Ұлтымыздың болашағы тәрбиелі ұрпақ қолында


Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде халық дәстүрлерін пайдалану
Көп ұлтты мемлекетіміз егемендік алғалы бері Қазақстанды мекендеуші халықтардың қандай ұлт өкілі екендігіне қарамастан, оның құқығы мен бостандығына нұсқан келтірместен, этникалық немесе нәсілдік белгісіне қарап кемістеушілікке жол бермейтін демократиялық бағыт ұсынып дамып келеді. Еліміздің осы бағытта тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына үлес қосатын саланың бірі - еліміздің білім беру жүйесі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының сегізінші бабында білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау қажеттілігі және адамзаттық пен елжандыққа, өз Отаны Қазақтсан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтық салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу атап көрсетілген. Жоғарыда аталған ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымыздың, салт-дәстүріміздің қайнар бұлағы халқымыздың фольклорлық өнерінде тұнып жатқан белгілі. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде оқыту арқылы жан-жақты мәденитетті тұлға тәрбиелеу мүмкіндігі туады.
Қазақстан Республикасының этникалық мәдени білі тұжырымдамасында «жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу: тұлғаның өзінің төл мәдениетіне сай болуына және өзге мәдениеттерді игеруіне жағдайлар жасау. Мәдениеттер алмасуына, олардың бірін-бірі байытуына бағдар ұстау»-деп көрсетеді.
Қазақ халқының, өте ертедегі ата-бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі- ұлттық дәстүр. Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский «Тәрбиенің көзін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек, ол тілі және әдет-ғұрпы арқылы көрініс табады, » - дейді. Ұлттық дәстүр - халқымыздың сан ғасырлар бойы сұрыпталып қалыптасқан өмір сүру үрдісі. Осы қалыптасқан ұлттық дәстүр арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық болмыс, ұлттық келбет, ұлттық мәдениет, ұлттық намыс т. б. ұлттық құндылықтарымыз егіліп, сіңіріліп отырған.
Қазіргі жағдайда адамазт қауымының алдында саяси, экологиялық, экономикалық, рухани салаларындағы жағымсыздаму үрдістерін жеңу және прогрессивті, жасампазүрдістерді қолдау мәселелері тұр. Бұл өзекті мәселе болып табылады. Оны ұлттық - мемлекеттік деңгейде шешу білім беру жүйесінде салмақты реформалар жасауды, мақсаттар мен міндеттерді анықтауда адамгершілікке және ізгіліктендіруге баса назар аударуды қарастырады. Осылардың барлығының себебі болып табылатын - адам, оның металитеті. Сондықтан бірінші орында тұлғаның адамгершілік құндылықтары жатады. Білім беру және ғылым саласы қызметкерлерінің ІІ Республикалық съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевта сөйлеген сөзінде осыны көрсете отырып, Қазақстан білім беру саласын реформалаудың стратегиялық міндеті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні дамыту екнін атап өтті.
Ұлттық дәстүр мен ұлттық тәрбиені дамыту - бұл проблеманы шешуге көмектесе алады. Ұлттық дәстүрдегі тәрбие беру арқылы тұлғаның ұлттық мәдениетін қалыптастыра аламыз. Әлемдік жаһандану үрдісі барысында білім беру мен тәрбие саласында ұлттық дәстүрге сүйене отырып, жаңа ұлттық үлгі қалыптастыру арқылы ғана мемлекетіміздің дербестігін сақтап, жоғары өркениетке жете аламыз.
Бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу
Еліміздің ертеңі бүгінгі жастар екені белгілі. Ал бүгінгі өскелең ұрпақ ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыпын тым алыс, батыстық үлгіге бой алдырып барады.
Халықтық педагогиканың асыл мұралары болып табылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтел, шешендік өнер, халық ауыз әдебиетін бүгінгі жастар бойына сіңіру үшін ең алдымен ана тілімізден бастаған жөн. Ана тілін білмейтін ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру әсте мүмкін емес. Өз тілінде сөйлеп және ойлай алмайтын ұрпақтың өз ұлтына деген құрмет ешқашанда болмақ мес.
Қазақтың «тектілік» деген сөзінде үлкен мән-мағына, аса құнды астар жатыр. «Текті» деп білім қуы, еңбек етіп, ата-бабасының атына кір жуытпайтын, бойына ұлттық болмысымыздың бар қасиетін жинақтаған, иманды-инабатты, арлы да абыройлы азаматты айтамыз.
Ал «текті» ұрпқ тәрбиелеу үшін, отбасындағы ата-анасы беретін тәрбиемен қоса, мектеп қабырғасында бере алғашқы тәрбие бастауыш сыныптан басталады.
Білім негізі - бастауышта демекші, бастауыш сыныптағы әрбір баланың ішкі жан дүниесіне үңіліп, қазақи тәрбие беру негізі міндетіміздің бірі болуы шарт.
- Ана тіліміздің ерекшелігін ескеріп, сонау ақын-жазушыларымыздың «тіл» жайлы айтылған нақыл сөздерін, өлеңдерін пайдалана отырып, ұрпақ бойына тілімізге деген құрмет қалыптастыру.
Мәселен, Әбділда Тәжібаевтың «Тіл туралы» өлеңінде:
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін, - деген.
Осы өлеңнің өзі ана тіліміздің қажеттілігі жайында көптеген мағлұматтар беріп тұр. Осы сияқты қаншама ақын-жазушылардың тіл туралы ұлағатты сөздері бар. Ойшыл даналарымыз қалдырған нақыл сөздерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу - тәрбие жұмысының міндеті.
- Сабақ барысында ұлттық ойындарды (қыз қуу, көкпар, теңге алу, бәйге, алтын сақа) түрлі әдістермен ыңғайына қарай қолдану. Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын оятады.
- Мақал-мәтел сайысын ұйымдастыру. Сабақ барысында оқушыларды қатар бойынша бөліп сергіту сәті ретінде пайдалану. Бұл баланың сөздік қорын молайтады, әрі естте сақтау қабілетін арттырады.
- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде бала бойына рухани мәдениетті қалыптастыру.
- Салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
- Ұлттық дәстүр арқылы дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлға бойына дарыту.
Белгілі жазушы, педагогика ғылымдарының докторы С. Ғаббасов: «Халық педагогикасы» дегеніміз, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін және зерттейтін ілім» деген.
Халық педагогикасы ұрпақтпн-ұрпаққа қажетті қасиеттерді жинақтаған тәжірибе. Оның мақсаты ұлттық ерекшелігімізді айқындай түсетін, өнегелі азамат, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұлтымыздың тәлім-тәрбиесін ұрпаққа жеткізу әрбір ұстаздың алдына қойған мақсаты, бағдарламасы болуы шарт.
Адамгершілік, имандылық, инабаттылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, сөз қадірін білу сынды қазаққа тән қасиеттерді бала бойына сіңіруді бастауыш сыныптан бастаған абзал. Халқын «баланы жастан » деп тегін айтпаса керек. Бала күнінде ұқалыптасқан дағдысы келешектте жеңісін берері анық.
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа, қиялын дамытуда, мәдениеті мен ой өрісін өсіруде, сөздік қорын молайтуда халық ауыз әдебиеті жанрларының маңызы зор.
Мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштың өтірік өлең мен ертегі, дастандар және лиро - эппостық жырлар - оқушыларды елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, жамандық пен жақсыны, шындық пен өтірікті айыра білуге, батырлық пен батылдыққа тәрбиелейді.
Осылай оқушылардың ынтасын және танымдық қызығушылығын арттырып, олардың өз бетінше ізденуіне жол ашу.
Еті қазақ, ойы өзге жастарымыздың көрініс беруі қазақ халқының рухани құлдырауға түскенінің айғағы. Бүгінгі жастарымыздың жағымсыз әркекті, қыздардың шылым шегіп, ұлдардың ішімдікке бой алдыруы қалыпты жағдай болып барады. Ұлтымыздың болашағы тәрбиелі ұрпақ қолында. Ал тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудың ббірден-бір жолы - халықтық педагогиканың асыл қазынасы. Халық педагогикасының мәні - еңбек, білім, дағды, адалдық пен адамгершілікті жас ұрпақ бойына дарыту. Салт-дәстүр әобір ұлттың ұрпақ тәрбиесінен, тіршілігінен көрініс береді. Осы дәстүр ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып және сол қоғамға сай жаңарып отыруы шарт. Сонда ғана ол өз мәнін жоғалтпайды.
«Халқым қандай десең, салтынан сынап біл» деген екен. Ұлттың салт-дәстүрі арқылы сол ұлттың менталтитетінен, ақыл-зердесінен, даналығы мен даралығынан хабардар етіп тұрады.
Елбасымыз болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен салауаттық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек сонда ғана біз рухы дамыған, егеменді еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, -деген болатын.
Жалпы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде халықтық педагогиканы жүйелі пайдалана білсек, дәстүріміз жалғасып, әдет-ғұрпымыз сақталып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуімізге әбден болады.
Ұлттық тәрбие уызы.
Қоғамдағы заман туғызған қажеттіліктер ұрпақ тәрбиесін ұлттық рухани қазына, өнеге, әдеп-ғұрып, салт-сана дәстүрлерінің озық үлгілері жүйесімен толықтыруды өзекті етуде. Осы көкейкесті мәселелерге байланысты еңбектерде қазіргі білім мен тәрбие жүйесіндегі балалардың дүниетанымын дамытуға қойылатын негізгі талаптар үш түрлі бағытта қарастырылады: 1) еркін тұлғаны тәрбиелеу; 2) рухани тұлғаны тәрбиелеу; 3) ізгі адамгершілікті тұлғаны тәрбиелеу. Жас ұрпақ тәрбиесінің негізгі тұғырлары ретінде халық тағылымдарын жүйелеп ұсыну қаеттігін ғалымдар мойындап отыр. Соның бірі - батырлық жырлар.
Қаһармандық жырлардың негізгі мақсаты - елдің елдігін, халықтың бірлігін, оның тәуелсіздігін қорғайтын ел тірегі ерлердің сом тұлғасын жасау арқылы олардың өнегесін мадақ ету болып табылады. Осы мақсатты тұтқа еткен айтушылар ақылына қайраты барабар, қайратына қаруы сай «мінез» қаһармандардың ерлік істерін дәріптеуде «Ер қаруы - бес қаруды» жиі қайталап отырады. Өйткені, ел тірегі - батыр, ал батырдың тірегі - «қылышыма қырық кісі, садағыма сан кісі» деп серттескен қолындағы қаруы болмақ. Батырлардың қаруын дәріптеу тек батырлықжырлармен ғана шектеліп қоймайды, сондай-ақ, бұл дәстүр ақын жыраулар тілінде де қалыптасқан. «Ер жігіт осындай болсын » деген халық арманынан туған батырлар бейнесін сомдауда жыршылар оның қарсыласының да осал жан еместігінайтады. Оның бейнесін суреттеп, күш-қайратының қандайлық екендігін алдын ала айтып, тіпті жеті атасында болған ғажайып оқиғаларды да еске түсіріп отырады. Эпостағы қаһармандар менн жау батырларын қарама-қарсы суреттеу көбіне мотив-мінездеу арқылы көрінеді. Батырлық жырлардың экспозициясынан бастап-ақ болашақ батыр өзгеге ұқсамай, ерекше суреттелінеді. Анасының ерекше асқа жерік болуы, ғажайып тууы мен өсуі сияқты көріністер ұлғайтылып көрсетіледі. Бас қаһарман образын сомдауда жау батырын да ерекше ұлғайту арқылы екшелей түседі. Өйткені, тумысынан бөлек, алып күш иесінің өзіне лайық жаулары да осал болмауы тиіс. Тіпті батырды ақылға сыймайтын әлде бір қиял-ғажайып құбылысқа айналдырып, тыңдаушысын оқыс елең еткізетін суреттеулер де кездеседі. Ондағы мақсат - тыңдаушысын қызықтырып, жұртқа тосын әсерлер туғызу, сөздегі суретті түрлендіре отырып, көркем шығарманың оқырманға әсерін арттыра түсу. Мұндай ұлғайтулар көркемсөзді ажарлап қана қоймай, сөздерге ерекшелік пен екпін, тыңдаушыға эстетикалық әсер береді. Сондай-ақ, әдеби мұрамыздың бойына түбегейлі сіңіп сөздің бейнелік, суреттілік қасиеттерін арттыратын әсерлеу, дамыту сияқты көркемдік құралдар бар. Бұл көркемдік құралдар фольклорда да, ақын-жыраулар шығармасында ад, жазба әдебиетте де өте жиі кездесетін құбылыс. Олар фольклорда адам баласының қиял-арманына, дүниетанымдық көзқарастарын сай туса, ақын-жыраулар шығармасында оны тыңдаушыға айтатын ойын әсерлеп, қызықтырып жеткізу үшін қолданған. Ал, жазба әдебиетте оның сапасы, жасалу түрлері заман талабына сай өзгеріске ұшырап, ойды өрнектеп, бейнелеп жеткізу үшін қолданады. Яғни, әсерлесу, әсірелеу, дамыту, ұлғайту сияқты құбылту түрлері «көркем сөзді ажарлап қана қоймай, оны мазмұн жағынан да, пішін жағынан да құбылта құлпыртып, әрқашан «тілге жеңіл, жүрекке жылы тигізудің» тәсілдері қызметін атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz