Ежелгі Шыгыстағы саяси ойлардың қалыптасуы және оның релятивтік сипаты


Ежелгі Шыгыстағы саяси ойлардың қалыптасуы және оның релятивтік сипаты.
Саяси ілімдердің тарихы - саяси ғылымның басты бөлімдерінің бірі. Саяси ілімдер тарихының мәні - саясатының, мемлекеттің мәні, мәдениеттің түрлі даму кезеңдеріндегі этностардың саяси тіршілігінің тәсілдері туралы саяси түсініктердің қалыптасуын, дамуын және эволюциясын зерттеу болып табылады.
Саяси теориялардың, тұжырымдамалардың жиынтығы идеялық тәртіптер, көптеген ұрпақтардың тәжірибесі, саяси өмірдің тіршілік тәсілдері шоғырландырылған түрде көрсетілген, халықтың, этностың саясат, саяси билік туралы мәселелер бойынша рухани дәстүрі біртіндеп қалыптасатын рухани негізді құрады.
Саяси ілім бір қырынан алғанда, өзіндік рухани-идеялық зертхананы білдіреді, онда жинақталған көптеген материал ойша алғанда рухани ізденіс, рефлексия және халықтың саясат, мемлекет туралы мәселелердегі жинақтаған тәжірибесін туындатады. Басқа қырынан алғанда саяси ілімдер тарихы халықтың қалыптасуын және саясат субъектісіне айналу тарихын, саясатқа саналы қатынастың қалыптасу және саяси билік үшін күреске саналы саяси қатысу кезеңдерін ашады.
Әрбір халықтың өз тарихи-мәдени мұрасында тек саяси түсініктер ғана емес, сонымен қатар саяси билікті жүзеге асыру тәжірибесі де арнайы түсіндірілетін белгілі бір саяси дәстүрі бар. Бұл ретте халықтың рухани мұрасы ерте уақыттан шығады, ал саяси идеялар, негізінен философиялық ой қазынасынан қалыптасты.
Адамзаттың көне ескерткіштсрінің бірі - ертедегі арийлердің өмірі туралы түрлі мәліметтер және құқықтары, әдет-ғұрыптары және дәстүрлері бар «Ригведа» сияқты үнді ескерткіштері болып табылады. Үнділердің қоғамы төрт бөлікке бөлінген: брахмавдар - ғалымдар, ойшылдар, абыздар; кшатрийлер - әкімдер, жауынгерлер; вайшиялар - көпестер, саудагерлер; шудралар - қызметкерлер. Қоғамның бөлінуі негіздері - адамдардың еңбек ету түрі болып табылады, бірақ моральдық, нәсілдік және әлеуметтік салдарынан бөлу негізі каста болып табылады. «Ригведадан» арийлердің еңбекшілерге билік жүргізгені және оларды билікті жүзеге асыруға жібермегені туралы ақпарат алуға болады. Арийлер кшатрияны өздері сайлады, егер ел соғыс жағдайында болса және егер оның - патшаның тиісті мүмкіндіктері және қайырылымдығы болса, бірақ сол кшатрияның өзі заңға бағынышты және оны, егер ол мемлекетте белгіленген тәртіп ережелерінің негізгі зандарын бұзса биліктен тайдыруға болды. Ертедегі көне көздерден Патнаға жақын Вайшали қаласында қоныстанған личхавтардың қауымында мемлекет республика болды. Осы қауымның республикасын билік басында сайланған көсемдері тұрған азаматтардың жиналысн басқарды.
Дегенмен, біршама тарихи перипетияларды басынан өткізген арий мемлекетінің одан әрі дамуына қарай (Көне Үндстанның аумағындағы көне мемлекет-қалалардың гүлдену және құлдырау тарихы туралы бірге әлі де барлығы белгілі емес) варна жүйесі әрқайсысын өзіне біртіндеп тұйықтай отырып, дербестігін жоғалта, империяға біріге отырып біртіндеп касталық, шағын мемлекет-қалаларға және шағын патшалыққа өсе береді.
Басқа көздердің куәландыруы бойынша Көне Үндістандағы күшті империяның мысалы шағын мемлекет-қалалардың және шағын патшалықтардың бірігу нәтижесінде пайда болған Чандрагупта Маурья империясы болды. Маурьяны басқару авторы үнді ойшылы Каутилья болып есептелетін көне үнді «Артхашастра» мәтінінде жазылған. Бұл кез империяда белгіленген мемлекеттік құрылымды, басқару нысанын және басқа мемлекеттермен саяси байланыстың сипатын, салық жүйесін, паспорттық режимді шынайы сипаттайды.
Маурилер империясы автократиялық болды, бірақ сонымен бір мезгілде қалалық және ауылдық қауымдар автономиясын мойындады, бір мезгілде оларды нарықты, бағаларды, өлшем мен салмақты стандарттауды несие пайызын, шекараны күзету нормаларын белгілеуді, ішкі тәртіпті және қол өнершілердің мүлкі мен өмір сүру жағдайын белгілеуді бақылау сияқты функциялар арқылы бақылауға тырысты. Қоғамдық өмірдің түрлі салаларын бақылау арнайы құрылған органдар үкіметтік ведомстволар, заң және сот арқылы жүзеге асырылды.
Маурилердің автократиялық империясында Каутилъяның куәландыруы бойынша арийлерге арналған құқықтар (олар ешқашанда құлға айналмауы тиіс), әйелдердің құқықтары қамтамасыз етілді. Маурилер мемлекетінде негізінен оның азаматтарының өмірін басқа адамдардан қорғау қамтамасыз етілетін ішкі тәртіпті белгілеумен қатар өртке қарсы жүйе мүқият ретке келтірілді.
Сот қолданылып жүрген заңға сәйкес жұмыс жасады. Апелляциялық соттар жұмыс істеді.
Мемлекетте азаматтарды әлеуметтік қорғаудың өзіндік жүйесі құрылды: ашаршылық, індет, соғыс жағдайындағы шаралар жүйесі (азық»түлік және қажетті дәрілік құралдар түрінде) . Әрбір қалада халық сайлайтын, міндеттер шеңберіне қала салу, саудаға, қолөнерге жағдайлар жасау және бақылау, өлім мен тууды есепке алу, саяхатшылар мен мінажат етушілерді орналастыру, жесірлерге, жетімдерге, қарттарға қатысты қайырымдылық шараларын жүзеге асыратын муниципалдық кеңес жұмыс істеді.
Арийлер патшаны- олардың мүліктік жағдайына қарамастан сайлады. Тәж кию рәсімі кезідде патша ант берді, онда ол өзінің халыққа адал кызмет ететінін айтты және оның басты ұстанымы: «Егер мен сіздерге қысымшылық жасасам, мені аспан мен жерден және ұрпақтарымнан айырсын!» деген сөз болды.
Каутилья патшаның бақытын оның қол астындағыларды4 бақытында, олардың әл-әуқатынан тұрады деп атап айтты. Монархияның идеясы халыққа қызмет етуден тұрды. Ол үшін діни құқық та, өзінің ғана билігі де тән болған жоқ. Егер патша заңсыз әрекеттер жасаса және олар оның халқының өмір сүру жағдайының нашарлауына, қоғамдық өмір адамгершілігін жоғалтуға әкеп соқса, халықтың оны тақтан түсіруге және басқасын сайлауға құқығы болды. Каутилья жасаған монархия идеясы осындай болды. Бірақ іс-әрекеттері мен ашкөздігі үнді халқының бақытсыздығына және кедейшілігіне әкеп соққан көптеген раждалардың нақты өмірі бойынша осы идея қаншалықты құлдырағанын көруге болады.
Монархиялық жауыздықтың, касталық құрылыстың күшеюі философиялық ілімдерінде мемлекеттік құрылымға біріктірілген саяси нақтылықтарға пессимистік қатынасы анық көрінетін бірқатар көне үнді даршандарында (философиялық діни жүйелер) : буддизм, джайнизм, ведантизм, көрініс тапқан өзіндік ақыл-ой күйін тудырды. Бұл жерде монархтың шексіз билігі мүлкі жоқ азаматтардың құқықтары мен өмірлік мүдделерін аяққа таптады. Философиялық ілімдерде белгіленген құқықтардың салыстырмалылығы және субъективтілігі көрсетіледі, сондай-ақ материалдық мүдделерге және қажеттеліктерге зәру жеке адамның санасын алдау механизмдері ашылады.
Тозақ шеңберлерінің сипаты және адам санасын және адамдық мәнді жою дәрежесі Будданың пікірі бойынша адамның өз өміріне, құндылықтарға, принциптерге және тәртіп ережелеріне, діни идеяларға және дәстүрлерге саналы қарым-қатынасын, өзінің іс-әрекеттеріне және әдіс-тәсілдеріне, ниеттеріне және. әрекеттеріне саналы қарауға мүмкіндік жасауы тиіс. Будда үйғарымдардың салыстырмалылығын және субъективтілігін, адамның іс-қимылының субъективтілігін және олардың салдарын атап отырып, олардың жатсынуды, адамның жеке басының сипатын және құл қылуды қабылдай алатынын көрсетті; осы жат күштің дербестендірілуі мемлекет болып табылады.
Будда, егер белгіленген әлеуметтік өмір адамгершілікке жатпаса жөне адамды жойса, қорласа, оны қабылдамауды белгілей және насихаттай отырыпп қоғамдық-саяси өмірдің реформаторы болды. Будда абыздардың зомбылығын, монархтардың ашкөздігін, адамдарды адамгершілікке жатпайтын тіршілікке айналдыратын саяси және әлеуметтік жатсынудың адамгершілікке жатпайтынын әшкереледі.
Будда автократиялық биліктің үстемдігінен, саяси, әлеуметтік және діни жатсынудан әлеуметті реформалардың мүмкін еместігін түсінді, ол рухани-норальдық гүлдену, ішкі қайта құру және адамзат субъектілігін сезіну және жұмыс істеп тұрған саяси билікті қабылдамау жолын ұсынды.
Ішкі тазалық және сана-сезімнің белсенді даму идеясы адамның және оның әлемінің (мәдениет әлемі, саясат әлемі, өнер мәдениеті, өркениет әлемі) жетілуінің қажетті және бастапқы шарты ретінде басқа ортодоксальдық көне үнді даршаңдарына да тән болды. Және осы ережелер адамдардың дүниетаным тәртібіне, сыртқы пассивтілік позициясын қалыптастыруға ішкі белсенділікті дамытуға екпін қоя отырып «майяның» (сиқырдың) пайда болуы ретінде әлеуметтік өмірді және оның феномендерін қабылдамауға әсер етті.
Аталған философиялық-діни жүйелердің арасында буддизм Ашоканың билік жүргізу кезеңінде (б. э. д. 268 ж. ) тым белсенді болды. Ашока үлкен империяның (Орталық Үндістаннан Солтүстік арқылы Орталық Азияға дейін) билеушісі бола отырып, өзінің саяси басқару принциптерін таста және металда, қорғандар мен қалалардағы колоняаларда ойып жазылған көптеген эдикталарда растады.
Ашокаііың эдикталарында басты жеңіс өзін өзі жеңу және драхманың көмегі арқылы адамдардың жүрегін жаулап алу көрініс табады.
Ашоканың пікірі бойынша, мемлекеттің негізгі заңы Будда заңы болуы тиіс. Будда идеяларының таратылуы Ашока үшін оның өміріндегі бастысы болды және бұл ізгі істер жасау және қоғамның көтерілу көмегімен жүзеге асырылды. Ашоканың билік жүргізу кезеңінде тек қайырымдылық ұйымдары ғана емес, сонымен қатар 4 университет қалалары құрылды (Таксима, Маггра, Удджайн және Надандра), сондай-ақ адамдарға және жануарлаға арналған емдеу үйлері салынды, жануарларды құрбандыққа шалуға тыйым салынды, түрлі сенімнің және нәсілдің адамдарына, мәдениеттегі айырмашылыққа, өмір сүру түріне төзімділік орнатылды. Соңғысы - Ашоканың саяси билік жүргізудегі жеңістердің бірі, себебі дінге сенудегі, өмір сүру түріндегі, тілдегі, мәдениеттегі айырмашылық - тек халықтың гүлдену негізі, осы діндерді тасымалдаушылар ғана емес, сонымен бірге олардағы қарым-қатынастардың үйлесшін, келісімін орнату, өйткені олар жақында бір мемлекетге тұратын болады. Халықтардың, этностардың өмірі мен тәртібіндегі, олардың сеніміндегі және тіліндегі, дәстүріндегі және мәдениетіндегі айырмашылықтарды тану - мемлекеттің гүлденуіне және олардың арасындағы келісімдер мен байланыстардың нығайуына арналған негіз.
Саяси идеялар дамуының тағы да бір сызығы пайда болатын көне шығыс мәдени болмыстарының бірі Қытай болып табылады.
Қытай - қытай халқының күрделі саяси өмірі түсіндірілетін түрлі саяси идеялар мен мектептердің отаны ғана емес, сонымен қатар ол б. э. д. III ғ. бастап елге идеялық-саяси ықпал жасаған және үстемдік жасаушы мемлекеттік доктрина болған, қытайлықтардың саяси өміріне белсенді әсер еткен конфуцийшілдік ілімі. Оның үні қытай мемлекетінің саясатында және идеологиясында қазір де шығады.
Дегенмен, алдымен конфуцийшілдік үстем доктрина болғанша, саяси мәдениетте халықтың негізгі массасы бастапқыда доасизмнің және буддизмнің саяси-идеялық тәртіптерін меңгеретін болады.
Әртүрлі этностық-нәсілдік топтар адамдарының тепе-теңдігінен шыққан буддизм, адам мен Ғаламның үйлесьміне назар аударған даосизм адамдарға әлеуметтік үйлесім және әділеттілік орнатылған жалпы тепе-теңдіктің нақты мемлекеті туралы идеяларды қабылдауға бағдар жасайды.
Өзіне даостық-буддалық принциптерді шоғырландыра отырып, конфуцийшілдік әлеуметтік үйлесімге және әділеттілікке негізделген нақты мемлекет туралы идеяиы сақтайды. Бір кезде Конфуций (б. э. д 551-479 жж. ) әділетті мемлекет құрудың идеялық үлгісін әзірлеген. Осындай мемлекетті құрудың басты шарттарының бірі адамның адамгершілік образы және тәртіпті сақтау және өзінің міндеттерін орындау болып табылады. Конфуцияның пікірі бойынша адам сыпайы болуы, өзінің құмарлығы мен ниетіне ие болуы тиіс, байыпты, іс-әрекетгерді саналы жасауы, өзінің міндеттерін мұқият орындауы, асықпайтын және талапшыл болуы тиіс. Адам адамгершілігі бар, мейірімді болуы, өз халқының ғұрыптары мен дәстүрлерін жақсы көруі және сыйлауы, этикетті білуі және сақтауы тис. Онда әдемілік, үйлесімдік, асқақтық сезімі дамуы тиіс.
«Ли» ережелерін (адам, қоғам және мемлекет өмірінің моральдық-этикалық негіздерін белгілейді) білу, «женьді» («мейірімділік», басқалармен адамгершілік қарым-қатынаста туындайтын адам қасиеттерінің жиынтығы) білу мемлекеггі басқарудағы маңызды элемент болып табылады. Конфуций «ли» және «жень» принциптерінің маңыздылығын өзекті жасай және аша отырып, шын мәнінде көне қытай дәстүрлеріне мемлекеттік заң мәртебесін күштеп емес, мәжбүрлемей, адам тәртібі мен өмірінің жоғарыда аталған ережелерін пайдалану негізінде ендіру арқылы беруге тырысты. Белгіленген ережелерді қолдану мүмкіндіктерін ойшылдың пікірі бойынша мәні оның «келіспеушілік арқылы бірлікке қол жеткізу» мағынасында ашылатын «хе» принципі арқылы жүзеге асыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz