Аналиттикалық әдіс


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

№1, 5

Мектепте оқылатын физиканың алдында тұрған күрделі және жауапты міндеті орындау үшін физиканы дидактикалық принциптерін жүзеге асыру үшін, физиканы оқытудағы саналуан әдістерді пайдалану керек және оқу сабағын ұйымдастырудың физика курсын ретімен жоспарлы түрде оқытылуын қаматамасыз ететін формасын қолдану керек. Оқытудың бір ғана универсал әдісі болуы мүмкін емес. Оқытудың әдістерінің әр түрлі болуы, қай оқу пәнін болмасын дұрыс оқытудың керекті шарттарының бірі болып табылады.

Мазмұны, алдында тұрған міндеті және формасы жағынан саналуан түрде өткізіліп жататын сабақтарда мектептің алдында тұрған міндеттерді: негізгі физиканы білімдермен қарулануды, ғылыми көзқарасқа негіз салуды, физиканы техникалық пайдалануға үлкен мүмкіндіктер жасауды, бірнеше практикалық білім мен дағдыны дамытуды қамтамасыз ететін барлық әдістер, барлық тәсілдер қолданылады.

Физика мұғалімі сабақтарда оқушылармен әңгімелескенде, оларға баянды түсіндіріп айтқанда, тіпті кейде лекция оқығанда физиканы оқу материалын жүйелі түрде орындайды, мазмұндайды. Мазмұндап айту тәжірибелі демонстрациямен, таблицалардың, диопозитивтердің, кинофильмдердің, модельдердің жәрдемі арқылы иллюстрациялаумен, формулаларды қорытып шығарумен, қорытындыларды қысқаша жазумен, схема түрінде сурет салумен, есеп шығарумен қатар жүргізіледі. Физика сабағында мұғалімнің басшылығы оқушылар тек тыңдап қарап отырмай өздері де әрекет жасап отыруын қаматамасыз ететін болу керек. Үздіксіз оқушылардың белсеңділігін, олардың физиканы қызығып оқуын ояту керек.

Сабақ - оқуды үйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ - оқу процесіндегі шешуші буын, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы ең алдымен әр сабақтың ғылыми - әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты. Сабақта оқытудың алуан түрлі әдістерін қолдануға болады.

Оқыту әдістемесін классификациялауға оқушылар білімдер мен дағдыларға ие болатын қайнар көзді негіз етіп алып, барлық әдістерді үш үлкен топқа бөлуге болады:

Сөздік әдістемесі :мұғалімнің материалды баяндап беруі (лекция, әңгімелеу, түсіндіру), әңгімелесу, кітаппен (оқулықтар мен оқу құралдарды, анықтама, т. б. ) жұмыс істеу.

Көрнекілік әдістемесі : мұғалімнің тәжірибе жасап көрсетуді, көрнекі құралдарды (жұмыс істеп тұрған машиналар мен техникалық қондырғыларды, сурет, схема, коллекцияларды) көрсету, оқу кинофильмдерін көрсету.

Практикалық әдістемелері : оқушылардың эксперименттік және практикалық жұмыстары; үлестірме материалмен істелетін жұмыс, жаттығулар (есептер шығару, графиктер салу және олармен жұмыс істеу) .

Алғашқы екі топ оқушылардың білімдермен логикалық ойлау дағдыларын алуына көмектесетін әдістерді қамтиды. Кітаппен жұмыс істей отырып мектеп оқушыларды білімдерге және суреттерді, схемаларды, таблицаларды пайдалану шеберліктеріне ие болады. Үшінші топ оқушылардың білім алуларына ғана емес, сондай - ақ оларда приборлармен, схемалармен жұмыс істеудің практикалық шеберліктерін және дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін әдістерді де қамтиды.

Оқыту әдістемесінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар және белгілі бір жағдайларда қандай-да бір оқу - тәрбие міндеттерін шешкенде оңды нәтижелерге алып келеді. Бірде біз әдісті әмбебап, кез келген міндеттерді шешуге жарамды деп есептеуге болмайды. Оқыту әдістерінің алуан түрлілігі - оқушыларды жан-жақты дамытудың қажетті шарты.

Практикада, әдістемелердің бірде-бірін басқаларынан бөліп алып қолданбайды, қайта олармен үйлестіріп қолданады. Мысалы, оқытудың сөздік әдістерін тәжірибелер жасап, көрнекі құралдарды көрсетумен, практикалық әдістерді сөздік әдістермен үйлестіре қолданады.

Әдістемелерді сабақтың алдына қойылған міндеттерді анағұрлым тиімді шешуге қол жеткізетіндей етіп дұрыс ұштастырудың маңызы зор. Мысалы, 7-8 сыныптарда физикалық заңды оқып үйренгенде - мұғалімнің түсіндірулерін приборларды көрсетумен және схемаларды пайдаланумен, ал күрделі емес приборлардың құрылысын оқып үйрену кезінде (мысалы, балқымалы сақтандырғышты, қыздыру электр лампаларын) оқулықпен және үлестірме материалмен істелетін жұмыстармен ұштастырған жөн.

Оқыту әдістерін таңдаған кезде сабақтың мақсаты мен міндеттерін, оқу материалының мазмұнын оқып оқулықта баяндалу сипаты, оқушылардың жас ерекшеліктерін, сынып құрамының өзгешеліктерін, физика ғылымының әдістерін, физика қабілетінде жабдықтың болуын ескеру керек.

Оқытудың сөздік әдістерін қарастырайық.

Әңгімелесу - мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық тәжірибе мен тәрбиелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білімдерді түсінуге және меңгеруге алып келетін оқыту әдістемесі.

Материалдарды әңгімелесу әдісімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибелер жасап көрсетіп немесе мектеп оқушыларды орындайтын тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар логикалық пайымдау жолымен, алға қойылған мәселелер жөніндегі дербес ақыл - ой жұмысы арқылы тұжырымдар мен жинақтаулар жасайды.

VІІ - VІІІ сыныптарда физиканы оқытуда қолданылатын әңгімелесу әдісі - жаңа материалдарды оқып үйренудің және оқушылар білімінің сапасын тексерудің негізгі әдістерінің бірі. Оны мынадай жағдайларда қолданады:

  1. физикалық заңдарды демострациялық тәжірибелермен және оқушылардың фронтальдық экспериментімен ұштастыра оқып үйренген кезде.
  2. физикалық құбылыстардың мәнін ашып - айқындау кезінде.
  3. физикалық ұғымдарды қалыптастыру барысында (тәжірибелерді демонстрациялау мен көрнекі құралдарды көрсетумен ұшастыра) .
  4. жаңа материалды оқып үйрену процесіне сүйену үшін білу қажет болатын бұрын өтілген материалды қайталау кезінде.
  5. алға қойылған проблемаларды шешу кезінде.
  6. сол сабақта оқып үйренілген материалдың меңгерілу сапасын тексеру кезінде.

Көрсетілген жағдайларда әңгімелесу әдісі негізгі, ал басқа әдістер қосалқы болып табылады. Қарастырылған жағдайлардабұл әдіс, басқа әдістерге қарағанда, оқушыларжда оқып үйренілетін мәселеге деген ынта-ықылас тудыруға, олардың ойлауын күшейтуге жақсы мүмкіндіктер тудырады.

Әңгімелесу - бұл мұғалімнің материалды дәйектілікпен, бейнелі түрде, диалогпен үзбектелей, баяндап беруі, оның қолдану мақсаты мынадай:

  1. оқушыларды өнертабыстардың және физикалық заңдарды ашудың тарихымен, аса көрнекті ғалымдар мен өнер тапқыштардың өмірбаянымен таныстыру.
  2. ғылыми техниканың жетістіктерімен және даму перспективалармен таныстыру.
  3. оқып үйренілетін физикалық құбылыстар мен заңдардың, приборлармен техникалық құрылғылардың ғылымда, техникада қолданылумен таныстыру.
  4. табиғат пен техникалық қондырғыларды бақыланатын құбылыстарды сипаттау.

Жоғарыда санап өтілген жағдайлардың алғашқы екеуінде әңгімелесу - материалды ауызша баяндауын мүмкін болатын бірден-бір тәсілі. Бұл арада әңгімелесі әдісін қолдвануға болмайды, өйткені оқушыларда әңгімені өрістетуге негіз боларлық білім қоры жоқ. Бұл жағдайда әңгімелесу әдісі оқушыларға оқып үйренілетін мәселе жөнінде тұтас түсініп беруге және оған ғылыми - көпшілік әдебиеттен қосымша мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Одан кейінгі екі жағдайда әңгімелеу көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылады. әңгімелесу процесінің басында мұғалім оқушылардың сол мәселе бойынша не білетінің анықтайды. Одан кейін, оқушылардың бар білімдерін жүйеге келтіріп, мұғалім оларды өз әңгімесімен толықтырады әрі тереңдетеді. әнгімелеу әдісімен тәжірибелер жасап, көрнекі құралдарды көрсетумен ұштастырып қолданады. әңгіме айқын, логикалық жағынан дәйекті, бейнелі, эмоциялы болу керек.

Баяндаудың дәйектілігі мен айқындылығы ұқыпты ойластырылған жоспар немесе конспект арқылы қамтамасыз етіледі.

Түсіндіру - бұл мұғалімнің курстың неғұрлым күрделі мәселелерін дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беруі.

Түсіндіруге пайымдау, ой қорыту, дәлелдеу сияқты белгілер тән. Бұл әдісті дәлелдеу, түсіндіру, негіздеу қажет болғанда пайдаланылады. Оқушылардың оқып үйренілетін мәселе жөніндегі мұғалімнің әңгімелесу әдісімен материалды баяндауына негіз боларлық жеткілікті білімдері мен байқап - бағдарлағандары жоқ жағдайда бұл әдістің орны бөлек.

Физиканы оқытуда түсіндіру әдісі төмендегі оқу міндеттерін шешу кезінде қолданады:

  1. физикалық приборлар мен машиналардың құрылысын және жұмыс істеу принциптерімен олқып үйренген кезде.
  2. физикалық құбылыстардың мәнін неғұрлым жалпы физикалық теориялар негізінде ашқан кезде.
  3. денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық - молекулалық құрылысы туралы түсініктер мен электрондық теория негізінде түсіргенде.
  4. физикалық заңдардың мәнін оқып үйренумен олардың арсындағы байланысты ашқанда.

Түсіндіруді көрнекілік құралдарын қолданумен қоса қабат жүргізген жағдайда ғана, ол материалды оқушылардың терең де берік меңгеруін қамтамасыз етеді.

Түсіндіру процесінде мұғалімнің логика заңдарын сақтауы, әрбір жаңа мәселені айқын етіп қоюы, дәлелдерді қатаң логикалық, дәйектілікпен баяндауы ерекше зор маңызға ие болады.

Түсіндіру көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылып отырады; мұғалім оқушыларға өз пікірлерін айтып, өзінше түсініп беруді ұсынады. Ол, оқушылардың зейінін аудару, ойлау барысын түсіндіретін нәрсені қалай ұғатынына тексеру үшін, оларға сұрақ қояды.

Лекция - әңгімелесу және түсіндірумен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. әдетте ол тұтас сабаққа арнап мөлшерленеді. Лекция әдісін негізінен жоғары сыныптарда қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойы тұрақты зейін қоюды, жоғарғы дәрежеде дамыған абстрактілі ойлауды, лекция барысында негізгі идеяларды, қорытындыларды, заңдардың тұжырымдарын, формулаларды жазып отыру шеберлігін талап етеді. VІІ - VІІІ сынып оқушыларының зейіні әлі жеткілікті түрде тұрақты емес, абстрактілі ойлауы нашар дамыған, жазу жұмыстарын орындау дағдылары жоқ. Алайда оқушыларды лекция тыңдауға қажетті шеберліктер мен дағдыларды бірітіндеп, VІІ сыеыптан бастап, қалыптастыру керек, мұғалімнің материалды түсіндіру барысында жазып отыру жұмысын орындау шеберлігін жоспарлы және жүйелі түрде қалыптастырып отыру қажет. [2]

№6.

Әңгімелесу - бұл мұғалімнің материалды дәйектілікпен, бейнелі түрде, диалогпен үзбектелей, баяндап беруі, оның қолдану мақсаты мынадай:

  1. оқушыларды өнертабыстардың және физикалық заңдарды ашудың тарихымен, аса көрнекті ғалымдар мен өнер тапқыштардың өмірбаянымен таныстыру.
  2. ғылыми техниканың жетістіктерімен және даму перспективалармен таныстыру.
  3. оқып үйренілетін физикалық құбылыстар мен заңдардың, приборлармен техникалық құрылғылардың ғылымда, техникада қолданылумен таныстыру.
  4. табиғат пен техникалық қондырғыларды бақыланатын құбылыстарды сипаттау.

Жоғарыда санап өтілген жағдайлардың алғашқы екеуінде әңгімелесу - материалды ауызша баяндауын мүмкін болатын бірден-бір тәсілі. Бұл арада әңгімелесі әдісін қолдвануға болмайды, өйткені оқушыларда әңгімені өрістетуге негіз боларлық білім қоры жоқ. Бұл жағдайда әңгімелесу әдісі оқушыларға оқып үйренілетін мәселе жөнінде тұтас түсініп беруге және оған ғылыми - көпшілік әдебиеттен қосымша мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Одан кейінгі екі жағдайда әңгімелеу көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылады. әңгімелесу процесінің басында мұғалім оқушылардың сол мәселе бойынша не білетінің анықтайды. Одан кейін, оқушылардың бар білімдерін жүйеге келтіріп, мұғалім оларды өз әңгімесімен толықтырады әрі тереңдетеді. әнгімелеу әдісімен тәжірибелер жасап, көрнекі құралдарды көрсетумен ұштастырып қолданады. әңгіме айқын, логикалық жағынан дәйекті, бейнелі, эмоциялы болу керек.

Баяндаудың дәйектілігі мен айқындылығы ұқыпты ойластырылған жоспар немесе конспект арқылы қамтамасыз етіледі.

№7.

Физика сабақтарын өткізудің әдістерін кейбір үлгілерін берейік. Қазіргі кезде физика сабақтарында жаңа инновациялық әдістерді кеңінен қолдануға болады.

Бүгінгі егемендік дәуірінде халық педагогикасын оқыту - тәрбие барысында қолдану - өмірлік мақсаттардан туып отыр. Бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, өз ұрпағымызды адал, ар ожданда қылып өсіру мұғалім, тәрбиеші және ата-ананың міндеті.

Сондықтан мектеп физикасын оқытуда халықтық педагогиканың мұрасын кең қолдану - жеке зерттеуді талап ететін сала.

Физиканы оқыту процесін халық педагогикасының элементтерін қолданып өткізудің мәні өте зор:

1-ден; оқушылардың ұлттық рухында тәрбиелеу.

2-ден; қазақ тілінің сана-салттық байлығын қолдана физика пәнінің білім беруді қызықты және ұтымды қылып атқару.

3-ден; оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру

4-ден; өз ұлтының ерекшеліктерін таныстыру.

5-ден; оқушылардың көзқарасын кеңейту.

Сондықтан, физикадан білім беру мен тәрбиелеуді ұлттық салт-санамен, дәстүрмен сабақтастырутөмеңгі мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді: оқушыларға қазақ халқының ерекше тәрбиелік танымдық мәні бар баға жетпес асыл қазынасынфизикадавн білім игерумен соған сәйкес білім алу іскерліктерін және дағдыларын қалыптастыру.

Физика сабақтарында мақал мәтелдерді пайдалану үлгісі

Мақал - мәтелдер: Мақал - мәтелдер
Физикалық құбылыс, ұғым, шама, т. с. с.: Физикалық құбылыс, ұғым, шама, т. с. с.
Адамтануда және сана сезімді қалыптастырудағы көрінісі.: Адамтануда және сана сезімді қалыптастырудағы көрінісі.
Мақал - мәтелдер:

Шешен сөзінен сынады,

Ине көзінен сынады

Физикалық құбылыс, ұғым, шама, т. с. с.: Заттың берік шегі
Адамтануда және сана сезімді қалыптастырудағы көрінісі.: Сөздің мән-мағынасын түсініп, ойлап байқап сөйлеу
Мақал - мәтелдер:

Басқан жерде із қалар,

Айтқан жерде сөз қалар

Физикалық құбылыс, ұғым, шама, т. с. с.: Қысым
Адамтануда және сана сезімді қалыптастырудағы көрінісі.: Ауыздан шыққан сөздің салмағына мән беру
Мақал - мәтелдер: Ауыз күйген үрлеп ішер
Физикалық құбылыс, ұғым, шама, т. с. с.: Булану құбылысы
Адамтануда және сана сезімді қалыптастырудағы көрінісі.: Өткен өмірден өнер алу.
Мақал - мәтелдер:

Шоқ қайдан болса,

Жылу содан болады.

Физикалық құбылыс, ұғым, шама, т. с. с.: Заттың жылу өтімділігі.
Адамтануда және сана сезімді қалыптастырудағы көрінісі.: Адам тұлғасының қасиеттері
Мақал - мәтелдер: Бір сасық құмалақ, бір қарын майды шірітер.
Физикалық құбылыс, ұғым, шама, т. с. с.: Диффузия құбылысы
Адамтануда және сана сезімді қалыптастырудағы көрінісі.: Бір істеген жаман ісінің жақсы істегеніңді жоясын
Мақал - мәтелдер: Жіп жіңішке жерінен үзіледі.
Физикалық құбылыс, ұғым, шама, т. с. с.: Заттың беріктік шегі.
Адамтануда және сана сезімді қалыптастырудағы көрінісі.: Қасиет-қабілет, білімдерінің алқы жерлерін анықтап, толықтыруға тырыс
Мақал - мәтелдер: Шапшаң үзгенге шаң жұқпас
Физикалық құбылыс, ұғым, шама, т. с. с.: Инерция
Адамтануда және сана сезімді қалыптастырудағы көрінісі.: Алған бағыттан алаңдамай еңбек етсең аз күшпен көпке жетесін.
Мақал - мәтелдер: Шапқан озар, жатқан қалар
Физикалық құбылыс, ұғым, шама, т. с. с.: Жылдамдық
Адамтануда және сана сезімді қалыптастырудағы көрінісі.: Еріншектің ертеңі жоқ
Мақал - мәтелдер: Саусақ бірікпей шие ілікпейді
Физикалық құбылыс, ұғым, шама, т. с. с.: Үйкеліс
Адамтануда және сана сезімді қалыптастырудағы көрінісі.: Бірлік, береке табысқа жеткізеді
Мақал - мәтелдер: Қол жұмылмай жылынбайды
Физикалық құбылыс, ұғым, шама, т. с. с.: Жылу өтімділігі
Адамтануда және сана сезімді қалыптастырудағы көрінісі.: Бірігіп істеген іс жеңіл болады.

Қазақ ұлттық киімінің физикасы тақырыбында сабақты жаңа әдіс - 5 жол өлең әдісімен өткізуге болады.

Қазақ ұлттық киімінің физикасы қызықты да әсерлі. Мұнда этикалық тарихпен экологиялық, әлеуметтік, табиғаттың жағдайлармен байланысқан көне ғұрыптар бейнелеген. Мұндай материалды оқу үрдісіне қолданудың дидактикалық және тәрбиелік мәні өте зор:

  1. ел-жұртының мұралық артықшылығын, оның ежелден ақылмен тұрмыс құруға бейімделігін көрсету арқылы оқушының тұлғасында ұлт жандылық, патриоттық сезім қалыптасады.
  2. оқушылардың сөз қорын арттырып, тіл дамытушылық қызметін атқарады.

Қазақ киімдерінің физикалық түсіндірмелерінің брнеше мысалдарын 10-сыныпта «Жылу құбылыстары» тарауының соңғы қорытында - қайталау сабағында қолданудың мысалын келтірейік.

Оқушыларға ұлттық киім физикасымен таныстыру ретінде мұғалім Абайдың «Ескілік киім» атты өлеңінен үзінді оқып, оны тақтаға жазады. Үйде ізденуі үшін оқушфыларды 5 топқа бөліп, сәйкесінше өлең жолдарын бөліп береді. Зерттеуге қойылатын талаптар: өлеңнің берілген жолында қандай физикалық ұғымдар, құбылыстар, заңдар орын тапқан, сонымен бірге сөздердің, сөзтіркестердің, сөйлемдердің мән - мағынасын ашу.

Қай топ жауаптары қызық, нақты, толық болады сол топ жеңеді.

Екілік киім (Абай)

Ойланып ойға кеттім жүз жылға өткен,

Тон қабаттап кигенім - кидім шекпен.

Жейде - дамбал ақ салман, жарғақ шалбар,

Жырым балақ, матамен әдіптеген

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп

Үлкен кісе белімде жез салдырған

Шоқпағым дәндәнуім жарқ-жұрқ етіп.

Енді көне мұраны көңілден, ойдан откізіп физикамен сабақтастығын қарастыру керек.

Ойланып ойға кеттім жүз жыл өткен,

Тон қабаттап кигенім - шидел, шекпен.

Санасақ 18 ғасырдың ортасында қазақтардың киген киімі «жылу өтімділігі» ұғымы тұрғысынан қабат-қабат киілген киімдердің арасында ауа болады, ол өһте жақсы жылу изоляторы болып табылады. өйткені ауаның жылу өтімділігі басқа заттарға қарағанда аз.

Жейде - дамбал ақ салман, жарғақ шалбар, - «қатты денелердің механикалық қасиеттері» тақырыбы бойынша; арнайы илеп жұмсартқан мал терісінен тігілген шалбар берік және жел өткізбейтін жылы болады.

Жырым балақ, матамен әдіптеген, - балақ, жеңдердің беріктік шегін арттыруға арнайы әдіптейді. Беріктік шегі макшал мәніне жеткекнде ғана мате жыртылады.

Мықшама аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп, - мықшама етіктің аяққаыңғайлығын және беріктілігін (механикалық қасиеті) көздейтін пішіні. Киіз сабалап біріктірген жүн, оның талшықтарының арасында ауа болады. Ал ауа жылу сақтау, жылу өткізу қасиетіне ие. Сонымен қатар жеке талшықтардын тұратындықтай оңай деформацияланып, адамның аяғының қалпына түседі, яғни аяққа түсетін қысымды азайтады.

Үлкен кісе белімде жез салдырған,

Шоқпағым, дәндәнуім жалт-жұлт етіп, - ол кездердегі ер азамат көппшілігінде ат үстінде жүретіндіктен белбеудің бел омыртқасына бекіткіш мәніне сәйкес болады. Жезді беріктікті арттыруға және әшекейлеуге солады. Бұл белбеуге түрлі қажеттікке жорайтын қалталар ілінеді. Жалт-жұлт ету сәуленің шағылу заңына байланысты.

Мынадай қорытынды шығады: біздің бабаларымыздың әрі әдемі, әрі қолайлы киінуге ақылы жеткен. Киімдерді тігуге аң, мал терісі, құс, қой, түйе жүндері сияқты табиғи материалдарды қолданған, яғни денсаулыққа зиян келтіретін қоспасы жоқ. . [5]

Өтілген сабақты сабақты кластер әдісі арқылы қортындылау керек.

№9.

Физикалық есептерді шешу - оқушылардың ойлау мен шығармалық қабілетін дамытатын басты құралдардың бірі. Көп жағдайда құбылыстарға байланысты проблемалық жағдайлар, физикадан есептер шығару барысында туады да, бұл оқушылардың пәнге деген белсенділігін, қызығушылығын арттырады. Сонымен бірге физикалық есептерді жүйелі түрде шығарта отырып, оқушылардың алған білімін тексеруге және де еске түсіруге болады. Сондықтан физикалық есептерді жүйелі шығарып отыруға мұғалім баса назар аудару қажет.

Көрнекті әдіскер Д. Пойя : «есеп шығара білу - бұл практикада қалыптасатын өнер» - деген еді. Расында суда жүзу туралы қанша көп оқығанымен, суда жүзіп көрмей, жүзуді үйрену мүмкін емес . Демек, есептерді де жүйелі түрде шығармай, теорияны жақсы меңгеру мүмкін емес. Алайда, мынаны еске сақтаған жөн : есепті шығарып қана қою мақсат емес, ең бастысы есеп шығара отырып, физикалық білімдердің жаңа сатысына көтерілу, белгілі бір мақсатты жинақтап, ойлануға үйрену. Қорыта айтқанда, мазмұны қарама - қайшылықтар мен конфликтілік жағдайларға лайықтап құрылған есептерді шешу, оқушыларды ой алғырлығына тәрбиелеп, « инемен құдық қазғандай » ғылым жолына түсуге көмектесері сөзсіз.

Физикалық есептердің шешуінің әртүрлі әдістерімен оқушыларды нақты есептерді шешу барысында таныстыру керек. Физикалық заңдылықтарға сүйене отырып, сандық есептерді шешудің жолы бар, әйтсе де матаматикалық операцияларға тәуелді шешу тәсілдері бар. Олар : алгебралық, математикалық, геометриялық, тригонометриялық, графикалық тәсілдер.

Физикалық есептерді алгебралық тәсілмен шығаруды қарастырайық:

Есептерді бұл тәсілмен шешкенде формулаларды пайдалануды, алгебралық теңдеулерді құрай отырып, шешеді. Алгебралық тәсілдің қолданылуының ең қарапайым түрі - да йын формуланы пайдаланып шешу. Одан күрделірек есептерде ізденуді, тәуелділікті бірнеше формула немесе теңдеулерді пайдаланып анықтайды.

Қазіргі кезде физика есептерін шешудің келесі әдістері жинақталып, жалпы қабылданған : аналитикалық, синтетикалық, аналитикалық - синтетикалық . бұл әдістер есептерді шешу кезінде жасалынатын ойлау актілерінің сипаты мен тізбегін айқындап көрсетеді.

Есептердің шешуінің негізгі әдістерін және ойлау қызметінің оларға сәйкесті түрлерін схемалық түрде көрсетуге болады. (1- сурет)

Есептердің кейбір түрлерін шешу барыснда, әдіскерлер ерекше бөліп көрсетпесе де, аналогия деп аталатын әдіс өз жемісін береді.

Таза түрдегі аналитикалық және синтетикалық әдістер өте сирек кездеседі, ал көбірек қолданылатын әдісі - бұл аналитикалық - синтети- калық.

Жоғарыда келтірілген шешу әдістеріне бір қатар мысалдар келтірейік .

Аналиттикалық әдіс .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физикадан шығармашылық есептер
Етістік шақтарының тіл білімінде зерттелуі
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі
Топырақ бонитировкасы
Акционерлік кәсіпорындардың дамуы және экономикалық тиімділігі
Көсемшенің тұлғалары
Жалпы тіл білімінің әдістері мен тәсілдері
Бастауыш сыныпта еңбекке баулу сабағында қолданылатын әдіс тәсілдер.
Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері мен тәсілдері
Қазақ әдебиеті сабақтарындағы қолданылатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz