Философиялық тарих


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Әлеуметтік философия пәні.

Әлеуметтік философияның немен айналысатынын бастамас бұрын оның қалыптасу тарихының кейбір мәселелеріне тоқтала кетейік.

Әлеуметтік философия тек әлеуметтік және индивидуалданған адам болмысы мәселелерімен айналысады. Алайда оның бұл мәселелердің бүкіл кешеніне қатынасы бар екені де белгілі. «Әлеуметтік және индивидуалды болмысқа» тарих та, мәдениет те, жеке адам болмысы да және т. б. кіреді. Тарихтың, мәдениеттің, экономиканың (шаруашылықтың) және т. б. «жеке философиялары» бар екенін ескерсек, оның зерттеу аймағын анықтау қиынға түседі.

Шындығында қиындықтар да, сұрақтар да бар. Алайда бұл мәселеге келгенде әлеуметтік философияның даму тарихына жүгінген дұрыс. Оның мәліметінше адамдардың әлеуметтік және индивидуалды болмысының әр түрлі қырларын зерттейтін бүкіл «жеке философиялар» тарихи тұрғыда қазіргі кезде «әлеуметтік философия» деп атайтын бүкіл қоғам туралы дүниетанымнан келіп шығады. Пайда болуы, қалыптасуы және дамуы жағынан әлеуметтік философиядан алда тұрған бір ғана аймақ бар. Бұл философиялық білім аймағы - тарих философиясы. Осы тұста «даналыққа құштарлық» ретіндегі философия түсінігіне қайта оралуымыз қажет. Бұл сөз тіркесіне мәтін және контекст тұрғысында көз жіберейік. Және де «тарих философиясы» деген сөз тіркесіне де назар аударайық. Онда тарих философиясы - бұл «тарих даналығына құштарлық» болып табылады. Бұл қандай «даналық?» Бұл, әрине, бір жағынан - тарихтың өсиеті де, екінші жағынан - өсегі де. «Мұның арғы жағында не жатыр?» деген сұрақ осы жерде интуитивті түрде (белгілі бір рухани күш-жігер сияқты интуициясыз да философиялық пайымдау мүмкің емес) пайда болады. Басқаша айтқанда, тарихи өмірдің құбылыстары мен оқиғаларының, барлық алуан түрлі айғақтар мен үдерістердің арғы жағында не жасырылған?

Міне, осы жерде Тарих туралы философиялық пайымдау тарихының өзі тарих заңдылықтары туралы, логикасы туралы, қозғаушы күші туралы сұрақтарды алға тартады. Бұл заңдылықтар, осы логика, осы күштер бар ма? Әлде барлығы да хаостық, кездейсоқтық және жүйесіздік сипатта ма? Тарихтың қозғаушы күштерін, логикасын, заңдылықтарын және т. б. ашу және игеру - мұның бәрі «Тарих даналығына құштарлық» ретіндегі тарих философиясының пәндік аймағын құрайды.

Тарих туралы философиялық пайымдаудың қалыптасуы мен дамуына толық болмаса да оның кейбір негізгі сәттеріне тоқтала кетейік. Бұл жерде Г. В. Ф. Гегельдің атақты «Тарих философиясы бойынша лекциялар» еңбегіндегі тарих ғылымы дамуының жалпы дәуірлеріне сүйенеміз. Гегель тарихй таным дамуының үш кезеңін бөліп көрсетеді:

1) Антик дәуірінде Геродот және Фукидидтен басталып, кейінгі ортағасырлар мен Жаңғыру дәуіріне дейін жалғасқан «бастапқы тарихнама».

2) Жаңа заман мен Ағартушылық дәуіршдегі «сыншыл тарихнама».

3) «Философиялық тарих».

Осы дәуірленуді негізге ала отырып, оның кейбір мәнді мезеттеріне тоқталайық. Мысалы, антиктік грек-рим тарихшыларының тарих ғылымына сіңірген еңбегі қандай? Фукидид және Геродот заманынан бері Тарих оқиғалардың тізбегі ретінде көрінді. «Алғашқы», «бастапқы» тарихнама оқиғаны тарихи үдерістің клеткасы, басты ұясы ретіндегі көзқарасын санаға сіңірді. Бұл тарихнаманың екінші маңызды жаңалығы, оқиғалардың пайда болуын, іске асуын, дамуын уақыт ағынында қарастырды. «Топос» (грекше «toros» - «орын») және «Хронос» (грекше «hronos» - «уақыт»), яғни уақыт ағымында өткен оқиға - міне, антиктік дәстүрдің әлемдік тарихнамаға бергені.

Әдетте ортағасырларды біз «қараңғы» және ондағы соғыстармен, крест жорықтарымен, Еуропа мен Азия кеңістігінде мемлекеттердің пайда болуымен сипатталатын «ауыр» ғасыр-V лар деп қабылдаймыз. Алайда, осыларды ескере отырып, орта- ғасырларда философиялық, гуманитарлық білімдер дамығандығын ұмытпауымыз қажет (мысалы, философия мен риторика үшін үлкен маңызы бар дәлелдеуші қатаң логиканың, онтологияның, герменевтиканың, заңгерліктің дамуы) . Дәл осы орта-ғасырлық тарихнама мен Тарихтың қоғамдық санасына заттардың әдеттегі тәртібін төңкеріп, ескімен салыстыру, келмейтіндей жаңа әлем жасайтын жалпы әлемдік маңызды оқиға, тарихи «рубикон», дәуірлік оқиға түсініктері енді.

Христостың дүниеге келуі, өмірбаяны, өлуі және тірілуі, Алланың Пайғамбар арқылы қасиетті «Құранды» адамдарға жіберуі, «ақырет», «қиямет-қайым» және т. б. архетиптер (К. Г. Юнг теориясы арсеналынан алынған термин) - тарихты көру мен қабылдаудың, ол туралы пайымдаудың айшықты прообраздары ортағасырлық адамдарда осындай «ауқымды» және «дәуірлік» оқиғалар тұрғысынан ойлауды қалыптастырды. Ортағасырлық рухани мәдениеттің басты маңызы адамдарға Тарих оқиғаларын сана-сезіммен игеруді, оны өзі арқылы, өзінің ақыл-ойы мен жүрегі арқылы өткізуді үйретті.

Дәл осы ортағасырлардан бастап тарих философиясы «тарих даналығына құштарлық» ретінде қалыптаса бастады. Өйткені, даналық қана Құдаймен байланысты кәсіп ретінде түсіндірілді. Діни канондар апологеттері мен шіркеу иелерінің бұл даналықты игерудегі «діни емес» білімге тыйым салып, адамдардың оны тану мүмкіндіктеріне шектеу салғанына қарамастан әр алуан тарихи оқиғалардың артында не бар деген мәселе қойылуының өзі тарих мәнін философиялық игерудің онан арғы дамуын бекітті.

Оның үстіне, антик заманынан бері қоғамның мемлекеттік-құқықтық және саяси құрылымының теориясы мен тарихының, әділетті қоғам және билік туралы ілімдердің маңызы арта түсті. Осылардың негізінде қоғам мен адам туралы философиялық ілімдер дамуының ішкі логикасы Жаңа заман мен Ағартушылық дәуірінде ерекше қырынан көрініп, әлеуметтік философияның ішкі ядросын құрайтын философиялық-тарихи білімдер негізі қаланды.

Гегель бойынша «сыншыл тарихнама» Жаңа заман және Ағартушылық дәуірінде қалыптасты. Бұл - философия мен гуманитарлық ой тарихының ғүлама білгірі негіздеген ескертпе еді. Бұл тұрғыдағы көрнекі мысал ретінде Вольтердің тарихи ғылымға көзқарасын алуға болады. Философиялық білім тарихында ол алғаш рет «тарих философиясы», «мәдениет» және көбіне «прогресс» (бұл термин Вольтерге дейінгі философтар жұмыстарында да, - мысалы, Ф. Бэконда адамның табиғатты ғылымдар дамуының, математиканың, физиканың және т. б. арқасында игеруі идеясымен байланысты) ұғымдарын айналымға енгізгендігімен белгілі.

Вольтердің пікірінше, «тарих философиясы», бүл, ең алдымен, Жалпыәлемдік тарихты құру ұмтылысы (осыған ұқсас, мысалы, алуан түрлі оқиғаларды, айғақтарды, барлығын қамтитын көп томды Тарих кітабын жазу) . Екіншіден, ғалым-тарихшылар ойларын сыни тұрғыда пайымдау (сондықтан да Гегель бұл кезеңді «сыншыл тарихнама» деп атайды) . Ол мынадай сұрақтарға жауап берумен байланысты: «Неге мына ойшыл тарих туралы басқаша емес, дәл осылай ойлайды? Ол қай жерде және қалай қателеседі? Тарихшылардың тарихи танымы мен адасушылығының табиғаты қандай?» және т. б. Үшіншіден, заңдар мәселесін, тарихи үдеріс логикасын оның дамуында және әсіресе оның болашағында ашу.

Алайда Ағартушылық тек үшінші мәселені қолға алды. Гегель бойынша, оның тиісінше дәуірлерге жіктеуі бойынша тарихи білім дамуының келесі кезеңі - тарихты философиялық пайымдау - тарихи ойлау принциптерін, тарих логикасын, заңдылықтарын тану міндетін қояды және шешеді. Жаңа заман философиясының ерекшілігі осы ХVII-ХVIII ғасырларда өмір сүрген ойшылдар қойған бірқатар мәселелермен байланысты еді. Ол - субстанция, детерминизм, шындықты тану әдістері және себептілік. Табиғат субстанциясы мәселесі біршама деңгейде зерттелгенімен, «тарих субстанциясы» жіктелмей, назардан тыс қалып қойды. Оны «тауып» және «белгілеу» керек еді. Мұны объективтік-идеалистік бағытта болса да жүзеге асырған Гегель болды.

Оның философиясындағы тарих субстанциясы - халықтар рухына, әлемдік рухқа айналған Идея, Абсолюттік Рух. Идея Гегель ілімінде ұғымдар арқылы, ұғымдарда дамиды. Сондықтан бұл даму туралы философиялық пайымдау - осы қозғалыстың адамзат ойының ұғымдар логикасында көрінуі. Бұл тарихтағы Рух дамуы кезеңдерін тілдің көмегімен дәл сипаттаудың, оны адал, логикалық дұрыс пайымдаудың қажеттілігін білдіреді.

Және осы жерде Тарихтағы Рух, Идея дамуының ішкі мәні, принципі туралы мәселе туындайды. Оны да «тауып алып» және терминологиялық тұрғыда «белгілеу» қажет. Гегель бұл мәселеге келгенде де бұл міндетті өзінің диалектикалық-логикалық көзқарасы мен объективтілік позициясы тұрғысынан шешеді. Ол әлемдік тарихтың ішкі принципін тауып және оны сөзбен белгілейді. Бұл принцип пен осы сөз - Еркіндік деп белгіленеді. Енді Гегельдің теориясы мен өзге де ойшылдар көзқарастарын талдауды қоя тұрайық. Жоғарыда айтылғандардан тарихтуралы философиялық пайымдаудың негізгі мазмұны мен мәнін не құрайтынын айқындадық. Бұл ертеректе көрсетілген тарихтың мақсаты, логикасы, заңдылықтары, оның мәні мәселелері, сонымен қатар, қазіргі философиялық тілмен айтқанда тарихи ойлау мен танымның теориялық-методологиялық мәселелері.

«Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі XIX ғасырдың екінші жартысы - соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын, пәндік ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды.

Сонымен, ең алдымен тарих философиясының дамуы, сонымен қатар, қоғамның саяси-құқықтық ұйымдасуы туралы ілімдердің орасан зор ықпалы философияда пәндік тұрғыда анықталған білімнің ерекше аймағы бөлініп шығуына алып келді. Бұл сала қогамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады.

Баспа ісінің қарқынды дамыған қазіргі жағдайында әлеуметтік философия пәніне қатысты жазылған оқу кітаптары мен құралдардың өте молдығына сілтеп, сөзімізді аяқтауға да болар еді. Және мұның барысында әр түрлі авторлар пікірлері қай мәселелерге байланысты өзара сай, қайсысы қайшы келетінін де талдауға болар еді. Алайда, мұны іске асыру әрбір оқырманның өзінің де қолынан келеді.

Жоғарыда айтылғандарға қарамастан әлеуметтік философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары (Н. А. Бердяев, И. А. Ильин, П. А. Флоренский, С. Н. Булгаков және т. б. ) пікірлерін атап өткен жөн. Осылардың қатарына жатқызуға болатын С. Л. Франктың (1877-1950) әлеуметтік философияға қатысты пайымдауларына кеңірек тоқталайық.

1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі - «Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: « . . . әлеуметтік философия мәселесі - бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді».

С. Л. Франктың әлеуметтік философияға қатысты негізп ойлары мынадай сұрақтарға жауап беру төңірегінде:

1) «Қоғамдық өмір» деген не?

2) Адам өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады және оның шынайы мақсаты не?

3) Адам өзінің қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге ұмтылады және неге жетуі мүмкін?

4) Адамның қоғамдық өмірі әлемдік, ғарыштық болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады және оның нағыз мәні неде?

5) Қоғамдық өмірдің жалпы өмір негізін қүрайтын абсолюттік бастаулар мен құндылықтарға қатынасы қаидайі

Оның айтуынша әлеуметтік философия - «қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін» зерттеумен айналысатын философиялық таным. «Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамымен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады».

Енді осы келтірілген пікірлерді өзіміздегі философиялық білім құрылымы туралы көзқараспен және схемалармен біріктірейік. Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық «әлемдерінің» - тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т. б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық білім саласы.

Бұған әлеуметтік философияны әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді танудын теориялық-методологиялық мәселелері, заңдылықтары, социум болмысының логикасы қызықтыратыны туралы тұжырымымызды қосайық. Және ақырында, С. Л. Франктың анықтауынша, әлеуметтік философияның зерттеу аймағы - қоғмдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы және қоғамдық өмірдің құндылық қырларының жалпы өмірдің фундаменталды құндылықтарына қатынасы. Осылайша, «әлеуметтік философияның» көпқырлы, көпөлшемді «түпкілікті формуласын» тауып және тегі жағынан тарихи, табиғаты жағынан философиялық болып табылатын әлеуметтанумен, мәдениеттанумен салыстырғанда оның немен айналысатынын біле аламыз.

Бұл «формуладан» шығатыны - әлеуметтік философия функцияларын тек философиялық жүйеде ғана емес, бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесінде де жеткілікті түрде айқын жеткізуге болатындығы. Ең алдымен, әрине, әлеуметтік философия бойынша оқулық және арнайы әдебиет авторларымен толық келісе отырып, оның дуниетанымдық қызмет атқаратынын тиянақтауға болады, өйткені ол «әлеуметтік әлемді» бейнелеп қана қоймай, оның саналы бейнесі ретінде «оны жаратады да». Әлеуметтік философия әлеуметтік әлемнің тек «картинасы», бейнесі ғана емес. Ол, сонымен қатар, әлеуметтік идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмірмен байланысын анықтай отырып, осы әлемді жаратады да.

Екіншіден атқаратыны - методологиялық функция. Әлеуметтік философия мұны пәндік және теориялық форма ретінде қызмет ете отырып және әлеуметтік құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы философиялық принциптерді пайдаланудың үлгісі бола отырып жүзеге асырады. Олардың қатарына, мысалы, диалектика принципі (тарихилық принципі, абстрактылыдан нақтыға өту принципі және басқалары) мен синергетика принципі (бүтін, органикалық, өзін-өзі басқарушы және өзін-өзі ұйымдастырушы жүйелердің жүйелік-құрылымдық ұйымының жалпы теориясы) жатады. Әлеуметтік философия әлеуметтік-гуманитарлық білімдерді пәндік тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегі ретінде көрінеді (мысалы, кешегі күндерде ол «тарихи материализм» рөлімен көзге түсті) .

Әлеуметтік танымның методологиялық бағдарында герменевтиканың да ұғыну мен түсіндіру философиясы ретіндегі маңызы зор. Әлеуметтік философия мен «әлеуметтік философтардың» қазіргі жағдайы екі христианды еске түсіреді: біріншісі өз Құдайына сыйынып, оны үнемі мадақтап отырса, екіншісі оған үнемі сұрақ жаудырумен өтеді. Әлеуметтік философияда да сол сияқты: біріншілері өзінің «құдайы» - қоғамды мадақтай отырып, оның ақыл-ойынан, жетістігінен және прогресінен үміт күтсе, екіншілері - «Біз кімбіз? Қайдан шықтық? Қайда барамыз? Әлемдегі біздің болмысымыздың мәні неде?» - деген сұрақтармен, қалыптасқан ахуалдың шешімін іздейді. Бұлардың екеуінің арасындағы ұқсастық, олар ең алдымен түсінуге ұмтылып, сонан кейін ғана «түсіндіруге» тырысады (ал Құдай болса өзін түсінуді емес, өзіне сенуді қалайды, бірақ қоғам Құдай емес қой!) .

Әлеуметтік философияның үшінші функциясы оның танымдық, эвристикалық қызметі болып табылады. Ол танымдық мәдениеттің элементі ретінде шындықты тек «бейнелеп» қана қоймай, қоғамдық өмірдің заңдылықтары мен принциптерін қалыптастыра отырып, бір нәрсені ашуға қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық ерекшеліктерімен айрықшаланады.

Төртіншіден, әлеуметтік философия әлеуметтік болмыстың құндылық негіздерін пайымдай отырып, аксиологиялық қызметті атқарады. Оның ішіне белгілі дәрежеде тәрбиелеуші функция да кіреді: әлеуметтік философия, біріншіден, танымның, гуманитарлық ойлаудың белгілі бір мәдениетін тәрбиелейді; екіншіден, адамдардың және бүтіндей қоғамның белгілі бір құндылық бағдарларын тәрбиелейді, қалыптастырады.

Бесіншіден, әлеуметтік философия кейбір философиялық концепциялардағы әлеуметтік болжау сәтсіз және ғылыми негізі жоқ деп жарияланғанына қарамастан, болжамдық қызмет те атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы әлеуметтiк философия пәнi
Қоғам философиялық таным обьектісі ретінде
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Дүниеге көзқарас түрлері
Тарихқа өркениеттік көзқарас
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығындағы адам мәселесін философиялық тұрғыдан талдау
Тарих философиясының пәні
Тарих философиясындағы өркениет ұғымы
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz