Білім негіздерін үйренудің өзі - оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің негізгі құралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Педагогика және психология кафедрасы

Тақырыбы:
ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ ҚҰРАЛДАРЫ, ӘДІСТЕРІ, ФОРМАЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК МӘДЕНИЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЫҚПАЛЫ

Орындаған: Ф-11 тобының студенті Алтынбекова Г.
Тексерген: Бижанова Ғ.Қ.

Арқалық, 2010

Жоспар:

Кіріспе

І ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
1.1. Еңбек тәрбиенің мәні мен міндеттері
1.2. Адам тұлғасы дамуында еңбектің рөлі

ІІ. ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ ҚҰРАЛДАРЫ, ӘДІСТЕРІ, ФОРМАЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК МӘДЕНИЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЫҚПАЛЫ
2.1. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі
2.2. Оқу барысындағы еңбек
2.3. Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруды
тәрбиелік мүмкіндігі

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Адамның адам болып қалыптсауының құралы – еңбек. Еңбектің нәтижелі
болуы әр адамның еңбекке саналы қатынасына байланысты. Олай болса, бүгінгі
таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталылықты,
құштарлықты тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар
беру. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі, оны еңбекке дұрыс
баулудың нәтижесі.
Тәрбие адамның ақыл-ойын дамытатын белгілі бір мағлұматтар беріп қана
қоймайды, күнделікті өмірінде қимыл-әрекетін қамтамасыз етеді. Барлық
денесінің қозғалысқа түсіп, бұлшық еттерінің дамуына, сомдануына, ми
талшықтарының өсуіне мүмкіндік тудырады. Баланың жас шағында алған дене
тәрбиесінің әсерінен еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін.
Сондықтан баланы жас кезінен ұқыптылыққа баулып қарапайым еңбекке үйрету,
мінез-құлқының еңбекке бағытталуын қамтамасыз етіп тәрбиелеу жөн.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты – жас ұрпақтың дене және ақыл-ой еңбегіне
деген дұрыс қатынасын, өмірде еңбекті қажетсінуін тәрбиелеу.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
- Жастардың организмін дамыта отырып, сан қилы дене еңбегінің
түрлерімен таныстыру.
- Оқу еңбегіне қызықтыру, үйрету; Оған дағдыландыру.
- Шығармашылық еңбек дегенді түсіндіру, нәтижесін таныту, оны
пайдалануды, бағалауды үйрету.
- Еңбегінің нәтижесіне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, қуану
сезімін дамыту.
- Саналы да, сапалы да еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның
экономикалық байлығын арттырудың көзі.
- Еңбек ету іскерлігін, дағдысын дамыту.
- Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге,
ұқыптылықпен жұмсауға үйрету.
- Қабілетіне қарай мамандыққа ие болуына бағыт бері.
- Еңбекке белсенділік, бастамашылдық, ұйымдастырушылық, оны жоспарлай
білушілік мүмкіндіктерін дамыту.
- Жас ұрпақты еңбек арқылы адамдық және адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі
халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мысалы,
қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап
еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деген мақал рухында
тәрбиеленген (қ. Халықтық педагогика). 18 ғасырдың ағартушылары (Ж.Ж.Руссо,
И.Г.Пестолоций) оқыту мен Еңбек тәрбиесін ұштастыру мәселесін алғаш рет
ғылыми тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде еңбек
тәрбиесі отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады.
Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындаауға,
еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Еңбек тәрбиесі мектепте білім
берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада
ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын
дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы
жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің,
бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды. Педагогика ғалымы еңбек
тәрбиесін жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір
бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу,
оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы
әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бәр тәсілі болып табылады.
Жас ұрпақтың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алуы мектептен көп бұрын
отбасында, өзіне-өзі қызмет ету, табиғаттағы еңбек, тұрмыстық-шаруашылық
еңбек, ойын баласы кезеңінен басталады да, мектепте білім негіздерін игеру
және сыныптан тыс тәрбие үрдістері кезінде жалғастырылады.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін отбасында іске
асырған. Тәрбиеге бүкіл ауыл адамдары қалыс қалмай қатысып, баланың теріс
жолға түспеуіне мүмкіндік жасаған. Ұлды төрт түлікті бағып баптауға, отын
шауып тамақ тасуға, құсбегілікке, аңшылыққа, ат құлағында ойнауға, қолөнер
шеберлігіне, аталары мен әкелері баулыса, қызды үй жұмысын, қолөнер
жұмыстарын (тігу, тоқу, ою-өрнек т.б.) атқаруға, яғни отбасының жұмыстарына
баулыған. Ата көрген – оқ жанар, ана көрген – тон пішер деген мәтелдің
мәні де осында жатыр. Қыз баланы болашақ ана, бала тәрбиешісі, отбасының
ұйтқысы, алтын діңгегі деп түсінген халқымыз оның өнегелі,
өнерлі, ақылды, тапқыр, еңбексүйгіш болып өсуіне ерекше мән беріп, қыз
баланы қатты құрметтеген. Ұлың өссе – мұратың, қызың өссе - жұратың,
Ұлың өссе – ұрпақ, қызың өссе - ырыс, Ұлың өссе, күндей боласың, - деп
тіле, қызың өссе, күндей боласың, - деп тіле, Ұлға отыз үйден, қызға
қырық үйден тыю, Абыройыңның қадірін қызың өскенде білесің! - деп тәрбие
нәтижесін ұл-қызың өскенде байқайсың, еңбегіңнің жемісін ұлыңнан көресің
деп Үйінде ұл-қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар екенін танытқан.
Сондай-ақ халық жастарды кәсіпті игеруге тәрбиелеу, әсіресе төрттүлік мал
бағуға үйрету, аңшылыққа, саяткершілікке, мергендікке баулып, ептілікке,
қырағылыққа, шапшаңдыққа жаттықтырған. Өйткені жастардың жеңіл өмір сүруі,
біреудің еңбегінің арқасында өмір сүруі, күн көруі адамгершілік, имандылық
қағидаларымен сыйыспайды деп дәлелдеген. Жас ұрпақты ой еңбегі мен дене
еңбегіне шығармашылықпен кірісетіндей етіп тәрбиелеу, еңбекті дәріптеу,
еңбек адамын үлгі ету, күнделікті өмірдегі ата-ананың еңбекке деген
қатынасы, бірден-бір тәрбие әдісі болып табылады. Адам өміріндегі еңбектің
алатын орны туралы халық даналығында: Еңбегімен ер көгерер, Еңбек
мұратқа жеткізер, ерлік елдікке жеткізер, Еңбексіз өмір – сөнген көмір,
Ер дәулеті - еңбек, Еңбек – адамның екінші анасы, Еңбегі аздың, өнбегі
аз - деген тұжырымдар адам өміріндегі еңбектің рөлін дөп басып танытады.
Сондай-ақ Бақыт кілті - еңбекте - деп түсінген халқымыз. Еңбек пен
өнердің егіз екенін тәжірибеде дәлелдеген. Күнделікті өмір тіршілігінде
киім-кешек, төсек-орын, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары мен әсемдік бұйымдарын, т.б.
қол өнер еңбегі арқылы жасап пайдаланған.
Сондықтан да халық Шебердің қолы ортақ, Ұсталы ел озар, Өнер –
таусылмас азық – жұтамас байлық, Ісмердің байлығы қолында, Өнерлінің
қолы алтын, - деп қолөнер еңбегін ел қажетіне жұмсау, сол арқылы мұратына
жету, өнер байлығының көзін ашу керек екенін, оның бәрі еңбек арқылы
орындалатынын жас ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен. Бүгінгі таңда орта білім
беретін мектептерде және арнаулы орта білім беретін мектептерде Еңбекке
оқыту дәрісінің бағдарламасы бойынша еңбек туралы, оның өнімі жайлы білім,
оның кәсіби маңызы туралы түсінік беріп, шығармашылық іс-әрекеттерге
үйретеді. Жастардың еңбекке ынтасы мен қалауын ескере отырып, ұл бала
тәрбиесі мен қыз бала тәрбиесін жекелей қарап, мектеп
шаруашылықтарында көкөніс, жеміс, гүл өсіру сияқты еңбек түрлерін іске
асыру ұйымдастырылуда. Техника тілін, экономика мен өндірісті ұйымдастыру
ісін, халықтық қолөнерді (зергерлік, қосалқы қолданбалы бейнелеу) үйретуді
меңзейді. Оқушылар өз қалауынша ағаш, мата, т.б. өңдеу, аспазшылық,
тоқымашылық, тұрмыс қажетіне қажетті техниканы жөндеу, т.б. еңбек түрлері
бойынша арнайы дайындықтан өтеді.
Еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінде қалыптасқан білім мен білік,
дағды мен іскерлік жастардың өмірге, еңбекке құштарлығын арттырып,
мүмкіндігін дамытатын сенімді құралына айналдырады. Жастарды болашақ
мамандығына, икемділігіне сәйкес тәжірибелік еңбекке дайындау, оларға еңбек
етудің дағдыларын игерту, сынып жетекшісінің басты парызы.
Білім негіздерін үйренудің өзі – оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің
негізгі құралы. Оқу – үлкен ой еңбегі. Ол – оқушының қоғам, халық, ата-ана
алдындағы жауапты міндеті. Оқушыларды жүйелі оқу еңбегіне үйрету – кітаппен
жұмыс, зертханалық жұмыстарды орындау, бақылау, өздігінен жұмыс істей алу
қабілетін дамыту, дағдысын қалыптастыру, жұмыс орнын таза ұстау – еңбек
тәрбиесінің міндеттерінің бірі.
Көпшілікпен жүргізілетін сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында әр оқушыға
жеке тапсырма беру тәсілі маңызды орын алады. Еңбек озаттары туралы
баяндамалар, әңгімелер, диспуттар, кештер, кездесулер сияқты, т.б. тәрбие
түрлері, көркемөнерпаздар үйірмесінің сан салалы жұмыстарына оқушыларды
қатыстыру, оларды тиімді өткізудің мәні зор.
Адам тұлғасы дамуында еңбектің рөлі. Адамның жан-жақты және үйлесімді
дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті
озық тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбекпен дамымайды,
кері кетеді, азады.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой
деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады.
Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл
халық міндеті болды.
Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өміріне жан және тән
сұлулығын еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады. Сондықтан да
баланы еңбекке тәрбиелей отырып үйелменің қасиетті борышы. Жас ұрпақтың
еңбекке қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі ретінде жырлайды.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп отырып, он
саусағынан өнері тамған нақты кәсіпті көздеді. Бұл жерде еңбек дағдыларын
меңгертуге жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді. Еңбек сапасы жоғары
көрсеткіш ретінде алынды.
Еңбек, адамның еңбекке қатынасы тақырыптары аңыз әңгімелер, ертегілер,
мақал-мәтелдер және ән-жырлардың нұсқауы болды.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу
көзқарастары қазіргі педагогика теориясындағы принциптермен ұштасып жатыр.
Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін
қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды.
Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін
анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына терең түсінсе,
соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бақыты толыса түседі.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде не орнында
толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты жасай түсуге еңбек үлесін
қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасы қоғамның өмір салтының алғы шарты
болып табылады. Ол және адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы
еңбекпен біліммен қаруланған, белсенді және қоғамдық іс-әрекеттерге жан-
жақты даярланған еңбек адамын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқыту үдерісінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негізі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Жалпыұлттық мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі
Білімнің мазмұны және оның ғылыми негіздері туралы
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)
Бастауыш мектептің 2-сыныбындағы қазақ тілі сабағында білім, білік, дағдына қалыптастыру жолдарын қарастыру
Оқу процесін ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің арнайы конструкциясы
Инновация ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі
Бастауыш мектепте оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруда өлкетану материалын пайдаланудың жолдары
Пәндер