Дыбыстың сипаттамалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Дыбыс

Тербеліс жиілігі 16 Гц - тен 2 Гц - ке дейінгі механикалық толқындардан әсерін тудырады. Сондықтан мұндай толқындарды дыбыс толқындары немесе акустикалық дыбыстар деп атайды.

Жиіліг 2 Гц - тен жоғары толқындар - ультрадыбыстар , 16 Гц - тен төмені - инфрадыбыстар деп аталады. Бұл дыбыстар адам құлағы қабылдамайды.

Денелердің тербеліс дыбыс туындауының себеркері болып табылады, алайда көп ретте мұндай тербелістер көзге елеусіз болуы мүмкін. Бұған, мысалы, домбыраның дыбыс шығарып тұрған шегіне қолымызды сәл ғана жеткізіп көз жеткізуге болады (1 - сурет) . Егер ішекті қаттырақ бассақ, онда дыбыс көзінің тербелісі тоқтағандықтан, дыбыс шықпайды.

Дыбыс таралу үшін дыбыс көзі мен дыбыс қабылдағыш арасында серпімділік қасиеті бар қандай да бір орта болуы тиіс. Ауасы жоқ бостықта дыбыс толндары тарала алмайды, онда тербелістерді жеткізетін зат бөлшектері жоқ. Әдетте,

дыбыс біздің құлағымызға ауа арқылы жетеді. Сонда ауада дыбыс толқындары қалай таралады деген сұрақ туындайды.

Алақанымызды аузымызға жақын қандай да бір дауысты дыбысты айтайық. Сол кезде белгілі бір мөлшерді шығатын дем алақанымызға әсер етіп, сол қысатының сенеміз. Бұл біздің дауыс желбезегіміз тудыратые тербелістердің өзінің таралу бағытында орта бөлшектерін итереді, сөйтіп, ол жерже ауа тығыздалады. Бұл тығыздалу аймағы сиреу аймағына алмасады. Осындау сиреу мен тығыздалу аймағы дауыс желбезегі тудыратын тербелістер бағытында тарайды (2 - сурет) .

Дыбыс барлық ортада тарала алады. Қарапайым бақылаулар дыбыс әр түрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралатынынкөр естіледі.

Қатты денелерде дыбысжылдам тарайды, мысалы, темірде 6000 м/с-қа жуық

жылдамдықпен тарайды. Дыбыс ауада баяуырақ таралады. Сондықтанда найзағай жарқылынан кейін күннің күркіреуі жайырақ естіледі. Найзағай жарқылы мен куннің куркіреуі бір мезгілде болады. Жарық аса зор 3 км/с жылдамдықпен таралатындықтан, найзағай жарқылын біз сол мезетте - ақ көреміз (3 - сурет) .

Дыбыстың сипаттамалары

Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.

Дыбыстың қаттылығын неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон - доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша (4 - сурет), оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.

Камертондардың немесе басқа да гармониялық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.

Камертонның бір тармағын таяқшамен ұрсақ, белгілі бір дыбыс естиміз. Камертонның екі тармағы да тербеліп, қоршаған ауада дыбыс толқынын тудырыды. Енді оның тармақтарының біріне инені бекітейік, осыдан кейін оның ине бекітілген тармағын қарайтылған әйнек үстімен жүргізсек, дыбыс шығарып тұрған камертонның гармониялық тербелісінің грфигін аламыз.

Камертонды таяқшамен қаттырақ ұрсақ, ол соғұрлым қаттырақ дыбыс шығарады және камертонның тармақтары едуәр

үлкендеу амплитудамен тербелетін болады (5, а -сурет) . Камертонды ақырынырақ ұру, амплитудасы кіші тербеліс тудырады (5, ә - сурет), бұл кезде бәсең дыбыс шығады.

Акустикалық резонанс

Қарапайым мысал қарастырайық. Меншікті тербеліс жиіліктері бірдей екі камертон алып, оларды бір - біріне жақынрақ қояйық та, олардың бірін тербелтейік (5 - сурет) . Сәл уақыттан кейін оның тербелісін қолымызбен басып тоқтатсақ, екінші камертонды дыбыс шығарып тұрғанын естиміз.

Ал екінші камертонды егкім тербеліске келтірмегендіктен, оның тербелуіне бірінші камертоннан ауа

арқылы берілген тербеліс ықпал етті деген қорытындыға келеміз.

Резонанс құбылысы музыкалық аспаптардың (рояль, домбыра, гитара, қобыз, сыбызғы т. б. ) дыбысын күшейту үшін кеңінен қолданылады. Осылай, мысалы, домбыра шанағының меншікті тербелісі оның ішектерінің тербелісімен сәйкестендіріледі.

Сондықтан шанақ резонатор болып табылады (7 - сурет) . Дыбысты тек домбыра шанағы ғана емес, оның қуысындағы ішіндегі ауа да күшейтеді. Сондықтан домбыра шанағындағы ойықтың пішіні мен өлшемі де кездейсоқ жасалынбайды. Шынақ тәрбелісі аспан үнінің өзіндік бояуын-тембрін анықтайды. Аспан үні тембрге байланысты жағымды немесе жағымсыз болып шығады. Музыкалық аспан үнінің сапалы шығуы оның арнайы ағаштан, біліктілікпен шебер жасалуына байланысты болады.

Резонаторлар біздің дыбыстық аппаратымызда да бар. Адамның және жануарлардың дыбыс көзі дауыс желбезегі болып табылады. Дыбыс желбезегі кеудедегі ауа ағыны әсерінен тербеліп, әлсіз дыбыс шығарады. Бұл дыбыс резонаторлар болып табылатын көмей мен ауыз қуысы арқылы өтіп, ерін мен тілдің қатысуы арқылы әр адамның даусына тән қандай да бір тембр алып күшейеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дыбыстың физикалық сипаттамасы. Аудиометрия
Шудың, дыбыстың адам организміне зиянды әсері және олармен күресі әдістері
Акустикалық шуды өлшеу
Діріл, шу, инфра және ультрадыбыстың адам ағзасына әсері
Шу мен вибрация
Құлақтың есiту табалдырығының спектральдық сипаттамасын алу
Адам организіміне инфрадыбыстың әсері
Дыбыстың физикалық сипаттамалары
Өндірістік ортаның жағымсыз әсер факторлары және олардың адамдарға әсері.
Шудың (дыбыстың) адам организміне әсері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz