Табиғат қорғауды оқыту жүйелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1 Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту

1. 1 Экологиялық тәрбие берудің қазіргі жағдайы мен жолдары

1. 2 Экологиялық білім беру мәселелері

2 Бастауыш сыныптарда дүниетану сабақтарында «Қызыл Кітапқа» енген және сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер, оларды қорғау жолдарын үйрету

2. 1 Айналадағы дүние және экологиялық мәденинтті бастауыш сыныптарда оқыту

2. 2 Табиғат қорғауды оқыту жүйелері

Қорытынды

Қосымшалар

Кіріспе

Қазіргі кезде дүние жүзінде ғылыми - техникалық жетістіктің қауырт өсуі зиянды өнеркәсіп қалдықтарын көбейтіп, қоршаған табиғи ортаға және ондағы тіршілікке көп зиян келтіре бастады. Табиғаттың көптеген заңдылықтарын білмей оңай олжа табуға бағытталған өндіріс табиғатқа жасаған қастандықпен тең. Ел Президентінің "Қазақстан -2030" жолдауында "Біздің табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы бар елдер оны дұрыс игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай қалғаны" туралы айтқан. Олай болса қазақ жерінің байлығын бағалайтын, табиғатын аялайтын жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу - қазіргі өмір талабы.

Туған табиғатты аялап, қорғау оқушының жалпы табиғи ортаның біртұтастығын түсіне білуінен басталады. Адамзатты қоршаған табиғи орта (су, топырақ, ауа, өсімдік, жануарлар) биосфераның жай құрам бөліктері емес, олар бір - біріне тығыз байланысқан біртұтас ғаламшарлық жүйе [31] .

Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу кешенді жұмыс түрі. Қоршаған ортаны қорғайтын санамызда салауатты адамзаттар тәрбиелеуге бүкіл оқу тәрбие мекемелері, саяси ұйымдар, ғылыми орталықтар, оқу орындары, сондай - ақ әрбір жеке адамдардың біртұтас жұмыла атсалысуы өмір талабына айналады. Себебі адамдар тарапынан болған зиянды әрекет әлі де жалғасып, табиғи орта көркемдігі бүлінуде. Табиғатпен мәдени қарым - қатынасты қалыптастыру, адам экологиясы мәдинетін дамытуға қатысты екенін рухани қазынамызды жасаушылар қашан да дабыл көтеріп, араша түсіп, тәлім - тәрбие ісі шараларына жол салып келеді. Жалпы қазақ қаламгерлері өз туындылары арқылы сай - сүйекті сырқататын табиғи апаттардан қалай құтыламыз, ертеңгі күнге не қалдырамыз деген мәселелерді шешуді ғана алға тартпай, оның жолы ең алдымен, адам экологиясын дұрыстауды, туған өлке табиғатына жан- ашыр ұрпақ тәрбиелеуді жедел қолға алуды үндейді . [32]

Туған өлкемен мәдини қарым - қатынас дүние нанымын қалыптастырмайынша, табиғат сырына үңіліп, оны түсінетін, сезінетін сана- сезім дамытпайынша, табиғат пен қарым - қатынас жасауға үйрететін өркениетті ұстаным бағдарына қызмет ететін іс - шараларды жүргізуге барлық мектептен тыс әлументтік тәрбие мекемелерін жоспарлы түрде қамтымайынша табиғатты қорғаудың тек жалған ұран түрінде қала беретінін қаламгер түсіндірді. Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам болып туып, адам болып қалу үшін табиғаттың атқарар қызметі зор. Табиғат бөлшектері жан - жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала, ми қайнатар құм дала, адамдар ойына сана, бойына күш, қадамына қанат беретін қайнарлар.

Адамдардың экологиялық заңдарын түсінбегенін табиғаттың өмірінен бейхабарлығынан, тіршілік дүниесі бүліне беретінінен толық белгілі болды. Қадыр Мырза -Әли ақын жазғандай "Адам таза болмай, табиғаттың таза болуы мүмкін емес". Ендеше экологиялық тәрбиені баршаның бойына, әсіресе жас буындарға сіңіру үшін барлық құрылымдар жүйесінде кешенді жұмыстар жүргізу қажет. Мектептерде жүргізілген экологиялық оқу - тәрбие жұмыстары жаратылыстану пәндерінде оқылған тақырыптарды тереңдетуге ғана мүдделік танытпай, жас ұрпақтың табиғат сырын түсінуге бағытталған іздену жұмыстарына қозғаушы болуы керек. Себебі оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру күрделі үрдіс. Бұл үрдіс табиғат сұлулығын өздерінше суреттеу, қоршаған орта жағдайы арасындағы байланысты түсіну, экологиялық мәдениетті орнықтыру сатыларынан тұрады.

Еліміздің тәуелсіздігіне қол жеткізіп, дербес мемлекет болып өмір сүру қажеттілігі, ұлттық сана - сезімнің сілкіністі бастан кешіруі, сөйтіп халқамыздың кешегісі мен бүгінін, ертеңін талдап - таразылау, болашағын болжамдау ісінің қолға алына бастауы, қоғамдық ғылымдар алдына сан салалы міндеттер қойып отырғаны мәлім. Ғылыми пікірлерге ден қояр болсақ, ұлттық тыныс - тіршілігіміздей маңызды мәселелердің бірі- "жан - жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу". Ал "жан- жақты мәдениетті тұлға"деген түсініктің ауқымын мейлінше зор. Аталмыш тұлғаның жан - жақты мәдениетті екені тек оның тарихи танымының пайдалылығы мен өлшенеді десек, осы бір талап тұғырнамасының байыпты бабы, сындарлы саласы оның экологиялық білімі. Қоршаған ортаға деген жанашырлық көзқарас, осы аялай білуге құштарлық жан - жақты мәдениет тұлғаның бойынан табылуы тиіс қасиет. Абай пайымдауындағы "толық адам" ұғымының да кең мағынадағы қабылдануы осыған саяды. Адам мен табиғат арасындағы байланыста соншалықты мәнді. Өйткені, табиғат- адам мен қоғамдық болмыс өмір сүретін орта. Халқымыздың даналық сөздерінде, әдеби мұраларымыз бен тарихи құндылықтарымызда табиғи ортаны аялау, қорғау сияқты олардың үнемі айтылып отыруының сыры осында болу керек. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі бағыт - бағдарламамызда белгіленген "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламамызда осынау өзекті мәселеге баса назар аударылған. Шындығында, табиғи тепе - теңдік пен сәйкестілік бұзылған ортада қалыпты қоғам, мәдениетті, зиялы адам қалыптасуы екі талай.

Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектеріндегі "ұлттық мектептердің ұлы мұраттары" ретінде сан саналы мәселелердің қарастырылуы осындай қажеттіліктерден туындайды. Сол мәселелердің маңыздысы - этноэкологиялық тәрбие. Аталмыш тәрбие саласының басты нысанасы - табиғат қатал, одан бермесін тартып алу қажет деген сияқты тағылық пиғылға қарсы "табиғат - ана" деген аялау сезімі тұрғысындағы көзқарасты қалыптастыру. Бұл, арнаула орта білім беретін орындарының міндеті. Ендеше, этноэкологиялық білім берудің бағдарламасын жасау, әдіс - тәсілдерін анықтау, оның тиімді - тиімсіз тұстарын зерттеу сияқты іргелі шаруалар туындайды [1] .

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінің пәнінің үрдісінде білім берудің теориясы мен практикасы және табиғи жағдайдың өзгеруі мен тұтастығын қарастырады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқып үйрену кезінде табиғаттағы жекеленген элементтердің өзара байланыстарын анықтап, табиғатты сүюге, жас өспірімдерді тәрбиелеуге және қорғауға ынталандыру .

1 Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту

1. 1 Экологиялық тәрбие берудің қазіргі жағдайы мен жолдары

Табиғаттың дағдарыстың неғұрлым қауіпті көрністері -аймақтық техногендік шөлейтену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, биологиялық әр алуандықтың тақтаусыз азаюы, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апатарының белең алып қауіпті әрі улы қалдықтардың қолданылуы, айналаны қоршаған ортаға ереен зиян тигізуде. Кейбір аймақтарда жағдайдың ауырлағаны соншалық, тоқтатуға ырық бермей тежеуге, болашағын пайымдап білуге болмайтын құбылыстар қаупі өсіп келеді. Яғни, тұрақты түрде табиғатты пайдалануды басқару мен сақтап қалуды болжамдау мүмкіндігі де күрт кеміп барады. Еліміз қолайсыз экологиялық ахуалды қазіргі кезде бастан кешіріп отырған экономикалық дағдарыс олан әрі тереңдеп, әлументтік шиеленістің ұшығуына итермелеп отыр, ал енді экологиялық және халақтың әлументтік жағдайларын шешуде экономикалық қиындықтар тежеуде. Демек, экологиялық ахуалға сай келетін шаралар, әрекеттер қолданбаушылық халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік жанжалдар туғызып, халық шаруашылығы дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал.

Соған орай, Қазақстан Республикасы Конституциясының 38- бабында "Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті" делінген. Бұл ата Заңның халқымыз алдында қойып отырған талабы, біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық тірегі болмақ. Ата Заңымызда көрсетілген талаптарды іс жүзіне асыруға мектептерде экологиялық сауаттандыру мен оқушыларға экологиялық тәрбиені дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендігі баршамызға аян. 1991 жылы тамыз айынан бастап Республикамызда табиғат қорғау туралы жаңа Заң қабылданып күшіне енді. Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экономикалық, практикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп берді. Ол мынандай тармақтардан тұрады:

а) республикада халыққа экологиялық білім беру орындары табиғат қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие мен білім беру жүйесін жүзеге асыру:

ә) жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялық тәрбие мен білім берудің жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында экологиялық жұмысты басқаратын маман кадрларды кәсіптік жағынан даярлау, олардың біліктігін арттырудың барлық мүмкіндіктерін жасау;

б) құжатта ( 64-бапта) айтылғандай оқу орындарында міндетті түрде экологиялық білім берудің қажеттілігі айтылып, ол былайша азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы қажетті экологиялық білім мазмұнын алуда, оқу орындарының ұстаған бағдарына қарамастан, барлық жоғары және арнаулы оқу мекемелерінде экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту;

в) арнаулы оқу орындарының бағытына сәйкес айналадағы ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі арнаулы курстар оқыту көзделеді. [14] .

Қазіргі кездегі мектептердің алдында тұрған міндеттерінің бірі жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта мектепте қалыптасып келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.

Оқушылардың санасына адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау туралы қағидаларды жеткізгенде, олардың сана-сеніміне тәрбиелегенде ғана экологиялық апаттармен күресуге болады. Оқушылардың қоршаған ортамен байланысында өз денсаулығын сақтау туралы ұғым қалыптасып, күнделікті тіршіліктерінде қоғаммен қарым-қатынастардыңда табиғат заңдылықтарын түсінген жағдайда ғана дамып жетіледі. Мысалы: табиғат-адам- қоғам- өндіріс, қоршаған орта мен қоғам арасындағы ара-қатынас табиғатын сақтауға бағытталған адамдардың қызметі бірлікте болуы тиіс.

Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған экологиялық қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адамзатты байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылымы мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика ғылымдары мен мектептердің де басты және игілікті борышына айналуда. Ғасырлар бойы өзін табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген адам, бойындағы оған деген тұтынушылық, пайдакүнемдік қатынасын психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл проблеманы алдын-алудың бір жолы-халыққа экологиялық білім беру. Өйткені қоғам мен табиғаттың өзара біріне-бір әсер ететіндігі туралы халаққа білім беру, адамның практикалық іс-әрекетінде басшыллыққа алатын табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырады. Жас ұрпаққа экологиялық білім беруде мектептің алатын орны өзгеше. Экологиялық тәрбие жалпы білім берудің бір компоненті ретінде шәкіртті жан-жақты дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағыт алған [16] .

Оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру проблемаларын шешуге XVI-XVII ғ. ғ. ұлы педагогтар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Русса, Г. Пестолци, Ф. Дистервег, А. Гумбольдт тағы басқалар классикалық педагогикадағы прогресшіл ой- пікірлері баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Олар баланың бойына игілікті имангерлікті дарытушы " табиғат сезімін " тәрбиелеу туралы айта отырып, оның адамгершілік- эстетикалық дамуындағы табиғаттың маңызын ашты. Прогресті педагогика жеке тұлғаны қалыптастыруда табиғаттың ролі зор екенін жоғары бағалай келіп, " … адамның бүкіл рухани тіршілігі табиғатпен берік байланыста болған" деген басы ашық пікірді тұжырымдай түседі [23] .

Табиғат - сұлулықтың өмірбақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан да, ол тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірінен саналады. Баланың бойына игілікті, ізгілікті дарытушы табиғат қорғау сезіміне тәрбиелеу туралы К. Д. Ушинский айта отырып, оның адамгершлік - эстетикалық дамуындағы табиғаттың маңызын аша түскен. "Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды"-дейді. Бұдан К. Д. Ушинскийдің табиғаттың тәрбиелеу мәніне зор мән беретіндігін байқаймыз [5] .

Сонымен қатар, қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаев, Ыбарай Алтынсарин шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік көзқарастарының негізі- табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға ақыл-кеңестер берген.

Халқымыздың мақтанышы, ғалым Ш. Уәлиханов туған халқымның табиғатпен қарым - қатынасындағы әдет-ғұрып, дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпағын табиғатпен қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ш. Уалихановтың табиғат жайында қалдырған бай мұрасы қазіргі уақытта жас ұрпақты табиғат қорғауға тәрбиелеуде бірбен-бір таптырмайтын құрал.

Абай өз өлеңдерінде табиғат пен адам өмірін, тұрмыс-тіршілігін бір-бірімен ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырады. Табиғат- адамдардың өмір сүретін ортасы. Адам баласы табиғатсыз өмір сүре алмайды, ал табиғат адам баласынсыз өмір сүре беруі мүмкін. Ұлы ақынның табиғат көрінісін, табиғат кереметтерін суреттейтін табиғат құбылыстары, соның ішінде жыл маусымдарын суреттейтін "Қыс", "Көктем", "Жаз", және "Күз" өлеңдері жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасына енгізілген. Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруда маңызы зор. Ол табиғаттың бар байлығы адам баласына азық болып отырғандығын көрсете келіп: "Кім өзіңе махаббат қылса, сен оған махаббат қылмағың парыз" деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы аялап сүйе білуге шақырады[20] .

Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көзінің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық дана ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөз, аңыз- әңгімелер арқылы жетіп отырған.

Халқымыз қасиеті, жер- суларды "Әулие бұлақ, әулие ағаш " дегендей құрметтеп, қорғап, көздің қарашығындай сақтай білген. Әсіресе, "Бұлақ көрсең көзін аш", "Құстың ұясын бұзба", "Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ", "Бұлақты жер- тұрақты жер", "Орман- ағаш ел дәулеті, жер сәулеті", "Сулы жер - нұрлы жер", "Аққуды атпа", " Суын ішкен құдыққа түкірме", "Көлдің көркі - құрақ, таудың көркі - бұлақ", " Дана көптен шығыды, дәрі шөптен шығады " сияқты ұлғатты сөздер немесе " Қаратауларың бұзылмасын, саялы ағашың сынбасын, қанаттарың қайырылмасын "-деген туған жерін, елін жұртын, табиғатын алақынға ұстап аялау жайлы айтқан қасиетті сөздер жас өспірімдерді тәрбиелеудегі алатын орны ерекше.

Қазіргі педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми негізін, мақсаттары мен міндетттерін принциптерін толық, әрі тұтас ашықтауға зерттеушілер ұмтылады. Педагогикалық әдебиеттерде экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын айқындауға және жалпы орта мектептерінде қай сыныптардан бастап оқытуда экологиялық материалдарды басымырақ беру керектігі жайлы ғылыми нұсқаулар мен озат тәжірибелер әлі де болса дәлелдене қойған жоқ[13] .

Психологиялық-педагогикалық және биологиялық оқыту әдістемесіне байланысты әдебиеттермен танысу арқылы жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде жасаған қорытындымыз экологиялық тәрбие берудің мақсаты - мектеп оқушыларының айналсындағы қоршаған табиғи ортаға, әмбебап тұрғыдан, жауапкершілікпен қарауға үйрету екенін анықтадық.

Жауапкершілікпен қарау немесе әмбебап көзқарас- әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және басқа жақтарынан қарағанда саралауға болатын кең ұғым. Педагогикалық тұрғыдан бұл ұғымның мазмұнына жататындар:

а) табиғи ортада адамның өзін қалай ұстау керектігін түсіну;

б) табиғатты халық қазынасы екендігін сезіну;

в) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салдарын көре білуі:

г) табиғатпен қарым- қатынасын жаратылыстану және ізеттілігін білім мен тәрбие тұрғысынан негіздеп аалатындығын оқушылар түсінуі қажет.

Сонымен, мектептердегі экологиялық тәрбие берудің тәжірибелерін және оның әдіснамалық пен теориялық жағынан зерттелу жәйін қарастырудан туындаған тұжырым, оқушыларға экологиялық тәрбие беруде басты ұстанымдарды ескеру керектілігіне көзіміз жетті:

1) Экологиялық оқу материалдарын оқыту біржүйелілікпен үздіксіз жүргізу.

2) Оқу процесінде экологиялық тәрбие беруде пән аралық байланыстардың болуы.

  1. Экологиялық оқу материалдары әлемдік, ұлттық және өлкеллік өзіндік мәселелерін айқындап, оны ұғындырып түсіндіруде өзара байланыстылығын ашу.
  2. Оқушылардың қоршаған табиғи ортаны танып білуде және оны қорғауда, аялауда, көркейтуде интеллектуалдық және еріктік эмоциялық тұрғыда жасайтын іс- әрекеттері мен қызметтері біртұтастықпен бір- бірімен ұштасуы тиіс

Оқушыларды табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Туған жерін өлең - жырға, әнге қоспаған ақын жоқ. Себебі туған жер- алтын бесік, кім-кімге де кір жуып, кіндік кескен атамекені қымбат. Сондықтан да ақын Жұбан Молдағалиев:

Туған жерді анам демей не дейін,

Туған жерді панам демей не дейін.

Туған жермен асқақ менің ән- жырым,

Туған жермен асқақ менің мейірім- деп жырлады. Туған жер дегенде алдымен көз алдымызға кең байтақ жазиралы қазақ елі елестейді. Өйткені қазақ халқы үшін туған елден қымбат және одан ыстық мекен жер бетінде болуы мүмкін емес, болмайды да, Қаламы қарымды қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың:

" Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін", - деп аса зор мақтаныш сезіммен жазған жыр жолдарын жас ұрпақтың жүрегінің төрінен орнықты орын алуы да осы себептен.

Туған өлкенің торқалы топырағын басып, жұпар иісті кәусар ауасын жұтып, көгілдір аспанына көз жүгіртіп, сылдырап аққан мөлдір бұлағының суын ішіп, дархандығы мол даласын, орманды сай- саласын, мұнаралы асқар таулы алқабын аралап өскен қазақ халқы қандай бақытты десеңші! Осыншыма тамылжыған тамаша табиғат байлығын одан әрі молайтып, әрі көркейтіп, көздің қарашығындай қорғап жүрулен артық бақыт бар ма екен?

Табиғат пен адам - егіз ұғым. Бұларды бір- бірінен мүлде бөліп қарауға болмайды. Осы арада ұстаз ағамыз Рыспай Сәтімбекұлының мына жыр жолдары еріксіз ойға оралады:

Табиғат және адам - егіз ұғым,

Тереңіне ой жібер сен де мұның.

Ақылыңа сал- дағы ойланып көр,

Түсінерсің шындықтың сонда сырын.

Ұстаздар үшін шәкірт жүрегіне туған жерге деген зор сүйіспеншілікке тәрбиелеу басты мәселенің бірі деп білеміз. Жас ұрпақтың санасына бала кезінен табиғатты аялау сезімін ұялату қажет деп ойлаймыз. Бала да жас көшет сияқты- қалай баптасаң солай өседі. Ол үшін әрбір ұзтаз, ата - ана бала тәрбиесіне әсіресе табиғаттық тәрбиеге ерекше мән беруі тиіс. Жүрегі таза, сезімі мөлдір, жаны жомарт, табиғатты жанындай сүйе білетін адам ешуақытта табиғатқа қатегездік көрсетпейді. Біз көптеген оқыс істеріміз үшін табиғаттан үнемі кешірім сұрап үйренуміз қажет. Бір кезде " табиғаттың бермесең тартып аламыз" деп те кеуде кердік. Енді оны табиғат кешірмей, қазір қарымта қайтарып жатыр. Мен студенттер мен ұстаздардың назарын осыған аударғым келеді. Ұл- қыздардың санасына ізгілік қасиеттер аяушылық, сүйіспеншілік, қамқорлық, жаны ашушылық сезімдерді егуді басты мақсатымыз деп санасақ дейміз[27] .

1. 2 Экологиялық білім беру мәселесі

Экологиялық білім берудің негізгі мақсаттарының бірі -оқушылардың экологиялық санасын көтеру, ақыл -ой қабілеті дамыту, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана отырып, шығармашылық жұмыстар жүргізу, өз бетімен іденіп зерттеулер жүргізуге баулу.

Осы мақсатта оқушылар өсімдіктану сабақтарының әрбір тақырыптарын өткен кезде оқулықтан тыс әдебиеттерді пайдаланып, қосымша материалдар жинақтауға дағдыланады. Оқушылар өз бетімен ізденіп жинаған материалдарын өсімдік тану пәнінен оқытуда қажетті қосымшалар, бетшелер, альбомдар даярлайды. Осы орайда біз өз қолымызбен жасалған жинақтамалардың бірнеше үлгілерін ұсынамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Оқу тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие
Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі
Экологиялық мониторинг және экологиялық сараптама туралы түсінік
Экологиялық информатика
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері
Оқушыларды табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Интерконтиненталь қонақ үйінің қауіпсіздік жүйесінің мәселелерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz