндегі мүмкіндіктерімен анықталады. Өндірістік қуат негізгі қорлардың құрамының әркелкі болуына тікелей байланысты болады. Қорлардың бір бөлігі өндірістік процеске тікелей қатысады да, өндірілген өнімнің көлеміне тура ықпал жасайды, енді бір бөлігі өндіріс процесіне тікелей қатыспағанымен, өндірістің қалыпты барысын қамтамасыз ету үшін қажет болады. Бұған қоса кәсіпорындардың өндірістік мақсатқа жатпайтын қорлары да болады. Осыған сәйкес өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі қорлары өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлар мен өндірістік мақсатқа жатпайтын негізгі қорлар болып бөлінеді.
Талдау кәсіпорындардың негізгі қорларының құрамын және осы талданып отырған кезеңде құрамда болған өзгерістерді зерттеуден басталады. «Жамбылгипс» АҚ негізгі құралдар құрылымы келесі кестедегідей болып қалыптасқан.
Кесте -2. 5 “Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі қорларының құрамы
Үйлер мен ғимараттар
Машиналар мен жабдықтар
Транспорт құралдары
Басқа да қорлар
мың, теңге
мың, теңге
мың, теңге
мың, теңге
9932
264179, 5
17908
4028
13183, 9
280436, 2
43370, 7
6889, 3
3251, 9
16256, 7
25462, 7
2861, 3
Жалпы “Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі қорларының негізін үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, транспорт құралдары және т. б. қорлар құрайды. Мәселен, машиналар мен жабдықтар 2004 жылға қарағанда 2005 жылы 16256, 7 мың теңгеге көбейген. Яғни, “Жамбылгипс” АҚ-мы 16256, 7 мың теңгеге жаңадан жабдықтар сатып алған. Сондай-ақ, транспорт құралдарының құны 2005 жылы 43370, 7 мың теңгеге артқан, яғни 25462, 7 мың теңгеге өскен. Себебі, кәсіпорынға жаңадан құрал-жабдықтар, транспорттық құралдар еңгізілген. Өндіріс көлемін кеңейту мақсатында қосымша цехтармен бөлімшелер салынған, солардың есебінен 2005 жылы бұл көрсеткіш бойынша 3251, 9 мың тенгеге жеткен. Жалпы алғанда кәсіпорын бойынша негізгі құрал-жабдықтардың ұдайы жаңартудың және тағы да басқа себептерге байланысты 2005 жылғы көрсеткіш 116908, 4 мың тенгег өсіп отыр.
Кесте -2. 6 “Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі қорлар құрылымының тозуын талдау
2004
жыл
2005
жыл
1.
2.
3.
4.
Үйлер мен ғимараттар
Машиналар мен жаб-дықтар
Транспорт құралдары
Басқа да негізгі қорлар
мың, теңге
мың, теңге
мың, теңге
мың, теңге
13179, 2
227147, 8
26123, 5
3143, 4
12326, 4
199360, 4
50798, 9
4890, 4
-8526
-27787, 4
24675, 4
1747, 0
“Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі қорларының тозу құны 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 8579, 9 мың теңгеге артқан. Осы кәсіпорында негізгі қорлардың ішінде машиналар мен жабдықтардың тозу құнының үлес салмағы төмен. Атап айтқанда, 2005 жылы тозу құны -27787, 4 мың теңгеге кеміген. Кәсіпорында көлік құралдарының тозу құнының үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Ол базалық жылы 26123, 5 мың тг құраса, есепті жылы 50798, 9 мың тг құрап, 24675, 4 мың тг өскен. Себебі, кәсіпорынға жаңадан транспорттық құралдар еңгізілген. Тозу құны төмен машиналар мен жабдықтар 2004 жылды 2005 жылмен салыстырғанда -27787, 4 мың тг төмендеген . Жалпы барлық құралдардың тозу нормасы 8579, 9 мың тг өсіп, тозу құны жоғарылады.
- Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану талдау
Негізгі қорлардың толық барын көп жағдайда белгіленген бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі қорлар балансынан алуға болады. Бірақ кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде - орташа арифметикалық жәй; б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда - орташа арифметикалық. салмақтанған; в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда - момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны - бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың ортажылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың ортажылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін.
Негізгі қорлардың ортажылдық құнын келесі формуламен есептеуге болады.
Ф с = Ф н + Ф в · Т в /12 - Ф л · Т л /12 (1. 1)
мұндағы, Ф н - негізгі қорлардың жыл басындағы құны;
Ф в - жыл ішінде енгізілген негізгі қорлар құны;
Ф л - жыл ішінде шыққан негізгі қорлар құны;
Т в - жыл ішінде енгізілген негізгі қорлардың
функционирлену уақыты;
Т л - жыл ішінде негізгі қорлардың шыққаннан кейінгі
өтіп кеткен уақыт.
Негізгі қорлардың тозушылық дәрежесін тозу коэффициенті арқылы есептейді, ол негізгі қорларды тозу сомасының, оның толық құнына қатынасымен анықталады немесе жарамдылық коэффициентінің 1 (100%) толығуын айтамыз.
Тозу сомасы
Негізгі қорлардың толық бастапқы құны (1. 2)
немесе К тозу = 1 - К жарамд.
Негізгі қорлардың жарамдылық дәрежесін анықтау үшін жарамдылық коэффициенті пайдаланылады, ол негізгі қорлардың қалдық құнының толық бастапқы құнына қатынасымен анықталады. Жарамдылық коэффициенті шығарылатын өнімге әлі ауыстырылмаған негізгі қорлар көлемін сипаттайды. Ол тозу коэффициентіне кері пропорционалды.
Негізгі қорлардың қалдық құны
Толық бастапқы құн (1. 3)
немесе К жарамд. = 1 - К тозу
Тозу және жарамдылық коэффициенттерін жағдайына қарай жыл басына және жыл аяғына есептелінеді. Олар негізгі қордың жағдайын оның техникалық деңгейін сипаттайды.
Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері период ішінде негізгі қорлардың түскенде және шыққанда оның көлемін және құрылымын сипаттайды. Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті есептік кезең аяғына оның жаңару дәрежесін сипаттайды, негізгі қорлардың қайта өндіріс көрсеткіші болып табылады, есептік жылы қозғалысқа түскен жаңа негізгі қорлар құнының жыл аяғындағы негізгі қорлар құнына қатынасымен анықталады:
Жаңа негізгі қорлар құны
Жыл аяғындағы негізгі қорлар құны (1. 4)
Ол қозғалысқа енгізілген негізгі қорлардың қатынастық сипатын көрсетеді.
Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып алу нәтижесінде ғана емес санымен қатар эксплуатацияда болған негізгі қорлардың түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады:
Жыл ішінде түскен негізгі қорлар құны
Негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны (1. 5)
Негізгі қорлардың қайта өндіріс динамикасын талдау үшін негізгі қорды жаңартудың интенсивті коэффициенті пайдаланылады:
Жойылған негізгі қорлар құны
Қайта енгізілген негізгі қорлар құны (1. 6)
Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz