Кейінгі палеолит дәуірі


ЕЖЕЛГІ ҒАСЫРЫ (ПАЛЕОЛИТ) ДӘУІРІНДЕГІ
ҚАЗАҚСТАН
Планетмыздың барлық түкпірлерінде адамның шығуы мен даму тарихында, сондай-ақ оның еңбек қызметінің іздерінде ортақ нәрсе көп және олар өзара тағыз байланысты. Алайда адамзаттың ежелгі өткен заманының көптеген беттері осы кезде дейін ашылған жоқ, анықталған мәселелер мен даулы қағидалар әлі де көп. Біздің ертедегі бабаларымыздың өмірі туралы қазіргі түсініктер еңбегінің қалдықтары - тас құралар, оларды дайындаған кездегі қалдықтар, тамақ қалдықтары - жануарлардың сүйектері сақталып, үңгілерді, үңгіме қуыстарды зерттеуге негізделеді. Осы заманғы «мешеу халықтар» дейтідердің өмірінен алынатын этнографиялық деректердің де маңызы аз емес. Олар ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір жақтарын жақсырық түсіндіруге мүмкіндік береді. Бірақ басты ақпаратты дегенмен де алғашқы қауымдық қоғамның ең көп таралған материалды - тастан жасалған еңбек құралдары береді.
Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезендерден өтті. Олардың негізінде тасты өндеу техникасының жетілдірілуі және соған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және мәдениеттің өсуі жатыр. Археологияда қабылданған кезендерге бөлуге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Аталған дәуірлердің әрқайсысы өз кезегінде хронологиялық ірі кезендерге бөлінеді. Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, неолит кезендерінен тұралы. Палеолиттің ерекшелігі Евразия мен Африка аймақтарының сол дәуірлегі мәдениеттерінін едәуір ұқсастығы болып табылады. Палеолиттің кеңінен мәлім кезеңге бөлінуі соңғы жылдарда жеткілікті дәрежеде елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазір палеолиттің бірінші, ең ертедегі мәдениеті деп олдувай мәдениеті дейтін танылады. Осыған байланысты Қазақстанның палеолитін кезендерге бөлу де басқаша көрінеді.
Ежелгі тас ғасыры дәуірі - адам мен шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған. Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобын - бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, ан аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құралым бейнесіздігімен, қоғамдық қатынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонмен бірге оған неке байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болады.
Алағшқы тобын төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі - ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм - алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жаныса қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен - алғашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Көптеген зерттеушілердің топшылауынша, бұл сапалық секіріс неандерталдың осы заманғыдай дене бітімі бар адамға айналуымен тұстас келеді.
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі.
Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б. з. д. 800-140 мың ж. ) кезеңіне жатады.
• 1958 жыл-археолог Х. Алпысбаев Қаратау жотасынан (Оңтүстік Қазақстан) көптеген тұрақтар тапты.
а) Ерте палеолит дәуірі.
Бұл дәуір - 600 мың жылдан астам уақытқа созылды.
Ерекшеліктері: алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай білуі, аң аулау, терімшілікпен айналысуы, тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәтижесінде бөлектенуі. Климаттың жылы және құрғақ болуы.
Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі -жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп аталды. (шикізат ретінде өзен малтатастарын қолданған) . Тасты жару үшін жұмыр тас қолданылды. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбүғы мекенінен 1611 тас құрал табылды. Алғашқы еңбек құралдарын ғылымдар чоппер және чопплинг деп атайды. Алғашкы тобыр ашель дәуіріне сәйкес келеді.
Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері.
ә) Орта палеолит дәуірі.
Бұл дәуірде (б. з. д. 140-40 мың ж. ) ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін, батыста Сарысу өзенінің орта ағысынан шығыста Ертіс өзеннің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты мекендей бастады.
Ерекшеліктері: от алуды үйрену, алғашқы діни сенімнің қалыптасуы, аналық рулық қоғамның белгілерінің байқала бастауы, неандерталь адамның пайда болуы.
Осы кезеңде тас өңдеу әдісі жетілдіріле түсті. Еңбек құралдарын жасау тәсілі - нуклеустік. Дөңгелек өзектастың (нуклеус) шетінен ортасына қарай жару арқылы тас жарықшақтарын алу. Қырғыш - ең негізгі құрал.
Мустьер дәуірінде қауымның бастапқы нысандары шыға бастады. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызып жерлеген. 1938 ж. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар неандертальдық баланың қаңқасы табылған. (антрополог-Герасимов) Мустьер кезеңінің археологиялық ескерткіштері Оңтүстік Қазақстаннан, Батыс және Шығыс Қазақстаннан табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескеткіштердің ең көнесі-Обалысай тұрағы.
Орта палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері.
б) Кейінгі палеолит дәуірі
Бұл кезең уақыты: бұдан бұрынғы 35-30 мың жыл - 12-10 мың жылдар аралығы. Бұл -адамзаттың кең тарап коныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың құрылған кезеңі.
Ерекшеліктері: қазіргі адамға ұқсас-кроманьондықтың қалыптасуы, жеңіл найза (дротик), ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана сала білуі, өнер мен діни сенімнің дамуы, аналық рулық қауым белгілерінің орнауы.
Кейінгі палеолитте еңбек құралдарын жасау әдістері одан әрі жетілдірілді. Бір нуклеустен бұрынғыдай 2-4 қалақ емес, 10-даған жұқа өткір тіліктер алынды (пышақ тіліктер) . Тас өңдеу әдістері де жетілдіріліп, тастарды түзету (ретушь) арқылы өңдейтін болды. Тас құралдарын жасау тәсілі - ретушьтік. Осы кезеңде еңбек құралдарының 20-ға тарта түрі болған. Болас- оқ есебінде қолданылатын домалақ тастар. Ірі жыртқыш аңдарды аулағанда пайдаланылган. Кейінгі палеолит алғашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады.
Қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдардың бірлескен ұйымының алғашқы түрі - аналық рулық қауым қалыптаса бастады. Бұл- матрилиниялық (ана жағынан есептелген) және матрилокалді (ана жағымен тұйықталған) сипатта болды.
Кейінгі палеолит дәуіріндсгі адамдар үңгірлер қабырғаларына жылқы. аң аулау сәттерін және би қимылдарын бейнелеген. Сүйектен адам мүсінін ойып жасай білген, әсіресе рудың пірі болып саналатын әйел-ана бейнесі кең тараған. Жануарлардың бас сүйектерін, ортан жіліктерін саз әуен құралын жасарда пайдаланған. Күрделі діни сенімдері - жерлеу кезінде әшекейлік заттарды көму, денеге қызыл бояу жағу.
Қазақстаннан осы кезеиге тән баспаналар табылған жоқ, қазақстандық ежелгі адамдар таулы аймақтардағы үңгірлерді, үңгіме куыстарды жәле жартас қалқасын баспана еткен. Үшінші Қарабас тұрағынан 172 порфириттен жасалған заттар, Ертістегі Шүлбі тұрағынан 5000 тас құрал табылды. Негізгі шикізат - халцедон, яшма, шақпақ тас, тау хрусталі.
Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері.
в) Мезолит дәуірі
Мезолит кезеңі шамамен 7 мың жылға созылды. Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескеркіштер де сирек (20 шақты түрақтар) .
Ерекшеліктері: климат жылынып, мүз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң-қүстар пайда болды, жебелі садақ, бумеранг, балық аулау құралдары, қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады.
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы - садақ. Ол 10 мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын қару болды.
Аңшылық үшін неғүрлым жетілдірілген қару түрлері қажет бола бастағандықтан жебелі садақ пен бумеранг ойлап табылды. Садақтың доғал және домалақ үштары терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Осымен қатар уланған немесе өртегіш жебелер де кең пайдаланылды. Шебер садақшы минутына 20 оқ атты. Садақ оғы 80-100 м, күрделі садақ оғы 450 м. жетті. Садақ пен жебенің пайда болуынан бастап шағын адам топтары мен жеке аңшылар аңшылықпен айналыса алатын болды.
Тас өңдеу әдісі жетілдіріліп, пышақ тілгіштерге ағаштан сап орнату шықты. Балық аулау кең тарап, қайықты ойлап тапты.
Мезолит дәуірінде адам көптеген жерлерді игерді: Еуропа мен Азия, Сібір, бірте- бірте Америка материгі.
Қазақстанда бұл дәуірдің ескерткіштері негізінен солтүстік және орталық аймақтарда кездеседі. Алғашқы аңшылар солтүстікке Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал өзендерінің бойына қоныс аударды.
Мезолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
г) Неолит дәуірі
Бұл кезеңде экономикалық және қоғамдық өрлеу басталды:
• Жабайы жануарларды қолға үйрету.
• Жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысу.
• Шаруашылық еңбек қалыптасып, өнім өндіру.
Ғылымда бұл құбылыс "неолит төңкерісі" деп аталады.
Ерекшеліктері: жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш ыдыс (керамика) жасау, тігін тігу, кен өндіру.
Неолит дәуірінің басты ерекшелігі - өнімді еңбектің пайда болуы.
Бұл кезең- тас өндеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жылтыра тегістеуді меңгерді. Еңбек құралдарын дайындаудағы ірі жаңалық - тас сыналар (микролиттер) жасау. Тастың тұтқыр түрлерінен балта, кетпен, келі, келсап, ал граниттен дән үккіштер жасады.
Кен өндірудің алғашқы белгілері пайда болып, мыс, алтын, қорғасын өндіру шықты. Солтүстік-Шығыс Балқаш маңынан табылған құралдар яшма мен кварциттен жасалған. Ботай тұрағынан (Сол гүстік Қазақстан) табылған жертөледегі жылқы сүйектері жабайы жануарларды қолға үйрету ісінің басталғандығын дәлелдейді. Сексеуіл тұрағынан (Арал өңірі) табылған жылқы, сиыр мен қой сүйектері де осыны растайды. Сүйек өңдеу жетілдіріліп, біз бен ине жасап, жүннен, өсімдік талшығынан мата тоқып, киім тігуді үйренді.
Неолиттік ежелгі адамдардың жерлеу дәстүріндегі өзгерістер: Железинка ауылы (Солтүстік Қазақстан) маңынан табылған қабірде өртелген мәйіттін күлі (кремация) болған. Қайтыс болған адамды өзі өмір сүрген тұрағында жерледі.
Бұл дәуір- тайпалар мен тайпалық бірлестіктер құрылған кезең.
Қазақстан жерінде 600-ден астам неолиттік және энеолиттік ескерткіштер бар. Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай 4 тұрге бөлінеді:
1. Бұлак бойындағы тұрақтар.
2. Өзен жағасындағы тұрақтар.
3. Көл жиегіндегі тұрақтар.
4. Үңгірдегі тұрақтар.
Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің ерекшелігі - ашық үлгідегі тұрақтар.
Атбасар мәдениетінің тұрақтары шоғырланған жер - Атбасар ауданы (Ақмола обл. ) . Таралған аумағы: Есіл өзенінің аңғары - Қазақтың ұсақ шоқылы өңірінің солтүстік-батысы. (б. з. б. VII мың ж. аяғы - VI мың ж. басы) .
Келтеминар мәдениетінің (б. з. б. IV мың ж. аяғы- II мың ж. басы, Қазақстан және Орта Азия территориясындағы мәдениет) батыс-қазақстандық варианты ерекше болып саналады. Бұл мәдениетке жататын қоныстар 1989-90 ж. ж. Атырау облысынан табылған Шатпақкөл, Құлсары-П-І, Шаңдыауыл, Қайнар, Сарықамыс т. б. тұрақтары.
Мақанжар мәдениетінің көпшілігі Торғай ойпатының түбінде жатыр.
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері.
ЭНЕОЛИТ
Археологиялық кезендерге бөлу елшемдеріне сәйкес, адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуірді энеолит деп түсіну керек. Әдетте, бұл жалпы алғанда шақпақ тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соғады. Археологиялық үлгілердің материалдық мәдениетке жататын жаңа жиынтыктары: жалпақтүпті, ернегі бай керамика, Ұсақ қалақша, тұрғын үйлер айкын көрінеді. Мыс қосылған шакпақ тас бұйым-дарымен ұштасқан бұл үлгідер жиынтығы энеолиттік үлгідегі археология-лықкешендерді сипаттайды. Энеолиттік кешендер онтүстікөңірлерде неғұ-рлым айқын көрінеді, оларда мыс құралдардың енгізілуі егіншілер мен мал-шыларға өндірісті дамытуда елеулі табыстарға кол жеткізуге мүмкіндік берді. Энеолиттік дәуір мал шаруашылығы басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Мұнда табиғи-экологиялык орта мүлде басқаша және оны игеру үшін адам ең оңай жолмен жүре отырып, бейімделудің баска жолын тандап алды. Бұл жолда тас индустриясы кері кете қойған жок, керісінше бұры-нғысынан да жоғары деңгейге көтерілді. Адамтасты өндеудің (тесу, ездігінен қайралатын балталар, мінсіз аэродинамикалық түрдегі найзалардың ірі үштары, оймалау және т. б. ) мүмкіндіктерін ақырына дейін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен катар ендірістік-шаруашылық (соның ішінде кера-микалық және сүйек) саймандарының түр-түрін де шамадан тыс кеңейтті. Рас, бұл уақытта қалақша-қыстырма индустрия өз мәнін жоғалтқан еді. Энеолит дәуірінде климат ылғал болды. Сол арқылы ірі сүтқоректілер саны-Ііың белсенді түрде табиғи өсуіне, көбеюіне мінсіз жағдай жасалды. Бұл кезде мұнда жылқы да осындай болды. Бұл түрдің экологиялық тепе-тендікті бұзбай күрт кебеюі, аң аулайтын алқап көлеміцің бөлінісіне шаққанда оныи мелшерінің ұлғаюы басқа үрдістерді өмірге келтірді. Аңшылық ұжымда-рдың ездері көшіп жүретін аумақты қысқарту, ал кейде оны толық тоқтату есебінен өз алқаптарының көлемін кеміткені былай тұрсын, сонымен біргс бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырлана да білді. Тарылған аң аулау алкапта- рындағы тұтынылатын биомассаның орнын толыктыру өз төлінің табиғи өсу есебінен ғана емес, сонымен қатар аңшылардан босаған аумақтардан табындардың ағылып келуі есебінен де жүзеге асып отырды.
Ботай мәдениеті . Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазакстанның (Жайық-Ертіс өзендері аралығының) далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б. з. б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Демек, ол бір мың жыл болған.
Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құраған тайпалар қатысты. Оның қалыптасу барысына Шығыс Каспий маңы өңірі мен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасағаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В. В. Зайберт ашты. В. Н. Логвин, С. Калиева оның батыстық нұсқасын, терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде басқа мәдениеттің ыкпалы айқын аңғарылады және оның кейбір ескерткіштері б. з. б. IV мыңжылдыкпен белгіленетін алдыңғы энео-лит дәуіріне жатуы ықтимал. Бірқатар коныстар: Қостанай және Торғай облыстарында - Бестамақ, Түздыкөл-1, Ливановка, Құмкешу, Қожай, Дүзбай-3; Көкшетау облысында Ботай, Красный Яр, Васильков-4 қоныстары ашылды; барлығы жиырмадан астам коныс белгілі.
Қоныстар әдетте шағын дала өзендері: Торғайдың, Терісакқанның, жоғарғы Тобылдын, Обағанның, Шағалалының, Иманбұрлықтың биік жағала» рындағы алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 гектарға жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні. Ботай қонысы болып табылады. Ол шамамен 200 жылды - б. з. б. ХХІҮ-ХХІІ ғасырларды қамтиды. Казіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңғы кезенде салынғаны анықтадды. Неғұрлым ер-теректегі құрылыс кезендерінде салынған тұрғын үйлердің қалдықтары соңгыларын салу кезінде жойылып жіберілген. Ертедегі поселкенің кұрылыстары өте тығыз болған: тұрғын жайлар көбінесе бір-біріне жалғасып, өзінше бір махаллалар құрып жатқан. Мұндай томаға-тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30-ға дейін жетеді, Олардың ішінен белгілі бір жүйен: байқауға болады: ені 4-8 м болатын, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін парсіллель көшелердің екі жағына кейде 15-16 үйден салынған.
Тұрғын жайлар былайша салынған. Терендігі 1 метрге дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жететін 4-3 бұрыш түрінде шұңкыр қазылған. Қазу кезінде шығарылған балшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген. Осылайша салынған кабырғаларға төбесі тарыла беретін шеген түрінде бағаналар қаланған. Жасаған күмбез бұтақ-тармсм және шым қабаттарымен жабылып, бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылған. Кіретін есік кабырғада ойыктүрінде қалдырылып, опың сыртында шағын дәліз болған. Ішінде, ортадағы шұңқырда ошак орначаскан. Ошак пен есік арасы - шаруашылыкқа арналған орын, төрде - ұйықтауға арналған жер. Әдетте кабырғаның бүйір жаганан азық-түлік сактау үшін шүңқыр казылады. Тобылдағы құмдауыт топырақта құрылыс сипаты бірілама өзгеше қабырғаларының ағаштан салынуы ықтимал.
Өндірістік-шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан, сазбалшык-тан, сүйектен жасалды. Құрал-саймандар тұрғындардың шаруашылық укладының күрделі болғанын көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналған ілгектер жылқының колға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Тас тоқпақтар, пышақтар, канжарлар, боластар, жебелердің, сүңгілердін, найзалардың ұштары аң аулаумен байланысты кұралдар. Шанышқылар балык аулау кәсібін көрсетеді. Тұрғын жайлар салу кезінде ағаш өндейтін көптеген аспаптар: балталар, шоттар, қашаулар, керткіштер, жонғыштар, кескіштер, пышақтар, кырғылар пайдаланған. Тас пен сүйек әндеу едәуір жетілдірілген. ал оларсыз сапалы еңбек құралдарын дайындау мүмкін емес еді. Косалқы саймандар арасында шой балғалар, ретушерлер, балғалар, түрпілер, шақпақ тастан жасалған бұршлар, кескіштер, қалақшалар бар. Тері ендеу ісінде қырғыштар, қырнауыштар, пышақтар, кескіштер, жонғыштар, жұмсарту үшін сүйек келілер, түрпілер және теріні тегістеуге арналған тегіс-гегіштер кажет болды. Тігін керек-жарақтарының арасында инелер, тескіш-тер, біз бар. Ши току үшін сүйек ілмектер, жіп иіру үшін ұршыкбастар қажет болды. Керамика өндірісінде келсаптар, үккіштер, жылтыратқыштар, мейлінше әр түрлі қалыптар іске қосылды. Кептеген сүйек саптар мен тастан жасалған төстер табылды. Олжалар жиынтығында сондай-ақ діни нанымдық заттар, бойтұмарлар, әсемдік заттар да бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz