Жалпы саяси партиялар туралы қаралатын мәселелер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І. Кіріспе:
1.1. Жалпы саяси партиялар туралы қаралатын
мәселелер ... ... ... ..2

ІІ. Негізгі бөлім:
1.2. Қазақстандағы көппартиялық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.3. Көппартиялық жүйе әлемдік тәжірібиемен үндесе
ме? ... ... ... ..7
ІІІ. Қорытынды:
1.4. Саяси партиялардың бұқараға ықпал етуі
немесе
жалпы шолу ... ... ... ... ... 12

Кіріспе.

1. Жалпы саяси партиялар туралы қаралатын мәселелер.

ДЕМОКРАТИЯ дегеніміз, абстракты ұғым емес, көзбен көріп, қолмен
ұстауға болатын наҚты кұрылым. Оныи көрсеткіші есебінде — демократия
институттарын атауға балады. Егер қоғамда осы институттар жасақталып, жұмыс
істемесе, демократияның да болмағаны. Ал кейде сол институттардын біреуі
болады да, енді біреуі болмайды. Егер осыған Қазакстанды, мысалға алатын
болсақ, Парламент институты бар да, Жергілікті өзін-өзі басқару институты
әлі құрылмаған. Жергілікті өзін-өзі баскару туралы Заң да қабылданған жок.
Демократияның енді бір институттарының аты бар да, заты жок, болып
келеді. Бұндай жағдай, әсіресе, демократияның енді орнай бастаған кезеңінде
көп кезге түседі. Тоталитарлык жүйеден халык билігін қамтамасыз ететін
жүйеге көшудің басты киыншылығы да осында — азаматтық қоғамның максат-
мүддесі мен жұмыс істеу принциптерін толық меңгермеген азаматтар
демократиялык институттың іс-әрекетін бірден қабылдай да алмайды. Бұл жерде
азаматтардың саяси сауатын ашу мен демократиялык институтты кұру қатар
жүріп отыруы керек.
Қазакстандағы енді ғана көтеріліп келе жатқн демократиялық
кұрылымдардың бірі — көппартиялық жүйе. Біреулер бұрын да бар емес пе деп
Компартияны алға тартуы мүмкін, бірак, тоталитарлық қоғамдағы саяси
партияның жұмыс істеу тәсілі де, мемлекетпен арақатынасы да мүддем басқа
және бір партиялық коғам мен көппартиялык жүйенін арасы жер мен көктей
екенін ұмытпалық. Әрине, тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстанда
бірнешепартия пайда болып, жұмыс істеуге ниет жасаған, алайда, ол уакытта
партиялардың жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар болмаған еді. Дегенмен,
көппартиялық жүйенін орнығуы мен дамуына осы партиялардын бүгінгі жұмыс
істеу жолдары қандай көрсеткіш болады екен. Қыскаша осыған тоқталған дұрыс
сиякты.
Бірінші мәселе: Партиялар билік үшін күресе ме, әлде, билікті сақтап
қалу үшін қүрыла ма?
Саяси партиялардың билік үшін күресетінін бәріміз де білеміз. Әрине,
би-лік — негізгі мақсат емес, олар сол билікті алғаннан кейін ғана
өздерінің пар-тиялық бағдарламаларын жүзеге асыра алады. Қысқасы, билік —
мақсатты жү-зеге асырудың негізгі құралы. Ал Қазақстандағы саяси
партиялардың басым көпшілігі билікті алу үшін күресейін деп отырған жоқ
сияқты. Нұр Отан партиясы өздерін үкімет басына келу үшін құрылды деп
ешкімді сендіре алмайсыз. Азаматтық не Ауыл партиясының да билікті
жеңіп алу үшін құрылмағаны анық. Демек, бұлар не билікті сақтау үшін
құрылды немесе сол биліктің идеологиялық бағытын таратушы ретінде дүниеге
келді. Бұл жерде, өз басым, не саяси пікір алалығын, не билікке ұмтылу
сиякты саяси партияларға тәнерекшелікті көре алмай тұрмын. Әрине, билікті
қолдау бағытында саяси партиялардың құрылуына болмайды деген зан тарапынан
бөгет жок, сондықтан, халыктың бір бөлігінің көзкарасынын көрсеткіші
ретінде ондай партиялардын да өмір сүруіне әбден болады. Дегенмен билік
жүйесіндегі саяси күштердін бастары бірігіп, бір партияға топтасканы дұрыс
болатын сияқты.
Екінші мәселе: Жетекшілерінің саяси көзқарастарының тұрактылығы.
Саяси көзқарас жылдар бойы калыптасатын және азаматтықтың бір белгісі болып
табылатын ерекше дүниетаным. Осы көзқарас үшін Кенес Одағынын алғашқы
жылдары талай жандар өздерінің өмірлерін қиған. Оңтүстік Африка
Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандейла да саяси көзқарасын
сақтап қалғаны үшін өз өмірінің жиырма жылын түрмеде өткізді. Бұл біздін де
саяси партиялардын басшылары мен белсенді мүшелері үшін үлгі боларлык
мәселе. Партиялық көзқарастың тұрақтылығы — саяси партиянын мақсат-
мұратынын тұрақтылығы, демек, Қазакстандағы болашак көппартиялық жүйенің де
тұрақтылығы жетекшілерінің тұраксыздығы — халықты партиялық жүйеден
аластататын, көппартиялық жүйенің маңызын жоққа шығаруға әкелетін басты
мәселе.
Үшінші мәселе: Партия бағдарламалары кандай күйде?
Партияның басты ерекшелігі, оның мақсат-мүддесі — партиялық
құжаттардан оның ішінде бағдарламадан ғана көрініс табады. Өкінішке орай
оны оқып-танысып, зерттеп жаткан ешкім жок. Оның басты себебі — партиялық
кұжаттардың бір-бірінен айнымайтын-дығында болса керек. Сөз жоқ, демо-
кратаялық қоғам кұру, адам құкығы мен еркіндігін сақтау, халыктың әл-
ауқатын көтеру, ұлттардың теңдігін үстану, экономиканы дамыту дегендер —
өте тама-ша мақсаттар. Бірак бұлар — бағдарламадан гөрі Декларацияға немесе
Мани-фестке жақын дүниелер. Ең бастысы, бағдарламада сол мақсаттарды жүзеге
асырудың нақты жолдары көрсетілмеген. Азаматтар саяси партияларға мүше
болғанда немесе сайлауда дауыс бергенде, ең бірінші болып оның экономиканы
қалай көтеретініне, халыктың әл-ауқатын қалай жақсартатынына карайды.
Бағдарламаның күңгірттігінің басты себебі — сол мақсатты қалай жүзеге
асырудың нақты жолын білмеу ме, әлде, өзінің айлатәсілін ашып айтқысы
келдеу ме, ол жағы маған белгісі.
Төртінші мәселе: Партиялардың ұйымдық кұрылымы мен жұмыс істеу
тәсілі.
Ұмытпасам, 1992 жылы менің Жаңа партияларға екі тәсілмен жұмыс
істеуге болмайды деген мақалам шыққан болатын. Он жыл өтсе де ештеңе
езгерген жок. Партияның пайда болуы, оның ұйымдық кұрылымы, басқару тәсілі
ешқандай да өзгеріске түскен жоқ. Әлі де болса партиялардың барлығы
жоғарыдан құрылады, жергілікті жерден, аймақтардан сол партияның
бөлімшелерін ашатын адамдарды іздейді және сол адамдар сол бөлімшенің
басшысы болады. Партая мүшелерінің басқару ісіне араласу жолдары, кар-жының
ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, партия идеологиясын тарату
әдістері де баяғыша қалған сияқты. Мені, шынын айтқанда, осы тұрақтылық
катты сескендіреді. Басшылық топ пен қарапайым мүшелердің арасындағы
теңсіздік демократиялық қоғамдағы партияларға мүлдем жат болу керек.
Көсемдер мен жауынгерлердің күні өтетін кезен келді. Партияның саяси
идеологиясы барлық мүшелерге бірдей емес пе? Саяси партияның мүшелері
өздерінің партия жұмысындағы тендігін сезіну керек.
Осы сөзімнің дәлелін алыстан іздеп жатпай-ак, кешегі еткен Демокра-
тиялық Ақжол партиясының құрылтайынан келтіруге болады. Партияға арыз
беріп кірген адамның сол жерде бірінші басшының бірі болып сайланғаны,
шынын айтқанда, партияның өзін ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Ал онын партияға
сіңірген еңбегін көрмеген құрылтай делегаттарының бірауыздан дау-ыс бергені
— баяғы тоталитарлық заманды есімізге түсірді. Бұл жерде мен Алтынбекке не
Акжолға сын айтқалы отырған жоқпын. Қазақстандағы саяси көппартиялық
жүйенің құрылу кезіндегі әттең-айларды ғана атап өткім келеді. Осы
уакытқа дейін ешқандай қателік жасамаған партияның ұйымдык кұрылым жағынан
әлі де болса ескі жолмен келе жатқаны қынжылтады.
Өз басым, әлі де бір де бір саяси партияның не саяси
қоғамдыққозғалыстын баспасөз өкілдерін жинап, бір жылдың ішіндегі жұмсаған
қаржының есебін бергенін кергенім жоқ. 1994 жылы Қазакстанның Социал
Демократиялык партиясы ғана осындай есеп берген болатын. Бұл да
жариялылықтың ашық жұмыс істеудің белгісі екенін ұмытпалық.
Қоғам бір орнында тұрмай, әрқашан қозғалыс үстінде болады. Ал
қоғамнын саяси емірі мың құбылып тұратын күрделі дүние. Саяси партиялардын
қоғамдағы рөлі, демократияны құрудағы міндеті қарапайым азаматтар үшін әлі
де анык емес. Оны көрсететін де, дә-лелдеп сендіре білетін де партиялардың
өздері, олардың іс-әрекеттері. Қазақ баспасөзі де бұл бағытта өз
міндеттерін толық атқарып отырған жоқ. Саяси партиялардың бет-бейнесі,
бағыт-бағдары терең зерттеліп, олардың күнделікті жұмыстарына нақты баға
берілмесе, көппартиялық жүйенің сиқы қандай болмақ?!

Негізгі бөлім.

1.2. Қазақстандағы көппартиялық жүйе.

Қазақстаннның егемендік алу, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық
дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты.
- 1993 жылдың соңы – 4 саяси партия тіркелді.
- Қазақстанның социалисттік партиясы (ҚСП)
- Қазақстанның Республикалық партиясы (ҚРП).
- Қазақстанның халық конгресі партиясы (ҚХК).
- Қазақстанның коммунистік партиясы (ҚКП).
- 1991 жылғы 7 қыркүйек -"Қазақстанның
социалистік партиясы" кұрылды (бұрынғы Қазақстанның Коммунистік
партиясы). Құрамында 47 мың мүшесі болды. Төрағасы - А.
Әлімжанов, кейін П.Своик.
Мақсаты:
- Еңбекшілерді элеуметтік жағынан қорғау.
- Әлеуметтік эділеттік ұстанымдарын орнату.
- Меншік түрлерінің теңсігін қорғау. ҚСП еліміздегі бұқаралық
партия болып есептелді.
- 1991 жылдың күзі, - "Қазақстаннын коммунистік патриясы
құрылды".
Бұрынғы Компартия мүшелерінің көпшілігі партия атының социалистік
болып өзгертілуіне наразылық білдіріп, ҚКП атынан XIX съезд өткізіп,
коммунистер атын сақтады. Мүшесі - 55 мың адам. Төрағасы - Б.Төлепбаев,
кейін С.Әбділдин.
Мақсаты:
- Ғылыми социализм ұстанымдарына негізделген әлеуметтік
әділетті қоғам орнату.
- Коммунистік идеяларға адалдық.
• 1991 жылғы қыркүйек - Қазақстанның азаматтық қозғалысы Азат
негізінде Қазақстанның Республикалық партиясы құрылды. Төрайымы
-С.Ақатаев.
Мақсаты:
- Қазақ ұлтын өркендету.
- Ұлттық-этникалык топтарды жан-жақты дамыту.
- Ұлттык-патриоттык күштерді біріктіру.
Азат қозғалысы мен Қазакстанның Республикалык партиясы тактика
жағынан қиындыққа ұшырады. Бұл партиялармен олардың басшылары үкіметке
қысым керсету жолын берік ұстанды.
1991 жылғы 5 қазан - "Қазақстаннын Халық конгресі партиясы"
құрылды.
Мүшесі - 30 мың адам. Төрағалары - О.Сүлейменов және М.Шаханов.
Мақсаты:
- Ел өмірінде саяси аяны кеңейту.
-Ұлттық саяси күштер құру. О.Сүлейменов еуразиялық
интеграция идеясына сүйене отырып, ресейлік Азаматтық одақ және
демократиялық реформалар қозғалысымен тығыз байланыс орнатты. ҚХК
партиясының атқарған жұмыстары:
- Жергілікті мәслихаттарға және Жоғарғы Кеңеске
депутаттар сайлауда белсенділік таныту.
- Жоғарғы Кеңестегі саяси партиялардың заң жобасын
бекіту мәселесін шешу.
- Жергілікті жерлердегі өзін-езі басқару реформасы

тұжырымдамасының(концепциясының)
заң жобасын талқылау.
1991 жылғы қараша - "Қазақстанның демократиялық прогресс
партиясы"
(КДПП) кұрылды. Төрағасы -А.Докучаева. Мақсаты:
- Экономикалық бостандыкқа жету.
-Құқықтық мемлекет кұру және адам құкығын қорғау
басымдылығына жету.
1993 жылғы, ақпан - Қазақстанның халық бірлігі одағы құрылды.
Төрағасы -Қ.Сүлтанов. Саяси қозғалыстар арасында бул одақ беделді болды.
Мәскеудегі 1993 жылғы қазан оқиғасына және қытай әкімшілігіне Лоб-Нор
полигонында жасалған ядролық сынақ үшін наразылық білдірді.
Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі
қорлар, 11 республикалык ұлттық мәдени топтар тіркелді. 1993 жылдың соңына
қарай қоғамдык-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.
1994 жылғы желтоқсан - "Қазақстанның халыктық-кооперативіік
партиясы"
кұрылды. Терағасы — У.Сэрсенов. Әлеуметтік базасы - ауыл еңбеккерлері,
кооперативтік қозғалыс жұмыскерлері.
1995 жылғы каңтар - "Қазақстанның өрлеу партиясы" құрылды.
Төрайымы -А.Жағанова мүшесі - 5 мың адам. Мақсаты:
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған халық топтарының мүддесін қорғау.
Білім жэне денсаулық саласын қорғау.
1995 жылдың басы - "Қазақстанның аграрлық партиясы" кұрылды. Мүшесі
-42 мыңнан астам адам. Мақсаты: Ауыл еңбеккерлерінің
әлеуметтік-экономикалық жэне саяси мүдделешн қоғау.
1995 жылғы жаз - "Қазақстанның демократиялық партиясы"
құрылды. Төрағаларының бірі - Т. Жөкеев. Мүшесі - 19 мың адам.
Мақсаты:
Әлеуметтік - нарықтык экономика кұруға атсалысу.
Азаматтық қоғам орнату.
Демократиялык құқықтык мемлекет кұру.
1998 жылғы қараша - Ақ жол қоғамдық қозғалысы құрылды.
Жетекшісі Н.Оразалин.
Мақсаты:
Президент Н.Ә.Назарбаевтың саяси бағытын қолдау.
Қазақстан-2030 стратегиясын жүзеге асыру.
Зиялы өкілдер мудделерін корғау.
1999 жылғы қаңтар - Отан партиясы құрылды. Терағасы -
С.Терещенко. Бұл партия Н.Ә.Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын
қолдау коғамдық штабы негізінде құрылды.
1999 жьшғы 14 қаңтар - Қазақстаннын отаншылдар партиясы
құрылды. Мүшелері қатарында: Азат козғалысының жетекшісі
- Хасен Қожа-Ахмет, жазушы - Н.Асышев, Мемлекетік тіл қоғамының төрайымы
А.Османова болды.
Мақсаты:
Ұлттық ынтымактастыкка рухани тэрбиелеу жолымен жету.
Патриоттық сезімді қалыптастыру жэне есіру.
Қазақстан қоғамы проблемаларына анализ жасау жэне дағдарыстан шығу
жолдарын көрсету.
1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси
қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қараша -
Қазақстанның демократиялық таңдауы атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды.
2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны - 15.
Елімізде саяси партиялардың жэне партиялық жүйелердің орнығуына, тэуелсіз
баспасездің дамуына көп көңіл бөлінді. Бүгін жағдай республиканың
өркендеуіне,қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне,
экономиканың және жалықтың тұрмыс - тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.

1.3. Көппартиялық жүйе әлемдік тәжірібиемен үндесе ме?

1990 жылы КСРО-ның Қоғамдық бірлестіктер туралы заңы кабылданды.
Ортақ мүдде жолында, халықтың бірігу мүмкіндігінің застырылуы қоғамда саяси
ұйымдардың кұрылуына жол ашты. Сол кезле олардын басым көпшілігі биліктін
кажетіне жарайтын саясатты жүргізуге лайықталған қолдан жасалған қуыршақ
партиялар болды. Биліктін сценариймен құрылған олар, елімше демократияның
белгісі компартиялық жүйе қалыптасып келе жатыр деген пікір туғызу үшін
қажет болды.
Жалпы саяси партия — пікірлестердін ұйымдасқан тобы, ол халықтың
белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келу немесе
оны жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды, соған жетуді мақсатетіп құры-
латындығы әлемдік тәжірибеде әлдеқашан дәлелденген.
Сондықтан біз де оқырмандарға еліміздегі саяси партиялардын мәні
мен мазмұнын түсіндіру үшін елемдік тәжірибеде қолданылатын негізгі үш
көзқарасты басшылықка аламыз Олар:
а) партияны. ең алдымен, белгілі бір идеологиялық, демократияны ұсынатын
адамдардың топтары деп түсіндіретін либералдык, дәстүр (Б.Констан)
б)саяси партияны бвлгілі бір таптық мүдделерін көздеуші деп білетін
маркстік-козқарас. Марксиізм классиктерінің тұжырымдамасы бойынша партия
пролетариаттың авангарды ретінде қарастырады.
в)Партияны мемлекет жүиесінде жұмыс істеитін үйші ретінде институционалды
түсіну ( М Дюверже).
Осы тұжырымдарды қорыта келгенде, саяси партия мемлекеттік денгейде
билікті жеңіп алуға, не соған қатысуға бағытталған идеологиялык негізде
құрылған ерікті одақ болып табылады. Онын үстіне бұл одақ үшін билік-тің
өзі де үлкен әлеуметтік топтардың біреуінін мүдделеріне сай жұмыс істейтін
саяси бағдарламаны іске асырудың құралы болып шығады.
Осы пікірімізді дәлелдеу мақсатымен біз тәуелсіздік туы желбіреген
кезден бастап елімізде құрылған, саясипартиялардың әрқайсысын жеке-жеке
саралап, төмсндс олардың қыскаша тарихымен таныстыруға ұмтылыс жасаймыз.
Енбекшілер мүддесін кездеуді мақсат тұткап Қазакстанныи Социалистік
паргиясы, (ҚСП) компартияның атын Социалистік партия деп өзгерту жөніндегі
кезектен тыс съездан сон (7 қыркүйек, 1991) республиканың саяси өмірінс
араласа бастады. Қазан айында бұл партия Әділет ми-нистрлігіндетіркеуден
өтті. Кезіндс КСП-сынын 1586 бастауыш ұйымы 47 мың мүшесі болған. Сондай-ақ
партия Еуразия кеністігіндегі Одақты конфедератив-тік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі және оның конституциялық негіздері
Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
Шетелдердегі мемлекеттің саяси жүйесi
Депутаттардың парламенттегі қызметі
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы маслихат депутаттарының сайлау үрдісі
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Дамыған елдердегі жергілікті өзін өзі басқаруды тәжірібиесі
Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Парламент депутатының мәртебесі
Пәндер