Дәстүрлі емес сабақтар
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
2.2. Дәстүрлі емес сабақтар
2.3. Заттық сабақтар
2.4. Экскурсия сабақтары
2.5. Дүниетану сабақтарында ойын тәсілдерін және танымдық материалдарды
пайдалану
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Бүгінгі танда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп
жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды
ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне
қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі — оқушының
дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру.
Білім —дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным
да қалыптасып, тұрақтана түседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек
болады. Адам, табиғат, қоғам — біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам
арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар
бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені
дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі
дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы
олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар
дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры
жиналып, ой-өрісі кеңейеді.
"Дүниетаным", "таным", "қазақ дүниетанымы" саласында көптеген құнды
ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С.Б.Крымский, Б.М.Кедров,
Ә.Нысанбаев, А.Қасабеков, М.Орынбеков, Ж.Алтаев, Кішібеков және т.б.)
еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бірқатар психологтар
мен педагогтардың еңбектерінде (М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков,
М.И.Махмудов, А.А.Люблинская, А.Н.Леонтьев, Н.Б.Мшчинская, П.Я.Голперин,
Д.Б.Эльконин, М.И.Левина, Ю.К.Бабанский, Т.И.Шамова, С.П.Баранов) зерттеу
объектісіне қарай жүйелі талданған.
Г.И.Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам
тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл
шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең алдымен мұғалімдер осы
білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек деп
дәлелдейді. Б.П.Баранов оқытуды жеке бастың психологиялық дамуын тездету
үшін және қоршаған ортаның бұрыннан белгілі заңдылықтарын оқушыларға
меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеттердің жиынтығы деп
санайды. Осы жайында тіпті өз кезінде Я.А.Коменский болса, "мүмкіндігінше
адамдар білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден,
яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен
емес, заттың өзінен алсын" — деп тұжырымдайды.
Оқушылардың танымдық әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың
атқаратын ролінің ерекше екендігін, оны ұйымдастыру әдістері оқушылардың
ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетінін
қазақтың белгілі дидактері И.Нұғыманов, Т. Сабыров және т.б. өз
еңбектерінде дәлелдеп отыр. Бұл пікірлер оқытудың басты мақсаты —
оқушыларға айқын дүние зандылықтарын, фактілерін таныту деген түсінік
береді.
Әлбетте, бұл пікірлермен толығымен келісуге болады. Өйткені, қоршаған
заттар мен құбылыстар жайында білім алу, оны нақты қабылдау барысында
оқушылар әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен затты не құбылысты көру
әрекеті арқылы түрі, түсі, пішінін, көлемін анықтап, таныса, ұстап сезіну
әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын және басқа да сапасын
айқындау, онан әрі затты не құбылысты бақылау іс-әрекеттері негізінде ой
қорытып, заттарды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Міне,
осындай түрлі таным әрекеттері нәтижесінде оқушылар затты не құбылысты
қабылдайды және олардың ғылыми ұғымның негізі қаланады. Осы аталған
әрекеттер арқылы түсінік алған оқушыларда келешекте эмоциялық, іскерлік,
интеллектуалдық дағдылардың дамуына жағдай туады.
2.1. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу әр түрлі ұйымдастыру
формаларында өтеді. Оқу жұмысының әрбір формасы мұғалім мен оқушылардың іс-
әрекетінің сипатына, оқушылар құрамына, оларды сабақ кезінде ұйымдастыруға,
сонымен бірге оқу уақытының режиміне байланысты.
Қазіргі кезде бастауыш мектептегі дүниетану сабақтарында ұйымдастыру
жұмысының мынадай формалары қолданылады:
А. Сынып сабағы;
Б. Топсаяхаты;
В. Үйдегі оқу жұмысы;
Г. Мұғалімнің тапсырмасымен жүргізілетін және тікелей оқу
материалымен байланысты сабақтан тыс жұмыс (табиғаттағы, тірі табиғат
мүйісі, мектеп алаңындағы бақылаулар);
Дүниетану сабағы бұл пән бойынша оқыту мен тәрбиенің негізгі
ұйымдастыру формасы болып табылады. Сабақ мұғалімге әр түрлі әдістер мен
тәсілдер жүйесін қолдана отырып, негізгі дүниетану түсініктері мен
ұғымдарын қалыптастыру бағытында жоспарлы және мұқият жұмыс істеуге
мүмкіндік береді. Бірақ бұл жұмыстың бір сабақтан екінші сабаққа ұдайы
жүргізілетінін, сондықтан бағдарламаның әрбір тақырыбы өзара логикалық
байланыстағы сабақтар жүйесі болып табылатынын естен шығармау керек. Әрбір
сабақтың бұл жүйедегі орнын анық және айқын білу үшін мұғалім тақырыптық
жоспарлауды жүзеге асырады да, онда өзінің оқыту және тәрбиелеу процесіне
байланысты қойған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін жұмыстың
формаларын, әдістері мен тәсілдерін белгілейді.
Бастауыш мектептегі дүниетану сабақтарының басқа пәндер сабақтарынан
біраз айырмашылығы бар. Оқушылар дүниетану сабақтарында кейіннен орта
мектепте өсімдіктану, жануартану, физикалық және экономикалық география,
тіршіліктану сияқты пәндерді өтуде қажетті білім, іскерлікпен дағдылар
алады. Мұның өзінде мұғалімдер оқытудың жаратылыс ғылымдарына тән алуан
түрлі әдістерін қолданады. Бұл бәрінен бұрын балалардың логикалық ойлау
негіздерін тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызатын табиғат объектілері мен
құбылыстарын тікелей бақылауға қатысты. Жергілікті жерге бақылаулар мен топ
саяхаттарын жүргізу, тәжірибелер мен сарамандық сабақтарды жүзеге асыру
дүниетану сабақтарында оқытудың сан алуан көрнекі құралдарын: табиғи және
бейнелеу көрнекі құралдарын, компьютер және таспа хабарларын табысты түрде
пайдалануға мүмкіндік береді. Дүниетану сабақтарында алған білімді басқа
пән сабақтарында пайдаланады: қазақ тілі, математика, сурет, еңбек, музыка.
Мысалы, қазақ тілі сабағының тақырыбы Зат есім. Мұғалім алғы сөз айтады.
Адам баласы білімді кітаптан ғана емес, аспаннан, жерден, ағаштан,
топырақтан да алуы керек. Ал оларды үйрету үшін бақылауды, зерттеуді
жергілікті жердегі объектілерден өздері күнделікті көріп жүрген таныс
жерлерден бастау керек деп ұлы педагог Я.А Коменский айтқандай заттардың
саны да, сыны да табиғат арқылы түсіндірілмек.
- Балалар, жантақты білесіңдер ме? Оны қалай пайдалана аламыз?
Жантақ деген шөп екен-ай
Тікенегі көп екен-ай
Бірге тумақ болса дағы
Бірге тұрмақ жоқ екен-ай.
Жантақ сөзін тақтаға жазып буынға бөліп оқу, сөйлем құрастыру:
Жантақты қой мен ешкі сүйсініп жейді. Мен жантақ шаптым. Жантақ дәрілік
өсімдік.
Мысалы, математика Санды бірнеше есе арттыру, бірнеше есе кеміту.
Сабақты түсіндіргенде тақтаға 6 инеліктің, 2 көбелектің суреттерін қыстырып
қойып мынадай сұрақтар беру керек:
- Инеліктер көбелектерге қарағанда неше есе көп, көбелектер неше
есе аз?
- Ол үшін алдымен 6-ның ішінде 2 неше рет бар екенін білеміз 6 : 2
= 3. Сонда инеліктер көбелектерге қарағанда 2 есе көп, ал көбелектер
инеліктерге қарағанда үш есе аз.
Педагогикалық іскерлік пен дағдыны жетілдіруде мұғалім дүниетану
сабағын жоспарлауда мынадай талап-тар ңояды:
1. Мұғалім сабақтың мақсатын (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық)
оқушылардың жалпы дамыту жөнінен, әсіресе олардың таным әрекетін дамыту
жөнінен қандай жұмыс жүргізілетінін дұрыс елестете білуі тиіс.
2. Дүниетану материалының мазмұны ғылыми және осы жастағы балаларға
түсінікті болуы керек. Оқушылардың дамуының әр түрлі деңгейде болатынын
ескере отырып, жекеше тапсырмаларды саралап көрсету керек.
3. Мұғалімнің жұмысында және оқушылардың оқу әрекетінде ең үлкен
жетістікке жеткізетін әдістер мен тәсілдер жүйесін тыңғылықты түрде
ойластырған жөн. Белгілі ұстаз-ғалым Ахмет ағамыздың ...Мұғалім әдісті көп
білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніп, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану
керек дегені әр мұғалімнің жадында болуы тиіс.
4. Сабақта оқушылардың шығармашылық ойын және таным дербестігін
дамыту жөнінен күрделі жұмыс жүргізіп отыру; дүниетануға байланысты
түсініктер мен ұғымдарды саналы және берік игеруді қамтамасыз ету қажет.
5. Сабақта дидактикалық көрнекі принципін іске асыруда көрнекілік
әдістерді тиімді пайдалану.
6. Сабақты оқу процесінің бүкіл барысы оның әрбір кезеңіндегі
тиімділікті қамтамасыз етуге тиіс.
Жан-жақты дамыған әр түрлі оқыту оқушылардың дүниетанымын
қалыптастыруға, сол тақырып арқылы ғылым жүйесін меңгеруге көмектеседі.
Барлық оқыту жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқыту
процесіндегі пайдаланылған әдіс-тәсілдерді меңгере отырып оқушы біртіндеп
өз бетінше ғылыми, психикалық, өнер және саяси хабарларды меңгере білуге
үйренеді, өзіндік ой түйіндеулері дамиды. Сондықтан сабақ кезінде сабақтың
құрылымын сақтай отырып, дидактика заңдылықтарын еске алу керек.
Дүниетану сабақтарының түрлі типтері:
1. Жаңа материалды өту (түсіндіру).
2. Қайталау және қорыту (пысықтау).
3. Білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру (сынау).
4. Аралас сабақ
5. Заттық сабақ
Ең көп таралған - аралас сабақ. Оның мынадай бөліктері болады:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Табиғат және еңбек күнтізбесімен жұмыс.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Үй жұмысын қорыту.
5. Оқушыларды жаңа материалды өтуге дайындау.
6. Жаңа материалды түсіндіру.
7. Пысықтау.
8. Сабақты қортындылау, бағалау.
9. Үйге тапсырма.
Мұндай сабақтың басым бөлімі жаңа материалды өтуге арналады.
I сыныптағы Құстардың қысқы тіршілігі тақырыбы бойынша сабақтың
үлгісі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға қыстайтын құстар туралы ұғым беру.
2. Дамытушылық: оқушы ойын, сөздік қорын, белсенділігін,
қызығушылығын, қиялын дамыту.
3. Тәрбиелік: экологиялық тәрбие беру, аңдарды, құстарды қорғауға,
қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, баяндау
Көрнекілік: қыстайтын құстардың суреттері (қарға, сауысқан,
тоқылдақ, сарбауыр шымшық т.б.),
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасы: Аңдар қалай қыстайды?
- Балалар! Біздің бүгінгі сабағымызға сонау ертегілер елінен Тазша
бала келіп, сендердің білімдеріңді байқамақ ойда. Жай келген жоқ, қоржыны
бар. Онда әр түрлі тапсырмалар бар. Сол тапсырманы орындасаң, сендердің
араларында жиі боламын,- дейді.
- Ал, қане қандай тапсырмалар екен?
1. Аңдар туралы әңгімеле. Олардың қысқы тіршілігі туралы не білесің?
2. Мына суреттен қай аң немен қоректенетінін тауып, қайсысы ұйқыға
кететінін айтыңдар.
3. Тапқыр болсаң тауып көр (Тақтаға ілінген аңдардың мекенін
табу).
4. Бұл қандай аң? (қасиетін мұғалім оқиды, оқушы табады).
Сергіту:
Тауға шықсаң қалың қар,
Сайға түссең қалың қар,
Байқаңдар қар астында
Ұйықтап жатқан аю бар
- Балалар, біз Тазша баланың тапсырмалары арқылы үй тапсырмасын
орындадық.
Жаңа сабақ: Құстардың қысқы тіршілігі.
- Балалар, қазір сендер жәндіктерді (шыбын, көбелек, қоңыз, т.б.) көріп
жүрсіңдер ме?
- Жоқ
- Неге, олар қайда кетті?
- Ағаш қуыстарына тығылып қалды.
- Ал құстар (қарлығаш, аққу, үйрек т.б.) біздің жақта қазір бар ма?
- Жоқ.
- Олар қайда?
- Жылы жаққа ұшып кетті. Оңтүстікке. Табиғаттың өзгерісі құстар
тіршілігіне де әсерін тигізеді.
- Біздің жақта қандай құстар қыстап қалды? (сауысқан, торғай,
тоқылдақ т.б.). Құс - табиғат байлығы (құстардың маңызы туралы мұғалімнің
баяндамасы).
- Құстарға тән ортақ қасиет қ андай? (Барлығы да ұшады, қанаты бар,
тұмсығы бар, жұмыртқалайды).
- Ал, айырмашылығы неде?
- Тұмсықтары әр түрлі, дене пішіні әр түрлі, түсі дыбысы әр түрлі.
Кітаппен жұмыс. Мәтінді оқып, құстардың қысқы тіршілігіне түсінік
беру.
Сұрақтар:
- Қандай құстар отырықшы құстар? (торғай, қарға, сауысқан, шымшық ...)
- Сауысқанның қандай пайдасы бар?
- Сауысқан зиянды жәндіктерді, құрттарды, тышқандарды құртады. Ол
кейде жұмыртқаны жарып, балапанды жейді.
- Қане мына өлең жолдарын жалғастырып қараңдаршы:
Ала қанат... (сауысқан) Қалдықты жеп ... (тауысқан)
- Ақ тұмсық қарға да кейде бау-бақшадағы қауын, қарбыз, қиярды,
картопты шұқып, үй ауласынан сабын, тақтайдағы жаюлы құрттарды алып кетіп
адамдарға зиянын тигізеді.
Сергіту:
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Тамағы егер табылса,
Екі шоқып бір қарар.
- Құстар да ауа райын болжай алады:
а) Егер торғайлар дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады.
а) Қосылып шықылдаса қар жауады.
б) Сауысқан шатыр астына тығылса, боран болады. Қарғалар ауа райының
өзгеруін көбірек аңғарады.
Топтаса қарқылдаса аяз болады. Аспанда ұшып жүріп қарқылдаса қар
жауады. Суық боларда қанатының астына тұмсығын тығады.
Қаз немесе әтеш бір аяғымен тұрса, аяз болады.
Құстарға байланысты тыйым сөздер де өте көп: құстың жұмыртқасын
жарма, бетіңе шұбар түседі, құстың ұясын бұзба.
Міне, балалар, біз бүгін сабағымызды құстардың қысқы тіршілігі
туралы әңгіме қозғадық. Сабағымызды бекіту мақсатында құстарға жем
шашайық ойынын ойнаймыз. Егер құстың артындағы сұраққа жауап берсек,
құстарға жем бергеніміз.
а) қыстан қалатын құстарды ата?
ә) құстардың қандай пайдасы бар?
б) орман дәрігері қандай құс?
в) қар астында ұйықтайтын құстарды ата? (шіл, құр)
г) құстар туралы қандай мақал білесің?
д) құстар туралы тақпақ білесің бе?
Қорытынды:
Жылы жаққа ұшпайтын, Біздің жақта қыстайтын. Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
Үйге тапсырма: құстардың тіршілігі тақырыбын оқып келу.
Қайталау сабағы. Оны өткізу процесінде оқушыларға белгілі білімді,
іскерлікті және дағдыларды екінші қайтара ұғынумен және баянды етумен
сипатталады. Бұл сабақтарда оқушылар біріншіден, өздерінің білімдерін
тереңдетеді. Екіншіден, бұрын алған білімін қайтадан естеріне түсіреді. Бұл
типке оқушылар әр түрлі сарамандық жұмыстар орындайтын сабақтар жатады. II
сыныпта мұндай сабақтарға бағдарлау, жергілікті жердің сұлбасын сызу
сабақтары жатады.
Қорытынды сабақтың оқушылардың ең маңызды мәселелер бойынша білімін
жүйеге келтіруде үлкен мәні бар. Ондай сабақтар блоктарды (Адам, Қоғам,
Табиғат) және бүкіл курсты оқытудың соңында өткізіледі. Кинофильмдер,
электрондық оқулықтар, компьютер, көркем шығармалардан үзінділер оқуды
пайдалана отырып, өтілетін материалды тереңдетуге болады. Мұғалім сабақта
дайын қорытындылар мен шешімдер бермеуі керек. Ол шебер құрылған әңгіме
арқылы оқушыларды өздігінше қорытындылар жасауға жеткізу керек.
Бақылау сабағында мұғалім оқушылардан ауызша немесе жазбаша түрде
сұрап шығады, монографиялық диктант, карта бойынша тапсырмалар орындау,
схемалар немесе кестелер толтыру түріндегі бақылау жұмыстарын пайдалануға
болады. Оқушылардың білім сапасын тереңдетуде, ой-өрісін кеңейтуде, алған
білімдеріндегі кейбір олқылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды
бір жүйеге түсіруде диктанттарды пайдалану өте тиімді.
Мысалы, Тақырып Жергілікті жерді бағдарлау
1.Бақылаушының төңірегіндегі бүкіл көрініп тұратын жер ... деп
аталады. (көкжиек)
2.Аспан күнбезінің жер бетіне түсетін сияқты болып көрінетін
жеріндегі болжам сызық ... деп аталады. (көкжиек сызыеы)
3.Бұл сызық бізге көрінетін жерді ... тұрады. (шектеп)
4. Өзінің тұрған жеріне қарай көкжиек тұстарын анықтауды ... дейді.
(бағдарлау)
5.Адамдар ертеден-ақ дәл, тал түсте күннің ... тұратынын
(оңтүстікте), ал сол кезде заттардың көлеңкесі ... қарай түсетінін байқаған
(солтүстікке).
6.Жергілікті жерде бағдарлау және жүретін бағытты дәл өлшеп отыру
үшін... құралы қолданылады (компас).
7.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірлген бейнесін ... деп атайды
(сұлба)
8.Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін ... деп
атайды (географиялық карта)
Уақыт үнемді болу үшін тек жауаптарын жазғызуға болады.
Бұл сабақтардың негізгі мақсаты - оқушылардың білімдерін, оларды
тікелей өмірде қолдана білуін тексеру, оларды одан әрі жетілдіру және
дамыту жолдарын белгілеу.
2.2. Дәстүрлі емес сабақтар
Мектептің оқу-тәрбие процесінде кеңінен қолданылып жүрген,
оқушыларды қызықтыратын қызықты сабақтар - дәстүрлі емес сабақтар. Дәстүрлі
емес сабақтардың негізгі мақсаты - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,
белсенділіктерін арттыру, ізденімпаздық пен шығармашылыққа баулу. Дәстүрлі
емес сабақтардың міндеті - оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ояту.
Проблемалық сабақ - бұл сабақ түрі оқушылардың шығармашылың жеке
дамуына қалыпты ықпал етеді. Сабақта бір немесе бірнеше проблемалың жағдай
туғызып, оны шешу арқылы оқушының өз-өзіне деген сезімі артып, шығармашылық
тұрғыдан дамиды. Мысалы, Жергілікті жерде бағдарлау тарауында
төмендегідей проблемалық жағдай туғызылса Біз саяхат кезінде
қызығушылықпен өз жолымыздан шығып кетіппіз. Кері қайту үшін жолымызды табу
үшін не істеуіміз керек? Мұнда оқушы сабақ үстінде алған білімді аталған
проблемалық жағдайды шешуге пайдаланады, яғни көкжиек бағыттарды,
жергілікті жерге қарап бағдарлай беру дағдылары дамиды.
Оперативтік (шешімді) сабақ. Мұғалім сабақты ұйымдастыра отырып,
оқушыларды теория мен практиканың арасын ажыратуға, адамдардың іс-әрекетін
түсінуге, оны өз практикасында пайдалана білуге үйретеді. Мысалы, Топырақ
қабаттарын, кеңді пайдалы қазбалар, мұнай және газ тақырыптарын өткенде
жасалатын тәжірибелер мұғалімнің басшылығымен орындала отырып оқушының
білімін тереңдете түседі.
Сайыс сабақ. Тарау бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау,
логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында қайталау сабағын сайыс сабақ
ретінде өткізудің маңызы зор.
Бастауыш сынып оқушылары үшін тиімді дәстүрлі емес сабақ түрлері:
саяхат сабақ, кино сабақ, жарыс сабақ, көрме сабақ, КВН-сабақ, аукцион
сабақ. Мұндай сабақтар негізінде оқушылар өздерін еркін сезініп,
тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді. Дәстүрлі емес сабақтарды
қайталау, қортындылау кезінде өткізген тиімді. Оқушылар ондай сабақтарды
асыға күтеді және өте ұқыптылықпен даярланады.
2.3. Заттық сабақтар
Олардың ерекшелігі, онда оқушылар қоршаған ортаның құбылыстарымен
және заттармен нақтылы танысып, олардың арасындағы байланысты анықтайды.
Мұғалім заттық сабақтарды өткізгенде ең алдымен осы пән жайында
оқушыларға қаншалықты нақтылы түсініктер мен ұғымдар беретінін айқын
елестетіп алуы керек. Белгілі бір затпен жұмыс атқара отырып, балалар алған
білімдерін тексереді және дәлелдей түседі. Заттық сабақтар сарамандық
іскерлік пен дағдыларды тудыруға жәрдемдесуі керек. Заттық сабақтар
топсаяхатынан кейін өткізіледі. Топсаяхаты кезінде оқушылардың зерттейтін
затымен нақтылы табиғат ортасында танысуларына, оның басқа заттармен және
құбылыстармен байланысын көрулеріне мүмкіндіктері болады.
Бұл жіктегі кейбір сабақтар ғана табиғатпен алдын ала танысуды қажет
етпейді - Термометр, Компас.
Мұғалім заттың сабағының мазмұны мен барысын, оның білімділік және
тәрбиелік мәнін мұқият ойластырады. Сабаққа жабдықтар және табиғи
объектілер дайындауға ерекше көңіл бөлу керек. Мұғалім объектіні өзі мұқият
қарап, белгіленген жұмыстардың барлық түрін, әсіресе тәжірибеге байланысты
жұмыстарды, жасап шығуы керек. Жұмысты жүргізуге кететін уақытты дәл
анықтауға, бұл жағдайда пайда болатын қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік
береді. Сабақта қарастырылатын зат әрбір оқушының алдында болғаны жөн. Ол
балаларды қарастырылатын заттарды тыңғылықты қарауға үйретеді. Олар
заттардың әрқайсысынан белгілі бір айқын белгілерін, көлемін, түсін,
қозғалуын, формасын байқайды. Оқушылардың затты қабылдау белсенділігі әр
түрлі болуы мүмкін. Егер мұғалім затты көрсете отырып, оқушыларды жұмысқа
белсенді араластырмай, бәрін өзі айтып берсе, онда балалар тез шаршайды,
материалды нашар ұғады. Мұғалім балаларды ойландырып, сұрақтар берсе, бұл
сыныптын жұмысын жандандырады, оқушылардың зейінін күшейтеді, оларды
ойлануға, өздігінше қортындылап жасауға мәжбүр етеді, түсінуін және есте
сақтауын оңайлатады.
Заттық сабақтың негізгі кезеңдері:
• затты көрсету және оның атын анықтау;
• заттың жалпы көрінісін байқау және оның негізгі бөліктерін
белгілеу;
• затты жан-жақты қарап, басты және екінші дәрежедегі белгілерін
анықтау;
• оқушыларға жақсы таныс басқа заттармен ұқсастық және айырмашылық
белгілерін ашу;
• зат туралы алған білімді қорыту және одан әрі жетілдіру.
Заттық сабақтың үлгісі
Топырақтың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Міндеттері. Топырақтың өсімдік өсудегі пайдасын айта отырып, оның
бүкіл тірі табиғатқа тигізетін пайдасын ұғындыру. Өсімдіксіз жануарлар да,
адам да тіршілік ете алмайды. Олай болса, осылардың тіршілігінің негізі
топырақта.
Базалық білім
Топырақ - тіршілік ортасы. Онда өсімдік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz