Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда XII ғасырда жазыжан



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
2.1. Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірінің пайда болуы мен
қалыптасуы
1. Әл-Фараби - дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы
(870-950)
Әбу Насыр Мухаммед ибн Узлағ Тархан әл-Фараби (870-950 ж.) ойшыл,
философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист,
логик, музыка зерттеушісі. Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараби
(бертін замандағы Отырар) қаласында туған.
20 жасына дейін сонда оқып тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бухара, Хиуа
және мұсылман шығысының көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб
халифатының саяси, мәдени орталығы - Бағдатта тұрған. Арабтың мәдениеті мен
ғылымы дәуірлеген шақта соңда оқып, білім алып, ғылыми жұмыстармен
айналысқан. Өмірінің соңғы жылдарын Каирда, Алеппода, Дамаскіде (Шам
шаһарында) өткізген.
Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын
алады. Оны Шығыстың Аристотелі деп атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте
мол. Екі жүз қырыққа жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын
– философия мен логиканы, математика мен физиканы, астрономия мен
ботаниканы, минералогия мен лингвистиканы, медицина мен музыканы қамтиды.
Осынау ұланғайыр еңбектерінің ішінде философия мен әлеуметтанудың, этика
мен эстетиканың проблемалары үлкен орын алады.
Фараби шығыс перипатетизмнің аса көрнекті өкілі, араб тілінде әлемге
тараған прогресшіл қоғамдық философияның негізін салушылардың бірі. Ол
философияның, логиканың, әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың әр түрлі
саласына сан қырлы үлес қосты.
Этика Фараби мұрасының ішінде үлкен орын алады. Этиканы ол ең алдымен
жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады.
Сондықтан оның этика жөніндегі концепцияларында жақсылық, мейірбандық
категориясы басты орын алады. Жақсылық мазмұн-мағынаның бір бөлігі,
сондықтан ол материяның өзінде бітіп қайнап жатыр. Ал жамандық жақсылық
сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді. Ұлы ғалымның осынау
этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын
жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны
құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде
ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды. Фараби бұл салада
жасаған қорытындының басты түйіні - білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің
бірлігінде, Фарабидың гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл ой
мен білімнің биік мәнін, халықтар арасындағы туысқандық, достықтың
принциптерін егіле жырлады, адамгершілік, моралъ мәселесін діни тұрғыдан
берілетін негіздер екенін көрсетті.
Риторика, поэтика, өнер, музыка, т. б. жөніндегі еңбектерінде айтылған
көркемдік-эстетикалық көзқарастары әлі күнге мәнін жоймаған. Ұлы ойшылдың
көз тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен, шеңбері кең. Эстетика
мәселесі жөнінде айтқан соны пікір, тың идея, батыл тұжырымдар оның
көптеген шығармаларында кездеседі. Мысалы, "Риторика", "Поэзия өнерінің
каноны туралы трактат", "Поэзия өнері туралы" т. б. еңбектеріңде
көрсетілген.
Музыка зерттеу саласында Фараби әралуан шығармаларымен қатар "Музыка
туралы үлкен кітап" атгы іргелі кесек еңбек қалдырды. Бұл жұмыс музыкалық
дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына
дейінгі "Музыка ғылымының" мәселелеріне ғана арналмай, музыканың жағымды
әсерін, жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ, оның тәрбиелік мәні зор екенін баса
айтгы. Адамның музыка шығару қабілеті, дарындылығы дәрежесінің әр түрлі
сатысын көрсетті, адамның жан дүниесіне жақсы, жаман әсер ететін музыкалық
жанрларға талдау жасайды.
Адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби
әділеттілікті халықтар достығын насихаттауда, мәдениетті, ғылымды жасауда
барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары, оның өз
заманындағы Шығыс елдерінің, әрі дүние жүзі халықтарының көкейтесті
проблемаларымен үндесіп жатады. Сондықтан да оның энциклопедиялық мол
мұрасы біздің қазіргі XXI ғасырдың басындағы әлеуметтік өмір мен
мәдениеттің ішіне кірігіп, ұласып кетеді. Фарабидің: "Бақытқа жету жолында
барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге
толады", - деген сөзі тап бүгін де өте мәнді.
Ол адамның іс-әрекетінде зерделіліктің (зиялылықтың) рөлі аса зор деп
бағалады. "Олардың ақыл-ойы халықтар арасындағы ұрыс-жанжалдардың
(соғыстың) пайдасыздығын ұғуға жетеді". Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке,
берекеге жету жолында, (демек бақытқа жету жолында) бір-бірімен келісімге
келуі керек". Гуманизмді халықтар достығын насихаттап, адамның өзін, оның
ақыл-ойын, қабілет пен жігерін өте жоғары қояды, адамның шынайы бақытын
тілейді, оларды тынымсыз іздену, оқу-үйрену арқылы өзін-өзі жетілдіруге
шақырады. Тек адамның мінез-құлқына байланысгы ғана одан жаман немесе жақсы
қылық шығады", - дейді әл-Фараби.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде Фараби заманында медицина ғылымы
жақсы дамыды. Антика заманы мен орта ғасырларда философия мен медицина
жөніндегі білім бір-бірімен тығыз байланыста болатын. Көптеген философтар
дәрігерлікті және философияны қатар зерттейтін. Фараби творчестволық
мұрасында медицина саласынан да еңбектер бар.
Оның медициналық-философиялық идеялары тек соңғы кезде ғана
ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды. "Адам денесінің органдары жайында
Аристотельмен келіспеуіне байланысты Галенге қарсылық" атты трактаттары
орыс тіліне аударылып басылып шыққаннан бері зерттеле бастады. Өзбек
Республикасының Шығыстану институтында сақтаулы жатқан қолжазбалардың
ішінде Фарабидің "Жануарлардың органдары (денесі), олардың функциясы мен
потенциясы" атты еңбегі бар екені айтылады.
Медицина саласындағы трактаттарды ғылымның жаратылыс тану,
философиялық идеялары және грек заманындағы классикалық ғылымның
жетістіктерімен тығыз байланысты екенін көрсетіп қана қоймайды, сонымен
бірге оның ғылыми тұрғыдан дұрыс та деректі білімнің тазалығы үшін
күрескендігін дәлелдейді, білімнің ұланасыр энциклопедиялық сипатта екенін,
әр ғылымның күрделі проблемаларын аналитикалық жолмен шешетіндігін айқын
ажартады. Ол жаратылыс тануды теориялық білім деп қарайды. Ал медицинаны
практикалық өнердің әлде қандай бір түріне жатқызады. Оның айтуынша,
жаратылыс тану әрбір табиғи заттың мазмұн-мағынасын түсіндіріп беруге
қызмет етеді. Материяны, оның формасын әрекетінің себебін анықтайды, бұл
қасиеттері оның болмысын, мақсатын көрсетеді, бұл зат сол үшін тіршілік
етеді, сөйте отырып әрқайсысының жеке-дара белгілерін түсіндіреді. Ол
медицинаны практикалық өнер деп қарап, оның міндеті мен мақсатын,
функциясын ерекше даралап айтады. Медицинаның әрекеті белгілі бір аурумен
ауырған адамға емдік ету арқылы денсаулығын қалпына келтіруге бағыт алған.
Сонымен дұрыс дерекке сүйенген медицинаның міндеті адамның ауруының себебін
ашып қана қою емес, оның денсаулығын сақтау, жеке органдарын аман ұстаудың
және аурудың туу себептерін сипаттауға айырықша орын беріледі. Оның себеп-
салдар байланысын сыртқы әсермен ұштастыру негізінде қарастырады. Ғалым
денсаулықты сақтауда, ауруды жазуда айналаны қоршаған ортаның, дәрі-
дәрмектің, тамақтың рөлі зор екенін көрсетеді. Сондай-ақ, дәрігердің білім,
тәжірибесі, түрлі дәріні медициналық аспаптарды қолдана білуі де қажетті
шарт екенін атайды. Оның пікірінше, адамның барлық органдары бір-бірімен
өзара байланысып жататындығын білу дәрігерлік емдеудің ең маңызды принципі
болуға тиіс.
Әл-Фараби тәрбиенің барлық мәселелерін логикамен, тәрбие мұратымен,
білім алумен, үйренумен үлгілі тәжірибемен, оқумен байланыстыра
уағыздағанын білеміз. Ол өзі жазған "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде
ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза
еңбекте, еңбек өз кезегінде - тәрбиенің негізінен туындайды деген еді.
Тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы екенін біз тәрбие
тағылымынан жақсы білеміз. Демек, жас өспірімдер мен аға буын арасындағы
мирасқорлық тәрбие арқылы жүзеге асады. Дәлірек айтсақ, тәрбие жеке адамның
адамгершілік, ақыл ойының дамуында, еңбекке баулуда басты рөл атқарады.
Барлық қоғамдық-экономикалық формацияларға тән құбылыс ретінде тәрбиенің
жалпылық белгілері бар. Ол тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа берілуі, білім
меңгеру, денсаулық сақтау, дүниеге көзқарасты қалыптастыру. Алайда,
тәрбиенің мақсат, мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың
тарихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады. Алғашқы қоғамда тәрбие аға буынның
өмірге қажетті практикалық дағдыларын жас буынға үйретумен шектелді.
Балалар барлығы бірдей тәрбие алды. Таптық қоғамының тууына байланысты
тәрбие таптық сипат алды. Феодализм дәуірінде тәрбиенің сословиялық сипаты
айқындала түсті. Әр сословие балаларының тәрбиесінің өз міндеті, мазмүны
және түрі болды. Буржуазиялық қоғамда сословиялық мектептердің орнына
таптық қайшылықты күшейтті. Қазіргі капиталистік елдерде де әртүрлі
әлеуметтік топтар тәрбиесі арасында дифференциация бар.
Еңбек тәрбиесінің теориясын, тәрбиенің жалпы және қоғамдық категориясы
ретінде Педагогика ғылымы жан-жақты зерттеп келді. Демек, еңбек тәрбиесі
белгілі бір қоғамда жасөспірімдер мен жастардың еңбекке саналы да
адамгершілікті арқау етіп, мирас тұтатын көзқарасты, жоғары саналылықты
еңбек үстінде қалыптастыратын процесс.
Әл-Фараби Аристотельдің ғылыми мұраларын жан-жақты зерттеп, өзінің
ғылыми еңбектерінде адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіреттілігін
дәріптейді. "Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы", "Бақытқа жету" тағы
басқа шығармаларыңда ғылымды меңгеруді бұл дүниедегі бақыт, кемел табудың
қажетті шарты деп санайды. Ол өз заманындағы ғылымдардың барлық салаларынан
әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыс тану ғылымдарынан көп
мұра қалдырды, трактаттарында, адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, тәрбиелерін
адамды ақылдылыққа үйретіп, еңбекке үйретіп баулудың, күнделікті өмір
сүрудің тыныс-тіршілік құралы - деп тұжырымдайды. "Бақытқа жету" атты
еңбегінде, жас ұрпақ тәрбиесі, жеке бала тәрбиесі, тіпті кейде жеке адам
тәрбиесі, жастар тәрбиесі, жас жұбайлар тәрбиесі жайлы жан-жақты ұлағатты
ұғымдар, трактаттар, өсиеттер, үлгілі-өнегелі сөздер, пікірлер біздің
заманымызға дейін сақталып, ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп, халықтық
педагогиканың қазынасына айналды. Онда тәрбиенің педагогикалық мақсат,
міндеті, оның философиялық негізі баяндалып тұжырымдалады. Оның ойынша,
бақытқа жету басы – таза еңбек, адал еңбек, (ой толғанысы) болып
есептеледі.
Әл - Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға
негізделуі қажет деп тұжырым жасады. Ол өзінің "ғылымдар тізбегі" немесе
"ғылымдарды жіктеу" деген еңбегіңде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес
салаға бөледі. Олар: I - Тіл білімі және оның тараулары. 2-Логика және оның
тараулары. 3-Математика және оның тараулары. 4-Физика және оның тараулары.
5-Азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. әл-
Фараби педагогика ғылымын - Азаматтық ғылымға жатқызған. Ол Азаматтық
ғылымды - оның саласы педагогиканы оқу, білім алу тәрбиенің құралы деп
есептеген. Еңбек ету, саналы болу, адамгершілік, ақылдылық - табиғаттан
туындауы шарт деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби адамның өзі табиғат, адам
– жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысына көтерілген,
еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз
сөйлей білетін саналы белгілі бір ортаның мүшесі. Сол кездегі түсінік
бойынша, Фарабидің орта - деп отырғаны бүгінгі қоғам болса керек. Адам
туралы материалистік бағытты ұстаған Фараби – адам еңбек ету нәтижесінде
жоғары сатыға көтерілді деген тұжырымға келді.
Әл-Фараби тәрбие процесінде "қатты әдіс" пен "жұмсақ әдісті"
ұштастыруды талап етеді. Ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке
анықтайды. Қазіргі тәрбие процесі тұрғысынан қарағанда, "қатты әдіс" - деп
отырғаны жазалау да, "жұмсақ әдіс" - деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фарабидің саяси көзқарастары
Әль-фараби ойшыл, философ, әлеуметтанушы, зерттеуші
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Әл-Фарабидің педагогикалық-психологиялық көзқарастары
Алтын Орда мемлекетінің қалалары
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі. «Саз сырнай»
Қазақ педагогтары
Мишель Монтень және Джон Дьюйдің тәрбие мен оқу туралы ойлары
Пәндер