Архитектурасы мен бейнелеу өнері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осы-лай аталып келеді. Адам баласының ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің өкінішке орай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол - пирамидалар, Ежелгі Египет (Мысыр) патшалары фараондардың (пергауындардың) тастай қалайғап сағаналары (табытханалары) .

Египет астанасы - Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар - пирамидалар. Ең үлкені - Хеопос пергауынның пирамидасы, оның биіктігі 147 метрдей, біздің заманымыздан бұрынғы 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан екі-ақ метр аласа. Бұл перғауынға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінген де, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде де, денесі арыстан тұлғалы. Ол Сфинкс деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфиикс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған; сондықтан жұрт оны үрей атасы деп кеткен.

Египет Араб Республикасы Африка құрлығының солтүстік-шығысын және Азидағы Синай түбегін алып жатыр.

Египет - ең байырғы елдердің бірі. Оның 5 мың жылғы тарта тарихы бар. Ежелгі Египет мәдениеті жайында перғауын патшалардың сағанасы - алып пирамидалар, ғажайып ғибадатханалар мен тас бетіндегі суреттер сыр шертеді.

7 ғасырда Египетті арабтар жаулап алды. Мұнда араб тілімен бірге өз діндерін - исламды таратты.

Елдің халқы тұгелге дерлік ежелден Африкадағы кәрі Ніл өзені бойына шоғырланған. Ніл аңрарында дүниедегі ең сапалы мақта өсіріледі. Бұл - Египеттің негізгі байлығы. Мұнда күріш, жүгері, бидай, қант құрагы, ірі буршақ дақылдары егіледі. Көкеністен - пияз, сарымсақ, помидор; ал жемістем - құрма, апельсин, лимон өседі.

Құнарлы алқапты жан-жағынан шексіз шөл дала қоршаған. Бұл шөл далада су жоқ болғандықтан адам өте сирек ұшырасады. Әдетті ондай бірен-саран кездесетіндер - көшпелі бәдәуилер. Негізгі малы - туйе, қой, ешкі. Өздері малмен бірге көшіп жүреді. Отырықшы халық; құдығы бар оазистер маңында ғана кездеседі.

Египет 1952 жылғы революциядая, кейін ғана шын мәніндегі ерікті мемлекетке айналды. Оған дейін көп жыл бойы Англия үкіметін қол астында еді. Египет халқы аш жалаңаштық пен аурудан ұзақ жылдар бойы азап шекті, олар түгело дерлік сауатсыз болды. Елде мақта жасау заводтары жоқ еді, ал металл балқыту қарапайым шеберханаларда жүргізідді. Қазір республикада өнеркәсіп шапшаң қарқынмен дамуда. Ірі помещиктердің меншігіндегі жердің дені тартып алынып, жері жоқ және жері мүлде аз шаруаларға берілді. Шаруалар ауыл шаруашылық машиналарын тиімді пайдалануга мүмкіндік беретін кооперативтерге бірігуде.

Республикада 1952 жылғы революциядан соң көптеген завод, фаб-рикалар салынды. Олардың саны жыл сайын көбеюде. Қазір бұл елде темір жол вагондарын, тоңазытқыштар мен велосипедтер шығарады. Көптеген завод, фабрикалар СССР және басқа да социалистік елдер көмегімен салынды. Біздің ел Египетке өнеркәсіп инженерлері мен техниктерін және ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауға жәрдемдесіп отырады.

СССР Египетке Ніл бойындағы биік Асуан бөгетін салуга көмектесті. Бөген жер суаратын су қорын іркуге мүмкіндік тудырды. Ондағы электр станциясы Египетті арзан электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Египет Европаның капиталистік елдері (Англия, Франция) және Израиль тарапынан талай шабуылға ұшырады. 1967 ж. Израиль Египеттің Синай түбегін басып алды. Египет халқы Израиль тартып алған Синай түбегін, басқа да араб жерлерін азат ету үшін куресуде. 1974 ж. Египет халқы Суэц каналының шығыс жағасындағы Израиль әскерлерін кетуге мәжбүр етті. Канал бойымен Европа мен Америкадан Азия және Шығыс Африкакаға кеме жолы ашылды.

Осынау орасан зор тас құрылыстар - Ежелгі Египет пергауындарының (патшаларының) сағанасы. Сағана (табытхана) осыдан 5 мың жылдай уақыт бұрын салынған. Бүкіл билік атаулы көктегі тәңірдің жер бетіндегі өкілі саналған перғауындардың қолында болған. Олар перғауындардың өктем құдыреттілігін қарапайым халыққа паш ету мақсатымен пирамида үлгісінде алып сағаналар салдырған.

Ең улкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен турғызылған. Оның биіктігі - 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың әңгімесі бойынша пирамиданы 100 мың адам 20 жыл салған. Аптапты Егапет аспаны астында мыңдаған құлдар тас қарумен (ол кезде адамдар темір мен қоланы білмеген) дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен суйретіп апарған. Пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген. Пирамиданы салушы қарапайым халық аштық пен ауыр бейнеттен қырғынга ұшырап отырды.

Бұл алып пирамидалар осы кунге дейін көрушісін қайран қалдырады. Оның бір . заманда Элемніц жеті «кереметінің» бірі саналуы тегін емес. перғауындар емес, талантты архитекторлар мен тас қашаушы-лардың қолымен турғызылган бул пирамидалар сан ғасырлардан бері мызғымай, қарапайым халық еңбегінің ескерткішіне айналды.

Әдебиеті. Е. әдебиеті б. з. б. 3 г-дан бастап б. з-дың 2 г-на дейінгі дәуірді камтиды. Е. әдебиетіие жататын жәдігерліктер иероглиф. нератика, демотнка таңбаларымон жазылган. Е. әдебиеті де ертедегі Шығыс әдебиеттері сияқты. авторлары белгісіз болыл қалды. Оның негізгі жырлары- лиригі. әңгімелеу, гимн, кұдйға кұлшылық ету, мысал, махаббат лирикасы, аюс т. б. Е. әдебиетіндегі сюжеттердің кепшілігі басқа халықтар әдебиетінде кездеседі. Е. ортегілерінде әділдік пән адалдық үшін жауыздық қары жатқан анкып бейнелеп отырады. Оларда жарқын образдылық пен фантазия басым келеді. Кейбір ертегілер бізге белгісіз талантты авторлардың жазып кеткен шығармалары екені байқалады («Кеме апаты» т. б. ) . Ал «әңгімелеу» түріндегі шығармалардың ерекшелігі сол - олардың оқиғалары шындыққа жақын, өмірден алынған, онда табиғаттан тыс мифтік әсірелеулер кездеспейді (Синухет, Петеис повестері) . Әсіресе Синухет повесі Е. әдебиетіядегі таңдаулы шы-ғарма ретінде танылды. Онда Синухеттің Сирпяға жасаған саяхаты, ол жерде өткізгеп күндері мен Е-кс оралуы суреттеледі. Сухет попосі - Е. әдебиетінде кейіпкердің көңіл күйін, жан сезіміп тұңғыш суреттеген шығарма. «Әңгімелеу» формасындағы шығармалардың барлығы да 1-жақта айтылып, белгілі бір адамньщ естелігі ретінде баяидалады. «Ун-Амун саяхаты» атты әңгімеде Орта теңіздің шығ. жағалауыыа саяхат жасаған Ун-Амунның Е-тен тыс мемлекеттер мен халықтардың тұрмысы жайлы көрген қызық оқиғалары жазылған. Әңгімелердің көпшілігі фараонның жақындары, әскер басылары, абыздары, олардың мемлекеттегі алатын орны, қызметі мен патшаға жақындығы туралы оқиғалар мен сюжеттерге құрылған. Мұның өзі Е. әдебиетінің біраз туындыларының тарихи шығарма ретінде қалыптасуыпа себеп болды. Ал осиетшімаларда бұрын өткен әрі дана, әрі жұртқа белгілі ұлы адамдардың соңында қалдырған ақыл-кедесі жәнінде соз болады. Е. әдебиетінің бізге жеткен нұсқаларына қарағанда, Е. халқы әдеби шығармаларды ете жо-ғары қадірлегені байқалады. Көркем әдебиет жәдігерліктерімен бірге патша пирамидаларындағы текстер мен патша және оның төңірегіндегілердің жазулары да сақталған. Е. әдебиеті көптеген халықтар әдебиетіне, соның ішінде әсіресе, грок әдебиетінің (Грек-Рим дәуірі) дамуына үлкен ықпалын тигізді. Е. әдебиетіндегі кейбір сюжеттер грек әдебиеті арқылы Европа әдебиеттеріне де кірген.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Мемл. және діни идеяларды көздеген ежелгі Е. мәдениеті өз заманында үлкен қоғамдық беделге ие болды. Сол заманда ірі қалалар мен қамал-қорғандар, мәнумен тас храмдар, сарайлар салудың жаңа архит. түрі қалыптасты. Бұрын пайдаланып келген әркім тәсілдер стильдік жағынап қатаң тұжырымға келді. Б. з. б. 5-4 мың жылдықтың өзінде адам бейнесін әр көріністе шартты түрде кескіндеудің ережелері шықты (бас немесе аяқты кирмячн. Патшалық дәуірінде (б. з. б. 3 мың жылдық) мастабплар мен пирамидалар (ең алғаш Саккарадагы Джосердікі сияқты сатылы, кейін Гизадағы пирамидалар сияқты класспкалық түрі қалыптастым, храмдар мен г. фиігимлынды. Қабырғадағы сурет салу, рельеф (Саккарадагы Ти мен Аххотептің сағаналарындагы рельеф, б. з. б. 3 мың жылдықтыя ортасы) пен мүсін (Хефреп перғауынның, Анххаф ханзаданың, Ранофер абыздың мүсіндері) өнері дамыды. Орта патшалық дәуірінде Е. өнері жаңа белгілермен толысты. Перғаущндардың сағаналарының көлемі кішірейді. Осы тұстағы храмдардың архит. құрылысында бағаналар тізбегі мен портиктерді қолдану (Дейр-әл-Бахридағы Ментухотеп I перғауынның храмы) үлкен орын алды. Бепнелеу өнерінде реалистік тенденцтілар күшейді. Сағапа қабырғаларына суретер салудың өзінен композиция еркіндігі, бояу түрінің молдығы байқалады. Әсіресе екінші плапдағы тұрмыстық көріністерді, аңдар мен кұстарды бейнелеу поэти-калық биязылықпен суреттеледі. Мүсіндік портрет өнері ерекше дамыды. Жаңа патшалық дәуірінде Е. өнері жоғары сатыға көтерілді. Орта патшалык кезіндегі сұсты бейнелер ақсүйектерге тән зиялылыкден ауысты. Жаңа патшалық дәуіріндө ашық ғибадатханалар салу өріс алды (Карнактағы Амон-Ра құдайдың ғибадатхапасы, б. з. б. 16-12 г. ) . Мүсінші Тутмес жасаған Перғауын мен оның әйелі Нефертитндің портреттері - Ежелгі Е. оперіпің таңдаулы үлгілерінен саналады. Сән-салтанат өнері Е-те жоғары дәрежеде өркендеді (алтын білозік поц алқа, сырғалар, піл сүйегі мен ағаштан жасалған қасықтар т. б. ) . Алоксаядр Македонский жаулаы алғаннан кейін Е. эллинистік, кейіннен рим мәдениетінің ықпалында болды. Осы тұста эклектизмге бой ұрған ді-ни құрылыстар салынды (Эдфудегі Гор құдайдың ғибадатханасы, б. з. б. 3-1 Файюм алқабынан табылған портреттер - Ежелгі Е. өнері мен рим дәстүрінің басын қосқан тамаша туындылар. Арабтар жаулап алғаннан кейін Е. араб мәдениетін уа-ғыздаушы облыстардың біріне айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Греция
Византия тарихының кезеңдері
Орта ғасырдағы Италияның өнері
ХХ ғасырдағы Түрікмен әдебиеті
Ежелгі грек сурет өнері
Қала құрлысы мен сәулет өнері
Интерьер және дизайнының даму тарихы
Қазақстандағы ежелгі сәулет өнерінің дамуы
Жетісу аумағының сәулет ескерткіштері
Халықтық-қолданбалы өнер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz