Соңғы жылдары үкімет еддің экон


Египет Араб Республикасы - Африканың солт. -шығыс бөлігі мен Азияның Синай түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көл. 1001, 4 мың км 2 . Халқы 63 млн. (1997) . Бұған қоса 3, 5 млн. египеттіктер шет елдерде тұрып жатыр. Халқының 98 %-і - арабтар. Ресми тілі - араб тілі. Халқы ислам дінін ұстанады (көпшілігі мұсылман-сунниттер) . Астанасы - Қаир қ. (13 млн. ша-масында) . Баска да ірі қала-лары: Александрия, Порт-Саид, Мансур, т. б. Ел аум. 27 мухафазға, олар марказа-ларға (округ), марказалар нахияларға бөлінеді. Елді пре-зидент басқарады. Президент 6 жылға сайланады (қайтадан сайлануға құкы бар) . Қазіргі конституция 1971 ж. 11 қыркұйекте кабылданып, 1980 ж. 22 мамыр күні өткен жалпы-халықтық референдуммен кейбір толықтырулар енгізілген. 1981 ж. өткен референдум нәтижесінде казіргі президент Хосни Мубарак үкімет басына келіп, 1987 және 1993 ж. қайтадан сайланған. Заң шығарушы органы - бір палаталы Халық жиналысы 5 жыл сайын қайта сайланып отырады. Ондағы 454 депутаттың 10-ын президент үсынып, калғандары бір мандатты сайлау округтерінен өтеді. Бұған қоса Консультативтік кеңес те мемлекеттегі ең жоғ. органның бірі болып табылады. Ондағы 210 депутаттың 70-ін президент бекітсе, 140-ы өздері сайланады. Елдің ақша бірлігі - египет фунты. Ұлттық мерекесі - Револю-ция күні (23 шілде, 1952) .
Табиғаты. Е., негізінен, тропиктік шөлді аймақта, Сахараның шығыс бөлігін ала орналасқан. Ливия, Арабия, Нубия шөлдері теңіз деңгейінен 300 - 1000 м биіктікте жатыр. Қызыл т. бен Суэц каналының маңайындаш тау қыраттары 2187 м-ге дейін жетеді. Ең биік жері Синай түбегіндегі Катерин тауы (2637 м), Ливия жене Ара-бия шөддерінің арасывда Ніл өз. ағып жатыр (Е. жеріндегі ұз. 1200 км, ені солт-те - 25 км, оңт-те 1 - 3 км) . Жерінен фосфор, темір кентастары, мұнай, газ, т. б. өндіріледі. Климаты субтропиктік, кейбір жерлері ауа райы өте тез өзгеретін тропиктік шөл. Қаңтар айындағы орташа температура солт-те 11 - 12°С, оңт-те 15 - 16°С, ал шілде айында солт. жағында 25 - 26°С, оңт-нде 30 - 34°С. Елдің көпшілік бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлш. 100 мм-ден аз. Жерорта т-не жақын аймақтарда 200 - 400 мм. Жер асты суларына бай. Жері шөл болғандықган, көбінесе, бұталы өсімдіктер жиі кездеседі.
Тарихы. Е. - адамзат өрке-ниетінің алғашқы бесіктерінің бірі (қ. Мысыр) . 395 жылдан бастап қазіргі Е. жері Византияның қол астына қарады. 612 - 622 ж. Византия мен Иран арасындағы соғыс кезінде ел қатты шапқын-шылықка ұшырап, жергілікті халык, Араб халифатынан көмек сұрады. 640 - 41 ж. ха-лифат әскерлері Византия армиясына күйрете соққы беріп, гректер сол кездегі ел астанасы Александриядан (Искандария) кетуге мәжбүр болды. Сөйтіп, Е. Араб халифатының қол астына өтті. Әкімш. орт. Фустат (казіргі Каир) қ-на ауыстырылды. Елді 9 ғ-дың ортасына дейін құрайыш тайпасының көсемдері мен халифалардың туыстары басқарды. 854 жылдан бастап үкімет билігі түркі тектес әскери басшылардың қолына өтті. Солардың арасынан шыққан Тулун және Их-шиз әулеттері Бағдат халифтарының билігін тек сөз жү-
зінде ғана мойындады. Осы кезенде (8 - 10 ғ-лар) а. ш. қатты дамып, жаңа дақыл түрлері (мақта, қант камысы, күріш) өсіріле бастады. Құм астында қалған Суэц каналы қайтадан іске қосылды. Жер мемлекетке карасты болып, үкімет әскери басшылар мен діни кузметкерлерге ең-бегіне қарай иеліктер бөліп берді. Жерге жеке меншік кұқығы - мүлік деп аталды. Діни мекемелерге қарайтын жерлер уакф деп аталып, олардан салық жиналмайтын бол-ды. 706 жылдан ресми тіл араб тілі болды. Копт тілі 14 ғ-ға дейін пайдаланылғанымен, кейіннен тек копт христиандар арасында ғана қолданылатын болды.
969 ж. Фатима әулетінен шыққан қолбасшы Жаухар Е-ті басып алды. Фатима әулеті 11 ғ-да күшейіп, Ливияны, Сирияны, Палестинаны, Бат. Арабияны, Мальта, Си-цилия, Сардиния, Корсика аралдарын басып алды, әрі Бағдаттағы Аббас өулетімен бәсекеге түсті. Бірак, 11 ғ-дың ортасынан бастап шет аймақ-тарда бүліктер жиі болып, орталықтың билігі әлсірей бастады. Оған қоса шет ел-діктер соғыс ашып, норман тайпалары - Сицилияны, түріктер Сирия мен Палестинаны басып алды. Мекке, Медине, Хиджаз қ-лары Аббас әулетіне өтті. Крестшілер жорыгы да елге көп зиян келтірді. 1171 ж. түріктер Фатима әулетін биліктен тайдырып, Е-те Салах әд-Дин бастаған Айюб әулеті (1171 - 1250) үкімет басына келді. Бүдан кейін елді мөмлүк қыпшақтары басқарды (1250 - 1517) . Түркі билеушілері, әсіресе, сүлтан Бейбарыс (1260 - 77) крестшілерге күйрете соққы беріп, Палестина мен Сирия жерлерін азат етті. Бұған қоса Бейбарыс Шыңғыс хан ұрпақтары шабуылын тойтарып, елдің тәулсіздігін сақгап қалды (қ. Бейбарыс) . Мәмлүк сұлтандары алыстағы қыпшак, мемле-кеті Аптын Ордамен елшілер алмасып түрды. Осы кезенде елдегі мәдениет те жоғары дәрежеге жетіп, тіл білімі, әдебиет, философия, тарих, математика, астрономия, география, т. б. ғылымдар дамыды.
15 ғ-дың бас кезінде мәмлүк сүлтандары Әмір Темірдің шабуылын тойтарды. Деген-мен, 14 - 15 ғ-ларда шаруашылық құлдырап, азық-түлік жетіспеушілігі пайда болды, халық саны азая бастады. 15 ғ-дың аяқ кезінен бастап Е-ке Осман сүлтандыгы қауіп төндіріп, 1516 - 17 ж. елді жаулап алды. Жаңа төртіп орнатылып, шаруашылық қалпына келтірідді. Бірақ 17 - 18 ғ-ларда қолөнер мен сауда тағы да дағдарыска ұшырап, халық бұқарасы күйзеле бастады. Халықтың толқуы жиілеп кетті. 1718 - 98 ж. мәмлүктер ішкі билік-ті өз қолдарына алып, Стам-бұлға ресми түрде ғана бағынды. Ал 1780 - 90 ж. тү-рік сүлтандарына бағынудан бас тартты. 1798 ж. елге Наполеон әскерлері басып кірді. Оның ислам дінін қабылдап, Е-ке тәуелсіздік алып берем деуі қүр алдау екені белгілі болғаннан кейін, Каир мен басқа да қалаларда француз дарға қарсы көтерілістер бас-талды. Көтерілісшілер түрік және ағылшын әскерлерінің көмегімен 1801 ж. француз-дарды елден куып шықты. Ел ішіндегі ішкі тартыстар тоқ-тамай, 1805 ж. албан жасақтарының қолбасшысы Мұ-хаммед Али өзін уәли деп жариялап, түріктер мен жергілікті мөмлүктерді жеңіп, іс жұзінде тәуелсіз Е. мемлекетін құрды. Ол Францияға сүйеніп, елде реформа (жер, әскер, өндіріс, ағарту ісі, сау-да, т. б. салаларда) жүргізді. Еур. үлгідегі түрақты өскер мен теңіз флоты, орта және жоғары оқу орындары, өнді-ріс орындары ашылып, Е. қайтадан дами бастады. Мүхаммед Али 1820 - 30 ж. Арабияны, Суданды, Палес-тинаны, Сирияны, Крит аралын, Юші Азияның бір бөлігін түріктерден тартып алды. Бұл соғыста оны Ресей, Ан-глия, Франция мемлекеттері қоддады. Бірак 1821 - 29 ж. болған грек көтерілсін басуға түрік сұлтанына көмектескені үшін аталған мемлекеттер Мүхаммед Алидің теңіз флотын талқандап, әскерін Гре-киядан шығаруға мәжбүр етті. Кейіннен ол Батыстың көмегімен түрік сұлтанымен соғысты әрі қарай жалғастырды да, жеңіліске ұшырап, 1840 ж. Суданнан басқа жерлердің бәрінен айырылды. Елдің әскери күштері қыс-қартылды, шет ел саудагер-леріне жеңілдіктер беріліп, Батыс елдері Е-ке үстемдік жүргізе бастады. Әсіресе, Суэц каналы салынғаннан кейін (1869 ж. ) олардың ықпалы қатты күшейіп кетті. Билік басына Мұхаммед Али үрпактары қайта келіп, алдымен паша, 1867 ж. хедив, 20 ғ-дың басында мәлік атағына ие болды. Елде Батыс үлгісіндегі өндірістік қатынастар, еур. зандар орныға бастады. Өндіріске кджетгі мақта, кднт қамысы көптеп өсіріліп, бан-кілер, темір жолдар, байланыс жүйелері, сауда кемелері пай-да болды. 1869 ж. араб тілі мемл. тіл болып бекітілді. Халық саны тез өсіп, ұлт ағартушылары, ғалымдар қалыптасты. Бірак елдің Батыс мемлекеттеріне тәуелділігі арта түсті. 1867 жылдан каржы жүйесі ағылшын-француздардың қолына өтті. Бұл жағдай халықтың наразылығын тудырды, ұлтшыл топтар пайда болып, 1879 ж. Шығыс елдердегі ең алғашқы саяси партиялардың бірі - Уатан партиясы құрыдды. Уатан партиясын қолдаған хедив Исмаилды Батыс елдері тақтан түсіріп, орнына Тауфикті отырғызды. Оған кдрсы Араб паша бастаған әскерилер төңкеріс жасап, жаңа үкімет кұрылды. Жаңа үкіметке Англия соғыс ашып, елді басып алды. Ел ресми түрде Осман сұлтандығының бір бөлшегі саналғанымен, іс жүзінде Англияның отарына айналды. 1899 ж. Суданды билеуге египет-ағылшын келісімі жасалынып, онда да ағылшын үстемдігі орнады. Екі ел де ағылшын өндірісіне кажетті мақга өсірумен айналысты. 1-дүниежүз. соғыс басталғанда ағылшындар Е-ке билеуші етіп Хусеин Камилді отырғызып, оған сұлтан деген лауазым берді. Соғыс қажетіне қара жұмыскд 1 млн. Е. түрғындары алынды. Халық тұрмысы күрт нашарлады. Жер-жерде саяси бас көте-рулер басталды. 1922 ж. Англия тарапынан протекторат жойылып, Е-ке тәуелсіздік берілгендігі жөнінде үндеу жарияланды. Ел билеушісі Ахмед Фуад (1917 - 36) мәлік лауазымын алып, конституция жариялап, парламент сайлауын жүргізді. Негізгі мәселе - ұлттық тәуелсіздік шешілмегеннен ке-йін, халық толқуы жалғаса берді. Саяси жағдай шиеленісіп кетті де, 1936 ж. тамыз-да жаңадан ағылшын-египет шарты жасалынып, елдің төуелсіздігі нығайтылды және Е. Үлттар Лигасына қабылданды. 2-дүниежүз. соғыс бас-талғаннан кейін Англияның ықпалынан шығу үшін кейбір топтар Германиямен жақындаса бастады. Осыған байланысты үкімет елде әскери тәртіп орнатты. Көп ұзамай, Италия және Германия әскерлері Е-ке басып кірді, бірақ 1942 ж. қазан - қараша айларында ағылшын-дар оларға әл-Алемейін түбінде күйрете соққы беріп, Ливияға шегіндірді. 1945 ж. акпанда Е. Германияға соғыс жариялап, наурыз айында Е. үкіметінің үйымдастыруымен Араб мемлекеттері лигасы кұрылды. 1945 ж. шілде де Е. БҰҰ-ның мүшелігіне өтті. Соғыстан кейін 1948 - 49 ж. басқа да араб мемлекеттерімен одақтасқан Е. Израильге соғыс жариялап, жеңіліске үшырады. Мәлік сарайының беделі төмендеп, оған және отаршыларға қарсы партизан соғысы күшейді. 1952 ж. Каирде 700-ге жуық ірі-ірі сарайлар мен үкімет мекемелері өртеліп жіберілді. Мәлік төтенше жағдай енгізіп, 6 ай ішінде 6 үкімет ауыстырыдды, жаппай жазалау шаралары басталды. Осындай ауыр кезде 1952 ж. 23 шілде күні әскери төңкеріс болып, билік басына А6-дель Насер бастаған Ерікті офицерлер ұйымы келді. 1956 ж. ағылшын әскерлері Е. жерінен шығарылды да, 23 маусым күні жаңа конс-титуция кдбылданды. Абдель Насер президент болып сайланды. Елдің сыртқы саяса-тында көптеген өзгерістер болып етті. Социалистік елдерден қару-жарақ сатып алуға байланысты келісімнен кейін Батыс елдері Асуан бөгетін салуға қажетті көмек беруден бас тартты. Жауап ретінде Е. Суэц каналын мемлекет меншігіне алды. Англия, Франция, Израиль үштігі Е-ке соғыс ашып, тәуелсіздігіне қауіп
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz