Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
Педагогтар, көрнекті ғалымдар еңбек тәрбиесі туралы.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақ халқының балалары мен жастарды тәрбиелеудегі еңбек дәстүрлері
2.2. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2.3. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі.
2.4. Кәсіптік бағдар беру жұмысы.
2.5. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын
дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол - өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл
тарих тағылымының тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек.
Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің,
бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей
берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған
материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры
да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға бірдей қазына. Әбу Насыр әл-Фараби
(870-950) бұл қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен
еңбектің жемісі деген болатын.
Әл-Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын
білеміз. Ол "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік
үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде
тәрбиенің негізінен туындайды деген еді.
Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әр
түрлі нысанда дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Ортағасырлық мектеп
тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670)
педагогикасының негізі – гуманизм мен демократизм болғаны педагогика
тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамды қайта
құрудың басты принципі – гуманистік және демократиялық принциппен үндес
келіп отыр. Я.А.Коменский мектеп – балаға сүйіспеншілік, адамгершілік
қасиеттерін тәрбиелейтін "адамгершілік шеберханасы" болуға тиіс деген
көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу
қажет деп есептеді. Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі
Коменский ұсынған "табиғатқа сәйкестілік" еңбек және дене тәрбиесі арқылы
жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен
өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі
эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке
баулудың, оның теориялық негізі – еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары
бағалаған еді. Швейцария педагогы Генрих Песталоций (1746-1827) тәрбиесінің
мақсаты – баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі
ұмтылады. Сөйтіп, Песталоций дене тәрбиесін еңбек тәрбиесімен ұштастыра
жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру,
соның ішінде қол өнері және ауылшаруашылық еңбегімен ұштастыру
Песталоцийдің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің
бірі болып табылады. Песталоций еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың
бір-бірімен өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын
қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын
дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол -
еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты
дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский
болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының
зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және
тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы
қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие
жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.
К.Д.Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі – еңбек-сүйгіштікке,
еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы
еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді
Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен
маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе
болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі –
жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете
түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу
тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс
істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп
бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен
дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән берді. "Ой еңбегінен кейін
дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп
есептеді.
Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы
өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек – еңбек тәрбиесінің
құралы деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және
білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп
философиялық тұжырым жасады.
Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы
тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады.

2.1. Қазақ халқының балалары мен жастарды тәрбиелеудегі еңбек дәстүрлері

Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке
тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп
алған. Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз
би" ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т.б.
бейнелері арқылы беріліп отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс
тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді
ойластырған.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз
басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім
тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған.
Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ
киім (етік, мәсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген
тартып, өмілдірік, құйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік
үлкен өнер болып есептелген.
Ағаштан – ашамай, арба, шана жасайтын балташыларды темірден - құрал-
сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды
халық жоғары бағалаған.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі
педагогика теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында
өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам
материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам
өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының
бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы
байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу
болып табылады.
Адамның жан-жақты үйлесімді дамуында еңбек факторының маңызы зор. Оның
күші бала бір нәрсемен айналыса бастаған бойдан көріне бермейді. Себебі,
еңбек идеялық, эстетикалық тәрбиемен, шығармашылықпен және тәрбиеленушілер
арасындағы сан қырлы қатынастармен байланысты жүргізілмесе, тек орындалуы
тиіс міндетке ғана айналады. Бұдан еңбек адамның рухани қажеттілік
дәрежесіне көтеріле алмайды. Керісінше, ол адамның рухани кедейленуіне әкеп
соғады. Осыдан жалқаулыққа жол ашылады. Әрбір адам еңбек арқылы өмірдегі өз
орнын тауып, өзінің не нәрсеге қабілетті екенін сезіп, түсініп білуі тиіс.
Бала өз қолымен жасаған бұйымдарының нәтижесін көріп, мақтаныш сезімі пайда
болғанда ғана жан-жақты дамуына жол ашылады.
Жалпы білім беретін мектептер оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу
тұжырымдамасында "еңбек" негізін мектеп жасында қалыптастырмай, болашақ
ұрпақтан күткендей іскер маман шықпайтынын айта келіп, оқушыларды еңбекке
дайындау ісіндегі бір өзекті мәселенің бірі қазақ халқының ғасырлар бойы
қалыптасқан қосалқы-көркем өнерін, халық зергерлерінің мұрасын, мал
шаруашылығы, шикізаттарды өңдеу жолдарын үйрету кеңінен дамымай отыр
делінген.
Еліміздің нарықтық экономикаға кешуімен байланысты болып жатқан үлкен
өзгерістер болашақ жастардың еңбекке дайындығын теңдесі жоқ биіктікке
көтерілуін өздерін әр түрлі шығармашылық әрекетте сынау, белсенділік пен
жауапкершілік, еңбекке жарамдылық сияқты талаптарды қойып отыр. Осы
талаптарды жүзеге асыру міндеті бірінші болып жалпы білім беретін орта
мектептің бастауыш сатысына жүктеледі. Бастауыш мектептің маңызы мен
қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесінде басқа буындар мен тек
сабақтастық болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының қалыптасуымен,
дамуымен ерекшеленеді. Енді жетіліп келе жатқан жаңа тұлғаны еңбекке
дайындауда, оның өзіндік табиғатын, психологиялық ерекшеліктерін, еңбекке
икемділігін, білімін, ішкі қажеттілігін білу қажет.
Жас ұрпақ бойында өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруда көркемдік
білім беру жүйесінің заман талабына сай педагогикалық, әдістемелік
бағыттарын жасау, оқу-тәрбие мазмұнын жаңарту қазіргі кездегі бастауыш
мектептің аясында атқарылатын өзекті істердің бірі.
Бастауыш сыныптардағы көркем еңбек жүйесі өзінің ерекшеліктерімен оқушы
қиялына әсер ете отырып, олардың шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал
жасайды. Сондықтан көркем еңбек - оқушы қабілетін дамытудың негізгі факторы
болып табылады.
Қазақ отбасында бала туғаннан бастап әдеміліктің қоршауында болады,
өрнектермен әшекейленген киіз үй жабдықтарын, оюланған кілем, сырмақ,
түскиіз, сүйек, кестеленген киімдерді, күміспен өрнектелген ыдыс-аяқтар мен
жиһаздарды күнделікті көріп өседі. Мектепте оқушылар қазақ халқының
қолданбалы өнер түрлерімен танысып, оларды дайындау тәсілдері туралы
кеңірек мағлұматтар алады. Осынау ұлттық қолөнер түрімен айналысудың
қолайлылығы - оған қажетті матаның кез-келген шаңырақтан табылатындығы.
Еңбекке баулу сабағында олар ою-өрнектерді бастырмалап орындау, текеметтің
қағаздан дайындалған кішігірім үлгілерін әшекейлеу жұмыстарын үйренеді.
Сондай-ақ қошқар мүйіз оюы үлгісімен орындалған композициялық жұмыс түрін
орындайды.
Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің барлығы ою-өрнектермен байланысты
болып келеді. Ою-өрнексіз орындалған қолөнер бұйымдарының айтарлықтай
әдемі, көрнекі болмайтыны белгілі. Көркемдік - кеңі көтереді демекші,
ұлттық қолөнер - халықтың ғасырлар бойғы көркемдік тәжірибесіні қайнар
көзі.
Ұлттық киім, үй жиһаздарындағы әшекейленген әрбір ою терең ой, мағына
беріп, өте нәзіктікпен жасалады. Ою өрнек - оқушылардың ойлау қабілетін
дамытып, икемділігін, шеберлігін қалыптастырады. Бұған "ою ойғанның ойы
ұшқыр деген дана халқымыздың мақалы дәлел болады. Ою дегеніміз - бір
нәрсені ойып кесіп алып жасау, не екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір
нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген ұғымды білдіреді, Ал өрнек деп, әр
түрлі ою, бедер бейнені күйдіріп, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік
түрлердің, әшекейлердің ортақ атауын айтады. Сондықтан көбінесе ою-өрнек
деп қосарланып айтылады. Ою-өрнектің барлығына ортақ заң - симметрия яғни,
ою-өрнек бөліктерінің бір-бірімен мөлшерлес келуі.
Ою-өрнек төртке бөлінеді. Хайуанаттық, геометриялық, ғарыштық,
(көкөніс) өсімдік бейнесіндегі. Зерттеуші-ғалым А.С.Жолдасбекова оқушыларды
қолданбалы өнермен бастауыш сыныптан бастап жан-жақты таныстырып, үйрету
олардың эстетикалық талғамын жетілдіруге мүмкіндік туғызатындығын айта
келіп, жұмыс істеу дағдысы мен іскерлігін қалыптастырып, кәсіптік бағдар
беруде маңызы зор екендігін айтады. Ою-өрнектердің қарапайым түрлері
бірінші, екінші сыныптарда таныстырылып, олардың долбарын орындауға үйрету
қарастырылса, үшінші, төртінші сыныптарда оның күрделі түрлерін
(хайуанаттық, ғарыштық) дайындаудың әдіс-тәсілдерін көрсеткен.
Оқушылар құрақ құрауды орындаған кезде мұғалім композициядағы
бөлшектердің түріне, олардың бір-бірімен қилысуына, түстердің үйлесуіне,
симметриялылығына және түрінің ырғағына баса назар аударады. Құрақ құрау
әдісінің кең тараған және ең оңай тәсілі мата жолақтарынан құрау болып
табылады. Ең алдымен мұғалім оқушыларға бөлшектерді пішіп алуды және
қатырма қағаздан жасалған үлгіні дайындауды үйретеді.
Құрақ жасалуына қарай екіге бөлінеді.
- Жастық құраққа: қайшы, жұлдыз, қаттама, тырна құрақтары,
- Көрпеше құраққа: алма, атқұлақ, мүйіз, айшық құрақтары жатады.
І-ІІ сыныптарда осы құрақтарды оқушылар қағаздан құраса, ІІІ-ІV
сыныптарда мата қиындыларынан ұлттық стильде сыйлық, бұйымдарды жасайды.
I сыныпта оқушылар үй жиһаздарына қолданылатын көрпеше құрақ пен жастық
құрақ түрлерімен танысып, олар турапы жалпы мәлімет алады;
II сыныпта оқушылар қағаз қиындыларынан құрақ құрап, бұйымды сәндеуге
қолданады. Мысалы; қайшы құрақты кілемше, ботакөз құрақты кітап тыс, айшық
құрағымен сәнделген жұмыстарды жасайды;
III сынып оқушылары құрақ құрау өнерінің күрделірек түрлерін қағаздан
құрап, бұйым әзірлейді. Олар жұлдыз құрақты, шәйнек түп, мүйіз құрақты
кілемше, мата қалдықтарынан көрпеше құрақтарының бір түрі -алма құрақтан
тұтқыш тігу жұмыстарын орындайды;
IV сыныпта оқушылар бұрынғы алған білімдерін пайдапана отырып, жастық
құрақтың анағұрлым күрделі түрлерінен тұтыну бүйымдарын (қалташа, құрақ пен
бастырмаланған құмыра, қаттама құрақтан ине шаншитын жастықша) дайындайды.
Еңбекке баулу кезінде оқушылардың орындауына жеңіл, қарапайым түрде
орындалған ұлттық бұйымдар қала мектептерінде немесе оқушылар өмір сүрген
ортада көптеп кездесе бермейді. Сондықтан қалалық мектептерде қолөнер
бұйымдарын жасап, оған көркем еңбек әдістемесін қолдану біршама қиындыққа
соқтыратыны белгілі. Олай болса, бастауыш сыныпта оқу жоспарына байланысты
"көркем еңбекке" бөлінген сағатты оқытып қана қоймай, оған қосымша сыныптан
тыс (қолөнер шеберлерінің еңбектерімен танысу, өнер мұражайларына бару
т.б.) жұмыстар жүргізілгені дұрыс. Өтілетін сабақ тақырыбын оқушылардың
толық меңгеруіне мұғалім тарапынан осындай ықпал жасауы тиіс.
Сарамандық жұмыс кезінде оқушы:
- еңбек құралдарын арнайы қорапта ұстау;
- әр затты өз орындарына қойып үйрену;
- жұмыс орынын таза ұстау;
-қауіпсіздік ережелерін сақтау сияқты қағидаларды ескерсе ғана,
оқушылардың жауапкершілік сезімі оянып, бастаған ісін толығымен аяқтауды
дағдыға айналдырады.
Балапарды ұлттық қолөнер шығармаларымен таныстыру олардың өз туған
жеріне, халқына, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, көркемдік
шығармашылығын жетілдіреді. Еңбектену нәтижесінде бала азаматтық сезімге ие
болады, ол өз қабілетінің керектігін түсінеді және сол арқылы
қиыншылықтарды жеңе алады. Еңбек пен көңіл-күй эстетикасы тәрбиесінің тең
жүргізілуі оқушының өмірді еңбек арқылы тануымен, онын, сұлулықты өз
қолымен жасауымен іске асырылады. Оқушылардың танымдық шығармашылығының
дамуына бейнелеу өнері сабағының ықпал ететін үлкен мүмкіндігі бар.
Бейнелеу өнері сабағы бір жағынан, белсенділік, өз беттілік, қиял, оймен
жұмыс істеу сияқты шығармашылық іс-әрекетті талап етсе, екінші жағынан,
эстетикалық бағыт-бейнелеу өнері сабағына тән қасиет.
Кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық-шығармашылық белсенділігін
тәрбиелеу, ең алдымен, олардың әлемді тану қажеттігімен және алған білімін
өз шығармаларында пайдалануын дамытумен тығыз байланысты.
Атақты психолог Б.М.Теплов қажеттілік негізінде өмір процесінде сезім
тәрбиеленеді, қызығушылық туындайды, көзқарастар, тұжырымдар және
дүниетаным қалыптасады деген. Ал бұл жердегі сезім де, қызығушылық та,
тұжырым да, адамның дүниетанымы да оқушы іс-әрекетінің мотиві ретінде
көрінеді.
Бейнелеу өнерін оқыту барысында балалардың өзбеттілігі және
белсенділігі жақсы дамуы үшін бірнеше талаптарды ескеру керек.
Мұндай талаптардың бірі - сурет салуды шебер түсіндіру, суреттің салыну
кезеңдерін айқын көрсету. Оқушылар салынатын нұсқауға өз бетінше талдау
жасап, оның ерекшеліктерін анықталады.
Әсіресе, кіші мектеп жасындағы балалар сәндік композиция мен тақырыптық
суреттерді өз бетінше шешкені маңызды. Балалардың зейінін сурет салудың
мұндай түріне тарту, олардың шығармашылық ойын белсендіруге алдын ала
жасалатын жұмыстарға жұмылдыру пәрменді ықпал жасайды. Мысалы, нобайлар,
бақылау, эскиздер т.б.
Балаларға еркін тақырыпта сурет салуға тапсырма көбірек беру керек. Бұл
тапсырма оқушыларда шығармашылықты, қайсарлықты, тұрақтылықты дамытуға
жағдай жасайды. Балалардың бойында алға қойған мақсатқа қол жеткізе білу,
соған жету үшін кездескен қиындықтарды жеңе білу сияқты қасиеттерді
тәрбиелейді. Бұл жерде өзбеттілік, шыдамдылық және қайсарлық әрқашан бірге
жүреді.
Бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшелігі - үнемі шыдамдылық пен сурет
салу процесі кезіндегі белсенділікті талап етеді. Баланың танымдық
шығармашылық белсенділігі оның бақылауына негізделген. Сонымен қатар
бақылау - тұлғаның қоршаған әлемді танудың белсенді формасы екендігі
белгілі. Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейннің ұсынған
тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту барысында жетіледі. Оқыту
жеке адамның таным қабілетін, дүниетануын мақсатқа сәйкес дамыта және
тәрбиелей отырып жетілдіреді.
Бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекетінің кейбір
сипаттарына тоқталайық. Бастауыш сынып оқушыларының сурет салу кезінде
мұғалім оларға жазу үйреткені сияқты, қолынан ұстап, суреттің контур
сызықтарын сызуға көмектесіп жатады. Бұл көмек қол саусақтарының қимыл-
қозғалысына біршама серпін берсе де, баланың өз бетінше жұмыс жасауына кері
әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе оймен жасалатын танымдық іс-әрекет барысына
теріс ықпал жасайды, себебі бала сурет салудың кезеңдерін ережелерін толық
ұқпайынша, оған қағаз бетіне сол суретгі бейнелеу өте қиынға соғады.
Бейнелеу өнері материалдарын игеріп, үйренуде сол материалдарды
түсіндірмей, сөйтіп, балалардың санасына әбден сіңірмей тұрып, оларды
бейнелеуге көшіру немесе сурет салуға кірістіру - үлкен қателік.
Мәселен, бала заттарды көруге, олардың пішіні, түсі, өлшемдік
қатынасына көңіл бөлсе болды, ал сол заттарды бейнелеу немесе суретін салу
оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай реттеледі. Себебі, бұл жағдайда
педагогикалық процесс біржақты әрі шала болып шығады. Бұл кезде оқушыларда
заттарды қабылдауды дамыту ғана алға басады да, суретті қабылдау өспей
қалады. Яғни даму, танымдық іс-әрекет тоқырап қалады. Еліктеу арқылы
салынған алғашқы суретгі түсіну шараларын жасауға да болады, бұған дайын
репродукциялар, суреттер көрсетумен, оны мұқият түсіндірумен қатар
сыныптағы жақсы сурет салатын балалардың суреттері де көмек көрсете алады.
Бұл тәсілдерді қолдану кезінде суретті көрсету, түзетуді қалай жасаудың
жемісті, табысты жолдарын таңдап алған жөн. Заттың суретін салудағы,
мысалы, оның формасының дұрыс еместігін оқушы өзі түсініп түземесе немесе
мұғалім өзі түзетіп берсе, онда оқудың, бейнелеу өнері материалдарын
меңгертудің пәрменділігі мен нәтижелілігі азаяды. Бұл мәселені шешіп алмай
тұрып, шығармашылық және танымдық іс-әрекетті дамыту өте қиынға соғады,
тіпті көпшілігінде мүмкін емес. Сондықтан натураға қарап сурет салғызудың,
ондағы заттардың форма, жарық пен көлеңке, сызықтарды түсіру, бояу түстерін
таңдау, оларды реңімен пайдалану реті мен техникасын игеру сияқты іс-
әрекеттерді дамытудың маңызы ерекше.
Бастауыш сыныптарда салынатын суреттердің дені табиғатқа, ондағы
құбылыстарға бағытталады, себебі өзін қоршаған ортаның бала сезіміне әсер
етпеуі мүмкін емес. Бастауыш мектептің 1-2-сынып оқушыларының сурет
дәптерлерінде тау, өзен, ағаш, аспан, күн, бұлт, көбелек, гүл т.б. міндетті
түрде кездеседі. Солардың ішінде таулардың салынған суретін алатын болсақ,
кейбір жағдайда олардың формалары тік үшбұрышты, өте үшкір әрі қоңыр
сызықтары түзу болып салынады. Бұл неліктен? Себебі, таулардың неғұрлым
үлкен репродукциялық суреттері өте аз көрсетілген, екіншіден, пән мұғалімі
өзі сол таулардың бөлшектерін салуды көрнекі етіп тақтаға салып
көрсетпеген, үшіншіден, табиғи тау мен суреттегі балалардың салған
тауларының пішіндеріне, түстеріне салыстыру жұмыстары жүргізілмеген.
Қайталау мен салыстыру және жаттығу - барлық игерілмегенді игертетін,
меңгертетін тәжірибелік жұмыстар. Сондықтан бұларға көбірек мән берілсе,
оқушылардың табысты жұмыстар саны арта түседі. Сурет салу заттың,
құбылыстың қасиеттерін анықтап, танып білуге бағытталып, балалардың
қоршаған ортаның сан-алуандылығын бейнелеуге қажетгі ептіліктер мен дағды
қалыптастыруларына мүмкіндік береді. Суретті бейнелеуде негізгі талап -
саналылық әрі шынайылық болуы тиіс. Бала алғаш қарындаш ұстаған сәттен
бастап бейнелеудің көлемдік, кеңістіктік, сол сияқты, пішіндік, реңдік
таным іс-әрекеттерін жүргізуі қажет. Оқушыға сурет дәптер парағын парақ
емес, оны кеңістіктегі терезе ретінде қабылдату өте көп көмегін тигізіп,
бейнелеудің күрделі сатысына жол ашып береді. Оқушылардың сурет салуына,
олардың танымдық-шығармашылық белсенділігіне әсер етуші негізгі міндеттер
мыналар:
1. Ойша талдауды дамыту. Бұл жүйелі жаттығулар арқылы заттардың
құрылымдық негізін ашып береді. Оқушы танып-білуге және шығармашылыққа
қажетті затты, нәрсені немесе құбылысты санасында түсінуге тиіс.
2. Қабылдаудың көлемді болуы. Дүниедегі заттардың бәрінің көлемі бар,
сондықтан іс жүзінде көлемдік ұғымдарды түсіндіріп, оқушыларға заттарды
көлемді етіп көруге, бейнелеуге үйрету қажет.
3. Бейнелеудің тұтастығы болу қажет. Суреттегі салынған бөлшектер бір
шешімге бағынуы қажет. Бастауыш сынып оқушыларының бұл бағыттағы іс-
әрекеттері толыққанды болмаса да, жалпыдан жекеге қарай сурет салу, реңдік
қатынасты дұрыс сақтау сияқты шарттарды меңгеруге тиісті.
4. Суреттегі көңіл-күйді немесе мінезді көрсету. Бұл бастауыш мектеп
оқушыларында өзінше көрінеді, яғни кейбір детальдық бөліктерді мұғалім
оқушыдан сұрап, оның түсіндіруін талап етуі мүмкін, өйткені үлкендер ондай
бөліктердің сипаттамасын анық түсінбей қалуы мүмкін.
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабақтарында танымдық-
шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуы - оларды оқытып, тәрбиелеудегі және
тұлғалық дамытудағы маңызды педагогикалық үрдіс.
Бейнелеу өнеріне үйретудің негізіне қойылымды зерттеу, қоршаған
дүниені, өмірді тану жатады. Ал, балаларға сурет салуға үйрету
міндеттерінің бірі - табиғат заңына сәйкес жазықтықтың бетіне пішіндерді
сала білу тәсілдерін табу. Атақты орыс педагогы, бейнелеу өнерінің
майталманы П.П.Листяковтың "Неғұрлым көп білсең, соғұрлым көп көресің"
деген сөздерін келтіре отырып, бастауыш мектеп оқушыларына затты табиғи
және оның мәні мен түрін көрсете отырып бейнелеуге үйрету арқылы
шығармашылық, бейнелеу қабілетін дамытуға болады.

2.2. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.

Мектепте еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды
бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының
қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы
көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және
зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар
мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты – жас жеткіншектерге еңбек туралы
тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас
жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен қаруландыру
қабілеттілігін дамыту, мамандығын таңдауға көмек беру болып табылады.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
• Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру,
еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
• Мамандықты таңдауға дайындау.
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның
экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар
дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек
көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек
үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам
ағзасының күнделікті дағдысына айналады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының
нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жеткілікті дәрежеде әсер ететін
болады. Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттық құндылыққа, өзара
түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің
кепілі болып табылады.
2.3. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі.

Оқу барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін
жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады.
Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек
дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке
шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар өндірістік бригада
базасында, демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса
жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер жасайды, кейбір мамандықтың
түрлерін игереді. Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық
тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу
мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар
бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп
жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады. Өзіне-өзі
қызмет көрсету.
Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін
орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің
адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі
алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету: оқу-құралдарын,
кабинеттерді, сынып бөлмесін, дәліздерді жинау, т.б.
Отбасында өзіне-өзің қызмет көрсетуге: төсек-орынды, пәтерді жинау,
кір жуу, тамақ дайындау, т.б. жатады.
Мектеп жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет етудің берік
жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне
айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-
аналардың адамгершілік борышы.
Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке
адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек
барысында оқушылардың дүниетанымы қалыптасады. Мамандықты тануда көзқарасы
кеңейіп, денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы
артады.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға
болады:
• халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу,
экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және
қорғау;
• мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелеп,
олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді;
• шефтік жұмыс - адамгершілікке тәрбиелеудің ең жоғары формасы. Ол баланы
қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өміріндегі
пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек мүгедектеріне,
көп балалы аналарға, мәдени мұраларды қорғауы жатады.
Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық
құндылықты жасайды.
Өнімді еңбек жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-өндіріс
кооперативтері оқушылардың өндірістік бригадалары арқылы жүзеге асырылады.
Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы халықтық
іске үлес қосады. Оқушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта
жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауылшаруашылық
тәжірибелік жұмысын істеу.
Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын,
қызығушылығын, ауылшаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік
тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының
рөлі зор.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Бала тәрбиесінің педагогикалық негіздері және еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Мектепке дейінгі педагогика ғылымы. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттамасы
Пәндер