Гомер дәуірінін, мәдениеті


Ежелгі Грекия мәдениеті
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдеииетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик - (конс, ежелгі) » деген үғым! Қайта өрлеу дәуіріндс дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл - гуманистері грекрим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеггердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т. б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, коркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары - көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқак үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр
«Көне», «кадым заман» мәденистінің негізін қалаушылар ежелгі гректср екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың Ү-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды. ,
Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т. б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-
әлеуметтік өмірдің барлық салаларында - поэзияда, саясатта, ғылымда, кұқықта, кескіндеме сәулет, мүсін және т. б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты бодды.
Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б. з. д. III-II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайлалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б. з. д. ІІ-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталыктары Крит аралы мен Пелопоннсс түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей еркениетін Крит-Микены мәдениетідеп атайтын болғаң. Грек аңыздарына қарағанда Крит -- ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып кследі, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл ез срліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осын-дай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында сгилеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп қалады.
Гомер дәуірінін, мәдениеті
(б. з, :, . XI-VIII ғасырлар)
( Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен -- Гомер кезеңідеп аталады. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты деректердің негізгі көзі -б. з. д. VIII ғ. Туған: «Илиада» мен «Одиссея» дастандары. Соқыр жыршы Гомер. Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің тәрбиешісі болды : , өйткені, өзінің бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының күдіреітілігі де осы бір ұлы адамның дәуір тынысын терең сезгендігінде болса керек. Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізгі жүйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халықтың қиялынан шыққан бейнелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туыңдыларында кеңінен пайдаланды. Еже Элладаның ең ұлы мүсіншісі Фидийдің «Илиаданы» оқыған, «адамдар маған екі есе үлкен көрінеді» деген сөзінің астарында терең мағына жатқан сияқты.
Гомерлік кезеңнің IX-VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттар дан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметті теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді. Жаңа құлиеленушілі карымқатынастардын. дүниеге келуіне байланысты - грек мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін қоршаған табиғаттың тылсым құбылыстарының құпиясын танып-білуге талпыныс жасады, қауіп-қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Бұл өмір үшін болатын табанды да табысты күрес болатын. Олай болса «күрес бар жерде өлім бар күрес бар жерде жеңіс бар» деген өмірлік қағиданы ұмытпаған жөн сияқты. «Адам - бар дүниенің өлшемі» деп грек философы Протогор тегіннен тегін айтпаған болар. Сондықтанда табиғаттьң қатерлі күштерін жеңуде адамға тән қасиеттің бәрі бар, бірақ адамнан да гөрі құдіретті құдайлар бейнелсрінің көптеп берілуі - грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.
Ол бойынша: мына жарық дүниені Олимп тауы шыңын мекендеген мәңгілік құдайлар билейді. Гректердің түсінігінде құдайлардың құдайы - Зевс бастаған даналар тобы, олар әбден жетілген, керемет адамдар сияқты. Құдайлар бейнесінін адамға жақындатылғаны соншалық, олардың бойынан тек адамға ғана тән қасиеттерді молынан табуға болады. Грекия топырағында құдайлар мен халық қаһармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді. Миф деп аталатын халықтың ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде, сонау көне заман жөніндегі естеліктер мен акындық қиялдың өзара ұштасып жатқандығын аңғаруға болады.
Грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері Миф уақиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете отырып, заман ағымына және онда калыптасқан көзқарастарға сәйкес жаңа мазмұн, жаңа түр беріп отырды.
Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес. Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен бағалы ескерткіштердің қатарына геометриялык, ою-өрнектермен әшекейленген құмыралар мен қоладан жасалған мүсіндер жатады. Б. з. д. IX-VIII ғ. құмыраны өрнектеу өнерінің дамуы нәтижесінде керамика бұйымдарын әшекейлеуде геометриялық стилъ қалыптасты Геометриялық стиль керамикасының таң-даулы нұсқалары - б. з. д. VIII ғ. афиналык құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемдігі, композициясының үйлесімділігі бірден көзге түседі. Құмыралардағы суреттер «лак» деп аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялық стиль бойынша салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-өрнектердің ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған.
Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан табыз ған әртүрлі пішінді заттар (б. з. д. VIII ғ. ) кеңіл аударуға тұрарлық. Бұл жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да биік етіп жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған болу керек, өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш ретінде қойылған. Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда шейіт болғандарды жоқтау көріністері, өлікті жерлеу ке індегі салттық билер, жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарық және т. б. шынайы бейнеленген. Бұл қүмыралардың арасынан құрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын баяндайтын тың сюжеттерді: ескекшілері көп зор кемелер бейнелерін де кездестіруге болады.
Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нәрсе - құдайларға сыйға тартуға арнайы жасалынған қыш немесе қола мүсіншілер. Демек, б. з. д. I -- мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп - керамика жетекші орын алды. Қалай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары ар-қылы қауымды, құрылыс мәдениетінен таптық қоғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын бейнелеудегі алғашқы талпыныстармен қатар, сол кездегі адамдардың дүниетанымынан мағлұмат береді.
Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері негізінен «архайкалық» кезенде туындаған. Бірақ алфавиттік жазудың алғашқы нышандары осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған.
Негізінен, Гомер дәуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан көшіргенімен де, дәл осы тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек.
Грек классикасы мәдениеті
(б. з. д. V - IV ғасырлар)
Б. з. д. грек-парсы соғыстары (500-449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уакыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың талкандалуы ежелгі Грекия мемлекет-қалаларының қоғамдық құрылысының артықшылығын көрсетіп кана қоймай, азаматтық сананың артуына, ең бастысы - классикалық құлдық қоғамның толық қалыптасуын, ал өз кезеңінде полистік демократияның дамуының нәтижесінде экономикалық және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Б. з. д. V ғ. Афина, әсірссс Периклдің (б. з. д. 444-429 ж. ) басшылығы кезіндс аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы - грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен түспа-түс келді.
Архаикалык дәуірдс әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия деген сөз -«ешкілер әні» деген мағына береді. Ол - ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі - трагедияның мерейіл жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны - халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған. Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелік мәні болды. Софоклдың (б. з. д. 497-406 ж. ) шығармашылығында өзінің заңды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың «Эдип патша» деп аталатьш ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін әлем сахналарынан түспеуі көп нәрсені аңғартса керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz