Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 373. 1. 02:372. 854:304. 3 Қолжазба құқығында

АМИЛОВА ЧИМАНГУЛ МАХАМЕТОВНА

Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі

13. 00. 02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (химия)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды

Ғылыми жетекші педагогика ғылымдарының докторы

Аймағамбетова Қ. А

Ресми оппонеттер: педагогика ғылымдарының докторы Шайхеслямова Қ. О.

педагогика ғылымдарының кандидаты

Мушірапилова З. Т.

Жетекші ұйым І. Жансугуров атындағы Жетысу мемлекеттік университеті

Қорғау 2008 жылдың «» күні сағат Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 08. 05 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы; 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, 4- қабат, 415 бөлме

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30)

Автореферат 2008 жылдың «» таратылды

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы Ж. Ә. Шоқыбаев


Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі кезде адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз - бұл жеке байлық қана емес, ол сондай - ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында “Салауатты өмір салты - әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған” деп көрсеткен.

2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерінен қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет - ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеудің маңызы да айтылған.

Бұл мәселенің шешімін ғылыми түрде іздестіру сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың өзіндік жұмысының шығармашылық мәнін күшейте отырып, ұстаздарға салауатты өмір салтын қалыптастыра білім мен тәрбие беру міндеті жүктеліп отыр. Міне, осыдан - ақ жастарда салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру көкейкесті мәселе екендігі түсінікті. Бүкіл адамзаттық мәнге ие болған салауатты өмір салтына байланысты құндылықтар - адам баласы қанша өмір сүрсе де ешбір ескірмейтін, қадір - қасиетін, қажеттілігін жоғалтпайтын, тозбайтын байлық.

Жалпы ұрпақ тәрбиесінде салауатты өмір сүру мәселелерін халықтық педагогика құндылықтары мен ұштастырып, білім мен тәрбие берудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырлардағы ойшылдар Әбунасыр әл - Фараби (870 - 950), мен Ибн Сина (980 - 1037), Парацельс, Өтей бойдақ Тілеуқабылұлы, ал 1920 - 1930 жылдарында Х. Досмұхаметұлы және т. б. маңызды ой пікірлері, қағидалары қазіргі кезде де өз жалғасын табуда. ХХ ғасырда салауаттылыққа баулу мәселелері әр - түрлі ғылымдар тұрғысынан зерттеліп, оның тәрбиелік мүмкіндігі туралы пікірлер ұсынылды.

ХХ ғасырдың ортасында салауаттану жеке ғылым ретінде дами бастаған кезде ресейлік белгілі әдіскер - педагогтар Г. М. Чернобельская, В. В. Кавиева, Т. В. Кузовая, Н. Ю. Сухановалардың химияны оқытуда салауаттылық бағыты бар кіріктірілген білім беру туралы зерттеу жұмыстары өте құнды еңбектер екенін баса айтуымыз керек.

Қазақстандық ғалымдар У. М. Маканов, А. Мырзабайұлы, Д. Шардарбеков және т. б. еңбектерінде химия және салауаттылық мәселелерінің прогрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып, жаңа идеялар ұсынылған. Ж. Ембергенова, А. Жамбылқызы және Г. Алимжановалардың диссертациялық еңбектерінде салауатты өмір сүру мәселелері жалпы педагогикалық тұрғыдан қарастырылған.

Г. Б. Манекееваның диссертациялық зерттеуінде химияны оқытуда химиялық заттарды қолдану мәдениетіне бағытталған әдістемелік жүйе ұсынылған.

Жаратылыстану ғылымына енетін пәндер - химия, биология, салауаттану, экология - әрқайсысы өз ілімі саласынан зерттеп қарастырғанмен, оларда пәнаралық байланыста ғылыми тұрғыдан салауатты өмір сүру мәселелері қамтылмаған. Демек, салауатты өмір сүруге байланысты білім беру мәселелерін шешу пәнаралық байланысты жүйелі түрде күшейту арқылы, жаратылыстану пәндері мазмұнын кіріктіре отырып оқыту негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Пәнаралық байланыс арқылы жүйелі және мақсатты түрде салауатты өмір салтын қалыптастыру оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын нығайтады. Жаратылыстану пәндерінің білім мен тәрбие беруде мол мүмкіндігінің барлығына қарамастан, орта мектепте химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда оқушылардың салауаттылықтанымын қалыптастыру мәселелері жүйелі зерттелмей келеді. Жарық көрген ғылыми еңбектерді зерттей келе салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім мен тәрбие беру жалпы педагогикалық негізде қарастырылғанымен, химияны оқытуда пәнаралық байланыс арқылы оны жүзеге асыру проблемалары жете зерттелмегендігін байқадық. Осыған орай орта мектепте жаратылыстану пәндерінің өзара байланысы негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің барысын бақылау нәтижесінде бірнеше қарама-қайшылықтардың туындап отырғаны байқалды. Зерттеуге байланысты жүргізілген бақылау нәтижелері орта мектеп оқушыларының салауаттылық туралы ұғымдарының ғылыми түсініктерінің төмендігін көрсетті. Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың салауаттылық туралы меңгеруге тиісті білімдері мен іс жүзінде меңгерген білімдері арасындағы қайшылықтардың туындау себептері анықталды. Олар: орта мектепте пәнаралық байланысты күшейтуге өз дәрежесінде мән берілмейтіні; жаратылыстану пәндері арасында кіріктіре оқыту ұстанымының жүзеге аспай отырғандығы; пәнаралық байланыс негізінде қалыптасатын салауаттылық ұғымдардың жүйеленбейтіндігі. Сондықтан да, оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыра білім мен тәрбие беруге қойылатын талаптар мен оны білім берудің жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жүзеге асыру арасында қайшылық туып отыр.

Осы қайшылықтарды шешу үшін, химияны пәнаралық байланыс негізінде оқыту салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесін жетілдірудің жолдары мен әдіс- тәсілдерін зерттеуді мақсат етіп, “Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі” деген тақырыпты алдық.

Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінде оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін ғылыми - теориялық тұрғыдан негіздеу.

Зерттеудің міндеттері:

- жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысуы арқылы туындайтын салауатты өмір салты мәселелерін ғылыми - теориялық тұрғыдан негіздеу;

  • химияны пәнаралық негізде оқытуда оқушылардың салауаттылық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасау;
  • пәнаралық негізде салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесінің тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру;
  • тәжірибеден өткен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін мектептердің іс - тәжірибесіне ендіру.

Зерттеудің болжамы: химияны оқыту барысында пәнаралық байланыс негізінде салауатты өмір салты мәселелері туралы білім мен тәрбие беру нәтижелі болады, егерде:

  • салауаттану, биология, экология пәндеріндегі салауаттылық туралы берілетін ұғымдар жүйеленіп, оны химия пәні мазмұнымен кіріктіруге көңіл бөлінсе;
  • орта мектеп химия курсындағы салауаттылық туралы материалдар теориялық және әдістемелік жағынан негізделсе;
  • күнделікті ақпараттардан салауаттылық туралы бұқаралық ғылыми материалдар іріктеліп және ол деректер сабақ барысында тиімді пайдаланылса;
  • оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және дамыту сабақта, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыс түрлерінде жүйелі жүргізілсе.

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептегі химияны оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: химия сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда пәнаралық негізде салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Әдіснамалық негізі: Философиялық таным және жеке тұлғаның қалыптасуы жөніндегі теориялары; биологиялық ғылымдарды оқытудағы дамыту үрдісі; химия ғылымы мен оны оқыту әдістемесінің жаңа концепциялары, салауатты өмір салты мәселелерін қарастыратын ғылыми қағидалардың жиынтығы.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде ( 2001 - 2002 жж. ) зерттеу мәселесін анықтау үшін философиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасалды, орта мектептегі химия пәнінен салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жайы сараланды, зерттеудің мақсат - міндеттері, болжамы анықталды. Сауалнамалар арқылы оқушылардың теориялық және әдістемелік деңгейлері айқындалды.

Екінші кезеңде (2002 - 2004 жж) анықтау эксперименті нәтижесінде оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарының деңгейі айқындалды. Химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне арналған сабақтар жоспары әзірленді. Сонымен бірге сыныптан тыс жұмыс түрлері, оларды ұйымдастыру жолдары сараланды. Зерттеу жүргізілетін мектептердегі эксперимент және бақылау сыныптары оқушыларының салауаттылық туралы білім деңгейі анықталды.

Үшінші кезеңде (2004 - 2008 жж) химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесінің тиімділігі педагогикалық эксперимент арқылы тексерілді. Алынған мәліметтер талданып, бір жүйеге түсірілді. Зерттеу нәтижелері математикалық жолмен қорытындыланды.

Зерттеу әдістері:

- ғылыми - жаратылыстық, философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау;

  • химия, биология және салауаттанудан салауаттылық туралы білім беру мүмкіндіктерін анықтау үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, бағдарлама, оқулықтарды, оқу - құралдарын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастыру;
  • оқушылардың салауатты өмір салты бойынша білімі мен білігін анықтайтын сауалнамалар алу және олардың нәтижесін талдау;
  • педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижесін сапалық және сандық тұрғынан саралау;

Зерттеудің теориялық мәнділігі: ғылыми - зерттеу нәтижесінде жасалған ұсыныстар және жарияланған материалдар мұғалімнің әдістемелік әзірлігін арттырып, жаратылыстану пәндерін оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жұмыстың теориялық негізіде педагогикалық - психологиялық іс- әрекет теориясы (В. В. Краевский, П. Я. Гальперин, Л. С. Выготский), салауаттылық мәселелері туралы білім берудің теориялық негіздері туралы пікірлер (В. В. Кавиева, Н. Ю. Суханова, Г. М. Чернобельская), салауаттылық туралы ұғымды халықтық педагогикамен ұштастыра қалыптастыру идеялары (А. Мырзабайұлы, Д. Шардарбеков, Ж. Ембергенова және т. б. ) алынды. Сонымен бірге ресми құжаттар ҚР Білім туралы заңы (2007 ж. ), ҚР Конституциясы (2007ж., 29, 31баптары), ”Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы” ҚР заңы (1998ж., 4, 39, 51, 56 баптары), ҚР Президентінің жарлығы “Мемлекеттік бағдарлама “Халықтың денсаулығы” (1998ж. 16 қараша), ҚР Үкіметінің қаулысы «Салауатты өмір салты», кешенді бағдарлама (30. 06. 99ж., №905), “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасының төртінші ұзақ мерзімді тапсырысы “Денсаулық, білім және Қазақстан азаматтарының аман - сау болуы” басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми - теориялық және әдістемелік негіздері айқындалды.

- химия пәні сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда пәнаралық байланыс арқылы салауаттылық туралы білім беру теориялық тұрғыдан негізделді.

- химия сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесі жасалды.

- орта мектеп химиясын пәнаралық байланыста оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім мен тәрбие берудің тиімділігі педагогикалық эксперимент барысында дәлелденді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  • химияны пәнаралық негізде оқытуда салауаттылықты қалыптастыруға бағытталған химиялық эксперименттердің әдістемесі жасалды.
  • жалпы білім беретін мектептерде «Химия және салауаттылық» атты факультативтік курс бағдарламасы жасалынып, оқу үрдісіне енгізілді.
  • химия пәніне байланысты сыныптан тыс жұмыстарда салауатты өмірге тәрбиелеудің әдістемелік нұсқауы дайындалды.

- зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердегі химиядан білім беру үрдісінде, колледждер мен жоғары оқу орындары мен мұғалімдер білімін жетілдіру мекемелерінде қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • химияны пәнаралық байланыс негізінде оқыту арқылы оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім мен тәрбие беру жолдары;
  • химияны пәнаралық байланыс негізінде оқыту арқылы оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемелік нұсқауы;
  • “Химия және салауаттылық” факультативтік курсының бағдарламасы;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Экологиялық тәрбиенің теориялық мәселелері
Химия және табиғатты қорғаудың экологиялық мәселелері
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Амин қышқылдарына жалпы сипаттама
Кіріктірілген оқыту принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz