Көпжылдық тоңданудың өрістеуі жағдайында Сарыарқаның көптеген аудандарында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Планетамыздың барлық түкпірлерінде адамның шығуы мен даму тари-хында,
сондай-ақ оның еңбек қызметінің іздерінде ортақ нәрсе көп және олар өзара
тағыз байланысты. Алайда адамзаттың ежелгі өткен заманының көптеген беттері
осы кезге дейін ашылған жоқ, анықталған мәселелер мен даулы қағидалар әлі
де көп .Біздің ертедегі бабаларымыздың емірі туралы қазіргі түсініктер адам
еңбегінің қалдықтары - тас құралдар, оларды дайындаған кездегі қалдықтар,
тамақ қалдықтары - жануарлардың сүйектері сақталып, үңгірлерді, үңгіме
куыстарды зерттеуге негізделеді . Осы заманғы мешеу халықтар дейтіндердің
өмірінен алынатын этнографиялық деректердің де маңызы аз емес. Олар ежелгі
адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір жақтарын жақсырақ
түсіндіруге мүмкіндік береді. Бірақ басты ақпаратты дегенмен де алғашқы
қауымдык, қоғамның ең көп таралған материалы — тастан жасалған еңбек
құралдары береді.
Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше
кезеңдерден өтті. Олардың негізінде тасты өндеу техникасының жетілдірілуі
және соған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани
мәдениеттің өсуі жатыр. Археологияда қабылданған кезеңдерге бөлуге сәйкес
адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Аталған
дәуірлердің әрқайсысы өз кезегінде хронологиялық ірі кезеңдерге бөлінеді.
Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінен тұрады.
Палеолиттің ерекшелігі Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі
мәдениеттерінің едәуір ұқсастығы болып табылады. Палеолиттің кеңінен мәлім
кезеңге бөлінуі сонғы жылдарда жеткілікті дәрежеде елеулі өзгерістерге
ұшырады. Қазір палеолиттің бірінші, ең ертедегі мәдениеті деп олдувай
мәдениеті дейтін танылады. Осыған байланысты Қазақстанның палеолитін
кезеңдерге бөлу де басқаша көрінеді.
Ежелгі тас ғасыры дәуірі — адам мен оның шаруашылығы қалып-тасуының
бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-
жидектерді жинап, жануарларды аулаған. Палеолит дәуіріндегі адамдардың
қоғамдық үйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі
алғашқы тобыр — бірлесіп корғану және шабуыл жасау,аң аулау және жиын-терін
үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен қоғамдық
қатынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке
байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болды.
Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезеңдерінің бірі -
ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм -
алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье
дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның
бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы
палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен - алғашқы қауымның толысқан
нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Кептеген зерттеушілердің
топшылауынша, бұл сапалық секіріс неандерталдың осы заманғыдай дене бітімі
бар адамға айналуымен тұстас келеді.
Келесі дәуір - мезолит дәуірін, ал одан кейін неолит пен
энеолитті көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар
мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Ал
қарастырылып отырған дәуір бізден қаншалықты қашық болғанымен, біз алғашқы
қауым аңшылары мен жинаушыларының ежелгі мәдениеті шектес аймақтардың
мәдениеттерімен езара тығыз әсер ету арқылы дамыды деп сеніммен айта
аламыз.
ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРТЕДЕП ГОМИНИДТЕР
МЕКЕНДЕГЕН
ОРТА.
Еуразияның кең-байтақ кеңістіктеріндегі шөл, шөлейт аймақ пен дала-
ларда кейінгі 35 жыл ішінде тас ғасырының көптеген түрақтары табылып
зерттелді. Еуразияның қуаңшылық аймағы бетінің құрылысында асқар биік
таулар мен қыраттардан бастап ойпат далаға дейінгі мейлінше алуан түрлі жер
бедерлері бар. Әлбетте, жер бедері мен көрінісінің бұлайша алуан түрлі
болуы мен олардың куаң аймақта орналасуы ертедегі гоминидтер мекендерінің
алуан түрлі ғана емес, сонымен қатар ұқсас болуына да жағдай жасады.
Қуаңшылықты өңір аймақтарына эволюциядағы айырмашылық пен оның ұзаққа
созылуы, жер аумағын игерудің бастапқы кезеңіндегі ерекшеліктер, сондай-ақ
гоминидтердің шығуы мен эволюциясы тән. Бірақ қуаң аймақтың бір сипатты
ерекшелігі бар, ол ашық (жер бетіндегі) үлгідегі тұрақтардың өте басым
болуы. Олардың көбі кешенді болып келеді және адамдардың ежелгі бабаларының
белгілі бір геоморфологиялық жағдайда өте ұзақ уақыт (екінің бірінде жүз
мыңдаған жылдар бойы) болған іздерін көрсетеді)
Өзінің қуаң өңірдегі жағдайына, жер аумағының кеңдігіне және табиғи-
ландшафтық өңірінің алуан түрлі, жер бедері үлгілерінің көп мөлшерде бо-
луына қарай Қазақстан Еуразияның қуаң өңірінің палеолитін зерттеуге модель
бола алады. Қазақстан аумағында ежелгі гоминидтер пайда болуының ал-
ғышарттарын адамзат тарихындағы өтпелі және ең маңызды кезеңдегі гео-
логиялық-географиялық жағдайларды негізге ала отырып іздестіру керек, ал
ондай кезең палеоценнің екінші жартысы болып табылады. Ең ертедегі
гоминидтердің Африка құрылығынан бастап қазіргі қуаң өңір мен Сібір
аумағына дейінгі кең-байтақ жерде анықталған іздері алғашқы адамдардың өте
ауқымды кеңістікте қоныстанғанын дәлелдейді. Қазір бір нәрсе айкын: 1,5—1
млн жыл мәулетінде-ақ Каспий маңы ойпатының ашық кеңістіктерінде, Тұран
далаларында, Монғолия мен Солтүстік Қытайда гоминидтердің тұрақтары болған.
Плиоценнің палеогеографиялық жағдайлары таулары біршама аласа және климаты
қолайлы Азия жазықтарын ежелгі адамдардың алыс солтүстікке қоныс аударуына
жәрдемдесе алды деп санауға мүмкіндік береді. Ол кезде Қазақстан, Монғолия
мен Солтүстік Қытай Еуразияны қоныстанудың алғашқы кезендері үшін ең
солтүстік аудандар болған.
Плиоценнің аяғындағы апат пен төрттік кезең жағдайды өзгертті. Гинду-
куш пен Гималай, Қарақорым, Тянь-Шань мен Алтай муссондарды өткізбейтін
кедергі болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ландшафты да толық өзгертті.
Муссондар мен циклондар қозғалуының өзгеруі, қуаң еңірде климат
континенттігінің ұлғаюы едәуір аумақтың шөлге айналуына себепші болды. Сол
бір өзгерген жағдайларда бұл өзгерістер Қазақстанның түрлі аймақтарына
бірдей әсер еткен жоқ.
Тұран және Каспий маңы ойпаты мейлінше тұрақты жағдайларымен
сипатталады. Каспий теңізінің жағалауы мен Үстірт қыратында тас ғасырының
палеолиттің аддыңғы кезендерінен неолитке дейінгі үздіксіз эволюцияны
дәлелдейтін көптеген тұрақтары сақталған. Каспий өңірі мен Үстірттің
палеолиті шақпақтас шикізатына негізделді.
Каспий маңы ойпаты мен Үстірт қыратындағы эволюцияның ұзақ уақытқа
созылуына палеографиялық жағдайлардың тұрақтылығы (қолайлы климат; аң аулау
объектілері мен мекендеу орындарының молдығы; шикізаттың шексіз мелшерде
болуы; тұщы судын, молдығы) негіз болды. Сақталған тұрақтардың топографиясы
геологтардың жағалау шегінін, талай рет өзгергені туралы деректерін
растайды. .

Ұсақ шоқылар мен жазықтардың ұштасуы тән, түбі жайпақ кең аңғар-лары
бар Сарыарқа геоморфологиялық жағдайлары жағынан мейлінше тұрақты аймақ
болып келді және солай болып қала да береді. Мұнда палеолиттің эволюциясы
ашельдің едәуір соңғы кезеңінен басталып, соңғы палеолитке дейін созылады.
Тас ғасыр тұрақтары топографиясының өзіндік ерекшеліктері ежелгі адамдардың
Сарыарқаның негізгі су айырығының бойымен өтіп, одан соң Солтүстік Балқаш
өңіріне қоныстануы мүмкін екенін көрсетеді. Палеографиялық жағдайлардың
тұрақтылығы, жануарлардың қоныс аударатын және мекендейтін, кұстардың ұшып
өтетін жолдарының орнығып, тегінде, өзгермеуі, тас шикізаты өнімінің
молдылығы және тұракты су көздерінің көп болуы палеолиттің әр турлі
мәдениеттерін таратушы алғашқы ұжымдардың белгілі бір тұрактарда ұзақ уакыт
мекендеуіне мүмкіндік жасады. Олар кені алынған шұңқыр тізбектеріне, өзен
жағаларына, терең қарасу немесе тұщы сулы бұлақтар жанына жайғасты, қазіргі
сияқты, бұрын да тұрақтардың орналасқан жері мен жүретін жолдары едәуір
дәрежеде солар арқылы белгіленді. Өте суық әрі құрғақ болған жоғарғы
плейстоценніц аяғындағы төтенше жағдайлар ғана су жүйесін біржола бұзды.
Көпжылдық тоңданудың өрістеуі жағдайында Сарыарқаның көптеген аудандарында
Сарыарқаны қоныстанған жануарлар мен бір кезде тұрақты мекендейтін осы
жерлерден біржола кетіп қалған гоминидтердің қалыптасқан байланыстары
бұзылып, қалпына келмеді. Тек өтпелі аймақтарда, Сарыарқаның шығысындағы
Ертіс өңірінде ғана эволюция неолитке дейін толастамады.
Өтпелі аймактар әрқашанда мұқият көңіл бөлінетін объект болып келді.
Қаратау жотасы осындай өте қызықты өтпелі учаскелердің бірі болуы ықти-
мал. Онын географиялық жағдайының өзіндік ерекшелігі мынада: ол, бір
жағынан, Солтүстік Тянь-Шань жоталарының сілемі болып табылады және
соларға тән биіктік белдеуі бар, ал ең суық дәуірлерде, сірә, онда
мұзарттар
болса керек. Екінші жағынан, ол екі ірі аймақты - Орта Азияның құмды
даласы мен Бетпақдаланың саздаққты даласын шектеп, бөліп тұр. Климаты
жағынан Қаратау жотасының жағдайы ерекше қолайлы. Қаратау жотасының мұндай
жағдайы ұзақ уақыт бойы, кем дегенде жоғарғы плиоценнен бастап сақталып
келген. Мұны неоген кезінен сақталған кептеген ежелгі өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі дәлелдейді.
Екінші жағынан, Қаратау жотасының шөл дала аймағындағы табиғат
жағдайы мүнда алыс жақтарында, қалың кұмдар мен ойпаттарында сары топырақты
қабаттардың қалыптасуына да жағдай жасады. Қаратау жотасының көптеген
аудандарының, геологиялық қүрылысы да мұнда жануарлардың сансыз көп
үйірлерінің түрақты мекендеуіне қолайлы болды, олардың қалдықтарының
Көшқорған, Ш. Уәлиханов атындағы және т. б. елді мекендер сияқты көптеген
жерлерден табылғаны мәлім. Осылардың бәрі бұл арадан тамақ пен су көздерін,
сондай-ақ өзен жағаларынан, үңгірлерден және сары топырақты жерлерден
мекендейтін жақсы орындар тапқан ежелгі го-минидтердің осында мекендеуіне
себепші болғаны қайран қалдырмайды.
Алайда, өтпелі (шекаралық) аудандардың ерекшелігі - оқиғалар мен
құбылыстардың қалдықтық және алуан түрлі болуы. Мәселен, Қаратау жотасының
палеолиті қалай болғанда да эволюцияның екі (үшеу болуы да мүмкін)
бағытымен сипатталады. Бірінші жол Кіші Қаратау ауданына тән және
Бөріқазған мен Тәңірқазғанның салмақты қара шақпақтастарына негізделген. Ең
ежелгі түрақтар мүйісті-қыратты биіктеріне байланысты. Неғұрлым соңғы —
ашельдік, мустьелік және соңғы палеолиттік тұрақтар тау етегінде орналасқан
және Беріқазған мен Тәңірқазғанның алдыңғы палеолиті жайғасқан жерден
хронологиялық алшақтығы басым көрінеді.
Екінші бағыт неғұрлым жақсы қасиеттері бар және өңделгендерінен не-
ғұрлым сапалы сынықтар алуға мүмкіндік беретін ашық-сүрғылт түсті шақпақ
тастар негізінде дамыды. Негізгісі Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ болып
табылады. Оның бірегейлігі мынада: оның өмір сүруі өзендердің аңғарлары
кесіп еткен сары топырақты үстірт тарихымен байланысты.
Үшінші даму бағытының немесе құмайттарда даму бағытының іздері де
бар. Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ ауданында және басқа да жерлерде ти-
пологиялық ерекшеліктері бойынша Сарыарқадағы саяқ мәдениетше ұқсайтын
сонғы палеолит үлгілері жиналды.
Қазақстанның соңғы палеолиттік мәдениеттері емір сүрген кездің па-
леогеографиялық жағдайлары қандай болған? Сібір, Қазақстан, Орта Азия үшін
қабылданған уақыт аралығы кері қарай 10 мың жылға дейінгі 40—30 мың жыл
аралығында белгіленеді. Қазақстан үшін бұл уақыт ландшафтағы,
палеоклиматтағы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіндегі үлкен
өзгерістермен сипатталады. Бұл кезге қарай Қазақстанның жер бетінің
құрылысы қазіргісіне жақын болды. Негізгі ареалдарда тас ғасыры
мәдениетінің дамуы өзгеріссіз журеді.
Соңғы, былайша айтқанда, осташковтық-сартандық мұздану және қатты
салкындау зардаптары Қазақстанның едәуір бөлігі үшін қиын жағдай туғызды.
Бұл кездегі климаттың ерекшелігі сонда: бұл өте суық және құрғақшылық кезең
болды. Маңызды палеогеографиялық екі окиға — Қазақстанның шығыс жағында
көлемді таулы аймақтың пайда болуы және Қазақстанның батысы мен шығысында
палеогеографиялық жағдайлардың айқын ерекшеленуі осы уақытпен байланысты.
Біріншісімен сабақтас екінші оқиға - кең-байтақ Сарыарқа аймағы су
желісінің нашарлауы мен мұнда жануарлар мекендейтін ежелден калыптасқан
аймақты бузған тоңдану жағдайларының пайда болуы. Гоыинидтер өздерінің
қоныстанған орындарынан біржола кетіп қалды. Олардың Сарысуды, Торғай
ойпаңының кұрғақшылық жайлаған аңғарлары мен көлдерін жағалай, Сарыарқаның
шет жақтарындағы көлдердің тізбектерін бойлап орналасқан сирек тұрақтар
түріндегі қоныс аударған іздері жануарлардың соңынан кетуге тура
келгендердің іздері болуы ықтимал. Жалпы алғанда Солтүстік Қытай мен
Монғолия сияқты аудандарда соған ұксас жағдай орын алуы мүмкін еді.
Қуаң аймақты аталған тұрақты ландшафт-климат жағдайлары қажет бо-
латын күрделі бірыңғай механизм ретінде қарастыру керек. Қазақстан үшін бұл
мынадай аса маңызды үш буын:
а) Сарыарқаның, Бетпақдаланың кең-байтақ шөл аудандары, Тұранның
құмдақты және саздауыт шөлі - қуаң аймақтың жүрегі, ірі ауқымда алғанда
суық кезде мекендейтін орта;
ә) солтүстік аудандар (орманды дала, дала) - ыстық кезде мекендейтін
аймақтар;
б) таулы аймақтар — дағдарысты палеогеографиялық төтенше жағдайлар
кезінде мекендейтін еңір.
Әзірше Қазақстанның таулы аймақтары мейлінше аз зерттелген күйінде
қалып отыр. Мұнда палеолит тұрақтарын іздестірудің қиыншылықтары жауын-
шашынның мол жиналу ерекшеліктерімен және жер бедерінің тез өзгеруімен
анықталады.
Жер шарының белгілі бір аймағының географиялық және климат ерек-
шеліктері туғызған әр түрлі табиғи жағдайлар приматтардың әр жерде адамға
айналуының негізгі факторлары болды. Әр түрлі ендік халықтарының ертедегі
шаруашылығы мен алғашқы мәдениетіндегі айырмашылықтарды көп жағынан
айқындап, адамзат пен өркениеттің кейінгі даму қарқындарына ықпал еткен де
солар.
ЕЖЕЛГІ ПАЛЕОЛИТ.
Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (бұдан
бұрынғы 2,6 млн жыл - 700 мың жыл), ашель (бұдан бұрынғы 700 мың - 150-120
мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың - 35-30 мың жыл)
кезеңдеріне белінеді. Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген,
өйткені оның оңай жарылатын шақпақ тасты бәрінен де көбірек қолданғаны, ал
оған ұқсас тас түрлерін кей жерлерде колданбағаны тегін емес; Материал
таңдау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды.
Кұралдардың мынадай түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой
балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т. б. бөлініп шыққан.
Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құра-
лдарына жатқызылады, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау жота-сының
оңтүстік-батыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан туралы
Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан
Тас дәуірі жайында
Табиғи жағдайлар және ежелгі гоминидтердің тіршілік еткен ортасы
Жаңа тас дәуірі
Кәдімгі тарақ балық
Қазақстан Республикасының климаты
Орталық қазақтанның аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдары
Жүгерінің отандық және шетелдік сорттары мен будандарын Солтүстік Қазақстан жағдайында экологиялық сортсынау
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы
Пәндер