Бөкей алғашқы жылдары
І. Күні кешеге дейін Әбілқайыр ханның 1731 жылы Ресей бодандығына өтуі
Ресейге қазақ халқының өз еркімен қосылуы деп теріс бағаланып келді.
Бүгінгі көзқарасымен мұрағаттарда сақталған тарихи құжаттарға зер салып,
зерттеп қарағанда, бұның астарында патша үкіметінің отарлау саясатының
жатқандығына көз кәміл жетеді. Қазақ даласын отарлау ұлы Петрдің басты
арманы еді. І Петрдің бұл саясатын Орынбор экспедициясын бпсқарған сенаттың
оберхатшысы Кирилловтың жасаған жобасы бойынша жүзеге асырылды. Оны
Кирилловтың: Ресей үкіметі олардың арсындағы өшпенділікті сәл ғана
сүйемелдеп және Ресейдің пайдасына шешілетін сәттерде оларды бір- біріне
жауықтырып отырса болғаны ,-деп жазған сөзі нақты дәлелдейді. Патша
үкіметі Кирилловтан кейін Кіші жүз жерін отарлау саясатын Нұралы хан
тұсында Неплюев, Давидов, Волков, Якобидің қолымен жұзеге асырды. Бұлардың
ішінде қатыгездігімен, кезінде орыс отарлау саясатымен көзге ерекше түскен
Неплюев болды. Ол қазаққа қарсы башқұрттарды, қалмақтарды айдап салып
өшіктіріп қан жоса етті.
XVIII ғасырдың соңғы 10 жылы бақ пен тақ үшін талас-тартыс қанды
қырғын болып, аяғы Ералы ханның, Есім ханның өліміне әкеліп соқты. Кіші
орданың жағдайы ауырлады. Бұл жағдайлар Бөкейге қатты әсер етті.
Бөкей Жайықтың батыс бетіне өткенде, өз мақсатынан бұрын орарлық
саясаттан, руаралық талас-тартыстан күйзелген халықтың тұрмыс-тіршілігін
көтеруді, ел арсындағы шапқыншылықтан жырақтай тұруды, ең бастысы келешек
ұрпақ үшін қолайлы жермен қонысқа ие болуды көздеді. Ел арсындағы
тәртіпсіздік, бүлік және адам өлтіруге дейін барған Кіші жүздегі жағдай
Бөкейді осындай ойға әкелді. Бөкей сұлтан 1801 жылы ақпан айында Грузия
және Астархань губерниясының бас бастығы генерал-лейтенант К.Ф.Кноррингке:
Ресейге өмірлік бодан болуды қалаймын,-деп өтініш жазды. Қазақ даласын
отрлаудың, Кіші орданы бөлшектеудің сәті түсті деп білген император І Павел
К.Ф.Кноррингтің және Астрахань казак полкінің бастығы полковник
П.С.Поповтың ұсыныстарын тез шешті. І Павел патша 1801 жылы 11 наурызда 6
қаулыға қол қойды. Соның бірі болып Орал мен Еділ аралығын қазақ халқының
қоныстануына рұқсат беруі еді. Кноррингте, полковник П.С.Поповта патша
жарлығын шұғыл орындауға кірісті. Патша қол қойған күні, патшаны яғни
Екатерина ІІ патшайымның баласы І Павел патша өзінің баласы Александр І
бұйрығымен өлтірілді. 11 наурыздың 12 наурызға қараған түні патша сарайына
Александр І-нің көмекшісі Лагарп деген кісінің ұйымдастыруымен шабуыл
жаслды. Олардың мақсаты сол кездегі Ресей империясының патшасы болып тұрған
Павел І-ні тақтан тайдыру болды, оның орнына баласы Александрд І-ні
отырғызу керек еді. Павел І-нің орнына осылай баласы Александр І патша
болып отырды. Александр І Ресей империясын өз қолына алғаннан кейін
реформалар жүргізіліп, халыққа Павелдің кезіңде жоғалтқан теңдігін орнатты.
Еділ мен Жайық арасына 1801 жылы орналасқан қазақтарға қысым жасау
үшін император І Александр 1802 жылы 22 сәуірде Царициннен бастап Каспий
жағалауына дейін қалмақтардың еркін көшіп жүруіне рұқсат еткен жарлығын
жариялады. Бұл жарлықтың салдарынан Бөкейліктердің шабындық, жайылымдық,
қоныстық жері тарылды. Еділ, Улкен және Кіші өзендер арсында мал суару,
көшіп-қону, мал айдау кезінде улкен қақтығыстарға әкеліп соқты. Бұл
шешімдер тек Кіші жүз қазақтарымен би, батырлар ғана емес, сұлтандар
тарапынан да наразылықтар туғызды. Олар бұны патша үкіметінің отарлау
саясаты деп түсінбеді. Бөкейдің дақ құмарлығынан, орысқа берілгендігінен
туған жағдай деп түсінді. Сондықтан Ішкі ордада қазақтардың Жайықтың шығыс
бетіне жаппай еріксіз түрде көшуі етек алды. 12 мамыр 1804 жылы Астрахань
казак полкінің командирі П.С.Попов Ресей ішкі істер министрі В.П.Кочубейге:
Бөкей ордасына Жайықтың арғы бетінен келген 7000 отбасынан мыңнан
аспайтыны ғана үй қалды,-деп жазды.
Бұл жаппай көшуді отаршылар Жайықтың шығыс бетіндегі хандардың
әсіресе Қаратай мен Қайыпқали сұлтанның әрекеті деп бағалады. Отарлаушылық
саясаттың бетін бүркемеледі. Бұл жағдай әсіресе Бөкей мен туысқан Қаратай
арасын бұрынғыдан да ушықтыра түсті. Өйткені Ресей отарлаушылары Қаратай
сұлтанға сенбегендіктен осы ойды жүзеген асыруға асықты. Әр түрлі жалған
өсектер, ақпараттар, хабарлар таратты. Сондықтан да 21 қараша 1805 жылы
Орынбор генерал-губернаторы князь Г.С.Волконский Орал казак әскерінің
әскери атаманы Д.И.Бородинге: Бөкейге Қаратайдың барлық пасық қылықтарын
сездір және оған Қаратаймен ешқандай байланыс жасамауға тапсырма бер,-деп
туысқан екі сұлтанның арасына от салу жөнінде нұсқау берді.
Қарсыластары Жантөренің өмірін ерте қиды. Жантөре өлгеннен кейін
Ресей отарлаушыларының бұрыннан ойластырып жүрген Кіші жүзді екіге бөлу,
рулар арасындағы өзара алауыздықтарды күшейту саясатын жүзеге асырудың сәті
түсті деп білді.
Сөйтіп, Кіші жүзді екі хандыққа бөлді. Жайықтың шығыс бетіне Айшуақ
ханның ұлы Шерғазыны, 1811 жылғы 11 қарашада император Ішкі орданы билеуге
Самар бетіне Бөкейді хан етіп тағайындады.
1.1. 1790 жылғы Нұралы ханның қазасы Кіші жүз қазақтарын үлкен
дағдарысқа ұшыратты. Соңғы он жыл ішінде үш рет хан ауысып үлгірген
болатын. Хан тағы үшін үшінші айқас әсіресе, Нұралы ханның ағасы, дімкәс,
өлмелі Айшуақ ханның тұсында шегіне жетіп шиленіскен болатын. Хан тағына
үміткерлердің бірі – Нұралы ханның қалмақ қызынан туған ұлы Қаратай
сұлтанға патша үкіметі билік тізгінін беруден бас тартты. Өйткені, қайратты
жастың көзіқарақтылығы оларды үрейлендіретінді. Кіші жүз қазақтары –
орыстарға, патша үкіметіне ең жақын орналасқан территорияда тұрвп
жатқандықтан, ондағы басқару жүйесін бір ізге түсіру аса қиындық тудырды.
Бөкей ордасы тура осындай саяси дағдарыстардың жемісінде дүниеге келген
болатын.
Бөкей ханның құрылуын революцияға дейінгі авторлардың көбі – Бөкей
сұлтанмен тікелей байланыстырады. А.Еврейновтың пікірі бойынша, қазақтардың
Оралдың он жағалауына қоныс аударуы – Бөкей аса тыныштықтың орыс үкіметіне
жағымды болмайтының сезгендігімен тікелей байланыстырса, Т.Медведскийдің
ойынша, Бөкей билік құмарлықпен оң жағалауға өткен көрінеді. Ал, Л.Мейер
Бөкей ордасының пайда болуын Кіші ордадағы шиеленісті жағдайлармен
байланыстырады.
Кеңес зерттеушілері де Ішкі орданың дүниеге келуі жайнда бірізді пікір
айтқан жоқ. М.П.Вяткин оның негізгі себебі феодализмнің дамуы мен жердің
тарлық етуінен десе, бұдан сәл басқашалау пікірді В.Ф.Шахматов келтіреді.
Волга және Орал өзендерінің ортасында жанадан бой көтерген, қазақ хандығын
ол, патша үкіметінің отарлау саясатының жемісі деп есептейді. Әрине, патша
үкіметінің отарлау саясаты қазақ халқының қоғамдық және саяси өмірінде
белгілі бір маңызға ие болғаны рас. Сондықтан да Оралдың оң жағалауына
қазақтардың қоныс аударуы олардың дәл осы отралау саясатына қайшы келмеді.
Сөйтіп, шекаралас билік орындарынан қолдау тауып отырды.
Ал, бұл оқиғаның бас қасында болғандардың айтуынша, Бөкей сұлтанды ең
бірінші қолдағандардың бірі – Сырым Датов болды. Онымен бірге халық көшуге
дайын еді. Бұдан, Сырым батырдың хандық үмітке емес, тек Нұралы ханның жеке
басына деген наразылығынын барлығы айқындалады.
Нұралы хан ұрпақтарының өзара шайқасы Кіші жүз қазақтарының бөлуіне
әкеліп соқтырды. 1771 жылы қазақтардың көбі бұрын қалмақтардың мекені
болған Орал мен Волга арасындағы жерлерге барып орналаса бастады. Олар
мұнда жаңа қыстау жерлерге ие болуымен қатар, өзара жауласа бастаған
феодалдардың кикілжіңінен аулақтай алды. Қазақтардың бұл көшуін Нұралы
ханның балаларының бірі – Бөкей жақсы пайдалана білді. Қаратай сұлтанның
Кіші жүз ханының тағына отыра алмаған сәтсіздігінен кейін, Бөкей бұл
билікке басқа жолмен: Орал мен Волга бойын тұрақты көшіп-қонып отыратын
мекенге айналдыру арқылы жүзеге асырды. Ол мұнда қазақтарды өз бетінше
басқара алатын мүмкіндікке ие болды. Бұл жерлер бұқара халықтың да көптен
бергі көкейдегі ойы, көңілдегі түйіні еді. Бірақ мұндай бақытқа ие болуы
үшін бір жол бар. Ол орыс әкімшілігінің рұқсатын алу керек. Өйткені,
аталған жерлер, Орал мен Астарахань казак әскерлерінің бақылауында еді.
Жайықтың Самар жақ бетіне 1737 жылдан бастап қазақтардың көшіп-қонуына шек
қойылған еді. Оның үстіне 1794 жылдан бастап елге қадірлі азаматтардан
отарлаушыларға аманат бермесе қазақтардың Каспий жағалауына мал қыстатуына
рұқсат етілмеді. 1799 жылдан бастап қазақтардың Жайықтан малымен өтуіне
тыйым салды. Рұқсат алған күннің өзінде Орал қаласына жүз шақырымға шейін
қазақтарды жақындатпау жөнінде ерекше бұйрық берілді.
Оның үстіне бұл кез отарлаушылардың Кіші орда қазақтарының арасында
арандату, оларды өзара жауықтыру саясатынан туған қанды қырғын, тақ таласы
күшейген шақ. Ералы хан мен Есім ханның осындай тартыстардың салдарынан
құрбандыққа шалынған тұсы.
Отаршылдық туғызған мұндай әрекеттер ел басына ауыртпалық әкелді. Ел
тозды, ашықты, күйзелді. Береке бірлік кетті. Ел басына түскен мұндай ауыр
қасіретке он ойланып, жүз толғанып журген Бөкейге Астрахань казактарының
бастығы полковник П.С.Попов елеулі ықпал жасады. Ол Ресей қамқорлығына
өтуге кеңес берді. Көзі ашық, көкірегі ояу Бөкей П.С.Поповтың бұл кеңесін
халқын ауыртпалықтан алып шығудың, Жайықтың Самар жақ бетін иемденуді
бірден-бір жолы деп түсінді.
Сөйтіп, Бөкей сұлтан Еділ мен Жайық арасына халқын қоныстандыруды
басты мақсат етті. Бұл жерде оның жүрегі халқым деп соққанына шүбә
келтіруге болмайды. Өйткені бұл кезде Бөкейдің Кіші орданың кен жазығына
сыймайтындай мыңқырған малы да болмаған. Бұл жөнінде Орынбор шекаралық
комиссиясының титуляр кеңесшісі А.О.Кузнецовтың Орынбор әскери губернаторы
П.К.Эссенге : Бір отбасындағы Бөкей мен Шығай Нұралиевтердің 1801 жылы
Ішкі ордадан Жайықтың бергі бетіне өткенде бес түйесі, 30-ға тарта қойы, 17-
ге жетер жетпес жылқысы ғана болды,-деген рапортын тілге тиек етеміз.
Міне осындай себептермен қажетттілікке орай Бөкей Нұралыұлы халқының
мүддесі үшін 1801 жылдың ақпан айында Астрахань казак полкінің командирі,
полковник Поповқа, егрде Еділ мен Жайық аралығында көшіп- қонуға ыңғайлы,
жайылымы құнарлы, суы жеткілікті, мал қыстауға қолайлы орманды алқаптардан
жер берілген жағдайда мәңгілік бодан болуға дайын екенін білдірді. Бұл
ұсыныстар Поповтан Астрахань әскери губернаторы Кнорррингке, Кноррингтің
хаттары мен ұсыныстары және Бөкейдің Павел І-ге жолдаған өтініштерінің
негізінде патша 1801 жылдың 11 наурызында мынандай жарлық берді : ... қырғыз-
қайсақ Кіші ордасындағы хан кеңесіне басшылық жасап отырған Нұралы ханның
баласы Бөкей сұлтанды өз қарамағыма шын ықыласыммен қабылдаймын, қай жерге
барамын десе де ерікті.... Сонымен қатар орыс патшасы Бөкей сұлтанды алғыс
ретінде оны алтын медальмен марапаттайтынын мәлімдеді. Бөкей сұлтанмен
бірге осынау аса маңызды мәселенің сәтті шешілуіне азды-көпті үлес қосқан
бірнеше патша шенеунігі де марапатталды.
К.Ф.Кноррингпен П.С.Поповтар Ресей үшін отарлау саясатының нәзік те
қолайлы, әрі тиімді жолын көздеді. Бөкейді Жайықтың шығыс бетіндегі
сұлтандардың бақталастық тартысынан Ресей қамқролығына алып, Ресей
бодандығына кіргендердің малы да, жаны да қорғалады деген жалған
қамқоршылықты насихаттау болды. П.С.Поповтың үгіттеуі бойынша 1801 жылы
тамыз айында Бөкеймен бірге Жайықтың Самар жақ бетіне өз қарауындағы
рулармен Шығай сұлтан және Сырым батырда өту ниетінде болды. Сондықтан
Попов Сырымға: Сізге өзімнің шын адал жақыным ретінде және мен сізді
құрметтегендіктен, қазақтар Жайықтың батыс бетіне көшуді бастаған кезде
бірінші болып үлгі көрсетуге кеңес беремін. Басқалар өз руымен, барлық
отбасымен өзеннен өтуді бастамастан бұрын ең құрығанда бір күн бұрын
өтіңіз. Сіз мұны орындасаныз лайықты сыйлыққа ұсынамын, Сіз бүкіл орда
арасындағы бірінші дворянин боласыз, шенге ие болудың реті келіп тұр, сәтін
пайдаланып қалыңыз,-деген жылы сөзбен Сырымның буынына түсті.
Себебі, Орынбор шекаралық экспедициясының бастығы И.А.Игельстром мен
полковник П.С.Попов Бөкейдің және Сырымның Кіші орда қазақтары арасындағы
беделін пайдаланып, Ресей отаршыларына қарсы халықтың дүмпуін басу, олардың
бұхарлықтармен түрікмен қалмақтармен байланысын үзу, Кіші ордадан Жайықтың
Самар жағына Ресей бодандығына өз еркімен өтетін қазақтар санын көбейту
сияқты арам ойын жүзеге асыруды ойлады.
Патша пәрмені тиісімен 1801 жылы күзде Бөкей сұлтан әр рудың
старшындарымен билерінің басын қосып, Бұхар беттен Самар бетке жедел қоныс
аударуға қам жасайды. Осы жылы Бөкей бастаған 5000 үй Жайықтың оң бетіне
көшті. Кіші ордаға қарасты қазақ рулары кідіріссіз шекара асып, Астрахань
далаларына қоныс аударып, мәңгілік бодандыққа өтеді. 1864 жылы Петербургте
М.Достоевскийдің жәдігерлігімен шыққан Эпоха журналының №11 санында
Внутренняя или Букеевская Киргизская Орда деген мақала жарияланып, онда
осы өңірді мекендеген рулардың 1801 жылғы шаңырақ саны, мал басы
келтіріледі. Атап айтсақ, адайлар – 1503 шаңырақ, алаша – 2640, байбақты –
3205, беріш – 5085, жаппас – 904, есентемір – 486, ысық – 669, қызылқұрт –
825, кете – 411, масқар – 61, ноғай – 1095, таз – 121, тана – 1281, шеркеш
– 2759, төлеңгіт – 665, қожа – 178 үй. Төре тұқымымен ру басыларына,
олардың бай туыстарына бөлек есеп жүрген. Олар – 215 шаңырақ. Сонымен батыс
өлкені солтұста мекен еткен шаңырақ саны барлығы 23598. Дәулеттісі, кедейі
бар осыншама үйдің 58903 түйесі, 229173 жылқысы, 158792 сиыры, 1 млн.
үстінде қойы, 131280 ешкісі бар екен. Осы цифрларға сенсек, бұл жердің
жарлысының өзі тісінің суын сорып отырмағанға ұқсайды.
Ал, Сын Отечества журналы 1830 жылы жариялаған мақаласында Бөккейге
еріп Жайықтың Самар бетіне 10235 шаңырақтың өткенін мәлімдейді. Қалған әр
рудың 13 мың шанырағы Бұхар беттегі жылы орнынан қозғалмаған. Мұны патша
үкіметі де қол көрді. Өйткені тұтас отырған Кіші жүздің іргесі сетінеді.
Демек, күші әлсіреді, жері шалғай, басы бірікпейді деген сөз. Неғұрлым
бағынышты болған сайын, салатын салықтың түріде ауқымдала түсетіні белгілі.
Кезінде басасау башқұрттармен татарлар осылай бөлшектеніп, осылай құрыққа
түскен. Міне, бос жатқан жерді көп кергімей ұстата салған, бере қойған
Павел І-нің ішкі есебі осы болатын. Екіншіден, шағын қосынмен көшіп келген
көрші тосын міңез танытып, қойнына кіріп, қолтығынан тістер болса азу тісін
қағып ала қоятын жан-жағында анталаған Асртахань, Орал, Омбы
казачествосымен Орынбор шекара комиссиясы тұр. Шыбын жаннан дәмең болса
тырп етіп көр.
Кейбір деректерде Бөкей бастаған үйлер Жайықтың оң бетіне көшуін былай
дейді. 1801 жылы күзде Бөкей бастаған 5000 үй Жайықтың оң бетіне көшті.
Арада 7 жыл өткенде үйлер саны 7500-ге жетті. Бөкей алғашқы жылдары
Сарайшық төңірегі, одан қазіргі Атырау облысындағы Исатай ауданы Жалтыр
маңын қонысқа жайлы, малға тыныш деп тауып, 200 үймен көшіп келеді. Ол
кезде аталған көл ұзыны 22, ені 16 шақырымды алып жатқан шалғыны мол,
балығы көп, шұрайлы аймақ екен. Бірақ Жайық өзенінің көктемгі тасуынан ғана
кемерленіп, қалған кезде жаңбыр суымен молығатын тұйық көлдің болашағы
шамалы екендігіне көзі жеткен Бөкей бұл жерді көп аялдамай, артынша Еділдің
енді бір саласы – Қиғаш өзенінің түпкі сағасына қарай қоныс аударады. Жаңа
қоныстанушылар бұдан әрі Қиғаш бойы, теңіз өресі, Үлкен және Кіші өзен
төңірегі, басқада сулы, нулы жерлерге қоныс тепкенді қалап, сұлтан
төңірегіне жиналғандар қазіргі Астрахань облысындағы Кішкене арал селосы
маңына келген. Мүмкін Бөкей атына байланысты шығар, сол кезде Кішкене арал
Хан сарайы деп аталыпты. Оған сұлтан қыста қыстап, жазда жайлауға, құмға
көшеді екен. Негізінде көбіне мал қонысына орай көшіп-қонып жүреді екен.
Бұл пікірді көп жыл осы арада еңбек етіп, кейін 1973 жылы Атырау қаласында
дүние салған фельдшер, кронштад әскери фельдшерлік мектебінің ғасыр
басындағы түлегі Қажығали Мәмеков те қостайды. Жергілікті халықтың айтуына
сенсек, Бөкей негізінде Кішкене аралдың терістік бетіндегі Тебенұр көлін
жиектеп отырған. Ол бір кеждегі қалмақтар жайлаған қонысқа қолайлы, малға
жайлы мекен екен. Тебе- қалмақтың түйе, Нұр- көл деген сөзі. Кішкене
арал Бөкей үшін өте қолайлы болғанға ұқсайды.
Бөкейліктер Астраханьға өткеннен бастап, біраз уақыттан кейін
шекаралар жабыла бастаған. Қазақтарды кері жібермеу үшін күзет күшейіп,
Жайықтың бойына тікенді сымдар тартылады. Кіндік қандары тамған атамекен,
тума-туыстарына қатынаса алмай, ай-күннің амнында шерменде болған қазақтар
бақылауда ұсталады. Кейін Ішкі немесе Бөкей ордасы деп аталған жаңа
халықтың негізі, міне осы қазақтар есебінен қаланады. Кіші орданы іштен
ірітуді көксеген патшалық саясатынын зымияндықпен жүзеге асырылуы
нәтижесінде Бөкей ордасы өмірге келеді.
Ішкі беттен Бөкейге өз алдына билік беріп, атақ пен шенді Сырымға
ұсынып, оларды отаршылдықтың уысынан шығармау үшін қызықтырды.
Ең бастысы бұл жерді Сырым Астрахань губерниясын қазақтардың
шабуылынан қорғау үшін қажет болды. Қазақтардың Жайықтың ішкі бетіне жаппай
өтуіне кейбір отарлаушы саясаткерлер сенімсіздікпен қарады. Қазақтардан
Ресейге пайда жоқ деп даурығушылар да болмай қалған жоқ.
Оларға отарлау саясатын алыстан болжайтын басшылар: Олардан күтілетін
пайда сол, олар бұрынғыдай орасан көп малымен Ресейде қалады, осы күнге
дейінгі дәрежеде Хиуалықтар мен Бұхаралықтар оларды пайдаланыла алмайды,
бұл халық орыстанған кезде Астрахань губернесіндегі көшпелі қалмақтар,
түркімендік татарлар және басқа азиялықтар қалай қалса, бұл халықта дәл
осындай негізде Ресейде қалады, -деп жауап берді. Бұл пікірді жіктеп,
талдап жату артық. Отарлаушылардың түпкі мақсаты айқын.
Алғашында Бөкейлік қазақтармен Жайықтың арғы бетіндегі қазақтар
тіршілігінде пәлендей айырма байқалмайтын. Жайық қазақтары ұқсап, Бөкейлік
қазақтар да жыл бойы көшіп-қонып жүрді. Қыстау салмай, қара (киіз) үйлерде
тұрды. Әр рудың өз старшындары болды. Күллі ру Бөкей сұлтанға бағынды.
Әркім өз тиесілі аумақты мекендеді.
Қазақтар ежелгі ата кәсіп – мал өсірумен айналысты. Басқадай табыс
көзі болған жоқ. Төрт түлік мал жыл бойы суы мол, шұрайлы жайылымдарда
бағылды. Қазақтардың әлсін-әлсін болып тұратын табиғат апатынан аса көп
зардап шеккені бөлек әңгіме.
Сөйтіп, Бөкей ордасы аяқ астынан орыс патшалығының отарлық саясатын
іске асырушы болып шыға келді. Орынбор шекаралық комиссиясына бағынды. 1811
жылы 11 қарашада имепратор Ішкі орданы билеуге Самар бетіне Бөкейді хан
етіп тағайындады. Бөкей ордасының құрылуы Александр І билік құрған кезбен
тұспа-тұс келеді. Яғни, бұл дегеніміз Бөкей ордасы жақсы кезеңде құрылды
деген сөз. Бұл саяси қадамнан патшалық Ресей саяси-экономикалық жағынан
ешбір ұтылған жоқ деуге болады. Мұнын себебі, мынау: біріншіден, Кіші жүз
хандығы екіге бөлінді. Бұл жағдай бұрыннан қазақ жерін қоныстанған орыс
шаруаларына бөліп берудегі аңсап жүрген патшалық Ресейдің арманының іске
асуына себепші болды. Онсызда қазақ халқы үшін үш жүзге бөлініп, саяси
күшінен айырылған болатын, жоғарыда аталған әрекет көрші Ресей өз
үстемдігін күшейте түсуге тиімді негіз болып табылады. Екіншіден,
қазақтардың бұл өңірге қоныстануы айналасын қоршап тұрған Астрахань,
Орынбор, Саратов губернаторлықтарын малмен, азық-түлікпен қамтамасыз етуге
тиімді жағдай туғызды. Үшіншіден, Орал мен Еділ аралығындағы сауда жолдары
қауіпсіздендірілді.
1811 жылы 11 қарашада Бөкейді хан деп сайлағанымен, қос басты
самұрықтың темір шеңгелінен Ішкі орданың халқын шығармау үшін отарлаушылар
Бөкейді бауырына қаншалықты тартқанымен, оның келешегіне сенімсіздікпен
қарады. 1812 жылы 17 шілдеге дейін хан деп атамады. Кіші орда хан кеңесінің
төрағсы қызметіне басқа сұлтан сайланғанына қарамастан, бұрынғы лауазымымен
Ішкі орданы билетті. Әділдігін айтқанда Бөкейді хан дәрежесіне көтерген
1812 жылы 7 шілдеге дейін отарлаушылар Бөкей басқарған жерді де, елді де
Ішкі орда демей, ішкі жақ немесе ішкі бет деп атап келді. Себебі,
қазақтарға бұл Ресей империясының жері, қазақтардың жері емес дегенді
ұғындыру үшін осы сөз керек болды. Отарлау саясатын жұртқа елеусіз осы
сөзбен бүркемеледі.
1812 жылдың 17 шілдесінде Орал қаласына жақын жерде Орынбор отарлау
әкімшілігінің жоғары шенділерінің қатысуымен, губернатор Волконскиийдің
басшылығымен Бөкейді ескі салт-дәстүрге орай ақ киізге көтеріп Ішкі орданың
ханы етіп сайлайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт – Бөкей сұлтан Патша
әкімшілігінің өкілдерімен жасасқан келіссөзінде Ресейдің жүз жылға дейін
қазақтардан Ресей армиясына солдат алмауы туралы келісім-шартқа қол қояды.
Сөйтіп, Орал мен Волга өзендерінің арасында Ресей империясына бағынышты
қазақ хандығы дүниеге келеді. Ол тарихта – Ішкі немесе Бөкей ордасы деп
аталады.
1.2. Бөкей хандығының тарихымен тарихшыларда, зерттеушілерде,
жазушыларда аз айналысқан жоқ. Солардың ішінде И.Ф.Шахматов, А.М.Левшин,
А.Е.Алекторов, И.И.Крофт, Е.Б.Бекмаханов, А.Ф.Рязанов, С.З.Зиманов,
М.Құлкенов тағы басқалардың енбектері елеулі орын алады. Күрделі ғылыми
зерттеулерде жүргізілді. Жинақтар шығарылды. Дегенмен, саясаттың ағымына
қарай Ішкі орданың құрылуы, Бөкей, Жәңгір хандардың ұстанған саясаттары
жөнінде пікірлер бірыңғай емес. Оның әрине, өзіндік заңдылықтары бар.
Күні кешеге дейін еліміздің тарихында елеулі орны бар қазақтың біртуар
хандары – Бөкеймен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz