Болыстық мектептер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
түсті. Өйткені, біріншіден, қазақ халқының қазіргі экономикалық және саяси
жағдайы аяқ аттаған сайын орыс тілін білуді қажет етеді, екіншіден, бұл
халық-табиғатынан әр нәрсені білуге құмар, алғыр халық.
Халықтың осы әр нәрсеге ұмтылушылық, ізденушілік қасиетін ислам діні
өкілдері және басқа ескілікті жақтаушылар пайдалана бастады.Егер осындай
әлі азбаған, қабілетті халық олардың ықпалыны түсіп кетсе, өте өкінішті жай
болар еді.
Алтынсарин баяндау хатында осы жағдайды айтып келіп былай дейді:
Қазақ даласында орыс-қазақ мектептерін кобейту мәселесін қызу қолға алу
қажет.Ол мектептердүниеге ғылыми көзқарастың ұрығын сеуіп, халықтың
дамуына кедергі болатын соқыр сенімдарді жоюға кедергі болады.Бұл әлі де
келе жатқан ешпір діннің ықпалына ұшырамаған халықтың әдет, ғұрпымен бірге
салт-сананың сақталуына әсер етеді.
Алтынсарин болыстық мекткптер ді құрудың қажеттілігін осы түрде
дәлелдей отырып, бұған қажетті қаржы да барлығын айтады. Басқарушылар
тарапынан осы жөнінде қарар бекітіп, оларды салу, мектеп жумысын жүргі-зу
сұралады деп көрсетеді.
Баяндау хатының қорытынды бөлімінде кейбір төрелердің қазақ халқы
үшін жалпы білім беретін оқу орындарын техникалық ,ауыл шаруашылық және
қазақ қыздарына арналған мектептер пайдалыдеген пікірлеріне наразылық
білдіреді.
Қырғыз халқы енді ғана оқи бастады.Сондықтан әліппеден бастап оқыту
керек.Қазіргі бастауыш орыс-қырғыз училищелері сол міндетті атқара алады.
Алтынсарин 1883жылы мектептердегі оқу жұмысының жайын былай
сипаттады: менің қарамағымдағы мектептерге жас мұғалімдер
шақырылды.Олардың көпшілігі арнаулы мұғалімдік мектепті бітірген...Мектепте
болған тексеруден мұғалімдердің басым көпшілігі екі жыл ішінде қазақ
балаларының жайын түсініп, оларды оқыту әдісін меңгерген.Сондықтан да
оқушылар барлық пәндерді ойдағыдай меңгеріп қанағаттанарлық табысқа
жетті.Торғай, Троицк және Ырғыз училищелерінің жоғары курс оқушыларына
география, сызу, тарих, бөлшекке дейінгі арифметика, табиғат тану пәндері
оқытылады.Қырғыз балалары орыс тілінің грамматикасымен мектепке түскен
жылдың өзінде-ақ таныса бастайды.Олар өзім жасаған көмекші құрал бойынша
орыс сөздерін үйреніп, кейін Ушинский мен Кирпичниковтың грамматикасы
бойынша оқиды.
Алтынсарин қазақ мектептеріне орыстың оқу кітаптарындағы жақсының
бәрін енгізді.Ол мұғаліидерге тарих, география, табиғат тану және басқа
пәндер бойынша мұқият іріктеп алуды тапсырып, әр мұғалімнің бұл пәндерді өз
қалауынша жүргізуді тыйым салды. Бұлай етпеген күнде оқыту мен оқу жұмысын
жүргізуде система болмайды.Система болмаған жерде нәтижелі іс те
болмайды;онымен қатар бұратана халықбалаларын оқыту жөнінде нақтылы бағыт-
нұсқауға сүйенбей өздігінен оқыту барлық мұғалімнің қолынан келе бермейді
.
Осы принцепті басшылыққа ала отырып, Алтынсарин сол кездегі алдыңғы
қатарлы орыс мектептерінде қолданылып жүрген үлгідегі оқу кітаптарымен жан-
жақты танысты.
Алтынсариннің орыс-қазақ мектептеріне ұсынған оқу кітаптарының
тізімі:
Бунаков.-Әліппе.
Бунаков.-Әдебиеттік оқу Мектепте және үйде.
Тихомиров.-Грамматиканың бастауыш курсы.Дұрыс жазу.
Крылов.-Мысалдар.
Кирпичников.-Грамматика.
Ушинский.-Балалар әлемі.
Л.Н .Толстой.-Әліппе және әдебиеттік оқу.
Водовозов.-Әдебиеттік оқу.
Лубенец.-Арифметика.
Евтушевский-Арифметика.
Пуцыковйч.-География.
Острогорский.-Қысқаша орыс тарихы.
Беллярминов.-Жалпы тарих(мұғалімдер үшін).
Фармаковский.-Орыс тарихы.
Гуре вич.-Тарихи хрестоматия( мұғалімдер үшін).
Сент-Илер.-Зоология.
Герд.-Минерологияның қысқаша курсы.
Оливер.-Ботаника.
Табиғат тану тарихының оқу атласы.
Элементарлық физика(Крюгер бойынша).
Кластан тыс оқу және кешкі әңгімеге пайдалану үшін:
Зобов.-Табиғат туралы әңгіме.
Константинович.-Химиялық әңгімелер.
Фигье.-Аса маңызды жаңалықтар.
Алтынсарин жасаған оқу жоспарлары мен мектеп программалары әдеттегі
бастауыш мектептердің жоспарларынан анағұрлым терең еді.
Бұл пікірімізді дәлелдеу үшін, орыстың екі кластық мектебі қалалық
училищесінің қалыптыоқу жоспарын келтірейік:Екі кластық шіркеулік-
қатынап оқитын мектепте оқу жоспары бойынша(1884 ж. Ережеге сәйкес)мына
пәндер өтілді:1)дін заңы,2)шіркеу жыры,3)шіркеу және азаматтық баспасөзді
оқу,4) арифметикадан алғашқы мәліметтер.
Қалалық училищелердің оқу жоспарында(1872 жылғы ережеге сәйкес)мына
пәндер болды:1)дін заңы,2)орыс тілінде оқу және
жазу,3)арифметика,практикалық геометрия,4)сызу және сурет,5)отандық тарих
және география.
Оқу округына және жергілікті әкімшілікке жолдаған баяндауында өз
мектептеріндегі оқу курсы көлемі мен мазмұны жағынан қалалық училищелердің
оқу жоспарына сәйкес келетіндігіне көңіл аударады.Осыған байланысты бұл
мектептер де уездік училищелер сияқты жұмыс жүргізіп жатқанын атап
көрсетеді.Бірақ Ыбырай бұл мектептердің жұмысын жақсарту жолында іздене
отырып, аянбай еңбектенгенмен, үкімет орындары оны бағаламайтынын, олардан
жақсылық күтпейтінін кейбір хаттарынан көреміз. Алтынсарин оқу-тәжірибе
жұмысымен тек сабақ уақытында ғана шұғылдану жеткіліксіз екнін айтып, мұның
кластан тыс түрлерін көрсетіп берді.Ол интернатта тұратындардың ғылымның
түрлі саласынан терең білім алуын көздеп, кластан тыс оқуға тарих,
география, табиғат тануға байланысты физика, химия және ауыл шаруашылығы
жайындағы ғылыми – көпшілік кітаптардың тізімін ұсынды.Бұл тізімге қарап,
Ыбырайдың кластан тыс оқудағы көздеген мақсаты сол кезде Орталық Россияда
халыққа ғылыми-көпшілік білім тарату мақсатымен қоғамдық уйымдар жүргізген
халықтық оқуларға ұқсас болып келеді.Алтынсарин орталық училищелер туралы:
Далалық уездегі 4 орталық училище ғана бүгінгі таңда және алдағы уақытта
да көпке дейін өз білімін толықтырғысы келгендердің қажетті кітаптар және
оқу құралдарын алып пайдаланатын орын болып отыр,-деп жазды.
Мектептегі кітапхананың ролі жөнінде Алтынсарин былай дейді: Мектеп
кітапханасы ондағы оқушылар мен мұғалімдер үшін ғана қызмет етпей, курс
бітірушілер және шет аймақтағы білімін толықтырғысы келгендерге қажетті
материалдармен қамтамасыз етіп, көмек көрсететін орын болуға тиіс.
Алтынсарин мектеп жанында ауыл шаруашылық тәжірибе участогын, гүл
алаңын және қолөнер мастерскойын ұйымдастыруға әрект етті.
Ол әрқашан орталық мектептер әдеттегі бастауыш мектептерден өзгеше
болды.Алтынсарин орталық училищені жақсы бітіргендердің кейбіреуін болыстық
және ауылдық мектептерге мұғалімдікке пайдалануға болады деп нұсқау
берді.Бұдан Алттынсарин ашқан орталық училищелердің әдеттегі бастауыш
мектептен өзгеше екендігін көреміз.
Уездік училищелердлің (1828 жылғы Ереже бойынша құрылған)қалалық
училищелерге айналуына байланысты бұл жылдары Орынбор оқу округында 7
қалалық училище ашылды.(Округта уездік училищенің саны 17 болатын.)
Екі кластық қазақ училищелері Алтынсариннің қатты талап етуі бойынша
қалалық училищелерге(1872 жылғы Ереже бойынша)айналды.Оның бұл проектісін
патша чиновниктері заңға қарсыжәне қазақ халқы селолық сословиеге
жататындықтан, жоғары сословияның мүддесіне қайшы келеді деп
тапты.Алтынсарин болса осы жоғары үлгідегі мектептер арқылы қазақ
мектептерін орта дәрежелі жалпы білім беретін мектептермен және арнаулы
техникалық орта дәрежелі оқу орындарымен қатынас жасауға болар еді деп
ұғынды.
Егер әңгіме етіп отырған мектептің әрқайсысы бүкіл уезд бойынша
уездік қалаларда құрылатын болса, онда олар өз-өзінен уездік училищелер
қатарында бола еді.Шындығында да бұл мектептерге ауылдық училищелерден
жоғары міндет жүктеледі.Сондықтан бұл мектептерді нығайта және негіздендіре
түсу қажет.Ол үшін Торғай,Ақтөбе,Ырғыз,Тройцк(Николаев ск)училищелерін
уездік не қалалық училищелерге айналдырса дұрыс болар еді.
Орынбор оқу округының қамқоршы өкіліАлтынсаринның бұл талаптарын
алғаннан кейін ,1883 жылы 17 декабрьде Торғай және басқа облыстардың соғыс
губернаторларының бұған көзқарастарын сұрап жолдама жіберді.Онда инспектор
ұсынып отырған шаралар қазақ халқының орысша білім алуға ұмтылуына әсер ете
ала ма,шындығында да, мұндай мектептер ашу қазақ халқының өмір талабынан
туындап отыр ма, сол сияқты екі кластық училищені бітірген жастар далалық
облыстарды басқаратын әкімшілік орындарының мүддесін қанағаттандыра ала ма,
деген мәселелерге өз пікірлерін хабарлауды сұрады.
Торғай губернаторы 1884 жылы 28 мартта бұл айтқандардың бәрін
мақұлдамай жауап қайтарды.Ол басқа селолық жағдайдағылар сияқтықазақтар
да стипендия беретін орта және жоғарғы оқу орындарында білім алу арқылы,
мемлекеттік қызметке праволы бола алады, ал бастауыш мектептерді өзгерту
дала басқармасының мүдделеріне зиян келтірген болар еді,-деп есептеді.
Мұндай шара,-деп жазды губернатор, -қырғыздарға өте-мөе тән қасиет.Сыртқы
айырмашылыққа тырысумен, шен алу үшін қызметке кіруге ұмтылдырады.Мұның өзі
қырғыздар арасында-артықшылық жағдайы шын еңбегіне байланысты болмайтын
адамдардың пайдасыз табуын туғызады.Менің ойымша,мұндай талаптарға дем беру
халықтың салт-саналық және экономикалық дамуына зия келтірген болар еді .

Болыстық мектептер.
Алтынсарин 4 орталық мектеп ашумен қатар болыстық және ауылдық
мектептердіңтүрін белгіледі.Бұдан бұрын болыстық мектептерді ашу жұмысы
қазақтан дайындығы бар мұғалім болмағандықтан, кейінге қалдырылып еді.
Болыстық мектептер болысқа қарасты жердің орталығынан қолайлы
пунктерде ашылады.Оларға жергілікті материалдардан берік те, жылы мектеп
үйлері салыну керек.Олардың әрқайсысында бір класс бөлмесі, оқушыларға
арналған асхана, мұғалімдерге арналған бөлме, сенек пен шошала болу керек.
Болыстық мектептерде сабақ 7 жарым ай-15 сентябрьден 1 майға дейін-
жүреді де, 1 майдан бастап барлық жабдығымен киіз үйге шығып, жергілікті
халықпен бірге көшіп-қоныпжүріп оқу жұмысын жүргізе береді.
Мектептерді көшіруге әр ауылдан кезекпен көлік алынады,не болмаса
көшуді қамтамасыз ететін беделді де сенімді адам басшылық етеді.
Алтынсарин мектеп жұмысын жазғы маусымда халық тұрмысына қарай бұлай
етіп ұйымдастыру халыққа қиындық келтірмейтінін айтады.Онымен қатар
күннен күнге көшіп-қонуды азайтып келе жатқанын және алысқа көшуді
қойғанын, сондықтан әрбір көшкенде, мектепке 4-5 көліктен артық керек
емес,-дейді.
Алтынсарин болыстық мектептің қысқы үйін салуға шамамен 1000-1500 сом,
ал мектеп пен мұғалімдер үшін киіз үй алуға 300-ден аспайтын қаржы
керектігін айта келіп: Болыстық мектептерде оқу жұмысын жоғарыда
айтылғандай түрде жүргізу алғашқы кезде әрі қиын, әрі өте көп қаражатты
керек ететінболып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде осындай жолмен қырғыз
балаларын ондаған жылдар бойы оқытып келе жатқан молдалар да олай болып
көрінбейді.
Болыстық мектептерге дайын үй болмады, жаңа үй салу ұзаққа созылды,
сондықтан оларды ұйымдастыру жұмыстары алғашқы кезде өте баяу
жүрді.Мәселен, Қарабұтақ бекінісінде бұл жұмыс 1884 жылы февральда
басталып, 1887 жылы 1 ноябрьде ғана ашылды.
Болыстық мектептерді ашу мәселесі мына түрде шешілді:
а)1887 жылы 6 октябрьде Орынбор оқу округының қамқоршы өкілінен Елек
уезінің Бөрте болысында,Ырғыз уезінің Обаған, Жетіғара уезінде бір кластық
мектептердің әрқайсысында қазақ балаларына арналған 25 орындық интернат
болатын болды.
ә) 1888 жылы 7 сентябрьде Торғай уезі бойынша Бетпаққарада болыстық
мектеп ашуға рұқсат етілді.
б)1888 жылы 13 сентябрьде Қараторғай облыстық мектеп ашылды.Онда 12
оқушы болды.
в)1891 жылы 10 январьда Озерный поселкісінде Меңдіқара болыстық
мектебін ашуға рұқсат алынды.
г)1890 жылы 7 юньде №2 Наурыз болысындағы №1 ауыл қазақтары
Ақсуат(Кішкенекөл) көлі маңайынан болыстық мектеп ашу туралы тілек білдіріп
талап етті.
Ашылуға ұйғарылған жеті болыстық мектептің бесеуін Алтынсарин өзі
ашты.Олар:Бөрте мектебі (1887 жыл 7 октябрь), Қарабұтақ мектебі(1887 жыл
1ноябрь), Обаған мектебі(1887 жыл 10 декабрь), Жетіқара-Шұбар мектебі(1887
жыл 29 декабрь), Қараторғай мектебі(1888 жыл 9 ноябрь)еді.
Кейінірек қалған екі мектеп ашылды.Олар Қостанай уезіндегі Әулиекөл
мектебі(1891 жыл 27 сентябрь) мен Челябинск уезіндегі Меңдіқара
мектебі(1891 жыл 5 октябрь)еді.
Осы уақыттарда болыстық мектептерге жіберілген 16 мұғалімнің 10-ы 1883
жылдан бері келе жатқан Орынбор мұғалімдік мектебін, 4-і Қазандағы
мұғалімдік семинариясында оқығандар еді.Осы жеті болыстық мектептен
Қарабұтақ мектебі ерекше көзге түсті.Бұл ме,ктеп 1894 жылы екі кластық
училищеге айналды.Басқа болыстық мектептерде де алынуға тиісті оқушылар
саны көп болды.Оларда 1896 жылы 150 қазақ, 16 орыс баласы оқыды.

Ауылдық мектептер
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырайдың ашқан болыстық мектептері
Ыбырай Алтынсаринге дейінгі өлкедегі халық ағарту ісінің жайы
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі
Ыбырай Алтынсариннің мұғалімдер мектебінің алғашқы түлектері
Алтынсариннің кезінде салынған екі класты орыс - қазак мектебі үйінің планы
ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫ (ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ, ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ)
Ы. Алтынсариннің өмір жолы
Бірінші кітаршам үшін Паульсонның кітап құрастыру әдісін қырғыз балаларына бейімдей отырып қолданбақпын
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
Пәндер